Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1198/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1194   1195   1196   1197   1198   1199   1200   1201   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
694

СИНТАКСИС

нарынан  ықылас  сезетін  (Нүрпейісов).  Деев  пен 

Жумабай  Қарсақбайга  дейін  енді  қайтып  ешқан- 

дай  оқигага  душар  бола  қойган  жоқ,  әйткенмен 

өлердей  шаршап  келіп  жетті  (Әбішев).

Жоғарыдағы  қүрмалас  сөйлемдер  қүрамын- 

дағы  жалғаулықтарды  алып  тастауға  болмайды. 

Олай  болғанда  сыңарлары  арасындағы  байланыс 

әлсірейді  не  мүлде  үзіледі.  М ысалы,  бірінші, 

екінші  сөйлемдердегі  жалғаулықтарды  алып  тас- 

тағанда  сыңарлары  арасындағы  байланыс  мүлде 

үзілмегенмен  солғындайды,  әрі  мағыналық  жағы 

да басқаша сипат алады.  Үшінші, төртінші сөйлем- 

дерде синтаксистік байланыс та, мағыналық қаты- 

нас  та  ж ой ы лад ы .  Ал  соңғы   сөйлем де  олар 

үзілмегенмен  басқаш а  сипатқа  ие  болады,  сы- 

ңарлары озара мәндестік,  ыңғайластық қатынасқа 

түседі.


Бүл жалғаулықтардың кейбірі сыңарларының 

арасы ндағы   қарсы лы қты   қаты насты   күш ейте 

түседі.  Ол  басында  қатты  қарсылық  білдірген  еді, 

дегенмен көптеп-көмектеп көндірдік (Әуезов).  Бул 

кезде  жел  бәсеңдеді,  бірақ  аяз  жел  жаққа  адам 

тугіл,  малды  да  бет  қаратпады  (Сонда).

Сыңарлары  арасындағы  қарсы лы қ  м әннің 

күшеюіне  шылаулардың қабаттасып жүмсалуы да 

әсер  етеді:  Ербол  гана  суйеп  қалып,  зорга  дегенде 



буынын  бекітті,  бірақ  сонда  да  өзін-өзі  аңгарып 

журген  жоқ  (Әуезов).

Сөйтіп,  қарсылықты  жалғаулықтардың  рөлі 

салаластың сыңарларын бір-бірімен  байланысты- 

руда  болсы н,  оларды ң  арасындағы  қарсы лы қ 

мәнді  жасап  күшейтуде  болсын  өте-мөте  маңыз- 

ды.


Рас,  кей реттерде сыңарларының арасындағы 

қарсылық  мән  айқы н  білінгенде,  бірақ,  алайда 

жалғаулықтарын  түсіріп  айтып,  жалғаулықсыз да 

қүруға  болады.  Ондайда  түсірілген  жалғаулық- 

тардың  орнына  сызықша  қойылады.  Елге  мой- 

нымды  созам  -  көрінбейді  (Мүқанов).  Аягы  жоқ  - 

журеді;  аузы  жоқ  -  сөйлейді  (Жүмбақ).

Қарсылықты  салаластарға  тән  мағыналық, 

қүрьілымдық ерекшеліктер негізінен мынадай бо- 

лып  келеді:

1)  Сы ңарлары нда  баяндалатын  екі  не  бір 

түлғаның  (субъектінің)  іс-әрекеттері,  ой-ниеттері 

бір-біріне  қайш ы  болады:  Абайдың  қиналганын 

Ділдә  сезді,  бірақ  тук  өкінген  жоқ  (Әуезов).

2)  Екінші  сыңарында  бірінші  сыңарындағы 

іс-әрекеттің логикалық қорытындысы ретінде бо- 

луға  тиісті  іс-әрекет,  жай-күй  болмай  шығады 

немесе басқаша болады.  Осы ең ақыргы сөзі тәрізді 

еді,  бірақ  айтары  әлі  таусылмаган  екен  (Мүста- 

фин).


3)  Сыңарларының  қүрамында  бір-біріне  ан- 

тоним  сөздер  жүмсалады  немесе  баяндауыштары

болымды-болымсыз  түлғада  келеді.  Көп  адам 

қасында  келеді,  бірақ  жалгыз  келе  жатқандай 

сезінеді  (Мүсірепов).

Салалас қүрмаластардың сыңарларының ара- 

сында  қарсылық  мән  туғызу  үшін  кейде  ал  жал- 

ғаулығы  да  жүмсалады.  Бірақ  ол  таза  қарама- 

қарсылықты,  қайшылықты  біядірмейді,  ал  салыс- 

ты рмалы   түрғы дағы   қарсы л ы қты   қаты насты  

білдіреді.  Біздің  қонысымыз  мына  туста  болатын 

да,  ал  әлгі аталас агайындарымыз сәл берірек жай- 

лайтын  (Аймауытов).  |


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1194   1195   1196   1197   1198   1199   1200   1201   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет