Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1195/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1191   1192   1193   1194   1195   1196   1197   1198   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
692

СИНТАКСИС

катив  сыңарларының  баяндауыштары  тиянақты 

тулгада  келіп,  белгілі  бір  лексика-грамматикалық 

тәсілдер  арқылы  магыналық,  қурылымдық  және 

инт онациялық  тутастық  қурайтын  қурмалас 

сөйлем  турін  салалас  қурмалас  дейміз.

Салалас  қүрм алас  сөйлемдер  ком п он ен т- 

терінің  байланысу  тәсілдерінің  негізгі  екі  түріне 

қарай  жалғаулықты  және  жалғаулықсыз  салалас 

болып  бөлінеді.

Жалғаулықтар  салалас  қүрмаластың  сыңар- 

ларын өзара үштастырып байланыстырумен қатар, 

олардың  арасындағы  мағыналық  қатынастардың 

айқы ны рақ  білінуіне  де  қызмет  етеді.

Жалғаулықты  салаластар  предикатив  сыңар-' 

ларының  өзара  мағыналық  қатынастарына  және 

байланыстыратын  жалғаулықтардың  мағыналық 

топтарына  қарай  былай  жіктеледі:

1.  Ыңғайлас  (мезгілдес)  салалас.

2.  Себептес  салалас.

3.  Қарсылықты  салалас.

4.  Талғаулы  салалас.

5.  Кезектес  салалас.

4.2.1.1.  Ыңгайлас  салалас  қүрмалас 

сөйлемдер

Ж алғаулықты  салаластың  бүл  түрінде  пре- 

дикатив  сыңарлары  ыңғайлас,  біртектес  оқиға, 

қүбылыстарды  не  бір  мезгіл  ішінде  жүзеге  асып 

жатқан  іс-әрекеттерді  бейнелейді.  Сол  ыңғайлас- 

тық,  біртектестік,  мезгілдестікті  олардың  сыңар- 

ларының  арасындағы  және,  да,  де,  әрі  жалғау- 

лықтары көрсетіп түрады. Келгендер арасында Абай 

бурыннан  білетін  Дәндібай,  Еренай  сияқты  қарт- 

тар бар және тустері жудеу,  ашаң тартып сурлан- 

ган,  киімдері  жыртық  екі-уш  орта  жасты  адам 

бар (Әуезов). Арбага урядник пен  Елизавета  қатар 

отырыпты  да,  Быков  көшірдің  қасына  орналасын- 

ты  (Мүсірепов).  Тегінде,  Тәкежан  улкен  жан- 

жалга  тауаны  жоқ,  будырсыз  болатын,  әрі  әкеге 

шагым  жеткізу  алыс  та  қиын  (Әуезов).

Ыңғайлас  салаластардың  жоғарыдағы  мағы- 

налық  ерекшелігіне  сәйкес,  қүрылымы  жағынан 

да  біркелкілік  байқалады.  Предикатив  сыңарла- 

ры  бірдей  қүрылымда,  баяндауыштары  біркелкі 

рай,  жақ,  ш ақ  түлғаларына  аяқталады,  не  үқсас 

түлғалардан қүралады, сөйлем мүшелерінің саны, 

орналасу  реті  де  көбінесе  бірдей  болып  келеді. 

Алайда  жалғаулық  шылаулардың  қолданылуын- 

да ерекшеліктер де жоқ емес,  соған сәйкес ыңғай- 

лас  салалас  сөйлемдер  де  өз  ішінде  мағыналык 

айырмашылықтарға,  реңктерге  ие  болып  келеді.



Және  жалғаулығы  қатарлас,  біртектес  іс-әре- 

кет,  жай-күйді  білдіретін  предикатив  сыңарлар- 

дың  арасында  қолданылып,  оларды  байланысты-

рушылық  қызмет  атқарады.  Бул  биенің  қулыны 



да  өзіне тартқан  бурыл  болады  және  бул  бие  ерте 

қулындайды  (Мүқанов).  Қулбай  уйінде  жаңадан 

мектеп  ашылатын  болыпты  және  оган  жаңадан 

мугалім  келіпті  (Ақышев).

Да  ж алғаулы ғы ны ң  қолданылуында  біраз 

ерекшеліктер  бар.  Ол  және  жалғаулығы  сияқты 

қатарлас  мәндегі  екі  сыңардың  арасын  жалғас- 

тырып, дәнекерлік қызмет атқарып түрады. Жыл- 



дың  ендігі  қалганы  әуре-сарсаңга  кеткелі  тур  екен 

де,  оның  ар  жагында  жеке-дара  қожайын  Ряза- 

нов болгалы  келеді.  Ойын  осыган  әкеліп  берік тіреді 

де,  сол  кезде  өзі  не  халде  боларын  да  улкен  бір 

туйіткілмен  ойланды  (Мүсірепов).

Да шылауы предикатив сыңарлардың арасын- 

да  олардағы  баяндалатын  жайларды  ажыратып, 

бөліп  көрсетіп,  жеке-дара  белгілеу  үшін  де  қол- 

данылады.  Мынау  -  колхоздың  председателі  де, 



мынасы  -  партия  уясының  секретары 

(Ш оло- 


хов).  Жаугершілікте  ата-анасы  басқа  жаққа  ауын 

кетті  де,  бала  менің  қолымда  қалды  (Жүмаділов).

Да  шылауы  арқылы  байланысқан  предика- 

тив  сыңарлардың  соңғысы  алдыңғы  сыңарда  ба- 

яндалған  жайдың  нәтиже-қорытындысы  түрінде 

де  үшырасады.  Бар  көлікті  шабынды  қолы  тар- 



тып  әке т т і  де,  б а ла -ш а га   ж аяу  қалды 

(Мүсірепов).



Да  шылауы  мезгілдік  жағынан  бірінен  кейін 

бірі  жүзеге  асқан  іс-әрекеттерді  белгілейтін  пре- 

дикатив  сыңарлардың арасын жалғастырып түра- 

ды.  Менің  артымнан  бір  қыз  туады  да,  әке-ше- 



шем  атын  Балтуган  қояды  (Мүқанов).  Осыдан 

кейін  қалай  қимылдайтындарын  тусінісіп  алды  да, 

Байж ан  к о к   ж оргамен  ілгері  асып  кет т і 

(Мүсірепов).

Мезғілдік  мән  да  шылауының  қайталанып 

келген  түрінде  де  орын  алады.  Ол  жағдайда  пре- 

дикатив  сыңарларындағы  іс-әрекеттер  бірінен 

к ей ін   бірі  іл е-ш ал а  ж үзеге  асқан ды ғы   баса 

көрсетіліп  түрады.  Кун  бата  шубартып  мал  шеті 

де  керінді,  боран  да  удеңкіреп  кетті  (Мүсірепов).

Да шылауы қайталанып келгенде өзі тіркескен 

сөзге  екпін  түсіріп,  оны  бөліп  көрсетеді,  оған 

ерекше  мән  бергізеді,  яғни  стилистикалық  мақ- 

сатта  жүмсалады.  Үрпан  Есенейді  аяп  та  кетті, 



Есенейдің  улкен  адам  екендігіне қызыгып та кетті. 

Одан  аргыны  Игілік  айтқан  да  жоқ,  қасындагы- 

лары  батып  сурай  алган  да  жоқ  (Мүсірепов).

Әрі  шылауының  қызметі  және  жалғаулығы- 

мен  үқсас.  Біртектес  оқиғаларды,  мезгілдес  іс- 

әрекеттерді  белгілейтін  предикатив  сыңарлардың 

арасында  оларды  байланыстырушылық  қызметте 

қолданылады.  Қадірдің  киімі  жуқа,  әрі  денсау- 

лыгы  да  мықты  емес  (Мүқанов).



1 ^ 1 1  

^ О П Л Ы Ү Х Д Ы

693

Әрі жалғаулығы  әр  сыңар  сайын  қайталанып 

та  келеді.  Әбіштің  сөздерінде  әрі  саясаттық 



ш еберлік  бар,  әрі  Семейдің  үркек,  қо р қа қ  

чиновниктерін  сескендіру  де  бар  (Әуезов).


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1191   1192   1193   1194   1195   1196   1197   1198   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет