Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1150/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1146   1147   1148   1149   1150   1151   1152   1153   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ЖАЙ СӨЙЛЕМ

647

екінші жак көпше форма қабылдап, қиысады:  Сен 



де,  інің де келіңдер.

Ілгеріде коммуникативтік персоналдарды бел- 

гілеу  жүйесінде  есім  сөздер  (тәуелдік  формада 

тұрып  та)  үш інші  ж ақ персонаны  айтатыны  ес- 

кертілген  болатын:  А ғам   келеді, А ғаң келедіт.т.

Қазақ тілінде осы глобалды (жалпылама) заң- 

дылықтан  ауытқып,  коммуникативтік  персона- 

ны  (жақты) лексикалы қ жолмен саралау арқылы 

емес,  нақты сөздің грамматикалық тұлғасы  - тә- 

уелдік формасы арқылы көрсету бар. Ж ақтық ма- 

ғынаны осылай алатын сөздер санаулы ғана. Олар 

ж инақты қ сан есімдер (біреу,  екеу,  үшеу),  есептік 

сан есім бір, есімдіктер өзі,  бәрі мөлшер атауы көп. 

Өз есімдігі негізінен тәуелділік жалғауды  қабыл- 

дағанда барып мағынасын конкреттейді және тә- 

уелдеулі түрі  оған ж ақты қ м ағы на үстейді: өзім, 

өзіміз,  өзің,  өзі т.б.  Бұл аталған сөздің лексикалық 

с е м а н ти к ас ы н ы ң   си п аты н а  б ай лан ы сты .  Оз 

есімдігі  бастауыш  болып  келгенде,  баяндауыш 

оның аталған ж ақты қ тұрпатына сай қиысады.



Өзім келемін, әзің келесің, өздерің келесіңдерт.б.

Бір,  бэрі,  көп сөздері де бастауыш қызметінде 

ж ұм салғанда,  тәуелдік  ф ормасы на  сай  ж ақты қ 

м ағы наға ие болады: Бәріміз келеміз,  Бэрің келе- 

сіңдер,  Көбі келді,  Көбіміз келдік.

Бұл  сөздер  осы  ф ормада  бастауыш  болып 

келгенде  баяндауыш   олармен  осы ж ақты қ м ағ- 

насына сай қиысады.

Есептік сан  есімдер,  ж инақты қ сан  есімдер 

субстантивтеніп,  тәуелдеулі  формада  бастауыш 

болғанда  да,  баяндауыш  олармен  осы  ретпен 

қиысады:  Үшеуміз кәреміз,  Үшеуміз көрдік,  Үшеуің 



көрдің (көрдіңдер) т.т. Аталған сөздер (көбің, төрте- 

уіміз  т.т.)  субьект  ретіндегі  заттың  кеп  екенін 

білдіреді,  тәуелдік  жалғау  басым  ж а қ іы   көрсе- 

теді.  Баяндауыш   осы  басым  ж ақпен  қиысады: 

Екеуіміз жолыктық,  Екеуің жолықтың (ж олық- 

тыңдар),  Екеуі жолықты.

Ж и н ақты қ  сан  есімдердің  басым  ж ақты қ 

көрінісі оны ң жалпылауыш  сөз ретіндегі жұмса- 

лысынан*,  баяндауыштың  соның  ы ңғайы на сай 

қиы суы нан  ж ақсы   танылады. Мен, эпкем,  інім  - 

үшеуіміз ертең ауылға жүреміз.  Күзетші мен сен

-  екеуің  осында  түнеңдер.  М ұндайда  жалпыла- 

уыш  сөздің  ф ормасы на сүйеніп,  сөйлемдегі  ба-

сым жақты  атайтын сөз түсіріліп  айтыла береді. 

А ға м   екеуміз келдік.  А ғаң  екеуің  келдің.  Қойма- 

іиы, күзетші үшеуің осында отыра түрыңдар.

Бұл сөйлемдерде басым жақ сөздер (мен,  сен) 

түсіріліп тұр.

Бастауыш пен баяндауыш арасындағы қиысу 

ережесін  күрделендіретін  тағы  бір ф акт бар.  Ол 

күрделену сөзді  мәнерлеуге сай  үшінші ж ақтың 

ауыспалы жұмсалуына байланысты туған.

Қ азақ сөйлемінде бастауыш  үшінші жақтық 

сөз арқылы  көрініп,  баяндауыш  бірінші,  екінші 

жақ көпше тұлғада тұрып қиысатыны бар:  Отыр- 



ған  жолаушылар  тез  жиналып,  жүріп  кеттік. 

Отырған жолаушылар тез жиналып, жүріп кетің- 

дер.  Бұл сөйлемдерге бастауыш үшінші жақ созбен 

аталып, бірінші,  екінші ж ақ м ағы наға ие болып 

тұр. Тілдегі жақтық форманың бұл көрінісін ауыс- 

палы  үшінші ж ақ деп атадық.

Ауыспалы  үшінші жақтың қалыптасуы ком- 

муникативтік себепке байланысты. Мен,  біз, сен, 



сендер -  субъектіні ж ақты қ иерархияға қатысына 

қарай  ғана атайтын сөздер.  Оларда конкретгі зат- 

ты қ  м ағы на  ж оқ,  экспрессияны   білдіруге  тағы 

да жарамайды.  Субъектілер диалогтағы  орнына 

сай  бірінші,  екінш і ж ақ болғанм ен,  оларға кон- 

кретті сипат беріп, эмоция  қатыстырып  атау ке- 

рек болған ж ағы дайда  ілгерідегі амал жұмсала- 

ды.  Бірде  он  шақты  бала  жидек  теруге  келдік 

(М үсірепов). Ж иналған кісілерге м а л  сояды ғой, 

содан ет жейік деп бес-алты боз бала жетіп келдік 

(Әдеби  мұра).  Өңшең  жастар  жетіп  келдіңдер 

(Сонда).

Ж оғарыда бастауыш  пен баяндауыштың ха- 

барлары, сұраулы сөйлем жүйесіндегі  қиысу ере- 

желері көрсетілді.

Бұйрықты сөйлем жүйесіндегі  қиысудың өз 

ерекшелігі  бар.  Бірақ синтаксистік зерттеулерде 

бұл  мәселе  қарасты ры лм айды .  Бұл  ж ағд ай ға 

бұйрықты  рай  етістіктерге ж ақты қ жалғау жал- 

ғанбайды  деген  тұж ырымның  орны ғы п  қалуы 

себеп болып жүр.

Бұйрықты сөйлемдерде бастауыш пен баян- 

дауыштың қиысуы екі түрлі жүйемен  іске асады.

Бірінші жүйе бойынша әр жақты бастауышқа 

лай ы қ  флективтік  сипаттағы  етістіктің  бұйрық 

рай формасынан*  жасалған баяндауыштаржұмса- 

лады.


*  Б ір ы ң ғай   м үш елерд ен   со ң   ж ү м сал ған  


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1146   1147   1148   1149   1150   1151   1152   1153   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет