Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1126/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1122   1123   1124   1125   1126   1127   1128   1129   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
ЖАЙ СӨЙЛЕМ

631

сөз,  көрмедім бір-ақ сөз (Мақал).  Тіпті де көмекші 

етістігімен  тіркесіп  сөз  тіркестері  мен  сөйлем- 

дерде  күрделі  бастауыш  қызметінде  түра  алады. 

Қытай  Қара  Ертіс  суының  бір  бөлігін  буратын 

канал  қазып  жатыр  деген  рас  болып  шықты  (Га- 

зеттен).


^Сөйлемнің  негізі  -  предикативтілік  катего- 

риясы.  Ал  предикативтіліктің  негізі  -  бастауыш/ 

Өйткені  бастауыш  сөйлемнің  басқа  мүшелерінен 

т ә у е л с із   б ір д е н -б ір   сө й л ем   м ү ш е с і  б олы п  

есептеледі./К ейбір  сөйлемдерде  бастауыш тың 

түсіріліп  қолданылатыны  кездеседі.  Бүдан  бас- 

тауыштың  маңызы  баяндауыштан  төмен  деген 

үғым  тумауға  тиіс.  Өйткені  бастауыш  контек- 

стен  белгілі  болып  түрады.  Ал  контекстен  тыс 

айтылған  баяндауыштың  ж ақты қ  м әні  белгілі 

болғанмен  заттық  бастауышы  белгісіз  болады.

(Сонымен  сөйлемде  айтылатын  ойға  негіз  бо- 

латын,  баяндауыш  арқылы  айтылған  қимылдың 

не  басқа сапаның иесі болатын  мүшені  бастауыш 

дейміз/

Сойлем мүшелерінің сөйлемдегі қызметтеріне 

сай  өздеріне  тән  сүрақтары  болады.  Бастауыш- 

тың  сүрағы  кім?  не?  кімі?  несі?  Бүлар  бастауыш- 

тардың  формасына  қарай  копше  түрде  де  қолда- 

нылады.  Сөйлемдегі  зат  есім  сүрақтарына  жауап 

беретін  мүшелердің  бәрі  бастауыш  болады  деген 

ой тумауы керек.  Бүндай сүрақтарға жауап беретін 

сөз  баяндауыш  та  бола  алады:  Асан  -  жауынгер 

(Асан  кім?).  Сонымен  бірге  табыс  септік  жалғауы 

түсіріліп қолданылып зат есім етістікпен меңгеріле 

байланысады.  Кімді?  не?  деген  сү р аққа  жауап 

береді:  Мен  бір  қыз  көрдім  (Мен  кімді  көрдім?). 

Гулнур  гул  екті  (Гүлнүр  не  екті?).  Мысалдардан 

байқағанымыздай,  кімдік  зат  есімдер  атау  септік 

формасында түрса да  табыс  септік  формасындағы 

кімді?  деген  сүраққа  жауап  береді  екен.  Ал  нелік 

зат есімдердің  ондай  зандылықты  қажетсінбейтіні 

'байқаіййы.  Бүл  формада  келген  зат  есімдердің 

с и н т а к с и с т ік   қ ы зм е ті  то л ы қтау ы ш   болады . 

Синтаксистік  қызметі  негізінен  бастауыш  болып 

келетін  сөз  табы-^ат  есім/  Сонымен  бірге  жіктеу, 

өздік есімдіктері де  мағынасы жағынан зат есімнің 

орынбасары  болып  келетіндіктен  көбінесе  баста- 

уыш  қызметінде  болады.

/Бастауыш сөйлемнің, предикативтіліктің негізі 

дедік.  Бүл  бастауыштың  жеке  түрып  та  сөйлем 

қүрай  алуынан  да  көрінеді.  Мүндай  сөйлемдер 

бір  қүрамды  сәйлемдер,  оның  ішінде,  атаулы 

сөйлемдер  деп  төпталып  жүр:  Тау.  Биік  шың  бау- 

райындагы  ақ  қарлар.  Бүл  сөйлемдерде  сүрақ 

қоятындай  түсініксіз,  белгісіз  еш  нәрсе  жоқ. 

Өйткені  зат есім  -  бастауыш  барлық  сапаның түп 

тегі.  Ал  егер  бастауыштан  өзге  сөйлем  мүшелерін 

жеке  қоятын  болсақ,  онда  олардың  белгісіз  бір

кемдігі байқалып түрады.  Сондықтан ол белгісізді 

анықтау  үшін  сүрақ  қоюға  тура  келеді:  Келді. 

(Кім  келді?),  Қызық.  (Не  қызық?,  Қы зы қ  не?) 

т.б.  Бүл бастауыштан басқа мүшелердің зат есімге 

тәуелді  екендігін  білдіреді.

Сойлемнің  қүралуына  сөз  тіркесі  де  қатыса- 

тыны  мәлім.  Ж ай  сөйлем нің  негізі  түрлаулы 

мүшелер  қиы са  байланысқан  сөз  тіркестерінен 

қүралады. Сөздердің тіркесуі синтаксистің шіғашқы 

сатысы.  Қиыса  байланысқан  сәздердің  басыңқы- 

сы  түрлаулы  мүшелерде  бастауыш  болса,  бағы- 

ны ңқы сы   баяндауы ш   б о л ад ы / Сөз  тіркестері 

озінің  сойлемдегі  қызметіне,  мазмүнына  қарай 

синтаксистік  қатынастарды  қүрады.  Соған  сәй- 

кес  түрлаулы  мүшелер  предикативті  қатынасты 

білдіреді.  Баяндауыштың  соңында  келетін  ш ақ- 

тық, жақтық,  райлық формалар предикативтілікті 

толықтырушы  синтаксистік  модалдық,  ш ақтық, 

ж а қ т ы қ   к атего р и я л ар д ы   қүрауға  қаты сад ы . 

Предикативтілік  қатынастың  иегізі  бастауыштың 

сапалық  мазмүны  болып  табылады.  Зат  -  баста- 

уыпггың сапасы негізінен қимыл-қозғалыс, іс-әре- 

кет  және  әр  түрлі  қасиеттік  сапалардан  түрады.

Сөйлем  қүрауға  қатысатын  кез  келген  тілдік 

қүралдың белгілі-бір синтаксистік қызметке әсер-. 

ықпалы  болуы  заңды.  Соған  сәйкес  қиысуға  тән 

баяндауы ш ты қ  м орф ологи ялы қ  ф орм алар  да 

сөйлемге  тән  тиянақтылықты  білдіріп  түратын- 

дай  к ө р ін е д і.  Б үл  өл  ф ө р м ал ар д ы ң   н егізгі 

қызметтік,  мазмүндық  мәні  емес.  Тиянақтылық 

қасиет  -  предикативтіліктің  өз  сапа-мазмүнына 

тән  норсе.  Сондықтан баяндауыштың соңындағы 

кез  келген  форма  тиянақтылық  қасиетті  білдіре 

алады.

Сойлемдік  тиянақтылықты  білдіру  негізінен 



қиысуға,  оның  ішінде,  әсіресе,  жақтық  қиысуға 

сәйкес  болып  келеді.  Өйткені  ж ақ  көрсеткіші 

баяндауыштың  ең  сөңында  түрады.  Сондықтан 

да жақ корсеткішін предикативтілік формасы деген 

қате  түсінік  орын  алады.  Егер  жақ  көрсеткіші 

предикативтілік  формасы  болатын  болса,  сүрау- 

лы   с ө й л е м д е г і  с ү р а у л ы қ   ш ы л ау л ар   ж а қ  

көр сеткіш ін ен   соң  түра  алмас  еді.  Сүраулы 

сөйлемдер  сүрау  есімдіктері  арқылы  жасалып, 

баяндауышы ж ақты қ формамен де  аяқталады:  Не 



айтып  турсың?  Қазан  балалай  ма  екен?  -  дейді 

бай  (Өлген  қазан).  Сонымен  бірге  сүраулық  шы- 

лаулар  арқылы  да  жасалады:  Е,  сендер  ше?  Сен- 



дер  беріп  жібересіңдер  ме?  (Әуезов).  Бүл  мысал- 

дан  жақтық  формадан  соң  тек  сүраулық  шылау 

ғана  емес,  коптік  жалғау  да  келетінін  көруге  бо- 

лады.  Сүраулық  шылаулар  сойлемнің  соңында 

ғана  емес,  ж ақты қ  форманың  алдында  да  түра 

алатыны  белгілі:  Уа,  Қожа,  қазанымды  сындыр- 



ган  жоқпысың?  (Өлген  қазан).  Сонымен  бірге



жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1122   1123   1124   1125   1126   1127   1128   1129   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет