Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1093/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1089   1090   1091   1092   1093   1094   1095   1096   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
610

СИНТАКСИС

мүмкін.  Осы  уақытқа  дейінгі  әдебиеттерде  әдет- 

те,  түйдекті  топтарды  көбіне  күрделі  сын  есім, 

сан  есім,  етістік  сөз  таптарының  негізінде  және 

түрлі  негізгі  сөздер  мен  көмекші  сөздердің  қаты- 

сы,  фразалық  тіркестер  т.б.  деп  айтылып  келеді 

де,  тү й д екті  тір к естер   то л ы қ   м ағы н алы   зат 

есімдерден  жасалады  дейтін  пікір  ж оқ  екендігі 

белгілі.  Алайда  екі  зат  есімнен жасалынған  бағы- 

ныңқы сыңарлардың дербес мағынасы бар сөздер 

делінгенімен, оның әрқайсысы, біздіңше, бүтіннің 

бір  бөлшегі  тәрізді  қызмет  атқарады.  Сонда  сол 

екі  зат  есім  бірінің  мағынасын  екіншісі  толық- 

ты ра,  а й қ ы н д а й   өзар а  м ағы н а л ы қ   ж ағы н ан  

үйлесім ділігі  негізінде,  келесі  сөзге  қаты сты  

жүмсалған  да  ғана  нақтыланады.  Осы  сияқты  

факт арыстан  төс  айгыр,  қынама  бел  камзол,  қар- 

шыга  көз  жігіт  т.б.  тіркестерге  де  төн.  Зат 

есімдерден  болған  сәз  тіркесінің  бірінші  сыңары 

кобінесе  конкретті,  материалды  заттың  аты,  кей- 

де  солай  үғынылатын басқа  есімдер болады.  Куш, 



өнер,  өнеге, қайрат,  өрекет,  айла,  айбат,  сес,  уйқы, 

тәртіп,  абырой, кінә,  тус,  обал сияқты зат есімдер, 

сол  түбір  қалпында  ол  топтың  бірінші  сыңары 

болып  айтылмайды.  Зат  есімді  сөз  тіркестерін 

ж асауда  қ о с а р л ы   зат  есім д ер д ің   де  ө зін д ік  

ерекшелігі  бар.  Қарын-қарын  су,  қора-қора  қой 

т.б.  Бірқатар  зат  есімдер  жоғарыдағыдай  анықта- 

уыштық  қүрамда  жүмсалу  үшін  сын  есім,  сан 

есім,  бейнелеуіш  сөздердің  қатысы  арқылы  ғана 

озара сез тіркесін қүрайды.  Зат есім мен зат есімді 

сөз  тіркесінде  аяқ  жол,  қайнатым  шай,  қулақ 



қамыс,  қуйрық  тулкі сияқты  зат  есімдердің  қүра- 

мы  атау  күйінде  де  және  кейде  бір  сыңарларына 

тәуелдік  жалғауының  қатысуы  арқылы  да  кел- 

ген.  Бүлайша  айтқанда  бүлар  да  екі  зат  есімнен 

келгенімен,  өзара  сәз  тіркесін  қүрай  алмайды. 

Сонда  ол  екі  заттың  анықтауыштық  қатынаста 

айтылуы  олардың  алдындағы  сөздерге  байланыс- 

ты  болады.  Ондай  зат  есімдердің  мағыналық  зат 

есімді  сөз  тіркесін  қүрауы  үшін  сын  есім,  сан 

есім,  бейнелеуіш  создер  қатысты  бөлады:

-  сын  есім  қатысты:  узын  қуйрық  тулкі,  биік 

өкше  етік,  қаба  сақал  қарт;

-  сан  есім  қатысты:  бір  тулып  алтын,  бір  қап 

астық,  бес  аршын  жаулық;

-  бейнелеу сөздер қатысты: қалқан қулақ бала, 

булаң  қуйрық  тулкі,  сылпық  аяқ  туйе;

-  кейде  заттанған  етістікке  -ым,  -ім  жүрнағы 

жалғанып  жасалған  зат  есімдер  мен  басқа  зат 

есімдер  сандық  анықтауышсыз  бір  төп  қүрай  ал- 

майды:  бір  узім  нан,  екі  асым  ет;



-  кейде  зат  есімді  тіркестердің  бағыныңқы 

сыңарында  жалгыз,  қос сәздері жиі  кездеседі:  қос 



қада  агаш,  жалгыз  узім  нан.

Зат есімдерден  қүралған  сөз тіркестері түрлі- 

түрлі  мағыналық  қатынаста  жүмсалады.  Ол  жағ- 

дай  анықтауыштық  топтағы  заттардың  семанти- 

калық  өзгешеліктерімен  байланысты.

Зат  есімдерден  қүралған  сөз  тіркестері  мы- 

надай  мағыналық  қатынаста  жүмсалады.

1.  Заттың  неден,  қандай  заттан  жасалғанын 

білдіреді:  темір пеш (темірден жасалған пеш), агаш 

курек  (ағаш тан  істелген  күрек),  куміс  қасық 

(күмістен  істелген  қасық).

Бүған  қасқыр  ішік  (қасқы р д ы ң   терісінен 

тігілген  ішік),  тас  жол  (тас  төселген  жөл)  сияқ- 

тылар  да  енеді.  Мысалы:  Егер  осы  айтқаның  кел- 

се,  мына  алтын  сагатымды  сыйладым  саган.  Бо- 

лат  тонын  сыпырып  алсаң,  немістер  де  бір,  қоян 

да  бір  екен  (Әбішев^.  Мен  ойнамаган  агаш  ат 

қалган  жоқ  (Мүсірепов).  Сапар  шай  ішіп  отыр- 

ган  шыны  аягын  ушінші  рет  босатты  (Сланов). 

Немістер  келіп  темір  найзамен  мені  турткілей 

бастады  (Әбішев).

Көргенде  куміс  кесе,  алтын  таяқ,

Бір  сөзді  тамагыма  қойдым  таяп.

(Торайғыров).



Алтын  орден  алганым,

Терең  жырдың  тиегі,

Көрікті  Отан  алдына

Ақын  жырын  уйеді.

(Жамбыл).

2.  Салыстыру,  теңеу  мағынасында  жүмсала- 

ды:  қамыс  қулақ  -  (ат)  аттың  қүлағы  қамыстай 

д.м.;  пісте мурын  (қыз)  -  қыздың  мүрны  пістедей 

д.м.;  жібек  жун  -  жүні жібектей  д.м.;  қурыш  білек



-  қүрыштай  қатты  білек  д.м.

3.  Бір  затты  басқа  затқа  арнау  мағынасында 

қолданылады. Мысалы: ат қора - ат түратын қора; 

мал  қора -  мал  қамауға  арналған  қора;  шай  кесе - 

шай  ішуге  арналған  кесе;  кір  сабын  -  кір  жууға 

арналған  сабын;  қазан  пышақ  -  қазан  қыру  үшін 

жүмсалатын  пышақ  (қырғыш);  өкше  біз  -  өкшеге 

шеге  қағу  үшін  жүмсалатын  біз.

Арнау мағынасындағы  анықтауыштық тіркес 

қүрамында  жүмсалатын  сөздердің  өзара  бірлігі 

күшті.  Әдетте  олар  бөлек  жазылғанмен,  мағына- 

лық,  ритмикалық бірлігі жағынан біріккен сөздер 

тәрізді.  Сөндықтан  олар  сөйлемнің  бір  мүшесі 

ретінде  жүмсалады.  Қалампырдың  қолы  өгіздің 

муйіз  жібіне  тиеді  (Мүқанөв).

4.  Бір  зат екінші затты  мекеніне  қарай  анық- 

тайды:  тау  теке,  көл  бақа,  желке  тамыр,  төс 

қалта,  қалта  сагат  т.б.  Олардың  екі  түрі  бар:

а) 


Сөз  тіркесінің  бағыныңқы  сыңары  жер-су 

аты бөлып, басыңқысы заттың сонда осіп-әнетінін 

(мекенін)  білдіреді:  тау ешкі,  су жылан,  көл  бақа, 

турікпен  кілем  т.б.;



СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ

611


ә)  Қабыса  байланысқан  топтағы  екі  соз  де 

жалпы  есім болып,  бірі -  екіншісінің қай жердегі, 

қай  орындағы  зат  екенін  анықтайды:  мойын  ет, 

желке  тамыр,  тамақ  без,  ауыз  уй,  тамақ  бау  т.б.

Бүлар  -  бір  лексикалық  бірлікте  айтылатын 

тіркестер.  Шеке  тамырым  көгергенше  айтыса  ке- 

туге  әзірмін  (Мүсірепов).  Мойын  еті  бөп-бөлек, 

майда  жалды...  (Абай).

5.  Заттың  өлшемдік  мағынасын  білдіреді:  бір 



қора қой,  екі саба қымыз,  қап-қап  астық,  бір  асым 

ет  т.б.  Ондай  өлшемдік  мағынада  жүмсалатын 

тіркестер  мынадай  қүрамда  айтылады:  бір  қора 



қой,  бір  уйір  жылқы,  екі  полк  әскер,  бір  қазан  ет, 

уш  шелек  су,  бес  қап  ун,  бір  уыс  бидай,  бес  қулаш 

арқан,  уш  адым  жер,  қап-қап  астық,  шелек-ше- 

лек  сут,  мая-мая  шөп,  тау-тау  бидай,  саба-саба 

қымыз,  уйір-уйір  жылқы,  қора-қора  қой,  бір  атым 

насыбай,  бір  узім  нан,  он  шақырым  жер,  екі  қай- 

натым  шай,  бір  сауым  сут  т.б.

6.  Кәсіп,  дәрежені  білдіреді:  а)  инженер  қыз, 



ш әкірт  бала,  тракторист  Есбол\  ә)  суретші 

Әбілхан,  жазушы  Муқанов,  ага  лейтенант,  бас 

инженер  т.б.

7.  Адамның  жынысын  білдіреді:  қыз  бала,  ул 



бала,  әйел  адам  т.б.

8.  Даралау  мағынасында  жүмсалады:  қайың 



агаш,  алма  агаш,  нар  туйе  т.б.


жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1089   1090   1091   1092   1093   1094   1095   1096   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет