Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1066/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1062   1063   1064   1065   1066   1067   1068   1069   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
592

СИНТАКСИС

2.1.1.  Меңгеріле  байланысқан  етістікті  сөз 

тіркестері

Табыс  септігінің  пысықтауыш  қызметін  атқа- 

рудан  біртіндеп  арылып,  бірыңғай  тура  толықта- 

уыш  қызметін  атқаруға  кошуі,  соған  орай  оның 

с а б а қ т ы   етіс тік те р м е н   тір к е с ет ін д е й   болы п 

жүйеленуі  етістікгердің  меңгеруін  қалыптастырды.

Өйткені  орхон-енисей  ескерткіштер  тілінде 

табыс  септігінің  салт  етістіктермен  тіркесіп,  пы- 

сықтауыштық қатынастарда жүмсалуы  -  кездесіп 

отыратын  қүбылыс.  Мысалы:  Көгмен  йышыг  йо- 



рып  қырқыз  бодуныг  уда  басдымыз  (Ктб.,35)  - 

Көгмен  жотасынан  асып,  қыргыз  халқын  уйқыда 

жатқанда  бастық.  Бен  өзум  білге тониқуқ  өтукен 

йеріг  қонмыс  (Т.,17)  -  Мен  өзім  данышпан  То- 

никөк  өтікен жерінде турдым  (қоныстандым). Аны 

субуг  баралым  (Т.,27)  -  Анна  өзенімен  барамыз. 

Осы келтірілген мысалдарға назар аударатын бол- 

сақ ,  соз  тіркестерінің  басы ңқы   сы ңарлары   - 

қимыл-әрекеттің  кеңістіктегі  бағытын,  мекенін, 

іске  асу  тәсілін  білдіретін  салт  етістіктер.  Сон- 

дықтан да бүлар табыс септігіндегі создермен емес, 

жанама  септіктермен  тіркесуге  тиісті.  Бірақ  осы- 

ған  қарамастан,  жоғарыдағы  салт  етістіктер  та- 

быс  септігі  түлғасындағы  сөздермен  тіркескен, 

соған  орай  табыс  жалғаулы  создер  толықтауыш 

емес,  пысықтауыш  қызметін  атқарған.  Бүл  -  осы 

типтес  етістіктердің  әлі  де  болса  салт,  сабақты- 

лы қ  мағынасы  жағынан  толық  жіктеліп  болма- 

ғандығын, табыс септігінің пысықтауыш қызметін 

атқару  дертінен  арылып,  бірыңғай  толықтауыш 

қызметін атқаратындай болып қалыптаспағанды- 

ғын корсетеді.  Басқаша айтқанда, тым оріден келе 

жатқан  жүйесіздіктің  қалдықтары,  сілемдері  деу- 

ге  болады.  Белгілі  бір  септіктің  оз  қызметінен 

тыс  басқа  септіктер  қызметін  атқаруы  жоғарыда 

корсетілген  табыс  септігінен  ғана  емес,  озге 

септіктер  бойынан  да  табылады.  Мүндай  ауыт- 

қулар тек ертедегі ескерткіштер тілінде  ғана емес, 

ауыз  әдебиеті  нүсқалары  мен  ақын,  жазушылар 

еңбектерінде  де  кейде  бой  корсетіп  қалады.  Мы- 

салы:  Қайгыменен  қан  жутып  (Қобыланды  ба- 

тыр)  -  нормаға  сайы  қайгыдан  қан  жутып,  жеті 

пірге  танысқан  (сонда)  -  жеті  пірмен  танысқан, 

киімнен  муқтаж  болган  (Базар)  -  киімге  муқтаж 

болган,  аязбен  қызарып  (Абай)  -  аяздан  қызарып, 

қутыла  қоюга  ойлайсыздар  (Мүқанов)  -  қутыла 

қоюды  ойлайсыздар,  кедейлігінен  пайдаланып 

(Жансүгіров)  -  кедейлігін  пайдаланып  т.б.  Осы 

келтірілген  фактілер  меңгеріле  байланысқан  соз 

т ір к е с т е р ін ің   тіл  дам уы   б а р ы с ы н д а   тал ай  

озгерістерге  түсіп,  қазіргі  кездегідей  дәрежеге 

жеткендігін  дәлелдейді.

Меңгеріле  байланысқан соз тіркестерінің  ба- 

ғыныңқы  сыңарлары  мен  басыңқы  сыңарлары- 

ның байланысу дәрежесінің біркелкі емес екендігі 

тілші  ғалымдарды  ертеден-ақ  ойландырды.  Коп 

жылғы  зерттеулердің  қорытындысы  меңгеруді 

іштей  “берік жөне әлсіз меңгеру” деп болуге алып 

келді.

Қолдағы  бар  материалдарға  сүйене  отырып, 



берік  және  әлсіз  меңгерудің  ара  жігін  былайша 

айқындауға  болады:

1.  М еңгеретін  соз  бен  меңгерілетін  создің 

аралығында  ішкі  мағыналық  байланыс  болатын 

болса,  берік  меңгерудің  қатарына  жатады  да, 

мүндай  мағыналық  байланыс  болмайтын  болса, 

ондай  соз  тіркестері  әлсіз  меңгерудің  қатарына 

енеді.


2.  Б е р ік   м е ң г е р іл е   б а й л а н ы с қ а н   соз 

тіркестерінің  бағыныңқы  сыңарының  белгілі  бір 

түлғада  (септік  жалғауында)  түруы  басыңқы  сы- 

ңардың  тікелей  лексика-грамматикалық  мағына- 

сына  байланысты  болса,  әлсіз  меңгеруде  бағы- 

ныңқы  компоненттің  белгілі  бір  септік  жалға- 

уында  түруы  басыңқы  компоненттің тікелей лек- 

сика-грамматикалық мағынасына тәуелді болмай, 

жалпы  айтылмақшы  ойға,  сойлемнің  мазмүны- 

на, басқаша айтқанда, меңгеруші сыңардьщ қосалқы 

грамм атикалы қ  м ағы насы на  қатысты  болады. 

Бірақ  бүған  қарап  берік  меңгеруге  басыңқы  сы- 

ңардың лексика-грамматикалық мағынасынан тыс 

жалпы  грамматикалық  мағынасы  осер  етпейді 

деген  қорытынды  шығаруға  болмайды.  Өйткені 

меңгеруші  компонентке  тән  грамматикалық  ма- 

ғына берік меңгеріле байланысқан соз тіркестеріне 

де,  әлсіз  меңгеріле  байланысқан  соз  тіркестеріне 

де  қатысады,  ы қпал  етеді.  Мысалы,  “а”  әрпін 

тақтаға бормен жазды деген сойлемді алатын бол- 

сақ,  мүндағы жазды  етістігі  қатарынан  үш  септік 

жалғаулы  созді  меңгеріп  түр:  “а ”  әрпін  жазды, 



тақтага  жазды,  бормен  жазды.  Егер  озара  салыс- 

тырып  қарайтын  болсақ,  “а”  әрпін  жазды  соз 

тіркесі берік меңгерудің қатарына жатады да,  қал- 

ғандары  олсіз меңгерудің қатарына жатады.  Бірақ 

осыған  қарамастан,  “а ”  әрпі  созінің табыс  септік 

жалғауында  түруына  жазды  етістігінің  әрі  лек- 

сика-грамматикалық  мағынасы  (қимыл-әрекетті 

білдіру),  әрі жалпы грамматикалық мағынасы  (соз 

табы  ретінде)  әсер  етеді.  Алайда  бүлардың  ара 

салмағын тең деуге  болмайды,  ойткені берік мең- 

геруде  басыңқы  сыңардың  лексика-грамматика- 

лық  мағынасы  басты,  шешуші  қызмет  атқаратын 

болса,  оның  грамматикалық  мағынасы  комекші 

қызмет  атқарады.  Ал  аркауы  бос  әлсіз  меңгеруге 

басыңқы  компоненттің  тікелей  лексика-грамма- 

тикалық  мағынасы  емес,  жалпы  грамматикалық 

мағынасы  ықпал  етеді.




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1062   1063   1064   1065   1066   1067   1068   1069   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет