Бағдарламасы бо й ы н ш а ш ы ға ры л д ы лп Қ азақ грамматикасы. Ф онетика, сөзжасам, морфология, синтаксис



жүктеу 38.54 Mb.
Pdf просмотр
бет1035/1319
Дата10.02.2022
өлшемі38.54 Mb.
#17147
1   ...   1031   1032   1033   1034   1035   1036   1037   1038   ...   1319
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis
KORKEM-SOZ-ZHANE-PRAGMATIKA
12.  МОДАЛЬ СӨЗДЕР

1 2 .1 . 

М О Д А Л Ь   С Ө З Д Е Р Д І Ң  

Л Е К С И К А -Г Р А М М А Т И К А Л Ы Қ   Е Р Е К Ш Е Л І К Т Е Р І

Модаль сөздер тілдегі модальдылық және пре- 

дикатты лы қ  құбы лы спен  ты ғы з  байланы сты. 

П редикатты лы қ  сөйлем  м азм ұны ны ң  а қи қат 

шындықпен жалпы арақатынастылығын (“соот- 

несенность”) білдіреді. Ал сөйлемде айтылғанха- 

бардың  ақиқат  шындыққа  қатынасы  модальдық 

қатынас болып табылады.  Я ғни сөйлеуші озінің 

бұл  хабарын  қалай  түсінеді,  өз тарапы нан  оған 

қандай сипаттама береді, ақиқат шындыққа қалай 

қарайды  -  м одальды қ  қаты насты ң  м әні  міне 

осында.  Ал  предикатты лы қ  -  ең  алдымен  ойды 

тіл заңдылықтары мен ережелеріне сәйкес қалып- 

тап  көрсетуге  (“ к оф ормлению ”)  қатысты сипат^, 

Демек,  бұлар  өзара  ты ғы з  байланысты  бо л ған - 

мен,  бір-бірінен  елеулі  айы рм аш ы лы ғы   да бар. 

М одальдылыққа әдетте сәйлемнің  негізгі тұрақ- 

ты белгілерінің ішінен ойдың тиянақтылығын бел- 

гілейтін  (аны қтайты н)  интонация,  я ғ н и   хабар- 

дың айтылу ы рғағы , сөйлеушінің тағы басқа  мо- 

дальдық қатынасы тиесілі.-Предикаттылыққа ке- 

летін болсақ, ол  сөйлесу (тілдесу)  единицалары- 

ның (“единицы речевого общ ения”) грамматика- 

лы қ жақтан  ұйымдасуын қамтамасыз етеді.

Бұл  екі  құбы лы сты ң белгілі бір  ш екаралы қ 

жігі  предикатты лықты тіл (язык) деңгейіііде ло- 

гикалық-синтаксистік категория,  ал модальдық- 

ты сөйлеу (речь) деңгейінде коммуникативтік-син- 

таксистік категория ретінде алып қарағанда ғана 

біршама айқыны рақ корінуі мүмкін.  Өйткені пре- 

дикатты лы қты ң қандай бір формасы  болмасын, 

бәрі тікелей тілмен, ал модальдылықгың түрлі фор- 

малары сөйлеумен (речьактісімен) байланысты.

М о д ал ь д ы л ы ғь г  ең  а л д ы м е н   с ө й л е м д е  

көрінеді.  Сөйлем  модальдылығы  тілдің  негізгі 

өзек категорияларына жатады.  Ол, біріншіден, ба- 

рынш а айқы ны рақ түрде және алуан түрлі реңк- 

те  интонация  әдісімен  білдіріледі.  М одальдық 

сондай-ақ етістік райларының синтетикалық және 

аналитикалық формалары білдіретін  барлық ма- 

ғы насы   мен  реңкі  арқы лы  да  беріледі.  Ол ж әне 

инф инитив пен етістік қосымы, инф инитив пен 

есім негізді создер тіркесі, сөйлемнің модальды- 

қыстырма мүшелері арқылы да білдіріледі.  Қы с- 

қасы   імодальдылық  -  тіл  мен  сөйлеудің  (речь 

актісінің) әр түрлі деңгейлерінде көрінекгенетін грам- 

матикалық мағыналардың өз алдына бір тұтас сала- 

сы (“класы”), жүйесіболып табылады. Тіл білімінде




^ио

модальдылықты кейде субъективті және объекгивті 

деп  екіге  бөліп  қарау  тенденциясы  да  байқалады. 

Объективті  модальдылықты  білдіруде  етістіктің 

рай  ф орм алары ны ң  қы зметі  едәуір  басым.  Се- 

бебі етістік райлары  неғұрлым көбірек граммати- 

каланған  ( “ грам м атикализованная” ),  тілдің сөз 

өзгертім ф орманттары на ж ақы н құбылыс болып 

табылады. Ал субъективті модальдылық олай емес. 

'Модальдьыықтың бұл соңғы тұрі негізінен көмек- 

ші сөздер арқылы білдіріледі.  Сонымен сөйлемде 

айты лған  хабардың  ақи қат ш ы н ды ққа  қаты на- 

сы ны ң көрінісі  -  объективті модальдық та,  ал  ол 

хабарға деген сөйлеушінің қатынасының көрінісі 

субъективті модальдылық болып табылады,  мы- 

салы:  Ол жақта қыс ерте түседі (объективті мо- 

дальды лы қ);  Ол  ж ақта  қыс ерте түсетін  сияқ- 

ты (субмодальдылық).

М одаль сөздер түркі тіддерінің бірқатарында 

(соларды ң  іш інде  қазақ  тілінде  де)  негізінен 

кө м екш і  сөздер  тоб ы на  кіреді.  Ол  сөйлеуш і 

субъектінің айты лған ойдың ш ы нды ққа қатына- 

сы (сәйкестігі) женіндегі  көзқарасын айқы ндай- 

ды.  Модаль сөздердің өз алдарына бөлек, арнайы 

бір лекси ка-сем ан ти кал ы қ,  грамм атикалы қ топ 

ретінде сараланып  ш ығу, даму жолдары тілдерде 

жалпы біркелкі емес.  Олар, мысалы,  орыс тілінде 

тек сы на  (“ вставны е” )  сөйлемдердің  ған а емес, 

соны м ен  қоса  үстеулер мен  ы қш ам далған  (“ре- 

дуц и рованны х” )  сейлем дер  негізінде де дамы п, 

дараланы п  ш ы ққан .  Ал  олар  түркі  тілдерінің 

көпшілігінде негізінен Кеңес дәуірінде жазба әде- 

би тілдің  қарқы н ды  дамуымен байланысты дер- 

бес комекш і сөз табы болып қалыптаса бастады. 

Ж алпы  модальды лы қ,  модаль  сөздер  табиғаты  

әсіресе осы тілдерде әлі  нақты лы  таны лы п  бол- 

ған жоқ. Бұл лексемалардың сандық колемі оларда 

сонды қтан да  қазір әр түрлі болып  келеді.

М одаль создер мен  модаль тіркестердің зат- 

ты қ  (“ вещ ественная”)  семантикасы  болмайды. 

Олардың  сем антикасы   модальділікті  білдіретін 

грамматикалық мағынамен астасып жатады.  Осы 

жағы нан алғанда модаль создер мен райлар жал- 

пы бір тектес тіл  құбылыстары.  Себебі райлар да 

әрекеттің  ақи қатты ғы н а  не  ақи қат  еместігіне 

сойлеуші тарапынан субъективті баға берудің, яғни 

сөйлем модальдылығын білдірудің морфология- 

л ы қ  тәсілі  болып  табылады.  Рай  категориясы 

сөйлеуш інің  “әрекеттің әрекет етушімен  байла- 

ны сы ”  (“связь действия с действующим ли ц ом ”) 

туралы козқарасын білдіреді.  Ш ынында да қалау

(тілек),  болжау,  міндеттілік,  сенімділік  сияқты 

модальдылық мағыналарды арнаулы жеке создер 

ғана емес, солармен қоса етістікгің рай және кейбір 

аф ф икстік формалары да (яғн и   - ғ а й / /  -гей,  -ар 




жүктеу 38.54 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   1031   1032   1033   1034   1035   1036   1037   1038   ...   1319




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет