10.1.3.4. Болжалдық демеуліктер
Болжалдық демеуліктеріне -мыс, -м іс, -ау
шылаулары жатады.
-мыс, -м іс демеулігі сөйлеуш інің айты лған
ойға күмәндануын, сенімсіздікті білдіруі үшін
қолданылады. Сөйлемнің экспрессивті-эмоцио-
налдық мәнін арттырады. Жас келіншек те ол
десе жанын қоярға жер таппайды-мыс (Есен-
берлин). Жанынан өте берсе, ж аңағы қарайған
нэрсе ит болып ұлы ған-мыс (Нәжімеддинов).
Осы сөйлемдерде -мыс демеулігі синтаксистік
байланысатын сөзінің соңында келіп, ойға сөйлеу-
ш інің болжау, күдіктену сияқты көзқарасы н
білдіреді. Қолынан тарайды-мыс сайлау-сияз
(Жансүгіров).
-аудемеулігі болжалдық келер ш ақ есімшеге
тіркесіп, сол м ағы наны басымдау етіп, көрсету
үш ін қолдан ы лады . Ж и н а лға н х а лы қ осыны
тілейді-ау деймін (Әуезов).
Поделитесь с Вашими друзьями: |