Бағдарламасы Білім алушыға арналған пән бойынша оқу бағдарламасы (Sуllabus)



жүктеу 3.73 Mb.
бет5/72
Дата10.11.2022
өлшемі3.73 Mb.
#23652
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72
Ба дарламасы Білім алушы а арнал ан п н бойынша о у ба дарламасы
семенное размножение цветочных культур 2014, химия эсе, Дәулет Назерке, Аруназ Келсінбек 9 сабаққ (1), литературы, London (1)
Пәннің мақсаты:
«Болашаққа бағдар: қоғамдық сананың жаңғыруы» мемлекеттік бағдарламасында айқындалған қоғамдық сананы жаңғырту міндеттерін шешу мәнмәтінінде (контекстінде) білім алушылардың әлеуметтік-гуманитарлық дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.
Пәннің міндеттері:
1) негізгі әлеуметтанулық, саяси, гуманитарлық ұғымдарды, қоғам мен оның кіші жүйелерін зерттеуге арналған теориялар мен тәсілдерді меңгеру;
2) студенттердің мәдени ақпарат алудың негізгі көздері мен әдістерін игеру;
3) әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық білімді кәсіптік қызметте пайдалану дағдыларын үйрету;
4) сыни ойлау дағдыларын қалыптастыру және оны практикада қолдану мүмкіндігі.


Пәнді меңгеру қорытындысы бойынша білім алушы келесі оқу нәтижелеріне ие болады:

  1. әлеуметтік-саяси модуль пәнінің базалық ілім жүйелерінде біріктіру үдерістерінің өнімі ретінде қоғамның әлеуметтік-этикалық құндылықтарын түсіндіру;

  2. нақты оқу пәні мен модуль пәнінің мән мәтінінің өзара әрекеттесу нәтижесінде ғылыми әдістер мен зерттеу тәсілдерін пайдалана білу;

  3. оқытылатын пәннің аясында ғылыми ой мен теория мазмұны негізінде әртүрлі саладағы әлеуметтік қарым-қатынастың жағдайын түсіндіру;

  4. әлеуметтік және тұлғаралық қатынастар, тіл, мәдениет, саяси бағдарламалар, қазақ қоғамының әртүрлі кезеңде дамуы туралы ақпаратты нақтылау және негіздеу;

  5. қазақстандық қоғамда жаңарудағы әлеуметтік, саяси, мәдени, психологиялық институттардың мәнмәтінінде олардың рөлінің ерекшеліктеріне талдау жасай алу;

  6. қазақстандық қоғамдағы этикалық және құқықтық нормалар, қоғамдық, іскерлік, мәдени құндылықтар жүйесіне тең келетін түрлі қарым-қатынастағы әртүрлі жағдайларды сараптау;

  7. нақты мәселелерді талдау үшін әдіснамалық таңдауды негіздеу және қоғамды зерттеудің әртүрлі жолдарын айыра білу;

  8. ғылымның әлеуметтік-гуманитарлық түрі немесе басқа да ғылымдар саласында қоғамдағы нақты жағдай қатынасын бағалау, болатын қауіп-қатерді ескере отырып оның даму болашағын жобалай алу;

  9. кәсіби әлеуметтегі, сонымен қатар, қоғамдағы шиеленістерді шешуде бағдарламалар жасай алу;

  10. түрлі қарым-қатынас аясында зерттеу жобалық қызметтерін жүзеге асыра алу, қоғамдық бағалы ілімді түрлендіру (генерациялау), оны жобалау;

  11. әлеуметтік маңызы бар мәселелер бойынша өз пікірін дұрыс білдіре және дәлелді түрде қорғай білу.


жүктеу 3.73 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   72




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет