БАҒдарламасы «Береке» ҚБ мен



жүктеу 207.55 Kb.

Дата26.04.2017
өлшемі207.55 Kb.
түріБағдарламасы

 

«БЕРЕКЕ ЫНТЫМАҚ АРҚЫЛЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ 

«Береке» ҚБ мен «ЭКОЦЕНТР» ҚБ серіктестік негізде 

Халықаралық даму жӛніндегі АҚШ агенттігі (USAID) арқылы  

Америка халқының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылуда 

 

 

Бұл  ақпараттық  журналы  Американ  халқының  Америка  Құрама  Штаттарының 



даму  агенттігінің  (USAID)  кӛмегі  арқасында  дайындалды.  «Береке»  ҚБ                   

ақпараттың  мазмұнына  тікелей  жауапты,  және  де  ол  ақпарат  USAID-тың, 

немесе Америка Кұрама Штаттары үкіметінің пікіріне сай келмеуі мүмкін. 

АҚПАРАТТЫҚ ЖУРНАЛЫ 

№1 шығарылым  


Бағдарламаны жүзеге асырудың бірінші жылы: 

 

100  аудандық ҮЕҰ-нан келген 524  ӛкіл ӛздерінің ұйымдық және институционалдық әлеуетін арттыруға, 

қауымдастықтарды мобилизациялау дағдыларын дамытуға, жобаларды әзірлеуге және т.б. бағытталған 26 

тренингке қатысты; 

 

аудандық  ҮЕҰ-дың  21  қызметкері  2  тәжірибе  алмасуға  қатысып  әлеуметтік  серіктестік,  қаржылық 



тұрақтылық туралы ӛз білімдерін жетілдірді; 

 

Бағдарламаның  41  қатысушысы  «Даму  тарихы:  ішкі  кӛзқарас»  атты    VII  Халықаралық  конференцияға 



қатысты. Аталған конференция әлеуметтік салада жұмыс  істеу туралы заманауи білім мен дағдыны бере 

отырып  азаматтық  қоғам  ұйымдарының  жұмыс  сапасын  дамытуға,  әлеуметтік  серіктестік  аясында 

бизнеспен  ӛзара  әрекеттестік  пен  ынтымақтастықты  дамытуға,  сонымен  қатар,  осы  бағытта  ҮЕҰ-дың 

тәжірибе алмасуына бағытталған; 

 

аудандық  ҮЕҰ-нан  келген  40  ерікті  ӛз  ұйымдарының  қызметін  жүзеге  асыру  үшін  қажетті  білімдерін 



арттыру және дағдыларын дамытуға арналған 2 жазғы жастар лагеріне қатысты;  

 

аудандық ҮЕҰ-дар ӛздерінің ұйымдық дамуына, сонымен қатар, мақсатты топтардың қауымдастықтарының 



ӛзекті  мәселелерін  шешуге  қатысуын  арттыруға  бағытталған  40  шағын  жобаны  жүзеге  асырулары  үшін 

оларға 43 631 901 теңге бӛлінді.     



Байланыс ақпаратты: 

«Береке» қоғамдық бірлестігі 

160000, Қазақстан Республикасы,  

Шымкент қаласы, Тыныбаева кӛшесі, 29/8 

тел.: +7 (7252) 553 59 96 

E-mail: berekengo@gmail.com 

 

bereke-ngo.kz 



Партнерство в целях развития и 

процветания 

 


 

Бағдарламаны жүзеге 

асырудың бірінші жылы  

Кіріспе сӛз 



Қызметке шолу 

Табысқа жетелер 



баспалдақтар

  

Құнды дағдылар



 

Кедергісіз ӛмір 



Жастар әрекет жасауда  

 



Балалардың лайықты 



болашағына үлес қосу 

 

10 



Әйелдер әрекет етуде  

12 


Бірлік түбі береке 

14 


Сӛзден іске!

 

16 


Мазмұны 

«БЕРЕКЕ ЫНТЫМАҚ АРҚЫЛЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ 

 

Миссия 

Ауылдық ҮЕҰ-дың институционалдық потенциалын нығайту, сонымен қатар жергілікті ӛзін-ӛзі 

басқарудың  негізі  ретінде  азаматтық  сұхбатты  және  қоғамның  қатысуын  арттыру  арқылы 

демократиялық қоғамды дамыту.  

Стратегия 

 

Әлеуметтік-маңызды  мәселелерді  шешу  мақсатында  ауылдық  ҮЕҰ-дың  ӛз  миссиясын 



жүзеге  асыруға,  ұйымның  потенциалын  арттыруға,  сонымен  қатар  шешім  қабылдау 

процесіне  тұрғындарды  қатыстыру  үшін  қауымдастықты  мобилизациялау,  адвокация, 

басқару, есептілік дағдыларын дамытуға ықпал жасау

 

 



Қауымдастықтағы  әлеуметтік  мәселелерді  шешуде  ҮЕҰ,  жергілікті  билік  органдары,  БАҚ 

және бизнес құрылымдар арасында ынтымақтастықты нығайту.

 

 

Гендерлік  білім  және  гендерлік  сезімталдықты  дамыту,  адам  құқығы  бойынша  хабардар 



ету,  азаматтық  кӛшбасшылық  және  еріктілікті  дамыту,  сондай-ақ,  жоба  қызметіне  тарту 

арқылы ауыл әйелдері мен жастарының мүмкіндіктерін арттыру.

 

 

Қоғамды  ақпараттық  жүйелерді  дамыту  арқылы  жоба  барысы,  оның  жетістіктері,                 



кӛтерілген мәселелер бойынша ақпараттандыру.

 

 



БАҒДАРЛАМА ГЕОГРАФИЯСЫ 

Ақмола                

облысы 

Қарағанды  

облысы 

Жамбыл        

облысы 

       Оңтүстік-  

     Қазақстан    

      облысы 

ЖОБА МЕРЗІМІ  

1 шілде 2015 ж. – 30 маусым 2018 ж. 

КІРІСПЕ СӨЗ 

Құрметті оқырмандар! 

 

«Береке  ынтымақ  арқылы» 



бағдарламасының 

жүзеге 


асырылып жатқанына бір жыл 

толды.  Бұл  уақыт  білінбей, 

зыр  ете  ӛтіп  кетті,  себебі 

кӛптеген 

сан 

алуан 


іс-

шараларға 

толы 

болды: 


кездесулер, 

тренингтер, 

тәжірибе  алмасулар,  жаңа 

жобалар.  Бұл  кезеңде  біздің  алға  қойған 

мақсатымыз  –  аудандық  ҮЕҰ-дың  жұмыстары 

үшін  қажетті  біліммен  және  дағдылармен 

қамтамассыз  ету.  Сонымен  қатар  ақпараттық 

және  әдістемелік  материалдарға,  әлеуметтік 

мәселелерді 

шешуде 


мақсатты 

топты 


қатыстыру 

деңгейін 

арттыруда 

жаңа 


технологиялар  мен  қаржы  ресурстарына 

қолжетімділікті  арттыру.  Мұндай  қолдау  түрі 

ҮЕҰ-дар  үшін  ӛте  маңызды  болып  табылады, 

себебі  бұл  ұйымдар  тұрғындардың  ең  әлсіз 

топтарына  қызмет  кӛрсетеді  және  олардың 

әрбірінің  артында  кӛмекке  мұқтаж  адамдар 

тұр.  Мұндай  орасан  зор  жұмыс  біздің 

әріптесіміз  «ЭКОЦЕНТР»  ҚБ-нің,  азаматтық 

қоғамды дамыту саласында жұмыс істейтін бір 

қатар  сарапшылардың  қолдауының,  және, 

әлбетте,  жоба  командасының  кәсібилігінің 

арқасында  мүмкін  болып  отыр.  Қолыңыздағы 

журнал  беттерінде  аудандық  ҮЕҰ-дардың  ӛз 

бенефициарларына 

кӛрсететін 

қызмет 


сапасының 

ӛсуінің 


арқасында 

ӛмірлері 

жақсарған  шын  адамдардың  оқиғалары 

беріліп отыр.  

 

Роза Абдуллаева, 

Бағдарлама жетекшісі 

 


ҚЫЗМЕТКЕ ШОЛУ 

БА

Қ-ме

н  

ынты

мақт

аст

ық 

Ге

нд

ерл

ік 

теңді

к 

ж

ән

е 

адам құқ

ы

қта

ры

 

Қауымдастықты  

мобилизацилау 

Жоб

ан

ы

 ә

зі

рл

еу

  

ж

ән

е 

басқа

ру

 

ҮЕҰ

-да

 бу

хга

лте

рлі

к  

есе

п, с

алы

қ с

алу

  

жә

не і

с қ

аға

з 

Мон

итори

нг 

жән

е бағ

алау

 

Стра

тег

ия

лы

қ 

 

жоспарла

у 

ҮЕҰ  

есептілігі 

Тәж

ірибе а

лмасу

 

Тәж

іри

бе

  ал

м

ас

у 

100  

ҮЕҰ 

Бағдарлама  әртүрлі  деңгейдегі  ауылдық  ҮЕҰ-мен  жұмыс 

істеуге бағытталған: 

1-ші  деңгейде  -  ұйымдық  даму  тұрғысынан  әлсіз,  бірақ 

белсенді және ары қарай дамуға ынталы ҮЕҰ-дар; 

 

 2-ші  деңгей  –  едіуәр  дамыған,  ары  қарай  кәсіби 



тұрғыдан дамуға ынталы ұйымдар. 

1-ші және 2-ші деңгейлі ҮЕҰ-ға арналған тренингтер. 



Аудандық ҮЕҰ-ға арналған оқыту                            

іс-шараларының тізбегі 

1-ші  деңгейлі  ҮЕҰ  арасында  өткен  бірінші 

жобалар конкурсы 

 

Конкурсқа қатысу үшін 54 ӛтініш келіп түсті

 

 

 



Ӛз қауымдастықтарының ӛзекті мәселелерін шешуге бағыт-

талған және аудандық ҮЕҰ-дар әзірлеген 20 жобаға қолдау 

кӛрсетілді. Әрбір жобаның орташа бюджеті 718 810 теңге.  

 

Қолдау тапқан жобалардың бағыттары 

 

 



 

 

 



 

                                  

Аудандық ҮЕҰ-нан келген 40 ерікті 2 жазғы 

жастар лагеріне қатысты 

2-ші деңгейлі ҮЕҰ-дың ұйымдық дамуына          

арналған 20 жобаға қолдау кӛрсетілді.   

Әрбір жобаның орташа бюджеті 

1 462 784 

теңге 

.  


Балалар мен 

жасӛспірімдерді  

қолдау – 5  

Мүмкіндігі 

шектеулі жандарға     

қолдау кӛрсету –     

Гендерлік бағыт – 3         

БАҚ-ын            

дамыту – 1 

Жастар – 3                                  

Қарттарға, 

ардагерлерге 

қолдау кӛрсету 

және ұрпақтар 

сабақтастығы – 4     


ТАБЫСҚА ЖЕТЕЛЕР БАСПАЛДАҚТАР 

«Мой  Дом»  ҚБ-нің  ұйымдық 

дамуына  бағытталған  жоба  дәл 

осылай аталады.  

 

ҮЕҰ  2014  жылдың  тамызында 



Теміртау  қаласында  Дағдарыс 

орталығы  форматында  құрылып, 

сол  кезден  бастап  жұмыс  істеп 

к е л е д і .  

Б ұ л  

ж е р д е                      



тұрмыстың  қиын  тәлкегіне  түскен 

әйелдерге  психологиялық  және 

з а ң г е р л і к   к ӛ м е к   к ӛ р с е т е д і , 

аяқтарына  тік  тұрып,  ӛз  беттерінше 

ӛмір сүруге үйретеді.    

 

Орталықта  кешенді  және  уақытылы 



қ ы з м е т   к ӛ р с е т у   а н а л а р д ы ң 

балаларынан  бас  тартуының, 

суицидтердің,  қылмыстың  алдын 

алуға  септігін  тигізеді.  Әйелдерге 

уақытша  пана  беру,  оларға 

ӛздерінің  және  ӛз  балаларының 

болашағына  қатысты  дұрыс  шешім 

қабылдауға,  жеңгетайлардың, 

қылмыскерлердің,  адам  саудасы 

мен  діни  экстремизм  құрбаны 

б о л м а у ғ а ,   ж ә н е   к е й і н   ӛ з і 

ӛкінетіндей  әрекеттерге  баруға  жол 

бермеуге мүмкіндік береді.  

 

Бұл  ұйымның  екі  жыл  бойы 



кӛптеген әйелдер мен балалар үшін 

ӛмірдей  маңызды  болып  табылатын 

бағыттағы  жұмысы  мемлекеттік 

әлеуметтік  тапсырыс  аясында 

қаржыландырылып  келді.  Алайда, 

2 0 1 6   ж ы л ы   « М о й   д о м » 

қаржыландырусыз  қалып,  ары 

қарай  күн  кӛру  мәселесі  ӛте  ӛзекті 

болды,  себебі  әйелдердің  зорлық-

зомбылыққа  душар  болуы  тоқтап 

қалған  жоқ,  сондықтан  да,  пана 

іздеуге мәжбүр болып отыр.   



«Дәл  осы  жоба  біздің  ұйымның  жұмысына  едәуір  ықпал  етті,  себебі  біз  бар-

лық  мүмкіншіліктер  мен  тәуекелдерді  есептеуді  үйрендік,  өзіміздің  стратеги-

ялық  мақсаттарымызды  анықтадық,  бірқатар  маңызды  ұйымдық  құжаттарды 

әзірледік. Фандрайзинг саласында алынған білімді қолдана отырып біз бизнес-

мендер  мен  бей-жай  қарай  алмайтын  жандардың  көмегін  тарта  алдық,  және 

қазіргі таңда біз балалар алаңын жабдықтап, тігін цехының құрылысын аяқтап 

жатырмыз. Біздің командамыз бұрыңғыдан да кәсіби болып, БАҚ-ның, әртүрлі 

қорлар  мен  қаламыздың  қарапайым  тұрғындарының  біздің  ұйымға  деген 

қызығушылықтары  арта  түсті.  Ең  бастысы  –  біздің  мақсатты  топтарымыздың 

өмір  сүру  сапасы  артып  келеді,  және  Марина  Киселеваның  оқиғасы  сөзімізге 

растау болып табылады». Ирина Жданова, «Мой Дом» ҚБ-нің төрайымы 

Дағдарыс  орталығына  Марина  жүкті  кезінде  түсті.  Оның 

үстіне қолында үш жасар қызы бар еді. Қалған тӛрт баласы 

балалар үйінде.  

 

Ішкіш  күйеуінің  сабауынан  кейін,  баласы  үшін  уайымдаған 



ол ата-енесінің үйінен қашып кетеді. 

 

Есін  білгелі  бері  Марина  зорлық-зомбылық  кӛріп  келеді. 



Физикалық,  жыныстық  зорлық-зомбылық  жасағандар  ең 

жақын  адамдары.  Осының  салдарынан  ол  үйінен  ерте  кетіп 

қалуға  мүжбүр  болды.  Осындай  еркін  ӛмір  барысында 

балаларын дүниеге алып келді. Я балаларын, я ӛзін асырау 

үшін  мүмкіншілігі  болмады.  Балаларын  Балалар  мен  жас 

ӛспірімдерді  бейімдеу  орталығы  алып  кетіп,  кейін  оларды 

балалар  үйіне  жӛнелткен.  Марина  үшін  ӛмірдің  мәні  кетіп, 

бірнеше  рет  ӛз-ӛзіне  қол  жұмсаған  болатын.  Ішімдікке  әуес 

болып,  тәуелдігінен  шыға  алмай  қалды.  Ӛмірі  осылайша 

жалғаса  берді.  Жанұя  құруға  деген  кезекті  талпынысы 

күткен  бақытқа  кенелтпеді  –  кезекті  күйеуі  ішкіш  болып, 

ұрлық  үшін  темір  тордан  шыққан  болатын.  Марина  қыз 

босанып,  аяғы  ауыр  болып  қалды.  Балаларын  сақтап  қалу 

үшін  ол  Дағдарыс  орталығына  пана  тілеп  келді.  Маринаның 

құжаттары  жоқ  болатын.  Оған  кӛмек  кӛрсетілді.  Дағдарыс 

орталығы  жәрдем  берді.  Мекен-жайы  бойынша  тіркеу, 

құжаттарын  әзірлеу,  жәрдемақы  рәсімдеу,  тұрғын  үй,  бала 

бақша  үшін  кезекке  қою,  психологиялық  және  заңгерлік 

қолдау кӛрсету... Марина қыз босанды. Жарты жылдан кейін 

күйеуі  оңалту  орталығынан  шықты.  Қазіргі  таңда  олар  үй 

жалдап  тұрып  жатыр.  Күйеуі  жеңіл  кӛлікті  жалға  алып, 

таксиде  жұмыс  істейді.  Маринаның  үлкен  қызы  балалар 

үйінен шығып, бәрі бірге тұрады.  

« Е г е р  

м е н             

Орталықта  уақытылы 

жәрдем 

алмағанда 

ж ү к т і л і г і м  

м е н 

б а л а м д ы  

с а қ т а п 

қ а л ы п - қ а л м а с ы м 

неғайбыл  еді.  Менің 

б ү к і л  

к о м а н д а ғ а 

деген алғысым шексіз 

ж ә н е  

ө м і р і м н і ң 

о ң а л ы п  

к е л е 

ж а т қ а н ы н а н                     

қуаныштымын». 

Марина Киселева 

«Мой Дом» командасы                       

стратегиялық                       

жоспарды түзіп жатыр 



ҚҰНДЫ ДАҒДЫЛАР 

«Біз  үшін  стратегиялық  жоспарлау  өте  пайдалы  болды.  Себебі  біз  барлығымыз  өз  қызметіміздің  әрбір 

бағытына талдау жүргізіп, өзіміздің мықты және әлсіз тұстарымызды анықтадық, ең бастысы  – өз алдымызға 

жаңа маңызды мақсаттар қойдық. Мұның пайдалы болғаны соншалықты, нәтижелері көп күттірген жоқ. 2016 

жылдың мамырында «Басқалар қандай болса, біз де сондаймыз» атты жобамыз Қазақстан Республикасының 

Тұңғыш Президенті – Елбасының қорынан қолдау тапты. Бұл жоба Ерекше балаларға арналған шығармашылық 

үйін құруға бағытталған. Бұл жерде балалар компьютерлік сауаттылық бойынша сабақтарға қатысып, сан түрлі 

шығармашылық түрлерімен айналысады». Рашид Бакиров, ұйым төрағасы. 

Бағдарламаға  қатысушылардың  бірі  -  атауы  қызық  «Гуонлѐн» 

жастар  орталығы  болып  табылады.  «Гуонлѐн»  дұңған  тілінен 

аударғанда «шығып келе жатқан» дегенді білдіреді. Бұл тәжірибелі 

ұйым  Жамбыл  облысының  Жалпақ-тӛбе  ауылында  орналасқан 

және балалар мен жастарды дамыту саласында қызмет кӛрсетеді.  

 

Бағдарламаға  қатысудың  арқасында  бұл  ҮЕҰ  ӛзінің  қызметін                 



реттейтін бірқатар маңызды құжаттарды  әзірлеу арқылы ұйымдық 

әлеуетін нығайтуға мүмкіндік алды.  

Бұл Камил Давузов үшін ӛте маңызды болды. Оның анасы Фарида сабақтардың 

Камилдің дамуы мен әлеуметке бейімделуі үшін оң ықпал еткенін айтады. 



 

«Камилдің  есту  қабілеті  нашар,  есту  аппаратын  тағып  жүреді.  Оның 

дамуымен  негізінен  мен  айналыстым.  Менің  алты  балам  бар  және  ол 

кенжесі.  Менің  ылғи  оған  жаным  ашып,  сауаттылығын  ашуына  және 

пайдалы дағдыларды алуына көп мән бере қоймадым. Егер Камил ер-

келесе, ауырып қалса, сұрағанын лезде беретін едім, әсіресе, гаджетті 

–  телефонды.  Осылайша,  бала  жалғыздыққа  тез  үйреніп  кетті. 

Сондықтан топпен бірге алғашқы жұмыстар ол үшін өте қиынға соқты, 

ол  күйгелектенді,  бақырды,  телефонды  қайтарып  беруімді  талап  етті. 

Алайда, қызығушылық ақырындап өз дегеніне жетті – балам бидайдан 

сурет жасап отырған бір топ балаларға қосылып кетті және көңілін со-

дан  аудармады,  қатарынан  бірнеше  сурет  жасап  тастады.  Бұл 

таңғажайып  болды,  себебі  есту  қабілеттері  нашар  балалардың  өз-

өздерін  көрсетуі  өте  қиын,  және  әдетте  ол  ерекше  шыдамдылық  та-

нытпаған еді. Бұл сабақтар баламның дарынын ашты. Ол өте қабілетті 

бала екен. «Менің сүйікті Қазақстаным» атты шығармашылық көрмеде 

ең жақсы жұмыс үшін диплом алды. Ең бастысы – оның байсалды киіз 

қолөнерін үйрене алады деген сеніміміз пайда болды, яғни, болашақта 

өзінің ересек өмірінде табысты болады деген сөз».  

Камиль шығармашылық                

сабақтарында  

 

Ұйым басшысы 



мен мамандары 

«Стратегиялық 

жоспарлау» 

бойынша                   

тренингке 

қатысып жатыр 



КЕДЕРГІСІЗ ӚМІР

 

Ресми статистикаға сәйкес Қазақстанда 600 мыңнан астам мүгедек тіркелген, оның ішінде жалғыз адамдардың  

пайызы ӛте жоғары, кӛбісінің жұмысы жоқ, және қоғам да олардың тең құқықтарын әлі толықтай мойындай  

қойған жоқ. Бұл мәселелер туралы Еркінбай Шалтан мен Амангелді Қапанов – Түркістан қаласындағы  

«Шапағат» мүгедектердің қайырымдылық қоры және Ақмола облысы, Ақмол ауылында жұмыс істейтін  

«Болашақ» ҚБ-і қоғамдық бірлестіктер жетекшілері -  іс жүзінде біледі. Олардың жеке оқиғалары адамдарды  

толғандырып қана қоймай, кӛптеген адамдарды нақты қадам жасауға да итермелейді. Олардың әр бірінің  

алдында таңдау тұрды – тұйықтанып, депрессияға ұшырау немесе ӛз ӛмірін және сондай жағдайларға тап  

болған адамдардың ӛмірін ӛзгерте отырып әрекет ету. Ӛз қауымдастықтарында ӛмір сүретін мүгедектігі бар  

адамдардың қажеттілігі мен мұқтаждықтарына негізделе отырып, ҮЕҰ-да мүгедектігі бар адамдарды компьютерлік  

сауаттылық дағдыларына оқытуға бағытталған жобалар әзірленді. 

«Ӛз бетінше қозғала алмайтын немесе орасан зор қиыншылық арқылы ғана қимылдай алатын мүгедектігі бар адамдардың 

әрбірі,  дені  сау  адамдар  үшін  әдеттегі  болып  табылатын,  денсаулық  сақтау,  білім,  жұмыспен  қамту  және  кӛлік  саласы 

сияқты  қызметтерді,  сонымен  қатар,  қажетті  ақпараттарды  алуға  кедергі  болатын  түрлі  тосқауылдарды  күн  сайын 

кезіктіреді. Сонымен қатар, оқшаулану мен жалғыздық мәселесі де ӛзекті болып тұр. Біздің жобамыз Түркістан қаласының 

мүгедектігі  бар  адамдары  мен  жастарына  арнап  ақпараттық-ресурстық  орталық  құруға  бағытталған  болатын.  Бұл  жоба 

аясында  қатысушылар  ӛздерінің  компьютерлік  дағдыларын  дамытып,  әртүрлі  кеңестер  алып  қана  қоймай,  сырласып 

сұхбаттасуға да мүмкіндік алады». Еркінбай Шалтан, «Шапағат» МҚҚ президенті. 



Атакаланов  Алихан,  жобаға  қатысушы,  жобаға  қатысу  бойынша 

ӛзінің  сезімдерін  жеткізуде:  «Шындығын  айтқанда,  менің  ӛмірім 

жобаға  «дейін»  және  «кейін»  болып  екіге  бӛлінді.  Бұрын  мен  ӛте 

жабық,  ұяң  адам  болатынмын,  ҥйден  аз  шығатын  едім,  және, 

шынтуайтында,  ешқандай  да  қызығушылығым  жоқ  еді.  Әйтеуір, 

кҥнім  ӛтсе  болды  дейтінмін.  Бірақ,  сабақтарға  қатысудың  арқасында 

менің  кӛзім  ашылды  –  әлемде  талай  нәрсе  болып  жатыр  екен! 

Ӛмерге  деген  құлшыныс  пайда  болды.  Сырымды  ақтара  отырып 

тағыда  айта  кетейін,  осындай  жылы  және  сенімді  атмосфера 

арқасында  мен  ӛзімнің  жарымды  таптым,  және  біз  ҥшін  бұл  ҥлкен 

Түркістан қаласында 

компьютерлік 

сауаттылық курсы 

бойынша сабақ  

Еркінбай 

Шалтан 


«Біздің курстарда қатысушылар электрондық тҥрде мемлекеттік қызметтерді алуды, негізгі 

кеңсе қосымшаларымен жұмыс істеуді, ақпарат іздеп, тауар алуды, электрондық поштаны 

қолдануды  ҥйренді.  Бұл  дағдылар  мҥкіндіктері  шектеулі  адамдарға  ӛз  ӛмірлерін 

жеңілдетуге  және  еңбек  нарығында  бәсекелестікке  қабілеттілігін  арттыруға  мҥмкіндік 

береді.  Жобаның  табысты  болғандығы  соншалықты,  кӛршілес  ауылдардың  аудандық 

әкімдіктері  ӛкілдерінің  назарын  аудартты.  Олар  осындай  курстарды  ӛздерінде  де 

ұйымдастыру бойынша жұмысқа қолдау кӛрсетуімізді сұрап отыр. Бұл таңқаларлық жағдай 

емес,  себебі  Әлия  Хасенованың  кӛңіл  тебірентерлік  оқиғасымене  танысқаннан  кейін 

мұндай  бастамалардың  тиімділігіне  сене  бастайсың».  Амангелді  Қапанов,  «Болашақ»  ҚБ-і 

тӛрағасы.  

Әлия - бала кезінен бастап І топтағы мүгедек, бірақ, бұл әлемді ӛте нәзік түйсінетін керемет дарынды 

жазушы.  Ӛзі  душар  болған  барша  қиындықтарын,  мектепте  кӛрген  кемсітулерін,  достарының 

жоқтығынан  және  ең  жақын  досы  мен  кӛмекшісі  әжесінен  айырылып  қалуын  туындаған  күйзелісін 

сипаттауы  бірде  бір  адамды,  тіпті  еш  нәрсеге  сенбейтін  адамның  ӛзін,  бей-жай  қалдырмайды.  Оның 

күдер  үзбеуіне  себепші  болған  ол  -  оның  әдеби  дарыны  –  оның  жұбанышы,  сонымен  қатар, 

психологиялық  және  жай  ғана  адамгершілік  кӛмек  кӛрсету  орталығын  ашу  туралы  ескі  арманы.  Бұл 

қыз  ӛзінің  арманынан  нық  қадам  басып  келе  жатыр,  және  мақсатына  жетелейтін  маңызды 

қадамдардың бірі – оның «Әлем, мені теңдей кӛр» атты жобаға қатысуы болып табылады. Ӛзінің осы 

жобаға  қаттысуы  туралы  Әлия  былай  дейді:  «Мен  бұрындары  да  дербес  компьютерді  пайдаланушы 

едім.  Бірақ,  айтарлықтай  тӛмен  деңгейде  пайдалатын  едім.  Жай  ғана  бір  нәрсе  жазып,  интернетте 

сұхбаттасып  қана  қоятынмын.  Жобаның  арқасында  мен  компьютерді  жақсы  меңгердім,  қажетті 

ақпаратты  тез  таба  алатын  болдым.  Ең  маңыздысы  мен  egov.kz  мемлекеттік  сайтын  пайдалануды 

үйреніп алдым. Бұл ӛте ыңғайлы болды. Бірақ бұдан да маңыздысы - жобаның арқасында мен жұмыс 

таптым және қазіргі таңда әкімдікте маманның кӛмекшісі болып жұмыс істеймін. Енді, мен ӛзімді ӛзін 

басқалармен тең дәрежеде адам ретінде қамтамасыз ететін, толыққанды адаммын деп айта аламын!» 

Әлия Хасенова ӛзінің 

жұмыс орнында  



 

 

 



Ақмол ауылында компьютерлік  

сауаттылық курсы 

 Амангелді Қапанов 


МОЛОДЕЖЬ – МЕСТНОМУ СООБЩЕСТВУ 

«Береке  ынтымақ  арқылы»  бағдарламасының  алдында  тұрған  маңызды  тапсырма  –  ауыл  жастарының  кӛшбасшылық 

әлеуетін  дамыту,  жастардың  белсенділігін  арттыру  және  ӛз  қауымдастықтарының  әлеуметтік  мәселелерін  шешу  процесіне 

қатыстыру.  

 

2016  жылдың  жазы  Бағдарламаға  қатысқан  ауылдық  ҮЕҰ-дар  еріктілерінің  есінде  ұзақ  сақталады.  Себебі  олар  жастар       



лагерінде бірінші рет болып отыр. Тәжірибелі тренерлердің басшылық етуімен тәжірибеге толы бес күн бойы қатысушылар 

еріктілік,  адам  құқығы,  гендерлік  теңдік,  фандрайзинг,  жаңа  коммуникация  құралдары,  әлеуметтік  жобалау  және  т.б. 

салаларда құнды білім алды.  

 

Еріктілер блогтарды, түрлі фото және бейнесервистерді пайдалану бойынша түрлі мүмкіншіліктер спектрімен танысты, ӛзекті 



әлеуметтік тақырыптарды кӛтеретін шағын фильмдерді жасай отырып, роликтерді түсіруду және монтаждауды үйренді. 

Қатысушылар,  сондай-ақ,  әлеуметтік  театрдың  әртүрлі  кӛріністеріне  қатысып,  ӛздерінің  актерлік  шеберліктерін  кӛрсетіп, 

дамытуға мүмкіндік алды. Бұл әлеуметтік театр аудиторияға ықпал етудің және кӛрсетудің тамаша аспапы болып табылады. 

Алынған білім мен дағдыларды еріктілер ӛз ұйымдарының жұмыстарында пайдаланады. 

ОҚО-нан  шыққан  Владислав  Голярко  мен  Қарағанды  облысынан  шыққан  Бағдина  Жұмабекованың  оқиғалары  осының 

дәлелі. Олардың оқиғаларын бізбен «Алпамыс» ҮЕҰ» ЖҚБ және «Позитивное развитие» ЖМ бӛлісті.  



ЖАСТАР ӘРЕКЕТ ЖАСАУДА  

 


«Бағдина  –  Абай  ауданы  Ақбастау 

ауылының  кітапханашсысы.  Ол  ӛте 

ұяң және сыпайы қыз. Жасы 24-те. 

Танысу  барысында  ол  ӛз  жанұясы, 

ауылы,  елі  үшін  несімен  пайдалы 

екендігін айтып беруі керек болған 

кезде Бағдина абдырып, сӛйлеуден 

бас  тартты.  Себебін  -  айтатын 

ешнәрсе  жоқ  деп  түсіндірді.  Сол 

кезде оның әріптесі сӛзге қосылып, 

Бағдинаның 

кәсібилігі, 

мейірімділігі,  оның  жәрдем  сұрап 

келген  әрбір  адамдға  кӛмектесе 

алатындығы 

туралы 


ӛте 

эмоционалды түрде айтып берді».  

Біздің  ұйымның  біршама  іс-шараларына  қатысқаннан  кейін 

Бағдина  кӛз  алдымызда  құлпырып  шыға  келді  –  ол  ӛзіне  сенімді 

және мықты бола бастады, әлеуметтік жұмысқа деген  құлшынысы 

пайда болды, бірақ, оның айтуынша, ӛзі іс жүзінде қолдана алатын 

білімі  мен  дағдыларының  жетіспеуіне  байланысты  ол  ӛзін  ұяң 

сезініп  жүрген  екен.  Адамдар  айтады:  «ең  бастысы  тілегің  түзу 

болса,  мүмкіншілік  кӛп  күттірмейді»,  –деп.  Шындығында  да, 

Бағдинаға  ӛзіне  қажетті  дүниенің  бәрін  үйреніп  алу  мүмкіндігі 

туындады,  себебі  біз  оған  жазғы  жастар  лагерінің  жұмысына 

қатысуға ұсыныс жасадық. Лагерде ӛткен бір апта тамаша нәтиже 

берді:  «Әр  күн  мен  жаңа  маңызды  нәрсе  үйрендім,  ішімде  кӛп 

нәрсе  ӛзгере  бастады.  Мен  айналамдағылармен  қуана-қуана 

араластым,  ӛзімді  ӛзім  жаңадан  біле  бастадым»,  -  деп  ой  бӛліесді 

Бағдина. 

Лагерден  оралғаннан  кейін  ол  бізге  қанаттанып  келді:  «Мен 

сіздермен  жұмыс  істегім  келеді,  ерікті  болып  істегім  келеді,  және 

енді  мен  істей  алатындығыма  кәміл  сенемін»,  -  деді.  Ол  біздің 

ұйымның  маңызды  бӛлігі  болды,  және  оның  тәжірибесі  әрбір 

адамның  бойында  ӛзін  одан  да  жақсы  қылу  үшін,  яғни,  ӛзінің 

айналасындағы  әлімді құбылтып жіберу үшін, орасан зор  күш  бар 

екендігінің тамаша дәлелі болып табылады».  

Оксана Панасиди, «Позитивное развитие» ЖМ басшысы. 

«Біздің  жастар  үшін  айтарлықтай  жиі  семинарлар 

ӛткізілетіндігіне  қарамастан,  бұл  Бағдарламаға  дейін 

ауылдық  ҮЕҰ  еріктілерінің  мұндай  жоғары  деңгейдегі 

оқудан  ӛту  мүмкіндігі  болған  емес.  Бұл  тәжірибе  біздің 

ұйым үшін тың болып, тамаша жемісін берді. 

Владислав  Голярко,  біздің  ұйымның  еріктісі,  болмысы 

бойынша  айтарлықтай  ұстамды  адам,  лагерден  жақсы 

жігерленіп  және  есейіп  келді.  Теңдесіз  білім  алу  және 

ӛзінің жеке тұлғалығын дамыту, топта жұмыс істеу және 

қоғамға  шын  пайда  келтіру  мүмкіндігі  үшін  шын 

жүректен алғыс білдірді.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Владпен  бірлесе  отырып  біз  жаңа  жоба  жаздық.  Оның 

ойы  –  спорттық-сауықтыру  кешенін  сала  отырып,  Ақсу 

ӛзенінің  жағасын  демалыс  аймағына  айналдыру.  Бұл 

аймақтан түскен пайда халықтың әлеуметтік әлсіз және 

жағдайы  нашар  тұрғындарына  жіберіледі.  Бұл 

Қазақстан  бойынша,  бәлкім  ТМД  бойынша  жалғыз 

кешен  болып  табылады.  Біздің  жобаны  қолдайды  деп 

қатты  үміттенеміз.  Мен  Владтың  біздің  ұйымның 

дамуына ары қарай да үлес қосатындығына сенімдімін».  

Валерий Тұрлыбеков, «Алпамыс ҮЕҰ» ЖҚБ-і тӛрағасы.  


 

 

Қазақстанның дерлік барлық ауылдық аудандарында балалар мен жасӛспірімдердің мектепке дейінгі ұйымдарға және бос 



уақытын  ӛткізу  шараларына  қол  жетімділігі  шектеулі.  Әсіресе  бұл  мәселе  жағдайы  тӛмен  және  әлеуметтік  қорғалмаған 

отбасылардың балалары үшін ӛте ӛзекті болып табылады. Әртүрлі үйірмелерге, секциялар мен лагерлерге қатысу баланың 

дамуына оң ықпал  етеді  – сӛйлеуі, моторикасы жақсарады, аз күйгелек болады, кӛпшіл, ӛздігінше әрекет  ететін болады, 

түрлі дағдылар мен қабілеттерді меңгереді.  

 

Оңтүстік  Қазақстан  облысының  «Асыл  болашақ»  ҚБ-і  мен  Қарағанды  облысының  «Ӛмір»  ҚҚ-ы  әрқайсысы  балалардың 



ӛмірін ӛздерінше жеңілдеткісі келді, оны барынша мәнді және қызық қылғысы келді.  

«Аршалы  ауданы  Түрген  ауылынан  шыққан  «Ӛмір»  ҚҚ-ы  ӛз  күшін 

балалардың мәдени іс-шараларына және сонымен бірге экологиялық білім 

алуына бағытталған жазғы лагерлерді ұйымдастыруға жұмсайды.  

 

Осы  жазда  60  ӛрен  табиғатпен  қатынасқа  түсу  бойынша  жаңа  білім  және 



тәжірибе  алып,  білім  іздеудің  сан  алуан  формаларын  және  әдістерін 

меңгерді,  ұйымдастыру  қабілеттерін  меңгерді,  ӛздерінің  ой-ӛрістерін 

кеңейтті.  Лагерь  балаларға  кӛптеген  оң  эмоция  сыйлап,  түрлі  қызықты 

оқиғаларға толы болды. Бірақ осы оқиғалардың арасында ӛз күшіне сенуге 

мүмкіндік беріп, жарқын болашаққа үміт сыйлай отырып, оқудың, жаңа бір 

нәрсені  танып  білудің  маңыздылығын  кӛрсететін  бір  оқиғаның  орны 

ерекше.  

 

 



Славаның  ӛмірі  оншалықты  қарапайым  емес.  Оның  отбасылық  жағдайы 

ересектік 

ӛмірді 

ӛз 


бетінше 

бастауына 

мәжбүр 

етіп, 


оның 

айналасындағыларға абайлап, сеніңкіремей қарауға мәжбүр етті. Ол жазғы 

экологиялық лагерге «ол жерде тамақ тегін» болғаны үшін келді. Бұл оның 

ӛз  және  шын  сӛзі.  Алайда,  табиғат  аясында  ӛткізілген  қызықты  да, 

танымды іс-шаралар жасӛспірімнің кӛңіл-күйі мен кӛзқарасын ӛзгертті. Ол 

жетекшілердің 

белсенді  кӛмекшілерінің  бірі  болды,  практикалық 

сабақтарға қызыға қатысты. Оның кӛзінде ұшқын пайда болып, жүрегінде - 

айналасындағы адамдарға деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігі оянды. 

 

Жазғы лагерде алған ӛміріндегі бірінші сертификат балаға қатты әсер етті. 



Оның  «Мені  бұрын-соңды  ешкім  марапаттаған  емес»  деген  сӛзі 

ересектердің  ғана  емес,  балалардың  да  кӛңілін  босатты.  Ауысымдарымыз 

аяқталған  кезде  Славик:  «Енді  лагерь  қашан  болады?  Маған  ӛте  қатты 

ұнады,  мен  кӛп  нәрсе  үйрендім»,  -  деп  мойындады.  Тыныққан,  жаңа 

біліммен  қаруланған  ол  жаңа  достармен  танысу  үшін  және  жаңа 

жаңалықтар  ашу  үшін  келесі  жазды  күтетін  болады.  Ал,  қазір  оқу 

жылында, Славик жас экологтар үйірмесінің белсенді қатысуышысы, басқа 

балалармен  білгенін  бӛлісіп,  ӛмірге  деген  орасан  зор  жоспар  құрып 

жатыр».  

БАЛАЛАРДЫҢ ЛАЙЫҚТЫ БОЛАШАҒЫНА ҤЛЕС ҚОСУ 

Слава  тапсырма 

орындап отыр 

Экологиялық  лагерге  қатысушылар 

топпен жұмыс істеуде 


«Соңғы  кездері  біздің  отбасымыздың  ӛмірі  ұрыс-керіске,  үнемі  бір-

бірімізге кӛңіліміз толмауға айналып кетті. Менің тӛрт балам бар, және 

уақытымның  кӛбісі  үй  шаруашылығына  кетеді.  Мен  бұл  үйіші 

жұмыстардан үнемі ұрысып, тӛбелесіп, ӛздерінің бос уақыттарын қалай 

ӛткізетіндерін  білмей  жүрген  балаларыма  ескерту  жасау  үшін  ғана 

алаңдаймын.  Менің  үлкен  балам  мен  қызым  мектепте  оқиды.  Ата-

аналар  жиналыстарында  олардың  болашағы  туралы  оң  болжамды 

ешқашан  естіп  кӛрмеппін.  Мен  әрдайым  қолымды  сілтеп,  балаларыма 

менің  тағдырымды  қайталайтындықтарын  айтатын  едім.  Себебі,  алма 

ағашынан  алыс  түспейді  ғой.  Оларға:  «Сендер  үміттенбей-ақ 

қойсаңдар  болады,  сендер  ешқашан  врач,  заңгер,  мұғалім  бола 

алмайсыңдар. Аспандағы айды армандамай-ақ қойыңдар, аналарыңның 

сендерге білім беру үшін артық ақшасы жоқ», - дейтін едім.  

Менің  күйеуім  үйге  кеш  оралатын.  Әдеттегідей  жұмысынан  айырылып 

қалып,  қалтасында  кӛк  тиынсыз  келетін.  Соған  қапаланып,  ӛшін 

балалардан  алатын  еді.  Менің  бұған  ашу-ызам  келетін,  және  біз 

балалардың  кӛз  алдында  ұрысып  қалатын  едік.  Бәлкім,  сондықтан 

болар  Гүлбану  ӛте  тұйық  бала  болып  ӛсті,  ол  бірдеңені  дұрыс  емес 

айтып қоюға қорқатын еді.  

Біздің  үйден  қашық  емес  жерде  жазғы  мектеп  ашылғанын  біліп, 

ойланбастан  сол  жерге  қызымды  алып  бардым.  Бірақ,  ашығын 

айтайын,  ол  жерде  бірдеңе  үйренеді  деп  үміттенбедім,  алайда, 

жұмыссыз  бос  жүрмейтіндігі  үшін  ғана  қуандым.  Мұғалімдердің  сӛзіне 

сүйенсек, алғашқы сабақтарда менің қызым аузын ашпапты, ӛте қатты 

ұялып  отырыпты.  Бірақ,  күнде  таң  ертең  ол  сол  жаққа  қуана-қуана 

жүгіріп баратын.  Сол  кезден  бастап біздің отбасымызда  болып  жатқан 

ӛзгерестерді  байқамау  мүмкін  емес.  Мен  Гүлбанудың  ағасымен  және 

әпкесімен  бір  нәрсені  қызу  талқылап  жатқандарын  жиі  байқайтын 

болдым,  оларға  жаңа  ойындарды  үйретіп  жатады,  бәрі  бірлесіп  бір 

тапсырманы орындайды, үй де біраз тынышталып қалды. 

Биыл  күзде  Гүлбану  бірінші  сыныпқа  барды.  Және  бірінші  ата-аналар 

жиналысында  оның  мұғалімі  қызымды  соншалықты  білімқұмар  және 

ақылды  қылып  тәрбиелегенім  үшін  алғыс  айтып,  болашағы  жарқын 

болатынын айтты.  Бұл сӛздерден кейін мен  не дерімді  білмей қалдым, 

аузыма бірде бір сӛз түспей қойды. Себебі маған алғыс айтылған нәрсе 

менің  еңбегім  емес  қой.  Кӛзім  жасқа,  кӛңілім  қуанышқа  толып,  қызым 

үшін мақтанып: «Иә, менің қызым сондай», - дедім. Сол сәттен бастап 

балаларым менің болашағыма қосқан үлкен үлесім деп шештім. Бүгінгі 

таңда  мен  ата-аналар  комитетінің  мүшесімен,  және  арман  қуған,  ӛз 

алдарына  қолжетімді  мақсат  қойған  ӛз  балаларымның  білімімен  ӛзім 

айналысамын».  

Гүлбану 


Балаларға арналған  

дайындық сабақтары 



 

«Мектепке  қуанышпен  бару»  жобасы  «Қайнар  бұлақ»  саяжай  алабында  тұратын  әлеуметтік  тұрғыдан  ең  әлсіз  отбасыдан 

шыққан 20 баланы мектепте жақсы оқуға дайындауға бағытталған. Бұл жоба ҥлкендерге ӛз балаларының жарқын болашағына 

деген ҥміт сыйлады, және Гҥлбанудың отбасының оқиғасы осының тамаша дәлелі. Бұл оқиғаны Гҥлбанудың анасы айтып берді. 

ӘЙЕЛДЕР ӘРЕКЕТ ЕТУДЕ 

Аудандық  ҮЕҰ  бастамаларын  қолдай  отырып,  Бағдарлама  ауылдық 

аймақтарда  тұрып  жатқан  әйелдердің  рӛлін  арттыруға  ерекше  назар 

аударуда.  Себебі,  әйелдер  -  тұрғындардың  әлеуметтік  тұрғыдан  әлсіз 

топтарының  бірі.  Ең  ӛзекті  мәселелер  –  әйелдердің  жұмыспен  қамтылуы, 

тӛменгі  деңгейдегі  әлеуметтік  және  саяси  белсенділік,  ажырасулар 

санының  артуы,  және  нәтижесінде  жалғыз  басты  аналар  пайызының 

артуы. 


Сондықтан да, Бағдарлама әйелдерді оқытуға, оларды қауымдастықтардың 

мүддесін ұсынатын топ құрамына қатыстыруға ерекше назар аударады. Ӛз 

кезегінде  оларды  қауымдастық  мүддесін  ұсынатын  топ  құрамына 

қатыстыру  қызық  және  іс  жүзінде  қажетті  жобаларды  дайындауға  алып 

келеді. Мұндай әдістің тиімділігің маңызды кӛрсеткіші  – осындай топтарда 

әйелдер  саны  48%  болса,  қаржыландыру  үшін  іріктеліп  алынған  20 

жобаның  3-уі  гендерлік  бағытта  болуына  әсер  ету  фактісі.  Олар  әртүрлі 

бағыттағы  жобалар,  бірақ  барлығының  алдыға  қойған  мақсаты  ауыл 

әйелдерінің ӛмір сапасы мен жағдайын жақсарту. 

Мүсілима Рахимжанова,  

«Арыс  қалалық  әйелдер  кеңесі»  ҚБ-нің 

тӛрайымы 

Кӛптеген  сұрауларға  сәйкес,  ауылдық  жерде  әйелдерге  жұмыс  табу  оңай  шаруа  емес,  ал,  мүгедектігі  бар  әйелге  одан  да  бетер 

қиын.  Осы  мәселені  Арыс  қаласында  шешуге  кӛмектесуді  «Арыс  қалалық  әйелдер  кеңесі»  қоғамдық  бірлестігі  ӛз  қолына  алды. 

Олар  мүгедектігі  бар  әйелдерді  оқыту  және  жұмыспен  қамтуға  бағытталған  жоба  әзірледі.  Ұйым  тӛрайымы  Мүслима 

Рахимжанованың  айтуына  қарағанда  жоба  табысты  болды,  себебі  кӛптеген  жобаға  қатысушыларға  шын  мәнінде  кӛмектесті.  Осы 

сӛздің жарқын дәлелі ретінде әйелдердің бірінің оқиғасы келтіріледі. 

 

35 жасар Лаура - бес баланың анасы, ІІІ топтағы мүгедек. 2014 жылы кӛлік апатының салдарынан оның оң қолы күрделі сынып, 



ота  жасалды.  Ота  нәтижесінде  оның  иығына  дейін  имплант  орнатылды.  Лаура  бірнеше  жыл  қатарынан  жұмыс  табуға  талпынды, 

бірақ барлық әрекеті бос әурешілік болды. Оның күйеуі  ауырып,  тӛсек тартып  жатып қалған кезде жағдай едәуір ушығып кетті, 

себебі отбасы күнкӛріссіз қалды. 

 

«Менің  туған  қаламда  мүгедектігі  бар  әйелдерді  тігіншілік  курстарына  тегін  оқуға 



шақырып  жатқаны  туралы  жаңалықты  мен  қуана-қуана  қарсы  алдым.  Себебі,  бұл 

нақты кәсіп және ақша табу мүмкіндігі. Дегенмен, менің өз күшіме деген сенімім әлі-де 

болса  аз  еді.  Сабақтың  ең  басында  психологиялық  тренинг  барысында  қолдары  жоқ 

әйелдің  жұмыс  істеп  тұрғанын  бейнелейтін  роликті  көрген  кезде,  ауруға,  шаршауға 

және сан алуан мәселелерге қарамастан, бұл мен үшін үлкен ынталандыру болғаны әлі 

есімнен  кетпейді.  Еш  нәрсе  оңай  болған  жоқ,  бірақ  жоба  үйлестірушісі  мен  курс 

оқытушысының шынайы қолдауының арқасында мен оқуымды аяқтай алдым. Ең тәтті 

естелік  –  өз  қолыммен  жасаған  алғашқы  заттарым.  Тігін  шеберханасында  жұмыс 

істегеніме бір ай болды. Бұл оңай жұмыс емес, бірақ, ол маған өз күшіме және өзім мен 

балаларымның болашағына деген сенімділік сыйлады». 

Лаура (сол жақта)

  


«Заман  Жарғысы»  ҚБ-і  Жезқазған  ӛңірінде  «Ауыл  әйелдеріне  арналған  Ханшайым»  атты  алғашқы  клуб  ашу  мүмкіндігіне  ие 

болды.  Бұл  клуб  ӛзінің  қатысушыларына  түрлену,  басымдылықтарды  дұрыс  жайластыру,  ӛздерінің  уақыттарын  ӛздері  және 

ӛздерінің жақындары үшін тиімді жоспарлауға, сонымен қатар, ӛз аудандарының ӛзекті мәселелеріне назар аударуға тамаша 

мүмкіндік береді. 

Бағындырған  жетістіктерімен  бӛлісе  отырып,  ұйым  тӛрайымы  Әсем  Әсемханова  Рудник  ауылының  тұрғыны  Инна 

Энгельманнның оқиғасын ерекше атап ӛтті.  

Инна  –  бес  баланың  анасы.  Бесеудің  екеуін  балалар  үйінен  асырап  алған.  Бәлкім,  кейбіреулер 

мұнда  тұрған  ерекше  ешнәрсе  жоқ  деп  айтар  болар,  себебі  балаларды  асырап  алып  отырған 

отбасылар аз емес. Бірақ, мұндағы бір айырмашылық – Инна ӛз балаларын жалғыз ӛзі, күйеуінсіз 

тәрбиелеп  және  асырап  отыр.  Және  бұл  шын  мәнінде  де  барлық  құрмет-қошаметке  лайық. 

Клубтың  алғашқы  отырысына  ол  күнделікті  кірбің  тіршіліктен,  қарбаластан  шаршап  келді,  және 

қазіргідей  ауыр  заманда  жалғыз  ӛзіне  балаларын  асырау  ӛте  қиын  екендігін  мойындады.  Оның 

еріксіз салы суға кетіп, ӛз ӛмірін жақсартамын деген үміті сӛніп бара жатқан еді. Бала-шағасына 

әрбір  сәт  сайын  қараймын  деп,  ол  ӛзіне  әйел  ретінде  қарауды  ұмытып  та  кеткен  еді.  Бірақ, 

тренингтерге біртін-біртін қатысудың арқасында Инна ӛзін қайтадан жақсы кӛре бастады және ӛзін 

бағалай бастады. Ол ӛзгеріп, оның сӛздерінде оптимизм мен ӛз күшіне деген сенім ұлғая бастады. 

Инна үшін бетбұрыс сәті «Мүмкін емес нәрсе жоқ, отбасы, мансап және жеке ӛмір арасында тепе-

теңдік» атты семинар болды. Бұл семинарда ол ӛз басымдылықтарын дұрыс жүйелей бастады. 



«Негізінде,  үй  шаруашылығы  осыншама  көп  болсадағы  өзіңнің  сүйікті  ісіңмен  айналысуға  уақыт  табуға  болады 

екен.  Ал,  менде  ондай  сүйікті  ісім  бар  –  ол  массаж.  Қазір  менің  алдымда  мақсатым  бар,  ол  –  өз  ісімді  ашу.  Ол 

жерде мен Жезқазған өңірінің тұрғындарына массажбен қатар ароматерапия, релаксотерапия сияқты ем түрлерін 

ұсынатын боламын. Қазақстанда өсетін емдік шөптерді пайдалана отырып емдейтін боламын. Мен өз армандарым 

мен тілегім міндетті түрде орындалатынына сенемін». 

Инна (сол жақта) тренингке 

қатысуда 

Жағымсыз  статистика  қазіргі  таңда  үш  отбасы  жаңадан  құрылса,  соның  бірі  ажырасып  тынатындығын  кӛрсетуде.  Бұған  түрлі 

себептер бар, бірақ, ең маңыздысы – жанұялық құндылықтар, жұбайлардың ӛзара байланысуы, олардың жанұялық ӛмірге деген 

кӛзқарасы ӛзгеруінде болып тұр. Бұл жерде жұптардың жанұялық ӛмірге дайын болмауы, кӛзқарастар мен мінездерінің үйлеспеуі 

және бір-бірімен ымыраға келуді қаламауы да маңызды рӛл атқарады.  

Әлемнің кӛптеген елдерінде мұндай мәселелерді тиімді шешу жолы – Жанұялық ӛмір мектебі. «Құлан 

Нұры»  Қоғамдық  бірлестігі  дәл  осындай  мектепті  Жамбыл  облысы  Тұрар  Рысқұлов  атындағы  ауылда 

ашуды  ұйғарды.  Бұл  мектепте  сабақтар  ерекше  ӛтеді.  Түрлі  психологиялық  тренингтерден  бӛлек, 

жанұялық  жұптарға  ажырасу  салдарына  сырт  кӛзбен  қарау  мүмкіндігі  ұсынылды.  Әлеуметтік  театр 

сынды мұндай тәсілді пайдалану, ересектердің ойланбай жасаған мұндай қадамдарының нәтижесінде 

балалары ӛздерін қалай сезінетіндігін еш бояусыз, тың кӛзбен кӛруге мүмкіндік берді.  

Жобаға  қатысқанға  дейін  ажырасудың  сәл-ақ  алдында  тұрған  Назгүл  Тӛлешеваның  жанұясының 

оқиғасы бұл жобаның тиімділігіне нақты дәлел болып табылады.  

 

«Менің жасым 33-те, дейді Назгүл, және оның 11 жылы мен тұрмыстамын. Ӛкінішке орай, менің отбасылық ӛмірім бақытты болды 



деп  айта  алмаймын.  Күйеуімнің  негізсіз  қызғануына  байланысты  жиі  ұрысып  қала  беретін  болдық,  және  балаларымыз  кӛбінесе 

осындай  ұрыс-керістердің  куәсі  болатын  еді.  Балаларым  үшін  мен  бәріне  кӛз  жұма  қарадым,  қарым-қатынасымызды  жақсартуға 

тырыстым. Бірақ, тыныш ӛмірге деген үмітім сағымдай жоғала бастады. Сондықтан да бізге жобаға қатысуға шақырған кезде біз 

оған күдіктене қатардық. Тренингтер бізге бір-бірімізбен бірінші рет ашық, ӛзара даусыз және мін тақпай сӛйлесуге кӛмектесті. Біз 

тек отбасымызды сақтап қана қоймай, бала-шағамыздың игілігі үшін оны бақытты қылуға бірлесе отырып барынша күш-жігерімізді 

жұмсауымыз керек деген бір ортақ шешімге келдік. Әлеуметтік кӛріністі кӛрген кезде қандай ағаттыққа жол беріп қоюымыз мүмкін 

екендігін кӛріп, кӛз жасымызды тоқтата алмай қалдық». 

Әлеуметтік театрдан кӛрініс 



БІРЛІК ТҤБІ БЕРЕКЕ 

Қоғамдық бірлестіктердің әлеуметтік мәселелерді жалғыз ӛздері тиімді, ең маңыздысы тұрақты түрде шешулері екі талай. 

Сондықтан да, Бағдарлама аудандық үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдық және институтционалдық әлеуетін нығайтумен 

қатар, ӛз қауымдастықтарының ӛзекті әлеуметтік мәселелерін бірлесе отырып шешу үшін ҮЕҰ, жергілікті билік органдары, 

БАҚ және бизнес-секторы арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.  

Бұл салада табыс оқиғасы болып Сарысу ауданының «Ардагерлер ұйымы» ҚБ-і, аудандық ішкі саясат, 

жұмыспен  қамту  және  әлеуметтік  бағдарламалар  бӛлімдері,  аудандық  аурухана,  сонымен  қатар, 

жергілікті  бизнесмендер арасындағы әлеуметтік әріптестік тәжірибесі табылады. Ортақ бастама  – Ұлы 

Отан  соғысына  қатысқан  барлық  топтағы  мүгедектер  үшін  жеке  екі  орынды  палатаны  ашу  және 

тұрақты жұмысын ұйымдастыру болып табылады. 2016 жылдың мамыр айында аудандық аурухананың 

терапия,  неврологияжәне  хирургия  бӛлімдерінде  жекелеген  палаталар  ашылды.  Палаталарды  тиісті 

деңгейде жабдықтауға бизнесмендер едәуір үлес қосты. Үш айдың ішінде осы палаталарды 11 ардагер 

сапалы ем қабылдап, 52 ардагер дәрігерлік тексерден ӛтіп, тағы 103 адам қажетті медициналық кӛмек 

кӛрді. 


Назира Шалтаева, Сарысу 

ауданы жұмыспен қамту және 

әлеуметтік бағдарламалар 

бӛлімінің сектор меңгерушісі  

Жоба маңыздылығын талқылау 

Егенберді Шайниязов, зейнеткер, I топ мүгедегі 



«Отражение»  ҚБ-і  Теміртау  қаласында  2000 

жылдан  бері  жұмыс  істеп  келе  жатқан  тәжірибелі 

ұйым.  Бұл  ұйым  жергілікті  деңгейде  азаматтық 

белсенділікті  дамыту  мақсатында  тұрғындардың 

экологиялық  санасы  деңгейін  арттыру  бойынша 

жұмыс істеп келеді. 

 

Бағдарламаға  қатысқанға  дейін  бұл  ҮЕҰ  ӛз 



қызметін  жүзеге  асыру  үшін  қаржы  алмаған 

болатын.  Бағдарламаның  әсері  туралы  ӛз  ойымен 

бӛлісе  отырып,  ұйым  басшысы  Елена  Варганова 

үкіметтік 

емес 

ұйымдардың 



қаржылық 

тұрақтылығына 

арналған 

тағылымдамаға 

қатысудың  арқасында  және  алған  білімдерінің 

арқасында 

қаладағы 

бизнесмендермен 

және 

билікпен серіктестік байланысты дамыту саласында 



едәуір айтулы ӛзгерістер байқалуда деп санайды.  

 

«2016  жылдың  сәуір  айында  Теміртаудың  қала 



құраушы кәсіпорны «АрселорМиттал Темиртау» АҚ-

ның басшысы ауысты. Біздің топ жаңадан ауысқан 

басшыға  маңызды  экологиялық  бастамаларды 

әзірлеп,  қарап  шығуына  жолдаған  еді.  Кӛп  ӛтпей-

ақ,  22-сәуірде  біз  жалпы  сомасы  1  млн  теңге 

болатын  қаржылық  қолдау  алдық.  Қаржылық 

қолдау  біз  үшін  ӛте  маңызды,  бірақ  та,  тұрғындар 

үшін «Менің Теміртауым – таза қала!» экологиялық 

акциясы  одан  да  маңызды  болды.  Бұл  акцияны 

«АрселорМиттал  СНГ»  ұйымының  бас  директоры 

Парамжит  Калонның  басшылық  етуімен  қала 

құраушы  кәсіпорынның  металлургтары,  қалалық 

әкімдік, Теміртау электрометаллургиялық комбинат 

жұмысшылары,  «Кескін»  қоғамдық  бірлестігі, 

«Ағаш 

отырғыз» 



ҚБ-нің 

энтузиасттары, 

журналисттер  ӛкілдері  белсенді  түрде  қатыса 

отырып,  бірге  ӛткізді.  Осындай  үлкен  және 

ынтымақты  команда  Теміртаудың  кӛп  қабатты 

үйлерінің  біреуінің  балалар  алаңын  бойлай  400 

үйеңкі кӛшеттерін отырғызды.  

 

Акция 



соңында 

«АрселорМиттал 

СНГ» 

бас 


директоры  Парамжит  Калон  осындай  ортақ 

бастамалардың    маңыздылығын  атап  ӛтті  және 

қаладағы  экологиялық  жағдайды  жақсарту  үшін 

күш-жігерімізді біріктіруге шақырды». 

 Елена Варганова, «Отражение» ҚБ-нің тӛрайымы 

 «Менің Теміртауым – таза қала!» бірлескен акция 



 

 

Бағдарлама  қызметінің  бір  бағыты  -  ӛз  қауымдастықтарының  ӛзекті  мәселелерін  шешуге  бағытталған  аудандық  ҮЕҰ 



бастамаларына қолдау кӛрсету болып табылады. 1-деңгейлі ҮЕҰ арасында жарияланған бірінші гранттық конкурсқа 54 жоба 

қатысып,  нәтижесінде  ең  жақсы  деген  20-на  қолдау  кӛрсетілді.  Үлкен  бәсекелестікке  қарамастан,  біз  конкурстық 

комиссияның ауыл жастарын дамытуға бағытталған 3 жобаға қолдау кӛрсету туралы шешіміне ӛте қатты қуаныштымыз.  

Осындай қолдау тапқандардың бірі - Қазығұрт ауданынан келген едәуір жас, бірақ ӛте ӛр «Жалында Жастар» ұйымы. Бұл 

ұйымның ӛкілі Сардор Исманов. Ол ӛзі туралы, ӛз ұйымы, жобасы және қол жеткізген нәтижелері туралы баяндап береді. 

СӚЗДЕН ІСКЕ! 

«Мектепте оқып жүрген кезде, мен ӛзімді толғандырған сұрақты ата-анама қойдым: «Біз неге ауылда тұрамыз, неге қалаға 

кӛшіп кетпейміз? Қалада мүмкіндіктер кӛп емес па?». Бұл сұрағыма ата-анам ӛте дана жауап беретін: «Сардор, ӛз ӛміріңнен 

кемшілік іздеуді тоқтату керек, қайта жағымды жақтарын кӛре білу керек. Сосын білекті сыбанып тастап, іске кірісу керек. 

Міне, сол кезде сен жемісін кӛресің. Ауылда да тамаша ӛмір сүруге болады».  

 

Сол  кезден  бастап  менің  мақсатым  қалалық  ӛркениеттің  игілігін  қуу  емес,  қайта  ауыл  ӛмірі  жағдайын  жақсарта  отырып 



ауыл  жастарын  ӛздерінің  туған  ӛлкелерінде  қалуларын  ынталандыру  болды.  Жігіттермен  ӛмірімізді  қалай  жақсартуға 

болады  деп  талқылай  отырып,  біз  кӛбінесе  бізге  әйтеуір  бір  нәрсенің  жетіспейтіндігі  туралы  тоқтамға  келетінбіз  –  оқу 

орталығы жоқ, кітаптар, техника және т.б. жетіспейді. Нәтижесінде қол қусырып, еш нәрсе істемей қала беретін едік.  

Осылайша,  біз  «Жалынды  Жастар»  деген  ұранды  атаумен  Қоғамдық  бірлестік  ашып,  тіркедік.  Жергілікті  билік  біздің 

бастаманы қолдап, бізге жай мәселесімен кӛмектесті. Ол жерде біз оқушылар және барлық тілек білдіргендер үшін қазақ, 

орыс  және  ағылшын  тілдерін  үйрену  бойынша  оқу  орталығын  ұйымдастырдық,  сонымен  қатар,  ӛзекті  семинарлар  мен 

тренингтер ӛткізе бастадық. Осының арқасында бірқатар белсенді жастар тобы пайда болды. Олар жұмыс істеуге құлшынып 

отырған  жастар,  себебі  жастары  ақпараттық  және  әдістемелік  ресурстарға  қол  жеткізе  алмайтын  ауылдардың  саны  кӛп. 

Барлығымыз  бірлесе  отырып  Level  up  жобасын  әзірледік.  Бұл  жоба  Қазығұрт  ауданы  Тұрбат  ауылында  мекендейтін 

жастардың  әлеуетін  кӛтеруге  бағытталған.  Осы  жоба  аясында  біз  жастар  үшін  гендерлік  теңдік  және  адам  құқықтары, 

салауатты  ӛмір  салты  негіздері  бойынша  бірнеше  семинарлар  ӛткіздік.  Біз  оларды  ӛз  күштеріне  сендіре  алдық,  лайықты 

және бақуатты ӛмір сүру үшін барлық мүмкіндіктер ӛзімізде бар екендігіне сендіре алдық.  

 

Қазірше Қазығұрт ауданында ӛзгерістердің қаншалықты мәнді болатындығын, мәселелерді шешуге қаншалықты ықпал ете 



алатындығымызды болжау қиындау, бірақ біз талпынамыз, яғни, ӛз мақсаттарымызға жетеміз деген сӛз.  

Сардор Исманов 



Жобаға қатысушылар 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал