Бағдарламасы. Алматы: Шартарап, 2000



жүктеу 63.08 Kb.

Дата12.09.2017
өлшемі63.08 Kb.

225 

Жас ұрпаққа мән-мағыналы, өнегелі  тәрбие мен білім беру − бүгінгі 

күннің басты талабы екені бәрімізге белгілі. Баланың жеке тұлға ретіндегі 

дамуы  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуы,  ой-өрісінің  кеңеюі  балабақша 

қабырғасында басталатыны сөзсіз 

Қай  кезеңде  болмасын  балабақшада  Монтессори  әдісі  еш  уақытта 

орнын  жоғалтқан  емес.  Бала  табиғатында  білуге  құмар,  тумысынан-ақ 

өсуге,  жетілуге  ұмтылысы  басым.  Сондықтан  да  қарқынмен  дамып  бара 

жатқан мына заманда балабақшадағы педагогтардың ұлттық қалып, ұлттық 

мінезді  сақтай  отырып,  бала  тәрбиесінің  әдістерін  тынбай  ізденіп,  жиі 

жаңартып отыруы заңды құбылыс[4.12б.]. 

М.Монтессори  технологиясы  мектеп  жасына  дейінгі  балаларға 

жауапкершілікті сезінуге, өздігінен шешім қабылдауына, топта да, жеке де 

жұмыс  жасай  алуына,  таңдау  жасай  алуына,  өз  уақытын  ұйымдастыра 

білуіне, өзіне сеніммен қарауына мүмкіндіктер береді. 

Әр  заманның  ұсынары  бар  және  қалай  болғанда  да  заман  ағымынан 

қалмай,  ілгері  жүру  –  ұлы  мұрат.  Қазіргі  заманда  білім  беру  әлемдік 

құрылымның маңызды элементінің біріне айналады. 



 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  ҚР  МЖМБС  №499  бұйрығына  сәйкес  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. - Астана қ., 2016 ж. 

2.  Баймұратова 

Б.Б., 

Сәтімбекова 



М.С., 

Жұмабекова 

Ф.Н. 

Балбөбек 



бағдарламасы.- Алматы: Шартарап, 2000. 

3.  Методика  раннего  развития  Марии  Монтессори.  От  6  месяцев  до  6  лет: 

Дмитриева В.Г. − Санкт-Петербург: Эксмо, 2008 г. 

4.  Учим  буквы  по  методике  Монтессори:  Мари-Элен  Пляс  −  Санкт-Петербург, 

Клевер-Медиа-Групп, 2014 г. 

 

 



БАЛАЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТАРЫ АРҚЫЛЫ  

ҚҰЗЫРЛЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Б.Е. Бәйкен  

магистр, 

Ы.Алтынсарин атындағы АрқМПИ 

Арқалық, Қазақстан 

 

Аннотация.Формирование  компетентности  через  познавательных  интересов 

детей. Опыт ребенка постепенно пополняется и развивается разными видами знаний. 

Задача  компетенции:  развитие  детского  саморазвития.  Будущее  поколение  является 

активным  членом  общества  в  будущем.  При  компетентности  ребенок  усваивает 

навыки, умение и знания. 

Ключевые  слова.  Компетентность,  позновательный  интерес,  индивидуальная 

способность. 

Abstract.  Competence  through  the  formation  of  cognitive  interests  of  children. 

Childrens' experience postepenno popolnyaetsya and razvïvaetsya raznımï vïdamï knowledge. 

Task  Competence:  Development  detskogo  samorazvïtïya.  Future  generation  GX  aktïvnım 

çlenom  society  bwdwşçem.  When  kompetentnostï  rebenok  wsvaïvaet  navıkï  wmenïe  and 

knowledge. 

Keywords.

 

Сompetence, cognitive interest, the individual's ability. 

226 

Қазіргі 


педагогтардың 

ойынша 


өмірлік 

маңызы 


бар 

құзырлылықтардың әр адамға болуы оларға қазіргі қоғамда бағдар жасауға 

көмектеседі,  тұлғаның  қазіргі  уақыт  талабына  сай  әрекет  ету  қабілеттерін 

қалыптастырады. 

«Құзырлылық»  ұғымы  жайлы  Құдайбергенова  К.С.  «Құзырлылық 

табиғаты  –  тұлғаның  өзіндік  дамуында»  атты  еңбегінде  былай  деп 

көрсетті:  «Құзырлылық  ұғымы  соңғы  жылдары  педагогика  саласында 

тұлғаның  субьектілік  тәжірибесіне  ерекше  көңіл  аудару  нәтижесінде 

ендіріліп отырған ұғым. 

Құзырлылықтың  латын  тілінен  аудармасы  «competens»  белгілі  сала 

бойынша  жан  –  жақты  хабардар  білгір  деген  мағынаны  қамти  отырып, 

қандай  да  бір  сұрақтар  төңірегінде  беделді  түрде  шешім  шығара  алады 

дегенді  білдіреді»  десе,  бұл  жайлы  Б.А.Тұрғынбаева  «Мұғалімдердің 

шығармашылық  әлеуетін  біліктілікті  арттыру  жағдайында  дамыту» 

еңбегінде «...өзінің практикалық әрекет арқылы алған білімдерін өз өмірлік 

мәселелерін  шешуде  қолдана  алуын  –  құзырлылықтар  деп  атаймыз»  деп 

анықтаса, 

ресей 


ғалым 

Н.В. 


Кузминаның 

көзқарасы 

бойынша 

«Құзырлылық  дегеніміз  –  педагогтың  басқа  бір  адамның  дамуына  негіз 

бола алатын білімділігі мен абыройлылығы деді.» 

«Құзырлылық»  түсінігі  –  бұл  оқыту  үрдісінің  тұлғаның  басты 

(базалық,  негізгі)  және  пәндік  құзырлылықтарының  қалыптасуына 

бағдарланған. 

Бұл 

үрдістің 



нәтижесі 

ретінде 


адамның 

жалпы 


құзырлылығының 

қалыптасуын 

айтуға 

болады, 


ол 

басты 


құзырлылықтарының  жиынтығы,  түлғаның  кіріктендірілген  сипаттамасы 

болып табылады[1.22 б.]. 

Құзырлылыққа  бағдарланған  тәсілдері:  Танымдық  құзырлылық: 

оқудағы  жетістіктер;  интеллектуалдық  тапсырмалар;  оқи  алу  білігі  және 

білімді пайдалана білуі. 

Тұлғалық  құзырлылық:  жеке  қабілеттері  мен  талантын  дамыту; 

өзінің күшті және әлсіз жақтарын білуі; рефлексия жасау қабілеті; білімнің 

үдемелілігі. 

Өзіндік  білім  алу  құзырлылығы:  өзіндік  білім  алу  қабілеті,  өзін-өзі 

оқытудың  өзіндік  тәсілдерін  ұйымдастыру;  жеке  білім  алу  қызметінің 

деңгейіне  жауаптылығы;  тез  өзгеру  жағдайында  білім,  білік,  дағдыларды 

пайдалану икемділігі; үнемі өзіндік талдау, өз қызметін бақылау. 

Құзырлылық  міндеті:  балалардың  дамуына,  өзіндік  дамуына  жағдай 

жасау; 


өнімді білім, білікті игеру; бүкіл өмір бойына өз білімін толықтыруға 

деген  қажеттілікті  дамыту.  Оларды  орындауда  тәрбиеші  төмендегі 

келтірілген ережелерді есіне сақтау қерек: 

Белсенділікті  қалыптастыру  үшін  уақытты  да,  күшіңізді  аямаңыз. 

Бүгінгі белсенді бала – ертеңгі қоғамның белсенді мүшесі. 

Мектепалды  даярлық  топтарында  сабақтың  өн  бойы  ойын  әрекерін 

ұйымдастыру  арқылы  жүзеге  асады.  Себебі,  5  –  6  жасар  бала  сабақ 

оқығаннан  гөрі  ойын  ойнағанды  қалайды,  зейіні  тұрақсыз,  бір  іспен  ұзақ 



227 

уақыт шуғылдана алмайды. Бала ойынмен өседі. Ойында баланың қарым – 

қатынасы кеңейіп,таным қабілеті өседі, мінез – құлық қалыптасады. Ойын 

баланың  даму  құралы,  таным  көзі,  білімділік,  тәрбиелік,  дамытушылық, 

мәнге  ие  бола  отырып,  адамның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  ықпал 

етеді.  Көп  ойнаған  адамның  дүниетанымы  кең,  жаны  таза,жүрегі  нәзік 

сезімтал тұлға болмақ. 

В.А.Сухомлинский «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы жоқ және 

олай  болуы  мүмкін  емес.  Ойын  дүниеге  ашылған  үлкен  жарық  терезе 

іспеттес, ол арқылы баланың рухани байлығы жасампаз  өмірмен  ұштасып 

айналадағы  дүние  туралы  түсінік  алады.  Ойын  дегеніміз  –  ұшқын,  білуге 

құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген. 

Ойын  барысында  балалар  өздеріде  байқамай  әр  түрлі  жаттығуларды 

орындай  бастайды.  Ойын  баланы  іздену  жолына  бағыттайды,  жеңіске 

деген  қызығушылығын  оятады,  ал  осыдан  шыға  келе  олар  жылдам, 

жинақы,  шапшаң,  тапқыр  болуға,  ойын  шартын  сақтап  отырып 

тапсырмаларды  нақты  орындауға  тырысады.Ойындарда,  әсіресе  топтық 

ойындарда  жеке  тұлғаның  адамгершілік  қасиеттері,  жауапкершілік  толық 

сезімдері  қалыптасады,  тәртіп,  күш  жігер,  мінез  –  құлық  тәрбиеленеді. 

Көрнекіліктердің  әдістері,  сұрақтың  қызық  та,  тиімді  түрлері,  жұмбақтар, 

әзіл  есептер,  ахуал  жағдайлары,сайыстар  балалардың  белсенді  ойлау 

әрекетін  дамытуға  көмектеседі.  Ойын  барысында  бала  ойы  үнемі  дамып, 

жетіліп отырады, ұшқырлана түседі[2.41б.]. 

Даярлық  топ  балаларының  білуге  деген  ынтасы  мен  мүмкіндіктерін 

толық пайдалану және оларды оқу үрдісінде үздіксіз дамытып отыру сабақ 

барысында 

алған 

білімдерін 



тәжірибеде 

қолдану 


дағдыларын 

қалыптастыру үшін сабақтарда ойын элементтерін  пайдалану. 

Кей  бала  ойында  шынайы  өмірді  бейнелесе,  кей  бала  ішкі  сезімін 

білдіреді.  Мағжан  Жұмабаев:  «Ойын  –  баланың  өз  ісі.  Баланың  ойынына 

кірісуші болма. Баланы бір нәрсе бүлдірмес үшін тек шеттен бақыла.» 

Ойын тек әрекет емес, балалардың да, үлкендердің де қызығушылық 

ермегі адамды рахат пен қанағат сезіміне бөлейтін іс – әрекет. Бала тұрмақ, 

үлкен  адамдар  да  әлі  күнге  дейін  ойнайды,  әрине  ойынның  түрлері  де, 

мазмұны  да  сан  алуан.  Оның  өзгеріп  отыруы  балалардың  жас  және  дара 

ерекшеліктеріне байланысты. 

Балаларды  бір  –  бірімен,  үлкендермен  жағымды  қарым  –  қатынаста, 

ұйымдаса  ойнауға,  өзгенің  пікірімен  санасуға,  тәртіпті  болуға,  жеке  өз 

бетінше әрекет етуге, емін – еркін демалуға тәрбиеленеді. 

Мектепке 

дейінгі 

баланың 


танымдық 

қызығушылығы 

ерте 

басталады.  Бірақ  бұл  танымдық  қызығушылық  тұрақты  болып  немесе 



жоғалып  кетуі  мүмкін.  Ересектер  баланың  білімге  құмарлығын  мадақтап, 

білімге деген қажеттілік тәрбиелеуі керек. 

Мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығы екі бағытта 

жүреді: 


228 

1.  Баланың  тәжірибесін  біртіндеп  байытып,  осы  тәжірибені  түрлі 

білімдермен  толықтырып  отыру.  Балаларға  қоршаған  орта  жан-жақты 

көрінсе, оның танымдық қызығушылығы пайда болып беки түседі. 

2.  Бір  саланың  ішінде  баланың  танымдық  қызығушылығын 

тереңдету және кеңейту. 

Баланың  танымдық  қызығушылығының  дамыту  үшін  ата-аналар 

баланы  қызықтыратын  жағдайды  білу  керек,  сонан  соң  оны  дамытуға 

ықпал ету қажет. 

Баланың  тұрақты  қызығушылығының  туындауы  үшін  баланы 

қызметтің  жаңа  саласымен  тек  таныстырып  қана  қоймау  керек.  Оның 

жаңаға  қызығушылығы  сезімі  болуы  керек.  Ересектер  бір  пайдалы 

жұмысты немесе сүйікті сазды тыңдауды ұсынады. Ересектер әлемінің осы 

жағдайына  қатысты  болуы  баланың  осы  жұмысқа  қызығушылығын 

арттырады. Балаға оның ойлау қабілетін арттыратын сұрақтар қою керек. 

Тәжірибе,  білімді  жинақтау  –  ойлаудың  шығармашылығын  дамыту. 

Егер  адам  өз  білімін  қолдана  алмаса,  міндеттерді  шығармашылықпен 

шешпесе,  білім  пайдасыз,  жүк  болуы  мүмкін.  Ол  үшін  өз  қызметінде 

жиналған ақпаратты қолдана білу тәжірибесі керек.Өнімді шығармашылық 

қиял  образдардың  бай  және  өздігінен  ерекшеленеді.  Қиялдың  маңызды 

қасиеттерінің  бірі  -  ойын  керекті  арнаға  бағыттау.Ойын  басқара  алмау,  өз 

мақсатына бағындыра алмау, жақсы ойлардың іске аспай қалуына әкеледі. 

Сол  себепті  мектеп  жасына  дейінгі  балаладың  қиялын  дамытудың 

маңызды жағы – бұл қиялдың бағыттылығы. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  кішілерінің  қиялы  аяқталмаған 

сипатта.  Ересектер  балалар  қиялын  дамытуға  өз  ойларын  жүзеге  асыруға, 

аз  болса  да  кішкене  ойларын  іске  асыруға  көмектеседі.  Осы  мақсатта  ата-

аналар рөлдік ойындар ұйымдастырып,  осы ойынның барылқ жақтарымен 

танысуы  қажет.  Ұжыммен  ертегі  құрастыруды  ұйымдастыруға  болады; 

ойынға қатысушылар бір-бір сөйлемнен айтады, ал ересектер керекті бағыт 

беріп ойлағандарын аяқтауға көмектеседі[3.58б.]. 

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  дамуы  әр  жақтылығымен  және 

қарқындылығымен  ерекшеленеді.Мектеп  жасына  дейінгі  кезеңде  бала 

дамуының түрлі бағыттарында маңызды өзгерістер орын алады – іс-әрекет 

түрлері жетіледі, тұлға дамуында өзгерістер байқалып, танымдық іс-әрекет 

мазмұны тереңдей түседі. 

Танымдық  қызығушылықтарды  қалыптастыруда  балалардың  жалпы 

эмоционалдық  көңіл-күйіне  және  олардың  белсенділігіне  сүйенеді,  алайда 

түрлі  әрекетте  белсенділік  танымдық  қызығушылыққа,  бала  тұлғасының 

таным үрдісіне және білім мазмұнына деген бағыттылығына айналады. 

Баланың 

алғашқы 


танымдық 

қызығушылықтары 

ойын 

және 


практикалық  іс-әрекетпен  байланысты.  Әдетте,  ойын  және  практикалық  іс-

әрекет  барысындағы  танымдық  қызығушылық  танып-білуге  итермелеуші 

күш  ретінде  саналы  сезілмейді.  Бала  не  нәрсені  танып-білу  үшін  емес, 

практикалық іс-әрекетті жасау үшін ойнайды, әрекет жасайды. Оқыту кезінде 

біртіндеп  қызығушылықтар  қалыптаса  бастайды.  Мектепке  дейінгі  жастың 


229 

соңында 


қызығушылықтар 

саналы 


сипатқа 

ие 


болып, 

танымдық 

қызығушылық кейіннен оқу іс-әрекетінің ынталандырушы күшіне айналады. 

Танымдық қызығушылықты қалыптастырудың негізгі педагогикалық 

шарттары: 

-  әр  жақты  іс-әрекетті  ұйымдастыру  (нәтижелі  іс-әрекет,  ойын,  оқу 

іс-әрекеті, қарым-қатынас); 

- білімдерін кеңейту және тереңдету; 

Қазақстан  Республикасының  «Мектепке  дейінгі  оқыту  және 

тәрбиелеу»  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру  стандартына  №  499 

бұйрығына сәйкес  құрылған және мектепке дейінгі балалардың танымдық 

құзыреттілігін  қалыптастыруға,  психикалық  дамудың  келесі  кезеңіндегі 

ойын іс-әрекетіне сәтті өтуге ықпал етеді[4.39б.]. 

Педагог-тәрбиешінің 

балалармен 

бірлескен 

ойын 

іс-әрекеті 



барысында  тұлға  қасиеттерінің  және  психикалық  үрдістерін  дамыту 

кешенді  бағыты  алынып,  баланың  танымдық  қызығушылықтарын, 

қажеттіліктерін  және  қабілеттерін  дамыту,  тәжірибе  негізінде  өз  бетімен 

ізденіс жасау іс-әрекетін дамыту болып табылады. 

Міндеттері: 

-  танымдық  үрдістерді  дамыту  (қабылдау,  есте  сақтау,  зейін,  қиял, 

ойлау)  және  жас ерекшелік нормасына сәйкес  ойлау операцияларын дамыту 

(талдау, біріктіру, салыстыру, жалпылау, топтастыру және т.б.); 

-  қызығушылықтарды  анықтау  және  оларды  қолдау  үшін,  балалардың 

өз бетімен танымдық белсенділігін көрсете алу үшін жағдай жасау; 

-  коммуникативті  құзіреттілік  дағдыларын,  дербестікті  және  тілдік 

құзіреттіліктерін дамыту; 

Мектепке  дейінгі  жастағы  балалардың  танымдық  құзыреттілігін 

кеңейтуге, 

олардың 

ақыл-ой 


мүмкіндіктерін 

және 


қабілеттерін 

қалыптастыруға,  өз  біліміне  сенімділік  сезімін  ұялатуға,  танымға  деген 

қызығушылықтарын оятуға бағытталған. Қорытындылай келе, балалардың 

белсенді  іс  –  әрекеті  дамытудағы  ойындар,  жаттығулар,  еркін  ойындар, 

танымдық 

тапсырмалар 

арқылы 

балалардың 



бастамашылығын, 

байқампаздығын,  белсенділігін,  даралығын,  дарындылығын,  қабілетін, 

шығармашылығын  дамыта  отырып  бала  бойына  құзырлылықтарың 

қалыптасуында: 

мейірімділік, 

инабаттылық, 

сұлулық, 

жақсылық, 

еркіндікке дағдыларын таба білу. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.  К.С.Құдайбергенова  Құзырлылық  білім  сапасының  критерийі:әдіснамасы 

және ғылыми теориялық негізі. А.,2008. 

2. Жас ерекшеліктеп педагогикасы. ҚР Б және ғылым министірлігі С.А. Мусаева, 

Т.Б. Бегалиев «Фолиант» баспасы Астана-2006. 

3. Мухина Б.С. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы- А. 1987. 

4. Жумабекова Ф.Н., Н.Нурғалиева, Психология (мектепке дейінгі)Астана2015 ж 

 

 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал