Бағдарламасы 2009 ж. Халықаралық оқушылардың білім алу жетістіктерін бағалау Қазақстан



жүктеу 0.53 Mb.
бет4/14
Дата08.11.2022
өлшемі0.53 Mb.
#23540
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14
Дәптер (2)
5 сынып МК

Сұрақ 1: БАҚШЫ


Гүлдер егетін орынның шегін белгілеу үшін 32 м сымның жететінін немесе жетпейтінін ескере отырып, əр гүлдер егетін орынның пішінінің қасындағы «Иə» немесе «Жоқ» сөздерін айналдыра сызыңдар.

Гүлдер егетін орын пішіні

Гүлдер егетін орынның шегін белгілеу үшін 32 м сым жетеді ме?

А пішіні

Иə / Жоқ

В пішіні

Иə / Жоқ

С пішіні

Иə / Жоқ

D пішіні

Иə / Жоқ

ГРАФФИТИ


Мен ашудан жарылайын деп отырмын, граффитиді өшіру үшін мектептің қабырғасын төртінші рет тазалап, қайтадан бояп жатыр. Шығармашылық – бұл керемет, бірақ қоғамға зиян əкелмейтін өз өнерлерін көрсету əдістерін неге таппайды?


Не үшін рұқсат етілмеген қабырғаларға сурет салып жас ұрпақтың абыройын құрту керек? Кəсіпқой-суретшілер өздерінің қолөнерлерін көшелерге іліп қоймайды ғой, солай емес пе? Оның орнына олар қаржы табады да, ресми көрмелерде атақ-абыройды жаулап алады.
Менің түсінігім бойынша, ғимараттар, дуалдар, бақ орындықтары өздері-ақ өнер туындылары. Бұл үшін қолданылатын əдіс озон қабатын бұзатынын айтпағанда, бұл сəулет өнерін көркемсуретпен құртудың өзі аянышты. Мен түсіне алмай келемін, неге осы жалған атақты суретшілер, олар өздері ойлағандай «сурет өнерлерін» қайта-қайта көзбе-көз алып тастағанда соншама ашуланады.
Хельга

Адамдардың талғамдары əр түрлі. Қоғам ақпаратпен жəне жарнамалармен əбден қаныққан. Сауда компанияларының белгілері, дүкендердің аттары. Көшенің екі жағынан да ілінген үлкен плакаттар. Осының бəрі қанағаттандырады ма? Негізінен, иə. Ал граффити қанағаттандырады ма? Кейбіреулері иə десе, кейбіреулері – жоқ дейді.


Бұл граффити үшін кім төлейді? Ал соңында жарнама үшін кім төлейді? Дұрыс. Тұтынушы.
Ал жарнамалық қалқан қоятындар сіздерден рұқсат сұрады ма? Жоқ. Сонда рұқсатты қабырғаға сурет салатындар сұрау керек пе? Бұл жай ғана қарым- қатынас нұсқасы емес пе, мысалы, сендердің өз есімдерің, партия атаулары немесе көшелердегі үлкен өнер шығармашылықтары?
Осыдан біраз жыл бұрын дүкендерде пайда болған жолақ, тор киімдерді естеріңе түсіріңдерші. Шаңғы костюмдары туралы да. Үлгілері мен түстері бетон қабырғаларда салынған суреттерден көшіріліп алынған. Бұл үлгілер мен түстер бүгінде қоғамда қолданылатыны, таңқалдыратыны аса қызық, ал сонымен қоймай осы стильдегі граффити сұмдық болып есептеледі.
Иə, өнер үшін қиын уақыттар тууда.

Маржан



Бұл екі хат та Интернетпен келді жəне екеуі де «граффити» жайлы. Граффити – бұл арнайы рұқсатсыз орындалған, қабырғалардағы немесе басқа жерлердегі суреттер мен жазулар. Хаттарды төменде берілген сұрақтарға жауап беру үшін қолданыңдар.

жүктеу 0.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет