Бағдарламасы > Кәсіптердің халықаралық болашағы



жүктеу 0.75 Mb.

бет1/7
Дата13.09.2017
өлшемі0.75 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7

Жаһандық

диалог

Ж

УРНА



Л

Басыл


ым

 5/ 


Ш

ығарылым


 3/ 

қырк


үйек

 2015


 

http://isa-

global-

dialogue


.net

GD

Жылына 4 рет 16 тілде шығады



Брижитта Ауленбахер, Майкл Файн, Хильдегард Теобальд, 

Яаойи Сайто, Роланд Атцмюллер, Альмут Бачингер, Фабиена 

Дэкью, Себастьян Чиф, Даниел Вера Рожас, Элен Мур және 

Джереми Сикингс

Адам күтіміне арналған 

симпозиум

> Ресей әлеуметтануындағы жаңа бағыттар

> Чех әлеуметтануындағы хал-ахуал

> Қытайдағы еңбек саясаты

> Әлеуметтік ғылымдардың әлемдік деңгейдегі 

бағдарламасы

> Кәсіптердің халықаралық болашағы

> Начо, рахмет!

Әлеуметтану бүгін

Билік және 

принциптер

Уолден Белло

Әлеуметтік ғылымдар 

мен демократия

Дипанкар Гупта

5.3


 

 2

Ж                   

урналдың  осы  саны  Азия  елдерінен,  яғни  бірі  –  Филиппиннен, 

екіншісі – Үндістаннан, жолданған көпшілікке танымал екі зияткердің 

эссесінен  басталады.  Уолден  Белло  саясатпен  айналысушы/

кетіп  қалған  әлеуметтанушылардың  дәстүрін  жалғастырып  отыр. 

Өз  кезегінде  «Жаһандық  диалог»  Бразилияның  президенті  болған  Фернандо 

Энрике Кардозо(GD3.4) мен Перу білім министрі Николас Линчпен (GD4.2) сұқбат 

жариялағаны мәлім. Белло парламенттегі филиппин оппозициясының өкілі болып 

табылатын Ақбаян партиясын сипаттайтын қарама қарсылықтар мен ымыраласу 

талдау  жасайды.  Даму  саласындағы  беделді  сарапшы  Белло  Әлемдік  банктің 

бұрынғы  филиппин  диктаторы  Маркоспен  ауыз  жаласқанын,  сонымен  қатар  өзі 

сол кезеңде мүшесі болған Филиппин коммунистік партиясының зұлым әрекеттерін 

әшкерелеумен  ұзақ  жылдар  айналысқан.  Ал  үнді  әлеуметтанушысы  Дипанкар 

Гупта  көпшілікке  танымал  зиялы  топтың  өзге  бір  қауымының  өкілі,  ол  –  аса 

жемісті ғалым болумен қатар билеуші орталыққа келуіне басты себепкер болған 

даму  саласындағы  ірі  ұйымдар  мен  ұлттық  комиссиялардың  қызметіне  белсене 

қатысушы.  Өз  эссесінде  ол  демократия  мен  әлеуметтік  ғылымдар  арасындағы 

тығыз байланысты зерттейді.

Заманымыздың өзекті мәселелерінің бірі болып отырған – күтімді ұйымдастыруға 

арналған  қоғамдық  маңызы  бар  зерттеулермен  таныстырамыз.  Осы  саланы 

әлеуметтану әлі де баяу, бірақ зерттей бастады. Аса қайратты Бриджит Ауленбахер 

Австрия, Германия, Швеция, Жапония, Испания, Австралия, Чили, Коста-Рика және 

Оңтүстік Африкадағы балалар мен егде кісілерге күтім жасауға маркетизацияның/

нарықтың  қысымын  салыстырады.  ХӘА  зерттеу  комитеттері  осындай  маңызды 

салыстырмалы зерттеулерді қолдап отырғанын осыдан байқауға болады.

Санкт-Петербургтегі  қоғамдық  әлеуметтану  зертханасының  екі  жас  ғалымы 

ұсынған эсселерде ресей әлеуметтануындағы басым екі жаңа бағытты салысты-

ра/текетірестіре  отырып  қарастырады:  мемлекеттің  немесе  корпорациялық 

клиенттердің  тапсырысы  бойынша  жүргізілетін  саяси  зерттеулердегі  «инстру-

ментализм»  мен  іс  жүзінде  беймәлім  кәсіпқойлардың  «автономдануы»  көр-

сетіледі.  Қоғамдық  әлеуметтану  зертханасы  ғылыми  қағидаттардан  ауытқымай/

құрбандыққа  шалмай  сыни  өзараықпалдастықтың,  азаматтық  қоғаммен  белсенді 

ынтымақтасудың үшінші жолын қолдайды. Ресейден жолданған екінші жұмыс ерте 

кеңестік кезеңнің социалистік сәулетін сақтаған үлгі ретінде Санкт-Петербургтің бір 

ауданынан фоторепортаж болып табылады. 20 ғасырдағы ең ірі қайғылы әлеуметтік 

тәжірибелерді талдайтын әлеуметтанушылардың жас ұрпағының дәурені туды.

Бізде Чехиядан жолданған аса қызықты үш жұмыс бар: Англияда үй қызметкерлері 

болып жүрген Чехиядан шыққандар бойынша зерттеу; қоныс аударған сығандар 

қауымының көпшілік көрмесі туралы; үйде оқытудың түйткілдеріне арналған жұмыс. 

Осы басылымда Қытайдағы кәсіподақ қозғалысына, кәсіптерді салыстыра зерттеуге 

және жаһандық деңгейде әлеуметтік ғылымды дамытудың ерекше бағдарламасына 

арналған  арнайы  бағаналар  бар.  Сондай-ақ  біз  Хосе  Игнасио  Регермен  немесе 

Начомен қоштасамыз. Ол отыз жыл бойы ХӘА кеңсесіндегі бізді 21 электрондық 

ғасырға жетектеген негізгі тірегіміз еді. Сонымен бірге «Жаһандық диалогты» 16 – 

шы тілде шығаратын Индонезиядағы редакциялық топқа қошаметімізді білдіреміз.



> Редакциядан



 Жаһандық диалог Халықаралық Әлеуметтанушылар 

Ассоциациясының веб парақшасында 16 тілде ұсынылады

> Хаттарды burawoy@berkeley.edu поштасына жолдауға болады

Қоғамға ашық және салыстырмалы болу



GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

Жаһандық диалог SAGE Publica-

tions ұсынған риясыз грант

негізінде жүзеге асып отыр.

GD

Әлемге әйгілі филиппин әлеуметтанушысы 



Уолден Белло өзінің саясатқа араласқан 

кезіндегі мәселелер мен түйткілдер туралы 

ой бөліседі және парламент мүшелігінен 

неге кетіп қалғанын түсіндіреді.

Бүкіл әлемнен әлеуметтік жұмыс бойынша 

зерттеулерді белгілі австриялық 

әлеуметтанушы 

Бриджит Ауленбахер 

жинастырды.

Көрнекті үнді әлеуметтанушысы және 

зияткер 

Дипанкар Гупта әлеуметтік ғылым 

мен демократия арасындағы байланысты 

қарастырады.

 

 3

GD 



5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

Редактор: Майкл Буравой.

Редактордың орынбасары: Гай Сейдман.

Басқарушы редактор: Лола Бусуттил, Августо 

Бага. 


Редакциялық кеңес: Маргарет Абрахам, Маркус 

Шульц, Сари Ханафи, Винетта Синха, Бенджамин 

Теджерина, Роземари Барбарет, Изабелла Барлинска, 

Дилек Чиндыоглу, Филомин Гуттиерец, Джон Холмвуд, 

Гуэлермино Жассо, Калпана Каннабиран, Марина 

Куркчян, Саймон Мападименг, Аблдул-мумин Саад, 

Айше Сактанбер, Сели Скалон, Саука Ширахасе, Гразина 

Скапска, Эвангелия Тастосоглоу, Чин-чин Ю, Елена 

Здравомыслова.

Аймақтық редакторлар

Араб әлемі: 

Сари Ханафи, Мунир Сайдани. 



Бразилия: 

Густаво Танигутти, Андреза Галли, Анжела Мартинс 

Джуниор, Лукс Амарал, Рафаэль де Соуза, Бенно Альвес, 

Жулио Дэвис.



Колумбия: 

Мария Жозе Альварес Ривадулла, Себастьян Виламизар 

Сантамариа, Андрес Кастро Арауджо.

Индия:

Ишвар Моди, Рашми Жаин, Прага Шарма, Джуотти 

Сидана, Нидхи Бансаль, Панкаш Бхатнагар. 

Индонезия

Каманто Сунарто, Хари Нугрохо, Лусия Ратих Кусумадеви,

Фина Итрияти, Индера Ратна Иравати Паттинасарани,

Бенедиктус Хари Джулиаван, Мохамад Шохибуддин,

Доминггус Элсид Ли, Антониус Арио Сето Харджана. 

Иран: 

Рейханех Жавади, Абдулкарим Бастани, Нияеш Долати, 

Митра Данешвар, Фаез Хаджесадех.

Жапония:

Сатоми Ямамото, Масахиро Мацуда, Фума Сэкигути, Тайки

Хатоно, Хидэмаро Инуйе, Шинса Камео, Канако Матакэ,

Сюхэй Мацуо, Кахо Мияхара, Норико Нисимори, Синтаро

Оку, Фумито Сакураги, Ютаро Симокава, Маю Сиота,

Масая Усуи, Томо Ватанабе.



Қазақстан:

Айгүл  Забирова,  Баян  Смағамбет,  Дәуренбек  Күлейменов, 

Рамазан  Салықжанов,  Адиль  Родионов,  Нұрлан  Байғабыл, 

Ғани  Мадиярбеков,  Жұлдыз  Галимжанова,  Алмаш 

Тілеспаева.

Польша: 

Якуб Барщевский, Мариуш Финкельштейн, Вероника

Гаварска, Кшиштоф Губаньски, Кинга Якела, Юстына

Косьциньска, Мартына Мацюх, Каролина Миколаевска-

Заяц, Адам Мюллер, Зофья Пенза, Тереза Тележиньска, 

Анна Вандзель, Юстына Зелиньска, Яцек Зых.



Румыния:

Косима Ругиниш, Корина Брэгару, Костинел Ануца, 

Адрьяна Бондор, Рамона Кантараджу, Александру Дуцу, 

Ирина Кристина Фэйнару, Ана-Мария Илиеш, Руксандра 

Йордаке, Габрьела Иван, Михай-Богдан Марьян, Анка 

Михай, Аделина Морошану, Моника Нэдраг, Раду 

Нэфорницэ, Оана-Елена Негря, Элисабета Тома, Елена 

Тудор.


Ресей:

Елена Здравомыслова, Любовь Чернышова, Анастасия

Головнева, Анна Кадникова, Ася Воронкова.

Тайвань: 

Джинг Мао Ху.



Түркия:

Гюл Чорбаджиоглу, Ирмак Эврен.



Медиа кеңесшілер: Густаво Танигутти.

Шығарылым кеңесшісі: Aна Виллареал.

> Редакциялық алқа

> Осы нөмірде

Редактордан: Қоғамға ашық және салыстырмалы болу

Билік және принциптер: парламенттегі әлеуметтанушының «тар жол, тайғақ 

кешуі»


Уолден Белло, Филиппины

Әлеуметтік ғылымдар мен демократия: рухани үндестік



Дипанкар Гупта, Үндістан

> Адам күтіміне арналған Халықаралық симпозиум 

Адам күтімінің жаһандық мүмкіндіктері



Брижитта Ауленбахер, Австрия

Австралияда адам күтімін нарыққа айналдыру



Майкл Д. Файн, Австралия

Ұзақ мерзімді адам күтімі: Швеция мен Жапонияны салыстыру



Хильдегард Теобальд, Германия және Яйаои Сайто, Жапония

Аустрия мен Германияда адам күтімі сипатының өзгеруі 



Роланд Атцмюллер, Брижитта Ауленбахер, Альмут Бачингер, 

Фабиенна Дэкью, Австрия және Биргит Риграф, Германия

Чили, Коста Рика мен Испанияда тәуекелді жағдайларда адамды үйде күту



Моника Будовски, Швейцария; Себастьян Чиф, Швейцария; У. Даниел 

Вера Рожас, Чили

Оңтүстік Африкада адам күтіміне көмек көрсету



Елена Мур және Джереми Сикингс, ОАР

> Ресей әлеуметтануындағы жаңа бағыттар

Ымырасыз ортадағы әлеуметтану 



Қоғамдық әлеуметтану зертханасы, Ресей

Фото эссе: Сәулет өнеріндегі ерте кеңестік кезеңге тән социалистік 

мұраттар

Наталья Трегубова және Валентин Стариков, Ресей

> Чех әлеуметтануындағы хал – ахуал 

Шаруашылыққа қолғабыс етушілердің көші үйрену/бейімделу әдісі 



Сюзана Секеракова - Бурикова, Чех Республикасы  

Үйде оқыту: Чех білім беру жүйесіндегі еркіндік пен қадағалау



Ирена Кашпарова, Чех Республикасы

Чехия республикасындағы сыған жұмысшыларын еске алу



Катерина Сидирополу Жанку, Чех Республикасы

> Арнайы бағаналар 

Жұмыс алаңынан жазбалар Қытайдың еңбек саясатындағы өзгерістер



Лефенг Лин, АҚШ

Әлеуметтік ғылымдардың бағдарламаларын әлемдік деңгейде 

қалыптастыру

Эркюмент Чилик, Германия

Кәсіптердің халықаралық мүмкіндіктері: жашікті ашқанда 



Элен Кульман, Швеция; Туба Агартан, АҚШ; Дебби Бонин, ОАР; 

Хавьер Пабло Гермо, Аргентина; Елена Ярская-Смирнова, Ресей; 

Моника Ленгауэр,  Германия; Шаун Руггунан, ОАР, Вирендра П. Сингх, 

Үндістан

Начо, рахмет! 



Изабелла Барлинска, Испания

2

4



8

11

13



15

17

20



22

24

26



29

31

33



35

37

39



41

> Билік және

   принциптер: 

Парламенттегі 

әлеуметтанушының 

«тар жол, тайғақ кешуі»

У

олден

 Б

елло



Уолден Белло, құрметті профессор, Дилимандағы Филиппин университеті, 

Филиппин конгресі төменгі палатасының бұрынғы мүшесі (2009-15)

 4

GD 



5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

>>

Уолден  Белло  –  ғалым  және  қоғамдық  зияткер  ретінде 



халықаралық  зор  беделге  ие  филиппиндік  әлеуметтанушы. 

Даму  және  саясат  бағыты  бойынша  «Дамуға  қарсы  мемлекет» 

(2004),  «Азық  үшін  соғыстар»  (2009),  кейіннен  жарық  көрген 

«Капитализмнің  соңғы  бекеті?  Қатаң  тыйым  заманындағы 

жаһанданудың  баламасы  (деглобализация)»  (2013)  сияқты 

көптеген кітаптардың авторы профессор Белло өзінің Филиппин 

университетіндегі  қызметінен  тыс,  1990-94  жылдары  АҚШ-та 

орналасқан  Азық-түлік  және  даму  саясаты  институтын  (Food 

First - азық-түлік саясатына басымдық беру) басқарып, Бангкок 

қаласында  орналасқан  Жаһандық  Оңтүстікке  назар  аудару 

институтының  негізін  қалаушы  директоры  болған.  Профессор 

Белло  әлемдік  деңгейдегі  әртүрлі  басылымдарда  тұрақты 

түрде  мақалаларын  жариялап  отырады,  сондай-ақ  бірнеше 

халықаралық  сыйлықтармен  марапатталған,  соның  ішінде 

«Өнегелі  өмір  салты  үшін»  (Right  Livelihood  Prize,  басқаша 

айтсақ, Нобель сыйлығының баламасы ретінде белгілі) сыйлығы 

және  Халықаралық  зерттеулер  қауымдастығының  Көрнекті 

қоғамдық  ғалым  сыйлығын  атап  өтуге  болады.  Осы  мақалада 

өзінің  әлеуметтанушы  ретіндегі  саясаттағы  тәжірибесі  және 

басты ұстанымы - Филиппин конгресінің төменгі палатасындағы 

Акбаян оппозициялық партиясына адал мүшелігі туралы баяндап 

береді. Профессор Белло 2014 жылы шілдеде Йокогамада өткен 

ХӘҚ әлемдік конгресінде негізгі баяндамашы болды. Аталмыш 

мақаланың толық нұсқасын Жаһандық диалог (Global Dialogue) 

журналының  Global  Express  атты  интернет  парақшасында  

табуға болады.

1.


Ө

мірімнің басым бөлігінде мен әрі әлеуметтанушы, 

әрі  қоғам  қайраткері  жүгін  қатар  алып  жүрдім. 

1975 


жылы 

Принстон 

университетінде 

әлеуметтану бойынша PhD ғылыми дәрежесін 

алғаннан бастап толықтай қоғамдық жұмыстарға араласып 

кеттім.  Алғашында  жасырын  қызмет  атқарған  Ұлттық 

демократиялық  майдандағы  халықаралық  қанаттың 

мүшесі ретінде Филиппиндегі Маркос диктатурасын құлату 

мақсатындағы шараларға қатысып, кейіннен корпорациялар 

басқарған  жаһандануға  қарсы  күрескер  ретінде  белсенді 

араластым.  1994-2009  жылдар  аралығында  Дилимандағы 

Филиппин  университетінде  әлеуметтанудан  дәрістер 

оқыдым, ал 2009 жылдан бері Филиппин конгресінің төменгі 

палатасында  прогресшіл  саяси  партияның  атынан  заң 

шығарушы ісіне белсене қатыстым.

Мен  мүшесі  болған  Акбаян  партиясы  1998-2009  жылдар 

аралығында  конгрестегі  батыл  ұсыныстары  арқасында 

прогресшіл  келбетін  қалыптастырды.  Партия  конгресте 

Репродуктивті денсаулық туралы заң, аграрлық реформалар 

жасау, ЛГБТ қауымдастығына қарсы кемсітушілікті тоқтату, 

шет  елдерде  тұратын  филиппиндіктердің  дауыс  беру 

құқықтарын жетілдіру, жұмыскерлер қауіпсіздігін қамтамасыз 

ету, қаладағы кедей отбасыларды әлеуметтік тұрғын үймен 

қамтамасыз ету бойынша бастамаларды ұсынды.

2009  жылы  біздің  партияның  мүшелері  арасында 

Либералдық партия (ЛП) атынан 2010 жылғы президенттік 

сайлауға қатысушы үміткерді қолдау бойынша пікірталастар 

болды. Сол кезде барлығымыздың көкейімізді тескен сауал: 

«Бұл  үміткерге  кейіннен  реформалау  бағдарламасын  іске 

асыруда  иек  арта  аламыз  ба?».  Либералдық  партияның 

үміткерінен  игіліктерді  қайта  үлестіруге,  өкілеттік 

демократия  немесе  ұлттық  тәуелсіздікті  қорғау  бойынша 

шаралар күтілмегенімен, Акбаян партиясы жақтастарының 

басым  бөлігі  биліктегі  либералдардан  бірінші  кезекте 

мықты мемлекеттік билік пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы 

шаралар  күтті.  Себебі  сол  уақытта  жемқорлық  мәселесі 

және оның салдары біздің демократиямызға өте үлкен қауіп 

төндірген еді.

ЛП-ның  бағдарламасында  жемқорлыққа  қарсы  шаралар 

біз үшін маңызды болғанымен, одан тыс ЛП-ның үміткерінен 

біздің  басқа  идеяларға,  әсіресе  репродуктивті  денсаулық 

пен аграрлық реформаларға да назар аударуын күттік. 2010 

жылға қарай біраз уақыт бойы қызу пікірталастар орын алды. 

Репродуктивті  денсаулық  туралы  заң  жобасы  конгрестегі 

талқылауға  жетіп,  партияның  тағы  бір  бастамасы  болған 

Аграрлық реформалар туралы заң өзінің іске қосылу мерзімін 

күтіп  тұрды.  Одан  тыс,  сол  уақытта  тәуелсіз  халықаралық 

саясатты жүргізу, шетелдік және отандық қарыздарға бірінші 

кезекте қызмет көрсететін қайтадан қаржыландыру туралы 

заңның  күшін  жою,  сонымен  қатар  сауда,  қаржы  және 

инвестициялаудағы неолибералды өлшемдерден бас тарту 

бойынша бастамаларды ұсындық.

Либералдық  партияның  үміткері  Бениньо  Симеон  Акино 

ІІІ  (аты  аңызға  айналған  бұрынғы  президент  Корасон 

Акино  мен  азапталып  өлтірілген  Бенино  Акиноның  ұлы) 

2010 жылы Президент болып сайланды. Келесі бес жылда 

конгрестің төменгі палатасында Акбаян партиясының басты 

 5

GD 



5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

>>

өкілі ретінде либералдар мен дәстүрлі саясаткерлер басым 



бөлігін  құраған  одақтың  прогресшіл  партияға  қатысты 

мүмкіндіктері  және  кедергілеріне  жеке  тәжірибем  арқылы 

куәгер болдым.

> Мәдени майдандағы жеңіс 

Кедейлік  және  әйелдердің  репродуктивті  денсаулық 

мәселелерін  шешу  үшін  филиппиндік  прогресшіл  партия 

мемлекеттің  қолдауына  ие  отбасын  жоспарлаудың  ұзақ 

мерзімді бағдарламасын енгізуді көздеді. 2010 жылға қарай 

жаңа  әкімшілік  тағайындалған  кезде  менің  партиям  және 

басқа  прогресшілер  он  екі  жылға  есептелген  заңнамалық 

жоспарға  Репродуктивті  денсаулық  туралы  заң  жобасын 

енгізе  алды.  Билікке  ықпалы  бар  Рим-католик  шіркеуінің 

қатты қарсылығына қарамастан прогресшілер мультитаптық 

одақ  құру  арқылы  әйелдердің  репродуктивті  құқықтары 

мен  денсаулығына  қатысты  мәселені  қайта  көтерді. 

Прогресшілер өз идеяларының жеңіске жетуі үшін тек қана 

рационалды  деңгейде  өте  жақсы  негізделген  дәйектерден 

бөлек, қоғамдағы еркектердің иерархиясы және басым бөлігі 

ерлерден  құралған  конгресте  әйелдер  шешіміне  бақылау 

жүргізу  тақырыбына  арналған  суреттерді  стратегиялық 

таратуы арқылы символдық дәйектерді қолдана білді. 2012 

жылға  қарай  біз  консервативті  идеологиялық  институттар, 

билік  басындағы  элитаның  бір  бөлігі  және  орта  таптың 

әдеттегі ықпалы арқасында белсенді және сәтті әрекет ету 

арқылы заң жобасын заң ретінде бекітуге үлес қостық.



> Аграрлық реформа: таптық жағдайдың ушығуы

Өз кезегінде аграрлық реформа саясаткерлер арасындағы 

одақтастықтың,  әсіресе  таптардың  мүдделеріне  қатысты 

мәселелерде,  өте  қиын  жағдайда  жүзеге  асатындығының 

мысалы  бола  алады.  Филиппиндегі  алғашқы  жер-су 

реформасы 1960-жылдары басында жүргізілді және терең 

теңсіздік  деңгейімен  сипатталған  болатын.  1970-жылдары 

Маркостың  диктатурасы  кезінде  жоспарланған  жер-су 

реформасының бағдарламасы жер иелерінің қарсылығына 

тап  болып,  біршама  уақытқа  тоқтап  қалды.  1986  жылы 

Маркос  билігі  құлағаннан  кейін,  президент  Корасон 

Акиноның әкімшілігі 10,3 миллион гектар жерді қайта бөлу 

бойынша  батыл  жобаны  бастады.  Жобаға  себеп  болған 

жағдайдың бірі ретінде ауылдық жерлердегі Жаңа адамдар 

әскерінің көтерілісін айтуға болады. Дегенмен, жер иелерінің 

саны  басым  Конгресс  заңда  ең  құнарлы  жеке  меншіктегі 

жерлерге  тиіспеу  арқылы  қоғамдық  меншіктегі  жерлерді 

қайта үлестіруді тиімді түрде шектейтін осал тұстарды әдейі 

қалдырды. 

Конгрестегі алғашқы еңбек еткен жылы Акбаян партиясы 

жер сатып алуға қаржылай көмек көрсететін және реттеуші 

заңды тетіктерді іске қосатын жаңа аграрлық реформалар 

заңын (CARPER) жасақтауға белсенді қатысты. Конгрестегі 

жер  иелерінің  саны  айтарлықтай  азайып,  Миндано 

аралынан Президент сарайына дейін 1700 километр бойы 

шеруге  шыққан  шаруалар  тобының  қолдауымен  аграрлық 

әділеттілік үшін күресуші танымал қозғалыстың белсенділігі 

арқасында заң жобасы сәтті қабылданды.

Ықпалы  күшті  заң  қабылданғанымен  де,  саяси  ерік 


 6

GD 

5/ 3 / 2015 ҚЫРКҮЙЕК

осы  заңды  нақты  жүзеге  асыруды  талап  етеді.  Заңның 

қабылдануы, президенттің оны елемеуі және жер иелерінің 

жағдайды ушықтырғысы келмеуі себебінен қайта үлестіруге 

лайықты  700  000  гектар  жер  сол  қалпында  қалды.  Осы 

жердің көбісі жеке меншікте еді, елдің ауыл шаруашылығы 

үшін ең құнарлы бөлігі болатын. Жер иелерінің қарсылығы, 

Президенттің 

немқұрайлығы 

және 


бюрократиялық 

босаңдық салдарынан аграрлық реформа бәсеңдеп қалды. 

Реформист  Президенттің  шамадан  тыс  бос,  сылбыр 

саясаты  жер-су  реформаларын  жүзеге  асыруда  біліктілігі 

төмен  шенеуніктерді  жұмысынан  босатқысы  келмеуі  және 

Президенттің осы реформаға салғырт қарауы 2015 жылы өз 

еркіммен Конгрестен кетуімнің бірден бір себебі болды.

> Күшті биліктің құлдырауы

Ендігі  кезекте  партиямның  күшті  билік  құруды  қорғау 

бойынша  тәжірибесімен  бөлісуіме  рұқсат  беріңіздер. 

Либералды партия басшылығының жемқорлықпен табанды 

түрде күресуге берген уәдесі 2010 жылы Акбаян партиясының 

реформалық одаққа кіруінің негізгі себебі болды. Бес жыл 

өткеннен  кейін  осы  мәселеге  орай  Конгрестен  кетуге  бел 

будым.


Акино әкімшілігінің алғашқы билік ету жылында азық-түлік 

саясатына  көбірек  назар  аударылды.  Конгрестегі  Акбаян 

партиясының  басты  өкілі  ретінде  осындай  реформалық 

серпінге  түрткі  болған  шараларға  қатысудың  өзі  мені 

қатты  толқытты.  Жаңа  әкімшіліктің  бастамаларының  бірі 

-  билікте  отырған  кезде  жемқорлықтың  кең  етек  жаюына 

мүмкіндік берген бұрынғы президент Глория Макапагальды 

сот арқылы жазалауға да атсалыстым. 2013 жылы болған 

сайлау  мен  үшін  және  басқа  азаматтар  үшін  либералды 

әкімшілікке артылған сенімге дауыс беру болды.

Алайда,  жаймашуақ  күндер  ұзаққа  созылмады. 

Филиппиндік  саяси  жүйеде  АҚШ-тың  отаршылық  кезінен 

қалған  «жем  астауы»  немесе  «Басым  бағыттағы  дамуды 

қолдау қоры» (ББДҚФ) деп аталатын институт қызмет етеді. 

Президент Конгрестің әрбір мүшесіне өз сайлау округтеріне 

қатысты жобаларды жүзеге асыру үшін арнайы ақша бөледі. 

Аса  танымал  саяси  технолог  Джанет  Лим-Наполестың 

Конгрес мүшелеріне ББДҚБ қорының даму жобаларына және 

әлеуметтік қызметтерге арналған қаражатты өз есептеріне 

аударуға  мүмкіндік  берген  жалған  ұйымдар  қатарын 

құрғандығы бізге белгілі болды. Конгресс мүшелерінен осы 

қызметі  үшін  Наполес  өз  үлесін  алып  отырған.  «Наполес 

алаяқтығы»  бұқараның  наразылығын  тудырды,  ББДҚБ-ны 

жою туралы қоңырау санының артуына себепкер болды. Мен 

біздің партия өз қағидаттарына берік екендігіне сендім және 

ББДҚБ-ны  жою  үндеуіне  қосылып,  Президенттің  партияға 

бөлген  қаражатынан  бас  тартамыз  деп  ойлағанмын.  Бірақ 

өкінішке  орай,  партия  басшылығының  жиналысында  бұл 

бастамаларым қолдау тапқан жоқ.

Осы  оқиғадан  кейін  «Жедел  төлемдер  бағдарламасы» 

деп аталып жүрген лауазымды қызметкерлерді сатып алуға 

бағытталған  бірнеше  миллиардтық  жасырын  президенттік 

қормен байланысты басқа жанжал жуық арада орын алды. 

Мемлекеттік  қорын  бақылауда  транспарентті  емес, 

>>

есептілікке  бағынбайтын  және  кері  саясатты  жүргізуімен 



қатар  әкімшілік  бұрынғы  басшылықты  айыптауға  негіз 

(құралына) болған шаруалармен айналысты. Жоғарғы Сот 

конституцияға  сай  емес  бағдарламаны  басқарған  кезде, 

менің ойымша, Президент негізгі шешімді шығаруға тиіс еді.

Өз партияма Президент тарапынан құзыретті адамдарды 

қызметінен  босатуды  талап  етсін  деген  ой  тастадым, 

бірақ  менімен  партияның  кейбір  мүшелері  келіскен  жоқ. 

Олардың  ойынша,  бұл  ұсынысымыз  арқылы  Президентті 

қырсықтырып алу қаупі болды. Осындай жауап прогресшіл 

партия мүшелері үшін лайық емес деп санаймын. Партияның 

басшылығымен  ортақ  шешімге  келе  алмағандықтан 

Президенттің өзіне хат жаздым. Хатта елде болып жатырған 

жағдайларға  алаңдаушы  азамат  ретінде  Президенттен 

бюджет  басшысын  «оның  ешбір  шектеу  сезімінсіз  қорды 

басқарудағы үстірттігі және еркіндігі» үшін қызметтен алып 

тастауды  сұрадым.  Сонымен  қатар,  хатта  бағдарлама 

Атқарушы билік өкілдеріне Сенат пен Конгресс мүшелеріне 

қатысты  тікелей  қаржылық  ықпал  етуіне  мүмкіндік  беру 

арқылы  «конституциядағы  биліктің  бөлінуіне  қарама-

қайшылық тудыратын президенттік қамқорлықтың бір түрін» 

қалыптастыратындығын жаздым. 

Менің хатым Акбаян партиясының басшылығының ішінде 

біршама  шиеленіс  тудырды.  Партия  мүшелерінің  көбісі 

Президентке жеке азамат ретінде хат жазуға менің құқығым 

болған  жоқ  деген  ой  білдірді.  Маған  партиядағы  жоғары 

дәрежелі өкіл болуымның бағасы – жеке көзқарастарымның 

партияның саясатына бағынуында екендігі жеткізілді.

Біздің  партия  ішіндегі  пікірталастар  жалғасып  жатқанда, 

әкімшілік  екінші  рет  үлкен  қасіретті  басынан  кешті:  2015 

жылдың  25  қаңтар  күні  Минданаодағы  лаңкестікке  қарсы 

шаралар  сәтсіздікке  ұшырауының  нәтижесінде  Ұлттық 

полицияның Арнайы бағыттағы жасақтарының 44 қызметкері 

және  Моро  исламдық  тәуелсіздік  майданы  сепаратистік 

қозғалысының 18 жауынгері қаза болды. Осы сепаратистік 

ұйыммен үкімет толық емес автономия туралы келіссөздер 

жүргізген болатын.

«Мамасарано  рейді»  басқарудағы  үш  негізгі  қателікті 

көрсетті.  Біріншіден,  Президент  өзі  бұйрық  берген  әскери 

операция  үшін  жауапкершіліктен  бас  тарту  арқылы 

президенттік  биліктің  басты  қағидатына  қарсы  шықты. 

Екіншіден,  ол  операция  туралы  бұйрықты  алдында  елдің 

Омбудсмені  тарапынан  жемқорлыққа  қатысы  бар  деп 

айыпталған ұлттық полиция басшылығындағы жақын досына 

заңсыз  түрде  берді.  Үшіншіден,  оның  операцияны  жүргізу 

бұйрығының  астарында  филиппиндік  емес,  америкалық 

мүдделер  жатты,  себебі  ол  апат  болған  жағдайда  аса 

маңызды  бейбітшілік  туралы  келісімдер  бұзылатындығын 

білді.  Қоғамдағы  жақсы  әкімшілік  ету  жүйесін  сақтап  қалу 

мақсатында  мен  Президентке  осы  қайғылы  жағдайға 

қатысты толық жауапкершілікті өз мойынына алып, апаттың 

барлық зардаптарын ашып көрсетуді, әсіресе АҚШ-тың рөлі 

туралы ақиқатты айтуға үндеу тастадым. 

Әкімшіліктің басқару дағдарысы тереңдей түскендіктен мен 

Акбаян партиясынан реформаларды талап етуді сұрадым. 

Президенттің тұлғалық позициясының әлсіреген уақытында, 


 7



  1   2   3   4   5   6   7


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал