Бағдарлама негізінде құрастырылған. Құрастырғандар: Масанова Л. Е., Бөлегенова А. Т



жүктеу 0.86 Mb.

бет1/8
Дата07.05.2017
өлшемі0.86 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖƏНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СƏТБАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика жəне бизнес  институты

Өнеркəсіп экономикасы мен менеджмент кафедрасы

СТУДЕНТТІҢ ПƏНДІК

ОҚУ-ƏДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Инвестициялық менеджмент пəні бойынша



050511 – Маркетинг мамандығы үшін

АЛМАТЫ 2009



2

Қ.И.Сəтбаев  атындағы  ҚазҰТУ  студенттеріне  арналған 050511 - Маркетинг

мамандығы  бойынша „Инвестициялық  менеджмент” пəнінің  оқу-əдістемелік  кешені  типтік

бағдарлама  негізінде  құрастырылған. Құрастырғандар: Масанова  Л.Е., Бөлегенова  А.Т.

Алматы: ҚазҰТУ, 2009.____б.

Құрастырушылар:

Масанова  Лаура  Ертаевна-Өнеркəсіп  экономикасы  мен

менеджмент кафедрасының доценті, экономика ғылымының кандидаты

              

Бөлегенова  Айнұр  Төлеужановна-Өнеркəсіп  экономикасы  мен

менеджмент кафедрасының оқытушысы

АНДАТПА

Ұлттық экономиканың қайта ұйымдастырылуынан өткен жоғары экономикалық білім

соңғы  жылдары  едəуір  өзгерістерге  ұшырады. Нарықтық  экономиканың  негізгі

ұғымдарының  бірі  инвестициялар  болып  табылады.    Инвестициялар – кез-келген  ұлттық

экономиканың көбінесе маңызды жəне дефицитті қоры болып табылады, оларды пайдалану

өндірісті жетілдіруге, шығарылатын жəне сатуға жеткізілетін тауарларды жақсартуға, əрекет

ететін  жұмыс  орындарының  санын  ұлғайтуға, тұрғындардың  жұмыс  бастылығын

жоғарылатуға  мүмкіндік  береді, ал  бұл  өз  кезегінде  тұрғындардың  өмір  сүру  деңгейін

жоғарылатуға  жағдай  жасайды. Сондықтан  қолдағы  инвестициялық  қорлардың  тиімділігін

есептеу, салымдардың ұтымды вариантын таңдау, олардың нəтижелерін болжау аса маңызды

болып табылады.

Оқу-əдістемелік  кешен (ОƏК) осы  пəннің  негізгі  мазмұнын  айқындады  жəне

келесіден  құрылады: пəннің  оқу  программасы, курстың  тақырыптық  жоспары, дəрістік

сабақтардың  конспектісі, тəжірибелік сабақтарды  жүргізудің  жоспары,  студенттердің  өздік

жұмысы, тестілік  жəне  емтихан  сұрақтары, негізгі  жəне  қосымша  əдебиеттер  тізімі,

глоссарий.

ОƏК  пайдалану  олардың  танымдық  іс-əрекетін  белсендіруге, оқу  үрдісін  ұтымды

жоспарлауға, оқу материалын игеруге жəне өздік жұмыстарды орындауға мүмкіндік береді.

      © Қ.И.Сəтбаев атындағы

                                                   Қазақ ұлттық техникалық университеті, 2009



3

1 ПƏННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ – SYLLABUS

1.1 Оқытушылар туралы мəліметтер:

Сабақ жүргізетін оқытушылар: Масанова Лаура Ертаевна, доцент, эконом. ғылым. канд.,  Бөлегенова

Айнұр Төлеужановна, оқытушы

Байланыс түрі 92-57-04

Кафедрада болатын уақыты: 406 ГУК

1.2  Пəн туралы мəліметтер:

Пəн атауы: Инвестицияларды басқару

Кредит саны: 3

Өткізу орны - ҚазҰТУ, Бас оқу ғимараты

1-кесте

Оқу жоспарының көшірмесі

1 аптадағы академиялық сағаттар

Курс

С

еместр



К

реди


т

тер


Дəрістер       Тəжіри

белік/


семин.

сабақт.


СӨЖ

*

СОӨЖ



*

Барлығы,


1 аптадағы

академ.


сағаттар

Бақылау түрі

1

 2

3



4

5

6



7

8

9



3

 6

3



2

1

3



3

9

емтихан



1.3

Пререквизиттер -

менеджерлер  экономикасы, микроэкономика, статистика,

кəсіпорынның  шаруашылық  қызметін  талдау, қаржы, бухгалтерлік  есеп  жəне  аудит,

басқарушылық есеп, қаржылық менеджмент.



1.4 Постреквизиттер - жобалық менеджмент, контроллинг, бизнесті қайта құру.

1.5 Пəннің қысқаша мазмұны

Ұлттық  экономиканы  қайта  ұйымдастыруы  басталғаннан  кейін  соңғы  жылдары

жоғарғы  экономикалық  білім  едəуір  өзгерістерге  ұшырады. Оқу  программалары  мен

жоспарларды түпкілікті қайта құрылымдау жүргізілуде. Нарықтық экономиканың теориясы

мен  тəжірибесін  терең  оқып-білуге  бағытталған  жаңа  пəндердің  санына  инвестицияларды

басқару да жатады. Инвестициялар нарықтық экономиканың негізгі ұғымы болып табылады.

Инвестициялар – кез-келген ұлттық экономиканың көбінесе маңызды  жəне дефицитті қоры

болып  табылады, оларды  пайдалану  өндірісті  жетілдіруге, шығарылатын  жəне  сатуға

жеткізілетін  тауарларды  жақсартуға, əрекет  ететін  жұмыс  орындарының  санын  ұлғайтуға,

тұрғындардың  жұмыс  бастылығын  жоғарылатуға  мүмкіндік  береді, ал  бұл  өз  кезегінде

тұрғындардың өмір сүру деңгейін жоғарылатуға жағдай жасайды.

Пəнді  оқытудың  мақсаты студенттерге  инвестицияларды  басқару  механизмдері,

инвестициялық  жобаларды  сараптаудың  əдістемесін  игеру  жəне  инвестициялық

салымдардың  тиімділігін  экономикалық  бағалау  мен  олардың  нəтижелерін  болжау  жайлы

толық  ақпарат беру.



Пəнді оқытудың міндеттері:

– кəсіпкерлік  жоба, инвестициялар  пəндерінің  терминологиясы  мен  негізгі

ұғымдарымен танысу;

 

–  əлемдік  тəжірибеде  қолданылатын  инвестицияларды  ұйымдастыру  мен



қаржыландырудың негізгі принциптері мен əдістемелерін үйрену;

 - жобалық  талдаудың  халықаралық  əдістемелері  мен  əдістерін, уақыт  пен  тəуекел

факторларын  есепке  алғанда  нарықтық баға  қалыптастыру жағдайында  кəсіпкерлік жобаны

сараптау мен жасап шығаруды үйрену;



4

 – нақты  сандық  мысалдар  мен  есептеулер  негізінде  инвестицияларды  экономикалық

бағалаудың халықаралық көрсеткіштері мен əдістемелерін үйрену.

Осы  пəнді  оқып-үйренуде  инвестициялық  үрдісті  басқаруға  жүйелік  ықпал  қажет –

идеядан оны жүзеге асыруға дейін. Жобаларды басқару мəселелерін инвестициялық саясатты

қалыптастыру, қаржыландыру көздерін анықтау, орындаудың тиімділігі мен ұйымдастыруды

экономикалық  негіздеу, жобаны  бақылау, кəсіпорынның  қаржылық  жағдайына  əсері,

сонымен қатар сыртқы ортамен əрекет ету позициясынан кешенді түрде қарастыру қажет.

«Инвестициялық менеджмент» курсын үйрену үрдісінде студенттер міндетті:

 - берілген экономикалық ғылымның құралын, мақсаттарын жəне міндеттерін білуге;

 - инвестициялардың  түрлі  формалары, инвестицияларды  басқару  механизмдері,

инвестициялық шешімдерді қабылдаудың   нарықтық принциптері мен критерийлері жайлы

толық ақпаратты иемденуге;

 

- алдын-ала  сараптаудың, бағалау  критерийлерін  таңдау  мен  инвестициялық



салымдардың дұрыс вариантын анықтаудың, шаруашылық субъектінің қаржылық жағдайын

білу үшін олардың нəтижелерін болжаудың əдістерін білуге;

 

- экономиканың  түрлі  салаларында  нақты  инвестициялық  жоба  мен  бизнес-



жоспарларды жасап шығаруда алған білімін қолдануға, ұтымды басқарушылық шешімдерді

жасап  шығару  мен  қабылдау  мақсатымен  инвестициялардың  тиімділігін  экономикалық

бағалаудың əлемдік көрсеткіштерін пайдалануға міндетті.

Пəнді  оқып-үйренудің  əдістері  -  ғылыми  абстракция,  талдау  мен  синтез,  сандық  жəне

сапалық талдау, инвестициялық салымдарды экономико-математикалық үлгілеу.

1.6 Тапсырмалардың тізімі мен түрлері жəне оларды орындау кестесі:

Пəн  бойынша  тəжірибелік  сабақтар, студенттердің  оқытушылармен  өздік  жұмысы

(СОӨЖ) жəне студенттердің өздік жұмысы (СӨЖ) қарастырылған.

          2-кесте



Тапсырмалардың түрі жəне оларды орындау мерзімі

Бақылау

түрі

Жұмыс түрі

Жұмыстың тақырыбы

(нақты бетін көрсету

керек)

Ұсынылатын

əдебиетке

сілтеме

Тапсыру

уақыты

1

2



3

4

6



 Өздік жұмыс

1

2.4 бөлімнің  1 сабағы



2нег., 5нег.,

5қос.


1 апта

Өздік жұмыс

  2

2.4 бөлімнің  1 сабағы



2нег., 3нег.,

10қос.


2 апта

 Өздік жұмыс

 3

 2.5 бөлімдегі тақырып 



2 -4нег.,

1, 10, 14қос.

3 апта

Өздік жұмыс



 4

 2.4 бөлімнің 3 сабағы

4нег., 3,11қос.

4 апта


Өздік жұмыс

5

2.4 бөлімнің 4,5 сабағы   3 4нег., 3қос.



5 апта

Өздік жұмыс

6

2.4 бөлімнің 6 сабағы



1, 5нег.

6 апта


Өздік жұмыс

7

2.4 бөлімнің 7 сабағы



1, 5нег., 11қос.

8 апта


Өздік жұмыс

8

2.4 бөлімнің 8,9 сабағы  3,4нег., 6қос.



9 апта

Өздік жұмыс

9

2.4 бөлімнің 10 сабағы   1, 4нег., 8қос.



10 апта

Ағымды


бақылау

Өздік жұмыс

10

2.5 бөлімнің тақырыбы    1, 5нег.,



3, 11қос.

11 апта


5

Өздік жұмыс

11

2.2 бөлімнің 11 сабағы   1, 5нег.,



3, 11қос.

12 апта


Өздік жұмыс

12

2.4 бөлімнің 12,13



сабағы

2, 5нег., 14қос.

13 апта

Өздік жұмыс



13

2.4 бөлімнің 14,15

сабағы

3,4нег., 9қос.



14 апта

1 тестілік

сауалнама

2.2 бөлімнің 1,2,3,4,5,6,7

сабағы

1-4нег.;


3,8,9,10қос.

7 апта


Аралық

бақылау


2 тестілік

сауалнама

2.2 бөлімнің  8,9,10,11,

12, 13, 14, 15 сабағы

1нег., 2нег.,

3нег., 4нег.,

7доп., 10доп.,

12қос., 13қос.

15

Апта


Қорытын-

ды

бақылау



Емтихан

Сессия


1.7 Əдебиеттер тізімі

а) негізгі əдебиет:

1. Богатин  Ю.В., Швандар  В.А. Оценка  эффективности  инвестиций: Учебное  пособие  для

вузов. – М.: Финансы, Юнити-Дана, 1999. – 254 с.

2. Ковалев  В.В. Введение в  финансовый менеджмент. – М.: Финансы  и  статистика, 2004. –

768 с.

3. Коласс  Б. Управление  инвестиционной  деятельностью  предприятия. Проблемы,



концепции  и  методы: Учебн. Пособие/ Пер. с  франц. Под  ред.проф.Я.В.Соколова. – М.:

Финансы, ЮНИТИ, 1997. – 576 с.

4. Савчук В.П. Оценка эффективности инвестиционных проектов. – Киев, 1999.– 365 с.

б) қосымша əдебиет:

1. Закон Республики Казахстан «Об иностранных инвестициях»

2. Закон Республики Казахстан «О финансовом лизинге» от 5 июля 2000 г.

3. Анализ  эффективности  инвестиционной  и  инновационной  деятельности  предприятия:

Учебное пособие для вузов/ Э.И.Крылов, В.А.Власов, И.В.Журавкова. 2-изд., перераб. и доп.

- М.: Финансы и статистика, 2003. – 608 с.

4. Балабанов И.Т. Риск-менеджмент. – М.: Финансы и статистика, 1996.–188с.

5. Бочаров В.В. Инвестиционный менеджмент. – Санкт-Петербург: Питер, 2000.

6. Ващенко Т.П. Математика финансового менеджмента. – М.:Перспектива, 1996. – 80с.

7. Грачева М.В. Риск-анализ инвестиционного проекта. – М.: Юнити-Дана, 2001.

8. Мелкумов  Я.С. Организация  и  финансирование  инвестиций: Учебное  пособие. – М.:

Инфра – М, 2002, серия «Высшее образование».

9. Планирование инвестиций/ Холт, Роберт Н., Барнес,  Сет Б. – М.: Дело, 2003.

10. Основы инвестирования/ Гитман, Лоренс Дж., Джонк, Майкл Д. – М.: Дело, 1999.

11. Оценка  эффективности  инвестиционных  проектов: теория  и  практика. Учебно-

практическое пособие/ П.В.Виленский, В.Н.Лившиц, С.А.Смоляк. М.:Дело,2001. – 832с.

12. Станиславчик Е.Н Бизнес-план: Управление инвестиционными проектами. – М.: Ось-89,

2001.


13. Управление  инвестиционными  проектами/ В.А.Швандар, А.И.Базилевич. – М.: Юнити-

Дана, 2001.

14. Интернет-сайты:

www.kase.kz

 – Казахстанская  фондовая  биржа;

www.kkb.kz

  –

Казкоммерцбанк;



http://www.wfin.kz/

 - Журнал «Мир  Финансов»;

http://www.minfin.kz/

  -


Министерство финансов РК;

www.halykbank.kz

 – Народный банк;

http://www.bankir.kz/

 - Все

о банках в Казахстане;



http://www.nationalbank.kz

 – Нацбанк.

15. Масанова  Л.Е. Финансы  предприятия. Методические  рекомендации  к  практическим

занятиям. – Алматы: КазНТУ, 2002. – 31 с.



6

16. Масанова Л.Е. Налоги и налогообложение. Методические рекомендации к практическим

занятиям. – Алматы: КазНТУ, 2003. – 20 с.

17. Масанова  Л.Е. Учебно-методический  комплекс  по  дисциплине «Финансовый

менеджмент» для  студентов  КазНТУ  им.К.И.Сатпаева  по  специальности 522230 –

менеджмент. – Алматы: КазНТУ, 2006. – 67 с.



1.8 Білімді  бақылау  жəне  бағалау.  Қ.И.Сəтбаев  атындағы  ҚазҰТУ-дың  барлық  курс  пен

барлық пəндері бойынша студенттердің білімін тексеруде рейтингтік бақылау қолданылады.

Балдық-рейтингтік жүйеде  іске асырылатын білімді бағалау туралы мəліметтер бақылаудың

барлық түрі көрсетілетін шкала түрінде беріледі.

Мамандық  бойынша  оқу  жұмыс  жоспарына  енгізілген  əрбір  пəннің  рейтингі

қорытынды бақылауға тəуелсіз 100 балдық шкаламен бағаланады.

Əрбір  пəнге  келесі  бақылау  түрлері  белгіленеді: ағымдық  бақылау, аралық  бақылау,

қорытынды бақылау.

Ағымдық  бақылау  түріне: бақылау  жұмысы, реферат, семестрлік  тапсырма,

коллоквиум, лабораториялық  жұмыстарды  орындау  жəне  басқалар  жатады. Қорытынды

бақылау  түріне  байланысты  бақылау  түрлерінің  балдық  көрсеткіштері  қолданылады (3-

кесте).


3-кесте

Бақылау түрлеріне қарай рейтингтік балдарды бөлу

№ 

Қорытынды бақылау түрі



Бақылау түрлері

%,

пайыздағы



Қорытынды бақылау

100


Аралық бақылау

100


1. Емтихан

Ағымдық бақылау

100

Ағымдық  бақылаудың  қорытындысын  өткізу  мерзімі  пəн  бойынша  оқу  процесінің



күнтізбелік кестесімен белгіленеді (4-кесте).

4-кесте


Оқу үрдісінің күнтізбелік кестесі «Инвестициялық менеджмент» пəні бойынша

Апталар 1  2  3  4  5  6  7  8  9  10 11 12 13 14 15

Бақылау

түрлері 


Ө

Ж

Ө



Ж

Р

Ө



Ж

Ө

Ж



Ө

Ж

АБ Ө



Ж

Ө

Ж



Ө

Ж

Р



Ө

Ж

Ө



Ж

Ө

Ж



АБ

Бақылау


дың

апталық


саны

1

1



 1

1

 1



1

1

1



1

1

1



1

1

1



1

 ӨЖ – өздік жұмыс, АБ – аралық бақылау, Р – реферат

Студенттер  жалпы > 30 рейтинг  балы  есебімен  қорытынды  бақылауға  жіберіледі.

Қорытынды  бақылауға >20 балл  жинаған  жағдайда  ғана  өткізілді  деп  есептелінеді. Пәннің

қорытынды бағасы шкала бойынша (5-кесте) анықталады.

5-кесте


Студенттердің білімдерін бағалау

Баға


Əріптік эквивалент 

Рейтингтік балл

пайызбен (%)

Балмен


Өте жақсы

А

А-



95-100

90-94


4

3,67


7

Жақсы


  В+

В

 В-



85-89

80-84


75-79

3,33


3,0

2,67


Қанағаттанарлық

 С+


С

С-

 D+



D

70-74


65-69

60-64


55-59

50-54


2,33

2,0


1,67

1,33


1,0

Қанағаттанарлықсыз

Ғ

0-49


0

Модульдар  мен  аралық  аттестация  бойынша  бақылау  жүргізуге  арналған  сұрақтар

тізімі

1-модуль бойынша аралық бақылауды жүргізудің сұрақтар тізімі:

1. Инвестициялық жобаның тағайындылығы неде?

2. Жобаның өмірлік циклының тізбектілігі қандай?

3. Жобаны алдын-ала талдау үшін қандай екі критерий қолданылады?

4. Кəсіпорынның өмірлік циклының матрицасы дегеніміз не?

5. Жобаның экономикалық тиімділігін қандай критерийлер бойынша бағалайды?

6. Жобаны институционалдық талдаудың мəні неде?

7. Инвестициялық жоба шеңберінде маркетингтік талдаудың мазмұны неде?

8. Инвестициялық жобаны техникалық талдау дегеніміз не?

9. Тəуекелді талдау үрдісінде қандай мəселелер шешіледі?

10. Ақша ағындарының болашақ құны қалай анықталады?

2-модуль бойынша аралық бақылауды жүргізудің сұрақтар тізімі:

1. Таза қазіргі мəн əдісінің негізгі принципін түсіндіріңіз.

2. Таза қазіргі мəн əдісінде дисконт көрсеткіші қандай экономикалық мəнге ие болады?

3. Инвестициялық жобаның таза қазіргі мəнін есептеуде көңіл аударатын əдеттегі кіріс

жəне шығыс ақша ағындары жайлы айтып беріңіз.

4. Инвестициялық жобаның пайдалылығының ішкі нормасына анықтама беріңіз.

5. Инвестициялық жоба тиімділігінің қажетті жəне жеткілікті шарттарының ара қатысы

жайлы не білесіз жəне шығынсыздықты талдау осы ара қатыста қандай рөл атқарады?

6. CVP-талдау шеңберінде шығындар қалай бөлінеді?

7. Қатысты салынған табыс дегеніміз не?

8. Операциялық  рычаг  дегеніміз  не  жəне  неге  оның  мəні  операциялық  тəуекелдің

шамасы бола алады?

9. Тəуекелді мөлшерлік бейнелеудің мүмкіндігі қандай?

10. Сезімталдықты талдаудың мəні неде?



Аралық аттестация  бойынша сұрақтар тізімі:

1. Инвестициялардың қандай түрлерін сіз білесіз?

2. Портфельдік инвестицияларға не жатады?

3. Тікелей инвестицияларға не жатады?

4. Инвестициялық жобаны дайындаудың жалпы тізбектілігін қалыптастырыңыз.

5. Инвестициялық жобаның  қаржылық  тиімділігін  бағалау  үшін  қандай  негізгі  принцип

қолданылады?

6. Кəсіпорын  инвестициялар  алу  үшін  өмірлік  цикл  матрицасының  қандай  бөлігінде

орналасуы қажет?

7. Жобаны қаржыландырудың меншік көздеріне не жатады?

8. Жобаны қаржыландырудың сыртқы көздеріне не жатады?


8

9. Уақыт  бойындағы  ақша  құнын  есепке  алғанда  капитал  салымдарының  тиімділігін

бағалаудың негізгі сұлбасы неден құралады?

10. Капитал  салымдарының  тиімділігін  бағалау  үрдісінде  инфляцияны  есепке  алу  үшін

қандай екі əдіс қолданылады?

11. Инвестициялық жоба тиімділігінің негізгі  көрсеткіштерін атаңыз.

12. Инвестициялық жобаның таза қазіргі мəнінің интерпретациясы қандай?

13. Пайдалылықтың ішкі нормасы əдісінің мəнін айқындаңыз.

14. Пайдалылықтың ішкі нормасын есептеудің қандай əдістері бар?

15. Аралас шығындарда айнымалы жəне тұрақты құрауыштарды бөлудің қандай əдістері

бар?

16. Шығынсыздық нүктесін есептеу үшін қандай əдістер қолданылады?



17. Қауіпсіздік запасы дегеніміз не жəне оны CVP-талдау шеңберінде қалай есептейді?

18. Операциялық рычагтың күтілетін шамасын таңдауда компания нені басшылыққа алуы

керек?

19. Қандай сценарийлер  пессимистік жəне оптимистік деп аталады?



20. Инвестициялық тəуекелдерді бағалауда имитациялық үлгілеудің мəні неде болады?

1.9 Курстың саясаты мен процедурасы

Курсты  үйрену  студенттердің  міндетті  түрде  дəріс  жəне  тəжірибе  сабақтарына

қатысуын, барлық  ағымды  бақылау  түрлері  бойынша  уақытында  есеп  беруді, аралық

бақылаудан өтуді қарастырады. Тəжірибелік сабақтар мен СОӨЖ студенттермен аудиторлық

сағатта  жұмыс  нəтижелерін  тапсырумен  орындалады. Сткдент  объективті  себептермен

тəжірибелік  сабақтарға  жəне  СОӨЖ  қатыспаса, ол  оларды  өздігінен  жұмыс  нəтижелерін

тапсыру  арқылы  сабақтан  тыс  уақытта  орындайды. Ағымды  семестрдің  сынақ  аптасы

басталғанға дейін  үш қатыспаған  сабақты  тапсыруға  болады. СӨЖ  студенттермен  сабақтан

тыс  уақытта  таңдалған  тақырып  бойынша 10 беттен  кем  емес  реферат  жазу  арқылы

орындалады.  Аралық  бақылау  20  сұрағы  бар  тестілік  сауалнама  түрінде  екі  рет-  7-ші  жəне

15-ші аптада тапсырылады.

2  НЕГІЗГІ  ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ

2.1 Курстың тақырыптық жоспары  6-кесте түрінде құрылған, онда тақырып атауы мен

академиялық сағаттар саны нұсқалған.

6-кесте

Сабақ түрлері бойынша сағат бөлу

Академиялық сағаттар саны

Тақырыптың аталуы

Дəріс


Тəжірибелік

сабақтар


СОӨЖ

СӨЖ


1

2

3



4

5

1.  Инвестицияларды  басқарудың



мəні мен түрлері

2

1



3

3

2.



Инвестицияларды 

басқарудың

құралдары

2

1



3

3

3. Инвестицияларды  басқарудың  негізгі



ұғымдары

2

1



3

3

4.  Төлемдер ағындарын басқару



2

1

3



3

5. Портфельдік  инвестициялау  қаржы

ағындарын басқару əдісі ретінде

2

1



3

3

6.  Инвестициялық жобалардың мəні



9

2.2 Дəрістік сабақ конспектілері

1 –тақырып. Инвестицияларды басқарудың  мəні мен түрлері

Инвестициялық қызмет үрдістері жалпы экономикалық жағдайды, əсіресе өндіріс пен

инфляцияның  динамикасын, қаржы-несиелік  жүйенің  жағдайын  жəне  төлеуге  қабілетті

сұраныстың  деңгейін  айқындайды. Инвестициялық  қызметті  жүзеге  асырудың  негізгі

факторлары  өнім  өндіру  мен  қызмет  көрсету  қарқынын  жоғарылату, тұрғындардың

инвестициялық  қорларын  ұлғайту, экономиканың  экспорттық  салаларының  инвестициялық

мүмкіндіктерін ұлғайту болып табылады.

Пəнді оқып-үйренудің мақсаты:

- инвестициялардың экономика дамуындағы рөлін қарастыру,

- «инвестиция» ұғымын айқындау мен инвестиция түрлерін анықтау,

- кəсіпорынның  инвестициялық  қызметі  шеңберінде  инвестицияларды  басқару

əдістерін қарастыру.

Батыс  экономикалық  ғылымы  инвестиция  теориясын  макро  жəне  микроэкономика

тұрғысынан  қарастырады. Макроэкономикада  инвестициялау  мəселесі  мемлекеттік

инвестициялық  саясат, табыс  пен жұмыс  бастылық  тұрғысынан  қарастырылады. Дж. Кейнс

инвестицияларды  ағынды  кезеңде  пайдаланылмаған  табыс  бөлігі  ретінде  қарастырады.

Сонда  инвестициялар  жинақ  ақшаның  басқа  жағы  ретінде  рөл  атқарады. Жинақтар  мен

инвестициялар  арасындағы  тепе-теңдік  макроэкономикалық  тепе-теңдіктің  шарты  болып

табылады.

Нарықты реттеудің  классикалық теориясына сəйкес  осы шамалардың  тепе-теңдігінің

шарты – пайыз нормасы болып табылады, ол автоматты түрде инвестициялар мен жинақтар

тең  болғанда  орнатылады. Кейнс  теориясына  сəйкес  өзін-өзі  реттеу  жүзеге  аспайды.

Инвестициялық  үрдісті  реттеу  салық  жəне  бюджеттік  саясаттың  пайыз  ставкасының

шамасын  басқару  арқылы  жүзеге  асырылады. Сонымен  тұтынушылар  мен  өндірушілердің

күтулері мен мүмкіндіктері сəйкестендіріледі де, кризистік жағдайлар тоқтатылады.

мен түрлері

2

1

3



3

7. Жобаның

инвестициялық

қажеттіліктері  мен  қаржыландыру

көздері

2

1



3

3

8. Инвестициялардың  қаржылық-



математикалық негіздері

2

1



3

3

9.Кəсіпорынның 



құнды

қағаздарының  құнын  жəне  капитал

құнын бағалау

2

1



3

3

10.



Инвестициялық

жоба


тиімділігінің  негізгі  критерилері  мен

оларды бағалаудың əдістері

2

1

3



3

11. Инвестицияларды  бағалаудың

халықаралық əдістері

2

1



3

3

12.



Инвестициялық

жобалау


үрдісінде 

пайданы 


мақсатты

жоспарлау

2

1

3



3

13. Инвестициялық  жобаның  бизнес-

жоспары    мен  оны  бағалаудың

критерийлері

2

1

3



3

14.


Нақты 

инвестициялардың

тəуекелі

2

1



3

3

15. Инвестициялық 



жобалардың

тəуекелдерін талдау мен бағалау

2

1

3



3

Барлығы:


30

15

45



45

10

Инвестициялардың  қазіргі  теорияларының  ішінде  акселерациялық  теорияны  бөліп

айтуға болады, оның мақсаты өнім шығаруды ұлғайту болып табылады. Сонымен қатар өнім

шығаруды  ұлғайту  инвестор  үшін  табыс  көзі  болып  табылады. Сондықтан  бұл  теория

инвестициялық  үрдісті  бір  жақты  ғана  қарастырады. Пайдаға  негізделген  теорияға  сəйкес,

пайда  инвестициялық  шешімдерді  қабылдаудың  басты  жолы  ретінде  қарастырылады.

Ликвидтілік  гипотезасына  сəйкес  қаржыландырудың  меншік  көздері  инвестициялардың

басты  алғышарты  болып  табылады. Меншік  қаражат  жетпегенде  ғана  сырттан  қаражат

тартылады. Шаруашылық  субъектілердің  инвестициялық  əрекетінің  неоклассикалық

теориясы  инвестициялардың  ұтымды  шамасын  өндіріс  көлемі, өнім  бағасы  мен  капитал

шығындарына сəйкес анықтайды.

Инвестициялар – табыс алу мақсатымен қандай-да бір кəсіпкерлікке салынатын ақша-

қаражаттары, құнды қағаздар не ақшалай бағасы бар мүлік немесе басқа да құқықтар.

Инвестициялық қорлар ұйымдармен, физикалық тұлғалармен келесі түрде беріледі:

- қаржылық қорлар (еркін ақша-қаражаттары, құнды қағаздар);

- материалды активтер;

- материалды емес активтер;

- адамдық капитал.

Инвестицияларды  диверсификациялау – нарықтық  тəуекелді  төмендету  мен

қаржылық  тұрақтылықты  жоғарылату  мақсатымен  түрлі  тəуелсіз  салалар  мен  жобаларға

инвестицияларды салу стратегиясы.

Қаржылық  тұрақсыздық  пен  жоғары  бəсеке  жағдайында  үлестік  қатысу  негізіндегі

жобаларды қаржыландыру жүзеге асырылады.

Инвестициялық  қызмет  инвестициялар  нарығында  жүзеге  асырылады, ол  нақты

капсалымдар, құнды  қағаздар, интеллектуалдық  меншік  нарығы, жылжымайтын  мүлік

нарығы жəне т.б. болып бөлінеді.

Инвестициялық  қызметтің  субъектілері – инвесторлар, заказ  берушілер,

орындаушылар, қаржылық ұжымдар, пайдаланушылар жəне т.б. болып табылады.

Макродеңгейде  инвестициялар  шығындарды  азайтуға, өндірісті  модернизациялауға

ҒТП  жылдамдатуға, өмір  сүру  сапасын  жоғарылатуға, экономикалық  өсімге, əлеуметтік

проблемаларды шешуге, жұмыссыздықты қысқартуға жəне т.б. мүмкіндік береді.

Микродеңгейдегі  инвестициялар  өндірісті  ұлғайтуға, кəсіпорынның  техникалық

деңгейін  жоғарылатуға, өнім  сапасын  жоғарылатуға, пайданы  максималдауға  мүмкіндік

береді.


Инвестициялардың классификациясы:

- активтер  сипаты  бойынша – қаржылық  емес (немесе  нақты, капитал  құратын)

активтерге жəне қаржылық (немесе портфельдік инвестициялар) активтерге инвестициялар;

- инвестициялық  портфельді  басқару  сипаты  бойынша – тікелей (инвестордың

инвестициялау  объектісін  таңдауға  тікелей  қатысымен) жəне  тікелей  емес (инвестициялық

немесе қаржылық делдалдардың қатысуымен);

- инвесторлардың меншігі бойынша – жеке, мемлекеттік, шетелдік жəне біріккенн;

- инвестициялау кезеңі бойынша – қысқа жəне ұзақ мерзімді;

- орналастыруы бойынша – ішкі жəне шетелдік.

Инвестициялық  қызметтің  көздері: меншік  қаржы  қорлары  мен  инвестордың  ішкі

резервтері, заемдық  ақша-қаражаттары, тартылған  ақша-қаражаттары, мемлекеттік  бюджет

қаражаттары (мемлекеттік  несие, мемлекеттік  кепілдік, салықтық  инвестициялық  несие),

шетел инвестициялары.

Инвестициялық жобаларды қаржыландырудың негізгі түрлері:

- лизинг – 3 жəне  одан  да  көп  жылға  машиналар  мен  құрал-жабдықтарды  ұзақ

мерзімді жалға беру;

- форфейтинг – коммерциялық  несиені  банктыққа  трансформациялау  фомасы, ол

сатып алушының тауардың жалпы сомасына вексель шығаруымен байланысты;

- құнды қағаздар шығару – акциялар, облигациялар эмиссиясы жəне т.б.


11

Инвестицияларды  басқару - инвестициялар  мен  инвестициялық  саясат  мəселесімен

байланысты  ғылыми білімдер жүйесі.  Инвестицияларды  басқарудың мəні – таза табыс  алу

мен компания имиджін көтеру мақсатымен дұрыс жұмыс құрастыру.

Инвестицияларды басқарудың негізгі мақсаттары:

- кəсіпорынның бəсекеге қабілеттілігін өсіру;

- инвестицияланатын капиталдың  табыстылығын өсіру;

- фирманың кадрлық, өндірістік жəне экономикалық потенциалын дамыту.

Инвестицияларды тиімсіз пайдалану  – фирма банкроттылығының басты себебі болып

табылады.

Инвестицияларды  басқару – нақты  қаржылық  ағындарды  басқару  үрдісі. Оған

компания  капиталын, активтерін, ликвидтілігін  басқару,  инвестициялар  мен  бизнес-

жобаларды  жоспарлау  жүйесі, инвестициялар  портфелін  жасап  шығару, тəуекелді

минимизациялау кіреді.




  1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал