Бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы



жүктеу 156.21 Kb.

Дата13.09.2017
өлшемі156.21 Kb.

№32

(9626)

19 шілде

2014 жыл


e-mail:

janaarkagazeti@mail.

ru

Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылдың 17-қаңтарындағы

Қазақстан  халқына  Жолдауында  «Мәңгілік  ел-ата-

бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол

арман-әлем елдерімен терезесі тең қатынас құрып, әлем

картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз мемлекет

атану еді. Ол арман-тұрмысы бай қуатты, түтіні түзу ұшқан,

ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді.

Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің ір-

гетасын қаладық»,-деген болатын. Осыған орай Түгіскен

ауылдық округінде біршама жұмыстар атқарылып жатыр.

Жолдаудың екінші бағытында: «Болашақ – аграрлық сек-

торда,  әсіресе,  шағын  және  орта  бизнес  түріндегі  жаңа

өңдеу кәсіпорындары желісін құруда. Бұл тұста біз бизнесті несие арқылы қолдауға тиіспіз.

Фермерлер ұзақ мерзімді қаржыландыру мен өткізу нарықтарына делдалсыз, тікелей шыға

алатын болуға тиіс»,- делінген. Түгіскен ауылдық округінде қазіргі таңда тіркелген 31 шаруа

қожалығы бар, жұмыстары жақсы жүріп жатыр.  Мемлекеттен берілетін субсидияның да

көмегі зор.

Жолдаудың  бесінші  бағытында:  «Шағын  және  орта  бизнесті  дамыту-ХХІ  ғасырдағы

Қазақстанды индустриялық және әлеуметтік жаңғыртудың басты құралы»,- деп үндеу айтқан

еді. Түгіскен ауылында 8 дүкен, 1 наубайхана, 1 қымызхана, 3 шайхана бар. Жаңаарқа

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қолдауымен ауыл

тұрғындары шаштараз, жүргізуші мамандықтарына оқып жатыр. Келешекте  өз істерін

ашуға ынталары бар. Қазіргі таңда шағын және орта  бизнесті дамытуға көп жағдайлар

жасалған. Осы  мүмкіндіктерді қалт жібермей, болатты ыстық кезінде соғу керек. Жолдаудың

алтыншы  бағытында:  «ХХІ  ғасырдағы  дамыған  ел  дегеніміз-белсенді,  білімді  және

денсаулығы мықты азаматтар»,- деген болатын. Осыған орай Түгіскен ауылдық округінде

әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияның демеушілігімен 6 млн 800 мың теңгеге көп функцио-

налды хоккей (корты) алаңы салынды. 2014-2015 жылдары «Мақсат» шаруа қожалығының

демеушілігімен спорткомплекс салынады деп жоспарлануда. Алдымыздағы 2015 жылы

жаңадан күндізгі стационары, компьютерлері бар отбасылық дәрігерлік амбулатория салы-

нады деп көзделуде.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан ке-

дергісіз аймаққа айналуға тиіс. Біз оларды белсенді өмірге тартамыз, олар тек жәрдемақы

алып қана қоймайды, сонымен бірге, өздерін қоғамның мүшесі, пайдалы еңбеккер ретінде

сезінетін  болады»,-  делінген.  Түгіскен  ауылдық  округі  әкімі  аппаратында  Жаңаарқа

аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі арқылы 1 мүмкіндігі шек-

теулі адам жұмысқа тартылды. Б.Ілиясова компьютерде құжаттарды өңдеумен айналысады

және «Жеңіс» АТЗ ЖШС-не И.Ермаханов тұрақты жұмысқа тұрған. Елбасы Жолдауы –

жалпы Қазақстан халқының ертеңгі болашағының жарқын көрінісі, үміті мен армандары

ұштасқан айқын бейнесі.

Г.РАХИМБЕРЛИНА,

Түгіскен ауылы

Мәңгілік ел – жалпы қазақстандық

шаңырақтың ұлттық идеясы

ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСАМЫЗ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА

ҚАРСЫ ТҰРУ-БАСТЫ МІНДЕТ

Бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі-сыбайлас жемқорлыққа қарсы  күресу. Сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі мемлекеттік органдардың қызметін жүйелендіру және

күшейту мақсатында, «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-

қимыл жөніндегі  2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламаны бекіту туралы»

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  31-наурыздағы  №  308  Қаулысы

қабылданған  болатын.  Қабылданған  құжаттарға  сәйкес,  барлық  мемлекеттік  органдар

өзіндік құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлықпен күрес жүргізуге  міндетті. Осы салалық

бағдарламаға  сәйкес,  Жаңаарқа  ауданының  әділет  басқармасында  «Қазақстан

Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-  2015 жылдарға

арналған бағдарламаны іске асыру бойынша іс-шаралар» жоспары жасақталып, оның орын-

далуы  қамтамасыз  етілуде.  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күрес  саясатын  насихаттау,

құқықтық жалпылама оқуды өткізу бойынша жұмысты ұйымдастыру шегінде сыбайлас

жемқорлыққа қарсы күрес заңнамалары, Қазақстан Республикасы заңдарын қатаң сақтау

және  құқықтық  тәртіпті  көтеру  бойынша  аудандық  әділет  басқармасында  құқықтық

түсіндірме  жұмыстары  жан-жақты  жүргізілуде.

Жаңаарқа ауданының әділет басқармасы басқа да мемлекеттік органдар және қоғамдық

ұйымдар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлесе отырып, 2014 жылдың 6 ай ішінде сыбай-

лас жемқорлыққа қарсы күрес және оның алдын-алу мен болдырмау мақсатында бірқатар

жұмыстар  атқарылды.  Атап  айтқанда,  құқық  қорғау  және  прокуратура  органдарының

қатысуымен ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының, ҚР «Мемлекеттік

қызмет туралы» Заңының баптарына түсінік жұмыстары және сыбайлас жемқорлыққа қарсы

күрес тақырыбында  семинар-кеңес және дөңгелек үстелдер өткізу әдетке айналған. Мы-

салы,  13.02.2014  жылы  Жаңаарқа  ауданының  әділет  басқармасымен  «Сыбайлас

жемқорлықтың  алдын  алу  және  онымен  күресу  жолдары»  атты    тақырыпта  өткізілген

дөңгелек үстелге аудан прокурорының көмекшісі Д.Омарова, аудандық ІІБ басшысының

орынбасары Д.Тұяқбаев және Жаңаарқа аудандық сотының маманы Қ.Алпысова қатысты.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға байланысты басқармамен өткізілген шараға «Нұр

Отан»  партиясының  аудандық  филиалының  төрағасының  бірінші  орынбасары

А.Нығатайұлы    және  қоғамдық  ұйымдар  мен  атқарушы  органдардың,  мемлекеттік

мекемелердің және  жергілікті  баспасөз  өкілдері   қатысады. Басқармада мемлекеттік

қызметшілерінің  Ар-намыс  Кодексінің  нормаларын  бақылау  және  де  мемлекеттік

қызметшілерінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы туралы ақпаратқа жедел жауап

беру үшін аудандық әділет басқармасында  «сенім телефоны»  жұмыс істеуде және ол бо-

йынша түскен ақпараттарды тіркеу журналы бар.  «Сенім телефонының» нөмірі ауданның

«Жаңаарқа»  газеті  басылымында  басылып  шығарылды.  Жаңаарқа  ауданы  әділет

басқармасында жоғарыда аталған жұмыстар алдағы уақытта әлі де өз жалғасын табатын бо-

лады.


Ә.ӘБДІРАЗАҚОВ,

Жаңаарқа ауданының әділет басқармасының басшысы 

Жерлестерімізге жеңіс тілейміз!

Шілде айының басында  өткен аудандық

дәстүрлі спартакиада да жеңіске жеткен

спортшыларымыз  облыстық  дәстүрлі

спартакиада да аудан намысын қорғайды

деген болатынбыз.  Міне бүгін көптен

күткен күнде жетті. 17-шілде күні  аудан

әкімі  Ғ.Омаров  Қарқаралы  қаласында

өтетін облыстық дәстүрлі спартакиадаға

қатысушы  сайыпқыран спортшылары-

мызды  қабылдады. Спортшыларымыз

сайыста лайықты нәтиже көрсету үшін

аудан  әкімшлігі  тарапынан  алдын-ала

барлық  жағдай  жасалды.  Тартысты

додаға қатысушы спортшыларымызға аудан әкімі Ғ.Омаров және ардагерлер кеңесінің

төрағасы Қ.Әбеуов  сәттілік тілеп, осы жарыста жеңіспен оралуларына  тілек білдіріп,

шығарып салды.    



Өз тілшіміздін

ТАҒАЙЫНДАУ

1. Конкурстық комиссияның оң нәтижесін алған Бақытжан Мылтықбайұлы Мұқанов

"Жаңаарқа ауданының  құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы лауазымынан

босату арқылы 2014 жылдың 1 шілдесінен бастап Жаңаарқа ауданы әкімінің орынбасары

лауазымына тағайындалсын, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік қызмет туралы"

Заңының 12-1 бабы.

2. "Жаңаарқа ауданының  құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басшысы міндеттерін

атқару және мемелекеттік мекемесінің құжаттарына бірінші қол қою құқығы 2014 жылдың

1 шілдесінен бастап "Жаңаарқа ауданының  құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас

маманы Назарбеков Ербол Ризаұлына жүктелсін.

Негізі: Аудан әкімі аппаратының біріңғай конкурстық комиссияның шешімі (2014 жылғы

25 маусымдағы №5-5 хаттамасы) және Қарағанды облысы әкімінің аппаратының 2014

жылғы 01 шілде №04-25/100 келісім-хаты.

Жаңаарқа аудан әкімінің міндетін атқарушы 

Ю. БЕКҚОЖИН

14-шілде күні аудан әкімі Ғ.И.Омаров кезекті аппараттық кеңес өткізіп, аудан өміріне

қатысты бірқатар маңызды мәселелерді қарады. Кеңесті аудан әкімі  әдеттегідей өткен

аптадағы өткен маңызды іс-шаралардан бастады. Сондай-ақ, облыс әкімі және оның  орын-

басарлары берген тапсырмаларына тоқталып, одан туындайтын міндеттер жайында тиісті

сала басшыларына нақты міндеттер жүктеді. Кеңестің  күн тәртібінде ҚР «Ақпараттық

құралдар  туралы» Заңына сәйкес аудандық «Жаңаарқа» газеті редакциясының үстіміздегі

жылдың І жартыжылдығында атқарған жұмыстары, алдағы қысқы жылу беру маусымына

дайындық барысы туралы мәселелер қаралып осы салаларға жауапты басшылардың есебі

тыңдалды. Кеңесте қаралған мәселелер жөнінде аудан әкімі пікірлерін айтып, сын-ескерт-

пелер  жасап алда атқаратын жұмыстар жөнінде бағыт-бағдар беріп, тапсырмалар жүктеді.

Кеңесте сондай-ақ аудан өміріне қатысты басқада маңызды мәселелер қаралып, алдағы ап-

тада атқарылатын маңызды жұмыстар жөнінде тапсырмалар берілді.

Апта-Ақпарат

МІНДЕТТЕР ЖҮКТЕЛІП, 

ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ


19 шілде  2014 жыл

2

Аудандық  «Жаңаарқа»  газетінің   №28 (9622) 21 маусым  2014  жылғы   санында   Ақтау



ауылының  атын  Жолкен  Дүйсеновтің  атына  беру  туралы  шағын  жарнама  болды. Ақтау

ауылының   атын  өзгерту  керек  болса  оған  кешегі  Ақтаудың  іргетасын   қаласып,

еңбектің  отын  үрлеген,  ауылдың  атын  алдыңғы  қатарға  шығаруға   аянбай  тер  төккен

Шәкең (Шалғынбай)  бар емес  пе?- деген   ойға  қалдым. Шалғынбай  1936  жылы  «Келте-

тал»  колхозында  туған. Әкесі  Ынтықбай   колхоздың  жұмыскері  болып,   1941  жылы

Ұлы  Отан   соғысына  аттанып,  қаза  тапқан.   Жастайынан  жетім  қалған   Шалғынбайын

ертіп  анасы  Мәншен  Келтеталдан   Өркендеуге   көшіп  келеді.  

Менің   есімдегі   1952  жылы    он   колхоздың  орталығы   «Айшырақ  отгоны  құрылды.

Айшырақ  отгоны  жанынан    «Айшырақ»  жеті  жылдық  мектебі   және  интернат   ашылды.

Бүкіл  он  колхоздың  балалары   осы  интернатқа   жатып  сабақ  оқыды.   Біз  150  бала   осы

интернатта   жатып  сабақ  оқыдық.   Шалғынбай  бізге  бесінші  сыныпта  келді.   Ол

Айшырақтан   9-шақырым  қашықтықта   орналасқан  «Түйе»  базында  тұратын. Анасы

осында отырған  қойшыға   көмекші  қойшы  болды.  

Таңатпай  түйеге  мініп   сабаққа  келетін.    Келер  жылы   сабаққа  бір  келіп,   бір  келмейтін

болды.   Біз 7-сыныпты  бітіріп   кетіп  қалдық, ол  бір  отар  тоқты   алып,  шопанның   ақ

таяғын  қолына   алды.  Жоғарғы  оқуды  тәмамдап   ауылға  келгенімде   Шәкең   Жақсыбала

жеңгемізбен    отау    құрып,    қой    бағып      отыр    екен.    Содан    бергі    аралықта      өткен

жылдардың  барлығында   еңбектің   көрігін  қыздырған  Шәкең  маңдай  терінің  арқасында

жүз  қойдан  120, 130 қозы  алып,    «Құрмет  белгісі», «Еңбек  қызыл  ту», «Ленин»  орденін

кеудесіне   тақты.   «Социалистік  Еңбек Ері» атағына  ие  болып,  Мәскеу  көріп,  депутат

атанды.   Ауылымыздың   алға  басуына  барынша  атсалысқан   Шәкең   78  жасында

дүниеден  озды.   Жеңгеміз  Жақсыбала   екеуі  12  бала  тәрбиелеп, ұлын  ұяға, қызын  қияға

қондырды. 

Кеңестік  дәуір  ыдыраған  тұста  «Батыр»  шаруа  қожалығын  құрды.  Заманға  сай   үй

мен  жай  салынған  Сауғабай  жері   қазір  «Батыр»  ауылы  атанып  кетті.  Бүгінде  өзі

салған  сүрлеумен   ұлдары  келе  жатыр.  Мыңғырған  малын  өріске   айдаған  балалары

ауылымыздың   өркендеуіне   әкелеріндей   көмек   көрсетуде.   Балалары   әкесінің   көзі  ті-

рісінде  Ақтаудың орталығынан  батырға   лайық  етіп  зәулім  үй  салып  берді.  Кіші  баласы

Алматыда  кәсіпкер  болғанымен  туған  жер   өскен  өлкесін   ұмытқан  емес.  Ақтау  орта

мектебіне   заманауи  мектеп  құралын,  арқар  мүсінін,   ауыл  мәдениет  үйіне    музыкалық

аппаратура сыйға  тартқан  болатын.  Ал,  Азамат   баласы ауылда   өтетін   іс-шараларға  де-

меушілік   көрсетіп,  қамқор  болуда. 

Таяуда  ауылымызда  жоғарыда   айтылған  мәселе  бойынша   ақсақалдар    жиыны   өтті.

Сол  жиында    ауылымызға   еңбегі  сіңген   Шәкеңнің   өмір  жолдары,  жасаған  жұмыстары,

беделі  мен  абыройы,  жеткен  жетістіктері жайлы сөз  болды. Ауылымыздың  атына

Шәкеңнің  аты  лайық  деп  таптық. Ауылымызда   Шәкеңнің   көшесі  бар  болатын, енді

ауыл  аталса    бұл   «Еңбек  Еріне»  деген   құрмет  деп  білеміз. 

САҒЫНЖАН БЕРЛІБАЕВ, 

зейнеткер  ұстаз 

14-шілде   күні   ардагерлер  ұйымына  қарасты  ардагерлер    алқасының  келелі  кеңесі  өтті.

Кеңеске осы  ұйымның  мүшелері   қатысты. Күн  тәртібі бойынша   алғашқы  болып  ардагерлер

ұйымының   төрағасы   Қ. Әбеуов    сөз  алып,  атқарылған  жұмыстар  жайлы  баяндама жасады.

Баяндалған мәліметтерді тыңдаған алқа мүшелері атқарылған  жұмыстарға  оң  бағаларын  берді. 

Келесі  кезекте ардагерлер  ұйымының  алқа  мүшесі   Ғ. Төтеев  Ұлы  Отан  Соғысының   70

жылдығы    қарсаңына  дайындық    барысы    туралы    жоспарымен    бөлісіп,    алда    тұрған

міндеттердің  атқарылу  барысымен  таныстырып,   келер  күннің еншісіндегі  жұмыстарға  шолу

жасады. Алқа  мүшелері кеңестегі   мәселелерді талқылай  отырып,    ардагерлер  ұйымының

атқарған  жұмыстарына   қанағаттанып,  алдағы  міндеттерді    ұйымшылдықпен  атқару керек

деп  тарқасты. 

Өз тілшімізден 

Келер күннің кеңесі  



ОЙМАҚТАЙ  ОЙ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев үстіміздегі жылдың 12-ші маусымда Пре-

зидент жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінде он мемлекеттің азаматтары үшін визасыз

тәртіп  жүйесі  орнатылатынын  мәлімдеген  болатын.  Бұл  жаңалық  бүгінде  кең  талқылануда.

Өйткені, шетелдік инвесторлар мен туристерді тарту саясаты аясында, аталмыш шараны еліміздің

алға ұмтылысы ретінде қарауға болады. 10-шілде күні  осы тақырыпты толығымен қарастыру

мақсатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшы Р.Жошыбаев

ҚР Президенті алдында цифрлық арна желісіндегі бринфингте сөз сөйледі. 

*         *         *       *        *

13-21 шілде аралығында Астана қаласында физика пәнінен Халықаралық олимпиада өтеді. Биыл

Астана физика пәнінен 45-ші Халықаралық олимпиадаға қатысушы елдердің саны бойынша ре-

корд жаңартты. «Назарбаев» университетінің базасында өтетін олимпиадаға әлемнің 85 елінен

700  қатысушы  келеді.  Олимпиада  мақсаты-оқушылардың  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына

қызығушылығын арттыру, дарынды балаларды қолдау үшін қажетті жағдай жасау, ғылыми білімді

насихаттау. Олимпиадаға ұлттық физикалық олимпиадалардың жеңімпаздары құрамынан мектеп

бітіруші және жоғары сыныптардың оқушылары қатысады. Олимпиадаға қатысушы елдердің

команда құрамының саны квотамен анықталады. 

Жаңалықтар



ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫСЫ  БОЛҒАН

ЕР ШАЛҒЫНБАЙ

1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталған соң жүдеу ел жұпыны тіршілігін бастап бұрынғы

тұрмысын қалпына келтіруге  қам жасаған. Жаралы жігіттер мен жесір әйелдер, жас балалар бас

құрап ел болу әрекетіне кірісті. Мал басын көбейтуді ойлады.Мал азығын даярлайтын техниканың

жоқтығын, күш-көліктің  жетімсіздігін есептеген аудан басшылылары әр ауылдың ұйытқысы-

ақсақалдарын шақырып алқалы топқа малды көбейтудің жолын,бағудың тиімді жолын айтып-

сұрап кеңес өткізді. 

Ауданымыздың  ардагерлері Игіліков Тұтқабек, Жұмықов Әбдіқадыр, Төлеуқыз Тайшықов,

Жұмабеков  Оразалы,  Өскенбеков  Бидәулет,  Шожин    Кәдірсіз,  Түменбаев  Кәдірсіз,  Омаров

Тәжіғұл,  Бейсенбин Бекет, Қалдаяқов Аманбай, Қалқаманов Жәркен, Тоқсанбаев Нұғыман,

Қосаев Бөлекбай сияқты көрген ойы, көсем сөзі бар ел ағалары мен аудан басшыларының ақылы

бір арнаға құйылды. Оты мол, шөбі шүйгін, төскейі толы бастау мен бұлақ көсегелі қоныс, кең

өріс, байтақ өңір «Ақтаудан» алыс жайылым учаскесін (отгон) ұйымдастыру туралы фәтуаға ке-

лісті.


1950 жылдардың басына қарай сол кездегі «Киров», «Ынтымақ» , «Алғабас», «Өркендеу»,

«Атасу», «Түгіскен» колхоздарынының малы мен малшылары орналастырылды. Қазіргі «Ақтау»

жеріндегі «Ырғайлы», «Қорған», «Желтау», «Қабантау», «Дарат», «Айшырақ», «Кең қияқ» жер-

леріне шопандар  үйі, қой қоралар ірге көтерді.Алыс жайлау (отгон) орталығы «Айшырақтан»

мектеп ашып,онда мұғалімдер болып Омаров Әбдікәрім, Жәнібеков Оспан, Текебаев Самат,

Сәдуов Қайыркен, Омарбаев Еренғайып, Арынбеков Әділ, Орманбаев Рахым сабақ өткізді.

Ұйтқыбаев Баязит, Қожантаев Қаппас, Отарбаев Нығатай, Ыршыманов Төлеу, Оралбаев Айтбек,

Ақтаев Аппаз, Ынтықбаев Шалғынбай шопан болып еңбекке араласты. Бұл құтпан шопандардың

аты ауыл, аудан, облыс, тіпті республика аймағына  мәлімденді.1964 жылы «Ақтау» кеңшар болып

құрылғанға дейін мал-жайылым учаскесін (отгон) басқарушылар (начальник) болып әр жылдары

Игіліков  Тұтқабек,  Шожин  Кәдірсіз,  Тәсібеков  Сыздық,  Сейдімбеков  Аманбек,  Қалқаманов

Жәркен сиқты азаматтар  еңбек етті. 

Аймақ  «жері ырғайлы,ерлері шырайлы, малы шұрайлы ел» атанды. Кеңшар болып құрылғаннан

кейінгі шаруашылықтың өркендеп өсуіне Ынтықбаев Шалғынбайдың сіңірген еңбегі ерекше.

Шалғынбай 1952 жылдан 1995 жылға дейінгі 43 жылғы өмірі осында өтті. 43 жыл қой соңында

қытымыр қысын, шіліңгір шілдені тауда қой соңында өткізді. Еңбегі де, тапқан бақыты  да

«Ақтау» атымен айдарланды. Даңғайыр шопан халқының қалауымен болды. Мемлекет оған үлкен

құрмет көрсетіп, «Құрмет белгісі» «Еңбек Қызыл Ту», Ленин ордендерімен марапаттады. 1965

жылы мемлекеттің ең жоғарға марапаты «Социалистік Еңбек ерінің» алтын жұлдызын  кеудесіне

тақты.


Қадірлі қарт атанып Шалғынбай Ынтықбаев 77-ге  қараған шағында дүниеден озды. Ауылы-

ауданы  аза  тұтып    ақырғы  сапарға  шығарып  салды.  Шалғынбайдың  ордалы  ошағы  қазірде

Ақтауда. Өмірлік серігі Жақсыбала мен сүйікті ұл-қыздары әкелерінің табанының ізі мен еңбекпен

төгілген тері сіңген топырағында еңбек етуде. «Батыр» ауылы болып  аты   шыққан  мекен   бүгінде

іргесін  кеңейтіп , «Рамазан» ауылын  еншілеп  бөлек  шығарған.   Қос ауылдың  шаруасы

шалқыған.   Өріс толы қой, табын-табын  сиыр, қазақы жылқы басын көбейтумен айналысады.

Ата көріп,оқ жонған ұлдары елге үлгі, бұрын қой өсірумен айналысса, биыл қоймен бірге Ресей-

ден    80  бас  асылтұқымды  зеңгібаба    тұқымын  әкеліп  оларды  Ақтауға  жерсіндіріп  жатыр.

Сиырлардың  бұл тұқымы  етті, әрі сүтті ірі тұқымды.  Қазірдің өзінде ауылдастарымен  бірге

Қаражал қаласы, «Жайрем» кентінің  тұрғындарын   мал  өнімдері  ет пен маймен  қамтамасыз

етіп  келеді.    Ақтаудың   аты  ауызға  іліккенде  алдымен «Социалистік Еңбек ері»  Шалғынбай

Ынтықбаевтың  есімі  оралады.   Жерін елі, ерін елі ұмытпайды. 

Газет  бетіндегі  жарнама  маған  ой  салды.  Жалпы  Жаңаарқа  жұрты  «Ақтау»  дегенде

Шалғынбайды, Шалғынбай  дегенде Ақтауды бір санайды.   Бұл елінің еріне деген құрметі ғой.

Ел арасынан  шыққан еріне елінің құрмет көрсетуі айып емес.  

ЖАҚСЫБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ,

қарт ұстаз,  Еңбек ардагері,  Жәйрем кенті

Жерін елі-елі ерін ұмытпайды

ХАТ  ҚОРЖЫНЫНАН 

Сезімін әсем хал билеп, 

Домбырасын сәл күйлеп,

Игекең әнге салатын,

Даласын үні әлдилеп.

Әндері жігер шыңдайтын,

Өнердің жоғын мұңдайтын.

Әсері жасты шалқытып,

Кәрілер жылап тыңдайтын.

Домбырасын алғанда,

Шертіп бір әнге салғанда,

Ән ғана билік құратын,

Алапес жарық жалғанда.

ОМАРҰЛЫ ИГІЛІК-80  ЖАСТА

Арқаның   соңғы  серісі

Әнімен жаққан өшкенді,

Қондырған жұртқа көшкенді,

Әншіні шалған аяқтан,

Ұлтшыл деп ұлтқа өшпенді.

-Әртіске қалай теңеспек,

Кәсіби әртіс емес!-деп,

Кемітумен болды оны,

Қазаққа жауыз кеңес тек.

Санаға көркем нәр үнді,

Киесі дүлдүл арынды,

Шын сүйді ұлты ұлықтап,

Ұлым деп Ұлы дарынды.

Өріліп әнмен арманы,

Кеңітті ұлттық арнаны.

Өсіру өнер өрісін,

Өнерінің бар мәні.

Даладан жаны жаралған,

Рухынан елдің нәр алған,

Тұлғасы Біржан, Ыбырай,

Сияқты қайта оралған.

Саз қосып елдің сазына,

Үн қосып аққу, қазына,

Айналды әнші өнері,

Көңілдің керім жазына.

Делебеге желік кеп,

Ән салдық оған еліктеп.

Биіктер төрін сыйлады,

Жұлдызға даусын теліп Көк.

Таланты тауып бағытты,

Бұғауын әннің ағытты.

Кемеңгерден оқыған,

Шәкірттер қандай бақытты!

Тебірентті ол заңғар шыңдарды,

Шаттыққа бөлеп мыңдарды.

Кемелді ұрпақ өсірді,

Өзіне тартқан сындарлы.

Есімде сөзі, күлкісі,

Нұр кісі еді, гүл кісі.

Арқаның соңғы серісі,

Азаматтықтың үлгісі.

Көмейі әннің панасы,

Телегей, терең санасы.

Жұртына деген махаббат-

Рухани туған анасы.

Ғұмыры тауып мәнділік,

Әуенін алтын таңға іліп,

Орын алды халқының,

Жүрегінен мәңгілік!



ҚАЛКЕН СМАЙЫЛ

19 шілде 2014 жыл

3

ВИРУСНЫЕ  ГЕПАТИТЫ- это инфекционные заболевания человека, поражающие пре-



имущественно печень. По видам микроорганизмов-возбудителей и путям передачи выделяю

две группы вирусных гепатитов: 

ГЕПАТИТ А и Е- который передается через воду, пищу, грязные руки и т.п

ГЕПАТИТЫ В, С, Д - которые передаются через контакты с инфицированной кровью, при

половых контактах, при использовании чужой бритвой или зубной щеткой, а также от матери

ребенку во время беременности и/или родов. Данные разновидности гепатитов нередко пе-

реходят в хроническую форму, когда вирус медленно «подтачивает» организм, что через не-

сколько лет может привести к циррозу печени и другим тяжелым осложнениям. Источником

заражения может быть носитель вируса или уже больной человек. 

Вирусный гепатит Е широко распространен в странах с тропическим и субтропическим

климатом, а также в среднеазиатском регионе бывшего СССР. Вирус гепатита Е обнаружи-

вают в фекалиях в ранние сроки болезни в 15% случаев при легких и среднетяжелых формах

заболевания, при тяжелом течении его обнаруживают почти у 50% больных. Кроме того,

медики не исключают пищевой путь инфицирования, а также установлены случаи передачи

вируса контактно-бытовым и водным путем. 

Врачи предупреждают о высокой восприимчивости людей к этому вирусу, особенно у жен-

щин в III триместре беременности.

Считается, что вирусным гепатитом Е ежегодно заболевает около 1 млн человек, а в стра-

нах Азии на его долю приходится более половины всех случаев острого гепатита. Крупные

водные вспышки (с числом заболевших 15-20 тыс.) имели место в Индии, Бирме, Алжире,

Непале, республиках Средней Азии бывшего СССР (Туркмения, Таджикистан, Узбекистан,

Киргизия). 

В связи с тем что вирус передается преимущественно водным путем, вспышки заболевае-

мости наблюдаются в летне-осенний период. Вирус гепатита Е может передаваться через

плохо очищенную питьевую воду, недостаточно обработанные мясо, рыбу, особенно море-

продукты. 

Инкубационный период при гепатите Е имеет продолжительность в среднем около 40 дней

с колебаниями от 15 до 45 дней. Меры общей профилактики сводятся к элементарным прин-

ципам общей гигиены: мыть руки перед едой и после посещения туалета, не пить сырую

воду и воду из малознакомых источников. БЕРЕГИТЕ  СВОЕ ЗДОРОВЬЕ!



Жанааркинское районное управление по защите прав потребителей

Профилактика гепатита Е

2014  жылдың  сәуір  айының  17-күні  №195-V  Қазақстан  Республикасының  кейбір

заңнамалық актілеріне жол жүрісі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу

туралы Заңы қабылданып, 30 сәуір 2014 жылы күшіне енді.

Осы күннен бастап ҚР әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің  «Көлік құралын жүргізу

кезінде жүргізушінің  телефонды не радиостанцияны пайдалануы» үшін әкімшілік жаза

қолданғаннан  кейін,  бір  жылдың  ішінде  қайталап  жасалған  іс-әрекет  үшін  өзгерістер

қабылданғанға дейін жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, ол 12964 т. Көлемінде

айыппұл салуға әкеп соқса, кейінгі өзгерістерге байланысты он айлық есептік көрсеткіш,

яғни 18520 теңге көлемінде айыппұл салуға әкеп соғады. 

«Көлік құралдары жүргізушілерінің қозғалыстың белгіленген жылдамдығын арттыруы»

1.Көлік құрал жүргізушілерінің көлік құралы қозғалысының белгіленген жылдамдығын

сағатына оннан жиырма километрге дейінгі  шамаға арттыруы-он айлық есептік көрсеткіш

айыппұл салуға,

2.Көлік құралы қозғалысының  белгіленген  жылдамдығын сағатына жиырмадан қырық ки-

лометрге  дейінгі  шамадан арттыру -он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшеріне  айыппұл

салуға,

3.Көлік құралы жылдамдығын сағатына қырық километрден  асатын шамаға арттыру -отыз



айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4.Көрсетілген баптарда  көзделген әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде

қайталап жасалған әрекеттер -қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға

әкеп соғады. «Жүргізуші көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық

масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе)

уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беруі »

1.Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң

күйде  басқаруы,  сол  сияқты  көлік  құралын  алкогольдік,  есірткілік  және  (немесе)

уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру 

-үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан  айыруға әкеп соғады.

2.Авариялық жағдай туғызуға әкеп  соққан  нақ  сол әрекеттер 

-төрт жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

3.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, жәбірленушінің  денсаулығына  қылмыстық жа-

заланатын  әрекет белгілері  жоқ зиян келтіруге немесе көлік құралдарын, жүктерді, жол

құрылыстары мен өзге де құрылыстарды не өзге мүлікті бүлдіруге әкеп соққан әрекеттер

-бес жыл мерзімге  көлік құралын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.

4.Осы баптың  бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік  жаза мерзімі

өткеннен кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер,

-он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және алты жыл мерзімге көлік құралын  басқару

құқығынан  айыруға әкеп соғады.

5.Осы баптың төртінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза мерзімі өткеннен кейін бір  жыл

ішінде қайталап  жасалған нақ сол әрекеттер

-отыз тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және он жыл мерзімге көлік құралдарын басқару

құқығынан айыруға әкеп соғады және көлік құралдарын басқаруға қатысты, жол көлік

оқиғасына  байланысты міндеттерді орындамауына қатысты басқа да баптарға өзгерістер

енгізіліп,жауапкершілік күшейтілді.

2014 жылдың басынан бастап 1 айлық есептік көрсеткіш  1852 тенгені құрайтынын ескерсек,

жол көлік құралдарын  басқару ережелерін  бұзғандарға салынатын айыппұл мөлшері аз

емес  және қазіргі жұмыссыздық  жайланған заманымызда көлік құралы бір отбасын асырап

отырған табыс көзі деп санасақ, абайсыздықтың соңы едәуір ауырпашылыққа  тірейтіні

анық. 

Көлік  құралдарын  мас  күйінде    жүргізу-адам  өміріне  қауіп  төндіріп  келеді.  Елімізде



мыңдаған  адам осының салдарынан болатын жол апатынан көз жұмып, каншама адамның

мүгедек болып қалуынан бірден-бір себебі болып тұр. Сондықтан осындай оқиғаларды бол-

дырмау, оның  алдын алу мақсатында қабылданып жатқан Заңды құрметтейік.

Р.Е ЖҰМАЖАНОВА,

Жаңаарқа аудандық сотының мұрағатшысы         

ЗАҢ ТАЛАПТАРЫН БҰЗҒАНДАРҒА

ЖАУАПКЕРШІЛІК КҮШЕЙТІЛДІ

Жарамсыз  деп  танылсын



Асанов Жаңабек Өмірзақұлының атына берілген жеке басының куәлігі жоғалуына бай-

ланысты жарамсыз деп танылсын



******   ******  ******  ******

Транспорт орамы  № 2 үй 3 пәтердің иесі Тупейко Иван Яковлевичтің атына берілген

тіркеу кітапшасы, пәтердің жоспары және Тупейко Варвараның атына  пәтерді  сыйға беру

құжаттары жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын 



******   ******  ******  ******

Ахметбекова Бағдат Шәкәрбайқызының атына 1990 жылы Целиноградтік кооперативтік

техникумды «Бухгалтерлік есеп» мамандығы бойынша берілген  НТ-І 358549 дипломы

тіркеу нөмірі 17313  жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын 

Өспен   ауылына  қарасты  Еркіндік   ауылының   тумасы ардақты   әке,  қамқор  жар,   құрметті

ата   Сәтжанұлы  Тұяқтың арамыздан  алыстап, бақилық  болғанына  25-шілде   күні  жыл  то-

лады. Ардақты  әкеміз  жары Дәметкеннен   жастай  айрылса  да  қайғыға  мойымай   екінші ана-

мыз Қымбатпен  бірлесе   он  бала  тәрбиелеп,  мәпелеп,  қанаттыға   қақтырмай  өсіріп,  өндіріп,

ұлын  ұяға,  қызын  қияға  қондырған  жан.    Туған  жер  төріне  келіп,  елімен  қауышып,  дидар-

ласып  о  дүниеге  аттана  берген  ардақты   әкемізді  сағына  еске  аламыз.

Сүйікті  ұл,  қимас  бауыр, аяулы  жар,  сүйкімді әке Сәтжан  Қанат  Тұяқұлы не  бары  31  жа-

сында  жол  апатынан   көз  жұмды. Жарты  ғасырда  жасамаған  жан  бауырымыздың   алмаған

асулары,   көрмеген   қызықтары,  атпаған  таңдары  қалды.   Артында  аңырап  анасы,  бауырлары,

жары,  балалары   қалды.  Серілікті  серік  еткен,  аузын  ашса   көмейі  көрінетін,  досқа  адал,

інілік  ізеттілігі  жетерлік  бауырымыздың  сағымдай  болған   ғұмыры   қас  қағым  сәтте  үзілді.  

Жан   әке,  қорған  болған  баршамызға,

Жоқтықты  сезінбедік  арқаңызда.

Сағындық,  аңсап  сізді   әкетайым,

Орныңыз  тұр  үңірейіп  ортамызда.

Жар  сүйіп,  бала  сүйген  жан  бауырым,

Қазаның   тарттырдың  ау  ең   ауырын.

Үш  ботаң   өзіңді  аңсап,  елегзиді,

Көргендей   мына  өмірдің  жел  дауылын.

Жар  болып,  жаратқаным  жұмақта  бол,

Ұмытпас бауырларың ,    ел- ауылың.



Еске  алушылар жары-анасы-Қымбат,  Мәктәй,  Гүлдерай-Таймас, немерелері-балалары-

Әділет, Әділжан, Тоғжан, келіні-жары Қиягүл

Әкеміз  бен  бауырымыздың   қайтқандарына   жыл толуына  орай  шілденің  25  күні  сағат

13.00-де  Еркіндік   ауылындағы   Қаленқажы  ұрпақтары   Тұрсын  мешітінде  құдайы  дәм

беріліп,  құран  бағышталады 

Еске алу


Жаңаарқа  ауданының  тұрғыны,  ағайын-туыс  арасында  ардақты,  жора-жолдас,  дос-

жаранға  сыйлы,  қолы  ашық  сүйікті  ұл,  ардақты  да  қамқор  бауыр  Тайжанов  Дәулетбай



Қапбарханұлының фәниден бақиға озғанына 29-шілде күні 40 күн толып отыр. Бауырымыз

мүшел жастан шығып, 50 жасқа толып, той тойлаймын деп отырған кезде мезгілсіз өмірден өтті.

Жүрек төрінен орын алған жайдары жанның рухы жұмақ төрінде жайғассын деп құран бағыштап,

еске аламыз. Жаны жәннатта, тәні рахатта шалқып, рухына пейіш мекен болғай.

Жайсаң жанды баға жетпес асылым,

Өзің барда тау суындай тасыдым.

Ойсыраған орныңды толтыра алмай,

Сағыныштан көңіл жүдеп жасыдым.

Ортамызда еркін жүрген қыран едің,

Саған енді бұйырмады бұл әлем.

Иманыңды жолдас қыл деп енді тек,

Бір Алладан саған жұмақ сұрар ек.



Сағына еске алушылар: анасы-Рымжан, бауырлары, жолдастары

29-шілде күні сағат 13.00-де «Диас» мейрамханасында ардақты азаматымыздың өмірден

өткеніне 40 күн толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады

Қараағаш ауылының тұрғыны болған, қимас бауыр,  ардақты әке, асыл жар, аяулы ата



Нұрланов  Жақанның фәниден  бақиға  озғанына  24-шілде  күні  10  жыл  толады.  Әкеміз

алдымыздағы асқар тауымыз, алыста жүрсек тілеуқорымыз, қысылғанда ақыл айтар ақылшымыз

еді. Әкеміз анамызбен бірге ұлын ұяға, қызын қияға қондырып, немере, жиендерін көрген абзал

жан еді. Бала-шағасының, туған туыстың  қамқоршысы болған асқар таудай

әкемізді сағынышпен еске аламыз. Жаныңыз жәннатта, орныңыз жұмақта

болсын жан әке! 

Ұлағатты ұрпақтың тірегі едің,

Шаңырақтың шаттығы, жүрегі едің.

Жеткізем деп баршасын балалардың,

Амандықты Алладан тілеп едің.

Бірі едің ардақты әке асыл жанның,

Жүруші едің балалардың ойлап қамын.

Қимаймыз, қиналамыз сағыныштан

Мәңгілікке көз жұма кете бардың. 



Сағына  еске  алушыла:  жұбайы-Дина,  інісі-Сақан,  балалары-келіндері,  қыздары-

күйеубалалары, немерелері, жиендері.

1-тамыз күні сағат 13:00-де Қараағаш ауылының тойханасында әкеміздің өмірден өткеніне

10 жыл толуына орай құдайы дәм беріліп, құран бағышталады

Жаңаарқа ауданына  қарасты  Ақтау ауылының   өркендеуіне  үлес  қосып,  осында   еңбек

еткен,  кейінде Көктал ауылына  қоныс  аударып,  осы   ауылдың  тұрғыны болған батыр ана

Кәрімқызы  Төлеутай  Рысбеккелінінің фәниден  бақиға  аттанғанына

шілде айының 19-жұлдызында 1 жыл толады.

Баулып  бізді  еңбекке  сан  тер  төктің,

Шаршағаныңды  ұмытып  сан   бізді   өптің.

Арқа  сүйер  алып   күшім  өзің  ең,

Арамызда  жоқсың  ана,  сен  кеттің.

Сенің  арқаң  жан анашым  ер  жеттім,

Түн  ұйқыңды  бөліп  өзің  тербеттің.

Жұмақ  болып,  мәңгі  бақи   мекенің,

Дұғаларымыз  енді  сізді  тербетсін.  

Аяулы анамызды сағынышпен еске ала отырып, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа, қабірің

нұрға толсын деп дұға бағыштаймыз.



Еске алушылар: балалары,  немерелері, жиендері,  шөберелері 31-шілде күні сағат 13.00-

де Көктал ауылының мәдениет үйінде анамыздың өмірден өткеніне 1 жыл толуына орай

құдайы дәм беріліп, құран бағышталады

 Маман кеңесі 





Аудандық “Жаңаарқа” газеті редакциясы”

ЖШС басшысы - бас редактор

КӨШМАҒАНБЕТОВ Бахтияр Нақыпбекұлы

ИИК KZ47319F010000371320, БИН 010340002761, БИК ABKZKZKX, КОД 17,



РНН 240400001948, АО “БТА БАНК” г. Жезказган

Мекен-жайымыз: 100500, Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданы, Атасу кенті,



Тәуелсіздік даңғылы, 2 -үй. Телефондар: 2-85-45, бухгалтер 2-80-52, тілшілер бөлімі

2-71-01

МЕНШІК ИЕСІ:Аудандық ”Жаңаарқа“ газетінің ЖШС

Жарияланған мақала авторының пікірі редакция көзқарасын

білдірмейді

Жарнамалар мен хабарламалардың мазмұнына жарнама 

беруші жауап береді

Газет Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат 

министрлігі  18.06.2012 жылы тіркеліп,№12845 - Г куәлік

берілген.

Құрылтайшысы: Жаңаарқа ауданының әкімдігі

Газет “Арко” ЖШС баспаханасында басылады:

Қарағанды қаласы, Сәтбаев көшесі,15

Көлемі бір баспа табақ

Офсеттік басылым

Аптасына бір рет шығады

Индекс 66282

Тапсырыс №32

Таралымы 1570 дана

Тарату туралы хабарландыру

Жеке кәсіпкер А.Ш.Токпанова ЖСН 730401450282 өзінің таратылатыны туралы хабар-

лайды. Талап шағымдар осы хабарландыру жарияланған күннен бастап екі ай мерзім ішінде

мына мекен-жайда қабылданады: Б.Мұхамеджан  көшесі № 29-2 үй

Объявление

Открылся магазин «Все для дома». Большой ассортимент российской сантехники, люстр и дверей.

По низким ценам. Адрес: район «Халық мешіті» магазин «Индира».

Срочно продается!!!

Недорого продается благоустроенный дом улучшенной планировки с хозяйственными постройками,

хорошим садовым участком по улице Ш.Уалиханова дом № 42-1 и полдома по улице Ш.Уалиханова

дом № 43-2 (так же можно купить разную мебель в отличном состоянии и другие разные предметы).

Возможны варианты. Обращаться по телефонам: 87016605205, 87773218512, 87016135135.

Біздер үшін ең асыл жандар, асқар таудай әкеміз Әдікамов Сағынжан Рағнаұлын және

аяулы анамыз Оспанова Ғалия Ерғалықызын 50 жасқа толған туған күндерімен шын

жүректен құттықтаймыз. Бірі отбасының алтын арқауы болса, екіншісі шаңырағының

ұйытқысы, балаларының қамқоры болып отырған ата-анамыздың құттықтай  келе ден-

деріне саулық, қажымас қайрат, бақытты да баянды ұзақ ғұмыр тілейміз.

Жылдар өтіп елуге де келдіңіздер,

Нұр, шұғыла айналаға төктіңіздер.

Тіршіліктің суығы мен ыстығын да,

Тартып талай асулардан өттіңіздер.

Бұл күні думанды той қалықтасын,

Мерейтойда қабағың еш жабықпасын.

Шаттық тұңған көңілің күмбір күймен,

Ән-жырменен тербеліп шарықтасын.

Ақ тілекпен: балалары-Салтанат-Ержан, Жүмкен, Марат, жиені-Айым

Қадірлі ұлымыз, асыл бауырымыз Саят Нұртазаұлы қамал бұзар 40 жасқа толар туған

күнімен және сүйікті қызымыз, аяулы немереміз Айгерім Саятқызын мектеп бітірумен

шын жүректен  құттықтаймыз. Бізге қымбат екі жанға зор денсаулық, ашық аспан, мол

табыс  тілейміз.  Аяулы  қызымыз  Айгерімге  алдағы  жолы  ақ  болып,  қойған  барлық

мақсаттарына сүрінбей жете беруіне тілектеспіз.

Саятжан құтты болсын қырығыңыз,

40-тың бақшасында қыдырыңыз.

Берері аз болмасын бес күн жалған,

Ал қызыл гүлдей болсын ғұмырыңыз.

Елу мен алпыста да нар болғайсың,

Жетпіс пен сексенде де бар болғайсың.

Тоқсанның төбесіне шыққан шақта,

Немере-шөберелі шал болғайсың.



Ізгі ниетпен: ата-анасы Нұртаза-Жібек, аға-жеңгесі-Марат-Ғалия,  күйеубаласы-

қарындасы-Сайран-Ардақ және іні-келіндері Совет-Жанат, Сәбит-Жансая

Жаңаарқа ауданының тұрғыны, аяулы да сүйікті анамыз Сәрсенова Зәуре Әбдірахманқызын

24-шілде  күнгі  туған  күнімен  шын  жүректен  құттықтаймыз.  Алдағы  атар  таңыңыз

қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Деніңізге саулық, отбасына амандық, еңбегіне жеміс

тілейміз.

Алла берген қуатыңыз таусылмасын,

Өміріңіз қашанда жарқын болсын.

Ұрпағыңыздың қызығына демеу болып,

Көңіліңіз күндей болып жарқылдасын.

Бақ орнасын әрдайым басыңызға,

Жас қосылсын әрдайым жасыңызға.

Бала-шаға қызығын көріп талай,

Амандықпен жетіңіз жүзге қарай.

Ізгі тілекпен: балалары-Айдос-Айдана, Ақгүл,  немересі - Томирис

Аяулы қызымыз, сүйікті бауырымыз Жүнісова Айнагүл Қуанышбайқызын Астана

қаласы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия  ұлттық университеті, филология факультетін

үздік дипломмен аяқтап, гуманитарлық ғылымдар магистрі, академиялық дәрежесін алу-

мен шын жүректен құттықтаймыз. Саған зор денсаулық, бақытты өмір, алдыңа қойған

мақсатыңа еш сүрінбей жетуіне тілектеспіз.

Тілейміз бұл өмірде бақыт саған,

Тілейміз талмас қанат, асқақ арман.

Мәртебең биік болып әрқашанда,

Көрейік сені, қызым, заңғарлардан.

Қызғалдақтай жайнай берсін өмірің,

Судай толып көтерілсін көңілің.

Ешқашанда көңіліңді кір шалмай,

Бақытты да ұзақ болсын өмірің.



Тілек білдірушілер: ата-анасы-Қуанышбай-Рыскүл, бауырлары Айгерім-Алмаз,

Алуа-Тілеубай, Әсем, Жұмабике, Әділбек

Сниму квартиру

Сниму  благоустроенную квартиру  в центре района со всеми удобствами на длительный срок. Звонить

по телефонам: 87012184552, 87770739040.

Сатылады


Сары-тоқа көшесінде орналасқан № 17/2 үй сатылады. Үй 4 бөлмелі. Үйде су, телефон, гараж, қорасы

бар. Хабарласу телефондары: 2-72-16, 87784365685.



******   ******   ******  ******

Трудько  көшесінде  №  4/1-ші,  5  бөлмелі  үй  сатылады.  Үйге  еуро  жөндеу  жасалған.

Орталықтандырылған  су  жүйесі,  кәріз  жүйесі,  ішкі-сыртқы  әжетхана,  жуынатын  бөлме,

2-кі  жазғы  ас  үй,  гараж  скважинасы  және  мал  қора  скважинасымен  сондай-ақ,  шөп

сақтайтын  орнымен,  көмір-ағаш  қора,  үлкен  бау-бақша  жері  әртүрлі  жеміс  және  қарағай

ағаштары  бар.  Үйдің  маңайы  толығымен  төсемтасымен  төселіп  профлистпен  қоршалған.

Аялдамаға тақау. Хабарласу телефондары: Үй: 2-75-61, жұмыс: 2-86-98, сот:87025563535.

ЖШС «Орда Group»  12-тамыз  күні  сағат 15.00-де «Жоспар бойынша 2014-2015 жылдары

барит өндіретін Кентөбе кен орынындағы қоршаған ортаны қорғау жұмыстарына байланы-

сты»  жиналыс  өтетіні  туралы  хабарлаймыз.  Мекен-жайымыз:  ҚР  Қарағанды  облысы,

Жаңаарқа  ауданы,  Ақтау  ауылдық  округінің  мәдениет  үйінің  ғимаратында.  Қосымша

мәлімет алғысы келген азаматтар мына мекен-жайға  хабарласуына болады: ҚР, Қарағанды

облысы, Жаңаарқа ауданы, Ақтау ауылдық округі, 026 орам, Сейфуллин даңғылы № 13, 287

бөлім, телефон 87018004840. Электрондық нұсқаны мына электронды пошта арқылы біле

аласыз orda.group@mail.ru қосымша ұсыныстарыңыз немесе ескертулеріңіз болып жатса

осы элетронды поштаға жібере аласыз.



«Орда Group»  ЖШС

Объявление

ТОО  «Орда Group»   объявляет о проведении общественных слушаний по «Плану меро-

приятий по охране окружающей среды для месторождения (разработка) барита Кентобе на

2014-2015 годы». Слушания состоятся 12.08.2014 года в 15.00 часов, по адресу: РК, Кара-

гандинская область,  Жанааркинский район, Актауский аулный округ, в здании клуба. За-

интересованые лица и представители общественности могут предварительно ознакомиться

с материалами по плану мероприятий по адресу: РК, Карагандинская область, Жанааркин-

ский  район,  Актауский  аульный  округ,  026  учетный  квартал,  287  участок,  телефон

87018004840. Электронный вариант материалов проекта можно запросить по адресу элек-

тронной почты: orda.group@mail.ru, также на указанный адрес принимаются замечания и

предложения.



ТОО  «Орда Group»   

Хабарландыру

Қараағаш ауылының мәдениет үйінде «Ауылым – алтын бесігім» атты ән кеші өтті. Осы кешке

аудандық мәдениет бөлімінің басшысы А.Түсіпов, аудандық мәдениет үйінің директоры А.Исина

қатысты. Бұл ән кеші ауыл тарихына және Жаңаарқаның 85 жылдығына, С.Сейфуллиннің 120

жылдығына, И.Омаровтың 80 жылдығына арналды.   Кеш «Ынталы» халық аспаптар ансамблінің

сүйемелдеуімен «Жаңаарқа вальсі» әнімен ашылды. Әдемі әзіл, ән-күймен өрілген кешке халық

риза  болды.  Өнерпаздар  Б.Сартаев,  А.Зейнуллин,  Б.Ондыбаев,  Е.Мырзағұлов,  А.Бақышова,

Т.Төлекова, Ә.Жәкенова, М.Жанғозиндердің  өнері халық  көңілінен шықты. Ақын Б.Асановтың

«Арнау» өлеңі Қараағаштың қасиетін аша түсті. Ән кеші М.Көпжасаровтың «Қараағашым» атты

әнімен аяқталды. Кеш соңында аудандық  мәдениет үйінің директоры А.Исина ақ тілегін айтып,

өткен байқаулардың жүлдегерлерін марапаттады.



Т.ЖУХИН

ӘН КЕШІ 

МӘДЕНИЕТ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ

Жарамсыз  деп  танылсын



Абдырахманов Асылхан Зейнуллаұлының “Volswagen Golf” автокөлігінің №279ВYA09

жоғалуына байланысты жарамсыз деп танылсын






©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал