Б. З. Кенжегулов


№ 2.3 тақырып. ҚР сәйкестікті растау жүйесі туралы ереже



жүктеу 0.63 Mb.
бет28/38
Дата16.02.2022
өлшемі0.63 Mb.
#17297
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38
standarttau

№ 2.3 тақырып. ҚР сәйкестікті растау жүйесі туралы ереже.


Сәйкестікті растау жүйелері (1 сағат)

  1. ҚР сәйкестікті растау жүйесі туралы ереже.

  2. Сәйкестікті растау жүйелері. ҚР мемлекеттік сөйкестікті растау жүйесі (МСЖ). Жалпы ережелері. Жүйенің ұйымдастырушы құрылымы және сәйкестікті растау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру.

  3. Сәйкестікті растау бойынша органдарға және сынау зертханаларына қойылатын талаптар.

Сәйкестік туралы декларация да, сәйкестік сертификаты да бірдей заңды күшке ие болады.

Сәйкестігі сәйкестік сертификатымен немесе сәйкестік туралы декларациямен расталатын өнімдер мен көрсетілетін қызметтердің (жұмыстардың) тізілімдері Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітіледі.

Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сәйкестік сертификатысыз және (немесе) сәйкестік Белгісісіз немесе сәйкестік туралы декларациясыз босатуға тиым салынады.

Міндетті түрде сертификаттауға жататын өнімдерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, егер олар Қазақстан Республикасында сертификаттаудан өтпеген болса жарнамалауға тиым салынады. Сертификаттау жөніндегі заңнаманы бұзған тұлғалар ҚР заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.


2 Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде негізін қалаушы нормативтік (құқықтық, әдістемелік және техникалық) құжаттар қолданылуы тиіс. Сертификаттау жөніндегі заңнама Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңынан және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілерінен құралады.

Қазақстан экономикасында өтіп жатқан өзгерістерді ескере отырып 1999 жылы ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының орнына халықаралық заңнамамен үйлестірілген ҚР «Сертификаттау туралы» Заңы қабылданған болатын. Соңынан 10 маусым 2003 жылы бұл Заңға өзгертулер енгізілген және толықтырылған. 9 қараша 2004 жылы ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңы қабылданып, ҚР «Стандарттау және сертификаттау туралы» Заңының күші жойылды.

ҚР «Техникалық реттеу туралы» Заңында техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган және оның сертификаттау саласындағы қызмет бағыттары белгіленген. Заң Қазақстан Республикасында өнімді, сапа менеджменті жүйелерін, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сертификаттаудың құқықтық негіздерін тағайындайды, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттерін және жауапкершілігін айқындайды.

Техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитетпен Қазақстан Республикасынды сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін реттеуші нормативтік құжаттар (мемлекеттік стандарттар, ережелер, ұсынымдар, әдістемелік нұсқаулар және т.б.) әзірленген.

Қазіргі күнге Қазақстан Республикасында міндетті және ерікті сертификаттауға қатысты жүзден артық нормативтік құжаттар жұмыс істейді.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің нормативтік базасы төмендегі құжаттардан (мемлекеттік, мемлекетаралық, халықаралық, басқа елдердің ұлттық) құралады: стандарттар, санитарлық ережелер мен нормалар, құрылыстық нормалар мен ережелер, бекітуден өткен рецептуралар жинақтары, анықтамалық ақпараттық материалдар және т.б. оларға сәйкестікке өнімді сертификаттау жүргізілетін нормативтік құжаттар;

өнімді сынау әдістеріне нормативтік құжаттар;

сапа менеджменті жүйелеріне нормативтік құжаттар;

ҚР Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің салааралық комплексінің нормативтік құжаттары.

Сертификаттау жөніндегі ҚР Мемлекеттік стандарттары үшінші салааралық стандарттар тобына жатады (ҚР СТ 3. ) және сертификаттау объектілері мен процедураларына бірыңғай нормалар мен талаптарды тағайындайды.

Сертификаттау жүйесінің өзіндік, сертификаттау жұмыстарын жүргізу ережелері және басқару рәсімдері болады.

Сертификаттау жүйелері үлттық (мемлекеттік), мемлекетаралық, өңірлік және халықаралық деңгейде қалыптастырылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі мемлектеттік басқару органдарының, Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан меншіктің барлық түрлеріндегі кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай - ақ басқа елдердің фирмалары мен ұйымдарының қатысуы үшін ашық болып табылады. Аталған кәсіпорындар, фирмалар мен ұйымдар ҚР МСЖ ережелерін мойындауы және орындауы міндетті болып табылады.

ҚР МСЖ-сі шығарушылар, тұтынушылар, қоғамдық ұйымдар. сертификаттау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтары) үшін, сондай- ақ басқа да мүдделі заңды және жеке тұлғалар үшін ақпаратқа еркін қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Сертификаттауға қатысушылар мыналар болып табылады:

техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган;

акктериттеуден өткен өнімдерді, процестерді, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сертификаттау жәніндегі органдар

аккредиттеуден өткен сынақ зертханалары (орталықтары);

аккредиттеуден өткен аккредиттеу саласында консалтин қызметін көрсету жөніндегі ұйымдар;

сертификаттау жөнендегі сарапшы- аудиторлар.

Өнімдерді, көрсетілетін қызметтерді, жұмыстарды, сапа менеджментінің жүйелерін сертификаттау жөніндегі жұмыстарды Қазақстан Республикасының әртүрлі өңірлерінде орналасқан 100 ден артық сертификаттау жөніндегі органдар және 300 жуық сынақ зертханалары (орталықтары) жүзеге асырады.

Сәйкестікті куәландыру және аккредиттеу жөніндегі жұмыстарды басқаруды техникалық реттеу және метрология жөніндегі Комитет – Қазақстан Республикасы үкіметімен тағайындалатын техникалық реттеу және метрология жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.

Мемстандарт өзінің лауазымы және құқықтары шегінде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізеді және басқарады.
Өздік бақылауға арналған сұрақтар:

1 «Сертификаттау» дегенді қалай түсінесіз?

2 Сертификаттау объектілеріне қандай объектілер жатады?

3 Сертификаттау жөнінде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қандай құжаттар берілуі мүмкін?

4 Сертификаттаудың негізгі мақсаттары неде?

5 Сәйкестікті растаудың заңнамалық негізі қандай?

6 Мемлекеттік сертификаттау жүйесіне кіретін стандарттарды атаңыз.

7 Мемлекеттік сертификаттау жүйесі қандай негізгі мәселелерді тағайындайды?

8 Сертификаттауға қатысушыларды атаңыз.


жүктеу 0.63 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   38




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет