Б. момышұлының Өсиеті өміршең нақыл сөздері



жүктеу 75.84 Kb.

Дата08.09.2017
өлшемі75.84 Kb.

KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



255 

 

 



 

 

 



Б. МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨСИЕТІ ӨМІРШЕҢ НАҚЫЛ 

СӨЗДЕРІ 

 

KAZAK MİLLİ KAHRAMANI VE ASKERİ  ŞAİR YAZAR 

BAUIRCAN MOMIŞULİ’DE ÖZDEYİŞLER VE NÜKTELER 

 

IN THE WORKS OF KAZAKH NATIONAL HERO AND 

MILITARY POET-AUTHOR BAUIRCAN MOMIŞULİ 

APHORISMS AND WITTICISMS 

 

 

Құдайберген МƏМБЕТОВ

*

 

 

 



Резюме 

Мақалада  қазақтың  біртуар  перзенті,  жауынгер  ақын-жазушысы 

Бауыржан  Момышұлының  қаламынан  туған  мақал-мəтелдер,  нақыл  сөздері 

жайлы  сөз  қозғалады.  Б.  Момышұлының  əрбір  айтқан  сөзінің  терең 

мағыналылығы  соншалық,  олардың  барлығы  халық  арасында  өшпейтін 

өсиетке айналып кеткен.   



Кілт  сөздер:  Б.  Момышұлы,  ақын-жазушы,  жауынгер  жазушы,  мақал-

мəтелдер, нақыл сөздер, насихат сөз, дидактикалық əдебиет. 

 

Özet 

Yazar bu makalede; Kazak halkının bir milli kahramanı olan askeri konularda 

yazan, şair Bauırcan Momışuli’nin eserlerindeki özdeyişlerinden ve nüktelerinden 

söz edilmektedir. 

Bauırcan’ın eserlerindeki özdeyişleri birer atasözü niteliğindedir. Bu sözlerin 

çok derin anlamları bulunmaktadır. Yazıda ayrıca Bauırcan’ın eserlerindeki nükte-

ler de ele alınmaktadır. Bunlar didaktik edebiyatın önemli unsurlarıdır. 

Anahtar kelimeler: Askeri şair-yazar Buırcan Momışuli, özdeyişler (aforiz-

malar), didaktik edebiyat 



 

                                                 

*

 Филология ғылымдарының кандидаты/KAZAKİSTAN 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



256 

Abstract 

The article speaks of proverbs and sayings, aphorisms born from the feathers of 

militant poet-writer, the unique son of the Kazakh people Bauyrzhan 

Momyshuly.The meaning of each spoken word Bauyrzhan Momyshuly so deep 

that it had turned into an edifying word among the people. 

Key words: B. Momyshuly, poet-writer, a military writer, proverbs and 

sayings, aphorisms,  instructive word, the didactic literature. 

 

 

 



Ежелден  келе  жатқан  қазақтың  халықтық  мақал-мəтелдері – 

дидактикалық  əдебиеттің  көркемдік  негізі.  Мақал-мəтелдер – фольклордағы 

дидактикалық  ғибрат  үлгілері.  Б.  Момышұлының  мақал-мəтелдері  қазақтың 

халық ауыз əдебиетінің үлгісінде қалыптасқан. 

Бауыржан  Момышұлының  қаламынан  туған  мақал-мəтелдерінде,  нақыл 

сөздерінде  əрбір  сөз  тіркесінде  терең  мағына  бар.  Оларды  өсиеті  өміршең 

нағыз нақыл сөз бен мақал-мəтелдер десек қателеспейміз. Б. Момышұлының 

(Орталық мемлекеттік мұрағаттың жеке қорында №1432) жүз жиырма үштен 

астам мақал-мəтелдері бар. 

Мақал-мəтелдің табиғаты жайлы фольклорист ғалым Б. Адамбаев былай 

дейді: «Мақал-мəтелдер – халықтың сан ғасырлық көрген-білгенінен, бастан 

кешкен  уақиғаларынан  қорытқан  ақыл-ойының  жиынтығы,  анықтамасы, 

табиғатта,  өмірде  үнемі  қайталанып  тұратын  уақиғалармен,  құбылыстармен 

байланысты  туған  тоқсан ауыз сөздің  тобықтай  түйіні» [Адамбаев 1989: 15-

16]. 

Ендеше  Бауыржан  Момьшұлының  мақалдары  да  құрғақ  жерде  пайда 



болған  нəрсіз,  сөлсіз,  əйтуір  ұйқастыра  салған  үйлесім  тапқан  бос  сөздер 

жиынтығы емес. Ол – ойдан, толғаныстан, өмірлік тəжірибеден, көңілді селт 

еткізер  бір  сəттік  құбылыстан  туған,  халық  даналығының  мəйегінен  қанып 

шыққан  жанды  сөз.  Оны  біз  əдебиетші  ғалым  академик  Р.  Бердібаевтың 

ойымен  келтірсек: «Əйгілі  қолбасшы  И.В.  Панфилов  «Өткір  сөз  бен  үшкір 

найза  батыл  шабуылда  біріне-бірі  көмек  болады»  деп  текке  айтпаса  керек. 

Василий  Клочковтың  «Шегінетін  жер  жоқ,  артымызда  Москва!»  деген 

ұлағатты сөзі сияқты Бауыржан Момышұлының да қанатты сөздері майданда 

кең тарағаны мəлім» [Бердібаев 1979 : 120]. 

Жалпы Бауыржан Момышұлы тудырған əр мақалдың өзіндік бір тарихы 

бар. «Ой  түбінде  жатқан  сөз  шер  толқытса  шығады»  деп  Асанқайғы 

айтқандай,  іште  жатқан  ой  түбінде  сыртқа  шықпай  ма?!  Ол  жай  шықпай, 

алып таудың астында талай жылдар, ғасырлар бойы жиналған ыстық лавадай 

бар  күшіне  лықсып  шығып,  бар  қысымымен  бұрқ  ете  қалады.  Ондай  өткір 

сөздің  қызуы,  оты  күшті  болады.  Міне,  Бауыржан  Момышұлының  да  ойы 

осындай ыстық қордаланған сезімдерге толы болып келеді. Сонымен бірге ол 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



257 

тұнық та терең, сабырлы да байсалды сөз асылы, ұрпақтан-ұрпаққа қалатын, 

ұлағатты ұстаздың сыйындай нақыл сөздер. 

Бұл  жайында  Бауыржан  Момышұлының  соңғы  он  жыл  өмірінде  бір 

болған  зайыбы  Ж.  Егембердиева  «Өмірінің  өзі  дастан»  атты  естелік  роман 

эссесінде: «Баукең – жазушы  ғана  емес,  ақын  адам,  қазақ  халқының  бай 

мақал-мəтелдерін,  фольклорын,  өткен-кеткен  тарихын  терең  білетін  зерделі, 

зерек,  өзі  қанатты  мақал-мəтел  жазып  кеткен  білімдар,  ғұлама  да» [Ж. 

Егембердева 1990 : 319] деп жазады. 

Халқымыз: «Өнер  алды  қызыл  тіл»  деп  бекер  айтпаған.  Бұл – даналық, 

тазалық  бұлағы,  өмір  қайнары.  Ол  ізгілікті  еміп  өскен  мойымас  рухтың,  əр 

тамшы  қанына  сіңген  кемеңгерлік  кемел  ойдың  кені  іспеттес.  Адамзат 

санасындағы  ақыл-ойдың  інжу-маржандары,  ғасырлар  жемісі. «Мақал-мəтел 

атасы – сөз», «Сөз  анасы – құлақ»  деген  халқымыз.  Өйткені  айшықты  сөз 

өнерін  зер  сала  тыңдайтын  құлақ  дүниеге  келген  асыл  мұрасы  мақал-

мəтелдер  мен  нақыл  сөзін  ұрпақтан-ұрпаққа  қастерлеп  жеткізіп,  уағыздап 

келген.  Ақын  игілігі  көпке  ортақ.  Өзекті  жарып  шыққан  өнеге  көпке  ортақ. 

Бірдің тапқаны баршаға бірдей. Себебі адамзаттың тарих көшінде, бүкіл өмір 

жолында  ізгілік  пен  адамгершілік,  жақсылық  пен  шындықты  мақал-мəтел, 

нақыл сөздерінде əдемі жеткізе білген. Баукеңнің өзі халқы жайында: «Менің 

халқым – жер бетіндегі қасиетті халықтардың бірі. Себебі табиғаты таза, ар-

ұжданын  саудаға  салмаған,  адам  сүю  сезімі  сарқылмаған,  бұзылмаған, 

жарылмаған халық. Бір сөзбен айтсам, ақын халық» [Бауыржан батыр 1991 : 

3] деген еді. 

Нақыл  сөздер  мен  мақал-мəтелдер – тарихтың  ескерткіші,  ақыл-ойдың 

өшпес,    өзгермес  жəдігері,  даналықтың  тобықтай  түйініне  айналған 

туындысы.  Мақал-мəтелдер – бейнелі  пікірді  аз  сөзбен  ықшам  түйіндеуді, 

мəнерлі  ырғақ  пен  ішкі  үндестікті,  əдемі  ұйқас  пен  өткір  өрнекті  барынша 

қажет  ететін  əдебиеттің  ең  қиын  түрі.  Сондай  бейнелі,  өрнекті  мақал-мəтел, 

нақыл сөздер ана тіліміздің əдемі үлгісімен кейінгі ұрпаққа мол мұра ретінде 

келіп жетті. 

«Көп  жасағаннан  сұрама,  көпті  көргеннен  сұра»  дейді  халық.  Мақал-

мəтелдер  өмір  тəжірибесі.  Бауыржан  Момышұлы  қиын  сəтте,  қиын  кезде  өз 

атын  қанатты  сөзбен  өрнектеп,   шешен      тілмен      кестелеген.   Автордың   

мақал-мəтелдері жалпы əртүрлі жағдайға байланысты туындап отырған. Олар 

сан-салалы.  Бірінде  өмір  туралы  ой  өрнектелсе,  екіншісінде  еңбек  жайлы 

өнеге  ұсынылады,  үшіншісінде  ерлік  мəні  ашылады. «Бірақ,  біз  майдан 

шебінде,  үгіт-насихат  ісінде,  оларды  жағдайға  байланыстырып,  айтқан 

сөздеріміздің 

тұжырымды 

қорытындысы 

ретінде 


пайдаландық.   

Жауынгерлер  оған түсініп отырды. Халқымыздың  мақал-мəтелдері  өзіміздің       

тəжірибемізден алған қорытындыларымыз найза мен оқ сияқты қолымыздағы 

жарақ болып, бізді кезінде қаруландырып, көңілімізге əжептəуір тірек болып 

отырды» [Бауыржан батыр 1991 : 3] деген еді Бауыржан Момышұлы. 


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



258 

Мақал-мəтелдерді  жастайынан  жаттап,  халық  педагогикасын  жадына 

сақтап өскен Бауыржан  Момышұлы  ұлттық  тəрбиеге  де  көп  көңіл  аударған. 

Бауыржан  Момышұлы  бата-тілекке  де  ерекше  көңіл  бөлген.  Ол    «Москва 

үшін  шайқас»  романының  «Ақ  бата – ізгі  тілек»  деген  тарауында  жау 

қоршауынан  құтқарылған  Мəскеу  түбіндегі  бір  селода  қалың  елдің  алдында 

қарт ана Вика апайдың жауынгерлер мен оның командирі Бауыржанға: «Қош 

бол, балам! Жаратқан жар болсын! деген батасы жеңіске дем беруші болды. 

«Баталы  құл  арымас!» «Жаным – арымның  садағасы»  деген  ата  дəстүрін 

ұстап,  өлім  қаупіне  бас  байлап,  соғысқа  еніп  кеттік.  Ар  кіндігі  Мəскеу 

артымызда «Жол болсын» деп қол бұлғап тұрғандай болды, - деу арқылы ел 

тілегі ерді өлімнен сақтайды, «Көп тілеуі – көл». 

Сондай-ақ «Бата» атты əңгімесінде, туған аулына келіп, ынтымағы кеткен 

елді, қадірі жоқ кемпір-шалды, берекесіз, бейбастақ келін мен қызды, дөрекі, 

масаң бозбаланы көріп ызаланған Баукең дастарханаға ас қайырып, үй иесіне 

бата  бергенде  де,  бұрынғы  халықтық  бата-тілекті  қайта  жаңғыртып, «Я, 

құдай,  дозақтың  отынан  сақта,  қаңғыған  оқтан  сақта,  парақор  соттан  сақта, 

кірлі сумен жуыстан сақта, ынтымақсыз туыстан сақта, қапажүрек батылдан 

сақта,  көкдолы  қатыннан  сақта,  колхозды  жеген  бастықтан  сақта,  намды 

басқан  кесірден  сақта,  кеудесін  керген  келіннен  сақта,  мезгілсіз  келген 

өлімнен сақта, татымсыз тұзыңнан сақта, ұятсыз қызыңнан сақта, жастарында 

əдеп  жоқ,  өлгенінде  бəтуа  жоқ  құр  айғай,  шат-шəлекей  даңнан  сақта!» 

[Бауыржан  батыр 1991 : 308] депті.  Бата  беруі  тұнып  тұрған  тəлім,  өзіндік 

үлгі-өнеге, өлмес, ескірмес өсиет. 

«Баукең шығыс, батыс елдерінің көне заманнан осы жаңа заманға дейінгі 

ойшыл  философтарының  біршама  еңбектерін  оқып,  бойына  сіңіре  білген, 

өзінің  де  өмірге  деген  философиялық  ой-пікірі  бар,  тұжырымы  терең 

психолог,  философ  кісі» [Ж. Егембердева 1990 : 319] дейді  жазушы  Ж. 

Егембердиева. 

Бауыржан  Момышұлының  нақыл  сөздері  құнарлы  ойдың  құнды 

қазынасы  екендігі  даусыз.  Елдің  ерлігі,  ердің  ерлігі  сыналған  сұрапыл 

жылдардан  жеткен  сол  нақыл  сөздерде  қазір  де  халыққа  керек,  келешекке 

қажет дүниелер молынан кездеседі. Өйткені аталарымыз бен əкелеріміз біздің 

ашық аспан аясында бейбіт тіршілік етуіміз үшін от кешіп Отанды қорғады. 

Өмірді  сүйіп,  өліммен  белдесті,  жеңісті  жақындатып  өздері  құрбан  болды. 

Ендеше  сол  күндерден  жеткен  Бауыржан  Момышұлынан  қалған  ұлағатты 

сөзді  ұмытпау  əрқайсымыздың  борышымыз.  Бауыржан  Момышұлының 

бойындағы ізгі қасиетттердің қалыптасу негізі халқымыздың гүлге қонып бал 

іздеген  арадай  сан  ғасырлар  бойы  жинақтаған  əдет-ғұрып,  салт-сана,  тəлім-

тəрбие дəстүрі мен іштей түлеп сұрыпталған рухани мəдениетінде жатыр. 

Б. 

Момышұлы: «Халқымыздың 



мақал-мəтелдері, 

өздеріміздің 

тəжірибеден  алған  қорытындыларымыз  найза  мен  оқ  сияқты  қолымыздағы 

жарық болып бізді кезінде қаруландырып, көңілімізге əжептəуір тірек болып 

отырды. Дұрысы – жəрдемдесті...» [Бауыржан батыр 1991 : 86].  


KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



259 

Бауыржан  Момышұлының  Орталық  мемлекеттік  мұрағатта  (ҚРОММ, 

1432. Қор. 2-тізімдеме. 45-іс. 7 б.) сақталған «Офицердің майдан дəптерінен» 

атты жинағындағы «Нақыл сөздерде» жауынгер жазушы, ақын Б. Момышұлы 

Ұлы Отан соғысының отты жылдарында офицердің майдан дəптеріне сарбаз 

солдаттармен  күні-түні  бірге  болғанда  кеңесе,  ақылдаса  жүріп,  ой-пікірін 

тұжырымдаған,  жинақталып  ой-елегінен  өткізген,  көкейіндегі  ой  көркінен 

туған нақыл сөздерді қойын дəптеріне тіркеп отырған.  

Бауыржан  Момышұлының  бүгінгі  таңда  ел  арасына  тарап  кеткен  нақыл 

сөздерінің тəрбиелік мəні орасан зор. Əсіресе: «Тексізден тезек артық. Тəрбие 

–  таза  ниет  атасы.  Тəрбиелі  тəртіптің  құлы.  Тəртіпті – елдің  ұлы.  Бақаның 

бағынан сұңқардың соры артық. Ежелден ел тілегі – ер тілегі, Адал ұл ер боп 

шықса – ел тірегі т.б. [Бауыржан батыр 1991 : 182].  

Жауынгер  жазушының  нақыл  сөздері – келешек  ұрпаққа  үлгі  мұра. 

Əсіресе  Б. Момышұлының  соғыс  дəуірінде  насихат-жырының  арқауы  етіп, 

фəни  дүниенің  жалт  етіп  өте  шығатын  қас  қағымдық  кезеңін  мағыналы  да 

мəнді  өткізу  ұлағатын  алға  тартады.  Насихат  өлеңінде  ақынның  лирикалық 

серпілісінен  тыңдаушысына  қарата  тебірене  толғауы – адамдарды 

оптимизмге, рухани құлшынысқа шақырады. 

Отырсам көп ойланып күнім жақын, 

Əр адам біле бермес сөздің парқын...  

Ақын – өзінің  рухани  болмысымен  (үнемі  ішкі  жан  дүниесімен)  үнемі 

сұхбаттаса  жүретін  психологиялық  сыры  күрделі  тұлға.  Б.  Момышұлының 

ақындығының лирикалық сыршылдығы насихат өлеңдерінде де байқалады.  

Жауынгер  ақынның  нақыл,  насихаты  ақын  тұлғасының  шығармашылық 

болмысы.  Өлеңдері  мен  нақыл  сөздері  жауынгерлер  жүрегіне,  халқының 

жүрегіне ұялаған туындылар. 

Кім кетпес ажал жетіп тағдыр болса, 

Өмірге ар мен намыс қолқа салса. 

Мəңгілік өмір жасап өлмегені –  

Батырдың ел аузында аты қалса. 

Ақын – мақтаншақ,  мансапқор,  қорқақ  «данышпансынған»  адамдардың 

бет-бейнесін де өлең сөздерінде айқындай түседі. 

Мақтанбағын мас болып, 

Абырой алсаң табысқа. 

Қоян болма тығылып, 

Жау көргенде қамысқа. 

Б.  Момышұлының  нақыл,  насихат  өлеңдері – дидактикалық  поэзиядағы 

негізгі  арнаны  құрайтын  туындылар.  Фольклор  мен  Шығыс  əдебиеттерінде 

кең  өрістеген  халықтық  тəлім-тəрбие  сарындары  (ерлікке,  батырлыққа, 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



260 

адамгершілікке  баулитын)  Бауыржанның  ақындық  поэзиясында  кең  өріс 

алған. 

Академик З. Ахметов: «Нақыл өлең – ғибраты, тағлым берерлік мəні бар, 



ойды  ықшамды,  ұғымды  түрде  жеткізетін,  өткір  нақышты  сөздерге 

негізделетін  терме  жырлар,  өлеңдер» [Əдебиеттану  терминдерінің  сөздігі 

1996 : 146] дейді. 

Б. Момышұлының майдан төрінде туған бірнеше толғаулары «Тырнақтап 

жинап  əр  жерден», «Ана  тілін  ардақта», «Толғау», «Қайран  сегіз»  т.б.  отты 

өлеңдеріндегі  ойлар  жүйесі  философиялық  тереңдіктерімен  адамды 

баурайды.  Адамзаттың  адамгершілік  қасиетін  жоғары  бағалап,  не  істесе  де 

ақылмен билік етіп, əділдіктің құлы бол дейді. 

...Əділдікке құл болып, 

Кең толғанып, көп ойлап, 

Ақылыңмен билік ет, 

Түсініп, сезіп тармағын... 

Б.  Момышұлы  өлеңдерінің  құндылығы  сол  бүгінгі  егеменді  еліміздің 

азаматтарына еліңе, халқыңа, мемлекетіңе адал қызмет ет деп үндейді. 

Менікі емес деп түсінбе 

Өкіметтің дүниесін. 

Ол сенікі, апаңдікі, ағаңдікі, 

Бекерге ол күймесін, -  

немесе 

Ел еңбегін қадірлемеген – ер емес, - дейді. 



Ақын елін, халқын, Отанын шын сүйген азаматтардың болашағынан көп 

үміт күтеді. Отаншылдық рухқа тəрбиелейді. Ерлік – ер жігіттің батырлығын 

көрсетеді. Ақынның нақыл сөздерінің тақырыбы сан алуан. Оның тектілікке, 

намысшылдыққа,  ерлікке,  əділдікке,  отаншылдыққа,  ана  тілін  сүюге, 

тəртіптілікке, ақылдылыққа, адамгершілікке уағыздайтын нақыл сөздері мол. 

Əсіресе  біздің  ғылыми  зерттеу  тақырыбымыздың  өзгесіне  айналып 

отырған негізгі мəселе: жауынгер ақынның ерлік пен өрлікке үндейтін нақыл 

сөздері – егеменді, тəуелсіз еліміздің туын нығайтуға, жастарды ұлы ерлікке, 

батырлыққа, ұлттық рухқа, Отанын қорғауға тəрбиелейтін ұлы дүниелер. 

Қолына  қаруы  мен  қаламын  қатар  ұстаған  жауынгер  жазушы  Бауыржан 

Момышұлы,  əскер  қатарына  шақырылғаннан  бастап-ақ,  өзінің  офицерлік 

күнделік дəптерін мұқият жүргізген. 

Əрине  жазушының  ақындық  таланты  ерте  жастан-ақ  танылғаны  тарихи 

шындық.  Осы  талантын  жауынгер  жазушы  Ұлы  Отан  соғысы  дəуірінде 

«найзадан қол босағанда», толғанып, ой елегінен өткізген тұжырымды сөздің 

мəйегін  қағаз  бетіне  түсіріп  отырған.  Б.  Момышұлының  бұл  ұлағатты  ісі – 



KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



261 

ұрпаққа  сарқылмас  мұра,  ұлы  қазына  жастардың  қолға  ұстайтын 

шамшырағы. Ақын: 

 

Ақыл айтар мезгілде, 



 

Мың жасаған шалдай бол. 

 

Қатал болар мезгілде, 



 

Шатырлаған жайдай бол, -  

- десе, енді бірде: 

 

 



Мейірім түсер мезгілде, 

 

 



Ағарып атқан таңдай бол. 

 

 



Жауды бөгер кезеңде, 

 

 



Көлденең жатқан ордай бол, – дейді. 

Ақылды, парасатты, мейірімді болу əрбір жастың (адамның) міндеті мен 

парызы. «Ақыл  айтар  мезгілде», «мың  жасаған  шалдай  бол», «жауды  бөгер 

кезеңде», «көлденең жатқан ордай бол», адамдық пен батырлықты ақын қатар 

қояды. 

Қазақтың  халықтық  мақал-мəтелдері – дидактикалық  əдебиеттің 



көркемдік  негізі.  Халқымыздың  ертеден  дамып  келе  жатқан  көркем 

əдебиетімен  сусындаған  Бауыржан  Момышұлы  мақал-мəтелдерді  көркем 

əдеби туындыларында кеңінен пайдаланды.  

Ақын – Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  өмір  тəжірибесінен  жинақтаған 

ойларын  адамзатқа  ортақ  тағылым  атаулыны  ғибратшыл  ой  өрімдерімен 

өрнектейтін  парасат  иесі.  Жан  дүниесіндегі  ізгіліктен  қуат  алған, 

жамандықтан  жабыққан  көңіл-күйін  ғибратшыл  ойлы  талпынысқа 

айналдырады.  

 

Арсыздан айуан артық, 



 

Арлы адам ардақты. 

 

Ар – ардақтың анасы, т.б. 



Насихат,  нақыл  сөздеріндегі  адамгершілік  ұлағатына  шақырған  ой-

өрімдері  жауынгер  ақынның  ұлттық  топырақтағы  гуманистік  мұраттарды 

биіктетуші  тұғырнамасын  дəлелдейді.  Мысалы: «Адал  ниет – ардақ  атасы», 

«Адалдықтың адымы – алты құлаш» деп адамдыққа, адалдыққа үндейді. 

Жауынгер ақын-жазушы Бауыржан Момышұлының қаламынан туған ұлы 

туындылары – əскери  көркем  əдебиетіміздің  ұлы  қазынасы.  Əскери  өлең 

толғаулары  мен  дидактикалық  сарындағы  нақыл  сөздері – жауынгер 

жазушының  ғылыми,  əскери  көркем  туындылары  бүгінгі  күнгі  мəдени 

мұрамыздың ұлы қазынасы. 

 

 



 

KÜLTÜR EVRENİ - UNIVERSE OF CULTURE - ВСЕЛЕННАЯ КУЛЬТУРЫ 

 

 



262 

ƏДЕБИЕТТЕР 

1.  Адамбаев  Б.  Алтын  сандық.  Əдеби  мақалалар. – Алматы:  Жазушы, 

1989. – 200 б. 

2. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы. – Алматы: Ғылым, 1979. – 240 б. 

3. Егембердиева Ж. Өмірдің өзі дастан. – Алматы: Жазушы, 1990. – 319 б. 

4.  Бауыржан  батыр / Құрастырған,  алғы  сөзі  мен  түсінігін  жазған  М. 

Мырзахметов  (Жоғарғы  класс  оқушыларына  арналған  жинақ). – Алматы: 

Жалын, 1991. – 352 б. 

5.  Əдебиеттану  терминдерінің  сөздігі / Құр.  З.  Ахметов,  Т.  Шыңбаев. – 

Алматы: Ана тілі, 1996. – 240 б. 



6. Əуезов М.О. Уақыт жəне əдебиет. – Алматы: Жазушы, 1962. – 410 б. 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал