Б. Момышұлы шығармаларындағы қолбасшылар тұлғасы



жүктеу 73.08 Kb.

Дата07.03.2017
өлшемі73.08 Kb.

Б.Момышұлы  шығармаларындағы 

қолбасшылар  тұлғасы 

                                                                                                                                  Ж.А.Омарова, 



докторант 

Қазақстан, Алматы                                                                                                                                                     

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                      

Жазушының  прозалық  шығ армаларындағ ы  ортақ  желілі  ерекшелік  –  деректі  негіздегі 

кейіпкерлерін де,  ӛткен кезеңдер оқиғ аларын да естеліктер сарынындағ ы мәнермен жазатыны. 

Әскери  қызметте  бірге  жүрген  командирлерді,  жауынгерлерді  еске  ала  баяндағ ан  сюжеттік-

композициялық желілерде тарихи адамдардың ӛмір шындығ ына сай әрқайсының ӛзіндік кескін-

келбеттері мен мінез-құлық ерекшеліктерін тұтастандырғ ан бейнелей баяндаулармен жазғ анын 

кӛреміз.  Мысалы,  «Олар  менің  есімде»  атты  әңгімесінде  1935  жылы  қараша  айында  Орта  Азия 

әскери  Округының  Ташкенттегі  машықтандыру  орталығ ына  шақырылғ ан  запастағ ы 

командирлердің  кескін-келбеттерін  де,  іс-әрекеттерін  де  динамикалық  портреттік  сипатпен 

бейнелеген.  Аталғ ан  әңгімедегі  басты  кейіпкерінің  кескін-келбетін  психологиялық-поэтикалық 

болмысымен оқырманның кӛз алдына айқын елестетеді: 

«Біздің  топтың  командирі  орта  бойлы,  арықша  келген,  ойлы  қоңыр  кӛзді,  сопақ  бет 

полковник  Павел  Вахалов  болды»  *1,  16+.  Жазушы  әскери  қызметпен  бүкіл  ӛмірін  ӛткізген  осы 

командирдің  азамат  соғ ысында  жарақаттануының  салдарынан  аяғ ын  сылт  басатынын,  «...  қызу 

қанды,  жылдам  кісі»... *1,  18+.  болғ андықтан  кемістігін  ұмытып,  «...  сап  түзудің  жолдарын,  қару 

ұстаудың  тәсілдерін,  гимнастикалық  жабдықтарда  жаттығ удың  әдістерін,  кедергіні  алу 

амалдарын ӛзі қызбалықпен құмарлана...» *1, 20+ кӛрсететінін баяндайды. Жан ділі байлығ ымен 

қарауындағ ы  жауынгерлерін  адамгершілік,  азаматтық-отаншылдық  рухпен  тәрбиелейтін  әскери 

қызметтегі  командирлер  тұлғ аларын  кӛркемдік  жинақтау  тәсілімен  танытқандай  мәнер 

байқалады.  Кескін-келбетіндегі  ойлылыққа  кейіпкердің  мінез-құлық  психологиясының  толық 

үйлесімі  бар  екендігін  мінездемелік  баяндауларымен  дәлелдеген:  «Павел  Васильевичті  біз 

жолыққаннан ағ а тұттық. Ол мейірімді, кішіпейіл,  ӛзінен  үлкенге ізет етіп сыйлай білетін,  ӛзінен 

кішіге  қамқорлық  жасап,  керек  болса,  мәпелеп  еркелете  білетін,  керек  болса  шыжғ ыра  білетін 

совет  командирі  екенін  біз  түсінуші  едік.  Қанша  ашуланып,  қанша  ұрысып,  екі  аяғ ымызды  бір 

етікке  тығ ып  қуырып  алғ ан  кезде  де,  ол  біздің  арымызғ а,  намысымызғ а  тиіп  кеміте  сӛйлеу 

дегенді білмейтін» *1, 23+. 

Кейіпкердің  мінез  психологиясын  кӛзімен  кӛрген,  жан  ділі  сезінуімен  танып  бағ алағ ан 

автор  жауынгерлерін  адамгершілік  биік  парасат  рухымен  баурағ ан  командирінің  тәлімгерлік-

тәрбиешілік  болмысын  ақын  тұлғ асымен  баламалап  бейнелеуі  де  әсерлі:  «...Қалжың-әзілдерін 

араластырып,  бізді  күлдіріп  сӛйлейтін.  Бірақ  та  қалжыңы  да,  әзілі  де  негізгі  ой  шеңберінен 

шықпайтын. ... Ол кісі табиғ атынан ақын кісі еді. Оқырмандар ұстазын асыра мақтап жіберіпті деп 

ойламасын  –  ақындық  алдымен  мида,  одан  кейін  ойда,  жүректе.  Ұйқасқа  құл  болғ андар  ақын 

емес.  Ақын  болу  үшін  алдымен  терең  ой  керек,  тебіренетін  жүрек  керек...  Павел  Васильевич 

ӛмірінде  бір шумақ ӛлең  жазғ ан  кісі  емес. Мен  ол  кісіні ақын  деп  отырғ аным,  оның  терең  ойы, 

мейірімді елжіреген жүрегі, кейде қуанышты, кейде мұңды үні» *1, 27+. 



Жазушының  осы  естелік  әңгімесінде  бірқатар  әскери  қызметтегі  командирлердің  кескін-

келбеттері  статикалық  портреттік  сипаттаулар  тұрғ ысында,  авторлық  деректі  прозағ а  тән 

баяндаулары бойынша беріледі. Мысалы: 

1. «Біздің жиынның екінші тобына сабырлы,  қарапайым, сұңғ ақ бойлы сары кісі  – майор 

Степан Чистяков басшылық етті» *1, 38+. 

2. «... округтің әскери дайындық жӛніндегі басқармасының начальнигі комдив Брилев... Ол  

сұңғ ақ бойлы, бадырақ кӛк кӛзді, таңқы танау, байсалды, байыпты кісі болатын» *1, 55+. 

3. «... Қоңыр дауысты, орта бойлы, қызылшырайлы полковник ... Дмитрий Коваленко...» *1, 

169]. 

4. «... Ұзын бойлы, арнаулы киімді қызыл күнқағ ары бар, мұртты кісі станция кезекшісі ...» 



[1, 151]. 

5. «Мұхаметқұл Исламқұлов орта бойлы, дембелше, маңдайы кере қарыс, дӛңгелек тұнық 

кӛзді, қошқар мұрынды сымбатты жігіт еді. ... Сабырлы ауыр мінезді адам» *1, 37+. 

6.  «Екінші  ротаның  командирі  Семен  Краев  ұзын  бойлы,  құлағ ы  едірейген  етсіз  жақты, 

ӛткір жасыл кӛзді, арық тарамыс сары жігіт еді» *1, 39+. 

7.  «Мұрты  едірейген, бұзау  тұмсық, бойы бір тұтам,  келте бақай  сары  жігіт  ... лейтенант 

Угрюмов.  Бойы  тапал,  қас-кірпіктен  ешқандай  нысан  жоқ,  аузы  кере  қарыс,    салпиғ ан  қалың 

ерінді, сойдақ күрек тісті, жылтылдағ ан кішкене шыны кӛзді, мақтадан сырып тіккен сатпақ-сатпақ 

телегрейканы қаусыра белінен мықтап, жалпақ сары белдікпен буғ ан сары жігіт...» *1, 48+. 

8.  «Аласа  бойлы,  ашаң  жүзді,  қыр  мұрнының  суағ арында  тӛрт  бұрыштап  қойғ ан  қара 

мұрты бар,  полковник  дүрбіге  үңіле қарап  тұр.  Егер  кӛкшілдеу  келген  кӛзі болмаса,  оны  түнере 

қарап  Қарақұмның  күнге  күйген  түрікмені  ғ ой  деп  қалар  едің.  Бұл  дивизия  командирлерінің 

ішіндегі  жасы  жағ ынан  да,  қызмет  мерзімі  жағ ынан  да  жолы  үлкен  –  полковник  Капров  Иван 

Васильевич» *1, 43+. 

9. «...  Бақылау пунктінің  жертӛлесіне  генерал  Панфилов  кіріп  келді.  Қасында  ашаң  жүзді, 

қара қатпа,  сәл  мұңды,  ойлы  кӛзді, асқақ  пішінді  артиллерия  подполковнигі  бар.  Үстіне  үйлесіп 

қонып  тұрғ ан  әсем  әскери  формасы  болмаса,  «бұл  күнәһар  дүниеде  бәрі  де,  ӛтеді  де  кетеді, 

ӛзгерістен кім қашып құтылсын» деп мырс күліп мысқылдап тұрғ ан салқын мінезді философтың 

тас  мүсініне  ұқсайды.  Бұндай  бейнелі  подполковник  –  дивизиядағ ы  артиллерия  полкының 

командирі Курганов Георгий Федорович» *1, 40]. 

10.  «Лейтенант  Сергей  Танков  –  орта  бойлы,  сымбатты,  кең  маңдайлы,  кӛк  кӛзді,  сәл 

жалпақ  мұрынды,  тӛменгі  ерні  салыңқы  жігіт  еді.  ...  Оның  соғ ыс  жағ дайына  үйлеспейтін  ӛте 

интеллигенттік  мұқияттылығ ы,  фронт  тұрмысына  жараспайтын  шектен  тыс  әдептілігі  мені 

ренжітетін. Оны мына әскери формада емес, сылқымдана киген костюм ішінде кӛргім келетін де 

тұратын.  Оның  үстіне  –  ол  мағ ан  тым  сақтана  қарап,  сақтана  сӛйлеп,  тапа  мені  бір  сынағ ан, 

зерттеген  адамдай  қатынаста  болды.  Мен  оны  ӛзімше  «астаналық  лейтенант»  деп  атадым. 

Онымен  ӛзім,  неге  екенін  білмеймін  ұдайы  жүре  сӛйлесіп,  тек  «Сіз»  деп  сыпайы  түрде  атаушы 

едім» *1, 57+. 



11.  «Сәске  түсте  Горюноғ а  астына  қаракер  ат  мініп,  біздің  дивизияның  артиллерия 

начальнигі подполковник Виталий Иванович Марков келді. Аласа бойлы, қыр мұрынды, қысыңқы 

қоңыр қой кӛзді, қырық жастардағ ы аққұба жирен шашты кісі еді ол» *1, 68+. 

12.  «...  Тӛрт  бұрышты  бұйра  қою,  қара  қаба  сақалды,  ұзын  бойлы  капитан  кіріп  келді. 

Үстіндегі  ақ  елтірі  жағ алы  шолақ  тонының  жоғ ары  ілгектері  ағ ытулы;  басында  тӛбесі  қызыл 

мәуітімен  тысталғ ан  кӛк  қаракуль  кубанкасы  бар.  Аяғ ында  сары  қоңыр  былғ арымен  әдіптеген 

жүндес-сабалақ  қара  бурка  –  кавказдың  киіз  етігі.  Сірә  мен  цыган  түстес  дұрыс  пішілмесе  де, 

бекем тігілген адамның сырт кӛрінісіне етіктің үйлеспей тұрғ анына таңдансам керек, бірден тұрып 

сәлем бере қоймаппын. Тек ол жуан дауысымен күрілдеп: 

– Мұнда батальон командирі кім? – дегенде ғ ана мен орнымнан ұшып тұрып, аты-жӛнімді 

айттым. 

Капитан  қалың  қасты  қабағ ын  түкситіп,  ӛткір  қара  кӛзімен  мені  жек  кӛргендей  түйрей 

қарап, рұқсатсыз, дәнеңесіз орындыққа шалқая түсіп отыра кетті де, еріне-енжар сӛйлеп: 

– Гвардия миномет дивизиянының командирі капитан Кирсанов деген мен боламын, – деп 

ӛзін таныстырды» *1, 61]. 

13.  «Монтайғ ан  момын  қара  торы  жас  жігіт,  кірлеген  ақ  киімді  Мәлік  қара  дәптерін 

парақтап отыр. Оның қасында жұқа жеңілтек сарысырма пешпет киген, еңгезердей Балтабек отыр. 

Оның мұрнының ұшы қарауыта үсіген, қалың қабағ ы түсіңкі, қалғ ығ андай шаршап иығ ынан дем 

алып отыр» *1+. 

14.  «Екі  кӛзі  мӛлдіреген,  ашаң  жүзді, қара  торы,  жас  жігіт мағ ан  тесіле  қарап  қалғ андай 

болды. ... Сұңғ ақ бойлы, қыр мұрынды, айбынды тік кӛзді, әдемі қара торы жігіт, шекпенінің белін 

қыса буғ ан, қадамын, дікілдете басып келіп, әскери әдеп сақтап, сіресе тұра қалып:  

– Жауынгер Тӛлеген Тоқтаров, – деп аты-жӛнін мәлімдеді» *1, 79+. 

15.  «Артиллерия  басқарушысы  полковник  ...  Шеметев  –  ұзын  бойлы,  ат  жақты,  үрпиген 

қалың қасты, тұнық жасыл кӛзді, егде тартқан егде офицер. Оның мінезі ӛте сабырлы, әр қадамы 

есептеулі,  қызметін  аспай-саспай  істейді.  Комдив  пен  Шляпиннің  кейбір  қызба  мінездерін  ол 

ішінен  жақтырмайды,  бірақ  олар  оның  бастық  екенін  ұмытпайды,  олардың  алдында  әдеп 

сақтайды.  Комдивтің  артиллерия  мамандығ ы  жағ ынан  толық  хабары  барлығ ына  ол  ішінен 

қуанады, түсінісіп, істеуді дұрыс кӛреді. Комдив те онысын қатты санасады. Шеметев таза киініп, 

салтанатты ұстай білетін ауылдың баласы, армияның сыпа интеллигенті» *1, 88+. 

Бұл мысалдардан композициялық-сюжеттік желілерде Б.Момышұлы ӛзімен бірге жүрген, 

қызметтес  болғ ан  адамдардың  әдеби  бейнеленуін  жасау  үшін  шығ арма  құрылысындағ ы  жеке 

кейіпкерлердің  портреттік  кескінделуін  кӛркемдік  жинақтауды  құрайтын  кешенді  бӛліктерімен 

қоса  қамтуды  қамтамасыз  етуді  кӛздейтінін  байқаймыз  және  әскери  басшылардың-

командирлердің 

портреттеріне 

орайлас 

кӛңіл-күй 

құбылыстарының, 

мінез-құлық 

ерекшеліктерінің  табиғ и  қалпын  суреттеп  отыратынын  кӛреміз.  Сондай  ақ  соғ ыс  шайқастары 

сәттеріндегі  командирлердің  портреттік  бейнелеулермен  орайлас  кӛңіл-күй  құбылыстарының 

реалистік  хал-ахуалымен  де  дидарласамыз.  Осындай  күрделі  сабақтастық,  тұтастық  ӛрілімімен 

жазылғ ан  жазушы  кейіпкерлерінің авторлық  кӛркемдік шешіміне  лайық  сомдалғ анын байқауғ а 

болады.  Бұл  –  жазушының  кейіпкер  портретіндегі  физиономиялық  болмыс  пен  ішкі  жан  ділі 

психологиясындағ ы темпераменттік ерекшеліктер сабақтастығ ын танытқан суреткерлік кӛркемдік 



шешімін  байқатады.  Мысалы,  портреттік  кескінделуі  мен  сӛйлеу,  жүріс-тұрыс  мәнері  ӛзара 

сабақтасқан  болмысымен  кӛрінген  капитан  Кирсановтың  соғ ыс  шайқасы  сәтіндегі  жауды 

талқандау  мұратындағ ы  артиллериялық  шабуыл  кезіндегі  сәтсіздіктер  мен  сәттіліктерге 

байланысты  портреттік-психологиялық  бейнеленуі  де  шығ арманың  кӛркемдік-поэтикалық 

әсерлігін күшейту қызметін атқарып тұр. Жазушы жауғ а бағ ытталғ ан артиллериялық атқылаулар 

снарядтарының нысанағ а дәл тиюінің соғ ыс стратегиясындағ ы аса маңызды орын алатындығ ын 

капитан  Кирсановтың  бет-келбетіндегі  құбылыстар  мен  күйініш  тоғ ысқан  сәтін  психологиялық 

сипатымен  суреттеген:  «Кирсанов  жел  ұшырғ андай  кілт  бұрылып,  телефонистің  қолындағ ы 

трубканы жұлып алып, бар даусымен айқай салды. – Огневая! Тез шақыр бастығ ыңды! – Сірә, ағ а 

офицердің даусын естіді білем, үлкен қара кӛзі қанталап, бет әлпеті күреңіте түтігіп, долы ашудан 

шашалып-қақалып  қалып  боқтау,  балағ аттауды  тасқындатты-ай  келіп»  *1,  98+.  Жазушы 

кейіпкердің абыржу, ашулану, күйіну сәтіне душар болғ ан жағ дайындағ ы қалпынан ӛз ісіне шын 

берілген, кесек мінезді командирдің шынайы тұлғ асын даралағ ан. Портреттік мінездердің үлгісі 

болып  саналатын  осындай  бейнелеу  мен  диалогтық-монологтық  сипаттар  тұтастығ ындағ ы 

бӛліктер  кӛркем  шығ арманың  реалистік  қалпын,  ажарландыра  түседі.  Капитан  Кирсановтың 

артиллерия  атқылауынан нысанағ а  снарядтарының  дәл  тимегеніне  ашулана  телефоннан айтқан 

сӛздерін  автор  ӛзіндік  шешіммен  ұсынғ ан:  «Сол  тасқынның  ішінен  «мына  сӛз  кішкене 

имантаразылау ғ ой» деп теріп-теріп берерім мынау: 

–  Неге  недолет?..  Неге  жетпей  қалды?..  Милау!..  Есек!  Сені  артиллериялық  училищеден 

қандай ақымақ оқытып шығ арды екен! Уровень ол емес қой ... малғ ұн! Есірік! Ақтама ӛзіңді, ӛзің, 

сайтанның  сапалағ ы!  Әттең,  қап  құдай-ай,  қасымда  емессің  ...  әйтпесе  әкеңді  танытып,  тӛбеңді 

ойып, желкеңді үзер едім...  

Ӛзі бұйра дудар шашын оң қолымен ұстап алыпты. Бір уыс шашын ет терісімен қоса жұлып 

алатындай болып кӛрінеді мағ ан. «Мынау адам мұндай сұрапыл ашу үстінде арыстанды да түтіп 

жіберер», – деп ойладым ішімнен» *1, 103+. 

Кейіпкердің  кескін-келбетіндегі  бір  сәттік  күйініштен,  ашу-ызадан  пайда  болатын 

физиономиялық-психологиялық  құбылыстардың  табиғ и  бояулары  да  реалистікпен  ӛрнектелген. 

(«Енді Кирсанов  орындыққа барып,  қос  қолымен шашын  уыстап  отыр.  Әлі толастамағ ан  ашудан 

безгек  адамша  қалшылдап,  тістеніп  алыпты.  –  Осындай  шалағ айлардың  кесірінен  жүздеген 

снаряд  айдалағ а  қаңғ ып  кетеді!  –  деді:  Онан  соң  «о-о-ох!»  –  деп,  дәу  жұдырығ ымен  столды 

қойып  қалды.  –  Мен  сағ ан  кӛрсетермін,  бәлем!  –  Қарлыққан  даусы  діріл  қағ ады.  Сол  сәтте  ол 

ӛксіп  жылап,  жіберетіндей  болып  кӛрінді  мағ ан)  *1,  110+.  Жазушының  әскери  тақырыптағ ы 

әңгімелеріндегі  портреттік  бейнелеулерде  қолбасшылардың  түр-тұлғ аларын,  бет-бейнелерін 

киімдерімен 

қоса,  қимыл-қозғ алыстары,  сӛйлеу  мәнері,  мінез-құлық  ерекшеліктері 

тұтастандырылғ ан  жағ дайында  беру  тұрақты  кездеседі.  Бұл  –  деректі  прозалық  шығ арманың 

кӛркем әдебиетке тән сипатын күшейтетін кӛркемдік тәсілдердің бірі.   

  Кӛркем шығ армадағ ы әдеби кейіпкерге түптұлғ алық (прототиптік) негіз болатын тарихи 

тұлғ алардың тіршілік қозғ алысындағ ы ӛмір кезеңдерінің барлығ ында да ӛздерінің табиғ и бітім-

болмысы тұрғ ысынан суреттелетіні мәлім. Қолбасшылардың ӛмір шындығ ы аясындағ ы іс-әрекет 

дағ дылары,  қоршағ ан  әлеуметтік-тұрмыстық  ортамен  қарым-қатынастар  мәдениеті  кӛркем 

шындық  поэтикасымен  жинақталғ анда  да  түпкі  негізділігін  сақтайды.  Жазушының 

шығ армаларында қолбасшы генералдардың қарауындағ ы полктерді, батальондарды, роталарды, 

взводтарды,  бӛлімшелерді  басқарып  жүрген  офицерлерге,  сержанттарғ а,  старшиналарғ а 

соғ ысудың стратегиясы мен тактикасын үйретуде ережелерге сай қатаң талаптарды  қоя отырып, 


адамгершілік  қасиеттерімен,  мейірімге  толы  қамқор  кӛңілдерімен  баурай  тәрбиелейтінін 

шығ арма  желісінен  байқауғ а  болады.  Нағ ыз  қолбасшылар  туғ ан  жері,  Отаны  үшін  жүргенін 

олардың жадына үнемі сала отырып, жаумен шайқасудағ ы жеңістердің ӛр рухты патриотизммен  

жігерлендіретінін,  бірақ  әскери  стратегия  мен  тактиканың  да  аса  маңызды  орын  алатынын 

меңгертуі  тиіс  екенін  Б.Момышұлы  шығ армаларында  үнемі  еске  салып  отырады.  Мәселен  «Бір 

түннің  оқиғ асы»  әңгімесінде  И.В.Панфилов  қаза  тапқаннан  кейін  тағ айындалғ ан  қолбасшы 

генералдың қимыл-әрекеті қозғ алысы аясындағ ы портреттік бейнелеуден осыны кӛруге болады: 

«Жалт қарасам, кӛшенің ортасында дивизиямыздың командирі генерал-майор Иван Михайлович 

Чистяков  жаяу,  жайбарақат  келе  жатқаны  рас  екен.  Мен  оғ ан  таңдана  қарадым:  ол  кісі  дәл 

осындай  қызу  соғ ыс  үстінде  келеді  деген  ойда  жоқ  еді.  Орта  бойлы,  дембелше,  тығ ыншықтай 

келген  шымыр,  қарулы  денелі  генерал,  басында  жай  түбітті  құлақшын,  үстінде  қоңыр  шинель, 

аяғ ында үлкен қалың ұлтанды шаруа етік. Жан-жағ ына қарап, асықпастан жүріп келеді» *1, 145+. 

Жазушы  эпикалық  баяндауларымен  Мәскеу  түбінде  генерал  Панфилов  қаза  тапқаннан 

кейін  оның  орнына  тағ айындалғ анын,  ӛзіне  дейінгі  командирдің  жауынгерлік  салт-сана, 

дәстүрлерді  қадірлегенін,  ӛзінің  жинағ ан  мол  тәжірибесін,  тапқырлықпен  пайдалана 

басқарғ анын  ризалықпен  айтады.  Әңгіме  мәтініндегі  қимыл-әрекет  аясындағ ы  портреттік 

бейнелеуге сәйкес  тарихи тұлғ ағ а мінездемелік бағ алаулар да жасалғ ан: 

«Генерал ақкӛңіл, ашық мінез, менмендігі жоқ, күйінсе де, сүйінсе де, ойдағ ысын кейде 

тіке  айта  салғ анына  қарай  кейбір  сырын  білмегендерге  ол  дӛрекілеу,  қатал  кӛрінетін.  Бірақ  та, 

анығ ында да ол кісі, адал ниет, зерек адам еді. 

Ой-шұқырсыз  жер  бола  ма?  Ӛнебойы  жайбарақат  ӛтетін  күн  қайдан  болсын.  Кейде 

генералдың  ашуына  тап болғ ан  кезіміз болды.  Қандай ауыр  жазаң  болса  дағ ы  ол  кісі  кемітпей, 

кекетпей, қорламай ұрсатын. Істеген қатеңді, жаңылғ ан жеріңді мойныңа қоя отырып, айыбыңды 

айта  отырып  ұрсатын.  ...  Айыптының  қыр  соңынан  қалмай,  орынсыз  жерде  килігіп,  жағ ылғ ан 

үстіне жұдырық жұмсауды командирдің бойына жараспайтын ұсақ, майда, қоқыс, саяздық мінез 

деп білетін. Майданда ағ ыңды ақ, қараңды қара дейтін әділ билік кӛп кездеседі. Мен генералдың 

алдында  отырмын,  бұл  кісі  –  әділ  адамның  бірі»  *1,  147+.  Сонымен  қатар  жазушы  әскербасы-

қолбасшы  генералдардың,    офицерлердің  портреттік-мінездемелік  бейнеленулері  арқылы  ӛмір 

мен  ӛлім  арасындағ ы  қиын-қыстау  сәттерде  жүрген  адамдар    болмысындағ ы  табиғ и 

ерекшеліктерді  кӛркем  шындықпен  жинақтап  беруге  тырысып  отырады.    Әңгімелердегі 

кейіпкерлердің кескін-келбеттерін, киген киімдерін, сӛйлеу мәнерлерін, мінез-құлық қасиеттерін 

ӛзара  сабақтастыра  бейнелеу  арқылы  соғ ыс  шайқастары  кезіндегі  ӛмір  сүру  үшін  жанталасқан 

адамдар тағ дырларының күрделі болмысын ашуғ а ұмтылады. Жазушының әскери тақырыптағ ы 

әңгімелеріндегі  кӛркемдік-эстетикалық  дүниетаным  тағ ылымы  да  туындылардың  реалистігін 

айғ ақтайды.  

Қорыта айтқанда, Бауыржан Момышұлы шығ армасындағ ы қолбасшылар бейнесі олардың 

сӛйлеген  сӛздері  арқылы,  іс-әрекеттері,  психологиялық  диалогтар,    портрет,  т.б.  арқылы  жүзеге 

асып  жатыр  және  олардың  болмыс  бітімдері    ӛмірдегі  шынайы  әрекеттері  тұрғ ысынан 

суреттелген.  Бұғ ан  жазушының  мына  сӛзі  дәлел бола  алады:    «Мен  ешнәрсені  ойдан  шығ арып 

тізбелемеймін.  Менің  барлық  шығ армаларым  сенімді  документтік  материалдарғ а  құрылғ ан. 

Документтік  сенімділікті  кӛркем  суреттеумен  ұштастыру  әркімнің  қолынан  келе  бермейді,  оны 

кӛбіне автордың шеберлігі деп атайды. Сондықтан мемуарлық әдебиеттегі ең басты қайшылық екі 

міндеттің  бірін  таңдап  алуы  тиіс.  Ол  не  шындықты  құрбандыққа  шалып,  кӛркемдікке  ерік  беру 

керек  немесе  шындықты басшылыққа  алып,  кӛркемдікті  құрбан  етемін.  Ӛйткені  менің  ең  басты 



міндетім  шындықты  кӛркемдік  үшін  бұрмалаудан  қорғ ау  болып  табылады.  Менің  бұлай 

істейтінім,  ойдан  шығ ару  арқылы  майданда  қаза  тапқан  жауынгерлер  аруағ ына,  жараланып 

қасірет шеккендер мен қазір аман-есен жүргендердің ар-намысына нұқсан келтіруге моральдық 

правом жоқ деп есептеймін»  [2, 4].   

 

Әдебиеттер тізімі 

 

1. Момышұлы Б. Кӛптомдық шығ армалар жинағ ы. – А.: Ӛнер, 2009 ж. 



2. Момышұлы Б. Момышұлының жазбалары // ҚР ОММ Қор 1432, тізім 1, іс 5-18 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал