Б. Майлиннің публицистік шеберлігі



жүктеу 92.52 Kb.

Дата01.03.2017
өлшемі92.52 Kb.

М.Б.Шындалиева 

Филология ғылымдарының докторы, профессор 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана қ, Қазақстан 

 

 



Б.Майлиннің публицистік шеберлігі 

 

Публицистикадан дәуір, уақыт тынысы аңғарылып отырған жағдайда ғана 

кейіпкерлер  бейнесі  даралық  қасиеттерімен  танылып,  ӛзі  ӛмір  сүрген 

ортасының ішкі қайшылықтары айқын кӛрінгенде ӛз межесіне жетпек. Жазушы 

ӛз заманы мен халық тағдырын алға тарта отырып, сол қоғамда болған әр алуан 

оқиғаларды,  құбылыстарды,  ӛзгерістерді,  болмысты,  тіршілік  іс-әрекеттерін 

жинақтағанда  кӛркемдік  шындыққа  қол  жеткізеді.  Мұны  Б.Майлиннің  кез 

келген  шығармасынан  айқын  кӛруге  болады.  Жазушының  ӛмірге  деген 

кӛзқарасы  ашық  бояумен  суреттеліп,  озық  идеяларға  жол  ашса  ғана  бұл 

шығармалардың  оқырманға  берері,  тәрбиелік  мәні  зор  болады.  Қазақ 

әдебиетіндегі  кӛркем  очерк  ХХ  ғасырдың  жиырмасыншы  жылдарында  дербес 

жанр  ретінде  кӛрініс  бере  бастады.  Жиырмасыншы  жылдарда  туған  кӛркем 

очерктің  түрлерін  ақын-жазушыларымыз  белгілі  бір  мәселелер  тӛңірегіндегі 

әсерлері  мен  кӛргендерін  қағазға  түсіріп,  очеркпен  кӛмкерген.  Ең  алғаш  рет 

1930-1933  жылдары  «Социалистік  Қазақстан»  газетінде  «Жолдан»  деген 

айдармен  очерктің  жол-сапар  түрі  туа  бастады.  «Жолданмен»  қоса 

«Жазушының  қойын  кнежкесінен»  деген  суреттемелер  қазақ  әдебиетіндегі 

кӛркем  очерк  дәрежесінде  жазылған  алғашқы  очерктер  болып  саналады. 

Кейіннен осы «Жолдан» айдары орнына «Очерк» деген ат қойылған. 

1930-жылдарда  Б.Майлин    шығармаларындағы  очерк  жанрының  алатын 

орны ерекше. Ол туралы профессор Темірғали Нұртазин: «1920-1930 жылдары 

Б.Майлин очеркті де кӛптеп жариялап, қаламгерлердің кӛбінен кӛш бойы озық 

отыра,  оның  алпыс  шамалы  очеркі  газеттер  мен  журналдардың  бетінде 

кӛпшілікке  жетіп,  оқушы  қалың  бұқараға  игі  әсер  жасады,  советтік  рухта 

тәрбиелеуге  кӛмектесті,  очерк  жанрын  дамытуда  мол  қор  болды,  очерктік 

дәстүр құрап, ол саладағы талаптылардың талай буынына үлгі, ӛнегелі мектеп 

секілді болды» [1,308-б],- деп жоғары баға береді. Шынында да Б.Майлин 1933 

жылы  очеркті  ӛндіріп  жазып,  ел-жерді  кӛп  аралап,  қазақ  даласындағы  ӛндіріс 

ошақтарының  қал-күйін  тереңнен  толғады.  Осы  жылдың  ӛзінде  жазушының 

«Социалистік  Қазақстан»  газетінде  жиырмадан  астам  очеркі  жарық  кӛрген. 

Шымкентті  аралап  жазған  очерктерін  жазушы  1934  жылы  «Алыптарды 

аралағанда» деген атпен жеке кітап етіп шығарды. Тек оңтүстік ӛңір ғана емес, 

кӛмірлі  Қарағанды  туралы  да  «Қарағанды»,  «Борамбайдың  бірінші  адымы», 

«Бәстескенде  байқалды»,  «Қайла  қайралды»,  «Болат  құстың  кеудесінде», 

«Екінші күн», «Оқытушылар» деген туындыларын ұсынды. Осы очерктеріндегі 

Мірсұлтанов,  Хамит,  Борамбай  Қонысбаев  образдары  арқылы  Б.Майлин  дәуір 

қаһармандарының  озық  қасиеттерін  ашатын  саяси,  интеллектуалдық, 

адамгершілік  сипаттарын  терең  пайымдап,  сан  тұлғалар  жасаған.  1935  жылы 

Балқаш  мыс  қорыту  зауыты  туралы  да  біраз  туындыларын  ұсынып,  Қоңырат 


ӛңірі  байлығын  игерген  адамдар  ерлігін,  сауатсыздықты  жою  жолындағы 

күресін,  сол  кезеңдегі  қарбалас  еңбек  дүбірін,  тіршілік  тынысын  барынша 

шыншылдықпен  кӛрсетеді.  Кез  келген  қаһарманын  ӛз  ортасында,  қарым-

қатынас жасау кезінде кӛрсете отырып, сол қоғам шындығын, уақыт тынысын 

ішкі-сыртқы жағдайлармен астастырып, қою бояумен бере білгендігі Б.Майлин 

очерктерінің артықшылығының бір қыры. 

Б.Майлиннің «Боранбайдың бірінші адымы» шығармасы оқиғалы сюжетке 

құрылған,  тақырыбы  мен  кӛркемдік  қасиеті  тепе-тең.  Қарағандыда  қара 

алтынды  ағылшындар  иемденіп  тұрғанда  ел  басшылары  жұмысшымен  ісі 

болмай,  подрядчиктер  жұмысшыларды  таяқпен  айдағанын,  үйдегі  шиеттей 

бала-шағаны  асырау  үшін  кӛрдей  қараңғы  шахтада  жұмыс  істеген  шахтерлер 

ӛмірі  оқиғаға  желі  болған.  Боранбайдың  әкесі  кӛрген  бейнет  очеркте  былай 

суреттеледі: «... денелі келген қартаң кісі қою қара сақалы ұйысып, екі иінінен 

дем алып, кӛптің бірі болып, кӛмірмен алысып жүр. Маңдайынан шұбырған тер 

кӛмір  күлімен  баттасып,  екі  кӛзі  ғана  жалтырайды»  [90,125  б],-  деп  бейнетті 

қазақ  ӛмірінің  бір  сәтін  кӛрсеткен  жазушы  бала  Боранбайдың  әкесін  соққыға 

жыққан  ағылшынды  ӛз  кӛзімен  кӛрген  оқиғасын  баяндай  келе,  Баянды, 

Тілеубердімен  қақтығыстарын,  зорлыққа  бас  имей,  қиянатқа  қарсы  тұра 

алатынын,  Боранбай  кейіннен  дұрыс,  адал  азамат  болғанын  нанымды 

әңгімелейді.  Қарағандының  жаңа  Боранбайын  үлгі  етерліктей  етіп  тебірене 

жазған  жазушы  әке  ӛмірінен  кӛріністер  беріп,  оқиға  желісін  Боранбайдың 

кешегі мен бүгінгі тағдырын байланыстыра үдетіп отырған. 

Бейімбет  Майлин  -  ауыл  адамдарының  кӛңіл-күйін,  іс-әрекеттерін  жан-

жақты суреттеген жазушы. Ол ӛз публицистикасында жаңа ӛмірге қадам басқан 

қазақ  адамының  ӛмір  шежіресін  жасады  және  жазушы  осы  ӛмір  шындығын 

қарапайым  тілмен  кӛркем  тартымдылықпен  кӛрсете  білді,  ӛмірдің  терең 

тамырларына жіті кӛз салып, қазақ әдебиетінде ӛшпес із қалдырды. 

Бейімбет  Майлиннің  «Ел  сыры»  деп  аталатын  жинағындағы  кӛркем 

публицистикасы  елеулі  ӛзгерістерге  толы  қазақ  қоғамындағы  тарихи 

оқиғаларды қамтиды.  Әсіресе,  «Еңбекші  қазақ»  газетінде  жарияланған деректі 

очерктері  жазушы  ӛмір  сүрген  кезеңдегі  ӛмір  тынысын,  ел  басынан  кешкен 

тарихи  оқиғаларды,  сол  уақытта  шыныққан  кейіпкерлер  бейнесін  ӛз 

шығармаларына  күретамыр  етіп  алады.  «Шапай  комсомол»,  «Бай  ермегі», 

«Протокол істей салып едім», «Әкімшілік күші», «Аш-жалаңаш», «Беркімбай – 

әскер» т.б. шығармаларында қарапайым жұрттың тіршілігін, еңбекші адамның 

мойнына  түскен  ауыртпалықты,  теңсіздік  пен  езгі  туралы  кӛзі  кӛрген 

шындықты  суреткерлікпен  қорыта  бедерлейді.  Б.Майлиннің  қысқа  кӛркем 

очерктерінде  баяндалатын  ӛмір  шындығы  қаламгердің  бұл  туралы  жазбасына, 

уақытылы  толғанбасына  ерік  бермеген  сияқты  кӛрінеді.  Бұл  очерктерден 

байқалатын  мына  жайттарды  атаған  жӛн  сияқты.  Біріншіден,  жазушының  кез 

келген очеркін алып қарасақ та - романтика, жалаң қиял жоқ, керісінше, тұнып 

тұрған  реализм.  Екіншіден,  осы  шындық  оқиғаларды  нақты  детальдармен, 

штрихтармен  дәлелдейді.  Үшіншіден,  ӛмір  шындығын  дәл  танытатын  типтік 

бейнелер  жасай  білген.  «Баймолда»  [2,191-б]  очеркінде  Б.Майлин    болыс 

Баймолданың  ӛз  пікірі  шамалы,  кедей  тобының  жыртысын  жырта  алмайтын, 


аты  бардың  ықпалымен  жүре  беретіндігін  кедейлердің  қиындыққа  толы  ӛмір 

шежіресімен  қатар  қоя  отырып,  әлеуметтік  теңсіздіктің  бетін  ашады.  Бұл 

очеркте  Сәлімнің  жасӛспірім  шағынан  оқу-білімге  құмартып,  жас  жігіттің  ой-

ӛрісі  кемелденгенін  Баймолдамен  салыстыра  отырып  шығарма  желісіне  арқау 

еткен.  Осы  очерктен  очеркшінің  ӛмір  шындығын  кӛркемдік  құбылысқа 

айналдыру  жолдарын,  шындық  құбылысты  дәл  бере  отырып,  биікке  кӛтеріле 

алған суреткерлік тереңдігін байқатады. 

Б.Майлиннің  «Заман»  атты  шығармасы  былай  басталады:  «Заман  кімге 

күле  қарап  жүр:  мыңды  айдаған  байды,  үріп  ішкен  мырзаны,  керіле  басқан 

кербез  сұлуларды  қабатына  салып  илеп  жүн  қылып,  ішер  ас,  киер  киімге  зар 

қылып отыр» [2,39-б],- деп жазушылық талғам-таным сүзгісінен ӛткізе отырып, 

сол замандағы ӛзгерістерді, кӛңілге ұнайтын бір іс болмай жатқандығын ӛкіне 

жазады. 

Ӛмір мен адамдарды маңызды бӛлшектер арқылы бейнелеу олардың ішкі 

мазмұны,  болмысы,  кейіпкерлердің  кӛзқарастары  мен  психологиясының 

кӛрінуі үшін қажет. Тұрақты бӛлшек портреттің нанымды бейнеленуіне кӛмек 

береді,  бейнені  айқын,  сезімтал  етіп  кӛрсетеді.  Б.Майлиннің  «Жасасын 

Мұсабай!» шығармасындағы Мұсабайды жазушы былай суреттейді: «Құрысқан 

қара  жігіт.  Сӛзге  жомарт,  ертеден  қара  кешке  дейін  сӛйлесе  шаршамайды,  ӛз 

сӛзінен басқаға құлақ салмайтын да мінезі бар» [2,224-б].  

Шыншыл  бӛлшек  әр  нәрсені  толығырақ  бейнелеуге  кӛмектеседі, 

шығарманың  кӛркемдігін  арттырып,  оны  айқындай  түседі.  Бӛлшектер  елеулі 

және  елеулі  емес  болып  екіге  бӛлінеді.  Біріншісі  де,  екіншісі  де  маңызды 

рӛлдер  атқарады.  Бірақ,  елеулі  емес  бӛлшектің  маңыздылығы  кӛңілде  күмән 

туғызады.  Мысалы,  мәтіндердегі  Мұсабайдың  «сӛзге  жомарттығы», 

Нұртазаұлы  Жұмабектің  «бурыл  шашы»,  Ырысбектің  «еңбекке  піскендігі»- 

елеулі  бӛлшек  емес,  бірақ  маңызы  бар.  Бейнелейтін  затқа  немесе  жағдайға 

айқындылық  беру  үшін  жазушы  оқырманды  ӛзіне  бірден  тартып,  сендіре 

алатын  тұрақты  бӛлшектерді  кӛрсетеді.  Суретші  үшін  маңызы  бар  бӛлшек 

шеберлігі  очеркшіні  беллетристикамен  жақындата  түседі.  Және  ол  оқырманға 

дәлелдің мәнін, оның мағынасын түсінуге мүмкіндік береді, жазушы сол кездің 

психологиялық  және  тарихи  атмосферасын  сезіндіреді.  Сонымен  қатар 

очерктегі бӛлшекті әлеуметтік-саяси, мағыналылық пен құбылыстың ӛзектілігін 

айқындау үшін қолдануға да ерекше мән береді. 

Б.Майлиннің  барлық  очерктерінде  кейіпкерлердің  ӛзін  сӛйлетіп, 

қаһармандар  іс-әрекеттерін  автор  ӛзі  баяндауы  арқылы  бастайды.  Автор 

оқиғаны баяндағанда мейлінше қысқа, негізгі мақсатқа бағындыра, ӛте ықшам 

түрде  диалогтарды  сәтті  пайдалануды  жӛн  санаған.  Жазушы  очерктерін 

оқығанда,  ондағы  диалогтарға  үңілсек,  ӛткен  күндердің  күйкі  тіршілігі,  жаңа 

заманның  қазақ  топырағына  келуі  кӛз  алдыңа  елестеп,  зілсіз  күлкі  шақырады. 

«Құлақ» атты кӛркем очеркіндегі Бекен мен әйелінің арасындағы  диалогта:  

« - Әлгілердің «Құлақ» деп жатқаны кім еді? 

-  Мені айтады. 

- Сен құлақ па едің? Қара шешей ашуланғанда: 

“Қаңғырған Телеу” - дейтіні қайда? Осы сенің руың күніне бір 


ӛзгере бере ме? 

Бекен мырс етіп күліп жіберді. 

- Ит-ау, «құлақ» дегені – руы емес, бай деген сӛз. 

-  Солай  ма  ?  «Қаңғырған  Телеу»  деген  сӛзін  тастай  беріп,  қара  шешей 

«құлақ»  деп  мазамызды  ала  ма  деп  қорқып  едім»  [2,34-35-б],  -  дейді.  Бұл 

диалогтан  персонаждың  ой-әлемі,  орыстың  «кулак»  сӛзін  «құлаққа» 

айналдырып  алған  қазақтың  қарапайым  әйелінің  ой-түсінігін  жеңіл  юмормен 

сәтті баяндаған. 

Б.Майлиннің  «Жасасын,  Мұсабай!»  атты  очеркіндегі  Мұсабай, 

Мұхамедрахымдардың  тілдесулері  хабар  беру  сипатында  болғанымен,  сол 

кезеңнің кӛңіл-күйінен, кейіпкерлер мінез-құлықтарынан да елес береді. Артық 

сӛз  жоқ,  диалогтың  кӛмегімен  сол  замандағы  асыра  сілтеушілік,  келеңсіздікті 

сынауға  бейімділік,  моральдық-этикалық  мәселелерге  очеркші  жауап  іздеуге 

талпынады. 

«- Алдынан шығыңдар, кілемге салып кӛтеріп әкеліңдер!»,-дейді.  

Әзірейілдей жаланған епті жігіттер теңді шешіп, араби кілемді шаққа 

салып, дӛңеске қарай бет түзейді.  

- Уа, бұл не? 

Сізді кілемге салып кӛтеріп алып бармақшы, - деп, Мұсабайдың нӛкерлері 

жымың-жымың  етеді»  [2,225-б],-  деп  кеше  ғана  ауыл  коммунисі,  кешке  дейін 

сӛйлесе де шаршамайтын Мұсабайдың аз күнде болыс болып береке таппағаны

кедейден  шыққан  белсенді  іскерлердің  келеңсіз  тұстары,  Мұсабайдың 

қарапайым  халықпен  қарым-қатынасы  жан-жақты  нақышпен  ӛзгеше 

кӛмкерілген.  Жазушы  ӛмірдің  ӛзіне  үңіліп,  оның  әр  қырын  қаз-қалпында 

суреттейді.  Бейімбет  қаламынан  шыққан  туындылардағы  диалогтар  оп-оңай 

және  кӛркем  жасалына  салады.  Бұл  диалогтарда  үздік  сӛз  образы,  кӛркем 

тіркестер  де  жоқ.  Қарапайым  жай  ғана  сӛздер  бола  тұра,  ӛмір  шындығын  кӛз 

алдыңа алып келетін ең керек сӛздерді жинақы пайдалануға шебер. 

Бейімбет  Майлиннің  «Ұяттан  адам  ӛлген  бе?»  қысқа  очеркіндегі  әңгіме 

арқауы  –  Қазақстандағы  белсенді  қызметкерлер  тегісінен  «Еңбекші  қазаққа» 

жазылмай,  жазылмақ  түгілі,  оқуға  да  қол  тимейтінін  тілге  тиек  еткен  автор 

қазақ қызметкерлерінің  осы қылықтарына  ӛкініш  білдіріп,  «ұяттан  адам ӛлген 

бе?»  деп  аяқтайды.  «Бай  бастас,  батыр  тұстас»  сатиралық  сарында  жазылған 

очеркінде  Бейімбет  Қарқара  жерінен  қуылған  Ағыбай  батыр  тұқымдарының 

Қызылордада  пана  іздеп,  қарға  тамырлы  қазақ  жекжат  тапқанын,  кейіннен 

тұтқындалып, сотталғанын қызықты етіп жазады. Жоғарыдағы тақырыптардың 

бәрі  де  әрқайсысы  ӛз  алдына  әртүрлі  кезеңдердің  келбетін  аңғартады  және 

барлығы да ӛмірде болған шындық оқиғалар мен құбылыстарды әңгіме арқауы 

ете отырып, қазақ ӛмірінің әрқилы проблемаларын шығармашылықпен шешуге 

ұмтылыс білдірген. 

Кӛркем  шығарма  жазу  барысында  кез  келген  жазушы  жеке  кейіпкерлер 

тағдыры  арқылы  сол  кезеңдегі  жалпы  жағдайды  аңғарта  білуі  де  стильдік 

ерекшеліктің  бір  қыры  десе  болғандай.  Мысалы  Б.Майлиннің  «Ӛңгелбай» 

туындысын  алсақ,  оның  болыс  болып  сайланғаны,  жұрттың  ол  туралы  пікірін 

автор былай береді: «... еті тірі, пысық, ретін табар деп ойлайды». Сол кезден 4-


5  жыл  бұрын  ғана  дәулеттілер  қатарындағы  Ӛңгелбай  болыс  болып,  Алексей 

деген  орысты  хатшы  етіп,  ӛзінің  газет  оқу  түгілі  әріп  танымайтынын  жеңіл 

юмормен шебер жеткізген. Сол кезеңдегі елдің тіршілігін айнытпай кӛрсеткен 

очеркист Ӛңгелбайлардың кӛбейіп бара жатқанын тілге тиек етеді. 

1934  жылы  Б.Майлиннің    «Алыптарды  аралағанда»  очерктер  жинағы 

жарыққа шықты. Бұл очерктер екі ӛндіріс орнына арналған. Бірінші Шымкент 

қорғасын  зауытындағы  қарқынды  жұмысты,  қарапайым  адамдардың  зауыт 

станогындағы  жұмысын  сәтті  суреттейді.  Алғаш  алынған  қорғасынға  куә 

болған  очеркші  цехтарды  аралап,  жұмысшылармен  жолығып,  олардың 

қызғылықты әңгімесін тыңдайды. «Қорғасын зауытында», «Алып зауыт ерлері 

егіске  аттанды»,  «Қиын  емес,  үйренеміз»  очерктерінде  қарапайым  ауыл 

адамдарының  алып  ӛндіріске  бауыр  басуын  сенімді  кӛрсетеді.  Очерктер 

жинағының екінші бӛлімі – Қарағанды жұмысшыларының ӛмірі. «Қарағанды», 

«Боранбайдың бірінші адымы», «Қайла қайралды», «Болат құстың кеудесінде», 

«Екінші  күн»,  «Оқытушылар»  атты  очерктер  Қарағанды  ӛңірінің  келешегі, 

бүгіні,  кенші  қауымның  қажыр-қайраты,  мехнат  ӛмірі  оқушы  кӛз  алдына 

келтіріледі. Б.Майлиннің бұл очерктерінің бір ерекшелігі – еңбек адамдарының 

тағдыры 


Қарағанды 

ӛңірінің 

ӛсіп-ӛркендеуімен 

байланыстырыла, 

сабақтастырылады.  Кӛп  жағдайда  Б.Майлиннің  очерктері  «әңгімелер»  деп 

қабылдануына  «Социалды  Қазақстан»  газетінің  әсері  болғаны  туралы  ғалым 

Бейсенбай  Кенжебаев  «Шындық  және  шеберлік»  атты  монографиясында: 

«Кейбір  зерттеушілеріміздің  Бейімбет  Майлиннің  «Социалды  түлік» 

жинағындағы  очерктерін  «әңгімелер»  деп  қабылдауына  осы  газет  пікірінің 

әсері  болған  сияқты.  Әсіресе,  жинақтың  бірінші  бӛлімінде  берілген 

«Қойшыбай» очеркін кӛркем әңгіме ретінде қабылдау байқалады. Шындығында 

да,  бұл  -  ауыл  шаруашылығындағы  еңбек  озатының  портретін  жасап  берген 

алғашқы  очеркінің  бірі»  [4,224-б],-  деп  баға  береді.  Бұл  очерктегі  Қойшыбай 

бейнесі  туралы  бейімбеттанушы,  ғалым  Серікқали  Байменше  пікірі  былай: 

«Очерктің (деректі әңгіме деп те қабылдауға болар) бас кейіпкері – Қойшыбай 

Нұрмағамбетұлы - ӛмірде болған адам, Қарабалық болысының азаматы. Біздің 

ойымызша,  Қойшыбай  –  жазушының  таныс,  жерлес  адамы.  Оның  ӛмірінің 

кейбір  суреттері  жазушыға  бұрыннан  да  белгілі  секілді.  Мұны  очерктегі 

баяндау  барысынан  байқау  қиын  емес»  [5,128-б].  Бұл  -  негізінен  жазушы 

шығармалары  ішіндегі  кӛлемді  саналатын  очерктерінің  бірі  және  ӛмір 

құбылыстарын нақты, тілі мен баяндалуы жағынан да кӛш ілгері, публицистік 

пайымдауларды да кӛркемдік әдіспен ұштастырған туындысы. 

Б.Майлиннің    Қостанай  жерін  аралағанда  жазған  очерктері  қазақ 

ауылдарындағы  мәдениет,  тұрмыс  жаңалықтарынан  хабардар  етеді. 

«Жетіқара»,  «Жайылма»,  «Еңбек  бәсекесі»,  «Той»  очерктері  елдегі  қарбалас 

еңбек  пен  дүбірлі  тұрмыс-тіршілікті  арқау  еткен.  Бұл  очерктердің 

қаһармандары ӛмірі, дәуірі, уақыт тынысымен тығыз байланыста алынған. 

1916  жылғы  қазақ  халқының  ұлт-азаттық  кӛтерілісінің  даңқты  батыры 

Амангелді  Иманов туралы  жазушы  Б.Майлин  мен Ғ.Мүсірепов бірігіп  «Батыр 

большевик Амангелді» атты кӛркем публицистикалық очерк  жазды. Ол алғаш 

рет  «Социалды  Қазақстан»  газетінде  1936  жылы  жарияланады.  Авторлардың 


бұл  очеркі  бірнеше  бӛлімнен  тұрады,  алғашқы  «Ұры»,  «Жынды»,  «Жеке 

батыр»  бӛлімдерінде  Амангелдінің  балалық,  жасӛспірім  шағы  бейнеленеді. 

А.Иманов жас шағында-ақ ірі істерге қатысарлық сана - парасаты жетілген, жас 

жігіттің  кемелденгенге  дейінгі  ӛмір  оқиғалары,  естіген,  кӛргендері,  ӛскен 

ортасы, алған тәлім-тәрбиесі, елеулі болмыс-бітімі іріктеліп, шығарма желісіне 

ӛрілген.  Б.Майлин  мен  Ғ.Мүсірепов  тарихи  шындыққа  сүйене  отырып,  сол 

кезеңдегі  қазақ  бай-шонжарларының  тағылық  ӛмірін,  озбырлық  әрекеттерін 

ӛлтіре  шенеп,  халықтың  аянышты  тұрмысын  кеңінен  қамтыған.  Очерктегі 

оқиғалар, негізінен, басты кейіпкер Амангелді тӛңірегіне шоғырланған. 

Бұл  кӛркем  очерктің  басында-ақ,  Амангелді  бейнесін  айрықша  суреттеп, 

әлеуметтік  саяси  қайраткердің  ӛсу  жолының    ӛзіндік  заңдылықтарын  мүлт 

жібермегендей.  “Кең  маңдайлы,  келте    мұрынды,  бадырақ  кӛзділеу,  қою  қара 

кірпіктері сәл қайқайып тұратын, шалқақтау біткен денесі кеп-кесек қара бала 

тым  тентек  болды.  Таңның  атысы,  күннің  батысы  дамылы  жоқ,  сирақтары 

жарылған,  қап-қара,  қашан  кӛрсең  де  ӛмірі  алыс-жұлыс  жүгіріспен  ӛтеді” 

[3,432-б],-  дей  келе,  Амангелдінің  ӛр  мінезі  жасӛспірім  кезінде  кӛріне 

бастағанын, жанары оттай, киіктің асығындай, шымыр, намысшыл, ойынқұмар, 

дос-жанды,    жайдары  болып  ӛскенін  кейіпкер  мінез-құлқын  бергенде,  ӛз 

бойына шақ бояу, ӛрнектері ашық, әрі үйлесімді етіп суреттейді. 

Амангелдінің  әкесі  Үдербай  шыр  бітпеген  кедей  болады.  Ағасы  онға,  ӛзі 

сегізге келгенде әкеден айырылып, жетім қалып, шешесі Қалампыр балаларын 

асырау  қамымен  Балық  деген  кедейге  күйеуге  шыққанын,  ауыр  салмақтың 

зардабын, қазақ аулындағы сол кезеңдегі мұқтаждықтардың бетін бұл очеркте 

толық ашқан.  

Амангелді он тӛртке келгенде тентектігін тыйып, еңбектеніп Таубай деген 

байға қойшы болып, үш жылғы еңбегін анасы сұрай барғанда, Таубай бір қотыр 

қозылы  қой  береді.  Таубайдың  шешесін  балағаттағаны  Амангелдіге  қатты 

батып,  Кӛшкімбай  байдың    қойшысы  Ахмет  екеуі  бір  ту  қойын  бауыздап, 

қойдың басын байдың керегесіне іліп, бір құнанын мініп, «бала қарақшы» деген 

атқа ие болады. Бұл очерктің «Жынды» бӛлімінде Амангелді үш жылға түрмеге 

кесіледі.  Байлардан  толық  кегін  ала  алмаған  Амангелді  «Бала  қарақшыдан» 

«Амангелді қарақшыға» айналып шыға келеді. Осы тұста Амангелді бейнесінің 

нанымды  мінез-құлқы,  іс-әрекеті,  оны  қоршаған  орта,  басынан  кешкен  алуан 

оқиғалар бәрі ӛз кезегімен, шындық шеңберінен шықпай, ӛмірдегі орны табиғи 

бейнеленген.  Кӛркем  очерктің  екінші  бӛлімінде  жиырма  беске  аяқ  басқан 

шағын:  «...  екі  иығына  екі  жігіт  мінгендей,  екі  білегі  жұп-жуан  темірдей, 

«балуанмын» деп жүрген жігіттерді алыса кеткен жерде-ақ атып жіберетін еді» 

[3,438-б],- деп мінез-құлық, іс-әрекетін тұтас кӛрсеткен. 

1914  жылы  Кӛкшетау  уезі  Саумалкӛл  қаласынан  ақталып,  еліне  қайтып 

келе жатып Бӛрлі деген кӛпеспен танысып, 12 табын ӛгізін Себелеге айдасатын 

болып  келісіп,  600  сом  ақша  табады.  Амангелді  ӛмірінде  бірінші  рет  пойызға 

отырып,  Петерборға  барғаны  да  қызғылықты  баяндалады.  Петербордан  біраз 

білім алып, дүние кӛріп, Амангелді еліне қайта оралғанда, елдегі болыс-билер 

таң  қалысады.  Осы  оқиғаларды  баяндағанда  екі  автор  Амангелдінің  ӛсу 

жолдарын сатылап баяндау әдісін пайдаланғанын кӛреміз. 


«Жеке батыр» бӛлімінде Амангелді Иманов бейнесі кеңінен ашыла түседі. 

19  бен  43  аралығындағы  жасты  қара  жұмысқа  алу  туралы  патша  жарлығына 

Амангелді түпкілікті қарсы шыққан тұсы очеркте тың деректермен баяндалады. 

«Арқамызда ақ патша

Тақыр баста тар ноқта

 Арқа жауыр, бел кеткен, 

Қиқаңдай бер ер батса !» [3,441-б],- 

деп  Амангелді  қазақ  еліне  орнығып  алған  ақ  патшадан  құтылып,  қарапайым 

халық басына бостандық алса деп арман етеді. Амангелді бойындағы батырлық 

қоғамдық  биік  мақсат  жолында,  ерлік,  қаһармандық,  қайсарлық  мінез  кӛрсету 

барысында  аңғарылады.  Осы  жерде  қалың  ел  болыс-би,  писарь,  тілмаштарға 

жем болып шыға келеді. Амангелді соңына ерген кедей жастары ғана тӛңірегіне 

сарбаз  жинап,  кӛтеріліске  дайындалады.  Амангелді  бейнесін  сомдау  үшін  екі 

автор оған әр қырынан сипаттама жасайды. «Бермейміз» деген сӛзді батыл айта 

білген,  ер  жүрек,  адал  ұл  Амангелдіні  тыңдаған  кӛпшілік  Еверсманды  болыс-

билерімен шошайтып тастап, Амангелдінің артынан еруінің ӛзі оның кӛсемдігі 

мен шешендігін дәлелдесе керек. 

Амангелді  -  ӛмірде  болған  адам.  Бір  кісінің  басынан  ӛткен  оқиғаны  екі 

автор бір кӛркем очеркке сыйғыза отырып, балалық шағы мен жастық дәуренін 

үш-тӛрт бӛлімге топтап, есейіп, ес жиған ӛмір кезеңдерін де әрбір нақтылы деп 

аталатын жағдайға лайық сенімді күрес, тартыс арқылы шебер суреттеген. Бұл 

кӛркем  очерктегі  адам  ӛмірі  шығармашылықпен  жүзеге  асырыла  отырып, 

замана  қаһарманын,  оның  рухани  жан-дүниесін,  мақсат-мүддесін,  ой-сезімін 

шыншылдықпен  ӛрнектеп,  Амангелді  характерін  ашуды  биік  мұрат  тұтқан. 

Очерктегі  батыр  Амангелді  ӛмірдегі  ӛз  қалпын  сақтап,  шынайы  сӛзін  айта 

алғандай әсер етеді. 

Кӛркем  шығармадағыдай  кӛркем  очеркте  де  адам  бейнесін  мүсіндеудің 

жолдары  кӛп  екені  аян.  Кӛркем  очерктегі  адам  бейнесін  айқындайтын 

кӛркемдік  компоненттердің  бірі  -  портрет.  Портрет  туралы  Әди  Шәріповтің 

пікіріне жүгінсек: «Портрет әр адамның ӛзіндік сипатын, ӛзара бітімін танытуға 

да  елеулі  қызмет  етеді.  Сонымен  қатар,  портрет  -  адам  характерінің  негізгі 

ӛзгешелігін де білдіріп отыратын шығармадағы кӛркемдік компонент. Жазушы 

ойының  түпкі  қазығы,  кейіпкерге  деген  оның  негізгі  кӛзқарасы,  суреткерлік 

позициясы осы портрет арқылы да жобаланып жатады» [6,260- б],- дейді. Шын 

мәнінде  жоғарыдағы  кӛркем  очерктегі  Амангелді  бейнесі  де  бірнеше  жерде 

портрет  арқылы  есте  қаларлықтай  етіп  мүсінделгеніне  куә  боламыз. 

А.Имановтың  адамдық,  азаматтық  және  қайраткерлік  сипатын  тани  отырып, 

бұл  очеркте  Амангелдінің  іс-әрекет  үстіндегі  шын  келбетін,  таза  табиғатын 

адастырмай  аңғартатын  кӛптеген  суреттер  бар.  Басты  бейненің  ұлт-азаттықты 

аңсағанын,  сол  жолда  жанын  аямай  қызмет  еткенін,  «азаттық»  деген  әдемі 

ұранның  байыбына  терең  барғанын,  аса  шытырман,  қиын  сәттерін  де  кӛрсету 

арқылы  қос  автор  қаһарман  бейнесін  білгірлікпен  сенімді  ашқан.  Амангелді 

жалғыздық  кӛрмеген,  ӛйткені  оның  арқа  сүйері  халық,  ел  азаматтары  әр 

уақытта  Амангелді  тӛңірегінен  табылады.  Қазақтың  бас  кӛтерер  жігіттерін 

импералистік соғыстың ӛртіне айдап салып, окоп қазуға аттандырмақ болғанда 


оларға қарсы тұрып, қол жинайтын да Амангелді батыр. Жандарал Еверсманға 

қарсы сӛз айтқан батыр қазақ халқының бойына жиналған кегі кернеп, құлдық 

қабын  жарып  жібергендей,  ақ  патшаға  атуға  сақталған  оғы  осы  арада 

атылғандай болады.  

Б.Майлиннің  публицистикасының  басты  ерекшелігі  -  қоғам  ӛмірінде 

болып  жатқан  әр  алуан  оқиғалар  мен  болмыс,  ұғым,  тіршілік,  іс-әрекеттерді 

жинақтап  кӛркемдік  шындыққа  айналдыра  білуінде.  Дәуір  тынысын  терең 

барлаған  жазушы  шындықтан  ауытқымай,  кейіпкерлерді  де  осы  тараппен 

танытып, шебер жетілдіріп отыруымен дараланады. 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Нұртазин Т. Б.Майлин творчествосы. - Алматы: Жазушы, 1966. 

2. Майлин Б. Ел сыры. – Алматы: Жазушы, 1994.  

3. Бисенова Ғ. Жомарт жүрек жылуы // Жалын, 1987, №3.   

4. Кенжебаев Б. Шындық және шеберлік. – Алматы: Жазушы, 1966. 

5. Байменше С.Е. Бейтаныс Бейімбет. Монография. - Астана: Елорда, 2001. 



6. Кӛркемдік кілті – шеберлік. – Алматы: Ғылым, 1985. –260-б. 

 

 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал