Б. М. Аташ р. Декарт пен ф. Бэконның идеяларындағы бейболмыс мəселесiнiң ТҮйткiлдерi



жүктеу 88.55 Kb.

Дата27.01.2017
өлшемі88.55 Kb.

Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан

           2009. № 2

58

Б.  М.  АТАШ



Р. ДЕКАРТ ПЕН Ф. БЭКОННЫҢ ИДЕЯЛАРЫНДАҒЫ

БЕЙБОЛМЫС МƏСЕЛЕСIНIҢ ТҮЙТКIЛДЕРI

Ғылым дамуы заманауи объективтi өзгерiстер

ағымымен импликациялы болып келедi. Соған бай-

ланысты философияның онтологиялық проблемасы

да дəуiр өткелдерiне сəйкес өзiндiк таным позиция-

сын өзгертiп отырды. Мəселен, ежелгi шығыстағы

мистикалық-мифтiк ұста-нымдардың философия-

лық қырлары, антика дəуiрiндегi қалыптасқан кос-

мологиялық сипаттағы тұғырнамалар орта ғасырда

теологиялық мəнге ие болып, қайта өрлеу дəуiрiнде

универсумдық-континуумдық мағына арқылы да-

мыған болса, жаңа замандағы дискреттiк онтоло-

гия  парадигмасын қуаттай отыра, өзiндiк сабақтас-

тығын қамтамасыз етiп, логикалық оралымдар арқ-

ылы жалғасын тапқан болатын. Сондықтан қайта

өрлеу дəуiрiнен кейiнгi жаңа заман пантеизмдi өрбiте

отырып,  рационализмдiк  по-зицияны  нығайтып,

логоцентризмдiк дəстүрдi жандандыра түскен едi.

Осыған сəйкес қазiргi жаратылыстану мен фи-

лософиядағы  онтологиялық  түпкi  мəнге  қатыс-ты

Бейболмыс мəселесi бастапқы ойтолғамның негiзi

ретiнде танылады. Демек, Бейболмыс ұғы-мының

тарихи-танымдық мəнiне де үңiле түсуiмiз оның ди-

ахрондық  позициясын  нығайтады,  маңызды  мəн

екендiгiн  қайталайды.  Бейболмыс  мəселесiмен

шұғылданушы  ойшыл  Н.М.  Солодухо  да  оның

өзектi проблематика екендiгiн атап өтедi: «Бытие или

небытие, с чего берет свое   начало мир? Этот воп-

рос должен быть признан исходным философским

вопросом» [1, 7-10-б.]. «Небытие – отсутствие, от-

рицание бытия, сущест-вования. Следует отличать

от ничто как отрицания определенности, сущности.

Небытие – онтологическая категория, являющаяся

отрицанием  понятия  бытия» [2], – деп  атап

көрсетiлген тұжырымдарға сəйкес, оның мəнiн то-

лығырақ ашу үшiн философия тарихындағы Бей-

болмыс мə-селесiн сараптауды қолға алатын болсақ,

жаңа заман философиясының көрнектi өкiлдерi – Р.

Декарт пен Ф. Бэконның көзқарастарының Бейбол-

мыстық дүниетанымын сараптау маңызды буын.

Декарт (Descartes) Рене (латынша – Картезий;

Renatus Cartesius) (1596–1650) – француз филосо-

фы, математик, физик, физиолог. Математика мен

жаратылыстану  саласында  көптеген  жаңалықтар

ашқан.  Иезуиттер  негiзiн  қалаған  Францияның

беделдi  оқу  орнында  оқып, 1629–1649 жылдары

Голландияда өмiр сүрiп, «Тəсiл жөнiндегi пайым-

даулар» (1637), «Метафизикалық  ойтолғамдар»,

«Алғашқы  философия  туралы  ойтолғамдар...»

ЛИТЕРАТУРА

1.  Клиффорд  Ф.  Грей,  Эрик  У.  Ларсон.  Управление

проектами:  Практическое  руководство / Пер.  с  англ.  М.:

Издательство «Дело и Сервис», 2003. 528 с. С. 20.

2. A Guide to the Project Management Body of Knowledge

(PMBOK Guide) Fourth Edition – 2004 Project Management

Institute, Four Campus Boulevard, Newtown Square, PA 19073-

3299 USA. www.pmi.org. C. 2.

3. Вратенков С.Д. Управление проектами по стандарту

РМВоК Guide 4

th 


Edition. Материалы  тренинга.

4. Золотогоров В.Г. Инвестиционное проектирование:

Учебное пособие. Минск: ИП «Экоперспектива», 1998. 463

с. С. 17-20.



Резюме

Автор  Жобаларды  басқару  Институты  (Project



Management Body of Knowledge (РМВоК Guide) əзiрлеген

халықаралық  стандарт  негiзiндегi  жобаларды  басқару

жүйесiн қарастырған. Мақалада  жобаларды  басқару ныса-

ны (ЖБ), ЖБ субъектiсi, жобаларды басқару үрдiсi мен қол-

данбалы  құрылым  секiлдi  жобаларды басқарудың  негiзгi

элементтерiне (Project Management Institute – PMI, USA)

сипаттама берiлген.

Summary

The author considers the Project Management System on

the base of the international standard in Project Management

Project Management Body of Knowledge (PMBoK Guide),

worked out by Project Management Institute PMI, USA. The

description of such important elements of the Project

Management System, such as object of Project Management,

subject of Project Management, functional structure and

processes of Project Management is given in this article.

УДК: 338:330.322.001

КазНУ им. аль-Фараби

Поступила 14.04.09г.


Научные статьи и сообщения

59

(1641), «Философияның  бастауы» (1644), «Жан



құмарлықтары» (1649) шығармаларын жазды. Де-

карт – «жаңа философияның» жəне жаңа ғылым-

ның негiзiн салушы, 17 ғасырдағы интеллектуал-

дық революцияның «архитекторы» атанған. Сондық-

тан көрнектi ойшылдың дүниетанымы Бейболмыс-

тық мəселелердi тiкелей тудырмағанмен, оған қаты-

сты рационалистiк дəстүрдi ұсынғандығын байып-

тауымызға болады. Мəселен, оның идеяларын са-

раптаған философтар: «Ничто не устоит перед разъе-

дающей силой сомнения. «Возможно, что все, что

я вижу, – читаем в «Метафизических размышлени-

ях», – ложно; я ясно осознаю, что из того, что мне

представляет моя память, наполненная ложью, нет

ничего  осмысленного;  думаю, тело,  фигура,  про-

тяженность,  движение  и  место – всего  лишь  во-

ображение  моего  духа.  Что  же  тогда  может  счи-

таться истинным? Возможно, ничто, если в мире

нет  ничего  определенного?»  Сомнение  методич-

но, ведь это обязательный, хотя и временный, этап

на  пути  к  истине. «Я  не  подражаю  скептикам, –

уточняет  Декарт, – сомневающимся  ради  того,

чтобы  сомневаться,  тем, кто  упивается  своей  не-

решительностью;  наоборот,  все  мое  существо

стремится к  тому, чтобы  ощутить уверенность,  и

я  готов  перелопатить  землю  и  песок,  чтобы  до-

копаться, где  кремень, а  где  глина» [3, 309 б.], –

деп  атап  көрсете  отырып,  гносеологиялық

мəселелердегi  Ештеңелiк  тұжырымдарын  атап

көрсетедi. Яғни, таным мен күдiктiң бастапқы са-

тысы əлемдi тұтастай жоққа шығарып, Ештеңемен

теңестiрiп  барып,  келесi  сатыға  көтерiлетiн

əдiснаманы  бағамдау  болып  табылатындығын

көремiз. Бұндағы таным процесiндегi əлемдi Еште-

ңеге сəйкестендiру парадигмасы ақиқатқа жетудiң

ерекше тəсiлi ретiнде көрiнiс бере отырып, Ештеңенiң

эпистемологияға қолданылған инструментi болып

табылатындығын  ұғынамыз. Декарттың осындай

«əлемдi  жоғалту  жəне  бiрте-бiрте  тану»

рационализмi скептицизмнiң оң-          тайлы түрi

ретiнде рационалистiк дəстүрлердi ұстанудың өзге-

ше  бiр  стилi  түрiнде  ұсынылады.  Демек

рационализмнiң Ештеңеден басталатын парадигма-

сы ойшылдың ұстанымын дəйектендiре түседi, əрi

сана интенциясын қуаттандырушы мотиватор болып

құрылады. Осы стильдiң жалпы скептицизм бағы-

тына сəйкес келетiндiгiн түйсiнсек, Декарттың ра-

ционализм пен скептицизмдi, интуитивизм мен ма-

тематикалық модельдеудi сəйкестендiру ұстанымы

да Еште-         ңе түрiндегi əлемдi елестету моделiне

келiп тiрелгендiгiн аңғарамыз. Демек оны түпнұсқа-

лық  модель ретiнде  танысақ, Декарттың  филосо-

фиясының  ой  жүйесiн  арттырып  тұрғандығын

көремiз. Ойшылдың идеялары бұл салада əрi қарай

күрделене түседi: «Метафизических размышлени-

ях» Декарт былай дейдi: «Есть некая сила, не знаю

какая, но  коварная и  изощренная, использующая

все, чтобы обмануть меня. Но если она меня обма-

нывает, нет никакого сомнения, что я существую;

пусть обманывает меня, сколько хочет, – она ни-

когда не  сможет превратить меня  в ничто  до  тех

пор, пока я буду думать. Следовательно, обдумав и

изучив все с большим тщанием, необходимо зак-

лючить, что суждение «я есть, я существую» абсо-

лютно верно всякий раз, когда я произношу его, а

мой дух удостоверяет это» [3, 309 б.]. Декарттың:

«Белгiсiз күш – өзiн алдау – өзiнiң өмiр сүретiндiгi

– өзiнiң  Ештеңе болып табылмайтындығы – ойлай-

тындығы – өмiр сүретiндiгi» логикалық тiзбегiнiң

концептуалдық мəнi «бар болуды өзiнiң (сананың)

ойлауы арқылы» тұжырымдау. Бiз жоғарыда атап

өткен «əлем – бар ма, жоқ па?» немесе «болу        мен

болмаудың» түпкi алғы мəселе екендiгiне аналоги-

ялық  түрде  өзiнiң  (Декарттың  өз  призмасынан

өткiзiлген модель бойынша) адамның (ойлау-дың-

рухтың) «бар болуы мен болмауын» басты түпкiлiктi

мəселе ретiнде орынды байыптаған. Яғни, əлемнiң

«бар» немесе «жоқ» екендiгi туралы мəселенi адам

əуелi өзiнен бастау қажеттiгi туралы нұсқа құрасты-

рады да, рухты оның басты өлшемi ретiнде ұсына-

ды. «Рухтың бар болуы – адамның өмiр сүруi» де-

ген тезистiң айқындалуы болудың Рухтан (ойлау-

дан) басталатын нұсқасын iргелi жəне алғашқы та-

ным ретiнде көрсетуден туады. Бар болудың негiзгi

өлшемi болып тұрған – ойлау, материалистiк тұрғы-

дан  айтылатын  жай  ғана  мидың  физиологиялық

қызметi  немесе  мис-тикалық  негiзде  сараланған

тылсым күш қана емес, онтологиялық iргелi туын-

дыны аша алатын мəн ретiнде бағамдалады. Декар-

ттың  ой  машығының  бұл  тұстағы  ерекшелiгi –

мəселенi «бармын ба, əлде жоқпын ба?» деп қойы-

лған сауалдан тудырмай, «бар болуды дəйектеуден»

бастау қажеттiгi туралы идеяны ұстануында. Демек

бұл жерде «болмау» жөнiнде мəселе ұсынылмай-

ды, «бар екендiктiң» бекiтiлуiнiң концептуалды жо-

басы қысқаша тұжырымдалады. Бiз осыған сəйкес:

«ойлау процесi – бар болу» жəне «ойлаудың бол-

мауы – бар болмау» деген алгоритмдi құрастырып

қарасақ,  Декарт  бойынша,  анало-гиялық  түрде

«мүлде  ойламаймын,  демек,  бар  емеспiн»  деген


Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан

           2009. № 2

60

антропологиялық Бейболмыстық жоба алынады. Бұл



жердегi «ойлауды»  бар  болуды  өзiнiң  сезiнуiнiң

құралы ретiнде танысақ,  ойлаусыз (рухсыз) тiршiлiк

иелерiнiң өзiнiң бар екендiгiн сезiнбейтiндiгi туралы

қарапайым логикалық тұжырым алынады. Демек,

осы «ойлауды» орталық жоспарға шығарып қарас-

тыратын болсақ, əлемнiң бар болуын адам ойлауы

арқылы түйсiнетiн болса, көне грек философы Про-

тагордың – адам өмiр сүретiндер мен өмiр сүрмейтiн-

дердiң өлшемi [4, 100 б.] деген тұжырымына қайта

ораламыз. Сонда «ойлау» процесiнiң бар болудың

өлшемi екендiгi туралы эгоантропологиялық өз при-

змасынан өткiзген тұжырымдамасы алынады. Сон-

дықтан ойлау – бар болуды өз тұрғысынан бағалай-

ды. Егер де құрылымдық əдiспен ойлауды адамнан

ажыратып, əлемнен ойлауды тұтастай алып таста-

сақ, «əлем бар ма?» деген сауал арқылы субъективтi

идеализм сарыны туындайды. Болмыс пен ойлау-

дың теңесуi Декарт дуализмiнiң негiзгi бағыттары-

ның бiрi  болатын болса, Бейболмыс пен ойламау

дуализмiн конструкция жасауымыз қажет. «Ойла-

мау» – бiрiншi-ден, адам болмысының ғана болмай-

тындығын бiлдiредi, екiншiден, танымнан əлемнiң

тыс қалатындығын сипаттайды, үшiншiден, болмы-

стың таза абсолюттi еркiндiгiн айғақтайды, төртiншi-

ден, дүниенiң болу мен болмауы мəселесi тек қана

антропологиялық таным үшiн ғана емес, «өзi-үшiн»

болып табылатын парадигмасын тудырады. Демек,

ойлаудың  Бейболмысы  əлемнiң  Бейболмысына

сөзсiз алып келетiндiгi туралы тұжырым туындамай-

ды. Олай болса, Декарттың ойлаудың болмысы мен

Бейболмысы мəселесi əлемнiң болуы мен болмау-

ына сəйкес  келмейдi. Дегенмен,  объективтi жəне

субъективтi идеа-лизмнiң бастапқы принциптерi ту-

ралы тұжырымдар мен дискурстар тудыруға алып

келедi. Бiрақ бұл –болмыс  үшiн ғана.  Сондықтан

ойлаудың Бейболмысы жеке құбылыстың ғана Бей-

болмысы болып табылады. Осы тұстан Бейболмы-

стың тəуелсiздiгi көрiнедi. Егер «ойлаудың болмауы

– əлемнiң болмауына алып келуi мүмкiн» деген су-

бьективизмге қарай бағытталсақ, ойлау мен Бейбол-

мыс қайтадан байланыстық сипатқа ие болады. Бiрақ

бұл герменевтикалық шеңберге ұласып, ойлау мен

болмыстың арақатынасының логикалық байланысы

үзiледi. Сондықтан бiз                   Р. Декарттың

Бейболмыстық философияға рационалистiк дəстүр

бойынша қосқан өзiндiк танымдық үлесi арқылы

мынадай дəйектi тұжырымдар ала аламыз:

– Ойлау мен бар болудың бiрлiгi арқылы ойла-

мау  мен  болмау  туралы  жобаны  қарастыру

мүмкiндiгi ашылады;

– Болмау мен ойламау жеке мен жалпы қаты-

настан теңестiрiлген қатынасқа қарай көтерi-     луге

болатындығы туралы гипотезалық теория ұсыныла-

ды;


– Ойлау мен ойламаудың жанама түрде болса

да, болмыс пен Бейболмысқа байланысты бола ала-

тындығын бағамдап, Бейболмыстық философиядан

жаңа  əдiснаманы  таңдап  алуымызға  мүмкiндiк

бередi;

–  Бейболмыстың  онтологиялыққа  қатысты



өлшемдермен  байланысу  дəстүрлерiне  ойлаумен

(ойламаумен) байланысты да бола алатындығы ту-

ралы тұжырым алынып, осындай күрделi тұс-тар-

ды зерделеу перспективасын құрастырады;

– Басты философиялық мəселе, Меннiң болмы-

сы мен Бейболмысы екендiгi жөнiндегi тұжырым

алынып, оның əлемнiң болуы мен болмауы хақын-

дағы  ойтолғамға  алып  баратын  алғашқы  саты

екендiгi туралы идеялар тұжырымдалады;

–  Болу  мен  болмау  парадигмаларын  адам  өз

призмасынан өткiзiп барып бағамдау қажеттiлiгi ту-

ралы бастапқы түсiнiк тудыруға мүмкiндiк бередi;

– Скептицизмнiң де бастапқы негiзi антрополо-

гиялық жəне  «эго» арқылы  өту керектiгi  туралы

тұжырым жасалынады;

Бэкон (Bacon) Фрэнсис (1561–1626) – бри-

тан философы, тəжiрибелi ғылым əдiснамасының

негiзiн  қалаушы.  Ол  орта  ғасыр  схоластикасын

сынай отырып, оның əлемге айтыс пен тартыстан

басқа ештеңе алып келмегендiгiн атап өтедi. Оның

жемiссiздiгiнiң басты себептерi, жаратылыстану са-

ласына айтарлықтай көңiл бөлмеген-дiгi, филосо-

фияны  дiннiң  қызметшiсi  деңгейiне  дейiн

төмендеткендiгi екендiгiн атап өтiп, ғылыми бiлiмдi

насихаттауға айтарлықтай үлес қосты. Оның басты

философиялық шығармасы – «Жаңа Органон не-

месе табиғатты түсiндiрудегi ақиқат нұсқаулар» атты

туындысында (1620) ол табиғатты зерттеудiң дұрыс

əдiсiн қалыптастыру мақсатын қояды. Бэкон таби-

ғатты игеруде оның имма-ненттi заңдарына бағына

отырып, образының өңiн айналдырмау қажеттiгiн

ұсынады. Осы жолда адам көптеген кедергiлерге,

атап айтқанда, «елес-терге» тап болып, олар ақиқатқа

жақындай түсуге бөгет болады деп байыптаған бо-

латын.

Сондықтан ойшыл гносеологиялық мəселелер-



ге бойлай енiп, таза шынайылық пен ақиқатқа жетудi

қолдағандықтан, онтологиялық мəселе-лердi де қам-

тып өттi. Ол Бейболмыс мəселесiмен арнайы айна-


Научные статьи и сообщения

61

лыспаса да, таным теориясын дəйектеп, «елестер-



ден» тазару бағытында Бейболмыстық түсiнiктердi

де қамтып өтедi.

Жоғарыда  аталған  шығармасында  Ф.  Бэкон

тұжырымдағандай: «Идолы, проникающие в разум

с помощью слов, бывают двух родов: или это на-

звания  несуществующих  вещей  (как,  например,

«судьба», «вечный двигатель» и т.д.), или это на-

звания вещей  существующих, но  путаные  и нео-

пределенные,  неподобающим  образом  абстраги-

рованные» [3, 286 б.]. Яғни, ойшылдың таным тео-

риясының орталық түсiнiктерiне айналған «елес»

ұғымы сана интенциясындағы кедергiсiз ақиқатты

тудырудың жаңа тəсiлi болатын болса, бiз үшiн бұл

түсiнiктiң  болмыстық  немесе  Бейболмыстық

деңгейiн ашу қажеттiлiгi туындайды. Бэкон оның

мағынасы мен заттық көрсеткiшiнiң (денотатының)

өмiр сүрмейтiн нəрселер болуы мүмкiн екендiгiн атап

өтедi.  Олай  болса, «елес»,  шындығында  да,  Бей-

болмысты елестетудiң антропологиялық əдiснамасы

болып табылатындығын бағамдауға болады. Елес-

тету  Бэконның  тұ-жырымында  жағымсыз  мəнде

айтылса, Бейболмыстық таным үшiн ол жағымды

мəндi жамайды, тiптi оны бағамдаудың бiрден-бiр

құралы болып табылатын сананың қабiлетi екендiгiн

де ескеруiмiз қажет. Егер де ойшыл атап өткендей,

«елестер»  Бейболмыстық  сфераның  модельдерiн

құруға мүмкiндiк алатын болса, ол адасу түрiнде

емес, саналы-жүйелi ұйымдасқан негiзде ғылыми

əдiснама ретiнде танылатындығы сөзсiз.

Немiс ойшылы Г. В.  Ф. Гегельдiң: «Следова-

тельно выражение, «созерцать или мыслить нич-

то»  что-то  означает», – деген [5, 15 б.]  пiкiрi  де

Бейболмысты түйсiнудiң «елеске» генетикалық туыс

процесiн қамтамасыз етедi деп ой түйiндеуi-мiзге

болады.  Ал  Бэкон  ұсынған  «елес»  Бейболмысқа

тiкелей енудiң бiрден-бiр векторы болса, ойшыл атап

өткендей, ол болмыстық парадигмадан алшақтап,

Бейболмысқа қарай бағытталған ойлаудың айқын

емес  құрылымына  қосылады.  Яғни,  бұл  тұстағы

«елес»  түсiнiгiнiң  мазмұны  болмыстық  сападан

ажырайтын, əрi дүниенi танудан алшақтайтын, эпи-

стемологияда айқын-сыздық пен күңгiрттiк туғыза-

тын  болса,  оның  Бейболмысты  тануға  қарай

өздiгiнен бағытталуы да логикалы. Себебi Бейбол-

мыстың  үстем  трансценденциясы  қашанда  сана

үшiн айқынсыз, таным үшiн үнемi айқындық пен

нақтылықты  ұсын-ған  ойшылдың  идеялары

«елестiк» психологиялық процестiң мүлде қатыс-

пауын талап етедi. Бұл шындығында да солай. Сон-

дықтан танымдағы психологиялық «елес» процесi

болмыс үшiн тиiмсiз болғанмен, Бейболмыс үшiн

маңызды сəт, əрi жалпылама əдiснама болуға лайық

деп тұжырым жасаумызға болады. Елестiң iлгерiлеу

тенденциясы мен максималды шегi Бейболмыстағы

құбылыстар мен процестердiң жалпы модельдерiн

құруға  алып  келедi.  Осыдан  мифтiк  ойлау  ерек-

шелiктерiндегi фантазия мен елестетудiң генетика-

лық бiрлiгi туралы тұжырымға қайта оралып, елестiң

маңызын атап өтуiмiзге болады. Демек, елес Бей-

болмыстық таным үшiн маңызды буын болатын бол-

са, онтологиялық мəнде немесе рационалды гносе-

ологияда ол қажетсiз компонент. Осы тұстан Бей-

болмыс пен болмыстың түбiрлi айырмашылықтары

оны тану əдiснамасының дихотомиясы арқылы ай-

ғақталады.

Сонымен Бэконның тұжырымдарына қайта ора-

лар  болсақ,  оның  елестерiн  екiге  бөлуге  болады;

бiрiншiсi – өмiр сүрмейтiндер, яғни ұғымдар түрiнде

ғана сақталатындар; екiншiсi – жүйелi абстракция-

ланбаған, айқынсыз, шатастырылған ұғымдар бол-

са, осы тұстан Бейболмыстық пен болмыстық бо-

лып табылатын конструкцияларды «елес» арқылы

ажыратудың жүйесi ашылады. Болмыстық елестер

(Бэкон  ұсынған)  мен  Бей-болмыстық  елестердi

шартты түрде ажыратып алуымызға болады. Бiрақ

болмыстық елес бəрiбiр болмысты толықтай анық-

тай алмайды, яғни, ол обьективтi дүниеге тура адек-

ватты емес болса, Бейболмыстық елестер де оның

тура  анықтайтын  образдары  болып  табылмайды.

Дегенмен, 

осы 

позициялардан 



«елес»

əдiснамасының  болмыстық  та,  Бейболмыстық  та

таным  үшiн  толыққанды  бола  алмайтындығын

түйсiнемiз. Бiрақ елес      фантазиясы Бейболмыс-

тық  конструкцияның  моделiн  жасауға  мүмкiндiк

беретiн  шарт  қана  немесе  Бейболмыстың  кейбiр

тұстарын ғана атап өтетiн ойлау машығы болып та-

былады. Сондықтан, Ф. Бэконның елестер туралы

iлiмi бойынша бiз Бейболмыс жөнiнде мынадай эво-

люциялық  көзқарастарымызды  тұжырымдауға

мүмкiндiк аламыз:

– «Елеске» онтологиялық мəнде жағымсыз көқа-

рас орнатуға аналогиялық түрде Бейбол- мысты та-

нудың əдiснамаларының бiрi ретiнде жағымдылық

тұрғысынан бағамдау арқылы болмыс пен Бейбол-

мыстың түбiрлi айырмашылықтары да эпистемоло-

гияларының арасындағы ажыраған парадигмаларын

түйсiнуге болатындығын аша аламыз;

– «Елестiң» Бейболмыстық таным үшiн бiрден-

бiр ойлау машығындағы инструмент екен-дiгiн ба-



Вестник Национальной академии наук Республики Казахстан

           2009. № 2

62

ғамдап, Бейболмыстың «елестiк» табиғатын зерде-



леу қажеттiгi туралы перспективаны ұсына аламыз;

– «Елес» – болмыс үшiн адасу, Бейболмыс үшiн

ақиқат болатын болса, концептуалдық аналогия бой-

ынша – болмыстың Бейболмыс үшiн адасу болуы

мүмкiн  екендiгi  мен  керiсiнше,  Бейболмыс  үшiн

болмыстың адасу болуы ықтимал екендiгi туралы

конструкция алынады.

– Елестiң болмысқа бағытталған жəне Бейбол-

мысқа ұмтылған Бэкон ажыратқан екi түрi арқылы

оның  дихотомиялаушы  қызметiн  де  тануымызға

болады.  Яғни,  елестiң  Бейболмыс  пен  болмысты

ажыратудың құралы ретiнде де сипаттауға болатын

феномен екендiгiн байыптауға мүмкiндiк аламыз т.б.

Осы  тұжырымдарымызды  Бейболмысты  зер-

делеушiлерiмiздiң пiкiрлерi де оның өзiне-өзi қайта

оралатындығы арқылы дəйектей түседi:             «В

своей беспредельности оно есть свое собственное

небытие» [6, 6 б.].

Осы ойшылдардың идеяларын Бейболмыстық

ретроспективизм бойынша сараптау оның тарихи-

танымдық мəнiн аша отырып, байыпты перспекти-

визм құруға мүмкiндiк бередi деп бағамдауымызға

болады.

ƏДЕБИЕТ


1. Солодухо Н.М. Философия небытия. Казань, 2002. С.

7-10.


2.  Небытие:  Материалы  из  Википедии – свободной

энциклопедии: Версия 11451024, сохран.  В 12:40 UTC15

октября 2008// Википедия,  свободная  энциклопедия.

Электрон.  дан.  Сан-Франциско:  Фонд  Википедиа, 2008.

Режим  доступа: http://ru.Wikipedia.org/?Oldid= 11451024

3.  Антисери  Д.,  Реале  Дж.  Западная  философия  от

истоков  до  наших  дней.  От  Возрождения  до  Канта  /

В  переводе  и  под  ред.  С.  А.  Мальцевой.  СПб.:  Пневма,

2002. 880 с., с ил.

4.  Асмус В.Ф.  Античная  философия.  М., 541 с.

5. Гегель Г.В.Ф. Наука логики. СПб., 1997. С. 15.

6.  Чанышев  А.Н.  Трактат  о небытии // Философия  и

общество. 2005. №1. С. 5-15 (с. 6).

Резюме

Рассмотрена идея Р. Декарта и Ф. Бэкона о философии

Небытия.  Тезис  Декарта  «Мыслю,  следовательно,  суще-

ствую»  анализируется  через  парадигмы Небытия.  Идолы

Бэкона характеризуются как параметры познания Небытия.

В  результате  показано познавательно-историческая  суть

идеи Небытия.

Summary

In this article introduces concepts of R. Dekart and F.

Beckon for consideration non-existence of philosophy. Thesis

of R. Dekart’ Pinking it means I live“ analyzed by paradice of

non-existence. Idols of Beckon characterized parameter of

cognition of non-existence. Result showed us that cognihve

historical essence idea of non-existence ratification by the

conclusion of authovess.



Атырау мемлекеттiк

университетi

     2.03.09ж. түскен




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал