Б. келгембаева



жүктеу 73.61 Kb.

Дата31.05.2017
өлшемі73.61 Kb.

Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы                                                       № 1 (61)  2008 

 

Б. КЕЛГЕМБАЕВА                              



"ӘДЕБИЕТТІ ТЕРЕҢДЕТІП ОҚЫТУ" ТУРАЛЫ СӨЗ 

Отандық  педагогика  ғылымының  ӛсуі  мен  кемелденуіне  КСРО  

Мемлекеттік      сыйлығының  лауреаты,    "Құрмет"  орденінің  иегері,  ҚР-ның   

еңбек    сіңірген  мұғалімі,  әйгілі  ұстаз  Қ.О.Бітібаеваның  қосқан  үлесі  ұлан-

ғайыр. Бүгінде ұстаздың зерттеулері қазақ әдебиеті әдістемесінің теориялық 

проспектісі  болып  отыр.  Автордың  2003  жылы  шыққан  "Әдебиетті 

тереңдетіп оқыту" кітабы да  үлкен белес, эволюциялық құбылыс деп батыл 

айта аламыз. Бұл еңбек автордың ұзақ жылдар жүргізген эксперименттерінің, 

Республика  кӛлемінде  оқылып  жүрген  дәрістерінің  қорытындысы,  "Евклид 

теоремасы  тәрізді  мінсіз"  дүние.  Кітап  туындыгердің  басқа  зерттеулерінің 

заңды  жалғасы,  әрі  солардың  басын  біріктіріп,  түйіндеп  тұрғандығымен 

ӛзгешеленеді.  Ӛйткені,  автор  "Абай  туындыларын  мектепте  оқыту", 

"М.Әуезов  шығармаларын  мектепте  оқыту"  т.б.  еңбектерінде  бір  қаламгерді 

тереңдетіп  оқыту  жолдарын  сӛз  етсе,  бұл  еңбекте  тӛл  сӛз  ӛнерінің  тұтас 

тарихын тереңдетіп оқытуды қарастырады. 

Кітапта  9-11  сыныптарға  әдебиетті  тереңдетіп  оқытудың  бағдарлама  - 

әдістемелік  нұсқауы  берілген.  Онда  автор  кӛне  әдебиет  жәдігерлері,  кешегі 

және  бүгінгі  қаламгерлер  мен  әдебиет  зерттеушілерінің,  тӛрткүл  дүниедегі 

танымал  сӛз  зергерлерінің  ӛмірі  мен  шығармашылығы  жайлы  сӛз  етеді. 

Түсіне  білген  адамға  осының  ӛзі  де  кӛп  жайды  аңғартып  тұр.  Жүзден  асып 

жығылатын қаламгер (немесе әдеби жәдігер) жайлы сӛз қозғау, олардың сӛз 

мұрасын  оқытудың  тиімді  жолдарын  кӛрсетіп  беру  аз  еңбек  пе?  Әр 

туындының негізінде  жатқан ой, оның  кӛркемдік  - эстетикалық құндылығы, 

қаламгер  шығармашылығындағы  орны,  қазақ  әдебиеті  қала  берді  әлем 

әдебиетіне  әкелген  жаңалығы  неде  соны,  кӛріп,  кӛрсете  алу  үшін  нағыз 

зерттеушілік  зерде  қажет.  Бұл  тұрғыдан  Қанипа  Омарғалиқызы  бір  ӛзі  бір 

институттың ісін атқарды дей аламыз.  

Ұлттық  сӛз  ӛнері  -  шетсіз-шексіз  бір  әлем.  Осы  ғажайып  әлемді  "теңізді 

тамшысынан  танығандай"  етіп,  бар  түйіні  мен  дәнін  екшеп  алу,  барлық 

әшекейі мен ажарын қапысыз таныту, әдеби кезеңнің басым тенденцияларын 

дӛп  басу,  тарының  қауызындай  бағдарламаға  таудай  алапат  мазмұнды 

сыйғыза  білу  -  нағыз  шеберлікті  қажет  ететіні  де  рас.  Қанипа 

Омарғалиқызының  бұл  еңбегінде  әдебиеттен  (гуманитарлық  бағыттағы 

мектеп,  гимназиялар  үшін)  берілетін  білім  мазмұны  мен  кӛлемі  осындай 

зерделілікпен белгіленген.   

Кітаптың  кӛзге  алабӛтен  түсіп  тұрған  озғын  сипаты  -  мұғалімдерге, 

студенттерге,  шәкірттерге  ортақ  құндылығында,  практикалық  мәнділігінде. 

Еңбек  -  мұғалім  үшін  бағдаршамдай  бағдарлама,  әрі  әдістемелік  нұсқау, 

дайын  талдаулар  мен  сабақ,  инсценировкалар,  кӛрнекі  құралдар  үлгілері, 

бірегей  дидактикалық  материалдардың  жүйесі.  Әдеби  талдаулар  мен 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы                                                       № 1 (61)  2008 

 

әдебиетіміздің ірі ӛкілдері (1960-2000 ж.ж.) жайлы мағлұматтар, әдебиеттану, 



психология, педагогика салалары бойынша ғылыми - әдістемелік еңбектердің 

берілуі де осының бұлтартпас дәлелі. 

Кітапта әр кезең бойынша нені, қалай тереңдетіп оқытамыз, қай ғалымның 

еңбегін  басшылыққа  аламыз  деген  толғақты  сауалдарға  тыңғылықты  жауап 

беріледі.  Бүгінде  жаңғырған  сана  биігінен  қарасақ,  тӛл  әдебиетіміздің 

шешуін таппаған түйінді мәселелері әлі қыруар екендігінде дау жоқ. Әсіресе, 

Кеңестік әдебиет жайында ғылымда әрқилы пікірлер айтылып та, жазылып та 

жүргендігі шындық. Сондықтан әдебиетші мұғалімдерге осы дәуірің кӛрнекті 

ӛкілдері,  заман  талқысына  түскен  таланттар  туралы  тарихи  шындықты  жас 

ұрпаққа  бүкпесіз  жеткізу,  әрі  әділ,  дұрыс  түсінік  қалыптастыру  жүктеліп 

отыр.  Партиялық  саясат  талабымен  жазылған  туындылардан  гӛрі  шын 

жүйріктің  тайбурыл  шабысын  танытарлық  эстетикалық  -  кӛркемдік  сапасы 

жоғары  туындыларды  сұрыптап  оқыту  міндетті  тұр.  Бұл  жӛнінде  Қанипа 

Омарғалиқызы:  "Ұлы  тұлғалар,  әсіресе  кеңестік  кезеңдегі  әдебиет 

айналасында  аракідік  болса  да  әр  түрлі  пікірлер  айтылуда.  Сәкен,  Сәбит 

жайындағы,  тіпті  Әуезовтің  "Абай  жолы"  сынды  әлемдік  туындысы  туралы 

да  ірілі-ұсақты  пікірлер  айтылып  келеді.  Егер  ӛткенге  бүгінгі  кӛзқараспен 

қарасақ,  онда  тарихымыздан,  ӛнеріміз  бен  әдебиетімізден  ешнәрсе  қалмас 

еді. Осы бір маңызды мәселені  оқушы  санасына жеткізу  - әсіресе, тарихшы, 

әдебиетші мұғалімнің қасиетті борышы" [1, 235б], -дейді.    Ғалым - ұстаздың 

осы пікірін оқи отырып дарынды сыншы С.Әшімбаевтің: "Ұлыларды әркім ӛз 

ойының деңгейінен бағалайды. Ал жұрттың кӛбінің бойы шамалас болғанмен 

ойы  бірдей  ойлаған  жерден  шыға  бермейді.  Ойы  ұсақ  жандардың  ұлы 

тұлғалардың  кӛлеңкесін  кӛргіш,  "ұсақ  -  түйек  жағына  үңілгіш  келетіні  де 

осыдан  болса  керек!  Тегінде,  "тұлпардың  тегін  тұлпар  таниды"  деген  сӛзде 

кӛп  мән  жатыр-ау!",  (2,  263б.)  -  деген  сӛздерін  еріксіз  ойға  аласың. 

Қарапайым  мектеп  мұғалімінің  парасатты  пайымы  мен  асқақ  азаматтық 

позициясына тәнті боласың. 

Қазақ  оқушысына  ұлттық  және  басқа  ел  әдебиетінен  нені  біліп,  кімдерді 

оқуға  бағыт-бағдар  нұсқау,  әлемдік  әдеби  процесте  орын  алған 

шығармашылық  тенденцияларды,  идеялық  -  эстетикалық  жетістіктерді 

таныту  да  автор  қаламынан  тыс  қалмаған.  Туысқан  елдердегі  қалам 

иелерінен  Тоқтағұл  Сатылғанов,  Садриддин  Айни,  Мұстай  Кәрім,  Расул 

Ғамзатов,  Шыңғыс  Тӛреқұлұлы  т.б.  шығармашылығын  тереңдетіп  оқытуды 

ғылыми түрде дәйекті дәлелдеп берген. 

Қазақ  әдебиетінде  орыс  тілінде  жазатын  отандық,  әлемдік  деңгейдегі 

танымал таланттар барлығы кімге де болса аян. Ал оларды оқыту мәселесі әлі 

кӛбесі  сӛгілмей  жатыр  десек  артық  айтпаймыз.  Автор  Олжас  Сүлейменов, 

Әнуар  Әлімжанов  сынды  тілі  орысша,  бірақ  рухы  қазақ  қаламгерлердің 

шығармашылық  ӛзгешеліктерін  ашып,  негізгі  тенденцияларын  талдап, 

оқытудың  тиімді  жолдарын  кӛрсету  арқылы  тың  тақырыпқа  түрен  салған.  

Сондай - ақ, әдебиетттану ғылымына ӛлшеусіз еңбек сіңірген, (кейбірі әлі де 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы                                                       № 1 (61)  2008 

 

қызмет  етіп  келе  жатқан)  З.Ахметов,  З.Қабдолов,  С.Қирабаевтардың 



бағдарламаға еніп, оларды оқытудың сӛз болуы  да ӛзіндік жаңалығы.  

Сонымен  туындыгер  бұл  кітапта  әдебиетті  тереңдетіп  оқыту  жӛнінен 

ойлы  ұстазға  ой  қосарлық  құнды  пікірлерін  ортаға  салған.  Сағат  санын, 

оқылатын  қаламгер  мен  шығармаларды  таңдауды  әріптестерінің  ырқына 

қалдырып, шығармашылық ізденістерге жетелейді.  

Шәкірттер  үшін  бұл  еңбек  кӛркем  мәтінді  талдауға  басшылық, 

дидактикалық  материал,  әрі  қаламгерлер  мен  ғылыми-зерттеулер  жайлы 

мағлұматтар  бере  алатын  дерек  кӛзі  десек  қателеспейміз.  Бұл 

айтылғандардың  барлығы  еңбектің  технологиялық  құндылығына  кӛз 

жеткізеді. 

Кітап ең алдымен, "Тереңдетіп оқыту дегеніміз не? Оның негізгі белгілері 

мен  ӛзекті  мәселелері  қандай?"  деген  сауалдарға  жауап  береді.  Ұстаз 

пайымынша:  "Тереңдете  оқыту  шығарманың  саны  немесе  сол  сыныпта 

оқылатын  авторлардың  кӛптігімен  жүзеге  аспайды...  Тереңдетіп  оқытуда 

оқушылардың  икем-дағдысы,  яғни,  әдеби  шығармаларды  талдауға 

машықтандыру,  ӛзіндік  пікір  айту,  әдеби  таласқа  баулу,  ауызекі,  шебер  де 

шешен  сӛйлеуге,  бедерлі,  айшықты,  сұлу  жазба  тілінің  дамуына, 

оқушылардың ӛз шығармашылығына баса кӛңіл беру керек" [1, 9б]. 

Рас,  бұл  тақырыпта  жазылған  зерттеулер  шетелдік,  отандық  ғылымда 

баршылық. Дегенмен, автор тереңдетіп оқытуға дәл, нақты анықтама берген 

әрі, бұл мәселе жӛнінен тың ойлар түйіндеп, соны идеялар айтқан. Мәселен, 

ең  алдымен,  қазақ  әдебиетін  тереңдетіп  оқыту  ісін  негіздеуі  бұл  еңбектің 

үлкен жаңалығы; 

Екіншіден,  ұлттық  сӛз  ӛнері  тарихына  жаңаша  кӛзқарас,  азат  сана 

тұрғысынан келгендігі; Ұстаз "... әдебиетті бүгінгі күн тұрғысы, жариялылық 

негізінде  оқытуды,  жаңаша  ойлау,  жаңа  кӛзқарасты  басышылыққа  ала 

оқытуды  ойластырдық"  дей  отырып,  бұрынғы  бағдарламаларда  бой 

кӛрсетпеген Орынбай Кертағыұлы, Мұрат Мӛңкеұлы, Шәңгерей Бӛкеев, Иса 

Байзақов  сынды  жыр  жүйріктеріне  тиісті  орын  беріп,  бұрыннан  бар 

қаламгерлер мұрасын қайта қарап, эстетикалық бағасы жоғары туындыларын 

сұрыптап енгізген); 

Үшіншіден,  пәндерді  интеграциялап  оқыту  (мәселен,  тарих  пен 

әдебиеттің,  музыка  мен  әдебиеттің,  орыс  әдебиеті  мен  қазақ  әдебиетінің, 

бейнелеу ӛнері мен әдебиеттің бірлікте қаралуы) идеясының негізделуі;  

Тӛртіншіден, жеке  тұлғаны дамытуға  (әдебиеттен жалаң білім беру емес, 

бастысы  баланың  икем  -  дағдысын  қалыптастыру,  ойлана  білуге  жетелеу, 

шығармашылық  қабілеттерін  ашу,  Мен  -  концепциясын  қалыптастыруға) 

бағытталуы;  

Бесіншіден,  білім  беру  ісіндегі  (проблемалық  оқыту,  даралап,  саралап 

оқыту  т.б.)  тың  технологияларға  негізделуі  еңбектің  жаңашылдығының 

бұлтартпас айғағы.   


Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы                                                       № 1 (61)  2008 

 

Жоғарыда  бұл  кітапта  жүзден  аса  әдебиет  қайраткерлері  мен  әдеби 



нұсқалар  қаралған  дедік.  Осының  ӛзі-ақ,  біріншіден,  осындағы  тақырыптық 

ауқымның  кеңдігін  кӛрсетсе,  екіншіден,  бұл  автордың  азаматтық  ой 

белсенділігін  танытса  керек.  Ӛйткені  бағдарлама  -  әдістемелік  нұсқаудың 

әрбір  бӛлім,  бӛлшегі шығармашылық  ойдың,  ізденістің  жемісі.  Ол  да  ешбір 

толғаныссыз  топ  етіп  туа  қалмайды.  Оған  да  бап  керек,  белгілі  бір  уақыт 

қажет, ең бастысы тер тӛгіп маңдай терлететін қайырымы аз "қара жұмысты" 

талап  етеді.  Мұғалім,  әсіресе,  құшақ-құшақ  шығарма  мен  мазмұндама 

дәптерлерін тексеретін әдебиет пәніннің тәлімгері бола жүріп, республиканы 

аралап дәріс оқи жүріп осыншалықты мол еңбекті ерінбей, жалықпай әрі жан 

қинап жүріп жазған Қанипа апайдың еңбексүйгіштігіне риза боласың.  

Еңбекте  әдебиетіміздің  дамуы  тарихилық  ұстаным  бойынша  сӛз  болған. 

Ұстаз  тіл  ӛнерінің  даму  үрдісін  халқымыздың  азаматтық  тарихымен 

сабақтастықта қарауда шолу сабақтарға иек артады. Әдеби дәуірлердің басты 

белгі  -  сипаттарын  ғылыми  негізде,  нақты  әрі  тұжырымды  түрде  кӛрсетіп 

береді.  Шолу  сабақтардың  ӛзіндік  әдістемесін  ұсынады.  Мәселен,  ежелгі 

дәуір  әдебиетіне  шолуды  интеграциялық  сабақ  (тарих  пәнімен)  ретінде  ӛту 

тиімді  болмақ.  Шолу  сабақтарды  ӛту  барысында  оқытушының  тұжырымды 

дәрістемесі,  шәкірттерге  ғылыми  еңбектерге  сүйеніп  хабарлама  жасату, 

зерттеу  материалдарына  шағын  конспект  жасату,  ескерткіштер  табылған 

жерлердің карта жүйесін, ескерткіштердің суретінен фото-монтаж жасаудың 

берері мол екенін дәлелдеген. 

Ежелгі  дәуір  әдебиеті  үлгілерін  мектеп  жасындағы  баланың  ұғымына 

лайықтап  саралап  беруі,  бұрын-соңды  әдістемесі  жасалмаған  кезеңнің 

технологиясын негіздеуі ұстаздың тағы бір жаңалығы деуге лайық.  

Ойдан  ой  туады,  ойды  ой  қозғайды  демекші,  қазір  ғылымда  қазақ 

әдебиетінің  тарихын  сақ  дәуірінен  қайыру  орнықты.  Осы  орайда    сақ 

дәуіріндегі  әдебиет  нұсқаларын  мектеп  бағдарламасына  енгізу,  оның 

технологиясын  негіздеу  күн  тәртібіндегі  мәселелердің  бірі.  Сондықтан 

келешекте ұстаздан осы бағытта тағы да мәнді еңбектер күтетінімізді жасыра 

алмаймыз. 

Кӛне  дәуірдегі  әдебиет  ескерткіштерін  оқыту  күрделі  де  қиын  іс.  Әдеби 

жәдігерлерді  оқытуда  карточка-нұсқау,  жоспар  үлгілерін  пайдалану,  сӛздік 

жұмысын  жүргізу,  түпнұсқа  мен  аударманы  салыстыра  оқыту,  ғылыми 

еңбектерге  назар  аудару,  поэтикалық  талдау  жасатудың  тиімділігін 

дәлелдейді.  Әрі  берілген  білімнің  мазмұнына  сай  оқушылардың  икем-

дағдысына  қойылатын  талаптарды  кӛрсетіп  береді.  Бұл  бала  білімін 

бағалауда, коррекция жасауда, білім сапасына мониторинг жасауда бірізділік 

пен жүйелілікті қамтамасыз етері хақ.  

Кітаптағы  кӛз  тартар  тағы  бір  ерекшелік  -  әдеби  талдаулардың  тереңдігі. 

Бұны  жеке  қаламгер  ӛнернамасымен  қатар,  әдеби  дәуірлерге  жасалған 

талдаулар жайында да айта аламыз. Мәселен, қазақ сӛз ӛнерінің аса күрделі 

кезеңі ХІХ ғасыр әдебиетінің басты сипатын былайша танытады: "ХІХ ғасыр 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы                                                       № 1 (61)  2008 

 

әдебиетін  тұтастай  алып,  саралап  қарасақ,  оны  мынандай  тӛрт  топқа  бӛлуге 



болады:  

1.  "Зар  заман"  ақындары  -  Дулат,  Шортанбай,  Мұраттар.  Бұлар 

отаршылыққа жан-тәнімен қарсы болып, соның салдарынан бұзылған елді, ел 

"жақсыларын",  олардың  қорқаулығы,  парақорлығы,  сатқындығы,  надандық, 

пасықтығын  әшкерелейді.  Елден  "иман",  молдадан  "құран"  кеткенін  ашына 

жырлады. 

2.  Қазақ  әдебиетінде  ӛршіл  поэзияның,  оптимистік  поэзияның,  күрес, 

жауынгерлік поэзияның дүниеге келуі. Оның басты ӛкілі "Ереуіл жыршысы" 

Махамбет екендігі. Махамбет пен Исатай кӛтерілісіне қатысып, артынан кӛп 

қуғынға түссе де ұстанған жолы, ойынан қайтпаған Шернияз ақынды да осы 

поэзияның бір ӛкілі деп қарау дұрыс сияқты. 

3.  Қазақтың дәстүрлі импровизациялық ӛнерін жалғастырушылар. 

4.  ХІХ  ғасырдың  ірі  ӛкілдері,  оның  "алтын  ғасырын"  жасаған  ағартушы-

демократтар  Шоқан,  Абай,  Ыбырай  -  тек  қазақ  әдебиеті  емес,  әлемдік 

әдебиеттің, мәдениеттің ірі феномені болды"... 

5.  ХІХ  ғасыр  әдебиетінің  тағы  бір  үлкен  тобы  -  әнші,  ақын,  композитор, 

орындаушы, әрі музыка аспабында сүйемелдеуші, "сегіз қырлы, бір сырлы", 

лирик  ақындары  -  Біржан  сал,  Ақан  сері,  Жаяу  Мұса,  Мұхит,  Әсеттер 

болды..." [1, 107-108б].  

Тезистік сипаттағы осы жолдардан  - ақ аталмыш дәуір әдебиетінің басты 

белгілері  айқын  танытылған.  Кітапта  бүкіл  бір  әдеби  дәуірдің  басты 

белгілерін айқындап беретін осы іспетті терең  талдаулар мол.  

Сӛз ӛнері сүлейлерінің бекзадасы - Мағжан Жұмабаев. Ол жайында автор 

былай  дейді:  "Қазақ  әдебиетінің  ХХ  ғасыр  басындағы  поэзия  сеңгірі  "қазақ 

лирикасының  хантәңірі",  парасат  пен  хас  талант  бірге  ӛрілген  сыршыл  да 

мӛлдір  ӛлеңдер  шабандозы.  Қазақ  жырын  дүниежүзі  поэзиясының  ғажайып 

жетістіктерімен  байытқан  әдебиетіміздің  "ӛзі  патша,  ӛзі  -  қазі,  ӛзі  -  биі" 

ӛлеңмен фантастикалық суреттер сала білген ұлы тұлғасы".   

Қазіргі  қазақ  әдебиетінің  даму  тенденциясы  кім-кімнің  де  кӛңілін 

аудартады.  Бірақ  та,  бұған  дейін  оны  оқыту  ісі  мектептерде  де  жоғары 

мектепте  де  әлі  қаймағы  бұзылмай,  тың  жатқаны  шындық.  Автор  жаңа 

дәуірдің  ірі  ӛкілдерін  оқыту  жӛнінен  үлкен  ізденіс  танытты.  Жұматай 

Жақыпбаев,  Асқар  Сүлейменов  сынды  сӛз  зергерлерінің  мұрасына 

эстетикалық  талдау  жасай  отырып,    әдеби  дәуір  тынысын  танытады. 

Мәселен,  Ж.Жақыпбаевтың  махаббат  лирикасы  жайлы  былай  дейді:  "- 

Низамидің  Мәжнүні...  Ләйлә  -  ақ  махаббаттың,  сезім  тұрақтылығының 

символы.  -  Ләйлә  -  махаббатты,  сұлулықты  "алмас  кӛзді",  алмас  сезімді 

аңсау,  жоқтау  жырлары.  Ол  -  сенім  мен  үміт,  табысу  мен  қоштасу  жыры.  - 

Ләйлә - ақын арманы, қиялы, ӛмірлік жар іздеудегі тынымсыз ӛмір ағымы;  - 

Ләйлә  -  ақынның  тоқтаусыз  соғып  тұрған  жүрек  сенімі,  үміті,  бақыты, 

мәңгілік  жыр  мұрасы;  -  Ләйлә  -  ақынның  ӛзі.  Ол  ақынның  махаббатпен 

безендірілген, махаббатпен сусындаған ӛр тұлғасы, нәзік жүрегі... " [1, 332б]. 



Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы                                                       № 1 (61)  2008 

 

Әдебиет  тарихынан  әлі  де  болса  тарихи  орынын  алмаған,  толық 



зерттелмеген,  түрлі  деңгейдегі  бағдарламаларға  кірмеген  қаламгерлерді 

назарға алып, оларды оқыту жолдарын кӛрсетіп береді. 

 Бұрыннан  белгіліні  ежіктеп,  езбелеу  бар  да,  шәкіртті  саналы  әрекетке 

жетелеу  бар.  Қанипа  Омарғалиқызы  ұсынған  әрбір  тапсырма,  кӛмек-нұсқау, 

кӛрнекіліктер  т.б.  оқушы  белсенділігін  қамтамасыз  етеді.  Ақиқаттың  ашық 

әңгімеде, пікірталаста туатынын еске алсақ, ұстаздың технологиясы бойынша 

шығармашылық  қабілеті  жетілген  әр  бала  еркін  ойлауға  қабілетті.  Ондай 

баланың кейде ғалымдардың ойына келмегенді ортаға тастайтын мүмкіндігін 

ғылым мен ӛнер тарихы жоққа шығармайды.   

Бүгінде  ұстаз  шығармашылығына,  ізденісіне  мол  мүмкіндіктер  берілген. 

Қатып  қалған  сабақ  үлгілерінен,  қасаңдықтан  арылдық.  Жаңашыл  ұстаздар 

неше  түрлі  сабақ  үлгілерін  ортаға  салуда.  Әр  тақырыптың  ӛзіндік 

ерекшеліктеріне  байланысты  сабақ  үлгісін  таңдап  алу,  ойлап  табуға  шектеу 

жоқ. Тек ізденіс пен ниет қажет. Осы орайда Қанипа Омарғалиқызы ұсынған 

кӛне жырау Кет - Бұға жайлы композицияны немесе Асан қайғының ұрпаққа 

аманат  хатын  алайық,  боламаса  жәрмеңке-сабақ,  реферат  қорғау  сабағы, 

кӛкпар сабағын, викториналы сайыс, әдеби монтаж, конкурс сабақтар ұлттық 

сӛз  ӛнерін  тереңдетіп  берудің,  баланы  жалықтырмай,  керісінше, 

қызығушылығын  арттырып,  шығармашылық  қабілетін,  құзіреттілігін 

қалыптастырудың жолдары.    

"Бәрін  айт  та  бірін  айт"  дегендей,  бағдарлама  -  әдістемелік  нұсқау 

әдебиетті  тереңдетіп  оқыту  талабының  бір  ізге  түсуіне,  технологиялық 

жағынан баюына, ұстаздардың шеберлік шыңдалуына, ӛсуіне әсер еткендігін 

ашып айтқан абзал. 

Телегей  теңізді  қасықтап,  шӛміштеп  қотарып  шығу  мүмкін  емес.  Сол 

сияқты  мұндай  мәнді  еңбекті  қанша  жырымдап,  үзіп-жұлып  кӛлденең 

тартқанмен,  бүкіл  негізгі  қасиеттерін  жеткізу  оңай  шаруа  емес.  Мұндай 

қомақты  дүниені  бӛліп-жармай,  тұтас  зерттеген  жӛн.  Біз  ӛз  тарапымыздан 

кітаптың кейбір сипаттарын ғана сӛз еттік.  

Бір  түйгеніміз  -  ұстаздың  бір  еңбегінен  -  ақ  телегей  теңіз  білімін, 

интелекті биіктігі мен ойының тұңғиық тереңдігін сезінгендей боласың. 

Бүгінде  ұстаздық  қызметіне  қырық  жыл  толып  отырған  Қанипа 

Омарғалиқызы жоғарыдағыдай мәнді еңбектерін айтпағанда, күнделікті кӛзге 

кӛрінбейтін  "қара  жұмысымен"  -  ақ  қазақтың  педагогикасын  ӛрге  сүйреп 

жүрген ӛр тұлғаларымыздың бірі және бірегейі дейміз.  

Редакцияға 11.03.2008 қабылданды 



 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал