Б. Б. Жахина. Н. К. Смагулова, А. К. Курманова, С. К



жүктеу 102 Kb.
бет1/9
Дата05.11.2022
өлшемі102 Kb.
#23347
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
kazak tili men adebietin ok tu adistemesinen kurst k zhum ska arnalgan adistemelik nuskau (1)

Н.4.07. – 12


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті
Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны


Қазақ филологиясы кафедрасы
(кафедраның толық атауы)
Б.Б. Жахина. Н.К.Смагулова, А.К.Курманова, С.К.Жукенова
(автордың аты-жөні, тегі)


5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В020500 – Филология
(мамандықтың шифры, атауы)
мамандықтарының студенттері үшін


Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінен
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС ЖАЗУ БОЙЫНША
ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛЫҚ

Оқыту түрі: күндізгі


Көкшетау 2019


Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесінен
курстық жұмыс жазу бойынша
әдістемелік нұсқаулық Б.Б. Жахина. Н.К.Смагулова, А.К.Курманова, С.К.Жукенова

(автордың аты-жөні, тегі)


Әдістемелік нұсқаулық оқу жоспарының талаптарына сәйкес құрылған және курстық жұмыс жазу бойынша талаптарын орындауға барлық қажетті мәліметтер оған кіреді.


5В011700 – Қазақ тілі мен әдебиеті, 5В020500 – Филология мамандықтарының студенттеріне арналған әдістемелік нұсқаулық
Қазақ филологиясы кафедра отырысында бекітілген.
№1 хаттама «28» тамыз 201 9 ж.

Кафедра меңгерушісі ф.ғ.к., доц О.А.Жумагулова


Филология және педагогика факультетінің оқу әдістемелік комиссиясымен келісілген.




№ 1 хаттама «29» тамыз 2019 ж.
Факультеттің ОӘК төрағасы аға оқытушы А.К.Курманова
Курстық жұмыс – студенттердің өздік шығармашылық жұмысы, ғылыми-практикалық ізденісі, сол білімді практикада қолдану. Жұмысты орындау барысында студент теориялық материал бойынша білімін көрсетуі қажет, әдебиеттер тізімін білу және тақырыпқа анализ, қорытынды жасай білу керек.
Курстық жұмыс – бұл студенттің білімін тексеру. Курстық жұмыстар жалпығылыми және арнайы пәндерге байланысты жазылады. Курстық жұмыс дереккөздерді, анализдеу, жүйелеу және қорытынды шығаруды талеп етеді. курстық жұмыстың мақсаты – студенттердің өздік жұмысының өрістеуін, әр түрлі бүгінгі ғылыми әдістерді қолдануын бақылау, әр қилы сұрақтарға тақырыпқа байланысты терең жауап беру.
І, ІІ курстарда курстық жұмыстар реферат тәрізді болып келеді, ал жоғары курстарда – зерттеу жұмысы. Курстық жұмыстардың тақырыптары кафедра отырысымен бекітіледі және кафедрада қорғалады. Курстық жұмыс жетекші көмегімен ғылыми жұмыстың біртұтас фрагментін көрсетеді. Студенттер тақырыпты өздері таңдауы мүмкін немесе мұғалім-әдіскерлер өздері ұсынады.
І-ІV курс аралығындағы курстық жұмыстың бастапқы бөлімі кіріспеден басталып, соңғысы анализ, яғни қорытындыға дейін нақтыланып жазылады. Курстық жұмыстың тексі студенттің жыл бойына қаншалықты еңбектенгенін аңғартады. Курстық жұмыстың басты міндеті ғылыми жетекшісімен ұйымдастырылады.
Курстық жұмыс негізінен үш бөлімнен тұрады: кіріспе, нешізгі бөлім және қорытынды. Бұлардың дәл осы атымен аталуы міндетті емес.
Кіріспеде мыналар қарастырылады:

Қорытындыда:

  • жұмыстың қорытындысы қиындықтар мен проблемаларды кірістіреді;

  • автормен қойылған міндеттемелер берілген облыстағы зерттеушілерге басты бағыт.

Курстық жұмысқа студент өзі аңдатпа жазуы керек (үш тілде). Курстық жұмыс стандартқа байланысты жазылады (сілтемелер көрсетілуі тиіс, әдебиеттер тізімі, басты бөлімдердің құрылымы, кесте, графиктер, т.б.).
Кіріспе бөлімінде таңдап алынған тақырыпқа қысқаша мазмұндама беріледі, өзектілігі, жаңашылдылығы, курстық жұмыстың теориялық және практикалық маңызы, зерттеу мақсаты мен міндеті ашылып, әдебиет пен дереккөздеріне сараптама жасалынады.

жүктеу 102 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет