Б. Абдрасилов Академияның Ғылыми кеңесінің шешімі



жүктеу 138.04 Kb.

Дата02.05.2017
өлшемі138.04 Kb.

Бекітемін 

Ректор 


__________________ Б. Абдрасилов 

Академияның Ғылыми кеңесінің шешімі 

 «26 » қараша 2014 ж. Хаттама № 6

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ 

ЖАНЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ 

АКАДЕМИЯСЫНЫҢ



  2020 ЖЫЛҒА ДЕЙІНГІ ДАМУ СТРАТЕГИЯСЫ     

Астана – 2015



МАЗМҰНЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . 6

2. СТРАТЕГИЯЛЫҚ  КӨРІНІСІ, 

АКАДЕМИЯ МИССИЯСЫ МЕН ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ  . . . . . . . . . . . . . . .10

3. СТРАТЕГИЯЛЫҚ  МАҚСАТТАР ЖӘНЕ МІНДЕТТЕР . . . . . . . . . . . .11

4. СТРАТЕГИЯНЫ ІСКЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ  . . . . . . . . . . . . . . . . . . .16

5. КҮТІЛЕТІН НӘТИЖЕЛЕР  . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .19

6. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТІЗБЕСІ . . . . . . . . . . . .19



6

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 

Осы  «Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы 

Мемлекеттік  басқару  академиясы»  Республикалық  мемлекеттік 

қазыналық      кәсіпорнының    2020  жылға  дейінгі    Даму  стратегиясы 

құзыреттілік  және  тәжірибеге  бағдарланған  тәсілдер  негізінде 

мемлекеттік  қызметшілерді  оқыту  жүйесін  одан  әрі    жаңғырту 

мақсатында    және  ТМД  және  ШЫҰ  елдерінде  (бұдан  әрі  –  өңір) 

білім беру қызметтері нарығында бәсекеге қабілеттілікті арттырудың 

қажеттігіне байланысты әзірленді.          

«Қазақстан  Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік 

басқару  академиясы»  Республикалық  мемлекеттік  қазыналық   

кәсіпорны (бұдан әрі – Академия) жедел басқару құқығында  мемлекеттік 

кәсіпорынның  ұйымдық-құқықтық  нысанындағы  заңды  тұлға  болып 

табылады.      

Академия  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2005  жылғы  

31  мамырдағы  №  1583  «Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік 

органдарының  кадрларын  даярлау,  қайта  даярлау    және  біліктілігін 

арттыруды одан әрі жетілдіру бойынша шаралар туралы» Жарлығына 

және  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2008  жылғы  

28  қарашадағы  №698  «Қазақстан    Республикасы  Президентінің 

жанындағы  Мемлекеттік  басқару  академиясы  туралы  кейбір 

мәселелер  туралы»  Жарлығына  сәйкес  құрылды,  оларға  сәйкес 

«Қазақстан    Республикасы  Президентінің  жанындағы  Мемлекеттік 

басқару академиясы» ММ-ні  «Қазақстан  Республикасы Президентінің 

жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК-ға қайта өзгерту 

арқылы  қайта ұйымдастыру жүргізілді.    

 

2012  жылы  Еуропалық  Одақ  сарапшылары  Академияның 



құрылымдық бөлімшелерінің жұмыс істеу тиімділігіне, оның қаржылық 

және материалдық  жағдайына, қолда бар кадрлар әлеуетіне ішкі  аудит 

жүргізді.  Академия  қызметіндегі  мынадай  әлсіз  тұстары  анықталған 

болатын: 

–  Академия  мен    мемлекеттік  органдар  арасында  оқыту 

мәселелері бойынша өзара байланыстың әлсіздігі;

– оқу бағдарламалары нысаны бойынша да, мазмұны бойынша 

қазіргі талаптарға сай емес;   

– ғылыми қызмет және ҒЗЖ қаржыландыру стратегиясы жоқ. 


7

Ішкі  аудитті  ескере  отырып,    Академияның  2012–2014  жылдарға 

арналған даму Тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама)  және оны 

іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірленді  және бекітілді.      

Іс-шаралар  жоспарын  іске    асыру  қорытындысы  бойынша 

функционалдық талдауда көрсетілген көптеген проблемалық мәселелер 

шешілді және Академияның  мемлекеттік қызмет саласындағы жетекші 

оқу  және ғылыми-талдау орталығы ретінде қалыптасуы мен дамуында 

табыстарға қол жеткізілді.       

Бүгінгі күні  Академияның негізгі жетістіктері мынадай:

 

– Профессор-оқытушылар    құрамының    (бұдан  әрі  –  ОПҚ) 



жоғары кәсіби дәрежесі;

 

– қос диплом бағдарламаларын  іске асыру басталды;



 

– Академия  мен  МСҰМ-да  білім  алушылардың  мәртебесі 

заңнамалық түрде  бекітілді: мемлекеттік қызметшінің жұмыс 

орны  (лауазымы)  сақталады,  соңғы  жұмыс  орны  бойынша  

лауазымдық жалақы көлемінде  стипендия төленеді,  оқу де-

малысы беріледі; 

 

– AQA  Халықаралық  орталығының (Австрия) – «Мемлекеттік 



және  жергілікті  басқару»,  «Халықаралық  қатынастар», 

«Заңтану»    оқу  бағдарламалары  бойынша  аккредитациясы 

алынды;

 

– Мемлекеттік  органдармен  өзара  іс-қимыл  күшейтілді  



(Қазақстан  Республикасы  Президенті  Әкімшілігі,  Қазақстан 

Республикасы  Жоғарғы  Соты,  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік  қызмет  істері  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  іс-қимыл  агенттігі,  Қазақстан  Республикасы  Сыртқы 

істер министрлігі  және басқалар);  

 

– Академия  халықаралық    мойындауға  ие  болды    және 



мемлекеттік басқару мектептері мен институттарының (ASPA 

– Америка мемлекеттік басқару қоғамы, NISPACee – Орталық 

және  Шығыс  Еуропада  мемлекеттік  басқару  институттары 

мен  мектептері  желісі,  IASIA  –  Халықаралық    мемлекеттік 

басқару  мектептері  мен  институттарының  қауымдастығы,  

IIAS  –  Халықаралық    әкімшілік  ғылымдар  институты  және 

Дипломатиялық академиялар қауымдастығы) жетекші әлемдік 

қауымдастығының мүшесі болды; 

 

– мемлекеттік  басқару  және  мемлекеттік  қызметтің  өзекті 



мәселелері  бойынша  ғылыми-зерттеу  жұмысының  негізгі 

бағыттары  айқындалды    және  оларды  республикалық  бюд-

жеттен,  халықаралық  ұйымдардың  қаржысынан  тұрақты 

қаржыландыруға қол жеткізілді;



8

 

– Профессор-оқытушылар құрамының  жетекші әлемдік жур-



налдарда, атап айтқанда импакт-факторы бар журналдарда  

жарияланымдарының саны артты;

 

– Құзыреттілік  тәсілге    негізделген    магистратура  мен  



докторантурада  оқудың  жаңа  тәжірибеге  бағдарланған  

бағдарламалары әзірленді және енгізілді (MPA, MPP, MIR, LLM, 

DPA, DIR, DPP).


9

ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ  АКАДЕМИЯНЫҢ КҮШТІ  

ЖӘНЕ ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫН ТАЛДАУ  

S (strength) – күшті жақтары  

W (weakness) – әлсіз жақтары 

Профессор-оқытушылар  құрамының 

біліктілігін  арттыру  бойынша    жүйелі  

жұмыс  жүргізіледі.

Материалдық-техникалық 

база 


күшейтілді    және  оны  нығайту  бойынша 

жүйелі шаралар қабылданды.

Оқыту  іс-шараларын  өткізу  үшін 

жетекші әлемдік сарапшыларды  шақыру 

үшін    Академияның  халықаралық 

байланыстарын 

нығайту 

шаралары 

қабылданды.

Қазіргі  заманғы  оқыту  әдістері 

енгізілуде:  кейс-стади,  имитациялық 

ойындар,  «ми  шабуылы»,  жобаларды 

қорғау,  моделдеу,  коучингтер,  форсайт  

және басқалар. 

Мемлекеттік 

органдар 

мен 

мемлекеттік  қызметшілер  тарапынан 



оқыту процесінің қанағаттану дәрежесіне 

қол жеткізілді. 

Мемлекеттік  қызметшілердің  білікті-

лігін  арттыру  және  қайта  даярлаудың 

біртұтас  жүйесін  қалыптастыру  мақса-

тында  Республикалық  ғылыми-әдістеме-

лік кеңес құрылды. 

Блок-модульдік 

жүйе 

бойынша   



күндізгі  және  қашықтықтан  оқытуды 

үйлестіре  отырып,    «А»  корпусының  

мемлекеттік 

қызметшілерін 

қайта 

даярлаудың  жаңа  жүйесі  әзірленді  және 



енгізілді. 

Профессор-оқытушылар 

құрамын 

оқу,  әдістемелік,  ғылыми,  ұйымдастыру 

және  тәрбие  жұмыстарының    тиімділігін 

және  сапасын  арттыруға  бағытталған   

ынталандыру жүйесі құрылды.     

Аударма және мемлекеттік тілді оқыту 

орталығы, Құзыреттікті зерттеу орталығы,  

Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы    іс-қимыл 

мәселелерін    зерттеу  бойынша  ғылыми-

талдау  орталығы,      «Мемлекеттік  және 

жергілікті  басқару»  және  «Әлеуметтік 

жұмыс» 


мамандықтары 

бойынша  

Диссертациялық кеңес құрылды.   

П р о ф е с с о р - о қ ы т у ш ы л а р 

құрамының  мен  қызметкерлердің 

қазіргі  оқыту  әдіснамасы  мен    тех-

нологияларын  меңгеру,  зерттеу 

жұмыстарын  жүргізу,  шет  тілдерін 

меңгеруге  қатысты  білім  мен 

білік-дағдылары  деңгейі    одан  әрі 

жетілдіруді қажет етеді.       

Облыс  әкімдіктерінің  2014–

2016  жылдарға  арналған    Кешенді 

жекешелендіру  жоспарына  сәйкес 

жекешелендірілетін 

объектілер 

тізіміне  Мемлекеттік қызметшілерді  

өңірлік оқыту орталықтары енгізілді.     

Материалдық-техникалық 

база 


деңгейінің  төмендеуі  мемлекеттік 

қызметшілерді  оқытудың  сапасына 

әсерін тигізуі мүмкін.    

«Білім 


туралы» 

заңда 


көрсетілген  Академияның  және 

еліміздің  басқа  да  ЖОО-ның  ерек-

ше  мәртебесі  қазіргі  уақытқа 

дейін  нормативтік  құқықтық  акті 

деңгейінде ҚР БҒМ бекітілмеген, оқу, 

ғылыми  және  ұйымдастырушылық 

жұмыстарының  жаңа  әдістерін 

енгізу тежелуде.  

Мемлекеттік 

басқару, 

мемлекеттік  қызмет  және  сыбай-

лас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  

саласындағы  ҒЗЖ-ді қаржыландыру 

жеткіліксіз деңгейде.

П р о ф е с с о р - о қ ы т у ш ы л а р 

құрамының 

басым 

бөлігі 


зейнеткерлік  және  зейнеткерлікке 

шығар  алдындағы  жастағылар  

(66 %-ы – 30-дан 55 жасқа дейін, 34 

%-ы –  56-дан 76 жасқа дейін).  

Бірлескен  ғылыми  зерттеу-

лерге  шетелдік  сарапшылар  мен 

оқытушыларды 

тарту 


үрдісін 

жүйелеу қажет.  

Ішкі  жұмыс  үдерісі  одан  әрі 

жетілдіруді талап етеді.

Академияның 2020 жылға дейінгі осы Даму стратегиясы үш блоктан 

тұрады: оқыту және сабақ беру, ғылыми әлеует және қоғаммен жан-

жақты өзара қатынас. 


10

2.  АКАДЕМИЯНЫҢ  СТРАТЕГИЯЛЫҚ  КӨРІНІСІ, 

МИССИЯСЫ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ 

КӨРІНІСІ

Академия  –  өңірде  мемлекеттік  басқару  және  сыбайлас  

жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  бойынша  кәсіби  оқытуда  және  

ғылымда көшбасшы.  



МИССИЯ 

Сапалы  оқыту,  зерттеу,  білім  алмасу  және  талант-менеджментті 

енгізу  арқылы  мемлекеттік  басқару  кадрларын  даярлау  саласында 

жоғары сапаға қол жеткізу.  



Академия – өңірде мемлекеттік басқару және сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл бойынша кәсіби оқытуда және ғылымда көшбасшы

ОҚЫТУ ЖӘНЕ  

САБАҚ БЕРУ:

1-мақсат. Мемлекеттік 

басқару, дипломатиялық 

қызмет және сот жүйесі 

үшін кәсіби құзыретті 

кадрларды даярлаудың 

жоғары сапасын 

қамтамасыз ету     

2-мақсат. Академияның 

сыбайлас жемқорлыққа 

қарсы іс-қимыл 

саласындағы қызметін 

жетілдіру  

3-мақсат. Мемлекеттік 

қызметшілерді, 

дипломатиялық қызмет  

пен сот жүйесінің  пер-

соналын қайта даяр-

лау және біліктілігін 

арттыру жүйесін 

өңірдегі үздік білім беру 

мекемелерінің деңгейіне 

дейін жетілдіру

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТ:

1-мақсат.  

Мемлекеттік басқару 

және сыбайлас 

жемқорлыққа 

қарсы іс-қимылдың 

қазақстандық ғылыми 

мектебін дамыту

2-мақсат. Мемлекеттік 

қызмет, мемлекеттік 

басқару, халықаралық 

қатынас, сот 

жүйесі, сыбайлас 

жемқорлыққа қарсы 

іс-қимыл, этносаясат, 

этносаралық және 

конфессияаралық 

қатынастар 

аясындағы ғалымдар 

мен тәжірибелі 

мамандар үшін 

Академияның 

аймақтық ғылыми 

зерттеу және 

пікірталас алаңы 

ретіндегі ұстанымын 

күшейту 

ҚОҒАММЕН  

ЖАН-ЖАҚТЫ ӨЗАРА 

ҚАТЫНАС:

Мақсаты – 

мемлекеттік орган-

дар, үкіметтік емес 

ұйымдар, бизнес-

бірлестіктер, сыртқы 

әріптестер және 

ғылыми-білім беру 

мекемелерімен тығыз 

өзара іс-қимылды 

қамтамасыз ету 

Қолайлы ғылыми-білім беру ортасы: 

Персонал, ресурстар (материалдық, техникалық және т.б.), сүйемелдеу және 

қызмет көрсету құрылымдары, әлеуметтік қолдау


11

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Академияның  құндылықтары  профессор-оқытушылар  құрамы, 

қызметкерлер мен білім алушылардың адами капиталына негізделеді. 

Академияның негізгі құндылықтарына мыналар жатады:

 

– Академияның білім және ғылым кеңістігінің ашықтығы; 



 

– білім және ғылыми процестің бірлігі;

 

– кәсібилік пен құзыреттілік;



 

– білім алушылар мен мемлекеттік органдардың қажеттілігіне 

бағдарлану;

 

– әлеуметтік, академиялық мобильділік пен жауапкершілік; 



 

– оқу  мен  оқыту,  ғылыми  зерттеулер  жүргізу  әдістеріне 

қатысты икемділік;

 

– бүкіл өмір бойына білім алудың үздіксіздігі.



3.  СТРАТЕГИЯЛЫҚ МАҚСАТТАР  

 

   МЕН МІНДЕТТЕР 

 

ОҚЫТУ ЖӘНЕ САБАҚ БЕРУ



1-мақсат.  Мемлекеттік  басқару,  дипломатиялық  қызмет  және  

сот  жүйесі  үшін  кәсіби  құзыретті  кадрларды  даярлаудың  жоғары 

сапасын қамтамасыз ету.

Міндеттер:

–  Қазақстан 

Республикасының 

заңнамалық 

актілері 

деңгейінде  Академияның ерекше мәртебесін бекіту бойынша 

жұмыстар жүргізу; 

–  профессор-оқытушылар  құрамының  біліктілігін  арттыру-

дағы  қажеттілігін  айқындау  және  оны  оқытудың  тиімді 

нысандарын әзірлеу;

–  халықаралық әріптестермен ынтымақтастықты кеңейту;

–  білім  бағдарламаларын  дамыту  және  халықаралық 

стандарттарға бейімдеу, білімді интернационалдандыру;

–  білім  алушылардың  кәсіби  құзыреттік  деңгейін  арттыруға 

көмектесетін инновациялық білім технологиялары мен оқыту 

әдістерін жаңарту;



12

–  көп тілдік білім беру  мен білім алушылардың академиялық 

және  кәсіби  мақсаттарда  мемлекеттік  және    шет  тілдерін 

зерделеу практикасы мен талаптарын кеңейту;     

–  білім  алушыларды  талант-менеджментке  негізделген 

іріктеуді жетілдіру.

Осы  мақсатты  іске  асыру  нәтижесі  мемлекеттік  қызметшілерді 

оқытудың практикалық құрамдас бөлігін  күшейту болуы тиіс, сонымен 

қатар:   

–  Жоба-менеджментке  оқыту  орталығының  жұмысы  жолға 

қойылады;   

–  корпоративтік  басқару  қағидаттарына  негізделген  оқу, 

ғылыми, ұйымдастыру және тәрбие жұмыстарын  ұйымдастыру 

мен  жүргізудің  жаңа  әдістері  енгізілетін болады;     

–  қос  дипломның  жаңа  бағдарламалары  кеңейтіледі  және 

енгізіледі;

– оқыту сапасы дарындыларды басқару, мансаптық  жоспарлау 

және  тәлімгерлік  қағидаттарына  сүйене  отырып,  халықаралық   

талаптарға    сәйкес  келтіріледі;

–  Академия  түлектерінің  бәсекеге  қабілеттілігі  арттырылады; 

–  Академияның  профессор-оқытушылар құрамының  біліктілігін 

арттырудың  жүйесі 

тәсілі 

әзірленеді 



және 

олардың  

қазақстандық  және  халықаралық  деңгейдегі  сұранысқа 

ие  болуы  артады  (лекциялар  оқу,  бірлескен  мақалалар  

дайындау,  сараптамалық  қызмет,  жобалар,  бағдарламалар 

және  т.б.);

–  Академияда барлық  оқу  бағдарламалары  мен  мамандықтар 

білім  беру  сапасын  бағалау  жөніндегі  үздік  әлемдік  

агенттіктерде аккредитациядан өтеді.         

2-мақсат.  Академияның  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл 

саласындағы қызметін жетілдіру.  



Міндеттер:

 

– мемлекеттік  қызметшілер  үшін  сыбайлас  жемқорлыққа 



қарсы  іс-қимыл  мәселелері  бойынша  оқу  бағдарламаларын 

жетілдіру;

 

– сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы білім 



трансферті;

 

– профессор-оқытушылар  үшін  сыбайлас  жемқорлыққа  



қарсы іс-қимыл пәндері (training of trainers) бойынша тренинг-

тер, семинарлар мен курстар өткізу.   



13

Осы 


мақсатты 

іске 


асыру 

нәтижесінде 

мемлекеттік  

қызметшілердің    моральдық-этикалық  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы  дайындығы күшейтіледі, сонымен қатар:

 

– үздік  нәтижелерге  қол  жеткізген  жетекші  әлемдік  



жоғары  оқу  орындарымен  және  елдердің  орталықтарымен 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  мәселелері  

бойынша    білім  трансферті  туралы  меморандумдарға  қол 

қойылады;       

 

– мемлекеттік  қызметшілердің  сыбайлас  жемқорлыққа  



қарсы сауаттылығы артады;

 

– елдің  барлық  жоғары  оқу  орындарының  сыбайлас 



жемқорлыққа қарсы оқыту бойынша  қызметі  жүйеленеді.

3-мақсат.  Мемлекеттік  қызметшілерді,  дипломатиялық  қызмет  

пен  сот  жүйесінің  персоналын  қайта  даярлау  және  біліктілігін  

арттыру  жүйесін  өңірдегі  үздік  білім  беру  мекемелерінің  деңгейіне 

дейін жетілдіру.    



Міндеттер:

 

– Республикалық  ғылыми-әдістемелік  кеңестің  шеңберінде  



мемлекеттік  қызметшілерді  оқыту  жөніндегі  білім  беру 

мекемелерімен өзара іс-қимылын және үйлестіру;

 

– өңірлік оқыту орталықтарымен өзара іс-қимылды күшейту;



 

– мемлекеттік 

қызметшілердің 

құзыреттігін 

дамыту  

бойынша  арнайы  курстар,  семинарлар  мен  тренингтерді 

әзірлеу. 

Осы  мақсатты  іске  асыру  нәтижесінде  елдің  білім  беру  

мекемелерінде 

бірыңғай 

тәсілдер 

негізінде 

мемлекеттік  

қызметшілерді  қайта  даярлау  және  біліктілігін  арттырудың    жалпы 

деңгейі артады, сонымен қатар:

 

– Академия  мен  басқа  да  оқу  орындарының  мемлекеттік 



қызметшілерді оқыту бойынша өзара іс-қимыл деңгейі жаңа 

сапалы сатыға көтеріледі;  

 

– құзыреттілік  тәсіліне  негізделген  арнаулы  ақылы  және 



қашықтықтан  білім  беру  қызметтерінің  тақырыптары  тізбесі 

кеңейтіледі.   



14

ҒЫЛЫМИ ӘЛЕУЕТІ

1-мақсат.  Мемлекеттік  басқару  және  сыбайлас  жемқорлыққа 

қарсы іс-қимылдың қазақстандық ғылыми мектебін дамыту.



Міндеттер:

 

– Мемлекеттік  қызмет,  мемлекеттік  басқару,  халықаралық 



қатынас,  сот  жүйесі,  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы,  этно-

саясат,  этносаралық  және  конфессияаралық  қатынастар  

аясындағы ғылыми зерттеулерді үйлестіру;

 

– мемлекеттік  қызмет,  мемлекеттік  басқару,  халықаралық 



қатынас, сот жүйесі, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл   аясындағы 

ғылыми  зерттеу  жұмыстарды  қаржыландыруға  қосымша 

көздерді қарастыру;

 

– профессор-оқытушылар құрамы, ғылыми қызметкерлер мен 



оқушылардың  импакт-фактор  журналында  мақалаларының 

жариялануының сапасын көтеру;  

 

– зерттеу  үшін  ресурс  қоры  мен  негізгі  инфрақұрылымын 



қолдау мен бекіту. 

Осы  мақсатты  іске  асыру  нәтижесінде  Академия  мемлекеттік 

қызмет, 

мемлекеттік 

басқару, 

мемлекеттік 

қызмет 

және 


сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  аясында  ғылыми  зерттеу  

жұмыстарды өткізудің «ми орталығы» болады, сонымен қатар:

 

– Академия  базасында  Сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-



қимыл  мәселелерін  зерттейтін  орталық  құрылады;

 

– мемлекеттік  қызмет,  мемлекеттік  басқару,  сыбайлас 



жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  аясындағы  ғылыми  зерттеу 

жұмыстарды  қаржыландыру  үшін  барлық  Институттардың, 

МСҰМ,  Орталықтардың  қаржы  көздері  тартылады;

 

– профессор-оқытушылар 



құрамы 

мен 


ғылыми 

қызметкерлердің  ғылыми    қызығушылығы  артады;

 

– әлемнің  жетекші  орталықтары  және  жоғары  оқу  орын-



дарымен  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  аясында 

бірлескен  ғылыми  зерттеу  жұмыстары  жүргізілетін  болады. 



2-мақсат. 

Мемлекеттік 

басқару, 

мемлекеттік 

қызмет,   

халықаралық  қатынас,  сот  жүйесі,  сыбайлас  жемқорлыққа  

қарсы  іс-қимыл,  этносаясат,  этносаралық  және  конфессияаралық 

қатынастар  аясындағы  ғалымдар  мен  тәжірибелі  мамандар  үшін 

Академияның  өңірлік  ғылыми  зерттеу  және  пікірталас  алаңы  

ретіндегі  ұстанымын  күшейту. 



15

Міндеттер:

 

– Академияның  мемлекеттік  басқару,  этносаралық  және 



конфессияаралық  қатынастар  саласында  халықаралық 

ұйымдар  және  ғылыми  орталықтармен  өзара  әрекетін  

жандандыру;

 

– Академияда 



халықаралық 

деңгейдегі 

ғылыми  

іс-шараларды  ұйымдастыру  және  халықаралық,  өңірлік  

конференциялар  мен  басқа  да  іс-шараларды  өткізудің  

жоғарғы стандарттарын  орнату.  

Осы  мақсатты  іске  асыру  нәтижесінде  Академия  мемлекеттік  

басқару  және    сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл,  этносаралық 

және 

конфессияаралық 



қатынастар 

аясында 


халықаралық  

танымал ғылыми алаңға айналады, сонымен қатар:

 

– Академияның  ғылыми  әлеуеті  халықаралық  деңгейде 



сұранысқа ие болады;

 

– Академия  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл   



бойынша жетекші әлемдік орталықтар жүйесіне кіреді;

 

– Академияның  халықаралық  ғылыми  іс-шаралары  ғылыми 



нәтижені сынақтан өткізу алаңы болады.

ҚОҒАММЕН ЖАН-ЖАҚТЫ ӨЗАРА ҚАТЫНАС

1-мақсат.  Мемлекеттік  органдар,  үкіметтік  емес  ұйымдар,  

бизнес-бірлестіктер, 

сыртқы 

әріптестер 



және 

ғылыми-білім 

беру мекемелерімен тығыз өзара іс-әрекетті қамтамасыз ету. 

Міндеттер:

 

– Академияның  мемлекеттік  органдармен,  үкіметтік  емес 



ұйымдар  (ҮЕҰ)  және  бизнес-бірлестіктермен  бәсекеге  

қабілетті  ғылыми  зерттеулерді  жүргізу  және  мемлекеттік 

билік органдары сараптамалық сүйемелдеу мәселелері бой-

ынша өзара іс-әрекеттесуі; 

 

– әлеуметтік  желілер  арқылы  Академияның  жағымды 



қабылдау деңгейін көтеру.

Осы  мақсатты  іске  асыру  нәтижесінде  Академия  сыртқы 

әріптестермен  тығыз  өзара  әрекеттестік  қалыптастырады,  сонымен 

қатар:


16

 

– Мемлекеттік  органдармен  және  ҮЕҰ  өзара  тиімді  



әріптестік  күшейтіледі,  тағылымдамадан  өту  базасы 

кеңейтіледі; 

 

– Академияның қоғамдағы беделі көтеріледі;



 

– ҒЗЖ  жүргізуге  сыртқы  серіктестердің  қаражатынан 

қаржыландырылатын қосымша  қаражат тартылады.

4.  СТРАТЕГИЯНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ТЕТІКТЕРІ

Стратегияны жүзеге асыру тетіктері мыналарды көздейді:

1) (семинар, кеңес, форум) жұмыс  топтарын құрады, Стратегияның 

орындалуына  тұрақты  мониторинг  жүргізу,  оны  «ілгерілету», 

стратегиялық жоспарды іске асыруды бақылау; 

2)  бірыңғай  әдістеме  бойынша  өткізілетін  ресми  статистика 

мен  мерзімді  зерттеулердің  (мониторинг)  есебінен  стратегиялық 

ақпараттарды ұдайы жаңарту мен толықтыру

3)  барлық  бағдарламалар  мен  стратегиялық    бағыттарды    ашу 

жобаларына  міндетті ішкі өзара байланысты бөлімдерін енгізу:

–  барлық деңгейде жобаны басқару;

–  аналитика мен  өңдеу;

–  біліктілікті арттыру;

–  ақпараттық және  PR-сүйемелдеу;

–  мониторинг пен нәтижені бағалау.

4) 


Стратегияны 

іске 


асыру 

бойынша 


презентациялық 

жарияланымдарды  және  Академия  сайтында  міндетті    түрде 

орналастыру арқылы  өкімдік сипаттағы  жұмыс құжаттарын  дайындау.

Академияны  дамыту  қаржыландыру  көздерін  әртараптандыруға 

негізделеді. Қаржыландыру көздері ретінде қарастырылуы мүмкін: 

–  бюджеттік қаржыландыру; 

–  бағдарламалық-мақсатты және гранттық қаржыландыру; 

–  халықаралық ұйымдардың қаржыландыруы;

–  қосымша ақылы білім беру қызметтері;

–  басқа да көздер.



17

Стратегияны іске асыру үдерісінде Академияның ішкі және сыртқы 

қызметі  жағдайының  өзгерістерін    ескере  отырып,    түзету  енгізуге 

рұқсат етіледі. 

Стратегияны іске асыру жүйесін басқару мынандай компоненттерден 

тұрады:


– алға қойылған міндеттерді  жүзеге асыратын құрылымдық 

бөлімшелерді тиімді басқару;

– іс-шаралар жоспары;

– ресурстық қамтамасыз ету, оның ішінде қаржылық;

– қатысушылардың өзара әрекетін ұйымдастыру;

– мониторинг пен бақылау;

– нәтижені бағалау;

– ақпараттық сүйемелдеу;

– Стратегияны түзету.

Стратегияны іске асыратын басқару органы құрамына кіретіндер: 

– Академияның Ғылыми кеңесі;

– Академияның Ғылыми-зерттеу институты;

– Оқу-әдістемелік және ғылыми кеңесі;

– Академияның профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми 

   қызметкерлері.

СТРАТЕГИЯНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

1-мақсат. Академияның кадрлық әлеуетін дамыту.

Міндеттер:

 

– Академияда  кадрларды  іріктеу  және  уәждеу  жүйесін 



жетілдіру; 

 

– әрбір қызметкер үшін жауапкершілік пен өкілеттігін нақты 



айқындау;

 

– қызметкерлердің  қабілеттілігін  дамыту  және  біліктілігін 



арттыру;

 

– олардың  көрсеткіштері  (жеке  және  ұжымдық)  негізінде 



қызметкерлердің қызметін бағалау жүйесін әзірлеу.

Осы  мақсатты  іске  асыру  нәтижесінде  Академияның  жұмыс  

беруші    ретінде  қызығушылығын  арттыру,  Академияның  кадрлық 

құрамын  кәсібилендіру,  жас  мамандарды  тарту  күтіледі,  сонымен  

қатар төмендегілер қарастырылады:


18

 

– корпоративтік  басқару,  меритократия  мен  қазақстандық 



патриотизм  принциптерін енгізу;

 

– персоналдың уәждемесі;



 

– жаңадан  қызметке  қабылданған  қызметкерлер  үшін 

welcome-тренинг  (бейімдеу бағдарламасы);

 

– кадрлардың тұрақтамауының төмендеуі.



2-мақсат.  Инфрақұрылымды 

дамыту 


және 

техникалық  

қамтамасыз ету.  

Міндеттер:

 

– электрондық жүйені жетілдіру;



 

– ұқыптылық  тәсілі  негізінде  инфрақұрылым  объектілерін 

тиімді пайдалануды арттыру;

 

– материалдық-техникалық  база  объектілерінің  және  



инфрақұрылымның қауіпсіздігін күшейту;

 

– Магистранттар  үйінде  тұру  үшін  білім  алушылар  мен 



қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау;

 

– Академияның  құрылымдық  бөлімшелері  қызметіне  



заманауи компьютерлік технологияларын енгізу;

 

– Академияның АТ-инфрақұрылымын жаңғырту.



Осы  мақсатты  іске  асыру  нәтижесінде  Академияның  оқу 

аудиториялары  заманауи  АКТ  құралдарымен  жабдықталады 

(тыңдалым  және  бейнебайланыс,  мультимедиялық  проектор,  

дыбыстық  жабдықтар,  компьютерлер  және  т.б.),  сонымен  қатар 

төмендегілер қарастырылады:  

 

– Магистранттар  үйінде  тұратын  білім  алушылар  мен 



қызметкерлерге қолайлы жағдай жасау; 

 

– жоғарғы  деңгейлі  интерактивті  оқыту  жүйесінің  басқару 



стандарты;

 

– инфрақұрылым  объектілерінің  пайдаланушыларының 



қанағаттануы; 

 

– ресурсты үнемдейтін  технологиялар;



 

– білім  алушылар  мен  қызметкерлердің  жатақханада  тұру 

жағдайларына қанағаттануы;

 

– Академияда  HelpDesk  техникалық  қолдау  қызметін  авто-



маттандыру жүйесін құру.

19

5.  КҮТІЛЕТІН  НӘТИЖЕЛЕР

Стратегияны  бағалау  оны  коллегиялық  талқылау  және  Академия 

басшылығының барлық жоспарланған іске асыру кезеңінде Стратегияны 

іске асыру нәтижелерін мақсатқа қол жеткізу деңгейімен  салыстыру 

негізінде  жалпы  тануы.  Алайда,  бағалау  осы  не  басқа  кезеңді  және 

жоспарлауды    аяқтамайды,  шешімге,  түзетулерге,  одан  кейінгі 

әрекеттерге әсер етеді.

Алға  кезең-кезеңімен  жылжыту  сериясы  ретінде  Даму 

стратегиясының  нұсқасы  олардың  жарамдылығын,  іске  асатынын, 

сабақтастығы  және  дәйектілігін  мына  өлшемдер  бойынша    анықтау 

үшін әзірленген нақты стратегияны бағалауды көздейді:

1) Стратегияны  іске  асырудың  жүйелігі  (барлық  кезеңдік 

міндеттер  Стратегиямен,  өзара    келісіліп  және  белгілі  бір 

жүйелікке қойылуы тиіс);

2) сыртқы ортаның өзгеруіне бейімделу;

3) сабақтастығы  (күтуге,  тәуекелге,  әсерге,  ықпалға  

сәйкестігі);

4) стратегияның іске асуы (ресурстық  қамтамасыз етілуі);

5) бәсекелес артықшылықтары. 

6.  НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ  

 

   АКТІЛЕР ТІЗБЕСІ

Академияны 

2020 

жылға 


дейін 

даму 


Стратегиясы  

«Қазақстан-2050»:  Қалыптасқан  мемлекеттің  жаңа  саяси  бағыты» 

Стратегиясының  негізгі  ережелеріне  негізделген  және  мынандай 

негізгі құқықтық актілерден тұрады:

1.  «Мемлекеттік  қызмет  туралы»  Қазақстан  Республи-

касының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 453-І Заңы; 

2.  «Қазақстан  Республикасының  дипломатиялық  қызметі  

туралы» 


Қазақстан 

Республикасының 

2002 

жылғы  


7 наурыздағы № 299-І Заңы; 

3.  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан 

Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267-І Заңы; 

4.  «Ғылым 

туралы» 

Қазақстан 

Республикасының  

2011 жылғы 18 ақпандағы № 408-ІV Заңы; 

5.  «Құқық 

қорғау 


қызметі 

туралы» 


Қазақстан 

Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы № 380-ІV Заңы; 



20

6.  «Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік  қызметі  жаңа 

моделінің  концепциясы  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің  2011  жылғы  21  шілдедегі  №  119  Жарлығы;

7.  «Қазақстан  Республикасы  сыртқы  саясатының  2014– 

2020  жылдарға  арналған  тұжырымдамасы  туралы» 

Қазақстан  Республикасының  Президентінің  2014  жылғы  

21  қаңтардағы  №  741  Жарлығы;

8.  «Ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызметті 

базалық, гранттық, бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру 

қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2011  жылғы  25  мамырдағы  №  575  Қаулысы; 

9.  «Ғылыми  және  (немесе)  ғылыми-техникалық  қызмет 

субъектілерін  аккредиттеу  қағидасын  бекіту  туралы» 

Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  №  645 

Қаулысы;


10.  «Ғылыми 

және 


(немесе) 

ғылыми-техникалық 

қызметті  базалық  қаржыландыру  нормаларын  бекіту 

туралы»  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің  2011  жылғы  

20  маусымдағы  №  670  Қаулысы; 

11.  «Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, 

ғылыми-техникалық  жобалар  мен  бағдарламаларды  және 

олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке 

алу  қағидасын  бекіту  туралы»  Қазақстан  Республикасы 

Үкіметінің  2011  жылғы  19  шілдедегі  №  833  Қаулысы; 

12.  ҚР  МЖМБС  5.03.011-2006  Жоғары  оқу  орындарындағы 

ғылыми-зерттеу  жұмысы;

13.  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  жанындағы 

Мемлекеттік  басқару  академиясының    2012–2014  жылдарға 



арналған  даму  Тұжырымдамасы.




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал