Азияны мойындатқан əулиеата арулары сейсекүл исматова, Тармпи-дің «Қазақ филологиясы» кафедрасының доценті,ф.ғ. к



жүктеу 1.16 Mb.

бет1/11
Дата05.06.2017
өлшемі1.16 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

www.ar-ay.kz

E-mail:aray2008 @mail.ru

Алло, «Арай» тыңдап тұр! Байланыс телефоны: 8 (7262) 43-69-06, 43-69-04

Газет 2005 жылдың 13 қазанынан бастап шығады

Кеше облыс əкімі ХVІІ Азия ойындарының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

Кеше облыс əкімі ХVІІ Азия ойындарының жеңімпаздарына құрмет көрсетті

9 қазан, бейсенбі, 2014 жыл

№41 (469)

индекс


66250

Жеңіс түбі – ерлік!

4-бет

8-бет


8-бет

АЗИЯНЫ МОЙЫНДАТҚАН ƏУЛИЕАТА АРУЛАРЫ

Сейсекүл ИСМАТОВА, 

ТарМПИ-дің «Қазақ 

филологиясы» 

кафедрасының 

доценті,ф.ғ.к.

Облыс әкімдігінде



МҮМКІНДІК КӨП, НƏТИЖЕ ҚАНДАЙ?

МҮМКІНДІК КӨП, НƏТИЖЕ ҚАНДАЙ?

9-бет


ƏУЛИЕАТА ӨҢІРІН БАСҚАРҒАН ТҰЛҒАЛАР

4-бет

Біздің оқырман

Әдебиет – 

әрбір оқырманның 

жандүниесіне 

еркін еніп, өзімен 

сырласып, мұңдаса 

алатын, керек 

кезінде ақыл-кеңесін 

де бере алатын сырлы 

әлем. Осы әлемді меңгеру 

арқылы әрбір адам өз 

ұлтының  мәдениетін

дәстүрін, салтын, тілдік 

ерекшелігін бойына сіңіре 

алады. Адам бойына 

көптеген қасиеттер көркем 

шығарманың құдіреті 

арқылы қонады десек 

шатаспаймыз.

Тәуелсіздік алғанға дейін Жамбыл 

облысын 11 азамат басқарды. Олар 

облыс экономикасын өсіруге барынша 

үлес қосқаны айтпаса да белгілі. 

Соның нәтижесінде облыста Ұлы 

Отан соғысы жылдарында тыл 

еңбеккерлері Жеңісті жақындатуға мол 

үлес қосса, одан кейін өндірісті қайта 

қалпына келтіру және дамыту бағытында 

жаңа табыстарға қол жеткізді.



2-бет

Бұрын террорист дегенді түсінде 

де көрмеген тараздықтардың соңғы 

жылдар ішінде бұл сөзге құлақтары 

үйреніп те кетті. Әсіресе, кейінгі 

кездері «белсенділік» танытып жүрген 

телефон «лаңкестерінің» бұл жайға 

қосқан «үлестері» аз емес. 

«ТЕЛЕФОН ТЕРРОРИСТЕРІНЕ» НЕГЕ ТОҚТАМ 

«ТЕЛЕФОН ТЕРРОРИСТЕРІНЕ» НЕГЕ ТОҚТАМ 

БОЛМАЙ ТҰР?

БОЛМАЙ ТҰР?

ПОЛИЦИЯ ФОРМАСЫ  «ФАРТУКШЕ» 

ПОЛИЦИЯ ФОРМАСЫ  «ФАРТУКШЕ» 

САТЫЛЫП ЖАТЫР

САТЫЛЫП ЖАТЫР

Бүгінде шаһардағы базарлардан 

адамнан басқаның бәрін табуға болады. 

Тұрмысқа қажетті бұйымдардан бастап

шекара асып келген небір зат сөрелерде 

лық толып тұр. Ал, жуырда «Ауыл Береке» 

базарынан полиция формасы кәдімгі 

 

«фартукше» сатылып жатқанын көріп қалдық.  



ТҰҚЫЛ ТАСТАП, ТҰТҚЫНҒА АЙНАЛУ БІР ПƏСТЕ

ТҰҚЫЛ ТАСТАП, ТҰТҚЫНҒА АЙНАЛУ БІР ПƏСТЕ

Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық 

бұзушылықтар туралы» Кодексі ел ішіндегі тәртіптің 

сақталуын қадағалауда, қоғам тыныштығын 

күзетуде қызмет ететін Ұлттық Ұланның назарға 

алып, әрекет ететін басты бағдарының бірі. Алайда, 

аталмыш кодекстің кейбір талаптарын орындау 

кезінде ұландықтар мен бұқара арасында 

түсініспеушіліктер туындап жүргені жасырын емес. 



Облыс  əкімдігінің  мəжіліс  залында  облыс  əкімі 

Кəрім  Көкірекбаевтың  төрағалығымен  аппараттық 

жиын  болып  өтті.  Күн  тəртібіне  облыс  аумағындағы 

автомобиль  жолдарының  қысқа  дайындығының 

жайы  жəне  күзгі  егіс-дала  жұмыстарының  барысы 

туралы мəселелер көтеріліп, талқыланды.

Күн  тəртібіне  қойылған  алғашқы  мəселе  бойынша 

облыс  əкімдігі  құрылыс,  жолаушылар  көлігі  жəне 

автомобиль 

жолдары 

басқармасының 

басшысы 

Рахманқұл  Байтелиев  хабарлама  жасады.  Басқарма 

басшысы  Кəрім  Нəсбекұлына  атқарылған  жұмыстарды 

баяндай  келе,  бірқатар  кемшіліктердің  орын  алып 

отырғанын да жасырмады. Бүгінде бұл салаға қазынадан 

қыруар  қаражат  бөлініп  отыр.  Атқарылып  жатқан 

жұмыстар да аз емес. Алайда...

Мəселен,  былтырғы  жылы  Жамбыл  ауданының 

автожолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Енді келіп 

сол  автожолдарда  ақау  пайда  болып  отыр.  Сол  сияқты 

Байзақ  ауданының  Түймекент,  Ақжар  жəне  Жетібай 

ауылдарында  да  осындай  олқылықтар  орын  алған.  Ал, 

Тараз қаласындағы көшелердің жол жамылғысын қалпына 

келтіру  жұмыстарында  тиісті  технология  бұзылып, 

соның  салдарынан  жол  негізі  нығыздалмай  жəне  битум 

жағылмай төселуде. Мұның нəтижесі жолдың бұзылуына, 

шұңқырлардың  пайда  болуына  əкеліп  отыр.  Рахманқұл 

Тұрсынқұлұлы  осындай  кемшіліктерді  айта  келіп,  бұдан 

əрі де біраз мəселенің шетін қайырды. 

ҚОС АУЫЛДА МЕДПУНКТ АШЫЛДЫ

Жағымды жаңалық



Хамит ЕСАМАН

САЯСИ НАУҚАН БАСТАУ АЛАР ШАҚ

4-б

4-б

0

ВА, 



қ 

оқырман


ың 

н 

аса



ңесін

сырлы 


ді меңгеру

дам өз 


иетін, 

н, тілдік 

ына сіңіре 

йына 


тер көркем 

діреті


десек

Кеше  облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаев 

Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында  өткен 

ХVІІ  жазғы Азия ойындарында жеңіске жеткен 

жамбылдық спортшыларды  қабылдап, құрмет 

көрсетті.

Кездесуде 

аймақ 


басшысы 

жерлестеріміздің  мұндай  жетістігі  Жамбыл 

спортына жаңа серпін беретінін  ерекше атап 

өтті.  Сондай-ақ,  Кəрім  Нəсбекұлы  «Айша 

бибі»  су  добы  клубының  үштікке  ілінетініне 

еш  күмəн  келтірмегенін,  ал    каратэ-додан 

бақ  сынаған  Гузалия  Гафурованың    сөзсіз 

чемпион атанатынына сенгенін тілге тиек етті. 

Жəне  жеткен    жетістікпен  шектеліп  қалмай, 

алдағы  байрақты  бəсекелерде  де  тек  жеңіс 

тұғырынан көрінулеріне тілектестік білдірді. 

Басқосу  барысында  Азия  чемпионы   

Гузалия    Гафуроваға 1 миллион  теңге 

көлеміндегі  сертификат  табыс  етілсе,  жеңіл 

атлетикадан сары құрлықтың күміс жүлдегері 

атанған    Светлана  Иванчукова 500 000 

теңгеге ие болды. Сондай-ақ, «Айша бибі» су 

добы клубына су жаңа автокөліктің кілті табыс 

етілді. 

Ал,  жиыннан  кейін  БАҚ  өкілдеріне  сұхбат 

берген  Гузалия  Гафурова    жарыс  басында-

ақ  жеңіске  жететініне,  ел  намысын  қолдан 

бермейтініне  бек сенімді болғанын айтты.

– 

Азия 



ойындарына 

тыңғылықты 

дайындалдым. 

Қарсыластарыммен 

де 

бірнеше 


мəрте 

əлемдік 


ареналарда 

кездескенмін.  Сондықтан  олардың  айла-

тəсілдері мен əдістерін алдын-ала біліп, қарсы 

тəсіл  жасауға  тырыстым.  Еңбегім  нəтижесіз 

болмады.  Азия  чемпионы  атандым.  Ендігі 

меже  екі  жылда  бір  өтетін  əлем  чемпионы 

атану. Ол əрине, уақыт еншісіндегі дүние. 

Ал, осы жеңісімді бүкіл қазақстандықтарға,  

маған  қолдау білдірген барлық жанкүйерлеріме  

арнаймын, – дейді спортшы қызымыз.



Саятхан САТЫЛҒАНОВ

sayathan_88@mail.ru

ар

р



р

р

а



а

Қос медпункттің ашылу рəсіміне аудан əкімі Жарылқасын 

Айтақов  арнайы    қатысып,  ұлық  мереке  Құрбан  айт 

қарсаңында  дəрігерлік  ғимараттарды  пайдалануға  беріп, 

ауыл  тұрғындарының  алғысына  бөленді.  Рəсімде  сөз  алған 

аудан басшысы: 



– Қазақстан халқының денсаулығына Елбасы баса көңіл 

бөлуде.  Ал,  бүгінгі  мына  қос  ауылдағы  жаңадан  ашылған 

медпункт осындағы қараша халықтың игілігіне жаратылсын. 

Былтыр  осындай  екі  медпункт  ашылса,  биыл  үшеуі 

пайдалануға  беріліп  отыр.  Денсаулықтарыңыз  əрқашан 

мықты  болып,  келер  күннің  атар  таңы  сəтті  болғай, – 

деп,  жиналған  жұртшылыққа  тілектестігін  білдірді.  Рəсім 

соңында Ж.Айтақов пен қазақ пен Юбилейное ауылдарының 

ақсақалдар алқасының төрағалары Есен Бекенов жəне Өмен 

Ниязқұловтар жаңа медпункттің лентасын қиды. 

Марат ДИХАМБАЕВ.

Т.Рысқұлов ауданы.

ҚАЗАН АЙЫНЫҢ 

АЛҒАШҚЫ КҮНІ Т.РЫСҚҰЛОВ 

АУДАНЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ, 

ЮБИЛЕЙНОЕ АУЫЛДАРЫНЫҢ 

ТҰРҒЫНДАРЫ  ҮШІН  

ЕЛЕУЛІ ОҚИҒА БОЛДЫ. 

ОЛАЙ ДЕЙТІНІМІЗ, АУЫЛ 

ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ БІРНЕШЕ 

ЖЫЛДАН БЕРІ МЕДПУНКТ  

АШУДЫ  СҰРАҒАН  МƏСЕЛЕЛЕРІ 

ОҢ ШЕШІМІН ТАПТЫ. БҰЛ 

РЕТТЕ ҚАЗАҚ ПЕН ЮБИЛЕЙНОЕ 

ДƏРІГЕРЛІК ПУНКТТЕРІНІҢ 

ҰЖЫМДАРЫ ЗАМАНАУИ ҚҰРАЛ-

ЖАБДЫҚТАРЫМЕН ҚАМТЫЛЫП, 

АНА МЕН БАЛАНЫҢ 

ДЕНСАУЛЫҒЫН ҚОРҒАУДА 

ТЕГІН ДƏРІ-ДƏРМЕКТЕР 

ТАРАТАТЫН БОЛАДЫ. 


9 қазан,

№41 (469)

2

АЛУАН АҚПАРАТ

МҮМКІНДІК КӨП, НƏТИЖЕ ҚАНДАЙ?

Мысалы,  қазір  тапсырыс  берушілер 

тарапынан  тиянақсыз,  сапасыз  əзірленген 

жобалық-сметалық құжаттарға жол берілуде, 

мұның  өзі  жұмыс  сапасына  айтарлықтай 

кесірін  тигізеді.  Рахманқұл  Байтелиев  өз 

сөзінде  жол-құрылыс  науқаны  басталып, 

битум  өніміне  сұраныс  өскен  уақытта  оның 

тапшылығы  байқалатындықтан,  алдағы 

жылдың  мемлекеттік  сатып  алу  рəсімдерін 

биыл  өткізуді  ұсынды.  Басқарма  басшысы 

бұдан  өзге  де  мəселелерді  баяндай  келе, 

басқарманың 

бастамасымен 

алдағы 


жылдан бастап аудан аумағын басып өтетін 

барлық жолдарды қыс мезгілінде қадағалау 

мен  күтіп  ұстауды  жергілікті  əкімдердің 

құзыретіне  беру  көзделіп  отырғанын  айтты. 

Сəйкесінше  бұл  жолдарға  бөлінетін  қаржы 

аудандарға  беріліп,  бұрынырақта  облысқа 

өтіп  кеткен  аудандық  мəндегі  жолдарды 

қайтару қарастырылады. 

Облыс 

əкімі 


Кəрім 

Көкірекбаев 

баяндаманы  мұқият  тыңдап,  Рахманқұл 

Тұрсынқұлұлының  назарын  тағы  бірқатар 

мəселелерге  аударды.  Баяндамада  тек 

Тараз  қаласы  мен  екі  аудандағы  ғана 

мəселенің  қамтылғанын,  бұдан  басқа 

аудандарда да мұндай кемшіліктің барлығын 

ескертті.  Сонымен  қатар,  Кəрім  Нəсбекұлы 

асфальт жолдардың талапқа сай болуы үшін 

сапалы битумның қажеттігін, тендерден ұтып 

алған мердігерлердің тек пайда көзін ойлап, 

арзан битум төсейтінін, содан келіп жаңадан 

жөнделген  жолдардың  өзінің  бір  жылға 

шыдамайтынын  айтты. «Бұл  бізге  керек 

пе?  Мұның  сапасын  кім  тексеріп  жатыр? 

Техникалық  қадағалаушылар  мен  ГАСК 

мекемесі  қайда  қарап  отыр?»  деген  облыс 

басшысы Мойынқұм ауданындағы Ұланбелге 

дейінгі жолда жүргізіліп жатқан жұмыстарды 

тоқтатқанын,  битумды  айтпағанның  өзінде 

мердігерлер оның астына төселетін қиыршық 

тастың  бəрін  жолдан  теріп  апарып  салып 

жатқанын, соны əкімдер немесе техникалық 

қадағалаушылар емес, қарапайым халықтың 

көріп қалып, дабыл көтергенін айтты. 

Бұдан  өзге  де  мəселе  сөз  болды. 

Айталық,  ауыз  су  жүйесінің  жүргізілуіне 

байланысты  жөнделген  жолдар  қайта 

талқандалып  жатыр.  Бұл  бағытта  басқарма 

басшылары мен аудан əкімдерінің арасында 

алдын  ала  келісім-шарттары  жоқ.  Облыс 

əкімі  Кəрім  Көкірекбаев  осы  жағдайды 

сынға  алды.  Өз  кезегінде  «Қазавтожол» 

республикалық 

мемлекеттік 

кəсіпорны 

облыстық 

филиалының 

директоры 

Ержан  Жасыбаев  пен  облыстық  ішкі 

істер  департаменті  əкімшілік  полиция 

басқармасының басшысы Серік Жүнісбеков 

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобанының 

бойындағы 

жол 


айырықтарында 

жарықтандыру 

құрылғыларының 

істен 


шыққанын,  Тараз  қаласы  көшелеріндегі 

көліктердің  ретсіз  қозғалысын,  сондай-

ақ 

олардың 


кептеліс 

туғызатынын 

айтқан  облыс  əкімінің  сауалына  жауап 

берді.  Сонымен  қатар,  облыс  əкімі  Кəрім 

Көкірекбаев күн тəртібіндегі мəселе аясында 

жауапты  тұлғаларға  нақты  тапсырмалар 

беріп,  міндеттер  жүктеді.  Сондай-ақ,  Кəрім 

Нəсбекұлының 

тапсырмасы 

бойынша 


облыс əкімінің бірінші орынбасары Бекболат 

Орынбековтің  төрағалығымен  жол-көлік 

саласындағы  мəселелерді  шұғыл  ретке 

келтіру мақсатында алдағы уақытта арнайы 

комиссия құрылып, жұмыс істейтін болады. 

КҮЗГІ ЕГІС-ДАЛА ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ БАРЫСЫ ҚАЛАЙ?

Аппараттық кеңестің күн тəртібіне қойылған келесі 

мəселе  бойынша  облыс  əкімдігі  ауыл  шаруашылығы 

басқармасы 

басшысының 

орынбасары 

Зиятхан 

Өмірəлиев хабарлама жасады. Өз сөзінде хабарламашы 

биылғы  жылдың  өнімі  үшін 580,4 мың  гектарға  ауыл 

шаруашылығы дақылдары орналастырылғанын, облыс 

бойынша  егілген  ауыл  шаруашылығы  дақылдарының 

көлемі өткен жылмен салыстырғанда 37,6 мың гектарға 

артқанын  баяндады.  Бастапқыда  облыс  бойынша 

241,4 мың гектар масақты дəнді дақылдар орылу керек 

болған, алайда ауа райының қолайсыздығынан соның 

5203  гектары  есептен  шығарылған.  Нақты  орылғаны 

236 165 мың гектарды құрап отыр.

Зиятхан  Өмірəлиев  өз  сөзінде 107 708 гектар 

бидай  орылғанын,  оның  орташа  өнімділігі  гектарына 

8,7  центнерден  айналғанын,  барлығы 108 987 тонна 

дəн  бастырылғанын  да  айтып  өтті.  Сала  мəселесіне 

байланысты  Жуалы,  Қордай,  Меркі    аудандарының 

ауыл  шаруашылығы  тауарларын  өндірушілері  орташа 

есеппен облыс деңгейінен жоғары өнім алғандығы сөз 

болса, Байзақ, Жамбыл, Шу аудандары диқандарының 

көрсеткіштері керісінше қалыптасқаны да айтылды. 

Ал  келесі  жылдың  өнімі  үшін 101,0 мың  гектар 

егіс  алқабына  күздік  бидай  отырғызу  жоспарланып 

отыр. Облыс аудандарының берген мəліметі бойынша 

осы  алқапқа  екі  рет  өңдеу  жұмыстары  жасалған. 

Нəтижесінде, 20356 гектар  жерге  күздік  бидай  егілді. 

Хабарламасында басқарма басшысының орынбасары 

бүгінгі  күнге  дейін  Сарысу  жəне  Талас  аудандарында 

күздік  бидай  себу  жұмыстарының  басталмағандығын 

айтып өтті. Сондай-ақ, бүгінге дейін 45235 гектар жер 

жыртылып,  күзгі  бидай  себу  жұмыстары  жалғасып 

жатқанын хабарлады. 

Облыс 


əкімі 

Кəрім 


Көкірекбаев 

Зиятхан 


Өмірəлиевтен  күзгі  егіс-дала  жұмыстарын  жүргізу 

барысында  қандай  мəселелердің  туындап  отырғанын 

сұрады.  Облыс  басшысының  сауалына  хабарламашы 

келер 2015 жылдың  өніміне 7800 гектар  алқапқа  қант 

қызылшасы  дақылын  отырғызу  жоспарланғанын, 

алайда дайындықтың төмен деңгейде болып тұрғанын 

айтты.  Мəселен,  жоспар  бойынша  Меркі  ауданында 

3000 гектарға қызылша отырғызу жоспарланған болса, 

бүгінгі  күнге 300 гектар  жер  ғана  дайындалған  болып 

шықты.  Мұның  бəрін  тыңдаған  Кəрім  Нəсбекұлы 

бұл  бағытта  аудан  əкімдерімен  бірлесе  жұмыс 

істеу  қажеттігін  ескертті.  Сонымен  қатар,  облыс 

басшысы  жиналған  көкөністер  мен  жеміс-жидектерді 

сақтайтын  қоймалардың  жағдайын  да  бақылауды 

тапсырды.  Жəне  астықты  сақтандыру  шаралары, 

келесі  жылдың  өнімі  үшін  тұқым  дайындау  жоспары, 

шаруа қожалықтарын екінші деңгейлі банктер арқылы 

қаржыландыру  мəселесі  сөз  болып,  Кəрім  Нəсбекұлы 

аталған  мəселелер  бойынша  жауапты  тұлғаларға 

нақты міндеттер жүктеді.



ЖАСТАР ЖҰМЫСПЕН ҚАНШАЛЫҚТЫ ҚАМТЫЛУДА?

Бүгінгі  таңдағы  қоғамдағы  басты 

мəселе жастардың жұмысқа орналасу жайы 

болып отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 

Үкіметтің  кеңейтілген  отырысында  жас 

түлектерді 

жұмыспен 

қамту 


туралы 

тапсырма  да  берген  болатын.  Аппараттық  

жиында  Елбасы  тапсырмасының  облыста 

орындалу  барысы  да  талқыланды.  Бұл 

мəселе  бойынша  облыс  əкімдігі  білім 

басқармасының 

басшысы 

Сұлушаш 


Құрманбекова 

Кəрім 


Нəсбекұлына 

жастардың  жұмысқа  орналасу  нəтижесінің 

жаман  еместігін,  бұл  тізімді  жыл  соңына 

дейін  соза  түсетінін  баяндады.  Бұдан 

кейін  жергілікті  жоғары  оқу  орындары 

ректорларының 

да 

хабарламалары 



тыңдалды. Өз сөзінде М.Х.Дулати атындағы 

Тараз 


Мемлекеттік 

университетінің 

ректоры 

Махметғали 

Сарыбеков 

университетте  бітіруші  түлектердің  базасы 

дайындалып,  оларды  жұмыспен  қамту 

бағытында  түрлі  іс-шаралардың  өткізіліп 

жатқанын  айтты.  Ал  Тараз  Мемлекеттік 

педагогикалық 

институтының 

ректоры 


Дария  Қожамжарова  аталған  оқу  орнында 

арнайы  құрылған  «Бітірушілерді  жұмыспен 

қамту  жəне  карьералық  өсуін  қамтамасыз 

ету бөлімінің» жұмыс істейтінін хабарлады. 

Тараз 

инновациялық-гуманитарлық 



университетінің 

ректоры 


Ерболат 

Саурықовтың  айтуынша,  университетте 

үнемі бітірушілермен байланыс бөлімі жұмыс 

істейді. Ал Тараз техникалық институтының 

ректоры  Сағат  Жүнісбеков  техникалық 

мамандық  алып  шыққан  барлық  түлектің 

жұмыспен  қамтылғанын  жеткізді.  Барлық 

жоғары  оқу  орындары  ректорларының 

айтуынша,  университеттерде  бос  орындар 

жəрмеңкесі  өткізіліп  тұрады.  Бұл  мəселеге 

орай  облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаев  облыс 

əкімдігі  жұмыспен  қамтуды  үйлестіру  жəне 

əлеуметтік  бағдарламалар  басқармасының 

басшысы  Жорабек  Баубековке  бірқатар 

міндеттер жүктеді. 

Құрбан айт

МЕШІТТЕРДЕГІ  ДƏСТҮРЛІ МЕРЕКЕ

КИЕЛІ ƏУЛИЕАТА ӨҢІРІНІҢ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ МƏДЕНИЕТ КҮНДЕРІ ТҮЙІНДЕЛДІ



Биылғы    Құрбан  айт  жылдағыдан  ерекшелікке  толы  болды.  Бірінші  ерекшелігі 

Құрбан айттағы арапа күнінің қасиетті жұма күнімен сəйкес келуі. Арапа күнінде үлкен 

қажылықта жүрген қажылар Арафат жазығында Алладан алты сағат бойы тілек-дұға, 

жақсылық сұрайтыны белгілі. Сол арапа күннің жұмаға сəйкес келуі «Акпар қажылық» 

–  деп аталады екен. 

Биылғы Құрбан айт намазына облыстық орталық 

«Һибатулла  Тарази»  мешітіне  жамағат  өте  көп 

жиналды. Таңғы сағат 7:45-те басталуы белгіленген 

бұл  айт  намазына  облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаев 

қатысып, жиналғандар алдында сөз сөйледі. Облыс 

басшысы  Құрбан  айттың,  қажылық  сапарының  өте 

маңызы  зор  екенін  айта  келіп,  елге  аманшылық, 

халыққа жақсылық, жиналған жамағаттың отбасына 

береке  тіледі.  Сондай-ақ,  Кəрім  Нəсбекұлы  бір 

ірі  қараны  құрбанға  шалатынын  айтты.  Облыс 

имамдары  айтқан  уағыз-насихатты  да  көпшілік 

ықыласпен тыңдады. 

Содан кейін көпшілік ҚМДБ-ның облысымыздағы 

өкілі, облыстық орталық мешіттің бас имамы Данияр 

Жұмабаевтың  басқаруымен  Құрбан  айт  намазын 

өтеді.

Одан  кейін    ҚМДБ-ның    ұйғарымымен  биыл 



белгіленген  «Дін  мен  дəстүр»  жылына  сəйкес  

орталық  мешіт  алдында    түрлі  ұлттық  іс-шаралар 

өтіп,  кішкентай  бүлдіршіндерге  ойын  алаңшалары 

ұйымдастырылды.  Кір  тасын  көтеру,  қазақша 

күрес,  арқан  тарту  сайыстары  бойынша  мықтылар 

анықталып  жатты.  Жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер 

мешіт  басшылығы  тарапынан  демеушілер  арқылы 

тағайындалған жүлделермен марапатталды. Содан 

кейін  облысымыздың  бас  имамы  бастаған  көпшілік 

жақын,  туыс,  дос-жаранның  үйлеріне  айттауға  бет 

алды.

*  *  * 

Биылғы    Құрбан  айт  мерекесін  таластықтар 

да  ерекше    құрметпен  қарсы  алды.  Жиналған 

көп  жамағаттың  алдында  аудан  əкімі  Болат 

Рысмендиев  сөз  сөйлеп,  барша  көпшілікке  бақыт, 

береке  тіледі.  Ол  өз  сөзінде  Елбасымыздың  ерен 

еңбегімен  Тəуелсіздігіміз  нығая  түссе,  өзіміздің 

дəстүрлі дініміздің де қанаты қатайып, дами түскенін 

айтты.  Аудан  басшысы  мешітке  келушілердің 

саны  күннен  күнге  көбейгені,  жастардың  мешітке 

көп  келуі  жақсылық  екеніне  тоқталды.  Сондай-

ақ,  ол  құрбандыққа  өгіз  шалатынын  айтып,  ол 

малдың  мешіт  маңында  сойылатынын,  көпшілікке 

арнайы  дастарқан  жайылатынын  жеткізді.  Көпшілік 

аудандық мешіттің бас имамы  Нұрсұлтан Əлиевтің 

басқаруымен  Құрбан  айт  намазын  ықыласпен 

оқыды.  Содан  кейін  аудан  басшысы  атаған  Құрбан 

малы  сойылып,  айттық  дастарқан  жайылды. 

Кір  тасын  көтеру,  арқан  тарту,  қазақша  күрестен 

жарыстар  өтіп,  жеңімпаздар  мен  жүлдегерлерге  

сыйлық берілді. 

Содан  кейін  мешіттен  жақсы  амалдарын  өтеп 

шыққандар үйді-үйді аралап айттауға кірісті.

*  *  * 

Бұл  күні    жуалылықтар  да  Құрбан  айтын 

таңертең  өте  ықыласпен  қарсы  алды.  Мешітке 

жамағатпен  бірге  жеткен  аудан  əкімі  Батырбек 

Құлекеев көпшіліктің алдында ақ тілегін айтып, сөз 

сөйледі.  Бұл  күндердің  өте  қасиетті  екенін  айтып, 

барша  қауымға  ізгілік  пен  жақсылық,  аманшылық, 

бақыт  тіледі.   Одан  кейін  аудандық  мешіттің  бас 

имамы  Алмас  Кенжемолдаев  уағыз-насихат  айтты. 

Одан  кейін  көпшілік  аудандық  бас  имамға  ұйып, 

айт  намазын  оқыды.  Айттауға  шығардың  алдында 

көпшілік  мешіт  басшылығы  ұйымдастырған  кір 

тасын  көтеру,  арқан  тарту,  асық  ату,  қазақша 

күрес  ойындарын  тамашалады.  Бұл  жарыстардың 

жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды. 

Е. ЖАҢАБАЙҰЛЫ.

1-бетте


Мәдени байланыс

ШЕЖІРЕЛІ ӨЛКЕ, ТАРИХИ ӨҢІР

Жамбыл  облысының  мəдениет  күндерін  Алматы 

облысында  өткізудегі  басты  мақсат – Əулиеата 

өңірінің  терең  тарихын  Алатау  баурайына,  өңір 

жұртшылығына таныстыру болды. Облыстық қазақ драма 

театрының  актерлері  Жамбыл  Жабаев  пен  Бауыржан 

Момышұлындай  алып  тұлғалардың  бейнесін  сахнадан 

жарқыратып көрсетті. Сонымен қатар, Тараз топырағының 

баға жетпес байлықтарының бірі ортағасырлық Айша бибі 

кесенесі. Аңыз бойынша Айша бибіні Қарахан батырмен 

жолықпақ  ниетте  болған  сəтінде,  сол  сəулелі  сəтке 

жеткізбей,  жылан  шағып  өлтіреді  делінеді.  Талдықорған 

төрінде  облыс  актерлерінің  жан-жақты  ізденісі  мен 

шеберлігінің  нəтижесінде  бұл  аңыз  да  сахнада  жоғары 

дəрежеде  көрініс  тапты.  Аңыз  желісінде  қойылым 

қойылып,  Талдықорған  жұртшылығы  Тараздың  көне 

тарихына тағы бір тереңдей түсті.

Тараз  тарихымен  ерекше.  Бүгінгі  таңда  Əулиеата 

өңіріндегі адым сайынғы тарих күн сайын ашылып отыр. 

Облыс  орталығында  қазба  жұмыстары  жүргізіліп  келеді. 

Қазба  жұмыстары  басталғаннан  бергі  уақыт  ішінде 

жүздеген  жəдігерлер  табылды.  Көне  қамал  орындары 

топырақ  астынан  аршылды.  Мəдениет  күндері  аясында 

талдықорғандықтарға  қазба  жұмыстары  нəтижесінің  бір 

бөлігі  ұсынылды.  Көне  Тараз  шаһарының  шағын  макеті 

таныстырылды.  Бұл  күні  талдықорғандықтар  Тараз 

тарихын одан əрі терең тани түсті деуге толық негіз бар. 

Бұдан  бөлек  Жамбыл  өңірінің  зиялы  қауым  өкілдері 

Талдықорған  қаласының  қалам  ұстаған  қауымымен 

Тіл  сарайында  жүздесті.  Əулиеата  жерінің  ақын-

жазушыларын  бастап  барған  жазушы-драматург  Елен 

Əлімжан,  ақын  Қайырбек  Асанов,  жазушы-журналист 

Мақұлбек  Рысдəулет  секілді  аға  буын  өкілдері 

Тараз  топырағының  тарихын  шежіреледі.  Жамбыл 

облысының  бүгінгі  рухани  тыныс-тіршілігінен  хабардар 

етті.  Ал,  Алматы  облысы  əкімінің  кеңесшісі,  ақын 

Ахмет  Кендірбекұлы,  белгілі  айтыскер  ақын  Айтақын 

Бұлғақовтар  жамбылдық  зиялы  қауым  өкілдерімен 

өнер  мен  əдебиет  төңірегінде  өзара  сұхбат  құрды.  Бұл 

күні  талдықорғандық  оқырмандар  Жамбыл  облыстық 

Ш.Уəлиханов атындағы əмбебап-ғылыми кітапханасының 

директоры  Эльмира  Абдинованың  арнайы  дайындаған 

кітап  көрмесімен  танысты.  Мұнда  Жамбыл  жерінен 

шыққан  Бауыржан  Момышұлы,  Шерхан  Мұртаза, 

Несіпбек  Дəутайұлы,  Күлəш  Ахметова  секілді  атақты 

ақын-жазушылардың  еңбектерімен  қатар,  басқа  да 

қаламгерлердің шығармалары қойылды.

Жамбыл  өлкесінің  мəдениет  күндерінің  жабылу 

салтанаты  Алматы  қаласында  өтті.  Оңтүстік  астанада 

алдымен  «Жанды  тарих»  деген  атаумен  музей  көрмесі 

ұйымдастырылды.  Бұдан  кейін  «Алатау»  мəдениет 

сарайында  «Тараз – ғасырлар  куəсі»  атты  галаконцерт 

ұйымдастырылды.  Шара  басында  Алматы  қаласының 

əкімі Ахметжан Есімов сөз алып, «Тараз – тарихымыздың 

темірқазығы»  екендігін,  Жамбылдай  жыр  алыбы  мен 

Бауыржандай  ұлттық  батыры  бар  өңірдің  жолының 

даңғыл  болатынын,  топырағынан  талай  тарланбоздар 

түлеп  шыққан  өңірді  өзінің  құрметтейтінін  жеткізді. 

Өз  кезегінде  сөз  алған  облыс  əкімі  Кəрім  Көкірекбаев 

Жамбыл  өңірінің  мəдениеті  мен  тарихын  тереңнен 

қозғады. Кəрім Нəсбекұлы бүгінгі таңда Алматы дамудың 

даңғыл жолына түскенін, осындай өңірге біздің өнерімізді 

ала келгенімізді айтып өтті. 

Галаконцерт барысында ұлт аспаптар оркестрі атақты 

күйші  Ықылас  Дүкенұлының  «Жезкиік»  күйін  орындаса, 

оркестрге  қосылып  атақты  əнші  Сəуле  Жанпейісова  əн 

шырқады, көпшілікті əн бұлағынан сусындатты. «Тараз» 

триосының  орындауындағы  əндер  тыңдармандарға 

көтеріңкі  көңіл-күй  сыйласа,  əлемге  əйгілі  музыкант 

Моцарт шығармашылығын қамтыған туындылар концерт 

шырайын аша түсті. Маралбек Бабақұлов, Ғани  Мəтебаев 

секілді жамбылдық өнер жұлдыздары да алматылықтарға 

əннен шашу шашты. 

Алматылықтарды  жақсы  əсерге  бөлеген  тағы  бір 

жайт,  сахнада  əн  шырқалып,  күй  тартылып  жатқанда 

өңіріміздің  тарихи,  мəдени,  этнографиялық  аймақтары 

үлкен  экран  арқылы  көпшілікке  таныстырылып  отырды. 

Бұл  көріністердің  барлығы  да  жамбылдықтардың  жақсы 

дайындығын,  шеберлік  тұрғысынан  қалыптасқандығын, 

шығармашылық  тұрғыда  ізденістің  даңғыл  жолына 

түскенін көрсетті. Өнер – шеберлікті, ізденісті қажет етеді. 

Жаңашылдық  егемен  еліміздің  болмысына  тəн  сипат. 

Өнерді қадірлеген халықтың өнерден аянары жоқ. Алдағы 

аптада  Алматы  облысының  мəдениет  күндері  Жамбыл 

жерінде өтеді. Екі өңірдің тəжірибе алмасуы, бір-бірімен 

рухани туыстаса түсуі өнерді, мəдениетті, əдебиетті жаңа 

дəуірге бастайтыны анық.



  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал