«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет77/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   134

Балалар өміріндегі сюжетті – рөлді ойындардың орны. Мектепкедейінгішақта ойын 

іс-әрекеттің басты түріне айналады, алайда, бұл қазіргі баланың әдетте, көп уақытын өзіне 

қызықты ойындармен өткізетіндігінен емес, ойын баланың психикасында саналық өзгерістер 

туғызатындығынан  болады.  Мысалы,  қолына  түскен  затпен  қимылдар  жасағанда  немесе 

үлкендердің үйреткендерін орындағанда бала ойнап отыр деп жиі айтамыз. Бірақ, бала бір 

әрекетімен – екінші әрекетті, бір затпен – екінші затты бейнелегенде ғана нағыз ойын болады. 

Ойын  әрекеті  символикалық  сипатта  өтеді.  Тек  ойында  ғана  бала  санасында  белгілі  бір 

функция қалыптасатындығы неғұрлым айқын байқалады. 

Бала ойында заттарды ажыратып қана қоймай, сонымен қатар өзіне қандай да бір рөлді 

алады да, соған сәйкес, іс-әрекет  жасай бастайды. Өзін аттың немесе қорқынышты аңның 

орнына  қояды,  көбіне  ересек  адамдарды,  анасын,  тәрбиешісін,  ұшқышты,  жүргізушіні 

бейнелейді. Айналасындағыларға қатысты міндеттер – бала өзіне алған рөлді орындау қажет 

екендігін сезгендігі. Өзге балалар одан алған рөлін дұрыс орындауды күтеді және талап етеді. 

Мысалы,  «сатып  алушыны»  ойнаған  бала  өзінің  алған  заттары  үшін  ақша  төлемей  кетуге 

болмайтындығын  түсінеді.  Дәрігер  рөлі  шыдамды  болуға  және  ауруға  талап  қоя  білуге 

міндеттейді.  «Дәрігер»  өзіне  құрмет  пен  сенімділік  қарым-қатынасты,  өзі  берген 

нұсқауларды емделушілердің орындауларын талап етуге құқы бар. Сюжетті рөлді ойынның 

мәні  рөлді  ойнаушының  өзіне  қойылған  міндеттерді  орындауы  мен  ойынға  қатысушы 



565 

 

565 



 

өзгелерге  де  қатысты  құқықтарын  іске  асыру  болып  табылады.тағылар  ойыны  бірнеше 

сағатқа созылады. 

Драмалық  ойындарда  мазмұн,  рөлдер,  ойын  әрекеттері  қандай  да  бір  әдеби 

шығарманың,  ертегінің  т.б.  сюжеті  мен  мазмұнына  шарттас  болады.  Ол  сюжетті  рөлді 

ойынға ұқсас. Драмалық ойынында балаға қандай болсын айқын тәсіл көрсетпеу керек. Ол 

үшін ойынның шын мәнінде болғаны дұрыс. 



Дидактикалық құрылыс ойыны – балалар әрекетінің бір түрі. Оның негізгі мазмұны 

қоршаған  өмірді,  алуан  түрлі  құрылыстарды  және  соларға  байланысты  іс-әрекеттерді 

бейнелеу болып табылады. Құрылыс ойыны бір жағынан сюжетті рөлді ойынға ұқсас келеді 

және соның бір түрі деп қаралады. Олардың қайнар көзі біреу – қоршаған өмір. Балалар ойын 

үстінде  көпірлер,  темір  жолдар  т.б.  ірі  құрылыстар  салады.  Құрылыс  ойындарында  олар 

қоршаған заттардың, құрылыстардың көшірмесін жасап, құр бейнелеп қана қоймай, сонымен 

өздерінің шығармашылық ойын, жобалық 

міндеттердің өзіндік шешімін енгізеді. 



Дидактикалық  ойын  кішкене  балаларға  мейлінше  тән  оқыту  формасы  болып 

табылады.  Оның  арғы  тегі  ойынды  өлеңмен,  қимылмен  ұштастыру  негізінде  көп  нәрсеге 

үйрететін  ойындарды  жасаған  халық  педагогикасында  жатыр.  Мысалы:  «Сиқырлы 

қалпақтың сырын ашайық» ойынында ересек топтарда тәрбиеші балаларды зат туралы айта 

білуге үйрету, олардың жүйелі сөйлеу қабілетін дамыту міндетін алға қояды. Ойын міндеті 

– қалпақтың астында не бар екенін білу. Дидактилық ойынның нәтижесі – қандай жолмен 

болса  да  ұту  емес,  балалардың  білімді  игеру,  ақыл-ой  қызметін  дамытуда,  өзара  қарым-

қатынас жасауда жеткен жетістіктерінің көрсеткіші. Дидактикалық ойындар топ бөлмесінде, 

аулада,  залда,  орманда  өткізіледі.  Дидактикалық  ойынның  орталығы  –  ойыншықтар  мен 

ойын құралдары. 

Әрбір  топта  дидактикалық  тұрғыдан  жабдықталған  қуыршақ,  оның  күнделікті 

тұтынуына керекті барлық заттардың комплектілері болу керек. Үстел үсті ойындарға лото, 

домино,  тақырыптық  ойындар  («Қайда  не  өседі?»,  «Бұл  қай  кезде  болады?»,  «Бұл  кімге 

керек?»  т.б.),  пазылдар,  леголар,  қимыл  белсенділігін,  ептілікті  талап  ететін  ойындар 

(«Ұшатын қалпақтар», «Қаздың балапаны», «Нысанаға тигіз» т.б.) мозайка типтес ойындар 

жатады. Ересек топтағы балалар үшін қағазға басылған үлтел үстінде ойнатылатын ойындар 

қызықтырақ  болады.  Оларда  табиғат  құбылыстары,  көліктің  алуан  түрлері  (кім  не  мінеді, 

немен жүреді, немен жүзеді, немен ұшады?) бейнеленген, ертегілердің кейіпкерлері қимыл 

көрсетеді. 

Қимыл-қозғалыс  ойындарында  балалар  ұлттық  санамақтарды,  өлеңдерді, 

тақпақтарды  дер  кезінде  қолданып,  бірге  оқып  үйренеді.  Мұндай  ойындарда  балалардың 

ептілігі (қолдың білезігі майысқақ, иілгіш икемді болады), қимылдың әдемілігі (әр түрлі түсті 

үйренеді, әрбір қимылды қайталайды) саусақ буындары, қол буындары дамып қалыптасады. 

Ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалары (батылдық, тапқырлық, достық, 

жолдастық, тәртіптілік) тікелей бағытталып тәрбиеленеді және дүниетанымдарын кеңейтеді. 

Қимыл  ойындары  –  балаға  дене  тәрбиесін  беру  құралы.  Балалардың  жүгіру,  секіру, 

өрмелеу, лақтыру, қағып алу қабілеттерін жетілдіруге, дамытуға мүмкіндік береді. Қимыл 

ойындары  баланың  жүйке-психикалық  дамуына,  жеке  басының,  денсаулығының 

қалыптасуына  да  үлкен  әсер  етеді.  Қимыл  ойынында  ережелер  ұйымдастырушы  рөл 

атқарады, олар ойынның барысын, жүйелілігін, ойнаушылардың қарым-қатынасын, баланың 

мінез-құлқын  анықтайды.  Қимыл  ойындары  үйдің  ішінде  және  серуен  кезінде  бірнеше 



566 

 

566 



 

баламен  немесе  бүкіл  топпен  өткізіледі.  Олар,  сондай-ақ,  дене  шынықтыру  сабақтарының 

құрамына  енеді.  Бала  өмір  құбылыстарына,  адамдарға,  жануарларға  деген  көзқарасын, 

қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, 

ойынның  қай  түрі  болсын  бүлдіршіндердің  рухани-адамгершілік  тәрбиесінің  дамуында 

маңызды рөл атқарады. 

Сол сияқты ойындар да топта жас ерекшелігіне сай жүргізіледі. Ойын балаларға сабақта 

да,  серуенде  де  өте  қажет,  тіпті  бала  жай  демалып  отырғанның  өзінде  де  ойын  үстінде 

болады.  Қимылды  ойындар  баланың  барлық  жас  кезінде  өтеді.  Қазіргі  таңда  Сорос 

бағдарламасының технологиясымен жұмыс істеп жатқан кезде, оның аты айтып тұрғандай-

ақ,  сабақтар  ойын  орталықтары  арқылы  өтеді.  Мұнда  балалар  тек  ойын  орталықтарымен 

шектеліп қалады деген сөз емес, ертеңгілік жиында, не болмаса сабақ соңында ойын түрлері 

міндетті түрде қолданылады. Тіпті балалардың қызығушылығына қарай олар сабақтан кейін 

де  сол  орталықта  ойынын  жалғастыра  береді.  Күні  бойы  балалар  жабдықталған  ойын 

орталықтарында ойын алаңы ретінде ойнай алады. Өмірдегі түсінігі, еліктеуі, бақылауы осы 

ойын үстінде көрініс табады. 

Ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасын  тауып  келе  жатқан  ұлтымыздың  ой  салатын  ойлы 

ойындарының бірі – саусақ ойыны. Бұл ойын баланың төзімін шыңдап, байсалдыққа, ойын 

ережесін сақтау мәдениетіне тәрбиелеумен қатар, келешекте мектепке барар бүлдіршіннің 

саусақтарының бұлшық еттерін желтілдіруге септігі тиеді. Мектепке осындай дайындықпен 

келген  бала  сурет  салғанда,  жазғанда,  қолы  талмай,  қаламы  мен  қарындашын  еш 

қиындықсыз  қиналмай  бағындыра  алады.  Қимыл-қозғалыс  әрекеттері  арқылы  көздің 

көрегендігі мен мергендігін арттырады, жылдамдыққа, ептілікке баулиды. 

Жалпы  ойынның  қандай  түрі  болмасын,  атадан  балаға,  ұрпақтан  ұрпаққа  ауысып 

отырады.  Халық  ойындары  өмірлік  қажеттіліктен  туады  да,  психологиялық  жағынан 

денсаулық сақтауға негізделеді. Соның ішінде саусақ ойынына тоқталайық, саусақ ойыны – 

қол  саусақтарының  көмегімен  қандай  да  болмасын  ертегіні  немесе  өлең,  тақпақ  шумағын 

сахналауға,  би  қимылдары  мен  қимыл-әрекет  ойындары  арқылы  да  әсерлі  нәзік  қол 

қимылдарын  көрсетуге  болады.  Саусақ  ойыны  арқылы  баланың  сөйлеуге  деген  қабілеті 

дамып, өмірге талпынысы, ынтасы артады және шығармашылық әрекетінде де жол ашады. 

Осы  ойынды  ойнай  отырып,  ата-аналар,  тәрбиеші-педагогтар,  балалар  қоршаған  ортадағы 

заттар  мен  құбылыстарды,  жан-жануарларды,  құстар  мен  ағаштарды  бейнелей  алады. 

Техниканың төрт құбыласы тең дамыған қазіргі таңда, Интернет желісі желдей есіп тұрған 

заманда небір бейнені бейнелеуге болады.Мәселен, саусақтардың қозғалыс-қимылына қарап 

бала қуанады, шаттана шапалақтайды, шат-шадыман болады. 

Қазақтың  ұлттық  бала  тәрбиесінде  де  саусақ  ойынының  алар  орны  ерекше.  Ойын  – 

мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  негізгі  іс-әрекеті.  С.Торайғыров  кезінде:  «Балалықтың 

қанына  ойын  азық»,  -  деп  бекер  айтпаған.  Өйткені,  ойын кезінде  бүдіршіннің  бейімділігі, 

қызығушылығы 

және 


заттардың 

айырмашылығын 

ажырата 

алатыны 


анық 

байқалады.Балабақшада не үйде үйренген өлең шумақтарын қайталап айта отырып, есінде 

саналы түрде сақтайтын болады. Ол, әрине, баланың есте сақтау қабілетін арттырады. 

Ойынды  басқару  міндеттері  –  мектепке  дейінгі  балалық  шақта  адамның  жеке 

тұлғалық қасиеттерінің негізі қалыптасады. Осы кезеңде ойын жетекшісі іс-әрекет ретінде 

қалыптасқан  жағдайда  ғана  олардың  дамуына  кең  мүмкіндік  береді.  А.Н.Леонтьев  бұл 

жайында мынадай пікір білдіреді: «Ойын баланың жетекшісі іс-әрекеті болу үшін, ойынды 



567 

 

567 



 

басқаруды  үйрену  керек,  ол  үшін  ойынның  даму  заңдылықтарына  бағыну  қажет,  олай 

болмаған жағдайда оны басқару емес, ойынды бұзуына әкеліп соғады». 

Қазіргі  кездегі  мектепке  дейінгі  педагогикада  ойынды  басқаруда  әр  түрлі  теориялық 

тәсілдер  қалыптасуда.Мектепке  дейінгі  педагогикада  бала  ойынын  басқарудың  әр  түрлі 

жолдары бар. Ойынды кешенді басқаруға оның қалыптасу процесіндегі бір-бірімен жалпы 

мазмұны бойынша байланысқан төрт құрамы жатады. 

Оларды  мына  сызба  арқылы  көрсетуге  болады:  ойынды  кешенді  басқару  – 

қоршағанортамен белсендііс-әрекетте таныстыру – ойындық тәжірибесін байыту – заттық-

ойындық  ортаны  ұйымдастыру  –  тәрбиешілердің  балалармен  белсендіретін  қарым-

қатынасы.  Ойынды  кешенді  басқарудың  мазмұны  ойын  дамуының  тәжірибесін  байыту 

ерекшелігіне арналған. Балалар қандай ойындық тәжірибе алу керек деген сұраққа жауапты 

балалардың 

ойындық 


тәжірибесін 

дамытудың 

негізгі 

бағыттарынан 

табуға 

болады.Балалардың  ойындық  тәжірибесін  дамыту  –  мазмұнын  күрделендіру  –  ойын 



әрекеттерін  күрделендіру  –  серіктесімен  қарым-қатынасы  –  өз  бетінше  жұмысы  және 

шығармашылық. 



Үйрету  ойыны  барысында  тәрбиеші  балаларға  ойындық  тәжірибесі  жоқтығына 

байланысты  әлі  шеше  алмайтын  ойындық  проблемалық  жағдайлар  қатарын  ұсынады. 

Міндетті түрде балаға қойылатын талап – баланың ойынға белсенді қатысуы. Ересек адам 

ойнап, балалар тек қарап отыратын ойындар тиімді бола алмайды. Тәрбиеші ойын барысында 

баланың орнына ештеңе орындамауы керек, ол тек көмек бере алады. Үйрету ойын түрінде, 

білінбей  өтуі  қажет.  Балалар  ойынның  әдеттегі  серігі  ойыншықтар  мен  басқа  ойын 

материалдары  болады,  сондықтан  ойынды  кешенді  басқаруды  дамытушылық  заттық-

ойындық ортаны ұйымдастыру ерекшелігін анықтауға көп көңіл бөлінеді. 



Заттық-ойындық  ортаны  безендіруде  төмендегі  шарттарды  сақтау  қажет:ойын 

бұрыштарын  әр  түрлі  тақырыптағы  ойыншықтармен  және  басқа  ойындық  материалмен 

қамтамасыз 

ету;ойын 

бұрыштары 

ойынның 


даму 

деңгейіне 

байланысты 

безендіріледі.Мысалы,  үш  жастағы  балаларға  оқу  жылының  басында  ойнауға  тек 

ойыншықтар  ғана  беріледі.  Ойынды  әрі  қарай  күрделендіру  ойын  әрекеттерін  елестеткен 

заттарды қатыстырып ойнауға ынталандыратын әр түрлі безендіру элементтерін қолдануды 

мәжбүр етеді. 

Балалардың байытылған ойын тәжірибесін өз бетінше шығармашылықпен қолдануына 

ойындық проблемалық жағдайлар көмектеседі, олар шығармашылық ізденіске бағыттайды, 

білімдерін,  ойын  тәжірибесін  жинақтайды.  Ойындық  проблемалық  жағдайлар  заттық-

ойындық ортаны өзгерту жолымен де ересек адамның балалармен ойын мазмұны жөнінде 

белсенді қарым-қатынас жолымен де жасалады. 

Ойын  процесінде  тәрбиешінің  балаларды  белсендіретін  қарым-қатынасын 

ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптар: 

1)Тәрбиеші балалармен ойын ынтымақтастығына енеді, олармен диалог құрастырады. 

Тәрбиеші ойын барысында балаларға өзін көрсетуге еркіндік беру қажет. 

2)Қарым-қатынас  мақсатты,  дәлелденген  болу  үшін  тәрбиеші  оны  алдын-ала 

ойластыруы қажет, яғни қарым-қатынасты ұйымдастыру алдын-ала жоспарланады. 

3)Белсендіретін қарым-қатынасқа уақытында, балалар білмей қиналып тұрғанда немесе 

бұрынғы ойын дағдыларын қолданатын кезде кірісу қажет. Бұл тәрбиешінің ойнаушылардың 

қасында болып, бәрін байқап тұруын қажет етеді. 


568 

 

568 



 

4)Ойын  кезінде  балалардың  ойларын  бұзбау  үшін  және  ойынның  сюжеттік  және 

психологиялық  мазмұнын  байыту  мақсатында  ойнаушыларға  дұрыс  бағыт  беру  үшін 

тәрбиеші ойынға сыпайы, әдепті кірісу қажет. 



Шығармашылық  ойын  –  ерте  жаста  қалыптасады.  Бүлдіршіндер  тамақтанады, 

серуендейді, ұйықтайды, ересек адамдардың тамақ дайындауын, ыдыс-аяқ жуғанын, басқа 

шаруалар  орындағанын  бақылайды.  Соныменбірге  балалар  әр  түрлі  заттардыөздері 

пайдаланып  немесе  ересек  адамдардың  пайдаланғанын  бақылап  отырады.  Осы  жаста 

қалыптасқан  дамудың  әлеуметтік  жағдайына  байланысты,  балалар  ересек  адамдардың  іс-

әрекеттеріне  емес,  олардың  пайдаланатын  заттарына  қызығады.  Балалар  заттардың 

атауларын  естеріне  сақтап,  оларды  пайдалану  туралы  біліп,  қасиеттерімен  танысады. 

Мысалы, мынау – тәрелке, онымен сорпа ішеді, ботқа жейді, т.б. Балалар күнделікті өмірде 

істей  алатын  әрекеттерін  өздерінің  ойындарында  көрсете  алады.  Балаларды  ойынға 

қатыстыру үшін тәрбиеші оларға ойын міндеттерін қоюды үйретеді. 



Ойын  міндеттері  –  ойында  көрініс  табатын  өмірден  алынған  кішігірім  оқиға.Осы 

жаста  ойын  міндеттері  мазмұны  бойынша  қарапайым  болып  келеді.  Ойын  міндеттерінің 

мазмұны қоршаған ортадан алынады. Ойында балалар әр түрлі ойын міндеттерін қояды, бұл 

қоршаған  орта  туралы  алған  әсерлеріне  байланысты.  Олар  неғұрлым  бай  болса,  ойын 

міндеттері  соғұрлым  көп  болады.  Ойын  міндеттерін  көбейтуге  басқару  мақсаты  болмау 

керек, бала бір-екі ойын міндеттерін қойса, соның өзі сюжеттік-көрсету ойынына жеткілікті. 



Сюжеттік-көрсету  ойынында  балалардың  өз  бетімен  жұмыс  істеуді  дамыту  керек. 

Шынайы өмірде біз балалардан: «Өзім істеймін!» - дегенді жиі естиміз, ойында да олардың 

өз бетінше ойнауға құқы бар. 

Балалардың  өз  бетімен  жұмыс  істеуін  дамыту  мақсатында  ойында  тәрбиеші 

басқарудың келесі міндеттерін атқарады: 

-әр баланың түрлі ойын міндеттерін қоюдағы өз бетінше жұмыс істеуін дамыту; 

-балаларды  қойылған  ойын  міндеттерін  шешу  үшін  әр  түрлі  заттық  тәсілдерді  өз 

бетінше таңдауға ынталандыру. 

Бала жаңа бір нәрсе үйреніп жатқанда, оған ересек адаммен ынтымақтастық қажет. Бұл 

кезде тәрбиеші ойын міндетін қоюға көмектеседі, оны қандай тәсілмен шешуге болатынын 

көрсетеді.  Бала  ойын  міндеттерін  қоюды  үйренгенде,  оған  өз  бетінше  жұмыс  істеуге 

барынша мүмкіндік беру керек. 

Халқымыздың «Баланы ойын өсіреді» деген даналық сөзі тегін айтылмаса керек. Бала 

ойнап жүріп ойланады, жүйкесі тынығады, көңілі өсіп ойы сергиді, денесі шымырланады. 

Ойын  арқылы  тұрмыс-салт,  әдет-ғұрып,  ұлттық  ерекшелік,  дәстүр  жайлы  таным-түйсігі 

қалыптасады. Өздерінің құрбы-құрдастарымен қарым-қатынас жасауға үйренеді. Ойындар 

сабақ  мазмұнына  сәйкес  алынып,  жеке  және  топтық  жұмыстар  жүргізуде  алға  қойған 

мақсатқа жеткізіп, нақты қортынды алуға көмектеседі. Сан алуан ұлттық ойындар баланың 

тәрбиесін  дамытып,  жас  жеткіншектің  бойына  адамгершілік,  сүйіспеншілік,  кішіге  көмек, 

үлкенге  құрмет  көрсете  білуге,  қиыншылықтан  қорықпауға,  мақсатқа  жетуде  күш-жігерін 

жұмсай білетін төзімділікке тәрбиелеуде ерекше мәні бар. 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі. 

1 Бала мен балабақша.– №№2,5,9,10. – 2013. 

2Отбасы және балабақша. – №№2,3,5. – 2011. 

3 Отбасы және балабақша. – №№1,3,4. – 2012. 



569 

 

569 



 

4 Ұстаздық еткен жалықпас. – Алматы: Үш қиян, 2003. 

5 НүсіпоқасұлыА.Тал бесіктен жер бесікке дейін. 

 

 



 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ БОЙЫНДА АДАМГЕРШІЛІК 



ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

Нүркенова Г.Қ., Карабаева Д. 

ЖММ «Болашақ» Академиясы 

 

      Егеменді  еліміздің  болашағы  жас  жеткіншіктердің  білім  дәрежесінің  тереңдігімен 



өлшенеді.қазіргі заманға білім беру әлеуметтік құрылымның маңызды элементтерінің біріне 

айналды.адамның 

жеке 

басын 


қалыптастыру 

негізгі 


балабақшадан 

қалатыны 

белгілі.Балабақшадан бастап балаларға білімнің қыры мен сырын жетік таныту,қабілеттерін 

шыңдау  адамгершілік  қасиеттерін  дарытып  Қазақстан  республоикасының  азаматы  деген 

атаққа  лайық  болатындай  етіп  тәрбиелеу-біздің  міндетіміз  болмақ.сондықтан  да 

балабақшадан бастап балалардың жан-жақты дамуына басты назар аударылуы керек. 

       Бала  тәрбиесі  қай  заманның,қай  қоғамның  болмасын  ойшылдары  мен  зерделі 

зиялыларын талассыз толға нысқа,үздіксіз ізденіске түсірген ізгі мұрат екені даусыз.Бүгінгі 

таңда  тәуелсіздігін  алып,өзінің  сыртқы  және  ішкі  жағдайларын  анықтап  жатқан  қазақ  елі 

үшін өркениетке жеткізер тәрбие жолдарын саралап,жүйелеп,өмірге енгізудің орны ерекше 

екені  белгілі.Бұл  ретте  бала  дүниеге  келгеннен  кейін  ең  алдымен  отбасында,онан  кейін 

қоғамдық  ортада  және  оны  тұлға  ретінде  қалыптастыруға,тәрбиелеуге  қатысты  дініміздің 

ғасырлар бойы халық арасында сақталып келе жатқан дәстүрлі тәлім-тәрбиесін қолдаудың 

маңызы  зор.Өз  тарихының  бастауынан-ақ  адамзат  ұрпақ  тәрбиелеуге  ерекше  мән 

берген.Әсіресе  жас  ұрпақтың  бойына  рухани-адамгершілік  қасиеттерді  сіңіру  қажет.Және 

бұл жолдарда отбасы,Қоршаған орта,отан,ана мектептің берері мол.Жас ұрпақтың рухани-

адамгершілігі қалыптасқанда ғана болашаққа нық сеніммен,үмітпен қарай аламыз[1]. 

      Рухани-адамгершілік-барлық ізгіліктердің,жақсы қасиеттердің бастау бұлағы.Қаныш 

Сәтбаев  бұл  жөнінде:»Ісіңізге,еңбегіңізге,оқуңызға  нағыз  адамгершілікпен  кіріссеңіз,сөз 

жоқ  жең  іске  жетесіздер.Сіздің  мінез-қасиетіңізге  адамгершілік  бірінші  болып  орын 

алса,шыншыл,батыл,тиянақты,жігерлі және кішіпейіл  адам болған  болар едіңіздер.Жеткен 

жетістік  пен  табысқа  мақтану,мақсаттану  сіздер  үшін  қасиет  емес.»деген.Жалпы  рухани-

адамгершілік  дегеніміз  жас  ұрпақ  бойында  мінез-құлықтың  белгілі-бір  сипаттарын 

қалыптастыру 

және 

-олардың 



өздерініңде 

бір-біріне,отбасына,басқа 

адамдарға,мемлекетке,отанға деген қатынасын анықтайтын мінез нормалары мен ережелерін 

дамыту. 


      Адамгершілік  тәрбиесі  барлық  тәрбие  жүйесіндегі  негізгі  тәрбиенің  көзі  болып 

табылады.Адамгершіліксіз  табиғатты,қоршаған  ортаны,адамдар  арасындағы  қарым-

қатынасты  қалыптастыру  мүмкін  емес.адамгершілік  тәрбиесі  арқылы  балаларды  рухани 

тәрбиенің негізгі қаланады.Руханилық баланың ішкі болмысы,жан дүниесінің азығы,мінез-

құлқының  тірегіші  болып  табылады.Руханилық  пен  адамгершілік  араласып,бір-бірімен 

сабақтастықта байланысқан ағайындас ұғымдар.Мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға 

түсінікті ғибрат сөз,әсерлі өлең,сурет,әңгімелер пайдалану,үлгілі,өнегелі ойын,еңбек үстінде 

этикалық  қатынас  жағдайында  әдеп  адамгершілік  әдет-дағдылары  қалыптасады.Адамзат 

тарихында  адамгершілікке  байланысты  пайда  болған  категорияларға  мыналар  жатады: 

жомарттық,батырлық,кішіпейілділік,адалдық,шыншылдық,ұяттылық,ар  мен  намыс,тағы 

басқалары.Әрбір  қоғам  өзінің  даму  процесінде  адамгершілік  категорияларына,оның 

мазмұнына  көптеген  өзгерістер  енгізіп  отырған.Адамгершілік-адамдардың  практикалық 



570 

 

570 



 

өмірінен тамыр алып,пайда болған әдет-ғұрыптар мен тәстүрлерді тудырып,солармен сәйкес 

дамиды.Ал  мораль  болса,шындыққа  қарама-қарсы,теріс  қарым-қатынаста  пайда  болады 

және  адамның  өзіне  субъективті  түрде  міндет  қоя  білумен  туындайды.Адамгершілік 

қасиеттері  отбасында,қоршаған  ортада,  балалар  бақшасында,мектепте,адамдардың  іс-

әрекетінің барысында бір-бірімен араласуы нәтижесінде,қоғамдық тәжірибе алуын өмірмен 

байланыстыру арқылы қалыптасады.Халықта:”Ұяда не көрсең,ұшқанда соны ілерсің”деген 

мақал  бар.Тәлім-тәрбие  болмаған  жерде  адамгершілік  мәдениеті  мен  қасиетті  де 

қалыптаспайды[2]. 

      В.Соловьев:»Адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын заты емес,ол 

өзінің  тәжірибесі  арқылы  ғана  жнтнтін  адамның  ішкі  жағдай  »-деп  адамгершіліктің 

құндылығына  ерекше  тоқталған.Тәрбие  мәдениті-өмірдің  өзі  сияқты  күрделі  де  көп 

қырлы.Еңбекке 

тәрбиелеу,патриоттық 

тәрбие,эстетикалық 

тәрбие,адамгершілік 

тәрбиесі,экологиялық  тәрбие,дене  тәрбиесі.Осы  барлық  тәрбиенің  өзегі-адамгершілік 

тәрбиесі,бірақ ол жападан жалғыз әрекет етпейді,ол осы аталған тәрбие түрлерімен бірлікте 

,демек  адагершілікпен  мәдениеті  мен  сапалары  қалыптасады.Адамгершілік  сапаларын 

индивидтің өзі анықтап,адамгершілік ұстанымын да өзі қалыптастырады. 

     Бала  дамуының  алғашқы  кезеңінен  яғни  адамгершілік  туралы  ұғымдарды 

саралап,санасына  сіңіре  бастайды.Моральдік-этикалық  дәстүр  мәдениетінің  толысқан 

сферасы 

ретінде 


дәстүрлі 

педагогикалық 

мәденитті 

қалыптастырып 

өскелең 

ұрпақты,адамгершілікке 

тәрбиелеудің 

негізгі 


құралы,формасы,әдіс-

тәсілдері,адамгершіліктің қайнар көзі,ілкі бастауы бола алады[2].  

      Кейбір  зерттеушілер  адамгершілік  дәстүрлерін  ұрпақтан-ұрпаққа  берілген  күйде 

өзгерген іссіз,ал өзгерген жағдайда ұзақ уақыт қызмет ететін мораль элементінің тұрғысында 

қарастырады. 

     Бұған А.Д.Макаренконың:»Адамгершілік немесе моральдық саласында қызмет ететін 

және  моральдық  қатынасты  бейнелейтін  дәстүрлер»  дей  келе,ұлттық  адамгершілік  деп 

отырған  ұғымдарымыздың  түп  төркіні  моральды-этикалық  дәстүрдің  сара  жолында  әкеп 

тірейді.Тәрбиенің  дәстүрмен  тығыз  байланысты  тұңғыш  қарастырушы  К.Д.Ушинский 

болды.Ол  өз  еңбектерінде  тәрбиенің  халықтық  сипатына,еңбектің  тәрбиелік  және 

психикалық  сипатына  және  тәрбиедегі  адамгершілік  мәселелеріне  көңіл  бөле 

отырып»Тәрбие  көзі-халықтық  педагогика»  деген  тұжырымға  келген.Осы  идеяны  қазақ 

жерінде  жалғастырушы  педагог  Ы.Алтынсарин  мынадай  адамгершіліктің  түрлерін  атап 

көрсетеді,7жақсы қасиет: 

Біріншісі: Имандылық. 

Екіншісі:Жоғарғы әділдік. 

Үшіншісі:Адалдық,ақкөңілділік. 

Төртіншісі:Сыпайылық,момындық. 

Бесіншісі:Адал ниетпен өсиет беру. 

Алтыншысы:Жомарттық,қайырымдылық. 

Жетіншісі:Дұрыс  заңдылық[3].Адамгершілік  тәрбиесі-оқушылардың  бойында  белгілі 

бір мінез-құлықтардың сипаттарын қалыптастыру,өзіне және өзге де адамдарға,отбасының 

мүшелеріне,ата-анасына,тума-туысқандарына,туған  жеріне,табиғат  пен  қоғамға,мемлекет 

пен  Отанға  деген  қатынасын  анықтайтын  мінез-құлық,тәртіп  нормалары  мен  ережелерін 

дарыту  мақсатын  жүзеге  асыру  бағытындағы  ересек  адамдардың,тәрбиеші,мұғалімдердің 

қызметі.Абай:”Адамның 

адамшылығы,адамгершілігі-ақыл,ғылым,жақсы 

ата,жақсы 

ана,жақсы құрбы,жақсы ұстаздан, ” – дейді. 

    Жеке баланың бойындағы ар-ұяты,ақыл-ойы,адамгершілігі,басқа адамдармен қарым-

қатынасы,мәдениеттілігіжанұядан алынады.Сондықтан жанұя-бала тәрбиесінің ең алғашқы 

ұжымы.Осы ұжымның әрбір мүшесі өзара сүйіспеншілікпен,береке-бірлікпен,сыйластықпен 

бала  тәрбиесіне  араласса,кәмелетке  толғаннан  кейін  саналы,тәрбиелі  жеке  тұлға  пайда 

болады.Ал,баланың тәрбиелі  болып өсуіне берекелі,тату,берік отбасының  әсері  мол,себебі 

оның 

ер 


жетіп 

өсуі,бойындағы 

алғашқы 

адамгершілік 

белгілер 

отбасында 



571 

 

571 



 

қалыптасады.Сондықтан,отбасы өте қажетті,басқадай еш нәрсемен ауыстыруға болмайтын 

баспалдақ[4].Ата-ана-тәрбие  өнегесі,сондықтан»Ата  көрген-оқ  жонар,ана  көрген-тон 

пішер»деп қазақ мақалы тегін айтылмаған.Осы нақыл сөзден-ақ,отбасының,ата-ананың бала 

тәрбиесіндегі ролі өте үлкен және маңызды екенін көреміз. 

      Ал,әйгілі 

түрік 

ойшылы 


Жүсіп 

Баласағұны 

«Құтты 

білік» 


шығармасындағы:»Сәбиінде  көкірекке  түйгені  Өлгенінше  санасында  жүреді!Ұяда  не 

көрсе,соны іледі. 

   Сүтпен сіңген өле  –өлгенше жүреді.!»[4],-деген бәйіті  «Ұяда не көрсе,ұшқанда соны 

іледі»,»Cүтпен біткен мінез,сүйекпен кетеді»деген мақалдармен үндес.яғни,Ж.баласағұн бұл 

бәйіттерінде  өмір  есігін  енді  ғана  ашқан  жас  ұрпақты  отбасында  және  қоғамдық  ортада 

адамгершілікке  тәрбиелеудің  орны  бөлектігін  атап  көрсеткен.Міне,сонда  ғана  әрбір  бала 

ұрпақтан қрпаққа жалғасып келе жатқан ізгі қасиеттерді,әдеп ережелерін өз өміріне серік етіп 

өседі дейді. 

    Адамгершілікке тәрбиелеу ісі білім берумен ғана шектелмейдігі айқын.Бұл  баланың 

сана-сезіміне  әсер  ету  арқылы,ішкі  жан-дүниесіне  әсер  ету  арқылы,ішкі  жан-дүниесін 

оятудың 

нәтижесінде 

оның 

дүниетанымын 



қалыптастырады.Баланың 

сана-


сезімін,адамгершілік  мұраттарын  қалыптастыру-тәрбиенің  ең  бірінші  міндеті.Тәрбие 

барысында  әрдайым  осы  мұраттарды  басты  нысаны  етіп  ұстау  қажет.Себебі  баланың 

көзқарасы оның күнделікті ісімен сәйкес келмесе олар ойлауға шебер,бірақ іске жоқ адамдар 

болып 


қана 

шығады.Баланы 

имандыққа 

баулып,мейрімділікке,қайырымдылық,кішіпейілділік,қамқорлық,ізгілік  сияқты  қасиеттерді 

бойларына  сіңіру-әрбір  отбасы  мен  тәрбие  беретін  ұйымдардың  басты  парызы.Дана 

ақын,халықтың ырысы»Құтты біліктің» -негізін жүсіп Баласағұн-адамның мінезі-құлқы мен 

оның  қоғамдағы  орнына  ерекше  тоқталады.Адам-бұл  дүниеге  қонақ,сондықтан  ол  артына 

ылғи да жақсы сөз бен жақсы ісін қалдырып отыруы қажет.Ол үшін әр кез жаман қылықтан 

сақтанып,адалдықпен  жүріп-тұруы  тиіс  деген  ойлары  бізге  жақсы  мәлім[3].Адамгершілік 

қөзқарасты қалыптастыру бойынша жұмыстар түрлі  бағытта жүзеге асырылуы тиіс,әңгіме 

үстінде,ойын 

кезінде,көрнекі 

материалдарды 

қарастырғанда,телехабарды 

көріп 

отырғанда,түрлі жағдайды шешу кезінде, т.б.Балалар адамгершілік істер жөнінде білім алып 



қана қоймай,бұл істерді күнделікті өмірде,үлкендермен,балалармен қарым-қатынаста жүйелі 

түрде басшылыққа алып отыруға дағдылануының маңызы зор. 

    Белгілі  кезеңде  баланың  психикасында  пайда  болған  жаңа  жақсы  қасиеттері  әлі  де 

әлсіз және шектеулі болса да,тәрбиеші соған сүйенуге тиіс.Осыған байланысты психологтар 

мынаны 

анықтайды:мектеп 



жасына 

дейінгі 


балалар 

сыртқы 


ықпалы 

өте 


қабылдағыш,үйреткенің,айтқаның бәрінің шындығына,адамгершілік нормалардың сөзсіздігі 

мен қажеттігіне сенгіш келеді,бұл жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар 

жөнінде 

ымырасыздығымен,мінез-құлықтарымен,еркіндігімен 

ерекшеленеді.Бұл 

ерекшеліктер  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  оқып,тәрбиеленетіндігінің  кепілі  болып 

табылады.Балаларды  жүйелі  және  дәйекті  түрде  адамгершілікке  тәрбиелеу  үшін  нақ  осы 

жастарда  зор  мүмкіндіктер  туады.Балалардың  оңды  адамгершілік  тәрбиесі,адамгершілікке 

тәрбиелеуде  шешеуші  маңызға  ие.Тәрбиелеу  ісі  ең  алдымен  баланың  күнделікті  маңызға 

ие.Тәрбиелеу ісі ең алдымен баланың күнделікті өмірде өтіп жатады,мұнда ол адамгершілік 

ережелеріне,нормаларына,принциптеріне  дағдыланады  және  олардың  қажеттілігіне  көзі 

жетеді. 


     Рухани-адамгершілік 

тәрбиесінде 

алдымен 

баланы 


тек 

жақсылыққа-

қайырымдылық,мейірімділік,ізгілікке тәрбиелеп,соны мақсат тұтса,ұстаздың,ата-ананың да 

болашағы  зор  болмақ.»Мен  үш  қасиеттімді  мақтан  тұтам»,  -  депті  Ақан  сері.Олар:жалған 

айтпадым,жақсылықты  сатпадым  һәм  ешкімнен  ештеңе  қызғанбадым.Бұл  үш  қасиет 

әркімнің  өз  құдайы.»Өз  құдайынан  айрылған  адам  бос  кеуде,өлгенмен  тең»  деген 

екен.Шындығында  бұл  ақиқат.Олай  болса,жеке  тұлғаны  қалыптастыруда,олардың  жан 

дүниесіне сезіммен қарап,әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға,жоспарлауға,оны орындауға,өзіне-

өзі талап қоя білуге тәрбиелеу-адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты.Мақсатқа жету үшін 


572 

 

572 



 

сан  алуан  кедергілер  болуы  мүмкін.Ондай  қасиеттерді  бала  бойына  жас  кезінен  бастап 

қалыптастыру  жеке  тұлғаны  қалыптастырудың  негізін  қалайды.»Еліміздің  күші-

патшада,сәбидің  күші-жылауында»  демекші,біздің  күшіміз,қорғанышымыз,сеніміміз-

адамгершілігімізде  болуы  керек.Ол  үшін  Ақанның  осы  үш  қасиетін  бала  бойына  дарыта 

білсек-ұлы жеңіс болары анық[5]. 




1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал