«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет76/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   134

Қолдыналған әдебиеттер: 

1.

 



«Дошкольное воспитание» журнал. 1986, №12. 

2.

 



Куцакова Л.В. «Трудовое воспитание в детском саду». 

3.

 



Маханева М.Д., Скворцова У.В. «Учим детей трудиться». 

4.

 



Шаламова  Е.И.  «Реализация  образовательной  области  «Труд»  в  процессе 

ознакомления детей старшего дошкольного возраста с профессиями». 

5.

 

Кишик Т.А. «Нравственное воспитание в труде».  



6.

 

«Отбасы және балабақша» журналы. 1993 -№9. 



 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ 



БАЙЛАНЫСТЫРА СӨЙЛЕУГЕ ҮЙРЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.   

 

Тусупбаева С.Ж., Джангильдинова К.Х.  



Қарағанды қ. «Қуаныш» балабақшасы КМҚК. 

 

        Жаңа  қоғамға  жаңа  ұрпақ  тәрбиелеу  мақсатында  жастарға  білім  беру  жүйесі 



реформаланды.  Солардың  бірі  –  адамзат  қоғамы  тарихында  қарым-қатынас  құралы 

міндетін өтеп келе жатқан, ғылым-білімді үйрену негізі – тілдерді меңгерту, мемлекеттік 

мәртебе алған қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту. Өйткені кешегі мен бүгінді танып, 

білу құралы – тіл.  



559 

 

559 



 

        Бүгінгі  бала  –  ертеңгі  еңбек  етуші,  тұтынушы,  инновациялық  технологиялар  мен 

менеджменттік басқарудың алып барушысы. Балабақшадағы оқу-тәрбие жұмыстарының 

басты мақсаттарының бірі – баланың тілін ұстартып, жақсы сөйлей білуге үйрете отырып, 

оның  ой-өрісін  дамыту.  Бала  тілді  ертерек  меңгере  бастаса,  оның  келешегі  жеңілрек 

болатыны  мәлім.  Балабақшадағы  қазақ  балаларымен  қатар  өзге  ұлттың  балалары  да 

мемлекеттік тілде сөйлеп, қазақ тілінің қыр-сырын танып білуде. 

       Басқа ұлтты мектепке дейінгі балаларды 2-ші тілге оқытуы – тілдік орта жоқтығы бар 

күрделі үрдіс. Біздің мақсатымыз – балаларға мемлекеттік тіл –осы елдің өзіндік белгісі 

болып табылатындығын ұғындыру, қазақ тіліне деген өзіндік қызығушылығын ояту.  

     Қазіргі  заманғы  қоғам  өсіп  келе  жатқан  ұрпақтың  алдына  биік  талаптарды  көздейді: 

мектеп  қабырғасынан  шыққан  түлектер  3  тілде  еркін  түрде  сөйлеу  керек:  қазақ 

/мемлекеттік/,  орыс  /ұлтаралық/,  ағылшын  /халықаралық/.  Сөзсіз  жаңа  кезеңде  қызмет 

атқаратын ұстаз да қазақ пен орыс тілдерінде еркін түрде сөйлеу қажеттілігі мәлім. Осы 

себебтен,  балабақша  қабырғасында  қызмет  атқаратын  қазақ  тілі  мұғалімі  бүлдіршіннің 

қасында жүретін тіл әлеміне өзіндік жолсерігі рөлін орындайды. Мұғалім мектепке дейінгі 

балаға қазақ тілдің әсемдігі мен поэзиясын сезініп көруге көмектесуі керек. 

       Мектепке  дейінгі  балалар  мектеп  табалдырығын  берік,  мықты  білімдерімен  аттауы 

үшін уақыт керек. Бірақ, ол уақыттың жетпейтіні де белгілі. Қазіргі заманғы мұғалімнің 

басты маңызды мүмкіндігі бар – бағдарлама, әдіс-тәсілдерді таңдап, өзіңе қажетті дұрыс 

бағыт табуы. Ол барлық альтернативтік бағдарламалар мен жаңа технологияларды мұқият 

зерттеп,  қазақ  тілін  оқытуында  алға  басу  /озық,  тереңдете/  модульдік  технологиясында 

тоқтау керек. Яғни, озық, тереңдете оқыту технологиясы – балабақшада қазақ тілін оқыту 

бойынша  қолданатын  бағдарламалық  материалды  ең  саналы  оқитын  шарасы.  Тек  ғана 

озық,  тереңдете  оқыту  әдісінде  уақыттың  қажетті  резервін  табуға  болады.  Алға  басу 

технологиясы бойынша оқыту жүйрік, тез қарқында және қызықты өту керек. Өйткені ой-

өрістік іс-әрекеттің дамуына жаратымды әсер көрсетеді.  

        Қазақ тілін оқыту үрдісінде дифференциалдық шығармашылық тапсырмаларға үлкен 

назар аударылады. Олар балалардың белсенді дербестік ойлау қабілетін дамуына қажетті. 

Мектепке дейінгі балалардың балалық шағы ерекшеліктерін алдын-ала ескеріп – олардың 

тез шаршағандығын, жалықпауын, қозғалыс және эмоционалдық тиянақсыздығын – сабақ 

барысында  іс-әрекеттің  түрлерін  жиі  айырбастап,  сабақтың  белгіленген  мөлшерден 

аспауын қадағалап отыруы жөн. Ол үшін әртүрлі тапсырмаларды  орындау қажет: ребус, 

сөзжұмбақтарды  шешу;  «Танысу»,  «Дүкенде»,  т.б.  тақырыптарға  қарай  сұқбаттарға 

үйрету; сабақ соңында сурет салу;   буындардан сөз құру, дауысты дыбыстарды танып, 

оларды  дауыссыз  дыбыстардан  айыру,  әріп  пен  дыбыстың  айырмашылығын  білу, 

геометриялық  пішіндер  мен  түстерді  танып  айту;  реттік,  кері,  тұра  санауларды  білу; 

тақпақ, өлеңдер, жаңылтпаштарды таза айту дағдылары. 

       Ойын – мектепке дейінгі баланың іс-әрекетінің негізгі түр мен маңызды әдісі. Ойынды 

сүйемелдеу  факторлары  –  қызығушылық,  әуестік,  қуаныш  сезімдері  –  оқыту  процессін 

жеңілдетеді.  Бұл  себебке  қарай,  оқыту  процессінде  ойынды  күрделіндіру  барысында 

жүйелік,  жеңілдік,  көрнекілік  принциптерін  сақтауы  қажет.  Рөльдерді  таратуы  бар 

ертегілерге ойнау балаларда әрдайым табыстық табады. Балалар қанағаттанып ертегілік 

кейіпкерлерді,  айуанаттар  мен  құстарды  бейнелеп,  өздерінің  шағын  мәтіндерін  жаттап, 

ертегілер  бойынша  қойылған  театрализацияға  белсенді  қатысады.  «Отбасы», 

«Балабақша»,  «Емхана»,  «Шаштаразы»,  «Дүкен»,  «Қонақтар  үшін  дастархан  жаямыз», 

«Кеме»  атты  сюжеттік-рольдік  ойындар  барысында  балалар  қоршаған  әлемнен  алған 

таныс  бейнелерді  көрсетіп,  орындайды.  Бұл  мақсатта  қимылды  /  «Күміс  алу»,  «Тақия 

тастамақ»,  «Орамал»,  т.б./,  дидактикалық  /  «Лото»,  «Лабиринт»,  «Домино»,  «Саңырау 

телефон», «Артық сан», «Оң жақта не бар, сол жақта не бар?», «Түстер», «Геометриялық 

пішіндер»,  «Мына  заттарды  бір  сөзбен  ата»,  сөздік  «Ассоциациялар»,  «Не  жүзеді,  не 

батады»,  «Не артық?», «Жеке-көпше», «Ұшады-ұшпайды», «Аудармашы» т.б./ ойындары 

кең қолданады. 


560 

 

560 



 

        Балабақшада қазақ тілі дамуы тек ғана қазақ тілі сабақтарында өткізілмей, режимдік 

сәттердің  барысында  /тамақтану,  жуыну,  шынығу,  еңбектену,  серуендер/  үлкендер  мен 

балалармен  қарым-қатынасы  процессінде,  тәрбиешінің  басқа  сабақтарында  бекіту 

жұмысы  өту  керек.  Балалар  әртүрлі  ертеңгіліктерге,  ойын-сауықтарға  қатысып,  өлең 

айтып,  тақпақтарын  оқиды,  қазақ  тілінде  қысқаша  сахна-бейнелерді  көрсетеді,  қазақ 

халқының ұлттық аспаптарымен танысып /жетіген, домбыра, қобыз, асатаяқ, дауылпаз/, 

олардың үндерін айыруға үйренеді. Қазақ тілін меңгеру процесін белсендіру мақсатында 

мұғалім  мен  тәрбиешінің,  мұғалім  мен  МҰ  қабырғасында  қызмет  атқаратын  басқа 

мамандар арасында өзара әрекет болуы жөн. 

       Оқытудың гуманизация үрдісі сабақта қолданатын оқу жұмысын ұйымдастыруының 

иілмелі  формаларын  ізденісін,  ойлау  стереотиптерін  меңгеруін  алдын-ала  болжайды. 

Бұндай  формалардың  бірі  –  шағын  топтарда  жұмыс  істеу.  Шағын  топта  құрылған 

комфорттық жағдай балалардың белсендігін жоғарылатады, ал мұғалім ше өз жұмысының 

тиімділігі мен әр баланың және де өзіндік кемшіліктерін көрнекі көріп, оларды жүйелеп 

жояды.   

      Әр шетел тілге оқыту барысында коммуникативтік келісім басты болып белгіленеді. 

Бұнда қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін сөйлеу іс-әрекетінің 4 түрін меңгеру керек 

– аудирование, сөйлеу, оқу, жазу. Әрине, 6 жастағы балалар үшін аудирование, сөйлеу, 

оқу  жарамды.  Яғни,  әр  оқу  өлшемі,  дыбыс  әлде  әріп,  сөз  әлде  грамматикалық  модель 

болсын,  баланың  құлағымен  естіліп,  тілмен  айтылып,  оқылып,  сана  сезіммен  түсінулуі 

қажет. Қазақ тілі мұғалімінің жұмысындағы ең басты мақсаты – мектепке дейінгі баланы 

қазақ  алфавитіне  тән  дыбыс,  әріптерін  дұрыс  айту,  әріптерді  тану,  орыс  алфавитіндегі 

әріптерімен бірге оларды оқып білу.  Белсенді меңгеру сөздердің тізімінде зат есімдерімен 

бірге сын есімдері, сан есімдері, есімдіктер мен етістіктер болуы керек. Олар балаға өз ой-

пікірін жеткізуге, бітіруге көмектеседі. 6-7 жастағы балалар грамматикалық ережелерді 

білмесе де, бірақ қашан оны қолданатынын біледі. Бұнда фабульдік мәтіндермен жұмыс 

істеуді  апаруға  болады,  яғни  фабульдік  мәтіндерде  таныс  сөздерімен  қатар  бейтаныс 

сөздер  жүреді.  Олардың  мағынасын  балалар  өз  күшімен  түсініп  әлде  мұғалімнің 

көмегімен меңгереді. 

       Мектепке дейінгі баланың психологиялық ерекшеліктері мен оның көрнекі-бейнелік 

ойлау  қабілетін  ескеріп,  педагогтар  баланы  халық  педагогиканың  қайнар  көзіне 

қатыстыру  керек  –  салт-дәстүрлерімен  сахналау  арқылы  таныстырып,  олардың 

қойылуында  ауызша  халық  шығармашылығын  кең  пайдалану  жөн  /мақал-мәтелдер, 

жұмбақтар, ырымдар; Құрманғазы, Тәттімбет, Дина Нұрпейісова сияқты ұлы сазгерлердің 

күйлерін тыңдау/.                 Педагог алдымен өз жұмысын дұрыс жоспарлап, бағыттаса, 

бұндай  жан-жақты  ұйымдастыру  тілдік  ортаға  «батудың»  себебшісі  болып,  мектепке 

дейінгі балалардың қазақ тіліне оқыту процессінің тиімділігін жоғарылатады. Және де 6 

жастағы бала үшін тіл меңгеруі – еңбекшілдік, жігердің байсалды сынауы болып шығады. 

Ал бұл қасиеттер балада тек ғана жаңа-жаңа салынады. Сондықтан мектепке дейінгі бала 

педагогтардың  психологиялық  қолдауы  мен  көмегінде  мұқтаж  болады.  Бала  қателік 

жасаса  да,  одан  қорықпай,  саспай,  қайтадан  сұрап,  қайталауға  үйрету  және  тәрбиелеу 

керек.  

        «Оқу  инемен  құдық  қазғандай»  деген  мақал-мақалдың  түбінде  бала  болмысын 

қалыптастырар  өмірлік  оқу  да  жатыр.  Тәрбие  берудің  ауқымы  білім  берумен  ғана 

шектелмей, оған ата-ананың да ат салысуын ауадай қажет ететінін ұққанымыз абзал.  

        Тіл – ұлт мәдениетінің қайнар көзі. Сондықтан, тіл дәрежесін өзіміз көтермесек, басқа 

ұлт  қайтсін.  Қазақ  тілі  кеңістігінің  кеңеюі,  сөзсіз.  Жыл  сайын  балаларын  қазақ  тілді 

балабақша  мен  мектепке  беруге  ниет  білдіруші  орыстілді  отбасылар  /орыс  тілді 

қазақтарды  қоса  алғанда/  саны  артуда.  Ендігі  түйткіл  сол  әлеуметтік  сұранысты 

қанағаттандыратын қазақ тілді балабақшаның жетіспеуінде болып тұр.   

       Бүгінгі таңдағы тағы бір өзекті мәселе – кадр мәселесі. Бұрынғы даярланған мамандар 

балабақша жүйесінің құлдырауы жылдарында басқа салаларға сіңіп кетті. Қайтадан қолға 


561 

 

561 



 

алына  бастаған  іс  соншама  баянды  болмай  тұр.  Себебі  балабақша  мамандарының 

жалақысы да бұл салаға қызығушылық тудырмайды. Балабақша педагогының әлеуметтік 

және  экономикалық  мәртебесі  ең  болмағанда  мектеп  мұғалімімен  теңелмейінше, 

бюджеттік  сала  қызметкері  ретінде  оның  ролі  арттырылмайынша  тәрбиеші-педагог 

даярлығын  қоғамдық  сұранысқа  сай  ету    ету  проблемалық  сипатын  сақтайды.  Бұл  тек 

қажеттілік емес, тұлға тәрбиесінің қажетті заңдылығы. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 



 

1.

 



ҚР мемлекттік жалпы білім беру стандарты.  

2.

 



«Балбөбек» бағдарламасы. Алматы. 2000 жыл. 

3.

 



Р. Мәженқызы, Ү. Сәдуақасова, Ж. Бейсенбина. «Сауат ашу», әдістемелік нұсқау. Алматы. 

2003 жыл. 

4.

 

Б.Б. Баймұратова, З.Д. Еденбаева. «Изучаем казахский язык». 5-6 жастағы балалар үшін. 



Әдістемелік нұсқау. Алматы. 2005жыл. 

5.

 



А. Бакраденова, Б. Баймұратова. «Орыс тілінде жұмыс істейтін балабақшада қазақ тілін 

оқыту методикасы». Алматы. 1992 жыл. 

6.

 

Н.Ақбай. «Кел, балалар, ойнайық». Балалар кітапханасы.Алматы. 2006 жыл. 



7.

 

М.С. Сәтімбекова, Ф.Н. Жұмабекова, Ә.С. Әмірова «Отбасында және балабақшада баланы 



мектепке дайындау бағдарламасы». Ата-аналар кітапханасы. Алматы. 2000 жыл. 

8.

 



Р.Ү. Тебай. «Мектепке дейінгі балаларға қазақ тілін тереңдете оқыту». Қарағанды. 2003 

жыл  


  

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУ 



 

Сайлаухан Мөлдір 

ҚМКҚ №15 «Аққу» балабақшасы 

 

 

Қазақстан  Республикасының  Білім  беру  жүйесін  реформалау  әрбір  баланы  мектептегі 

оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет.  

Бала ақыл – ойының дамуы тек белгілі бір білім көлемін ғана емес танымдық іс – әрекет 

амалдары  мен  тәсілдерін  игеруімен  есте  сақтау,  елестету  танымдық  шығармашылық 

қабілеттерінің дамуын тұтас қамтиды. Баланың дамуы үшін есте сақтау мен ойлау қабілетінің 

мәні өте зор. Бұлардың бәрі қоршаған орта және өзі туралы білімді меңгеруі, мінез – құлық 

нормаларын  игеруі,  білім,  білік,  дағдысының  қалыптасуы,  есте  сақтау  және  ойлау 

қабілеттерімен тығыз байланысты. Сөз бен сөйлеу әрекеті ойлау құралы болып табылады. 

Өйткені олардың негізінде логикалық ойлау, ұғым қалыптасады. 

Қазіргі  уақытта  баланы  мектепке  дайындау,  белгілі  бір  дағдыларды  игеруге  бейімдеу 

заманымыздың көкейкесті мәселелерінің бірі болып отыр. Мектепке дейінгілердің өз – өзіне 

қызмет  ету  дағдыларын  меңгеруі  –  өнегелі,  жігерлі,  дербестік,  және  табандылық  сияқты 

қасиеттерін тәрбиелеудің тиімді жолы.  

Баланы  мектепке  психологиялық  жағынан  даярлау  тақырыбын  зерттеп  жүрген 

психологтер  (В.В.Холмовский,  Л.А.Венгер,  Н.И.Непомнящая  т.б.)  даярлықтың  төменгі 

бағыттарын бөліп көрсетті:  



Ақыл-ойының даярлығы  

Бұл  мектепке  дейінгі  баланың  білімі  және  біліктілігі.  Кез-келген  бала  жазып  және 

санаумен  ғана  шектеліп  қана  қоймай,  ең  маңыздысы  салыстыра  білуді,талдауды,  ойлай 

білуді, өздігінен қорытынды жасай білуі тиіс. Көрнекі -әрекеттік ойлау қабілеттілігі жоғары 

бала  көрнекі  үлгімен  жұмыс  істегенде,заттардың  кейпімен,  мөлшерін  ұйқастырғанда, 

қойылған міндеттерді шешуде тиімді әрекеттердің барлық түрін орындап шығады. 



562 

 

562 



 

Биологиялық кемелденуі 

Мектептегі  оқу  әрекеті  -  бұл  ағзаның  барлық жүйелерінің  қатты  жұмыс  істеуін  қажет 

ететін  үрдіс.  Баланың  ағзасында  жаңа  ережелер  мен  іс-әрекеттерге  үйрену  өзгерістер 

туғызады.. Сондықтан баланың денсаулық жағдайы (дене салмағы, бойының ұзындығы т.б.) 

нормадағы 6 – 7 жасар баланың дене көрсеткіштеріне сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге көру 

,есту,  моторикасының  дамуы  және  жүйке  жүесінің  физиологиялық  жағдайын  жатқызуға 

болады. 

Жеке басының қалыптасуы мен әлеуметтік даярлығы 

Мектепке келген бала оқимын деген ниетпен мектеп табалдырығын аттайды. Бірақ кейде 

бала оқуға барғым келеді дегенмен, оның мотиві әртүрлі болады. Біреуі мектепте көп бала 

бар және онда көңілді десе, біреуі партаға отырғысы келгендіктен мектепке баруы мүмкін. 

Алайда мұндай ықыласпен мектепке келген балалар, біраз уақыттан кейін мектептің қатал 

тәртібіне және күнделікті оқу сабақтарына шыдай алмайды. Жалпы, бала оқу үрдісінің өзіне 

қызығуы қажет. Сонда ғана бұл баланың таным қызығушылықтарының дамуына, жаңа білім 

алуына мүмкіндік жасайды.  



Ерік сапаларының қалыптасуы мен эмоционалдық даярлығы 

Бұл  баланың  шешім  қабылдай  алып,  мақсат  қоя  білуі.  Сонымен  бірге  баланың 

әрекеттерді  жоспарлап,  олардың  орындалуын  жүзеге  асыруда  күш  жұмсай  білуі, 

қиындықтарды жеңуі баланың психологиялық үрдістердің қалыптасуына ықпалын тигізеді 

Егер баланың мектептегі оқуға дайындығы осы бағыттармен ұштасып жатса, баланың 

оқуға тез бейімделіп, жақсы оқып кетуіне мүмкіндік туғызады. 

Мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке психологиялық даярлығын білу үшін сабақ 

барысында,  практика  барысында  оларды  байқау,  бақылау,  зерттеу,  анықтау  жұмыстары 

жүргізу керек. Ол үшін төмендегі ғалымдардың әдістемелерін пайдаланған жөн.   

 



Балалардың  ақыл  –  ой  дамуының  деңгейін  анықтауға  арналған  әдістеме.  Әдістеме 

мақсаты: балалардың ақыл – ой дамуының деңгейін және жалпы мағлұматтылығын бағалау. 

 

Керн  –  Йирасиктың  балалардың  ойлауының  даму  деңгейін  анықтау  әдістемесі. 



Әдістеме мақсаты: балалардың ойлауының даму деңгейін анықтау. 

 



Эльконин Д.Б. әзірлеген Графикалық бақылау әдістемесі  Әдістеменің мақсаты: 

баланың  мұқият  тыңдау  қабілетін,  үлкендердің  нұсқаларын  нақты  орындауын,  бір  бет 

қағазда бағдарлана білуді, ой – өріс, зейін қою,өз бетінше үлкендердің тапсырмасы бойынша 

әрекет жасауын айқындайды.  

 

Г.Вицлаак  баланың  тілінің  даму  деңгейін,  оқуға  дайындығын  анықтау  әдістемесі. 



Әдістеменің мақсаты: баланың тілінің даму деңгейін, оқуға дайындығын анықтау 

      Қорыта келе айтарымыз бала ертеңгі болашағымыз, оның жеке басының қалыптасуы 

мен мектепке дайындығына аса зор жауапкершілікпен қарағанымыз жөн. Балалар – еліміздің 

бүгіні  мен  ертеңі.  Мемлекетіміздің  басты  байлығы,  әрі  тірегі.  Сондықтан  балаға  тиісті 

дәрежеде  жағдай  жасап,  денсаулығын  жақсартып,  өмірін  гүлдендіріп,  саналы  тәрбие  мен 

сапалы білім беру – біздің басты мақсатымыз. 

 

Әдебиеттер: 

 

1.



 

Алексеева  А.  О  взаимодействии  специалистов  ДОУ.  //  Дошкольное  3  воспитание, 

2007. - №6. – С.55-63. 

2.

 



Бондаренко С.М. Почему  детям  трудно учиться. –М. 2005. – 105б. 

3.

 



Выготский Л.С. Вопросы детский психологий. Санкт Петербург.Союз1997.- 145б. 

4.

 



Аманжолова  Р.Ш.  Абитева  Мектеп  алды  және  бастауыш  сынып  оқушыларының 

психологиялық-педагогикалық диагностикасы 2004. – 103б. 

 

 


563 

 

563 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ТӘРБИЕЛЕУДЕ ОЙЫН 

ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ 

Маханова А.Ж., Макеева Ж.К., Камзина Н.С. 

КМҚК №27 «Балдаурен» б/б 

 

            Бұл мақалада мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеудегі ойынның маңызы 



қарастырылған. Балалардың психологиялық ерекшеліктерін негізге ала отырып, олардың ой-

танымын,  қиялын,  тілін,  ой-өрісін  дамыту  мақсат  етілген.Халқымыздың  «Баланы  ойын 

өсіреді» деген нақыл сөзінің мағынасын ашу көзделеді. 

Ұлт болашағы болатын ұрпағының қамын жөргекке орап, ақ бесігіне бөлегеннен бастап 

қолға алған аталарымыздың әрбір ісі өнеге. Бесік жырымен есін білген елдің қашанда көші 

түзу, өрісі кең болмақ. Осынау ұлан-ғайыр далаға иелік етіп, жер бетінің жұмағындай жерді 

мекендеуіміздің бастауы сан ғасырдан жалғасып, бүгінге жеткен ұрпақ тәрбиесінде жатыр. 

«Ана  көрген  тон  пішер,  әке  көрген  оқ  жонар»  деген  қағиданы  берік  ұстанған  ата-

аналарымыз сәбиін қырқынан шығарып, жан-жаққа қарап, езу тарта бастағаннан бүлдіршінін 

ойын «әлемімен» таныстыра бастайды. Сипалап, уқалау, аяқ-қолын созу барысында «Өс-өс», 

«Қуырмаш»,  «Бесік  жыры»  өлеңдерін  айта  отырып  әрі  ойнатып,  әрі  тәрбие  бере 

білген.Баланы  табу  –  қиын,  жақсылыққа  бастау  –  одан  да  қиын  деп  білген  қазақ  халқы 

балаларды есейгенде Отанының, халқының азаматы етіп тәрбиелеуде алуан түрлі айла-тәсіл 

қолданған.  Тіпті,  алғаш  аяғын  еркін  басып,  тілі  толық  шығып,  ойнай  бастағанда,  оларға 

«Санамақ»,  «Ханқыз»  сияқты  айтуға  жеңіл,  тапқырлық  пен  ақындыққа  жетелейтін  ойын 

түрлерін үйреткен. 

Қазіргі  таңда  сол  ұлттық  ойын,  өлең  шумақтарымен  былдырлап  тілі  шыққан  бала 

балабақша табалдырығын аттағаннан кейін өмір тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық 

ерекшеліктері,  тілінің  дамуы  осы  ойын  үстінде  қалыптасады.Баланың  ойлау  әрекеті, 

балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда 

әрбір  нәрсенің  мазмұнын,  мәнін  түсініп,  ой-өрісі  кеңиді.  Ойын  сабақтарда  қиялы  дамып, 

өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай білуі,сипаттама 

бере білуі қалыптаса бастайды. 

Ойынның сюжеті мен мазмұны. Балалар ойындарында айналасындағы шындықтың 

көп  жақтылығын  көрсетеді.  Олар  үй  тұрмысынан  үлкендердің  іс-әрекеті  мен  олардың 

еңбектегі  қарым-қатынастарынан  көріністер  көрсетіп,  замана  оқиғаларын  бейнелейді. 

Көбінесе  шындық  –  рөлді  ойындардың  сюжеті  болады.  Балалар  араласатын  өмір  ауқымы 

неғұрлым  кең  болса,  ойын  сюжеті  де  соғұрлым  сан  алуан  келеді.  Сондықтан 

кішкентайлардың ойын сюжеттері шағын, ал мектепке дейінгі ересектердің ойын сюжеттері 

өте сан алуан. Ойын сюжетінің әр алуандығы артқан сайын ойын уақытының ұзақтығы да 

артады. Мысалы, 3-4 жастағы балалар ойынының ұзақтығы 10-15 минут болса, 4-5 жастағы 

балалар ойынының ұзақтығы 40-45 минутқа, мектепке дейінгі жастағылар ойыны бірнеше 

сағатқа созылады. 

Қазіргі  таңда  сол  ұлттық  ойын,  өлең  шумақтарымен  былдырлап  тілі  шыққан  бала 

балабақша табалдырығын аттағаннан кейін өмір тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық 

ерекшеліктері,  тілінің  дамуы  осы  ойын  үстінде  қалыптасады.Баланың  ойлау  әрекеті, 

балабақшада өтілетін сабақтарда, ойындарда, танымды әсері мол дидактикалық ойындарда 

әрбір  нәрсенің  мазмұнын,  мәнін  түсініп,  ой-өрісі  кеңиді.  Ойын  сабақтарда  қиялы  дамып, 


564 

 

564 



 

өздеріне таныс заттарын жаңа қырынан біліп тануы, атауларын дұрыс атай білуі,сипаттама 

бере білуі қалыптаса бастайды. 

Сюжетті  ойындар  мектепке  дейінгі  балалар  өмірінде  елеулі  орын  алады.  Сюжетті 

рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті 

айқын  өнерпаздық  және  шығармашылық  сипатта  болады.  Бұл  ойындар  ұзақ  та,  қысқа  да 

болуы  мүмкін.  Сюжетті  рөлді  ойында  бейнелеу  құралы  рөл  мен  ойын  әрекеттері  болып 

табылады.  Өзінің  сипаты  жағынан  бұлар  көбінесе  еліктеу,  шындықты  көрсету  болып 

табылады.  Ойын  кезінде  балалар  арасында  ынтымақтастықтың  белгілі  бір  түрлері  пайда 

болады. Бірлескен ойында балалар қарым-қатынас жасау тілін, өз іс-әрекетін, басқалардың 

іс-әрекетімен  үйлестіреді,  өзара  түсінуді  өзара  көмектесуді  үйренеді.  Ойын  үстінде 

балаларда тәжірибе алмасу пайда болады, ересектерден көмек сұрайды. Нәтижесінде ойын 

қызықты да сан алуан болады. Ойынға деген қызығу, оған қатысуға деген тілек балаларды 

өзара келісімге келтіреді. 

Ойынның мазмұны оны қызықты етеді, ойнауға ықылас пен ынтаны қоздырады. Ойын 

процесінде  балалардың  өздері  ойнаушылардың  мінез-құлқымен  өзара  қарым-қатынасын 

анықтайды және реттейтін ереже белгілейді. Егер тәрбиеші ойынды ақылмен ұйымдастырса, 

ол  балаларға  ықпал  жасауға  мүмкіндік  алады.  Тәрбиешібалаларға  жақын  болуға,  олардың 

ойындарының  сүйікті  қатысушысы  болуға  тиіс.  Ойынның  мазмұнымен  ережесін,  өзінің 

ойындағы рөлін пайдаланып, ойнаушылардың ынтасын басып тастамай, әдеппен ойынның 

барысын, олардың өзара қарым-қатынасын бағыттап отырады. Өзі де сол рөлге қатыса алады. 

Ойынның көп уақыты серуенде өтеді. Сондықтан аулада арнаулы құрылыстар, ғимараттар 

көптеген құрылыс материалдары күректер, доптар, секіргіштер болуға тиіс. Ойын сонымен 

бірге оқу үстіндегі оқытумен де тығыз байланысты. Ойын ешқашан да өзінің қызықшылығын 

жоғалтпайды,  тек  оның  мазмұны,  сипаты  өзгереді.  Ойындар  мазмұнына  қарай  өзіне  тән 

ерекшеліктеріне  қарай  сюжетті  –  рөлді,  драматизациялық,  дидактикалық  құрылыс 

ойындары, қимылды ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді. 




1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал