«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет74/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   134

Пайданылған әдебиеттер: 

1.Республикалық педагогикалық әдістемелік журнал №3 2012ж 

2.Г.Бейсенова.Жаңа ақпараттық технологиялардың тиімділігі. 2015ж 

3.Отбасы және балабақша №9-10,2014,2015  

 

 

  МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ МУЗЫКАНЫҢ РӨЛІ 



Торшаева Шаттык Махсутовна. 

Қарағанды қаласы,  №68МИББ кешені 

музыка жетекшісі. 

 

             Мектепке дейінгі шақ-баланың қабілеті,жеке басының белсенді дамуы қалыптасатын 

кезең.Осы  кезеңде  бала  кез-келген  іс-  әрекетте  өз  бойындағы  қабілеттерін  еш  қысылмай 

көрсете  алады.Музыка  баланы  шығармашылыққа  жетелейді.Ол  баланың  музыкалық 

қабілетін дамытып қана қоймайды,сонымен қатар оның рухани мәдениетін қалыптастырады. 

Балабақшадағы  музыкадан  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде,отбасында  музыка  туралы 

білім,білік,дағды  ала  отырып,балалар  музыка  өнеріне  біршама  жақындай  түседі.Баланың 

қызығушылығы 

мен 

талғамын 



дамыта 

отырып,оны 

музыкалық 

мәдениетке 

жетелеп,эстетикалық тәрбие береміз. 

        Музыканың біз ынта қоятын тағы бір ерекшелігі-оның  адамға  дүниеге келген күннен 

бастап-ақ  әсер  ететіндігінде.Құлаққа  жағымды  бесік  жырын  естігенде  сәби 

тынышталып,жайланады.Ал  сергек  марш  әуені  ойналғанда  оның  жүзінде  өзгеше  нышан 

байқалып,қимылы  ширай  түседі.Музыкамен  өзара  байланыс  балаларда  ерте  жастан-ақ  

мультфильмдер немесе қызықты бағдарламалар көру кезінде басталады.Бала өзінің естіген 

әуеніне қимыл-қозғалыстар жасайды немесе оны өзінше ыңылдап айтып жүреді 

         Эстетикалық тәрбие мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап,сезіну және 

түсіну,жақсы  мен  жаманды  байқап,шығармашылық  тұрғыдан  жеке  қимыл  жасау,сөйтіп 

көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабілеттерін дамытуға бағытталған. 

        Музыкамен 

айналысу-мектеп 

жасына 

дейінгі 


баланың 

жалпы 


мінез-

құлқына,мәдениетіне  әсерін  тигізеді.Түрлі  тапсырмаларды,іс-қимыл  түрлерін  (ән 

айту,музыка тыңдау,балалар аспаптарында ойнау,музыка ырғағына сай үйлесімді қимылдар 

жасау)  алма-кезек  ауыстырып  отыру  балалардың  ықылас  қоюын,тапқырлық  көрсетуін,тез 

қабылдап,тез  тауып  қимыл  жасауын,ұйымшыл  болуын,жігерлі  күш-қимылды,әнді  дәл 

уақытында  бастап,дер  кезінде  аяқтауды;  биде,ойындарда  тез  жүгіріп  кеткісі  келген 

ықтиярсыз тілекке берілмей,музыкаға бағынып,қимылдай білуді талап етеді. 

Сөйтіп,музыка баланың жеке басының адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру үшін қажетті 

жағдайлар  туғызады,болашақ  адамның  жалпы  мәдениетінің  алғашқы  түп  негіздерін 

қалайды.Музыканы 

қабылдау-ақыл-ой 

процестерімен 

тығыз 

байланысты,яғни 



зейінді,байқағыштықты,тапқырлықты  талап  етеді.Ал  егер  бала  балабақшаға  баратын 

болса,оны  музыкаға  баулу  музыкадан  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  жүзеге 

асады.Баланың  эмоционалды  көңіл-күйі,музыкалық  есту  қабілеті,музыка  тыңдаудың,ән 

айтудың,әуенді-ырғақты  қимыл-қозғалыстың,балалардың  саз  аспаптарында  ойнаудың 

алғашқы  дағдылары  қалыптасады.Сонымен  бірге  музыка  баланың  ақыл-ойын  да 

дамытады.Музыка туралы білім алып қана қоймай олардың ой-өрісі кеңейіп,сөздік қорлары 

музыканың көңіл-күйін сипаттайтын сөздермен,теңеулермен баий түседі. 


542 

 

542 



 

        Ән  салып,музыкалық  аспаптарда  ойнау  арқылы    балаларда  әуендегі  дыбыс 

жоғарылығын ажырату қабілеті дамиды.Ал ырғақты сезіну әуенді-ырғақты қимыл-қозғалыс 

жасау    кезінде  қалыптасады.Осылайша  музыкалық  іс-әрекет  баланың    тек  музыкалық 

қабілетін дамытып қана  қоймай оның ойлау,есте сақтау  қабілеттерін де ұштай түседі. 

        Балаларға    музыкадан  білім  беру  жұмыстарының  негізгі  түрі-оның  барысында  әрбір 

балаға  жүйелі,мақсатты  және  жан-жақты  тәрбие  беретін  және  олардың  музыкалық 

қабілеттерін 

қалыптастыратын 

музыкадан 

ұйымдастырылған 

оқу 


іс-

әрекеттері.Ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекеті  баланың  жеке  басының    көптеген  жақсы 

қасиеттерін  тәрбиелеуге  ықпал  жасайды.Ол  балаларды  қуаныш,эстетикалық  толғаныс 

үстінде  біріктіреді,жұмыла  әрекет  етуге  баулиды,тәртіп  мәдениетіне  үйретеді,байыпты 

көзқарасты,ой  еңбегін,шығармашылықты  талап  етеді.Сонымен  бірге    оқу  іс-әрекеті  

балаларды ұйымдастырудың басқа да түрлеріне әсер етері сөзсіз.Балалардың  алған білімі 

,іскерлігі,дағдысы  негізінде  олардың  дербес  музыкалық  қызметі    белсенді    де  әсерлі 

болады.Егер  балалар  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  үйретілетін  әндерін,билерін 

бейнелі және қысылмай орындаса,мерекелік салтанаттар,ойын-сауықтар тартымды,қызықты 

өтеді. 


        Музыкалық  іс-әрекеттің  барлық  түрінде  балалардың  шығармашылығын  дамыту  үшін 

мектепке  дейінгі  мекемелерде«Балабақшада  музыкалық  тәрбие  беру  бағдарламасы» 

қабылданған. Ол мынадай бөлімдерден тұрады: 

 



Музыка тыңдау; 

 



Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалыс; 

 



Ән айту; 

 



Балалардың саз аспаптарында ойнау; 

 



Музыкалық-дидактикалық,қимылды ойындар; 

          Психолог  мамандар,педагогтар  мен  атақты  сазгерлердің  пікірінше:  «Музыканы  сүю 

үшін,ең алдымен оны тыңдай білу керек»,-деген. Музыка тыңдау-мектепке дейінгі балаларға 

музыкалық  тәрбие  берудің  ең  қиын  бөлімі  деп  айтуға  болады.Ең  алдымен  музыканың  не 

туралы «айтып тұрғанын» түсіну қажет.Балаларға вокалды музыканың мазмұнын түсіндіру 

үшін  әуенді  тек  тыңдатып  қана  қоймай  мәнерлеп  оқу,түрлі  иллюстрациялар  көрсетуге 

болады.Ал  ересек  топтарда  бұл  міндеттер  күрделене  түседі.Балалар  көрнекі  құралдар  мен 

музыкалық  бейнелерді  әңгімелеу  арқылы  естіген  әуен  туралы  өз  ойларын  айтады.Мектеп 

жасына  дейінгі  балаларды  эстетикалық  дамыту  үшін  негізінен  музыканың  екі  түрі 

қолданылады:  аспаптық  және  вокалдық  музыка.Кіші  жастағылар  үшін  музыка  тыңдаудың 

вокалдық  түрі  көбірек  түсінікті.Балалар  аспаптық  музыканың  көмегімен  табиғат 

құбылыстарын,құстарды,жануарларды,әртүрлі қызықты кейіпкерлерді сипаттайтын көркем 

бейнелер әлемін таниды. 

        Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалыс кезінде балалар музыканың көңіл-күйіне байланысты 

қимылдар  жасауды  үйренеді.  Кіші  топтағы  балалар  өте  еліктегіш  келеді,сондықтан 

ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  әртүрлі  ойыншықтарды  пайдаланған  абзал.Балалар 

өздерінің  сүйікті  ойыншықтарына    қарап  адымдап  жүреді,қол  соғады,серіппелі  қимылдар 

жасап,бір  орында  тұрып  айналады.Мысалы,қуыршақпен  немесе  қонжықпен  жасаған 

қимылды жаттығуларды балалар тез  ұғынып, жаттап алады.Ересек топ балалары әуенді тез 

қабылдап,  ырғақты  сезініп,соған  байланысты  қимылдарды  дәл,анық  орындауға 

талпынады.Әуенді-ырғақтық  қимылдар  балаларды  музыкада  айтылғанды  бастан  кешіруге 

мәжбүр етеді.Ал бұл өз кезегінде орындаушылық сапасына әсер етеді.Музыкаға шаттану,өз 

қимылдарының әсемдігін сезіну арқылы бала эмоциялық әсер алғыштығы толығып,ерекше 

бір өсуді сезінеді,қуанышқа бөленеді. 

        Музыкалық іс-әрекеттің тағы бір маңызды бөлігі-ән айту.Баланың дауысы-оның нәресте 

кезінен қалыптасқан табиғи құралы.Ән айтуға үйрету процесі баладан үлкен белсенділікті 

және  ой  қуатын  талап  етеді.Ол  өзінің  ән  айтуын  басқалардың  ән  айтуымен 

салыстыруды,әннің әуенін тыңдай білуді үйренеді.Ән айту бала ағзасына жайлы тиіп,сөйлеу 



543 

 

543 



 

тілінің  жетілуіне,тынысының  тереңдеуіне,  дауыс  желбезектерінің  күшейіп,дауыс 

аппаратының  шынығуына көмектеседі.Ән айтуға үйрету кезінде баланың негізгі музыкалық 

қабілеттері:эмоциялық әсер алғыштығы,музыкалық есту қабілеті,ырғақты сезінуі  айрықша 

дамиды.Әнге  деген  ынта  туғызу,қызықтыру  үшін  музыка  жетекшісі  ойын  тәсілдерін 

құбылтады,ойыншықтарды  қолданады.Әнді  әсерлі  орындау  балаларды  эмоциялық  әсерге 

бөлейді,қосылып  ән  айтуға  деген  ықыласын  туғызады.Сонымен  қатар  балалардың  жас 

ерекшелігіне сай репертуар таңдау да басты міндет болып саналады. 

         Саз  аспаптарында  ойнау-балаларға  зор  қуаныш  сыйлайды.Аспапта  ойнау  балаларға 

бірте-бірте,жүйелі  түрде  үйретілсе,ересек  топтарда  олар  өз  бетімен  аспаптарда  ойнай 

алады.Барлығы бірігіп оркестрде ойнау арқылы балалар бір-бірімен тату,ұйымшыл болуға  

үйренеді.Көптеген балалар саз аспаптарында ойнау арқылы өз сезімдері мен көңіл-күйлерін 

білдіреді.Бұл іс-әрекет түрі-балаларға дыбыстардың жаңа бір ғажайып әлемін ашады.Балалар 

бақшасында  саз  аспаптарында  ойнауды  үйрету  әдістемесі  өзгелерге  қарағанда 

ұйымдасқан,әрі  жүйелі  жағдайда  жүргізілуі  тиіс  екендігін  айта  кеткен  жөн.Меңгерілген 

әндер мен шағын музыкалық шығармаларды балалар  бар ықыластарымен ойнайды,оларды 

ойындарда,салтанаттар мен ойын-сауықтарда пайдаланады. 

          Балалардың  музыкалық  қабілетін  дамытуда    музыкалық-дидактикалық  ойындардың 

маңызы зор.Музыкалық ойындар балалардың өз бетінше әрекет етуіне үлкен мүмкіндіктер 

береді.Мектепке дейінгі педагогикада ойындар  тәрбие  мен білім берудің негізгі тәсілдерінің 

бірі және балалар іс-әрекетін ұйымдастырудың маңызды бөлігі  ретінде саналады.Сонымен 

қатар, ойын-балалардың алған білімдерін меңгертіп,тереңдетіп,бекітудің таптырмас құралы 

болып  табылады.Алуан  түрлі  ойындардың  ішінде  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың 

музыкалық  іс-әрекеті  кезінде  музыкалық-дидактикалық  ойындар  айрықша  орын 

алады.Музыкалық-дидактикалық 

ойындарды 

өткізу 

барысында 



олардың 

мазмұнымен,ережесімен,ойын  шарттарымен  алдын-ала  таныстырылады.Бұл  ойындардың 

негізгі бағыты-балалардың музыкалық қабілетін қалыптастырып,оны дамыту;тембрлік және 

динамикалық  есту  қабілеттерін  дамыту;ырғақты  сезінуі  мен  дыбыс  жоғарылығын  дамыту 

көзделеді.Балалар ойын ойнай отырып үйренген,меңгерген білімдерін одан әрі ұштай түседі. 

Музыкалық-дидактикалық ойындар балалардың ойыншықтармен және құралдармен әрекет 

ету  мүмкіндігіне  машықтандырады.  «Музыкалық  лотоны»  ойнай  отырып,балалар  әртүрлі 

аспаптардың  тембр  (дыбыс  бояуы)  арқылы  ажыратады,суретті  мазмұны  бойынша  немесе 

аспапта  орындалған  таныс  әнді  таба  біледі.Қуыршақты  «музыкалық  саты»тепкіштерімен 

жылжыту арқылы балалар әуен қозғалысының бағытын,жоғарылығы әртүрлі  

дыбыстардың орындарын,сан алуан аспаптарда орындалған дыбыстардың баяу және қатты 

шығуын меңгереді. 

  Балалардың  музыкамен  дербес  әуестенуінің  және  бір  қайнар  көзі-мерекелер  мен  ойын-

сауықтар болып табылады.Осыған орай балабақшада «Алтын күз»,«Жаңа-жылмерекесі»,«8-

Наурыз-Аналармейрамы»,«Наурыз»тағыда  басқа  көптеген  айтулы  мерекелерді  тойлау-

дәстүрге  айналған.Ертеңгіліктер  мен  ойын-сауық,мерекелер-бала  өмірінің  жарқын 

күндері.Мереке  сценарийінде  сан  түрлі  іс-әрекеттер  алмасып  отырады.  Мұнда  балалар  ән 

айтады;би 

билейді;ойын 

ойнайды;өлең 

оқып,музыкалық 

аспаптарда 

ойнайды.Көрермендердің ықыласына бөленіп,өз өнерлерін көрсетуге деген құштарлықтары 

арта түседі.Бұл балалардың көңіл-күйін көтеріп,оларға зор қуаныш сыйлайды. 

          Мектепке  дейінгі  бала  тәрбиесінде  музыканың  алатын  орны  ерекше.Баланың  ақыл-

ойын,қиялын  тәрбиелеуде  алатын  музыканың  тәрбиелік  мәні  ерекше.Баланың  музыкалық 

мәдениетін,эстетикалық  талғамын,ұлттық  сана-сезімін  қалыптастыруда  сөзбен  жеткізе 

алмаған құдіретті тіл-музыка.Еліміз егемендік алып,алдыңғы қатарға қосылған қазіргі таңда 

жоғарыда айтылғандардың жас ұрпаққа берер тәрбиелік,эстетикалық,жан-жақты музыкалық 

әсері орасан зор. 

 

 Қолданылған әдебиеттер тізімі: 



1.Н.А.Ветлугина «Методика музыкального воспитания в детском саду», 

544 

 

544 



 

Москва «Просвещение», 1982- жыл. 

2.Н.Г.Кононова «Музыкально-дидактические игры для дошкольников», 

Москва «Просвещение», 1982- жыл. 

3.Н.И.Льговская «Организация и содержание музыкально-игровых досугов детей старшего 

дошкольного возраста,Москва,«Айрис дидактика»,   

2007-жыл. 

4. Ф. М .Қоңыратбай «Балабақшадағы мерекелер», Алматы «Просвещение-

Қазақстан»,2009-жыл.  

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІҢГІ БАЛАБАҚШАДАҒЫ  БАЛАЛАРДЫҢ 

МІНЕЗ- ҚҰЛЫҚ МӘДЕНИЕТІ. 

 

Абишева Қарлығаш Хайруллаевна дене шынықтыру жетекшісі 



КМҚК №16 «Алтынай» балабақшасы, Қарағанды қаласы 

 

 



Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаевтің  «Қазақстан-2030»  Қазақстан  халқына  арналған 

жолдауында    «Біздің  жас  мемлекетіміз    өсіп,жетіліп,кемелденеді.Біздің  балаларымыз  бен 

немерелеріміз  онымен  бірге  ер  жетеді.Олар  өз  ұрпағының  жігерлі,білім  өрісі 

биік,денсаулықтары мықты өз елінің өкілдері болады» деп көрсетілгендей-ақ,ертеңғі келер 

күннің бүгінгіден көрі нұрлы болуына ықпал етіп,адамзат коғамын алға апаратын құджіретті 

күш  білімге  тән.Жас  мемлекетіміздің  болашағы-бүгінгі  ұрпақ.Оларға  бірдей  талап 

қойып,олардың 

табиғи 


қабілетін,нақты 

мүмкіншілігін 

анықтап,ана 

тілінде 


ерқін,сауатты,жүйелі  сөйлеулерін  дамыту,соған  негізден  оқыту-бүгінгі  күннің  өзекті 

маселесі.Баланы  мектепке  даярлау,мектепке  оқу  ісінің  сапасын  арттыру    жұмысы- 

педагогика ғылымында басты проблемалардың бірі.Сондықтан да көрнекті психолог-педагог 

ғалымдар мектеп жасына дейіңгі балалардың сөйлеу тілінің даму,қалыптасу ерекшеліктерін 

эксперимент арқылы зерттеп ,мектепке дейінгі жастағы балаларға арналған сөздік минимум 

жасау мәселесіне ерекше назар аударуда.  

Қазіргі қоғамдағы өзгерістер, ғылым мен мәдениет салаларындағы жетістіктер жастарға 

жалпыадамзаттық және жеке ұлттық игіліктер негізінде тәрбие мен білім беру ісін жоғары 

деңгейге көтеруді қажет етеді. Әсіресе, бүгінгі таңда жоғары мәдениетті тұлға қалыптастыру 

қажеттілігі  байқалып отыр. 

Әрбір  адам,  ең  алдымен,  қоғамның  мүшесі.  Ұлтына,  шыққан  нәсіліне,  жынысына 

қарамастан барлық адамзат өкілдеріне ортақ жалпыадамзаттық қасиеттер: қуану, қайғыру, 

балажандылық, ананы сүю, махаббат, жеккөрушілік, ұнату т.б. сезімдері беріледі. Олар оның 

мінез бітімінде, сезім көрінісінде, қызба жандығында, қимылдары мен жүріс – тұрысында, 

сөйлеу ыңғайында, басқа адамдармен қарым – қатынасында, т.б. тіршілік әрекетінде білінеді. 

Адам қоғамда қалыптасқан білім мен тәрбие жүйесінен тағылым алады. Осылардың барлығы 

бірігіп, адамның жан дүниесінде өзіндік із қалдырады. 

 Жалпы айтқанда, мінез өте кең мағыналы ұғым. Мінез  – адамның өмірлік беталысын, 

өзіндік іс – әрекетінің айырықшалығын сипаттайтын сапалы өзгешелік. Ол жеке адамды әр 

қырынан көрсететін қасиет. Адамның қалыптасуы қоғамдық болмыспен, әлеуметтік ортамен 

тығыз байланысты. Мысалы ешбір адам тумысынан еңбексүйгіш не жалқау, тәртіпті немесе 

ұстамсыз болмайды. Оның мінезі өмір сүру барысында тәрбие үрдісінің ықпалы және сыртқы 

ортамен қарым – қатынас жасау үрдісінде қалыптасып отырады. Бала дүниеге ақ күйінде, пәк 

күйінде  келеді  де,  түрлі  себептердің  салдарынан  ұнамсыз  қасиеттер  мен  мінез-  құлықтар 

қалыптасады. 

 Энциклопедиялық түсіндірме сөздікте мінез – құлық мәдениетіне былайша түсініктеме 

берілген:  «Адамшылық  қарым  –  қатынастың  негізгі  талаптары  мен  ережелерін  сақтау, 

айналасындағылармен дұрыс қарым – қатынас құра білуінде. 


545 

 

545 



 

Адамның жүріс – тұрысы, іс – әрекетінің  жиынтық көрінісі мінез – құлық ерекшелігін 

айқындайды.  Мінез  –  құлықтың  адамгершілік  нормаларына  сай  келетін  жағымды  іс  – 

әрекеттен  немесе  қоғамдық  нормаларға  қайшы  келетін  жағымсыз  іс  –  әрекеттерден 

тұруы мүмкін. Мінез- құлықтық ерекшеліктерморалдық категорияға жатады. Ол адамның 

қоғамдағы  мінез  –  құлқын  реттеу  қызметін  атқаратын  әлеуметтік  институт,  қоғам 

түгелдей мақұлдаған заңды талаптардың орындалу барысымен анықталады». 

Мінез  –  құлық  мәдениеті  адамның  өскен  ортасына,  адамдармен  күнделікті  қарым  – 

қатынасына, білім өресіне, көрген – түгенінен алған үлгі – өнегесіне байланысты. 

Ал мәдениеттілік дегеніміз – әдептіліктің, имандылықтың, ізеттіліктің көрінісі. Ғылыми 

әдебиеттерге жасаған талдау бүгінгі таңда «мәдениет» ұғымына берілген анықтамалар бар 

екенін, олардың жылма – жыл жаңа анықтамалармен толықтырылып отыратынын көрсетеді. 

Бұл анықтамаларды былайша жүйелеуге болады: «мәдениет дегеніміз – тұлғаның мінез 

–  құлқы  мен  іс  –  әрекетін  бағыттаушы  және  жүзеге  асырушы  әмбебап  механизмі» 

(В.Момов,  А.Здравомыслов,  А.Ядов,  О.Дрбинцкий  және  т.б.)  «заттық  және  рухани 

құндылықтардың жиынтығы» (В.Тугаринов, Ю.Ефимов, И.Громова, А.Арнльдов т.б.) «іс – 

әрекетті жүзеге асыру тәсілі». 

Жоғарыда  айтылғанның  бәрі  «мәдениет»  ұғымы  аясының  кең  әрі  күрделі  екендігін 

көрсетеді. Егер оны кең көлемде қарастырсақ, онда қоғамның қажеттілігін қанағаттандыруда 

адамның  қолымен  жасалған  материалдық  және  рухани  құндылықтар  жиынтығы 

қалыптасқанын байқаймыз. 

Мұндай түсінік Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» заңында да кездеседі. 

Онда  «Мәдениет  –  адамзат  жасайтын  және  адамдардың  рухани  қажеттіліктері  мен 



мүдделерін  қанағаттандыруға  бағытталған  материалдық  және  рухани  құндылықтар 

жиынтығы» деп түсіндіріледі. 

Материалдық  мәдениетте  тіл,  ғылым,  білім,  өнер,  әдебиет,  дін,  салт  –  дәстүрлер, 

мерекелер, ауызекі шығармалар және т.б. құндылықтар ретінде қарастырылады. 

Мектеп жасына дейінгі кезең мәдени мінез – құлықты қалыптастыру үшін ең тиімді шақ 

болып табылады. 

Мектеп жасына дейінгі балаларды жеке тұлға ретінде қалыптастыру, болашақ өміріне 

қажетті сапаларды сіңіру, білім, білік, дағдыларды меңгерту- біздің жұмысымыздың басты 

мақсаты. 

  Қоғамдық  мінез  –  құлық  тәжірибесін  қалыптастыру  балабақшада  жүргізілетін  тәрбие 

үрдісінің өзегі болуы тиіс. Балалар бақшасы балаларда белгілі бір мінез- құлық нормаларын 

қалыптастырады, бұларда үлкендерге, құрбыларына, қоғамдық мүлікке, міндетіне қарым – 

қатынасы бейнеленіп, мінез – құлық мәдениеті көрінеді. 

Бұл  мінез-  құлық  нормаларын  балалар  өздерінің  адамдармен  саналуан  қарым  – 

қатынастарын  реттеуші  бірқатар  қағидаларды  үйрене  отырып  меңгереді.  Өзінің 

нақтылығының арқасында бұл қағидалар балаларға түсінікті болып, өздерінің саналуан іс – 

әрекеті айналадағылармен өзара қарым – қатынас үрдісінде игеріледі, мінез- құлық  дағдысы 

мен әдетіне айналады. 

Балабақшадан  бастап  қарым  –  қатынас  мінезі,  құрбы  –  құрдастарымен  өзара 

қатынастары айтарлықтай  өзгереді. Тіпті олар үшін өте маңызды болып саналатын жора – 

жолдастарына көмек қолын беруге дайын тұру, достықты сүю, мейірімділік, қайырымдылық 

сияқты қасиеттер қалыптаса бастайды. 

Баланың  саналы  тәртібі,  байыпты  мінезі  туралы  түсінігін  қалыптастыру,  оған  сәйкес 

сезімін және сенімін тәрбиелеу тәрбиешінің мақсатқа бағытталған іс – әрекетіне байланысты 

жүзеге асады. 

Тәрбие ісінің біржақтылығынан, тәрбие  ісін жүргізгенде тәртіптіліктің басқа сапалардан 

бөлініп  қалуынан  немесе  оларды  кезекпен  дамыту  ұстанымының  белең  алуынан  көрініп 

отырады. Тәртіпке шақыру жолдарын пайдаланғанда да көптеген қателіктерге бой алдырады: 

орынсыз ескертпе жасау, төмен немесе асыра бағалау т.б. 

Осындай  азғантай  болып  көрінетін  кемшіліктерден  жастардың  қоғамдық  орындардың 


546 

 

546 



 

тәртіп  ережелеріне  бағынғысы  келмей,  өрескел  әдепсіздік  танытулары,  қоғамдық  мүлікке 

жанашырлықпен қарау, үлкендермен қарым – қатынаста сыпайылық, елгезектік сияқты мінез 

– құлық мәдениетін танытпауы күнделікті өмір ағынынан көрініс беріп отырады. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1.

 

Қазақстан Республикасы «Білім» мемлекеттік бағдарламасы. – Алматы,2000 



2.

 

Әбиев Ж., Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика оқу құралы. – Алматы, 2004. -98-бет 



Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика оқу құралы. – Алматы, 

 

 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРҒА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУДІҢ 

МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

  



Кенжебекова Д.К. 

«Ертөстік»балабақшасы» ҚМҚК 

Қарағанды қаласы 

 

Қазіргі таңда адамзат ауасын жұтып,суын ішіп отырған табиғат Ананы қорғап,аялау 



барша  жұртқа  тіршілік  қамы,табиғи  қажеттілік.  Сондықтан  да  бүлдіршіндерді  айналадағы 

табиғи ортамен үнемі қарым-қатынаста болуға үйрету, олардың ұғымдарын қалыптастыру, 

табиғатқа  деген  жанашырлыққа  тәрбиелеу  қазіргі  балабақшадағы  тәрбие  ісінің  өзекті 

тармақтарының  бірі  болып  табылады.Табиғатпен  таныстыру  -  балалардың  танымын 

дамытудың  басты  құралдарының  бірі.  Балабақшадағы  тәрбиенің  мақсаты  -  табиғатты 

аялап,оны қамқорлыққа алып күту,табиғат жөнінде қарапайым білім бере отырып,тірі және 

өлі табиғаттағы құбылыстар жөнінде қарапайым ұғымдар қалыптастыру. Мұнда балалардың 

қоршаған  орта  жөніндегі  ұғым  түсініктерін  байытатын  жалпы  және  нақты  ғылыми 

мәліметтер алуының маңызы зор. Табиғатпен таныстыру барысында  «Табиғат бүкіл тіршілік 

атаулының  алтын  ұясы,  тал  бесігі,  өсіп  өнер  мекені»  екендігі  жөнінде  нақты  түсініктер 

беріледі.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  тірі  және  өлі  табиғатқа  деген  сүйіспеншілік 

қарым-  қатынасын  тәрбиелеу  мақсатында  табиғатпен  таныстыру,  яғни  табиғатты  қорғау  - 

экологиялық 

тәрбие 


мен 

білім 


беру 

жұмыстары 

арқылы 

жүргізіледі.  



Мектеп  жасына  дейінгі  балаға  экологиялық  тәрбие  беру  маңыздылығы.  Табиғат  әлемі 

таңғажайып және керемет. Дегенмен,барлығы бұл сұлулықты, аспан, су, жапырақ түстерінің 

алуандығын көре білмейді. Табиғат балаға күнделікті әсер етеді.Бірақ балалар көп нәрсені 

байқай  бермейді.Табиғат  сұлулығы    рухани  қайырымдылыққа  тәрбиелеуде  үлкен  рөл 

атқарады,  яғни,  балаларды  мейірімділікке,  адамгершілікке,  жақын  адамдарға  қамқор  бола 

білуге көмектеседі. Балалар үшін табиғат-бұл әр түрлі табиғи құбылыстарды танудың және 

сөздік қорын байыту көзі. Балалардың сөйлеу және ойлау қабілетінің дамуына ең қолайлы 

және пайдалы фактор. Табиғат баланың тұлғалық қалыптасуына зор ықпал етеді. Балабақша 

балаларының экологиялық тәрбиесі алуан түрлі ықпал ету құралдарының көмегі арқылы іске 

асырылады:  саяхат;  мұражайларға  бару;  мақсаттық  серуен;  телебағдарламалар, 

бейнефильмдер;  табиғат  туралы  көркем  әдебиеттер;  суреттерді,  фотосуреттерді, 

иллюстрацияларды  тамашалау;  музыка  тыңдау;  дидактикалық  ойындар,  мақал-мәтелдер. 

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаларға  адам  мен  табиғат  арасындағы  қарым  -  қатынасты 

анықтайтын экологиялық тәрбие беруге байланысты мектепке дейінгі тәрбие мекемелердің 

алдында 

негізінен 

мына 

төмендегі 



міндеттер 

тұр.  


Атап 

айтқанда:  

-педагогтердың 

экологиялық 

тәрбие 

беру 


жөнінде 

білім 


деңгейін 

көтеру;  



547 

 

547 



 

-балаларды айналамен таныстырудың бағдарламасын, олардың ата- аналарына насихаттау;  

-әртүрлі 

жастағы 


балалар 

топтарындағы 

оқу-тәрбиелік 

жұмыстар;  

Қоршаған  ортаны  аялауға  деген  адамның  саналы  көзқарасын  қалыптастыру  оның  бала 

кезінен 


ерте 

басталуы 

тиіс.  

Баланың дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы 7 жыл оны тәрбиелеу мен оқытудағы ең басты 



кезең болғандықтан оны ескерусіз өткізіп алуға болмайды.Баланың болашағы сол кезеңде 

алған  тәрбиесіне  өте  байланысты.  Олай  болса  адамзаттың  рухани  және  материалдық 

жағдайы  осы  кезеңде  алған  тәрбие  негіздеріне  тәуелді.  Сұлулық  бала  бойында  қуаныш 

сияқты  ең  жақсы  сезімдерді  тудыра  отырып,баланың  белсенді  түрде  шығармашылықпен 

жұмыс істеуі мен денсаулығына оң ықпалын тигізеді. Бірақ бала мұның бәрін сезіну үшін 

сұлулықты өз көзімен көріп,оны қабылдай білуі керек. Балалар тәрбие арқылы, ересектердің 

өнегесі  арқылы  дүниені  таниды,көруді,сезінуді,тыңдауды  үйренеді.  Тәрбиелеуші  жақсы 

өнегені  беруге  неғұрлым  қабілетті  болса,балада  соғұрлым  көбірек  үйренеді.Баланың 

өміріндегі алғашқы қабылдаған қуанышты сәттер оның болашақтағы өміріне жағымды бағыт 

бере  отырып,өмір  бойы  есінде  қалады.Жаңа  ғасырда  табиғатсыз  баланы  тәрбиелеуді  көз 

алдымызға  елестете  аламыз.  Сондықтан  да  балабақшамыздағы  тәрбие  ісінің  негізгі 

міндеттерінің  бірі    «Балаларды  айналамен  таныстыра  отырып,оларға  экологиялық  тәрбие 

беру» болып табылады. Баланы өз туған өлкесінің табиғатын сүюге,оны аялай білуге, оны 

қорғауға  қызығушылығын  арттырып,жауапкершілігін  күшейтуге,табиғатпен  бірге  өмір 

сүретінін  сезінуге  үйрету  мақсат.  Егер  балалар  сұлулықты  өмірден  өз  көздерімен  көре 

отырып,оның өмірімен байланысын сезіне білсе,онда олар сұлулықтың бар екеніне сенеді. 

Балаларды табиғатқа деген  сүіспеншілікке тәрбиелеу барысында оларды сұлулықты көріп 

қана  қоймай,  сол  сұлулық  жолында  еңбектене  білуге  үйретудің  маңызы  зор.  

Біз  табиғи  факторлар  -  су,  ауа,  күнді  қолдана  отырып  экологиялық  тәрбие  мәселелерін 

шешеміз. Балаларды өсімдіктер және жануарлар әлемімен таныстыру арқылы,оларды күтіп 

баптаудың жолдарын үйрете отырып, оларды аялай білуге тәрбиелейміз. Балалар тірі және 

өлі  табиғат  арасында,  тірі  организм  мен  олардың  өмір  сүру  ортасындағы  байланыстарды 

орнатуды үйренеді. Бала дүниеге келгеннен бастап табиғатпен байланыста болады. Табиғат 

баланың ақыл ойының балалық деңгейден нақты түсініктер бойынша қалыптасқан жоғары 

деңгейге жеткізетін қор болып табылады. Ол әртүрлі табиғи құбылыстарды жете түсінуді, өз 

ойын 


жеткізе 

білу 


өнерін 

дамытады.  

Табиғатты танып, білу мектепке дейінгі жастағы баланың бойында табиғатпен эстетикалық 

қарым  қатынас  жасаудың  базасын  құрайтын  экологиялық  тәрбиені  бере  отырып,сонымен 

бірге 

оны 


қорғай, 

аялай 


білуге 

үйретеді.  

Мектепке  дейінгі  жастағы  балаға  экологиялық  мәдениеттің  алғашқы  түсініктерін 

қалыптастыру 

үшін:  

1.  Мектепке  дейінгі  мекемелерде  балаларға  экологиялық  тәрбие  берудің  алғы  шарттарын 



құру;  

2.  Балалардың  экологиялық  сауығуының  дамуы  үшін  атқарылатын  жұмыстарға 

көгалдандырылған 

зоналар 


құру 

және 


ұйымдастыру;  

3.  Тірі  объектілерді  күтіп-баптауға  қолайлы  ортаны  іс  жүзінде  құру  үшін  іс-шаралар 

ұйымдастыру;  

4. 


Оқу 

қызметінде 

көркем 

құралдарды, 



әдістемелік 

және 


материалдық 

құралдарды,ойыншықтарды,түрлі 

ертегі 

кейіпкерлерін 



жүйелі 

түрде 


қолдану;  

5.  Педагог  мамандардың  білім  деңгейі  мен  олардың  біліктілігін  арттыру.  

Тәрбиеші-педагогикалық  үдерістің  ең  басты  тұлғасы  және  экологиялық  тәрбие  берудегі 

шешуші фактор болып табылады. Ол экологиялық ақпараттар және арнайы материалдармен 

кең көлемде таныс болуы тиіс, сонымен қатар балаларды тәрбиелеу тәсілдерін қолдана білуі 


548 

 

548 



 

керек.  Бала  жүрегіне  табиғаттың  әсері  өте  зор,  сол  себептен  де  ол  тәрбиелеу  мен  дамыту 

әрекетінде  кеңінен пайдаланылады.Дегенмен,  табиғат  өздігінен  бала бойына  қажетті  жеке 

тұлғалық  сапаларды  қалыптастыра  алмайды,  оған  міндетті  түрде  ересектер  тарапынан 

басшылық  жасау  қажет.  Балалардың  табиғатқа  қызығушылығы  оның  құбылыстары 

арасындағы  өзара  байланыс  пен  олардың  пайдасын  жете  түсінгенде  ғана  арта  бастайды. 

Мектеп  жасына  дейінгі  ересек  топ  балаларының  табиғатқа  қарым-қатынасын  бақылау 

барысында  біздің  байқағанымыз:  табиғат  құбылыстарының  барлығы  тең  дәрежеде 

балаларды  қызықтыра  алмайды.  Мысалы:  табиғаттың  кейбір  құбылыстары,  өзінің 

қабылдауға  жеңілдігіне  қарамастан,  балалардың  сәндік  ою-өрнектерін  жасау  әрекетіндегі 

еңбектерінде  мүлдем  көрініс  таппады  деуге  болады.  Сондай-ақ  олар  шеңбер,  жұлдыздар, 

найзағай,  толқын,  ай  т.б  бейнелеуге  де  жете  көңіл  бөлмегені  байқалды.  Балабақшадағы 

тәрбие  бағдарламасына  сәйкес  балаларды  табиғатпен  таныстыру  барысында  өзара 

байланысты білімділік және тәрбиелік міндеттер жүзеге асырылады. Балаларды табиғатпен 

таныстыру  және  шынайы  қамқорлыққа  алу  жағдайында  адамгершілік  және  эстетикалық 

тәрбие  беру  мақсатында  өтіледі.  Балабақшада  балалардың  өздері  бақылап,  бағып-баптап 

жүрген жануарлар мен өсімдіктердің болуы оларды қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға, 

еңбекке  деген  сүйіспеншілікке  және  соған  дағдылануға  үйретеді,сондай-ақ  бала  бойында 

біртіндеп  тапсырылған  іске  жауапкершілік  сияқты  қасиеттер  де  қалыптаса  береді.  

Балабақшадағы экологиялық тәрбие жұмысы, тәрбиенің негізгі салалары болып есептелетін 

адамгершілік,  эстетикалық,  еңбек  тәрбиелерінің  желісінде  және  халықтық  педагогиканың 

қайнар  бұлағын  пайдалана  отырып  жүргізсе,  айналадағы  орта,табиғат  жайындағы 

жалпылама  ұғымдар  нақтыланып,  қалыптаса  береді.  Экологиялық  тәрбие  жұмысына  орай 

көрнекіліктерді  қолдана  отырып,  табиғат  бұрышының  жабдықталуына  байланысты 

конкурстар  ұйымдастырылып  экология  проблемалары  туралы,  жағымды  және  жағымсыз 

әрекеттер  бейнеленген  картиналар  пайдаланылғаны,  ата  аналар  мен  тәрбиешілердің 

бірлескен  жұмысының  нәтижесінде  табиғат  туралы    шағын  кітапхананы  өлі  және  тірі 

табиғатпен  жабдықтау  арқылы    көрме  ұйымдастырылғаны  дұрыс.  «Алтын  күз»,  «Құстар 

күні»,  «Табиғатты  сүйеміз»,  т.б  ертеңгіліктер  бала  еңбегімен  ұштасып,  әр  педагогтың  

ізденімпаз  әрекеті  ғана  болашақ  табиғат  жанашырын  тәрбиелей  алады  дей  келіп,  тәрбие 

жұмысын 

жүргізудің 

мынадай 

екі 


нысанасына 

назар 


аударамыз:  

а)  балалардың  айналадағы  табиғатқа  деген  сүйіспеншілігін  оятып,  ұғымын  кеңейту,  оның 

әсемдігін  нәзік  сезінуге,  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесін  қамқорлыққа  алуға  баулу.  

ә) балабақшада табиғат жайында алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып қарапайым білім 

беріп,  осының  негізінде  тірі  және  өлі  табиғаттағы  құбылыстар  жөнінде  нақты  және 

жалпылама 

таным-түйсік 

қалыптастыру.  

Өсімдіктер  туралы  ұғымдары  кеңейтіліп,оның  ішінде  күнбағысқа  т.б  өсімдіктерге 

тоқтала,оның  күнге  қарап  өсуіне  байланысты  аталатын  және  дәнінен  май  сығып  алып, 

күнделікті өмірде пайдаланатындығын айтып әңгімелеу, олардың сондай-ақ өсуі үшін белгілі 

бір  жағдайлар-топырақ,ылғал,күннің  нұры,жылуы  керек  екені  түсіндіріледі.  Кейбір 

жануарлардың  өсіп  дамуы  жөнінде  балалардың  білімі  толықтырылады,  құстар 

жұмыртқалайды,балапан  басып  шығарады,оларды  азықтандырып  асырайды  және  түйе 

ботасын,  сиыр  бұзауын,  ит  күшігін,  мысық  баласын  өз  сүтімен  асырайтындығы 

түсіндіріледі.Балалардың  жабайы  хайуандар  (қасқыр,  аю,  түлкі,  қоян,  кірпі)  олардың 

тіршілігі,  қорек  табу  әрекеті  жөніндегі  ұғымдары  кеңейтіледі.  Адамгершілік  тәрбиесінің 

мәнісі  баланың  адамдарға,  айналадағы  ортаға,туған  өлкенің  табиғатына  деген 

сүйіспеншілігін,қамқорлығын  арттыруды    көздейді.  Туған  өлкеге  сүйіспеншілікті 

тәрбиелеудің  негізгі  құралы-ұлттық  тілі,  мәдениеті,  көркем  өнер  туындыларды,әдеби 

шығармаларды:  өлең,  ертегі,  жұмбақ,  жаңылтпаш,  мақал-мәтел,  аңыз-әңгіме,батырлар 


549 

 

549 



 

жырын тыңдау арқылы ана тілінің құдіреттілігін сезінумен қатар, оны сүюді үйренеді. Адам 

табиғат  пен  өмірдің  бар  азығын  ән-жырға  қосып,  оның  әдемі  де  сұлу  көріністерін  бала 

санасына ән арқылы жеткізе білген. Халық балаға табиғаттың құпия сырларын ән арқылы 

жеткізумен бірге, өмір сүрудің негізгі көзі адал еңбекке де баули білген. Яғни, адамзат өмір 

бойы 


барлығын 

табиғаттан 

үйренді, 

үйреніп 


келеді.  

«Таза  болса  табиғат-аман  болар  адамзат,табиғат,сен-тіршілік  тұнып  тұрған,сен-

күнсің,көтерілген күліп қырдан,сен-көлсің,сен -ормансың,сен- бұлбұлсың,адамға сұлулықты 

шын ұқтырған»,-деп ақын ағамыз Садықбек Хангелдин жырлағандай,табиғат күллі тіршілік 

атаулының құтты қоныс мекені,алтын ұя бесігі, құт-берекесі. Адам үшін табиғат ең қасиетті 

де қастерлі ұғым.Өйткені,адамның өзін дүниеге әкелетін аяулы да,қадірлі жан-анасы болса, 

адамның  табиғатты  «Ана"»деп  құрметтеуінде  өте  үлкен  мән  жатыр.  Адам-табиғаттың  бір 

бөлшегі әрі ғажайып туындысы. Адамның табиғатсыз өмір сүруі мүмкін емес. Себебі, адам 

өміріне 

қажетті 


заттардың 

барлығын 

табиғаттан 

алады.  


Сондықтан 

табиғат 


пен 

адамды 


бөліп 

қарауға 


болмайды.  

Табиғат  адамның  бойына  қуат,көңіліне  шабыт,  сезіміне  ләззат  шапағатын  ұялататын 

сұлулық  пен  әсемдік  әлемі.  Сол  сұлулықты,әсемдікті  жоғалтпай  қастерлеуіміз  керек. 

Сондықтан да табиғатқа немкетті қарау,онымен санаспау ана сүтін ақтамағанмен пара- пар.  

Адам  баласы  табиғаттың  ең  ұлы  перзенті  болумен  бірге,ең  ұлы  қамқоршысы  да  екенін 

ешқашан  естен  шығармауымыз  керек.  Табиғат  озбырлықты    көтермейді.  Оны  мәпелеп 

баптап, мейіріммен аялау арқылы ғана қажетті үлесіңді үзбей ала аласың. Табиғат қазынасын 

қастерлеген  адам  ғана  ұлы  мұратқа  жетеді.  Адам  табиғаттың  ең  сенімді,  айнымас  досы, 

қамқоры,  қорғаушысы.  Туған  жеріміздің  баға  жетпес  қазынасын  ысырап  етпей,  еселеп 

арттыра  беру  жолында  талмай,  жалықпай  еңбек  ету  барлық  үлкен-  кішінің  абырайлы 

борышы,  мүлтіксіз  атқаратын  міндеті.  Табиғат-адам  үшін  жайлы  мекен,  барлық  игіліктің 

бастауы.  Адамзаттың  басты  міндеті  табиғи  қуат  көздерін  орнымен  пайдалану,  табиғат 

әсемдігін  сақтау,  қоршаған  ортамен  үйлесімді  өмір  сүру,мейірімділік  нұрын  шашу  екенін 

ұмытпайық.  

" Адам табиғатқа тәуелді болса, табиғат та оған тәуелді", демекші,барша байлықтың анасы - 

Жер. Жерді күтіп баптай білу, оның қойнауынан қазба байлықтарын игеріп ала білу, табиғат 

пен 

қоршаған 



ортаны 

түлетіп 


гүлдендіре 

беру 


өз 

қолымызда.  

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:  



1.

 

Балабақшадағы экологиялық тәрбие /Отбасы және балабақша-1996. №11-12/  



2.

 

2. Көбеева Н «Бала және табиғат» / Үйелмен және балабақша. – 1993. № 5.  



3.

 

3. Құлшанова С Табиғатты қорғау. /Отбасы және балабақша. – 1993. № 6.  




1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал