«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет73/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134

 

Адамгершілік   тәрбиесі –тәрбие   салаларының  маңызы  бір   құрамдас  бөлігі. Жеке   

тұлғаны  жан-жақты  жетілдіру  процесінде  ол  ақыл-ой тәрбиесінен  кейін  маңызды  рөл  

атқарады.Тәрбиенің  негізгі  мақсаты  –  дені  сау,  ұлттық  сана  сезімі  оянған,  рухани  ойлау 

дәрежесі  биік,  мәдениетті,  ар-ожданы  мол,  еңбекқор,  іскер,  бойына  адамгершілік 

құндылықтарын  сіңірген,  яғни  бәсекеге  қабілетті  адамзатты  тәрбиелеу.  Адамгершілік  

тәрбисінің    негізі-  адамдарды    жалпы    адамзаттық    моральрухында      тәрбиелеу.  Мораль  

дегеніміз- адамдардың  бір-біріне  деген  міндеттері  мен  қарым-қатынасын  айқындайтын  

мінез-  құлқының    нормалары    мен    ережелерінің    жиынтығы.Мораль    латын    тілінде  

«адамгершілік»»  ұғымын  білдіреді. Ал  адамгершілік  дегеніміз- жағымды  мінез-құлқының  

нормалары мен  ережелерінің  жиынтығы.  Мінез – деп  адамның  жеке басындағы  қоғамдық   

ортаның, тәрбиенің  әсерімен қалыптасып,  оның  ерік   күшімен  өзіне   және қоршаған  өмірге  

қарым-қатынасын      айқындайтын    күрделі    процесті    айтамыз.Адамгершілік    жиынтығы-   

борышы  болып  табылады: 

-Адамның  адам  алдындағы, қоғам    алдындағы,    Отан    алдындағы борышы. 

-Ата-аналардың  балалары  алдындағы  немесе   балалардың   ата-аналардың  борышы. 

-Жеке    адамның    ұжым    алдындағы,    ұжымның      жеке    адам    алдындағы  

борышы.Адамгершілік   борышы   идеясы-бүкіл  тәрбие  процесінің  саналы, негізгі  өзегі   

болуын  назардан  тыс  қалдырмау   керек.  Олай  болса    адамгершілік  тәрбиелеу -  дегеніміз  


536 

 

536 



 

жақсылық    атаулыға  деген  сезімді  дамыту,  өзгеге   болмайтын  жамандық   атаулыға  жол  

бермеу  деген сөз.  

 Адамгершілік      тәрбиесіне      мақсатқа      негізделген    көзқарасты,  сенімді,    парасатты,  

мінез-құлық   дағдыларымен  әдістерді   қалыптастыруға  және  адамгершілік   сезімді,  ұлттық    

саналы,қарым-қатынасты      дамытуға,    құндылықты      тиімді    пайдалануға        бағытталған  

жалпы  адамзаттық  тәрбиенің  құрамдас   бөлігі-деген   анықтама   берілген. 

Қазақ   энциклопедиясында  «Адамгершілік   тәрбиесі- тәлім  тәрбиенің  ықпалды  әсері  

мен  моральдық  сананы  қалыптастырудың,    этикалық  білімділікті,  адамгершілік   сезімді  

дамытудың   сара   жолы », -  деп  ұғындырылған. 

Болашақ десек те, келешек  десекте,  бұл  сөздерде   «Бала, ұрпақ, өркен»-  деген   мағанаға 

барып  тіреледі. Адамның  өзге   тіршілік  иесінен   айырмашылығының    өзі  дүниеге  перзент  

әкелген  соң,  оның   болашағын   ойлау, яғни  қандай    тағдыры  бар,   кім   болар  деп,  сол  

жолда  ата-аналық  борышын  ақтау.   

Баланы  туу-   бұл   тек  Әке  немесе  Ана болу  деген сөз емес. Әке мен  ана болудың  

өлшемі   шынайы  достық   болып   табылады.   Бала  сіздің   қуанышыңыз  ғана емес,  сондай 

–ақ   болашақ  азамат,   құзыретті  тұлға. 

Ұрпақ-  болашақ!  Ал  сол  ұрпақ, яғни   адамзаттың  болашағы   жанұяда  тәрбиеленеді. 

Бала   дүниеге   келген  соң,  енді   ол  өмірден   өкінбестей,   өкіндірместей  болып  өсуі  

керек.   Әр   балаға   өзінің   қоғамға   керек  адам   екенін   жанұя   қабырғасында   түсіндірген,  

санасына        тоқығаны      дұрыс.      Жанұя      баланың      барлық      өмір    мәні,      ата-ананың   

адамгершілік   сенімі   мен сезімі,   олардың  бір-бірімен  қарым-қатынасы,  айналасындағы   

адамдарға,  қоғамға   деген  көзқарастары   барлығы  балалық  шақта  ұмтылмастай  терең   

әсер қалдырады. Өз  баласының  болашағын  ойлау,  сол  баласының  өмір  сүрер  қоғамын    

ойлаумен   ұштасуы   тиіс. 

XV- Ғасырда  Англияның  атақты  оқымыстысы  Лоок:  «Баланың   ақылы да,  жаны  да,  

туғанда  ақ  қағаздай   тап-таза   болып   туылады,  ал  сол  ақ  қағазға  қандай    жазу  жазса  

да  жазушының   өз   еркінде.   Сол   секілді  балаға  қандай    тәрбие  беру   тәрбиешіден.  

Бала  қалай   тәрбиеленсе,  соған  көне  береді»-   деген   болатын. 

Қазіргі   заманда   ата- аналардың  бала   тәрбиесіне  салғырттықтары   басым   екені   

баршамызға  аян. Уақыт  өткізіп  алып,    балаға  тәрбие  беруден  кеш   қалып  жатқандары  

да   баршылық. Сондықтан  бойымызға  біткен    бойкүйездікті   тастап,  бала  қамына   ерте  

қамданғанымыз    жөн.Отбасы  үшін  ежелден  тән  қасиетті  балажандық,  балаларды 

еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу,  үлкенді  құрметтеу,  туысқандық  кең  байланыс,  көршілермен 

және  ұлты  басқа  халықтармен  достық,  ізгілік  қатынастар  осының  бәрі  қазақ  халқының  

адамгершілігіне жат нәрсе емес. 

Ата-  аналар   алдындағы   қиыншылықтар мен  кемшіліктерге мыналарды   жатқызамыз: 

-Ата-аналардың      балаларымен    араласуының      жетімсіздігі.Балаларды  материалдық 

қамтамасыз ету жөнінде,үйдегі барлық  пен  қолайлылық жайында қамқорлылық  көрсете  

отырып,    ата-аналар  бос  уақыттарының  көбейгендігіне  қарамай,  баламен    араласуға  

уақытының  мардымсыз    бөлігін    арнайды;    өзі  туралы,жұмысы  жайлы    аз  сөйлеседі,    аз 

әңгімелейді;   балабақшадағы  балалар  ұжымының  өміріне сирек көңіл   аударады; баланың  

өз достары  жайлы  айтып  беруіне  көңіл  бөлмейді.  Сөйтіп  баланың  жеке басын дамыту  

мен    тәрбиелеудің    тиімді    құралы-баламен    араласу    толық    мөлшерде    пайдаланылмай  

келеді.    Ал    ата-аналардың    баланың    өмірі,    оны  қызықтыратын,  еліктіретін  

нәрселер,достары    қам-қаракеттері    жөнінде    нашар    хабардарлылығы    ата-аналар    мен  

балалар    арасындағы    өзара    түсініспеушіліктің    біртіндеп    өсе    түсуіне,    ата-аналардың  

балалардан  алыстай  беруіне  алып келеді. Демек, ересектерді   балаға  белсенді  түрде  әсер 

ету,  оның  жеке басын  дұрыс  жоспарлау  мүмкіндігінен  айырады. 

Ата-аналардың  өмірінен алынатын  жағымсыз   үлгілердің  болуы.  Күн  сайын  балалар  

өз ата-анасының  қылықтарын, қатынастарын  жұқтырып  отырады, жанұя  өмірінің  көптеген 

мәселелеріне  қатысады.  Осының  бәрі балаларды  тәрбиелеп,олардың  өз көз  қарастарын  

қалыптастырады. Ата-ананың  тәжірибесін  меңгерудің  неғұрлым  күшті  қуаты (механизмі 


537 

 

537 



 

) оларға  еліктеу  болып табылады. Міне, сондықтан  да   ата-аналардың   балалардан  дұрыс  

емес  мнез-құлқы: дөрекілігі, маскүнемдігі,адамдарға  деген  жаман  ниеттілігі  және басқа  

да    кемістіктерге    балаларға    әрқашан    теріс    әсер    етеді,  өйткені    баланы    тәрбиелеудің  

міндеттеріне  қайшы  келеді.  

-Ата-ананың  тәрбиелік  ықпалдарының  жүйесіздігі.   

Тәрбие  үрдісі  заңдылықтарын  білмеу  немесе  жете  бағаламау, ата-аналардың  анда-

санда  тәрбиелеу  позициясынан  көрінеді:  оқуын  тексеру,  теріс  қылығы  үшін  жазалау. 

Балаға    мұндай    бір    сәттік      әсер    ету    балалардың    құлақ    аспауын,  берік    адамгершілік  

түсініктердің  болмауын,  білім  мен  қылық  арасындағы  алшақтықты  тудырады.   

Отбасы  тәрбиесінің  негізі  ретіндегі  шектеулердің  жүйесі.Бұл  кемшілік,  бір  жағынан, 

ата-аналардың   қатал   болу  қажеттілігіне, баланың  мінез- құлқындағы  жаман   нәрседен  

ештеңені  қалт  жібермеуге,  сенімінен және   екінші   жағынан   оңды  үлгі   арқылы  тәрбиелей  

білмеуден,    баланың      өмірін    ол      мінез-құлыққа      үнемі    жаттыға      алатындай    етіп   

ұйымдастыра  білмеуінен  туындайды.  Бұл    жүйе   тәрбиені  іске   асырушы  үлкендердің  

еркіне   баланың  жақтырмау  қарауын  (тентектік   істеуге, алдауға, бағынбауға  тырысу)   

тудырады. 

-Балалардың  ересек    тартуына  қарай  кейбір ата-аналардың  тәрбиелік  белсенділігінің   

төмендеуі.  Бұл    кемшілік  негізінен  баланы  мектепке    оқытудың  4-5  жылында  көріне   

бастайды. Ата-аналар  енді   баласының мектептегі  өміріне,   табыстары мен  кемшіліктеріне  

белсенді    түрде      көңіл      аудармайды.    Ата-аналардың      мұндай    алшақтауы    өздерінен  

балалардың  алшақтауына,  өздері   жасаған   істерін айтуды  қажетсінудің  төмендеуіне  әкеп  

соғады. 

Ұлы  педогог В.А.  Сухомлинский «Балаларға  жүрек  жылуы» кітабында былай  дейді: 

Бала  жанұяның   айнасы, бір  тамшы  суда  қалай  бейнеленсе, шеше мен  әкенің  адамгершілік  

тазалығы да балаларда  да  солай  бейнеленеді. 

Жалпы    қазақ    халқындағы    бүкіл        салт-дәстүр,  отбасылық      қарым-қатынастарды 

реттеуге  бағытталған десек  артық   айтпаймыз. Үйлену,    дүнеиге  бала  әкелу,  баланы  

бесікке  салу,  тұсауын  кесу, сүндетке   отырғызу, тақымын    тағутолып  жатқан  салт-дәстүр, 

жөн-жоралғы  барлығы да  баланың   адамгершілік  рухани   тұрғыда  дамуына   бағытталған  

әрекеттер. Баланың   рухани  кемел  адам  болуы  үшін  қазақ  халқы  салт-дәстүрлерімен  

қатар    тиым    сөздерді,    ырымдарды    жиі      қолданғанымыз    жөн.  Жас    ұрпақ-  балалар  

болашағымыз  жеткіншектерде, шәкірттерде  адамгершілік  құндылықтарын  қалыптастыру 

барлық   кезеңде алда тұрады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың бойында  адамгершілік қасиетті  қалыптастыруда  

балабақша мен  отбасының бірлескен  іс-әрекетін теориялық   тұрғыдан  қарастырып, оның   

әдістемелік жолдарын  мына жолдармен  қарастыру: 

-Балалардың   отбасындағы адамгершілік  тәрбиесі. 

-Балабақша  мен  отбасының  бірлескен    іс-әрекеті  арқылы  бала    бойында  адамгершілік  

қасиеттерін қалыптастыру. 

-Бала    бойындағы    адамгершілік    қасиетті    қалыптастыруда    зерттеу  жұмысының  

нәтижесін  анықтау.  Қорыта  келе  жас ұрпаққа білім мен саналы адамгершілік тәрбие беру, 

қазіргі заман талабына сай өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты жаңарып отыру. 

 

Қолданылған  әдебиеттер

1. «Отбасы және балабақша»2006-2007-2011ж ж 

2. «Отбасы және балабақша»2008-2010ж 

3. Мектепке дейінгі  тәрбие  1991ж. 

 

 

 



 

538 

 

538 



 

           

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ  БАЛАЛАРҒА ОЙЫН ТЕХНОЛОГИЯСЫН 

ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Мизан Манар 



КМҚК «Балдырған» б/б  Қарағанды қаласы 

 

Білім  берудің  алғашқы  деңгейлері  балабақшадан  басталмақ.  Мектепке  дейінгі    білім 

балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез келген оқыту 

технологиясы  тәрбиешіден  терең  теориялық,  психологиялық,  педагогикалық  әдістемелік 

білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны ұғына білуді 

талап етеді. 

Қазіргі  таңда  мектепке  дейінгі  білім  беру  мекемелерінде  жаңа  педагогикалық 

технологиялардың  бірнеше  түрлері  қолданып  жүр.  Соның  ішінде  ойын  арқылы  оқыту 

технологиясының мектепке дейінгі білім беру жүйесіндегі тиімділігі молырақ.  

Аталған 


технологияның 

мақсаты-дидактикалық, 

тәрбиелік, 

дамытушылық, 

әлеуметтендірушілік мақсатқа жету болып табылады.  

Ойын  технологиясының  ерекшелігі-ойындық  іс-әрекеттің  психологиялық  механизмі 

жеке  бастың  өзіндік  талап-талғамдарына  сүйенеді.  Баланың  бойындағы  білімділік, 

танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.  

Ойын-балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын-айналадағы дүниені танудың тәсілі.  

Сонымен  қатар,  ойын  балаларға  өмірде  кездескен  қиыншылықтарды  жеңу  жолын 

үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін қалыптастырады. 

В.Сухомлинский: «Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін 

емес, ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани 

сезімі  жасампаз  өмірмен  ұштасып,  өзін  қоршаған  дүние  туралы  түсінік  алады.  Ойын 

дегеніміз-ұшқын білімге құмарлық пен еліктеудің маздап жанар оты» деген ой айтады.  

Ойын  екі  түрлі  уақыттық  бағытты  қамтиды:  қазіргі  және  болашақ.  Біржағынан  бала 

бірден,  осы  мезетте  қуанышқа  бөленеді;  екінші  жағынан  ойын  әрқашан  болашаққа 

бағытталған,  өйткені  ойын  барысында  тұлғаның  келешек  өміріне  ықпал  ететін  сапалы 

қасиеттері мен іскерлік дағдылары қалыптасады. 

Жаңа  технология  әдістерін  қолдану  бұл  әр  баланың  жүрегіндегі  сезім-талшықтарын, 

қиялындағы  ойды  ояту,  шығару,  қабілетін  ашу.  Логикалық  ойлау  қабілетін  дамыту, 

шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару, талдау.  

Қай технологияны ұйымдастырылған оқу қызыметінде қолдансаң да, осы тұжырымды 

басшылыққа алу керек. Сонда ғана баланың білім сапасын арттыруға қол жеткіземіз. 

Инновациялық технология-бұл өзіңіздің әдістемелік жүйеңіз. Яғни, әр тәрбиеші оқыту 

технологиясы бойынша жылдар бойы жинақтаған іс-тәжірибенің нәтижесі. 

Жаңа  технологияларды  күнделікті  сабақ  үрдісінде  пайдалану  үшін  әр  тәрбиеші 

алдында отырған баланың жас ерекшелігін ескеріп, өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. 

А.С.Макаренко  айтқандай: «Бала  өмірінде ойынның маңызы  зор,ересек  адам үшін 

еңбектің,жұмыстың,қызыметтің қандай  маңызы  болса,өскен соң  жұмыстада  сондай  

болады. Сондықтан  болашақ  қайраткерді  тәрбиелеу  алдымен  ойыннан  басталады» 

Оқу  үдерісінде ойын  оқытудың  әрі формасы,әрі  әдісі де болып   табылады, 

сондықтан    ойын  әрекеті    тәрбиеші  мен  баланың    іс-әрекетінің    бірлескен,өз  ара 

байланысты  технологиясы  ретінде  қарастырылады. Өз сабақтарымда  ойын үстінде 

бала  санасын  дамыта    отырып,  тәрбиелеу,оқыту  қатар  жүргізіледі,оны  бала 

белсенділікпен қабылдайтындықтан,ойындарды оқу үрдісінде міндетті түрде  енгізіп 

отырамын. 

Дидактикалық ойын барысында есту, көру, сезіну, қабылдау сияқты үрдістері дамып, 

балалар  музыкалық  ойыншықтар  мен  әр  түрлі  саздық  аспаптардың  дыбыс  шығару 

ерекшелігін  ажыратуға,  заттарды  пішініне,  түсіне,  көлеміне  қарай  іріктеуге,  әр  түрлі 

қимылдарды  орындауға  үйренеді.  Бұндай  ойындарда  балалардың  ептілігі,  қимылдың 


539 

 

539 



 

әдемілігі  дамып  қалыптасады,  кеңістікті,  уақытты  бағдарлауға  үйренеді,  батылдық, 

тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу 

сияқты адамгершілік сапарлар тәрбиеленеді.  

Ойын  арқылы  оқыту  технологиясын-балабақша  балаларының  жас  ерекшеліктерін, 

қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып пайдалану керек. Мәселен, ойын түрлері мен 

шарттарын  бала  жасына  қарай  бөліп  классификация  жасап,  қаншама  ойын  түрлері 

ұсынылған. 

Олардың  ішінде  «Қояндар»  (2-3  жасарларға),  «Аңшымен  ит  және  қояндар»  (5-6 

жастағыларға),  «Торғай  мен  машина»  (4  жастағылар)  үшін  қозғалмалы  ойындарды 

зертеп,қолданысқа берген. 

Осындай ойындарды басшылыққа ала отырып,ұйымдастырылған оқу қызыметін өткізу 

балалардың көңіл-күйін көтеріп,қуанышқа толтырады. 

Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілеті әлсіз, қабылдау процестері тұрақсыз.  

Сондықтан олар затты қолмен ұстап, көзімен көргенді ұнатады.  

Осыған  сәйкес,  мектепке  дейінгі  балалардың  оқу  іс-әрекеттеріне  көрнекілік,  ойын 

технологиясын кеңінен қолданған жөн. 

Ойын-мектеп  жасына  дейінгі  балалар  іс-әрекеттерінің  негізгі  түрі.  Ойын  баланың 

барлық  балалар  ұжымының  дамуында  басты  роль  атқарады.  Балаларға  ұлттық  ойындар 

арқылы халқымыздың тарихын, мәдениетін таныстыру қолға алынған.  

Мектепке дейінгі мекемеге әдістемелік құрал болып табылады. Мектеп жасына дейінгі 

балалардың  қоғамдық  құбылыстары,  қоғамдағы  ересек  адамдардың  іс-әрекетін  өз 

түсінігінше бейнелеуі ойын болып саналады.  

Ойынның шығу тарихына шолу жасауда көңіл аударатынымыз ол еңбекпен, өнермен, 

қоршаған  ортамен  тығыз  байланыста  дамыған,  яғни  ойынды  өмірден  ажыратып  қарай 

алмаймыз. Балалар тек ойнап қана қоймайды, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені 

білуге, зерттеуге талпынады. Яғни қазіргі заман ағымына қарай белсене қатысады.  

Ұлттық  ойындарымыздың  балаларға  тәрбиелік  мәнімен,  дене  бітімінің  әсем  де, 

сымбатты болып бітуге пайдасы зор.  

«Қуыр-қуыр,  қуырмаш»  ойыны  балалардың  саусақ  маторикасын  дамытуға,  тіл 

байлығын  жетілдіруге,  көңілін  көтеруге  қолдануға  болады.  Балаларды  қазақ  халқының 

ойындарымен,  ойната  отырып  жан-жақты  тәрбиелейміз,  ойынды  ойнау  барысында 

балалардың жас ерекшелігі ескеріледі. 

Ойын  технологиясы  дегеніміз-жас  ерекшелікке  қарамайтын,  адамның  көңіл-күйін 

көтеретін,  ойландыратын  үрдіс.  Ойын-төзімділікті,  алғырттықты,  тапқырлықты, 

ұқыптылықты,  ізденпаздықты,  іскерлікті,  дүниетаным  өрісінің  көлемділігінің,  көп  білуді, 

сондай-ақ басқа толып жатқан сапалылық қасиеттердің қалыптастыруға үлкен мүмкіндігі бар 

педагогикалық, тиімді әдістердің бірі. 

Ойын арқылы баланың білімі мен бейімін, жеке тұлғалық қасиет-қабілеттерін арттыру 

мүмкіндіктері зерттелген. Ойындардың қажеттілігін іріктеп ала білу-тәрбиеші шеберлігіне 

байланысты.  

Ойын-қоғамдық  тәжірибені  қалыптастыру  бағытындағы  іс-әрекеттің  бір  түрі,  яғни 

тәртіпті,  өзін-өзі  басқаруды  жетілдіреді.  Баланың  тілін  дамыту  барысында  әрбір  сабақта 

ойын  түрлерін  және  өзара  сөйлесу  үлгілерін  қоданған  дұрыс.  Сабақ  барысында  ойын 

элементтерін  дидактикалық  материал  ретінде  пайдаланудың  пайдасы  бар.  Ойын  арқыл 

баланың бойына адамгершілік қасиеттерін, өмірге құштарлығын қалыптастыруға болады.  

Ойын-баланың алдынан өмірдің есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятып, 

танымдық қасиеттерін дамытады. Ойын-баланың өмірді танудағы алғашқы қадамы.  

Ойын-сабақ,  ойын-жаттығу,  сергіту  ойындары,  дидактикалық  ойындар,  сөздік 

ойындар,  логикалық  ойындар,  ұлттық  ойындарбаланы  жан-жақты  дамытады.  Сонымен 

қатар, ойын баланың зейінін, есте сақтау қабілетін, ауыз екі сөйлеу мәдениетін дамытады. 

Ойын арқылы баланың болашаққа көз қарасы қалыптасады. Баланы нәресте шағынан бастап 

адалдыққа,  мейірімділікке,  еңбек  етуге  тәрбиелеудің  негізгі  құралы  да  осы  ойын.  Ендеше 


540 

 

540 



 

ойын  тәрбие  берудегі  ең  тиімді  тәсілдің  бірі  болып  табылады.  Балабақшада  тәрбие  беру 

бағдарламасында баланың дамуы үшін ойынның үлкен маңызы бар.  

Мен  сауаташу  сабағында  ойын  технологиясын  басшылыққа  ала  отырып  лото 

ойындарын  өткіземін.  Оны  ойнау  принципін  басшылыққа  алып,  әріп,  буын,  сөз  лотосын 

сабақта  қолдандым.  Лотоның  бұл  түрлерін  ойнау  шарттары  бр  болғанымен,  көзделетін 

мақсаты  әртүрлі.  Әріп  лотосында  балалар  суреттерден  әріп  құрайды.  Буын  лотосында 

суреттерді кеспе буындардан құрайды. Ал сөз лотосында сөз арасынан керекті сөзді тауып 

алады. Лотоның бірінші түрін ойнату арқылы баланың әр сөздегі дыбыс, әріп, санын дұрыс 

білуге  дағдыландырсақ,  екінші  түрін  ойнатуда  сөздердегі  буын  санын  дұрыс  ажыратуға 

үйретеміз.  Ал  лотоның  үшінші  түрі  бойынша  бала  тұтас  сөздерді  дұрыс,  шапшаң  оқуға 

жаттығады. Әр ойынның басты мақсаты-материалды түсініп, бекітуге көмектесу. 

      Ойындар  балалардың  ой-өрісін  дамытып,  ойлау  қабілетін  арттырумен  қатар, 

үйретілген,  өтілген  тақырыптарды  саналы  да  берік  меңгеруге  үлкен  әсер  етеді.  Ойындар 

балалардың  шығармашылық  ойлау  қабілеттерін  жетілдірумен  қатар,  сөздік  қорларын 

молайтып, сауатты жазуға да баулиды. Балалар ойын ойнау барысында үйренген сөздерін 

айтып қана қоймай, оның қандай мағынада қолданылатын да біледі. Педагог ойын арқылы 

әр  баланың  игі  бастамасын  қолданып,  оның бойындағы  жақсы  қасиеттерді  өрбіте,  өзіндік 

мінез-құлқын қалыптастырады.                                                                             

Мұндай  ойын  түрлерінің  ерекшелігі-жоғары  көңіл-күйде  ойналатын  рөлдер  шынайы 

сезімге, ойға, ниетке толы болады және бала үлкендер сияқты дәрігер, эколог, жол көрсетуші 

болғысы  келеді.  Бұл  ойындарда  балалардың  мінез-құлықтары  мен  іс-әрекеттері  реттеледі. 

Ойын  іс-әрекетінің  мотивациясы  еркіндікті,  таңдау  мүмкіндігін,  қажеттілігін,  өз-өзіне 

сенімін, өзін-өзі дамытуын қамтамасыз етеді.                                   

Сонымен,  ойын  арқылы  келесі  маңызды  міндеттер:  баланың  қоғамдық  қатынастарға 

бейімделуі,  жалпы  адамзаттық  мәдени  құндылықтар  мен  әртүрлі  ұлт  өкілдерінің  

мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік 

беретін  коммуникативті  іс-әрекеттердің  көрініс  табуы  жүзеге  асырылады.  Педагог  ойын 

технологияларын пайдалана отырып, баланың әр қырынан көрінуіне (интеллектуалдылық, 

шығармашылық,  эмоционалдық,  коммуникативтік)  және  оның  мінез-құлқында,  қарым-

қатынасында, оқуында пайда болатын әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.                                                                                                                        

Оқытудың  ойындық  түрлері  білімді  игерудің  барлық  деңгейлерін  пайдалануға 

мүмкіндік  береді:  өңдеуден  қайта  жасауға,  одан  әрі  негізгі  мақсат-шығармашылық 

ізденімпаздық қызметіне дейін. Бұл сатылардан өте келе оқушы оқудың әдіс-тәсілдерін игере 

алады.  Ойынды  қолдана  отырып  оқыту  технологиясының  мақсаты  да-баланы  өз  оқуының 

мотивін,  өмір  мен  ойындағы  өз  мінез-құлқын  түсінуіне,  яғни  өзіндік  іс-әрекеттің  мақсаты 

мен  бағдарламасын  қалыптастырып,  оның  жарқын  болашақтағы  нәтижелерін  алдын  ала 

болжай білуге үйрету. Ойынның функциясы өте көп.                                                         Мазмұнды-

бейнелі  ойында  балалар  ойын  мазмұнын  түсінікті  етіп  жеткізуге  тырысады,  оған  қажетті 

құрал-жабдықтарды  табуға  талпынады,  оларды  дайындау  үшін  еңбектенеді,  ал  еңбек 

ұжымдық  іс-әрекетке  бағдарлайды,  балалардың  өзара  қарым-қатынасын  реттеп,  олардың 

бойында  адамгершілік  сапаларда  қалыптастырады.  Бала  алған  рөлдеріне  сай  кейіпкердің 

киімін киіп, қимылын, дауыс ырғағын мәнерлі жеткізуге тырысады, көркемдік сабақтардан 

(ән,  бейнелеу  өнері  сабақтары)  алған  білімдерін  пайдаланады,  қуыршақты  ұйықтату  үшін 

бесік жырын айтып әлдилейді, бейнелеу өнері сабақтарында жасаған ыдыс, үй жиһаздарын, 

қағаздан  құрастырған  заттарды  ойын  құралы  ретінде  пайдаланады.  Мазмұнды-бейнелі 

ойынның ерекшелігі: оны балалардың өздері жасауында, ал ойын қызметі айқын өнерпаздық 

және шығармашылық сипатта болады. Бұл ойындар қысқа да, ұзақ та болуы мүмкін.                                                                     

 Құрылыс  ойынында  бала  сызық  бойына  әдемі  үй,  т.б.  құрылысын  жасап,  оның 

бояуларының  бір-бірімен  келісімді  болуын  қадағалайды.  Құрылыс  материалдарын  пішіні, 

түсі бойынша симметриялы орналастырып, оларды көлемі, биіктігі бойынша салыстырады. 

Ойын  барысында  шығармашылық  танытып,  жаңа  мазмұн  ойластырып,  белсенділік 

көрсетеді. Өзінің және жолдастарының тұрғызған құрылыстарының сапасына баға береді. 


541 

 

541 



 

Қорта келе айтарым,бүгінгі талапқа сай мектепке дейінгі ұйымдарда білім берудің жаңа 

сапасына жету- тәрбиешінің мейірімділігімен,біліммен,шеберлігімен тығыз байланыста. 

Өз  мамандығына  жан  жүрегімен  берілген  педагог  ұстаз  ғана  ұстаздық  этиканы 

да,ұстаздық техниканы да,шеберлікті де жақсы меңгереді. 

                                  




1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал