«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет67/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   134

Педагогикалық 

технология 

– 

педагогикалық 



іскерліктердің 

жетістігіне 

жеткізетін  ғылыми  жобалау  және  нақты  өндіру.  Сонымен  педагогикалық  процесс  белгілі 

жүйе  принциптерінде  құрылатын  болғандықтан,  педагогикалық  технология  сыртқы  және 

ішкі болып бөлінеді. Осы принциптерді жалғастырмалы орындау олардың объективті қарым-

қатынасында  және  педагогтің  тұлғасын  толық  көрсететін  жинағы  ретінде  қарастырылуы 

мүмкін.  Педагогикалық  технология  -  мұғалімнің  кәсіби  қызметін  жаңартушы  және 

сатыланып жоспарланған нәтижеге жетуге мүмкіндік беретін іс-әрекеттер көзі. Мұның өзі 



497 

 

497 



 

ақпараттық технологияларды пайдаланудың екі бағыты бар екендігін анықтауға мүмкіндік 

береді.    Бірінші  бағыт  тұрғысынан  алып  қарасақ,  ақпараттық  технологиялар  білім,  білік, 

дағдыны игеру үшін қажетті ресурс болып табылып, оқушылардың саналы тәрбие, сапалы 

білім алуына жағдай жасайды, ал екінші бағыт тұрғысында ақпараттық технологиялар оқу-

тәрбие үрдісін ұйымдастыру тиімділігін арттырудың қуатты құралы болып табылады. 

 Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарылығы, 

дүниежүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен 

анықталады. Жалпы қоғам дамуы мен заманауи технологияны енгізу сапалығы осы елдегі 

білім  беру  ісінің  жолға  қойылғандығы  мен  осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне  келіп 

тіреледі.Қазіргі  Қазақстандық  білім  беру  кеңістігіндегі  түбегейлі  өзгерістер  —  тарихи 

объективті процес. Білім беру саласын реформалаудағы мақсат — білім беру жүйесін қайта 

қарап, оқушылардың шығармашылық бейімделуіне қарай бағдарлы, сатылы білім алуларына 

жағдай жасау болып табылады. Бүгінгі таңда оқушының білім сапасын бұрынғыдай білім, 

білігі  және  дағдысымен  өлшеу  жеткіліксіз.  Қазіргі  талап  білім  сапасы  оқушының  алған 

білімін  жеке  басының  әрі  қарай  дамуына,  тұлға  ретінде  қоғамның  өркендеуіне  пайдалана 

білуімен өлшенеді деп тұжырымдалады. 

  «ҚР  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасының»  тұжырымдамасында:  «Білімді,  білік-дағдыларды  механикалық  түрде 

беру  емес,  ақпараттық-зияткерлік  ресурстарды  өз  бетінше  тауып,  талдап  және  пайдалана 

білетін, идеялардың қуат көзі болатын, жедел өзгеріп отыратын әлем жағдайында дамитын 

және өзін-өзі ашып көрсете алатын жеке тұлғаны қалыптастыру басымдық болып табылады» 

делінген. Демек, бұл тұжырымдама  білім  берудің  басты  философиясы  болмақ. Ал білім 

беру саласындағы технологиялық идеялар, бұдан 400 жыл бұрын пайда болған. Бұл күнде 

оқыту  технологиясы  үлкен  өзгеріске  ұшырап  отыр.  Мұғалімдер  мен  оқушыларға  әр  түрлі 

дидактикалық материалдармен қоса оқытудың техникалық құралдары жәрдемге келді. 

Педагогикалық  технология-  оқытудың  жоспарлы  нәтижесі  процесін  суреттеу  және 

педагогикалық  мақсатқа  жету  үшін  қолданылатын  барлық  жеке  тұлғалық,  құралдық, 

әдістемелік  тәсілдердің  жүйелі  жиынтығы.Педагогикалық  технологияның    мәні  тұлғаның 

дамуы  мен    өзін-  өзі    дамытуы    ретінде  қалыптасады,  олардың  сапасы  мен  мазмұны 

мұғалімдердің, оқу мекемелері  мен бүкіл білім  жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім 

беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интелектуалдық, 

кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,    азаматтық  және  де  басқа  көптеген  адами  келбетінің 

қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-  өзі  дамытып,  оқу  тәрбие  процесін  тиімді 

ұйымдастыруына    көмектеседі  деп  көрсетеді.  «Инновация»  ұғымы  ең  бірінші  XIX 

ғасырда  мәдениет танушылардың зерттеулерінен пайда болды, яғни бірі мәдениет  түрлерін, 

екіншісі «ел мәдениетіне енгізу» дегенді білдіреді және бұл ұғым этнографияда  әлі күнге 

дейін сақталған. 

   Инновация  (латын  сөзі    «inоvis»  –жаңа)  жаңа,  жаңалық,  жаңарту  дегенді 

білдіреді  екен. С. И Ожегов сөздігі  бойынша: «инновация бірінші рет шыққан, жасалған, 

жуық  арада  пайда  болған,  бұрынғының  орнын  басатын,  алғаш  ашылған,  бұрыннан  таныс 

емес енгізілген жаңалық» -делінген. 

              «Инновация»  ұғымын  әр  елде  әр  түрлі  түсінген,  кейбір  мемлекттерде  (АҚШ, 

Нидерланды) бұл термин кең тараған, ал Араб елдерінде, Жапония елдерінде «инновация» 

95  мың  сөздіктерде  кездестіру  мүмкін  емес.  Сондықтан  әр  елде  бұл  құбылысқа    қандай 

көзқарас  қалыптасқанын анықтау мақсатымен ғылыми – педагогикалық, техникалық саяси 

әдебиеттерді,  баспа  беттерін  зерттей  келе,  Ресейде,  шет  елдерде,  Қазақстан  мемлекетінде 

«инновация» ұғымына берілген анықтамаларға зейін аударайық. 

      «Ғылымның  қайнар  көзі»  —  Ресейде  «инновация»  ұғымына  өте  үлкен  күдікпен 

қараған: XIX- XX ғ. басындағы бірде-бір білім реформаларында бұл термині кездеспейдді. 

Негізінде  реформа  жүзеге  асқан,  яғни  инновациялық  үрдіске  өткен,  бірақ  «инновация» 

термині еш жерде аталмайды. 



498 

 

498 



 

            «Инновация» деген ұғымның  өзін қарастырсақ, ғалымдардың көбі оған әртүрлі 

анықтамалар  берген.  Мысалы,  инновация  ұғымның  әр  елдегі,  әр  түрлі  уақытта  берілген 

анықтамалары:  «Инновация»  ұғымына  берілген  ең  ескі  емес  анықтама,  бұл  салада 

американдықтар  мен  еуропалық    көлемді  зерттеулер  иесі    Э.  М  Роджерстің  анықтамасы 

болып; есептеледі. Э М Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы 

бір  адамға  жаңа  болып  табылатын  идея».  Америка  ғалымдары  Биль  және  Болен 

педагогикалық инновацияны «құрылымына матералдық өзгеруіне ғана емес, сол материалды 

қолданудағы  көзқарастардың  комплексті  өзгертуіне  біріктіретін  үлкен  өзгеріс»,  —  деп 

түсінеді екен. 

      Кейіннен  «ииновация»  ұғымы  білім  беру  жүйесіне  жаңаны  енгізу  мағынасында 

педагогикалық еңбектерде кезіге бастады.  

Бастауыш  сынып  мұғалімдерін  даярлаудың  қазіргі  кездегі  қалыптасқан  жүйесі  оның 

құрылымын,  ұйымдастырылуын,  мектеп  практикасымен  және  білім  беру  жүйесіндегі 

инновациялық үрдістерімен өзара байланысын кайта қарауды талап етеді. Бұл жоғары оқу 

орныңда мамандар даярлаудың сапасын арттыруда мұғалім тұлғасының өздігінен дамуына, 

оның  шығармашылық  қабілетінің  артуына  мүмкіндік  жасауды  және  оқу-тәрбие  үрдісін 

жетілдіруді қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану көзделеді. 

Технологияны педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың жүйелі тұтас құралы ретінде тиімді 

пайдалану  оқу-тәрбие  үрдісінің  сапасын  жақсартуға,  жеке  тұлғаны  дамыту  міндеттерін 

шешуге септігін тигізеді. 

 Бүгінгі таңда педагогикалық технология мәселесі теориялық және ғылыми-қолданбалы 

бағыт  тұрғысынан  зерттеу  арқауы  болып  отыр.  Теориялық  тұрғыдан  алып  қарағанда, 

педагогикалық технология - педагогиканың категориясы ретінде қарастырылады оның мәні 

мен құрылымы айқындалады, педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі саласындағы (дидактика, 

тәрбие,  білім  беруді  басқару)  педагогикалық  технологияның  ғылыми  негіздерін  оқып-

үйренеді,  педагогикалық  технологияны  жобалаудың  әдіснамасы  мен  теориясы  зерттеледі 

және  педагогикалық  технология  теориясының  негіздері  ашып  көрсетіледі.  Ғылыми-

педагогикалық  зерттеулерге  жасалынған  талдау  жаңа  педагогикалық  технологиялардың 

бірнеше  түрлерін  бөліп  көрсетуге  мүмкіндік  берді.  Енді  солардың  ішінен  жоғары  оқу 

орындарының оқу үрдісінде қолдануға ұсынылатын бірқатарына тоқталайық. 

Инновация  ұғымының  дамуы  тікелей  «жаңа  педагогикалық  технологиялардың» 

шығуына  алып  келді.  «Жаңа  педагогикалық  технология»  дегеніміз-  оқыту  мен  білім 

беруге  бағытталған  заманауи  оқытудың  әдістері  мен  тәсілдері  және  де  заманауи 

технологиялар көмегімен жүзеге асатын жүйе. Жаңа педагогикалық технология мақсаты 

– оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін 

жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп. 

1.

 



Ойын  технологиясы  –  оқу  үрдісіндегі  оқытудың  әрі  формасы,  әрі  әдісі  ретінде 

дербес  дидактикалық  категория.  Сонымен  бірге  ойынды  мұғалім  мен  оқушылардың 

бірлескен оқу әрекетінің өзара байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады, қазақ 

тілі  сабағында  ойын  формаларын  еңгізу  барысында  интерактивті  тақтаны  да  қолданудың 

маңызы  өте  зор.  Дидактикалық  ойындар  -  балалардың  білімдерін  арттырудың  құралы. 

Сабақта  ойындарды  қолданудың  түрлі  жолдары  бар.  Дидактикалық  ойындар  арнайы 

мақсатты көздейді және нақты міндетті шешеді. Ойын сабақтың басында – өткен сабақты 

еске түсіреді. Сабақтың ортасында – көңіл-күйін сергітеді, ерік-жігерін дамытады, сабаққа 

ынтасын арттырады.  

Сабақтың  соңында  –  тақырыпты  бекіту,  сабақта  алған  білімді  жинақтау  мақсатын 

көздейді.  

Ойын  –  оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын  арттыратын  құрал.  Сондықтан  бастауыш, 

дайындық  сыныптарында  оқушылар  сабақ  үстінде  ойынды  көп  қажет  етеді.  Оларға 

пайдаланылатын  ойындар  оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  қарай  күрделеніп  отырады. 

Мысалы, дайындық сыныбында қарапайым ғана ойын түрлерін ойнатсақ, сыныбы үлкейген 

сайын  баланың  жас  ерекшелігіне  сай  болып  күрделенгені  дұрыс.  Олай  болса,  ойынды 



499 

 

499 



 

пайдаланудың  маңызы  зор.  Мұндай  ойынның  көптеген  түрлері  бар.  Сондықтан  ойын 

балалардың  жас  ерекшеліктеріне  және  өтілетін  сабақтың  тақырыптарына  мазмұнына  сай 

етіліп  таңдалып  алынғаны  дұрыс.  Бала  ойын  іс-әрекеті  үстінде  білімді  қалай  игеріп 

жатқанын, ал оқу үрдісінің қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана 

ойын  және  іс-әрекеттері  табиғи  бірлікте  болып,  пәндік  білім,  білік  және  дағдыны  игеруге 

толық  ықпал  жасайды.  Мысалы,  дайындық  сыныптарда  сан  санауға  заттарды  санап  және 

олардың екі тобын салыстыруға, өлшеміне, пішініне және түстеріне қарай ажыратуға үйрету 

мақсатында түрлі ойындарды ойнатуға болады. Ойын да халық педагогикасының құрамдас 

бір бөлігі болып келеді. Ұлттық ойындар халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайларына 

байланысты туып, дамығанына қазақ халқының ойындарымен таныса отырып, көзіміз әбден 

жетеді.  

Ойын – бала әрекетінің негізгі бір түрі. Бала үшін ойын – өмір сүрудің белсенді формасы, сол 

арқылы  ересектерге  еліктейді,  олардың  іс-әрекеттерін,  қарым-қатынастарын  үйренеді, 

еңбектің мәнін түсіне біледі, адамгершілік нормаларын игереді, әлеуметтік рөлдер атқарады.  

Сабақ үстінде жүргізілетін жұмыс түрлері, тақырыпқа сай алынған тәрбиелік мәні бар ойын 

элементтері оқушылардың ойлау белсенділігін керек етеді. Сондықтан мұғалім әр сабағында 

ойын  түрлерін  орнымен  қолданып,  оны  қызықты  ету  арқылы  олардың  білімге  ынта-

ықыласын,  пәнге  деген  сүйіспеншілігін  қалыптастыруды  мақсат  етеді.  Демек,  мұғалім 

сабағын баланың қабілет-қарымына, психологиялық ерекшелігіне сай байланыста жоспарлау 

керек. Сонда ғана сабақ тартымды, жеңіл болады, оқушыларды жалықтырмайды.  

2.

 



Проблемалық оқыту - мәні проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу 

проблемасын  дербес  шешулері  бойынша  іс-әрекеттерін  басқару  болып  табылатын  оқыту 

түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі  әрекеттерді  талап егетін 

есептердің,  тапсырмаларын,  теориялық  немесе  тәжірибелік  мәселелердің  әртүрлілігін 

түсінуге болады. 

Проблемалық  оқытудың  ерекшелігі  -  мұнда  мұғалім  білімді  дайын  түрде  баяндап 

бермейді,  оқушылардың  алдына  проблемалық  міндет  қояды.  Шешімді  және  шешу 

құралдарын оқушы өзі іздестіруі тиіс. 

Проблемалық  оқыту  бірнеше  сатыдан  тұрады:  проблемалық  жағдайды  аңғару, 

жағдайды  талдау  негізінде  проблеманы  тұжырымдау,  болжаулар  ұсынуды,  оларды 

алмастыру және тексеруді қамтып проблеманы шешу, шешімді тексеру. Бұл процесс ойлау 

актісінің  үш  фазасымен  ұқсастық  бойынша  өрістейді  (С.Л.  Рубинштейн  бойынша),  ол 

проблемалық  жағдайда  пайда  болып,  проблеманы  аңғаруды,  оны  шешуді  және  соңғы  ой 

тұжырымын қамтиды. 

3.

 

Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтың деңгейлеп оқыту 



педагогикалық 

технологиясының 

мақсаты 


– 

жан-жақты 

дамыған 

тұлғаны 


қалыптастыру.Саралап  оқыту  технологиясы,  оқыту  процесінің  белгілі  бөлігін  қамтып, 

ұйымдастырудың  шешімдері,  оны  оқыту  құралдарының  жиынтығы  түрінде  көрінеді. 

Сыныпты,  топтарды  оқытуға  әртүрлі  қолайлы  жағдай  туғызуды  қажет  етеді;  әдістемелік 

педагогикалық-психологиялық 

және 

ұйымдастыру-басқару 



шаралары 

біріктіріледі.Деңгейлеп  оқыту  технологиясының  мақсаты:  әрбір  оқушы  өзінің  даму 

деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді. Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз 

мүмкіндіктерін  пайдалана  отырып,  білім  алуына  жағдай  жасауға  мүмкіндік  береді; 

Деңгейлеп  оқыту  әр  түрлі  категориядағы  балаларға,  олармен  саралай  жұмыс  істеуге 

мүмкіндік береді.  

4.

 

Ұжымдық оқыту әдісі дегенімiз- оқу үрдісін төрт түрлі ұйымдастыру түрлері, яғни, 



жекелей, жұптық, топтық, ұжымдық тәсілдер арқылы жүзеге асыру. Ұжымдық оқыту әдісі әр 

оқушының бір сәтте әрі оқушы, әрі мұғалім ретінде болатындай етіп оқу үрдісін белсендіре 

түседі.  Оқу  әрекетін  ұйымдастыруда  ұжымдық  оқыту  әдісі  әр  оқушының  өз  мүмкіндігін 

барынша  қолдануға,  ал  мұғалімге  әр  балаға  деңгейіне  сай  оқуына  мүмкіндік  туғызады. 

Мұндай  оқыту  түрі  тек  қана  бірлесіп  жұмыс  істеу  емес,  сонымен  қатар,  жарысқа  түсу, 

бәсекелесуді қарастырады  



500 

 

500 



 

5.

 



Білім  берудің  бір  формасы  ретінде  қашықтықтан  білім  беру  ғылым  -техникалық 

ақпа-  раттандырудың  бір  бағытымен  дамытылуда.

 

Дүние  жүзінде  дамып  келе  жатқан 



қашықтықтан  білім  беру  тәжірибесінде  мынадай  үш  негізгі  технологияларды  атап  өтуге 

болады: 


 

кейстік технология – қағаз , электрондық және білім алушылардың өзіндік білім 

алуға  жіберілетін  мультимедиялық  оқу  -  әдістемелік  материалдардың  жинақтауларын 

толымдауға негізделген технология. 

 

ТВ – технологиялар - білім алушыларға оқу - әдістемелік материалдарды жеткізу 



 

желілік  технология  -  оқу  -  әдістемелік  материалдармен  қамтамасыз  ететін  білім 

алушылардың  оқытушымен  және  бір-бірімен  интерактивтік  өзара  әрекеттесу  ныса  -нын, 

сондай-ақ  интернет  желісін  пайдалану  негізінде  оқу  процесін  әкімшілік  етуді  қам-  титын 

технология. 

Бүгінгі  таңдағы  Қазақстанның  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге  мүмкіндігі  осы 

салада  халықаралық  әлеуметтік  және  экономикалық  тұрғыдан  озық  деп  танылған  оқыту 

модельдерін өз мүмкіндігімізге сай үйлестіре қолдану үшін заман талабына лайық отандық 

білім  беру  стратегиясы  мен  тактикасын  жаңалаудың  қажеттілігін  арттырып  отыр.  Елбасы 

Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  страгиясы  атты 

жолдауында  «  Білім  беру  реформасы  –  Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы  қабілеттілігін 

қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі » деп атап көрсетті. Білім 

беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылыдамыта 

оқыту, дара тұланы бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу- тәрбие үрдісінің 

барлық деңгейлерінің тиімділігін жоғарлатуды көздейді. 

 

 



 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУДІ ДАМЫТУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ, ДАМУ 

БАҒЫТТАРЫ, ТӘЖІРИБЕЛЕР, МӘСЕЛЕЛЕР 

 

Амирова К.М., Саналиева А.Т., Махамбетова Н.С. 



Қарағанды қаласы КМҚК «Толағай» балабақшасы 

 

Қазіргі заманғы білім беруді дамыту инновациялық технологиялардың көмегімен жаңа 



білім  беру  парадигмасы  іске  асатын  құрал  ретінде  қарастырылып  отыр.  Білім  беру 

технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-өзі дамуына 

мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты.  

Бүгінгі күні оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетуге болады: 

       оқытудың мақсаты

       білім берудің мазмұны

-                педагогикалық өзара  әрекеттестіктің құралы  (оқыту  және  мотивация),  оқыту  процесін 

ұйымдастыру; 

-         тәрбиеленуші, тәрбиеші

-         әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі. 

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен 

бағыттағы  мемлекеттік  білім  беру  стандарттары  жүйесінің,  оларды  әртүрлі  ұйымдастыру 

құқықтық  формадағы,  типтегі  және  түрдегі  білім  беру  мекемелерінде  іске  асырушы 

тармақтардың,  сонымен  бірге  білім  беруді  басқару  органдары  жүйесінің  жиыны.  Орыс 

педагогі  К.Д.Ушинский  айтқандай,  қазіргі  заман  талабына  сай,  әр  мұғалім,  өз  білімін 

жетілдіріп,  ескі  бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық 

технологияларды  өз  сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді, 

қонымды,  тиімді  болары  сөзсіз.  Бұл  жөнінде  Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы» 

Заңының  8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің  басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа 

технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап  көрсеткен.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев 


501 

 

501 



 

жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман 

талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең 

ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің 

технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, 

жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттелу үстінде. 

Қазіргі  білім  беру  жүйесінің  мақсаты  -  бәсекеге  қабілетті  маман  дайындау.  Нәтижеге 

бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа  парадигмасы  аясында  жекелеген  ұғымдар 

мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың 

кәсіби  мәдениетін  дамытуға  бағытталған  оқу  қажеттіліктері  туындап  отыр.  Сондықтан 

бүгінгі  күні  еліміздің  білім  жүйесінде  оқыту  үдерісін  тың  идеяларға  негізделген  жаңа 

мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 

Француз қайраткері  «Адамға оқып – үйрену өмірде болу, өмір сүру үшін қажет» дегендей 

оқыту процесін технологияландыру, осыған сәйкес оқу бағдармаларын жасау, ғалымдар мен 

жаңашыл  педагогтардың  еңбектерімен  танысу  жұмыстары  ұстаздардың  үздіксіз  ізденісін 

айқындайды. Білім сапасын арттыру және нәтижеге бағытталған үлгіге беталуы барысында 

мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт  берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби  шеберлікпен 

меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, 

ақпараттық  –  коммуникативті  мәдениеті  жоғары  тұлғалық  -  дамытушылық  функцияны 

атқарады. Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік 

бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 

жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін 

арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін 

дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 

ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Олай болса, білімнің сапалы да 

саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне 

байланысты.  

Ал мектепке дейінгі мекемелердің бүгінгі жайы мен ертеңі, бүлдіршіндердің білімділік 

және тәрбиелік деңгейі шешуші дәрежеде тәрбиешіге, ата-анаға тікелей байланысты болып 

келеді.  Педагогика  ғылымында  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеудің  мақсаты  –  жан-жақты 

дамыған  жеке  тұлға  қалыптастыру  болса,  оқытудағы  негізгі  мақсат  -  өздігінен  дамуға 

ұмтылатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Жеке тұлғаның дамуында маңызды роль атқаратын 

баланың  өз  бетінше  жұмысын  тиімді  ұйымдастыра  білу;  сол  арқылы  материалды  саналы 

меңгертудің жүйесін жасау; оқушының түрлі дара қабілеттерін арттыру. 

Балалармен  жүргізілетін  өзіндік  жұмыстың  негізгі  мақсаты  оқушылардың  танымдық 

міндеттерін  қалыптастыру,  шығармашылық  қабілеттері  мен  қызығушылығын  жетілдіру, 

білімге  қүштарлығын  ояту.  Тәрбиеші  сабақта  әдіс  -  тәсілдерді  пайдалана  отырып, 

балалардың  ұсыныс  -  пікірлерін  еркін  айтқызып,  ойларын  ұштауға  және  өздеріне  деген 

сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып отыру қажет. Әдіс  – тәсілдер арқылы өткізген әрбір 

сабақ  оқушылардың  ойлануына  және  қиялына  негізделіп  келеді,  баланың  тереңде  жатқан 

ойын  дамытып  оларды  сөйлетуге  үйретеді.  Түрлі  әдістемелік  тәсілдер  пайдалану  арқылы 

қабілеті әртүрлі балардың ортасынан қабілеті жоғары баланы іздеп, онымен жұмыс жасау, 

оны жан - жақты тануды ойлап, оқушылардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір 

тәрбиешінің міндеті. 

Қазіргі бала: 

• Дүниетаным қабілеті жоғары; 

• Дарынды, өнерпаз; 

• Іздемпаз, талапты: 

• Өз алдына мақсат қоя білу керек

Ал бүгінгі күннің баласын тәрбиелеу ісінде отбасының жетекшілік маңызы оның рухани 

дамуына әсер етуші бірден-бір ықпал етуші күш болып табылады. Ата-ананың ұйымдастыру 

және  бағыттаушы  ролін,  ата-анамен  бала  арасындағы  өзара  қатынастың  сипатын,  бала 


502 

 

502 



 

тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы 

араласатын  іс-әрекетінің  алуан  түрлілігін,  ата-ананың  тәрбие  құралдарын,  тәсілдерін, 

әдістерін пайдалана алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады. 

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе  – 

білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің 

таласы  жоқ.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында  да  балалар  бойында 

адамгершілік және тұрмыс негіздерін қалыптастыру, азаматтыққа тәрбиелеу және олардың 

ақыл – ойын айқындау басты міндет екендігі айтылған. Олай болса, қоғам болашағы- жас 

ұрпақтың бойына адамгершілік, ізгілік, мейірімділік, ақыл-ой, сана-сезім қалыптастыратын 

салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ беру – үйреншікті 

жай  шеберлік  емес,  ол  –  үнемі  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»  деген,  Жүсіпбек 

Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмайды. Ал рухани бай, жан-жақты дамыған жеке 

тұлғадағы  ең  басты  қасиеттердің  бірі  -  тіл  байлығы,  өз  ойын  нақты,  терең  мағыналы  әрі 

көркем  жеткізе  білетін,  шешен  де  ойлы  сөйлей  білетін,  Абайша  сөйлегенде  сөзі  жүрекке 

жылы тиетін, сөз құдіретін игерген адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Баланы дамыта 

отырып оқытудың басты мақсаты –баланы оқыта отырып, жалпы дамыту болып табылады. 

Балабақша  балаларымен  жұмыс  істеу  –  ерекше  маңызды  педагогикалық  проблема. 

Баланың  бойындағы  дамыған  сана  белсенділігі  мен  таным  белсенділігі,  тума  қабілеті 

анықталуы  тиіс.  Ол  қабілет  мектепке  дейінгі  мекемеде  сан  алуан  салалардан  білім  алу 

арқылы  және  ұстаздардың  көмегі  арқылы  ашылады  және  дамиды.  Осындай  жұмыстарды 

үнемі  жүргізу  шығармашылыққа  баулуға,  шәкірт  бойындағы  талант  көзін  ашып,  тілін 

байытуға, қиялын ұштауға өз әсерін тигізеді. 

Егеменді  елімізді  дүние  жүзі  елдерімен  терезесі  тең  болатын  дәрежеде  өркендететін, 

негізгі  тұтқасын  ұстайтын,  дүние  әлемін  шарлайтын  біздің  дарынды  да  қабілетті 

ұландарымыз екенін ұмытпайық.  Олардың бойындағы дарынын қабілетін дамыту  – ұстаз, 

ата-ана және қоғам қауымының міндеті. 

Осы міндетті орындау барысында мынадай мәселелерге жіті көңіл бөлген жөн: 

1. Баланың психологиялық даму ерекшелігін, әр нәрсеге деген қызығушылығын анықтау; 

2. Тілдік қорын, мәдени сөйлеуін жетілдіру

3.  Балалардың  өздігінен  іздене  отыра,  шығармашылық  қабілеттерін  арттыруға  икемдеу, 

соған байланысты жұмыс түрлерін жасау; 

4. Оқу мен тәрбие егіз екендігін ескере келе, тәрбие жұмыстарында да, баланың танымдық 

белсенділігін арттыру. 

Осындай  атқарылған  жұмыстар  барысында  тәжірибелік  істердің  ілгері  басқанын 

байқауға болады. 

Болашақтың бәсекесіне қабілетті XXI ғасыр шәкіртін тәрбиелеу білім беру саласының 

еш назарынан тыс қалған емес. Соған сай ұстаз - ізденімпаз ғалым, нәзік психолог, тынымсыз 

еңбеккер, ортаның ұйтқысы, жан-жақты шебер, терең қазыналы білімпаз, гуманист, белсенді 

патриот болғанда ғана қоғамның мықты да білікті, жоғарғы мәдениетті, жан-жақты дамыған, 

шығармашылығы жоғары жеке тұлғаны қалыптастырып, тәрбиелей алады деп нық сеніммен 

айтуға болады. 

 



1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал