«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет66/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   134

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ РӨЛІ 

 

Сусан Риза Жумабековна 

Экономика,бизнес және құқық колледжі ҚЭУҚ 

 

Білекті бірді, білімді мыңды жығады 

         Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтың бірі  - білім. Білім - 

ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Осы уақыт ішінде елімізде оң 

өзгерістер, табыстар мен көптеген ғылыми жаңалықтар өмірге келді. 

        Қазіргі  кезеңде  елдердің  бір-бірінен  салыстырмалы  тұрғыдағы  артықшылығы, 

бәсекелестік  күш-қуаты  олардың  табиғи  ресурстарымен  емес  көбінесе  адам  капиталымен, 

инновациялық  технологияларды  және  ақпарат  ағымын  ұтымды  пайдаланумен  анықталып 

отыр.  Дүниежүзі  көлемінде  постиндустриалдық  қоғамға  көшудегі  білім  беруді  жаңарту 

қазіргі  заманғы  маңызды  әлеуметтік  құндылықтар  мен  қоғамдық  бағыттар  жүйесін  дұрыс 

қалыптастырудың  шешуші  жағдайы  есебінде  көрінеді.  Білім  құндылықтары  тұлғанық, 

қоғамның  және  табиғаттың  игіліктеріне  сәйкестендіріліп,  ашық,  вариативті,  рухани  және 

мәдени  қаныққан  толерантты,  отаншылдық  және  шынайы  азаматтықтың  қалыптасуын 

қамтамасыз  ететін  жүйеге  бірігуі  тиіс.  Білім  беру  экономикаға  мамандар  даярлау  емес, 

қоғамның  интеллектуалдық  және  мәдени  деңгейін  көтеру,  оның  бәсекелестік  қабілеттерін 

инновация  мен  демократиялық  прогреске  лайық  дамыту,  өмірдің  қазіргі  заманғы  стилін 

қалыптастыру құралына айналуы тиіс. 

         Ел  болашағы  —  білімді  ұрпақта.  Сондықтан  білім  беру  саласында  жасалып 

жатқан  жаңа  реформаларды  жүзеге  асыру  —  ұстаздар  қауымы  на  ортақ  іс.  Сондықтан 

ұстаздарға  жаңаша  жұмыс  істеуге,  шығармашылық  еңбегі  мен  оқыту  әдістерін 

жаңа  арнаға  бұруына,  педагогикалық  еңбегін  қайта  құруына  тура  келеді. 

Бұл  бағытта  жұмыстар  атқарылып  та  жатыр.  Көштен  қалмаймыз  деп  жаңаның  бәрін 

қабылдай беру дұрыс па, бұған дейін қол жеткізген табыстарымызбен іс-тәжірибемізді әрі 

қарай қалай ұш тастырамыз деген ойлар да мазалауы мүмкін. Өткен күндердегі іс-тәжірибеге 

көз жіберсек, кешегі бүгінгіге, бүгінгі ертеңгіге ұқсамайды. Себебі ғылымның дамуы, білім 

мазмұнының  өзгеруі,  өмір  талабы,  оқушы  талғамы  үнемі  өсуде.  Қай  қоғамда  болмасын 

шешуші  фактор  —  адам  және  жеке  тұлға  болып  қала  бермек.  Ғасырлар  бойы 

қалыптасқан  рухани  құндылықтарымызды,  байлығымызды  түгендеу,  игеру,  жас  ұрпақ 

бойына игі қасиеттерді сіңіру — бүгінгі білім жолында жүрген ұстаздардың басты борышы. 

Бір  кездері  М.Жұмабаев:  «Арыстандай  айбатты,  Жолбарыстай  қайратты,  Қырандай  күшті 

қанатты, Мен жастарға сенемін», - деп бекерден - бекер айтпаған болар. Сондықтан да жастар 

қоғам, халық ал- дындағы борышын, міндетін сезіне білуі қажет. Егеменді еліміздің ең басты 

мақсаты  өркениетті  елдер  қатарына  көтерілу  болса,  ал  өркениетке  жетуде  жан-жақты 

дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да 

сол жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. 

        Қазіргі  кезде  егемен  елімізде  білім  берудің  жаңа  жүйесі  жасалып,  әлемдік  білім 

беру  кеңістігіне  енуге  бағыт  алуда.  Бұл  оқу-тәрбие  үдерісіндегі  елеулі  өзгерістерге 

байланысты  болып  отыр.  Себебі,  білім  беру  парадигмасы  өзгерді,  білім  берудің  мазмұны 

жаңарып,  жаңа  көзқарас,  жаңаша  қарым-қатынас  пайда  болуда.  Келер  ұрпаққа  қоғам 

талабына сай білім мен тәрбие беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-

педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  —  маңызды  мәселелердің  бірі.  Болашақта  өркениеті 

дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет.      Қазақстанда дамыған 



492 

 

492 



 

бәсекеге  қабілетті  елдің  қатарына  жеткізетін,  терезесін  тең  ететін  ол  —  білім.  Сондықтан 

қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісін  технологияландыру 

мәселесін  қойып  отыр.  Инновациялық  технологияларды  меңгеруде  мұғалімнің  жан-жақты 

білімі қажет. Қазіргі мектеп мұғалімі: жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын, оқушымен тез 

тіл 


табыса 

алатын, 


білімді, 

шебер, 


іскер 

болуы 


тиіс. 

 

         Әлемнің дамыған елдерінің көбі  80-жылдардың ортасында білім берудің жаңа типіне 



көшу  керек  деген  қорытындыға  келді.  Ол  білімнің  санына  емес,  функционалдық 

сауаттылыққа негізделу керек болды. Яғни, адамның көп білуі маңызды емес, оның қолынан 

не  келеді  және  білімін  қалай  пайдалана  алады  деген  мәселеге  назар  аударылды. 

Білім  саласы  дамыған  елдердің  Финляндия, Сингапур,  Жапония  білім  беру  тәжірибелерін 

Қазақстан жағдайына бейімдеп, енгізудің маңызы зор болады деп білеміз.  

         Финляндияда  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  XX  ғасырдың  80-ші  жылдары 

басталған  екен.  Осы  жылдар  аралығында  білім  беру  жүйесі  көптеген  жетістіктерге  қол 

жеткізіпті.  Оның  дәлелін  Финляндияның  зерттеулер  нәтижесі  бойынша  50  елдің  ішінде 

бірінші  орынға  шыққанынан  білдім.  Бұл  елдің  мектептерінде  міндетті  оқу  9  жыл  және 

барлық  бала  бірдей  білім  алады  екен.  Оның  ішінде  мүмкіндігі  шектеулі  (әртүрлі 

жетіспеушілігі немесе мүкістері) бар балалар да бірге білім алады. Олардың өздерін басқаша 

сезінуіне жол берілмейтіндігі маған ұнады. Мұғалімдер мен оқушылардың қарым-қатынасы 

достастыққа  құрылды.  Ата-аналар  мен  оқушылардың  арасында  мұғалім  беделі  ылғи  да 

жоғары  тұрады  екен.  Сондай-ақ  қабілетті  оқушылар  сабақ  үлгерімі  төмен  оқушыларға 

көмектеседі және ол әрқашан қолдау табады. 

          Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында    «Білім  беру  жүйесінің 

басты  міндеті  -  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру, 

халықаралық  коммуникациялық  желілерге  шығу,  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері  негізінде  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға, 

дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» -  деп 

атап  көрсеткендей,  қазіргі  кезде  әрбір  оқытушының    алдына  қойып  отырған  басты 

міндеттерінің  бірі-  оқытудың  әдіс-тәсілдерін  үнемі  жетілдіріп  отыру  және  жаңа 

педагогикалық  үдерістегі технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа 

міндеттердің бірі инновациялық педагогикалық оқыту технологияларын пайдаланып білім 

сапасын арттыру.  

           Инновациялық  білім  берудің  дамуы  оқу  үдерісінің    мазмұнына  және 

ұйымдастыруына өзгеріс енгізуді талап етеді. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық 

технологияларын  меңгермейінше  сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа 

технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік  адамгершілік,  рухани, 

азаматтық  және  де  басқа  көптеген  адами  келбеттің  дамуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі 

дамытып, өзін-өзі жетілдіру оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 

Қазіргі  кезде  инновацияның  білім  беру  жүйесіндегі  маңызды  мәселелерінің  бірі  – 

жаңалықтарды топтастыру. Мұғалім үшін ашылған жаңа әдісті жан-жақты түсіне білу үшін, 

бұл жаңалықтың басқа жаңалықтардан ерекшелігін, айырмашылығын, артықшылығын көре 

білу қажет. 

            Дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет пен қарым-қатынас оқу үрдісінің оқыту және 

тәрбиелеу функцияларының қатар және тиімді жүруіне жағдай жасай- ды.  Инновациялық 

үрдістің  негізі-  жаңалықтарды  қалыптастырып  жүзеге  асырудың  тұтастық  қызметі. 

Инновация  білім  деңгейінің  көтерілуіне  жағдай  туғызады.  Дүние  жүзіндегі  инновациялық 

процестердің барлығы кез - келген мемлекеттің экономикалық дамуының жоғары деңгейін 

қаматамасыз етумен бірге, ғылыми-техникалық ілгерілуін де едәуір жылдамдатады. Өйткені, 

мемлекет  дамуының  негізі  болып  табылатын  инновациялық  саясат  кез  -  келген  бәсекеге 

қабілетті  мемлекеттегі  ғылым  дамуының  бағытын  анықтайды.  Сондықтан  да  ғылыми  - 

техникалық процесс бүкіл әлемде «инновациялық процесс» - ұғымымен тығыз байланыста 

болуды  талап  етеді.  Инновациялық  процесс  жаңа  бір  өнімнің  алынуын  білдіреді  де,  ол 


493 

 

493 



 

идеяның пайда болуынан бастап, оның коммерциялық тұрғыда жүзеге асырылуына дейінгі 

ұзақ жолды қамти отырып, әр түрлі қарым - қатынастар (өндіру, алмасу, тұтыну) кешенін өз 

қарамағына алады.  

       Қазіргі білім беру  саласындағы оқытудың озық  технологияларын меңгермейінше 

сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңа  технологияны  меңгеру  тұлғаның 

интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами 

келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие процесін тиімді 

ұйымдастыруына  көмектеседі.  Қазіргі  педагогика  жаңалықтарын  пән  ерекшелігіне  қарай 

қолдана  білу  -  оқыту  мақсатына  жетудің  бірден  -  бір  жолы.  Осы  жолда  педагогикалық 

технология  оқыту  мақсатына  жетудің  тиімді,  нақты  жолдарын  көрсетеді.  Оқытудың  жаңа 

технологиясы  іс-әрекеттің  жоспарланған  нәтижесіне  жетудің  шартты  тәсілі  ретінде 

қарастырылатын  жаңа  әдістердің  жиынтығынан  тұрады.  Қорыта  айтқанда,  инновациялық 

технологиялардың қай түрін алсақ та,  олардың тиімділігі тек қана мұғалімнің шеберлігімен 

және осы шеберлікті шыңдай түскендігімен ғана шын күшіне ие бола алады.      Дәстүрлі 

сабақта инновациялық тәсілдерді қолдану оқушылардың сөйлеу әрекетін дамытудың бірден-

бір  тиімдісі  болып  табылады.  Жалпы  дәстүрлі  сабақ  оқушылардың  көзқарасын 

қалыптсатыруда өз шегінен шығармайды. Бұл жерде айта кеткен жөн сыныпта зерек балалар 

мен  қатар  шығармашылық  және  ойлау  қабілеті  төмен,өз  бетінше  жұмыс  істеуге 

үйренбегендіктен уақытты бос өткізеді. 

Сондықтан білім алушылардың ынтасын арттыруға арналған әдістемелік құралдардың 

жүйесі  мен  амалдары  әр  мұғалімнен  оларды  терең  игеруін,  іске  асыруын  және  оған  сай 

болатын іскерлікті талап етеді.  

 

1.  Назаpбев  H.  “Қaзақстан  —  2030”  Баpлық  қазақстандықтаpдың  өсiп-өркeндеуі, 



қауiпсіздігі  жәнe  әл-aуқатының  aртуы,  Eл  Пpезидентінің  Қaзақстан  хaлқына  Жолдауы. 

Алматы: Білім, 1997ж. 

2.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған 

мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы заңы. 

3. Білім берудегі инновациялық технологиялар : Педагогикалық әдістемелік журналы 

«Білім берудегі менеджмент» / Г.М.Жусанбаева; №1, 2014.-134б 

4. 3.С. Көшімбетова «Оқу—тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін 

пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы,2008. 

 

 

ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТЕХНОЛОГИЯЛАР 



 

Омарова А.К., Тусупбаева А.А. 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

 

 



       Білім беру технологияларының даму тенденциялары тұлғаның өзін-өзі тануына және өзін-

өзі дамуына мүмкіндік беретін гуманитарлық білім берумен тікелей байланысты. Білім берудегі 

қазіргі заманғы технологиялардың көмегімен жаңа білім беру парадигмасы іске асатын құрал 

ретінде қарастырылады. "Білім беру технологиялары", "педагогикалық технология" терминімен 

қатар  ''оқыту  технологиялары”  термині  қолданылады.  Оның  біріншісі  көлемді  болып  келеді. 

Өйткені, білім беру технологиясында оқушының, үйренушінің тұлғалық сапасын дамыту және 

құрумен  байланысты  болатын  тәрбиелік  аспекті  бар.“Оқыту  технологиясы  –  белгіленген 

мақсатқа  нәтижелі  қол  жеткізуді  қамтамасыз  етуде  оқытудың  формасы,  әдістері  мен 

құралдарын  ашып  көрсетіп,  оқу  бағдарламасында  белгіленген  оқытудың  мазмұны  жүзеге 

асырылады”, – деп С.Әбенбаев айта келіп, оның құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді [1]: 



494 

 

494 



 

       оқытудың мақсаты

-         білім берудің мазмұны; 

-         педагогикалық өзара әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін 

ұйымдастыру; 

       оқушы, оқытушы; 

-         әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі). 

Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды “... оқыту 

технологиясын  жобалау  процесі  деп  атауға  болады”  деп  айта  келіп,  оның  құрылымын 

төмендегідей анықтайды: 

-         оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау; 

-         оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау барысында 

білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны анықтау; 

-         мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау; 

-         оқыту технологиясын талдап жасау. 

       Педагогикалық  зерттеулердің  нәтижелеріне  сәйкес  білім  берудің  қазіргі  заманғы 

технологиясының нұсқауы, төмендегі принциптердің қатысуымен жасалуы тиістігі анықталуда: 

-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі; 

-қойылған  мақсатқа  жету  үшін  нақты  педагогикалық  ортада  технологияларды  қайта  өндіру 

принципі; 

-сәйкес  келетін  педагогикалық  жүйелердің  өзін-өзі  дайындау  механизміне  әсер  ететін 

факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі

-оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  және  оның  танымдық  қабілеттілігіне  оқыту 

процесінің бейімделу принципі; 

-біріктірілген  білімдерді  құру  үшін  оптимальді  жағдай  жасайтын  оқу  ақпараттарының 

потенциалды көп болу (артық болу) принципі. 

Педагогикалық технологияның міндеттері: 

-             әр түрлі  қызмет  саласындағы іскерлік пен дағдылардың шыңдау, білімнің тереңдігін, 

беріктігін арттыру; 

-         мінез – құлықтағы әлеуметтік құнды әдеттер мен формаларды нығайту және арттыру; 

-         технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету; 

-         технологиялық ойлау дағдыларын дамыту; 

-         оқу міндеттері мен қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруда технологиялық тәртіпке сай 

нақты әдеттерді тәрбиелеу. Педагогикалық технология әр түрлі жағдайлардағы нақты өзара іс-

қимылдарды,  жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер 

негізінде компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі 

таңда  білім  беру  жүйесінің  құрылымдарында  оқытудың  айқындалған  көптеген 

технологияларын  пайдаланып  жатқандығы  белгілі.  Болашақ  маманға  тәжірибе  беруде 

ақпаратпен жұмыс істеу әдістеріне, жаңа білімдерді құру әдістеріне, ең маңыздысы - әлемнің 

дамуы  туралы  білімдердің  қажетті  деңгейін  қалыптастыратын  әдістерге  үйрету.  Сондықтан 

әрбір оқытушыға және оқушыға "оқыту" мен "үйрену" процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі 

қажет:  ана  тілін,  ғылым  тілін  және  технология  тілін.          Сонымен  технология  көмегімен 

білімдерді,  іскерлікті,  дағдыларды  игеру  процесінде  тұлғалық  қасиеттің  дамуында  нәтижелі 

шешімге жету мүмкіндігі қамтамасыз етіледі."Педагогикалық технология" оның ішінде "оқыту 

технологиясы"  ұғымын  анықтауда,  басым  көпшілік  мамандар  оларды  үш  маңызды 

жағдайлармен біріктіреді: 

-  іс-әрекетінің  жиынтығы  түріндегі  қажет  ететін  үлгіні  дәл  анықтау  негізінде  оқытуды 

жоспарлау; 

-  оқытуды  талап  ететін  әрекетті    қалыптастыруды  іріктеген    қатаң  тізбекті  әрекеті  түріндегі 

оқытудың барлық процесін "бағдарламалау". 

-  алғашқы  белгіленген  эталонмен  оқытудың  нәтижесін  салыстыру.    М.Чошанов  оқыту 

технологиясы негізінен педагогикалық процестегі «Қалай нәтижелі етіп оқыту керек?» мәселесін 

шешуге  бағытталатынын  айтады.  Оқыту  технологиясы  жөніндегі  ой-пікірлерді  саралай  келе, 


495 

 

495 



 

біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі нақты қадамдарды 

және  олардың  үйлесімділігін  зерделейтін  ғылым  саласы;  екіншіден,  оқытудың  нақты  жағдайда 

нәтижелі  жүзеге  асырылуын  белгілейтін  жобалау  немесе  модельдеу;  нақты  оқыту  процесін 

нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз. Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені 

технологиялық  негізде  жетілдіруді  төмендегідей  дидактикалық  талаптарының  орындалу  негізін 

белгілейді: 

а) оқытудың мақсаты диагностикалық операционалды анықтаулы тиіс, яғни иерархиялық тізбек 

түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет; 

ә)  білім  мазмұны  мақсаттар  таксономиясына  сәйкес  анықталып,  оны  анықтау  принциптері 

ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет

б)  оқытудың  белсенді  әдістерін  басым  түрде  түрде  пайдаланып,  оқыту  әдістерінің  басты 

аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет

в)  оқытудың  формасы  оқушының  жеке  даму  траекториясын,  сондай-ақ  педагогикалық 

жағдаяттарға  сәйкес  жеке,  жұптық  және  топтық  формалардың  тиімді  үйлесуін  қамтамасыз 

ететіндей түрде жетілдіруі тиіс; 

г) оқыту құралдарын жетілдіру компьютерлік техника мен ақпараттық технологияларды олардың 

дидактикалық мүмкіндіктері нақты анықталып, дәстүрлі құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға 

бағытталуы қажет [2]. 

                  Жалпы  "Педагогикалық  технология"  түсінігі  қаншалықты  қолданыста  болғанымен,  ол 

жөніндегі  түсінік  ұғыныңқы  болмаған.  Білім  берудің  қазіргі  кездегі  практикасында  бұл  ұғым 

стандартты  емес  ғылыми  көріністерде  ереже  ретінде  қолданылып,  педагог  жұмыстарының 

өндірілген  әдіс-тәсілдерін,  құралдарын  білдіреді.  В.П.Беспалько  технологияны  түсіну  үшін  ең 

алдымен  педагогикалық  іс-әрекеттің  өндірушілік  белгісіне  көңіл  аудару  қажеттігіне  зейін 

аударады,  әлеуметтік  тұрғыдан  бұл  белгі,  технологияның  басқа  белгілерінен  оның  жалпылық 

сипатымен  байланыстылығын  сипаттайды.  Қазіргі  білім  беру  технологияларын  Г.К.  Селевко 

технологияның  классификациялық  параметрлері  тұрғысынан:  қолдану  деңгейі,  негізгі  дамыту 

факторы,  меңгеру  тұжырымы,  жеке  тұлғаның  құрылымына  бағдарлау,  мазмұн  сипаты,  басқару 

типі, ұйымдастыру формалары, балаға ықпал ету тәсілдері,  әдістердің басымдылығы, жетілдіру 

бағыттары, оқушылар категориялары бойынша нақтылап көрсетеді [3]. 

Ш.Т.Таубаева  оқытудың  қазіргі  технологияларының  аттарын  атап  көрсетіп,  олардың 

мақсаттарын, тұжырымының және мазмұны мен әдістерінің ерекшеліктерін сипаттап көрсетеді. 

Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған [4]. 

Сонымен педагогикалық технологиялардан төмендегілерін бөле жарып көрсетуге болады: 

-   ойын арқылы оқыту технологиясы; 

-   проблемалық оқыту технологиясы; 

-   тірек сигналдары арқылы оқыту; 

-             деңгейлік саралап оқыту

-             міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы; 

-             бағдарламалап оқыту технологиясы; 

-             оқытудың компьютерлік технологиясы; 

-             дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы; 

-             дамыта оқыту технологиясы

-             модульдік оқыту. 

Сондай-ақ  Қазақстандық  ғалымдардың    оқыту  технологиялары  белсенді  түрде  білім  беру 

жүйесінде  қолданылуда.  Бұл  технологиялардың  өздеріне  тән  ерекшеліктері  бар.  Мәселен, 

В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары арқылы оқыту технологиясының ерекшелігі: 

-  үнемі қайталау; 

-   ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану

-  жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; 

-   ізгілік; 

-  зорлықсыз, еркімен оқыту



496 

 

496 



 

-   әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; 

-   оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру. 

Сондай-ақ  әрбір  педагогикалық  технологияның  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Олардың  негізгі 

қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. 

Педагогикалық жүйедегі негізгі өзекті мәселе  - оқушылардың, студенттердің ойлау қабілетін 

дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру болғандықтан 

сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау 

табуда. 

  

 Әдебиеттер 



1.  Қуанбаева  Б.  Оқытудың  педагогикалық  жүйесін  технологиялық  негізде  жетілдірудің 

дидактикалық шарттары: дисс. Пед. ғыл.канд. – Алматы, 2013. –137 бет. 

3. Селевко Г.К. Современные технологии в образовании. –Алматы, 2009г. 

4. Таубаева Ш.Т. Оқытуың қазіргі технологиялары –Алматы, 2012. №4. бб-5-12. 

 

 

 



ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМЫНЫҢ БІР ЕРЕКШІЛІГІ – БАЛАНЫҢ 

ТҰЛҒАЛЫҚ ДАМУЫНА БАҒЫТТАЛҒАН ЖАҢА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН 

ӨМІРГЕ ЕНГІЗУ 

 

Қарағанды маңызды «Болашақ» білім беру колледжінің 



ШТ-15-3(11) тобының студенті Хайратхан Алуа 

Ғылыми жетекші педагогика пәнінің оқытушысы Әшен А.А. 

 

Білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мәселелердің бірі – оқытуды 



ақпараттандыру,  яғни  оқу  үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  пайдалану  болып 

табылады. Оқытудың жаңа педагогикалық технологияларын меңгеру мұғалімнен орасан зор 

іскерлік  пен  шығармашылыққа  негізделген  ізденістерді  қажет  етеді.  Осындай  мақсат 

көздеген  жүйелі  ізденістер  мұғалімнің  заманауи  технологияны  меңгеруіне,  инновациялық 

жетілуіне мүмкіндік береді. Оқыту технологиясы педагогикалық әдістерге негізделген 1960 

жылдарда  шетел  зерттеушілері  «педагогикалық  технология»  терминін  енгізді. 



«Педагогикалық  технология»  дегеніміз  —  тәжірибеде    жүзеге  асырылатын  белгілі  бір 

педагогикалық  жүйенің  жобасы,  ал  педагогикалық  жағдайларға  сай  қолданылатын  әдіс-

тәсілдер — оның бөлігі ғана» — деп көрсткен В.Беспалько. 

Замануи «технология»  ұғымы кеңінен қолдынылады. Сол сияқты педагогика пәнінде 

де,  «технология»  термині  пайда  болды.  Әсіресе  білім  беру  мен  тәрбие  саласында  бұл  

таптырмас  құралдардың  бірі.  Қазіргі  уақытта  педагогика  ғылымының  бір  ерекшілігі  – 

баланың  тұлғалық  дамуына  бағытталған  жаңа  оқыту  технологияларын  өмірге  енгізуге 

ұмтылуы.  «Педагогикалық  технологиялар»  –  бұл  білімнің  басымды  мақсаттарымен 

біріктірілген  пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ 

тұжырымдамамен    байланысқан  міндеттерінің,  мазмұнының,  тұрпаттары    мен  әдістерінің 

күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның  басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында 

оқушының  дамуына  жағымды  жағдайлар  жиынтығын  құрайды.  Заманауи  технология 

түрлерін  сабақ  үрдісінде  пайдалану,  оқушының  шығармашылык,  интеллектік  қабілетінің 

дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. 




1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал