«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет63/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   134

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. Алматы, 1957. 



2.

 

Әдістеме  әлемінде.  Ғылыми-әдістемелік  жинақ.  Құраст:  Е.Е.  Тілешов,    Г.П. 



Әріпбекова, О.Б. Сүлейменов. – Алматы. «Сардар» баспа үйі, 2008, - 368 б. // Есенова Г.С. 

Қазақ тілі жаттығулары туралы. – Б. 244. 

3.

 

Әдістеме  әлемінде.  Ғылыми-әдістемелік  жинақ.  Құраст:  Е.Е.  Тілешов,  Г.П. 



Әріпбекова, О.Б. Сүлейменов. – Алматы. «Сардар» баспа үйі, 2008, - 368 б. Жұманова С.С. 

Тіл  үйрету барысында  жағымды психологиялық  ортаны қалыптастыру жолдары.  – Б. 248-

259. 

4.

 



Байтұрсынов  А.  Тіл  тағылымы  (қазақ  тілі  мен  оқу-ағартуға  қатысты  еңбектері)  – 

Алматы, «Ана тілі», 1992. – 448 б. 

5.

 

Балтабаева  Ж.Қ.  Жоғары  оқу  орнында  студенттер  тілін  дамытудың  ғылыми-



әдістемелік негіздері (қазіргі қазақ тілінің морфология саласы бойынша). Педагог. ғыл. док. 

дисс. авторефер. – Алматы: Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, 2009. – 48 б. 

6.

 

Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде 



/ аударған Д. А. Қайшыбекова / - Алматы, 2002. – 180 б. 

7.

 



Жапбаров А. Қазақ тілін оқыту арқылы тіл дамытудың әдіснамалық және әдістемелік 

негіздері (V-ІХ сыныптар). Педагог. ғыл. док. дисс. авторефер. – Алматы: Қазақ мемлекеттік 

педагогика институты, 2004. – 53 б. 

8.

 



Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде // А., 2004. №3. – Б. 39-40. 

9.

 



Сатбекова  А.А.  Қазақ  тілін  өзгетілді  дәрісханада  жобалай  оқыту  технологиясының 

ғылыми-әдістемелік  негіздері.  Педагог.  ғыл.  док.  дисс.  авторефер.  –  Алматы:  Қазақ 

мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, 2009. – 48 б. 

 

 



ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ МОДЕЛІНІҢ 

ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ПРОБЛЕМАЛАРЫ 

 

Ғылыми жетекші: Жексенова  Бибинур Омарбаевна 

IV-курс студенті: Әбдікәрімова Аягүл Шорманқызы 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 



470 

 

470 



 

 

Түйін  сөздер:  заманауи  білім  беру  жүйесі,  рационалистік  концепция,  білімнің 

концептуалдық  мәселелері,  білім  құрылымы,  білім  мазмұны.  Қазіргі  заманауи  білім 

құрылымының ғасырлар бойына астарласатын тарихы бар.Адамзат қоғамының дамуының әр 

түрлі сатысында нақты бір 

мәдени-қоғамдық контекстке негізделген білім беру жүйесінің түрлімодельдері болды. 

Заманауи білім беру жүйесі XVIII ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында пайда 

болып,  классикалық  деген  атқа  ие  болды.  Классикалық  білім  беру  жүйесі  еуропалық 

мәдениет пен өркенниеттің дамуына тікелей әсерін тигізді. 

Соңғы онжылдықта дүниежүзілік білім беру жүйесі ұлғайтылып бара жатқан білімнің 

сапасы мен көлеміне деген сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндігі жеткіліксіз. Білім беруге 

деген қоғамдық сұраныс пен оны қанағаттандыру мүмкіндігі арасындағы айырмашылық өте 

үлкен. Сонымен қатар, адамзат қоғамы экологиялық дағдарысқа ұлтаралық және қоғамдық 

түсініспеушіліктерге идеологиялық және табиғи азушылыққа қатысты жалпы проблемалар 

дүниесіне тап болды. 

Корея  Республикасы,  Гонконг,Сингапур,  Жапония  мемелекеттерінің  дамуы 

нәтижесінде бақыланған экономикалық ғажап батыс саясаткерлері үшін осы мемлекеттердің 

жалпы экономикалық жетістіктерге жетудегі білім беру жүйесінің үлесін бағалау үшін үлгі 

болды. 

Шығыс  Еуропа  мен  дамушы  елдердегі  қоғамдық  реформалар  туралы  жоғарғы 



деңгейдегі  сарапшыларды  басқаратын  "Ақыл  орталығының"  кеңесшісі  М.  Кастеллстің 

ойынша,  ақпараттық  қоғамға  өту  дамыған  елдермен  қоса  дамушы  елдердің  де  бірінші 

орындағы  көздеген  мақсаты  болып  табылады.  Ол  соңғы  онжылдықта  ақпараттық 

технологияның даму жолына 

түскен  елдер  қатарындағы  немесе  ақпараттық  технологиядан  оқшау  қалған  мемлекеттер 

төменгі экономикалық жағдайда қалғанын атап өтті. 

Білім  беру  саласы  еңбек  сапасының  негізгі  факторы  болып  табылады.  Аймақтық, 

фирмалық,  мемлекеттік  экономикаға  қосқан  үлесі  бағалы  болып  табылатын  ақпаратты 

өндіру  саласындағы  және  білім  мамандардағы  генераторлары  жаңа  ақпараттық 

капитализмнің негізін салушылар болып табылады. 

Соңғы  екі  онжылдықта  дүние  жүзінде  білім  беру  саласының  дамуы  келесі 

бағыттардан тұратын рефомаларды жүрзізуде: 

- Мемлекеттік тұрақты қаржыландыруды қамтамасыз етуді

- Үздіксіз білім беру жүйесінің қалыптасу тенденцияларын айқындауды; 

- Қоғамның білім берудегі бақылауға қатысу принциптерін; 

- Өндіріс,ғылым және білім беру арасындағы байланысты қадағалауды

- Білім беру мекемелерінің автономиялығын арттыруды; 

-  Білім  беру  кешендерінің  интеграциясын,  халықаралық  ЖОО  өсуін  мемлекеттік  қолдауға 

алуды  іске  асыруда.  Өткен  жүзжылдықтың  60-70  жж.  Батыс  Еуропа  елдері  мен  АҚШ-та 

экономикалық даму мен жалпы мемелекеттік деңгейегі ерекше назар аударуды қажет ететін 

сала  ретінде  білім  беру  саласының  рөлі  біліне  бастады.  Бұл  жылдар  адамзатты  үлкен 

жетістікке  әкелген  жаратылыстану  және  нақты  ғылымдардың,  білім  беру  жүйесінің 

жаңаруының, ғылыми 

пәндердің  интеграциясының  дамыған  кезеңі  еді.  Соған  байланысты  мемлекеттегі  жалпы 

білім беруде, орны мен рөлінде, оның мақсатында көптеген өзгерістер болды. Толық білім 

алу үшін жүгіну керек болмай қалды. 

Жас маманның пәндердің негіздерін белсенді игеруі дағдысын дамыту,оларда пайда 

болған проблемаларды талдау жасау мүмкіндігін қалыптастыруды дамыту, балама шешімдер 

қабылдануды  ұсыну  мен  олардың  аргументтерінің  4  критерийлерін  жасау  басты  мақсат 

болып  қалды.  Стратегиялық  шешімдерді  қабылдау  алдындағы  білім  беру  саласындағы 

проблемаларды жүйелік зерттеудің мәнін жан жақты түсіну - білім беру саясатының негізгі 

қағидаты болып табылады. Бұның алғашқы жемістері мен нәтижесін тек 10-15 жылдан соң 



471 

 

471 



 

алу мәселесіне қатты назар аударылған, ал шын мәнінде ол 20-25 жылдан кейін ақталатынын 

айтуымыз қажет. 

Шетел  мемлекеттерінің  білім  беру  саясатында  табандылық  пен  сабақтастық  тән. 

Мемлекет басқарушылары мен үкіметтері ауысып отырса да, саяси партиялардың әртүрлері 

мемлекет басқаруға келсе де, білім беру саласының принципі мызғымас іс боп қала берді. 

Америка  қоғамына  тән  жалпы,  соның  ішінде  білім  беру  мазмұнындағы  теориялық 

плюрализмды,  көптеген  шындықты  және  түрлі  теориялардың  бірдей  құндылылығын 

мойындау  спецификалық  ерекшелігі  болып  табылады.  Солардың  ішінде  қоғамға  деген 

қатынасы  бойынша  тұлғаның  біріншілігін  алдыңғы  қатарға  қойған  гуманистік  теория 

ерекшеленеді. Өзінің қолданысына байланысты мектеп мәдени селекция құралы болып отыр, 

сондықтан оқу бағдарламасы бейтараптық сипатта болмауы керек. Өзінің философиясында 

мектеп  тек  дұрыс  ойлауды  ғана  үйретуді  көздеумен  басқарылып  қана  қоймай,  жастарға 

қандай  қоғамдық  маңызы  бар  құдылықтар  мен  идеяларды  насихаттауды  да  қолға  алуы 

тиістігінде айқындауы қажет(1). 

Батыстың  жалпы  педагогикалық  философиясы  -  нақтырақ  айтсақ,  олардың  қоғамдық 

өмірінің  модельдері  дүние  жүзілік  өркениетінің  жетістіктерін  айқын  көрсетеді.  Мұнда 

қоғамның  мәдени,  саяси  және  экономикалық  қатынас  құрылымының  әртүрлілігі  түсінігі 

қалыптасқан,  соған  сәйкес,  қоғам  неғұрлым  бірыңғай  емес  құрылымды  болған  сайын, 

соғұрлым  өмірлік  тәжірибе  ұлғайып,  пайда  болған  проблемаларды  соғұрлым  сәтті  шешіп 

отыруы орныққан. 

Заманауи американдық зерттеушілердің жұмыстарында оқытудың мазмұнында орай 

білім берудің құнды бағыт-бағдарының 4 типіне басымдық берілген. Олар - энциклопедизм, 

гуманитаризм, натурализм және прагматизм. Жан жақты дамыған тұлғаны қалыптастыратын 

білім берудің гуманистік мақсаты, білім беру мазмұнын қайта қарастыруды талап етеді. Ол 

тек  жаңа ғылыми  - техникалық ақпараттан тұрмай, гуманитарлық,  жеке басты дамытатын 

білім  мен  дағдыдан,  шығармашылық  істегі  тәжірибеден,  жеке  тұлғаның  әлемге,  ондағы 

адамға эмоционалды – құндылық қатынастардан тұруы тиіс. 

"  XXI  ғасырдағы  жоғарғы  оқу  туралы  дүниежүзілік  декларацияда"  атап 

көрсетілгендей жоғарғы оқу келесі міндеттерді орындауы тиіс: 

1)  Оқу  бағдарламасына  және  курстарына  негізделе  отырып,  адамзаттың  кез  келген 

шаруашылық  саласында  қажеттіліктерін  қанағаттандыра  алатын  қоғамның  заманауи  және 

болашақ  қажеттіліктеріне  әрдайым  бейімделетін  жоғарғы  дәрежелі  мамандарды  және 

жауапкершілігі мол азаматтарды дайындауды қамтамасыз ету. 

2)  Әділдік  рухында  демократия  мен  әлемнің  тұрақты  дамуына,  адам  құқығын  еске  ала 

отырып,  қоғам  өміріне  белсенді  араласу  мен  азаматшылықты  көздей  отырып,  қоғамдық 

мобильді жеке тұлға мен жеке даму мүмкіншілігін қатысушыларға кең таңдау мүмкіншілігін 

біріктіре отырып, жоғарғы білім алуды қамтамасыз ету. 

3)  Мәдени,  қоғамдық  және  экономикалық  дамуға  үлес  қосу  мақсатымен  қоғамды  қажетті 

біліммен қамтамасыз ету жаратылыстану ғылымы мен технологиялық зерттеулерді қолдай 

отырып, дамыту сонымен қатар, қоғамдық және гуманитарлық ғылым мен шығармашылық 

еңбекті зерттеу. 

4)  Ұлттық  және  аймақтық,  халықаралық  және  тарихи  мәдениеттерді  мәдени  плюрализм 

талаптарына сай түсіндіру,насихаттау, сақтау, кеңейту, дамыту және тарату.  

5)  Тұлға  азаматшылығын  құрып,  жастарды  тәрбиемен  қамтамасыз  ете  отырып,  қоғамдық 

құндылықтарды сақтау және нығайту, және де сол арқылы гуманизм болашағын кеңейту. 

6) Жалпы және кәсіби мәдениетті жоғары деңгейлі ұстаздар дайындап, білім беруді барлық 

деңгейлерде  дамуын  қолға  алу.  Заманауи  білім  берудің  мазмұнында,  оның  императивті 

құндылықтары  құрылымында  қоғамның  мәдениетті  меңгеру  міндеттерімен  қатар,  табиғи 

және  әлеуметтік  ортада  біртұтас  қарым-қатынасты  қалыптастыруда  адамның 

шығармашылық мүмкіншіліктерін өзгерту, оның қабілетін дамыту, өмір ақиқатын қайта құру 

ерекше орын алады. Қазақстанда жоғары білімді мамандар дайындау екі деңгейде жүреді. 

Әрбір деңгей өзіне тиесілі міндеттерді шешуге тиіс болды.  


472 

 

472 



 

Бірінші  деңгей  әлеуметтік  сипаты  бар  проблемаларды  шешуге  дайындау  деңгейі  болып 

саналады  (халықтың  білім  деңгейін  арттыру).  Осы  деңгейде  студенттер  жалпы  ғылыми 

базалық  дайындықтан  өтеді  және  нақты  тапсырыс  берушіге  немесе  тандалған  бағыттағы 

жалпы теориялық арнайы білімді алады(2). 

Мұндай  мамандардың  квалификациялық  деңгейі  батыс  білім  жүйесіндегі  бакалаврдың 

академиялық дәрежесіне сәйкес келуі тиіс. Мемлекет өзінің әлеуметтік бағдарламасына орай 

бакалаврға тапсырысты беруші болып саналады. 

Бастапқы  тұлғаның  біріншілігін  жариялаған  «гуманистік»  теория  моделі  басқада 

көптеген түрлі теориялар арасында ерекшеленеді. Өзінің қолданысына байланысты мектеп 

мәдени  селекцияның  құралы  болып  табылады.  Өзінің  философиясында  мектеп  дұрыс 

ойлауды  үйретіп  қана  қоймай,  жастарға  қоғамдық  пайдалы  құндылықтар  мен  идеяларды 

сендіруді басшылыққа алуы тиіс. Білім беру теориясында рационалистік концепция өзіндік 

өрлеу  кезеңін  бастан  кешіріп  жатыр.  Осы  модель  ғылыми-  техникалық  рефолюция  мен 

философиялық-қоғамдық  теорияның  әсерінен  дамыған  технологиялық  платформаға 

негізделген. 

Бүгінгі таңда білім берудің алдына келесі міндеттер қойылып отыр – ол өзінің елін 

қамтамасыз  етумен  қоса,  тез  трансформацияланудағы  әлем  жағдайында  қоғамдық  өмірге 

белсене араласу үшін білім алушылар қандай білім және ілімді меңгеруі тиіс."Дүниежүзілік 

деңгейлік  білім  беру"  деп  аталатын  жобаны  гуманистік  бағыт  ерекшелейді.  Бұл  моделдің 

концепциясында  білім  беру  қызметінің  вариативтік  идеясы  мен  дүниежүзілік  ең  жоғары 

жетістіктерге  бағытталған  стандарттарға  сүйенуді  насихаттайды.  Еуропалық  білім  беру 

саласында  айтарлықтай  өзгерістер  болып  жатыр.  Сорбон  (1998ж)  мен  Болонда  (1999) 

қабылданған  декларациялар  –  еуропдағы  жоғарғы  мектептің  түбегейлі  өзгеру  кезеңінің 

дәлелі. Сарапшылардың атап өткеніндей, екі құжатта білімнің мазмұнына емес, құрылымына 

бағытталған(3). 

АҚШ-тың  білім  беру  саясатының  бағытталуын  Батыс  Еуропа  елдері,  Жапония, 

өндірістік дамыған мемлекеттер бағалап және оның білім беру жүйесінің даму масштабына 

әлемдік нарықтағы өзіне қауіп төндіруші ретінде қарап, соған сәйкес шаралар қолданды. 

Дүниежүзіндегі  білім  беру  жүйесі  дағдарысты  бастан  кешіруде.  Қоғамның  қатал 

еңбек  бөлінісіне  негізделген  білім  берудің  дәстүрлі  әдісі  өз  мүмкіншіліктерін  жоққа 

шығарды.  Қоғамдық  жіктеліс,  өндірістің  төмендеуі,  кажетті  қаржыландырудың  болмауы 

білім  беру  дағдарысын  үдетуде.  Алайда  оқу  адамдардың  қоғамдануының,тұрақтануының 

факторы  болып  қала  береді.  Білім  берудің  гуманизациясы  дүниежүзінің  басқа  да  қазіргі 

жаһандану  проблемаларымен  байланысты  әлемдік  проблема  ретінде  қарастырылады. 

Әлемнің әлдеқайда дамыған елдеріндегі оқу дағдарысына тез ауысатын технологиялардың 

бәсекелестігі себеп болып отыр. 

Заманауи білім жүйесінің талабы қоғамды тек керекті біліммен қамтамасыз етіп қана 

қоймай,  қоғамдық  құндылықтарды  нығайту,  ұлғайту,  гуманизм  мен  азаматтықтың 

жағдайларын  кеңейту  өзекті  мәселе  етіп  қойылуда.  Бұл  үдеріс  үздіксіз  жүреді,  адамның 

әлеуметтену іске асырудың барлық кезеңінде жүзеге асырылады. 

Білімнің  жаңа  философиялық-әлеуметтанулық  парадигмасы  бірнеше  шарттарға 

жауап беруі керек: 

1) Біздің қоғамның полимәдениеттілік тәжірибесін ескеру. 

2) Білім беру жүйесінің замана тенденцияларға сай келуі. 

3) Әлемнің дәстүрлі тәжірибесімен шамалас болу. 

Полимәдениетті  қоғам  жағдайында  Қазақстанның  ғылыми  және  педагогикалық 

зиялылары тәрбиелеуші оқыту моделінің таңдауында тұрып қалды. Тәрбиелеу мен оқытудың 

теориясын іздеу тек  педагогика мамандары үшін ғана емес  –  бұл  жалпы ортақ  әлеуметтік 

мәселе. Қазақстанның тұрақты дамуына әлеуметтену үшін қандай жағдайлар жасалатынына 

байланысты  балалар  мен  жасөспірімдердің  жеке  бағының  неге  бағытталатынына 

байланысты. 



473 

 

473 



 

Қазақстанда әлемдік дүниетанымдық плюрализм қалыптасты, бірақ әзірге құндылық 

жүйенің концептуалды өлшемі жоқ, өйткені дүниетанымдық, құқықтық мәдени нормалар әлі 

де қалыптасып бітпеген, олар қалыптасу сатысында тұр. 

Республикада  гуманистік  педагогика  кеңінен  таралуда,  ол  бойынша  бала  білімдік 

және тәрбиелік қызметтің мәні басты және қорытынды болып тұр. 

Батыс  жаңа  технологияларының  үлгісін  культке  айналдыру  маңызды  мәселелердің 

бірі 


болып 

отыр. 


Бұл 

біздің 


қоғамымыздағы 

дәстүрлі 

құндылықтардың 

трансформациялануының нәтижесі. Бұның білім мен мәдениет моделдеріне бірдей қатысы 

бар. 

ХХІ  ғасырдың  өркениетті  даму  перспективаларына  сай  білім  беру  жүйесінің  жаңа 



үлгілерін іздеу адамзат дамуымен тығыз байланыста қарастырылады. 

Қазақстан  Республикасының  білім  жүйесінің  мақсаты  білім  сапасын  қамтамасыз 

етуде  тиімді  жұмыс  істейтін  ұлттық  үлгісін  құру,  ол  өз  кезегінде  қоғамды  жоғары  білікті 

кадрларға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді. Концепцияда білімнің міндеттері, құрылымы 

және мазмұны көрсетілген. Ондағы көрсетілген түрлендірулер халықаралық білім кеңістігіне 

интеграциялануға бағытталған. Концепция келесі негізгі ойлармен өкпектелген (4): 

– білім сапасын қадағалау

- білім ашық жүйе ретінде; 

– оқытуды ұйымдастырудың жаңа принциптері; 

– нәтижеге бағыт-бағдар ұстау; 

– жалпы және кәсіби білімнің арақатынасы. 

Бүгінгі таңда ақпарат және білім қоғамның дамуыныда стратегиялық ресурсы ретінде 

көрініс  тапты.  XXI  ғасыр  зияткерлік  индустриямен,  инновациялық  технологиялармен 

ерекшелінеді. Егер біз бұл үрдістің шеткі аймағында қалғымыз келмесе, біздің ақпараттық-

коммуникативтік кеңістігіндегі білім беру барысының стереотиптерін есте ұстау қажет. 

Білім берудің екінші деңгейінде мамандарды дайындау нақты тапсырыс беруші үшін 

немесе  нақты  қызмет  түрі  үшін  шешілетін  болады.  Осымен  байланысы  бұл  деңгейді 

бітірушілер  өздерінің  болашақ  жұмыстарының  ерекшелігін  ескеріп,  тереңдетілген  жалпы 

ғылыми, жалпы 

теориялық және арнайы білім алады, ол батыс білім жүйесінің инженері немесе магистры 

сияқты дипломды маманның квалификациялық деңгейіне сәйкес келеді. 

Технологиялық  өндірістің  және  инженер  –  техникалық  қызметкер  функционалдық 

ерекшеліктерінің  көп  жақтылығын  ескеріп,  екінші  деңгейдегі  білім  беру  оқылатын  кәдері 

мен дайындық көлемі бойынша индивидуалдануы тиіс. 

Қазақстандық  білім  беруі  ұйымдылық-құрылымдық  және  нормативтік  -  құқықтық 

мәселелерді шешіп, білім беруді реформалаудың жаңа кезеңіне өтті. «Білім туралы» жаңа Заң 

қабылағаннан  кейін  ЮНЕСКО  ұсынысы  бойынша  Халықаралық  білім  стандарттарының 

классификациясына  сай  үлгі  жұмыс  істейді.  Қазақстандық  білім  берудің  заманауи  даму 

кезеңі 2030 ж. білім стратегиясында көрсетілген стратегиясына бағыт-бағдар ұстанған(5). 

Жоғарғы білімнің қоғамның заманауи талаптарына сай болуын қамтамасыз ету үшін 

экономика,  ғылым,  мәдениет,  әлеуметтік  саланың  дамуына  тікелей  әсер  ететінін  ескеріп 

оның  білім  беру  және  ғылыми  зерттеу  міндетін,  функцияларын  қайта  қарау  керек. 

Мемлекеттің  және  оның  мүдделерінің,  қоғамдық  құрылымдардың,  кәсіпкерлердің,  бүкіл 

қоғамның тұрақты экономикалық дамуын, адам өмірінің деңгейін және сапасын көтерілуде, 

ұлттық қана емес әлемдік мәселерді шешудегі рөлінің маңыздылығын қайта қарауы қажет. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

1. Токаманов Ю.К. Тенденции человеческого развития. – Алматы, 2001. 

2. Сериков Э.А Система высшего технического образования Казахстана: 

движение по спирали – Алматы, «Ақ Шағыл».2015. 

3. Долженко О. Сорбонская и Болонская декларации: информация к 

размышлению // Вестник высшей школы. 2000. №6. С. 19-21. 



474 

 

474 



 

4. Концепция развития системы образования Республики Казахстан 

// Білім–Образование. – 2004. – № 1. 

5. 2011-2020 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасының Білім беруді 

дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы // "Егемен Қазақстан" 2010 ж. 

14 желтоқсан, № 529-532. 

 

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ 

 

Қабылда Жанбота Ерболқызы 

Астана қаласы, Гуманитарлық колледжі 

 

 



Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – 

үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше 

тұс  -  оның  сабақты  түрлендіріп,  тұлғаның  жүрегіне  жол  таба  білуі.  Ұстаз  атана  білу,  оны 

қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін, 

барлық  шәкіртін,  мектебін  шексіз  сүйетін  адам.  Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация 

мұғалімі  – педагогикалық  құралдардың  барлығын  меңгерген, тұрақты өзін-өзі  жетілдіруге 

талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан  шығармашыл  тұлға  құзыреті.  Жаңа  формация 

мұғалімі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге 

қойылатын  талаптар  :  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары  болуы,  кәсіби 

шеберлігі,  әдістемелік  жұмыстағы  шеберлігі.  Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  жаңа 

формация мұғалімі - рефлекцияға қабілетті, өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық 

,  зерттеушілік,  дидактикалық  -  әдістемелік,  әлеуметтік  тұлғалы,коммуникативтілік, 

ақпараттық  және тағы басқа құдыреттіліктердің жоғары деңгейімен сипатталатын рухани- 

адамгершілікті,  азаматтық  жауапты,  белсенді,  сауатты,  шығармашыл  тұлға.Нәтижеге 

бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа  парадигмасы  аясында  жекелеген  ұғымдар 

мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру үшін педагогтардың 

кәсіби  мәдениетін  дамытуға  бағытталған  оқу  қажеттіліктері  туындылап  отыр.  Біліктілік 

арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін түсінуге, соның 

нәтижесінде  өзіндік  іс-әрекетке  енуге  және  жеке  өміріндегі  тәжірибені  жетілдіру 

мақсаттарына  байланысты  қалыптасып  отыр.  Осы  заманғы  мұғалім  оқуға  үлкен 

потенциалдық 

мүмкіндіктермен 

келеді.Сондықтан 

олардың 


функционалдық 

сауаттылықтарын  кәсіби  шеберлікпен  ұштастыру  үшін  нәтижеге  бағытталған  білім  беру 

үлгісінде  мақсатты  түрде  білім  беретін,  қалыптастыратын,  дамытатын  андрогогикалық 

процесс  қажет.  Басқаша  айтқанда  ересектерге  арналған,  жалпы  және  кәсіби  білімнің 

қажеттілігін  дамыту,  ғылым,  білім  мен  мәдениет  жетістіктері  арқылы  адамдардың  жалпы 

мәдениеті  мен  әлеуметтік  белсенділікті  дамытуға  бағытталған  танымдық  іс-әрекетке 

ынталандыру үшін білім беру. Қазіргі білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған 

білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді көздейді. Бұл білім беру жаңаша 

ұйымдастыру - оның философиялық , психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы 

мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді.Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім 

жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті 

тұр.  Білім  сапасын  арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында 

мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт  берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби  шеберлікпен 

меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, 

ақпараттық  –  коммуникативті  мәдениеті  жоғары  тұлғалық  -  дамытушылық  функцияны 

атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін 

оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену 

және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады.        

 

Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 



бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 

475 

 

475 



 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 

жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін 

арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін 

дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 

ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.Осыған байланысты қазіргі таңда 

еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен 

жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы 

жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. 

Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, 

зиялылар  қауымының  деңгейіне  байланысты.  Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  білікті 

мамандар  даярлаушы  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты  мақсаты  – 

мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге 

қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге 

бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің бірі болып 

табылады.   

 

  12  жылдық  білім  3  сатыдан  тұрады.  Бірінші  –  бастауыш  (1-4  сыныптар) 



сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші 

–  (5-10)  сыныптар  оқушылардың  базалық  білімін  анықтап,  қарым-қатынас  мәдениетін, 

ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші – (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды 

негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға 

ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы 

мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-

жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық 

мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген.  

12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы 

қарым-қатынас 

құралдарының 

қарыштап 

дамуына 

байланысты 

жаңа 

адамды 


қалыптастыруды  көздеген  заман  талабы.Әлемдік  білім  кеңістігіндегі  оқытудың  озық 

технологияларын  қамтитын  жаңа  білім  мазмұны  шынайы  жарыс,  адал  бәсекеге  қабілетті 

адам тәрбиелеуді қамтамасыз етуге тиіс. 

12 жылдық оқытудағы басты мақсаты 

— қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті; 

— өзін-өзі дамытуға; 

— өз ойын еркін айта білуге; 

— өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім

— жоғары білімді шығармашыл дамыған тұлғаны қалыптастыру. 

 

Қазақстан  Республикасының  12  жылдық  білім  беру  тұжырымдамасында  педагог 



кадрлардың кәсіби - тұлғалық құзыреттілігін қалыптастыру басты мақсат екендігін атай келе, 

12  жылдық  білім  беруде  педагог  төмендегідей  құзыреттіліктерді  игеруі  міндетті  деп 

көрсетілген. 

1. Арнайы құзыреттілік- өзінің кәсіби дамуын жобалай білетін қабілеті. 

2. Әлеуметтік құзыреттілік- кәсіптік қызметімен айналысу қабілеті. 

3.Білім  беру  құзыреттілігі  -  педагогикалық  және  әлеуметтік  психологияның  негііздерін 

қолдана білу қабілеті. 

Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін -

өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы  түбегейлі  өзгерістерді  

күнделікті  оқу үрдісінде  берілетін 

тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Студенттер оқытушы қауымнан 

тек  білімге  ғана  емес,  өмірге  үйрететін  қабілеттілікті  қажет  етіп  отыр.  Демек,  болашақ 

педагогтеріміз  осы  ақпараттық  қоғамнан  қалыспай:  жедел  ойлаушы:  жедел  шешім 

қабылдаушы:ерекше  ұйымдастырушылық  қабілетті:  нақты  бағыт-  бағдар  беруші  болып 

шығуы  -  бұл  қазіргі  заманның  талабы.  Міне,  құзыреттілік  қалыптастыру  дегеніміздің  өзі 

болашақ  мұғалім  -  қазіргі  студенттердің  шығармашылық  қабілеттерін  дамыта  отырып 



476 

 

476 



 

ойлаудың , интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, 

білімнің  жетіспеушілігін  сезінуге  үйрету  арқылы  ізденуге  бағыттауды  қалыптастырудағы 

күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның  өзі  өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті 

оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке 

тұлғаны  қалыптастыруды  талап  етеді.Мұндай  құзырлылықтың  қатарына  мыналар 

жатады:бағдарлы құзіреттілік (азаматтық  белсенділік, саяси жүйені түсіну, баға бере білу, 

елжандылық, т.б); 

·мәдениеттанымдылық  құзіреттілік  (ұлттық  ерекшеліктерді  тани  білу,  өз  халқының 

мәдениеті мен өзге ұлттар, әлем мәдениетін салыстыру, саралай білу қабілеті); 

· оқу-танымдық құзіреттілік(өзінің білімділік қабілетін ұйымдастыра білу, жоспарлай білу, 

ізденушілік-зерттеушілік әрекет дағдыларын игеру, талдау, қорытынды жасай білу); 

·коммуникативтік  құзіреттілік  (адамдармен  өзара  қарым-қатынас  тәсілдерін  білу, 

мемлекеттік  тіл  ретінде  қазақ  тілінде,  халықаралық  қатынаста  шетел  тілінде  қатынас 

дағдылары болуы); 

·ақпараттық-технологиялық  құзіреттілік  (ақпараттық  технологиялармен,  техникалық 

обьектілер  көмегімен  бағдарлай  білу,  өз  бетінше  іздей  білу,  таңдай,  талдай  білу,  өзгерте 

білуді жүзеге асыра білу қабілеті); 

·  әлеуметтік-  еңбек  құзіреттілігі  (әлеуметтік-қоғамдық  жағдайларға  талдау  жасай  білу, 

шешім қабылдай білу, түрлі өмірлік жағдайларда жеке басына және қоғам мүддесіне сәйкес 

ықпал ете білу қабілеті); 

·тұлғалық  өзін-өзі  дамыту  құзіреттілігі  (отбасылық  еңбек,  экономикалық  және  саяси 

қоғамдық қатынастар саласындағы белсенді білімі мен тәжірибесінің болу қабілеті). 

Аталған құзыреттілік қасиеттерді тұлға бойына дарытуда педагог қауымның арнайы 

әлеуметтік білім беру құзыреттіліктерінің жан-жақты болуы талап етіледі.Егер педагог өзінің 

кәсіби өсу жобасын дұрыс жолға қоя отырып, өзінің кәсіптік қызметіне нақты берілу арқылы 

тұлғаның  алған  білімін  өмірде  қолдана  білетіндей  тапсырмалар  жүйесін  ұсына  алатын 

жағдайда болғанда ғана студент құзыреттілігін қалыптастыруға мүмкіндік табады. Бір сөзбен 

айтқанда, тұлғаға бағытталған білімдер жүйесі білім стандартына сай тұлғаның жан- жақты 

дамуына  негізделген,  алған  білімін  өмірдің  қандай  бір  жағдаяттарына  қолдана  алатындай 

дәрежеде ұсыну педагогтің құзыреттілігіне байланысты болады  

 

Бiлiм  беру  жүйесi  қоғамның  әлеуметтiк  –  экономикалық  дамуында    жетекшi  роль 



атқарады.  Ал  бiлiмнiң  қалыптасып,  дамуының  жалпы  шарттары  философияның  негiзгi 

мәселесi  –  рухтың  материяға,  сананың  болмысқа  қатынасы  тұрғысынан  зерттелетiн  iлiм 

таным  теориясы  деп  аталады.  Таным  теориясының  басқа  ғылыми  теориялардан  түбiрлi 

айырмашылығы  –  ол  бiлiмнiң  қалыптасуы  мен  негiзделуiнiң  жалпы  ұстанымдарын, 

объективтiк қатынастарды қалыптастырады. 

 

Кәсіптік бастауыш білім беру. 



Кәсіптік  мектепте  оқу  мерзімі  -  2-3  жыл,  кәсіптік  лицейде  -3  жыл,  ерекше  күрделі 

кәсіптер бойынша, сондай-ақ бірегей жабдықтарға қызмет көрсетуге байланысты жұмыстар 

үшін - 4 жылға дейін болады. 

Кәсіптік  бастауыш  білім,  кәсіптік  мектептер  мен  кәсіптік  лицейлерде  негізгі  жалпы  білім 

беру базасында алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол еңбек қызметінің 

түрлі  бағыттары  бойынша  білікті  еңбек  қызметкерлерін  (жұмысшы,  қызметкерлерді) 

даярлауға бағытталған. 

Кәсіптік орта білім беру 

Кәсіптік орта білім колледждерде, училищелерде негізгі, жалпы білім беру базасында 

конкурстық негізде алынып, жалпы орта білім алумен ұштастырылады және ол кәсіптік орта 

білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. Колледжде, училищеде оқу мерзімі - 

3-4  жыл.  Ұқсас  мамандықтар  бойынша  жалпы  орта  және  кәсіптік  бастауыш  білімі  бар 

азаматтардың  қысқартылған,  жеделдетілген  бағдарламалар  бойынша  кәсіптік  орта  білім 

алуына  болады.Кәсіптік  орта  білім  колледждерде,  негізгі  жалпы  орта  білім  алумен 

ұштастырылады және ол кәсіптік орта білім алып шығатын мамандар даярлауға бағытталған. 


477 

 

477 



 

Кәсіптік жоғары білім беру 

Жалпы  және  кәсіби  орта  мектептерді  бітірген  жастар  университеттерде, 

институттарда, академияларда және соларға теңестірілген оқу орындарында білім алады. 

Жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім.  

Республика  азаматтарға  аспирантураларда,  докторантураларда  оқып,  ғылым 

кандидаттары  мен  докторлары  дәрежелерін,  доцент  пен  профессор  атақтарын  алуға 

мүмкіндік береді, ғылыми кадрларға деген қажеттігін қанағаттандыруды қамтамасыз етеді. 

Кадрлардың біліктілігін арттыру және оларды қайта даярлау қосымша білім беру 

Жұмысшылар мен мамандардық басшы қызметкерлердің біліктілігін арттыру және оларды 

қайта  даярлау  арнаулы  білім  асыру  мекемелерінде,  кәсіпорындарында,  ғылым  мен  оқу 

орталықтарында ұйымдастырылады. 

Қосымша білім беру үшін денешынықтыру - сауықтыру, техникалық, мәдениеттану, тіл және 

басқа  бағыттағы  мекемелер  жүйесі  құрылады.  Оларды  Білім  министрлігі  және  жергілікті 

өкімет басқару органдары бекітеді. 

 

 Сонымен,  білім  мен  тәрбие  беру  -  бұл  республика  азаматтарының  құзыретін  және 



адамгершілік, ақыл-ой, мәдени дамуының жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған 

үздіксіз  педагогикалық  процесс.  Қазақстан  Республикасында  жастарға  білім  беру  процесі 

халқымыздық  ұлттық  дәстүр  салтына,  мәдениетіне,  экономикасына  және  саяси  өміріне 

негізделіп іске асырылады.Республикада "Білім туралы" Заңды жүзеге асырудық маңызды 

жолының бірі - болашақ мұғалімдерді мектепте халықтық педагогика негізінде жүргізілетін 

тәлім-тәрбие  ісіне  даярлау.  Бұл  бағыттағы  басты  мақсат  -  оқушыларды  адамгершілікке, 

имандылыққа тәрбиелеу болып табылады. 



1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал