«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет61/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   134

Список литературы:   

453 

 

453 



 

1.Васильева  Е.Ю.  Компонентный  механизм  проектирования  образовательной  среды 

ВУЗа// «Экология образования», 2009, №9. С 24-31. 

2.Сидорова Л.В. Организационно-методические условия формирования математических 

представлений в дошкольном образовании// Сборник материалов межрегиональной научно-

практической  конференции  педагогических  работников:  «Вестник  ТОГИРРО».  Тюмень: 

ТОГИРРО, 2014. № 1. С. 98. 

 

   



КУРС ФОРТЕПИАНО В ФОРМИРОВАНИИ МУЗЫКАЛЬНОГО МЫШЛЕНИЯ 

И СТАНОВЛЕНИЯ ЛИЧНОСТИ БУДУЩИХ МУЗЫКАНТОВ РАЗЛИЧНЫХ 

СПЕЦИАЛЬНОСТЕЙ В СРЕДНЕМ ЗВЕНЕ МУЗЫКАЛЬНОГО ОБРАЗОВАНИЯ 

 

Гребенникова А. О. 



Карагандинский колледж искусств им. Таттимбета 

 

 



Высокая  общая  и  музыкальная  культура,  развитый  интеллект,  самобытность, 

оригинальность  мышления,  безупречный  эстетический  вкус,  неисчерпаемый  креативный 

потенциал,  -  вероятно,  именно  такими  качествами  должен  стремиться  обладать  будущий 

артист, наряду с желанием в совершенстве достичь мастерства исполнения на том или ином 

музыкальном инструменте. Как известно, путь этот трудный и довольно длительный. 

Часть  поставленных  задач  можно  решить  в  процессе  обучения  в  среднем  звене 

образования,  в  рамках  образовательных  программ  музыкальных  колледжей,  колледжей 

искусств  и  т.д.  Здесь,  помимо  хорошего  базового  обучения  игре  на  разнообразных 

музыкальных инструментах, существует целый комплекс учебных дисциплин, позволяющих 

получить и другие необходимые знания в области музыкального искусства. 

Безусловно,  центральное  место  занимает  курс  музыкально-теоретических  дисциплин, 

таких  как:  теория  музыки,  сольфеджио,  гармония,  основы  полифонии  и  др.,  а  также 

историко-теоретические дисциплины, позволяющие получить знания в области музыкальной 

литературы, истории исполнительского искусства и др.  

Надо  сказать,  что  освоив  курс  обучения  игре  на  фортепиано,  можно  овладеть 

уникальным  инструментом  музыкального  выражения,  который  будет  понятен  и  близок 

исполнителю  любой  специализации.  Уникальность  фортепиано  заключается  в  его 

универсальности.  Как  известно,  к  группе  клавишных  инструментов,  объединенных  этим 

общим названием, относятся пианино и рояль, которые, в свою очередь, позволяют понять 

более  старинные  музыкальные  изобретения,  такие  как  клавесины  различного  рода  и 

конфигураций,  клавикорды,  и  даже  в  некоторой  степени,  такой  сложный  инструмент,  как 

орган [1]. Также следует отметить и игру на синтезаторе, поскольку он тоже входит в группу 

клавишных и является актуальным инструментом музыкального обучения. Таким образом, 

фронт использования клавишного инструмента позволяет преодолеть узкое исполнительское 

направление  традиционного  музыкального  обучения,  содействует  стимулированию 

музыкального мышления будущего музыканта и всестороннему развитию его музыкальных 

способностей. 

Содержание  курса  определяется  для  каждой  специальности  индивидуально,  при  этом 

объединяющей составляющей для всех является развивающий фактор: развитие личности, 

творческих способностей, креативного, художественно-образного мышления, музыкального 

и  общекультурного  кругозора,  интеллекта  -  в  помощь  будущей  исполнительской, 

педагогической или просветительской деятельности ныне учащихся [2]. 

Далее  следует  обратить  внимание  на  специфику  предмета,  позволяющую  и 

приветствующую  использование  разнообразных  видов  концертных  выступлений  для  всех 

учащихся:  академические  концерты,  конкурсы,  фестивали,  отчетные  концерты,  лекции-

концерты, презентации и др. 



454 

 

454 



 

Немаловажную  роль  в  работе  по  подготовке  молодых  специалистов  играет  развитие 

навыков самостоятельного мышления и самостоятельной работы. Это, прежде всего, умение 

без  посторонней  помощи  разобрать  произведение,  правильно  раскрыв  композиторский 

замысел и авторский стиль, затем его выучить, рационально распределив время и силы для 

поисков новых исполнительских решений и работой над его технической стороной [3].  

Следует  отметить,  что  особенностью  обучения  в  колледже  является  закрепление  и 

углубление  знаний,  полученных  в  детской  музыкальной  школе  (ДМШ)  и  подготовка  к 

дальнейшему профессиональному развитию в ВУЗе. Нужно подчеркнуть, что выпускники 

колледжа  должны  быть  способны  и  готовы  к  полноценной  работе  в  любом  качестве: 

концертмейстеров, ансамблистов, преподавателей специального, обязательного фортепиано 

или, в зависимости от специализации, любого другого инструмента, методистов, теоретиков 

и т.д. Следовательно, будущие специалисты должны  хорошо уметь владеть такой формой 

работы  педагогической  деятельности,  как  урок.  Умение  его  правильно  построить, 

организовать,  провести  зависит  от  качества  полученных  в  процессе  обучения  в  колледже 

знаний, умений самостоятельно мыслить, анализировать, правильно организовать свой труд. 

Характерной чертой опытных преподавателей, хорошо осознающих профессиональную 

ответственность, является выделение в своей работе в качестве методической основы таких 

тем,  направленных  на  воспитание  будущих  специалистов,  преподавателей  или 

исполнителей,  как:  знание  специфики  профессии  музыканта,  навыки  самостоятельной 

работы,  творческого  мышления,  поэтапное  освоение  музыкального  произведения, 

применение 

музыкально-теоретических 

знаний, 


анализ, 

музыкально-слуховые 

представления и художественно-образное мышление, работа над техникой и т.д. [4]. 

В  педагогической  практике  случаются  такие  ситуации,  когда  уровень  студента  по 

предмету фортепиано на момент поступления в колледж недостаточный. Задачей педагога 

становится  заполнить  пробелы  знаний,  устранить  недостатки,  возможно,  исправить 

постановку рук, нарастить техническую базу. Для этого, прежде всего, необходимо включить 

в учебный процесс данного курса изучение гамм, различных упражнений и этюдов.  

Помимо этого, основное внимание следует уделить изучению и расширению репертуара 

обучающегося.  Это  могут  быть  произведения  композиторов  различных  стран,  а  также 

жанров,  эпох,  стилей  и  характеров.  Например,  из  зарубежной  музыки  в  обязательной 

программе  рекомендуются  практически  везде  полифонические  произведения  И.  С.  Баха. 

Крупная форма представлена сонатами и вариациями (в зависимости от уровня подготовки) 

композиторов:  Ф.  Кулау,  Й.  Кунау,  Д.  Скарлатти,  Й.  Гайдна,  В.  Моцарта,  возможно  Л. 

Бетховена и др. [5]. Кроме того, такие разнохарактерные пьесы следующих композиторов: 

Ф.  Мендельсона  («Песни  без  слов»),  Л.  Бетховена  (лендленры,  контрдансы,  менуэты, 

багатели),  Ф.  Шуберта  (небольшие  пьесы,  некоторые  музыкальные  моменты),  Р.  Шумана 

(«Альбом для юношества») и др.  

Очень  полезно  и  актуально  включить  произведения  казахстанских  композиторов  в 

программу данного курса. Например, фортепианные пьесы молодых казахстанских авторов

таких  как  О.  Несипханов  («Подражание  народному  напеву»,  «Танцующая  девушка»),  А. 

Сагат  («Прелюдия»,  «Талшын»),  Г.  Абдрашев  («Байтак  дала»,  а  также  Вариации  для 

фортепиано),  А.  Нуралиева  («Домбыра»,  «Озен»),  А.  Абдинуров  («Мешин»,  «Коян»),  Т. 

Андосов («Утро», «Прелюдия»), Б. Хасангали («Ноктюрн», «Фантазия») и др. 

В заключение следует добавить об еще одной важной составляющей любого учебного 

процесса  -  наличии  хорошего  творческого  контакта  педагога  и  обучаемого.  По-прежнему 

актуально  такое  понятие,  как  индивидуальный  подход:  знание  сильных  и  слабых  сторон 

своего  ученика,  особенностей  психики  и  моторики,  личных  качеств,  творческих  и 

музыкальных возможностей каждого.  

 

Литература: 

1.  Цыпин  Г.М.  Психология  музыкальной  деятельности:  проблемы,  суждения, 

мнения. - М., 1994 



455 

 

455 



 

2. Петрушин В. И. Музыкальная психология. - М., 1997 

3. Леви В.Л. Искусство быть другим. – Луганск, 2000 

4. Сеченов И.М. Психология поведения. - М., 1995 

5.Нейгауз Г.Г. Об искусстве фортепианной игры. - М., 1982 

 

 



 

ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

Р. Б. Алибаева қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы 

ҚР «Халық қаһарманы» Р. Қошқарбаев атындағы Балқаш техникалық колледжі 

 

Қазіргі  таңда  елдің  болашақ  азаматтарын  қалыптастыру  бағытындағы  білім  беру 



мәселесі – мемлекетіміздің басты саясатының бірі. Білім мен ғылымның ел дамуына оңтайлы 

әсер етуі үшін демократияландыру, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алу міндеті 

туындап, білімге, бүкіл оқу-әдістемелік жүйеге жаңа талаптар қойылуда. Сондықтан ұстаз іс-

әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Мұғалім өз 

білім-білігін, оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыруы және жаңа педогогикалық 

технологияны меңгеруі тиіс. 

Қазіргі таңда педагогикалық жаңаша үрдістерде білім мен тәрбие берудегі ізгілендіру, 

жариялылық, педагогикалық ынтымақтастық, ғылыми-әдістемелік тың ізденістерге сүйене 

отырып, жаңашылдыққа талпыну қажет  екендігін айтады. Оқытудың жаңа технологиясын 

енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық, коммуникациялық желілерге 

шығу – XXI ғасырдың басты талабы. 

Технология – қарапайым тілмен айтқанда, жүзеге асатын, нақты мақсаттардың алдын ала 

ойластырылған  нақты  жобасы,  яғни,  белгілі  педагогикалық  жүйенің  тәжірибеде  жүзеге 

асатын жобасы. 

Сабақты  жаңашыл  үрдіспен  өткізу  –  студенттердің  білім  сапасын  арттырып,  олардың 

шығармашылық  және  ойлау  қабілеттерін  дамытып  отырады,  ал  педагогтар  үшін  кәсіби 

шеберліктерінің өсуіне жәрдемдеседі. Оқытудың жаңа технологиялық әдістерін пайдалана 

отырып, өздіктерінен ойлана алатын, ізденгіш, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлғаны 

тәрбиелеу тиімді. 

Студенттердің  рухани-шығармашылық  мүмкіндіктерін  дамыту  салауатты  өмір  сүру 

салтының  берік  негіздерін  қалыптастыруда,  кешегі  мен  бүгінгіні  салыстыра  айта  білудегі 

қабілеттерін  шыңдауда  пән  мұғалімінің  атқарар  жүгі  ауыр.  Студенттердің  ой  еркіндігін 

жетілдіру, ғылыми шығармашылыққа баулу – білім беру ісін демократияландырудың негізі 

болып табылады. Әсіресе, әдебиет пәнін оқытуда студенттерді ғылыми жұмыстарға баулу 

тәсілдері, әр түрлі ізденіс сипатындағы тапсырмаларды жүйесімен нақты орындату. «Сабақ 

беру  үйреншікті  жай  шеберлік  емес,  ол  үнемі  жетілдіруді  қажет  ететін,  үнемі  жаңаны 

табатын өнер », - деп Ж. Аймауытов айтқандай, сабақ беруді өнер деп бағалау тегін емес. 

Соның ішінде әдебиет сабағы –асыл сөз өнер сабағы. Асыл сөз өнерін терең ой мен эмоция, 

сезімге беріліп, шабыттана қиялдау, елестету, болжау мен студенттерді шығармашылыққа 

жетелейтін  өнер  сабағы.  Сабақ  үрдісінде  берілетін  мазмұнды  бүгінгі  күннің  өзекті 

проблемасымен байланыстыра өту – студентке ой салу, ойланту, өмір сабағы. 

Оқыту  –арнайы  танымдық  іс-әрекет.  Ол  –  негізгі  ойдың,  ақылдың  жұмысы.  Оқыту 

арқылы студентке қоғам өзінің ғасырлар бойы жинаған асыл мұрасын, дағды, тәжірибесін 

береді.  Оқыту  процесінің  жүйелі,  түсінікті,  нақты  қалыптасуы  танымдық  іс-әрекеттің 

маңыздылығын  арттырады.  Мұғалім  студенттерді  білім  жүйесімен,  іскерлікпен,  дағдымен 

қаруландырып қана қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілетін дамытады. 

Бүгінгі  таңда  жаңа  технологиялар  өз  қолдауларын  тауып,  оқу  үрдісінде  қолданылуда. 

Технология  –  бұл  қандай  да  бір  жұмысты,  өнерді  шеберлікпен  іске  асыру  жиынтығы. 

Әдебиет  сабақтарында  сыни  тұрғыдан  ойлау  технологиясы  қолдануға  ыңғайлы,  былайша 


456 

 

456 



 

айтқанда, барша үшін қоғамдық маңызы мен мәні зор идеяларды игеруге болатын нақтылы 

әдістер және тәсілдер. 

Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не? 

«Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша ол: 

-шыңдалған ойлау, кез келген даму деңгейіне байланысты мәселелерге сын көзбен қарау; 

-күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешім қабылдауға құштарлық; 

-үйрету  мен  үйрену  бірлігінің,  үйренудің  қызығушылығынан  тұратын,  үйренушінің 

сеніміне негізделген құрылым. 

«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» технологиясы үш кезең бойынша қолданылады: 

1.

 

Қызығушылықты ояту; 



2.

 

Мағынаны тану; 



3.

 

 Ой-толғаныс. 



Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі мынадай нәтижелерге қол жеткізеді: 

-

 



студенттер басқалармен қарым-қатынас жасай береді; 

-

 



басқаларды  тыңдай  білуге,  кез-келген  жауапқа  сыйластықпен  және 

түсіністікпен қарауға үйретеді; 

-

 

өз ойын топ алдында ашық айта алуға, қорғай білуге баулиды; 



-

 

керек  кезде  өз  көзқарасын  дұрыс  өзгерте  білуге  үйретеді,  оның  дамуын 



қамтамасыз етеді; 

-

 



ең  бастысы  –  оқу  мотивациясы  өзгереді,  өз  бетінше  ізденуге  ұмтылдырады, 

сабаққа қызығушылығы артып, студенттердің белсенділігі өте жоғары болады. 

Мысалы, 1 курста Э-15-1 тобында Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасын талдау 

барысында әр студент өз ойын айтуға мүмкіндік алады. 

Топтық жұмыс: 

1)

 



студенттер поэманы оқып, мазмұнымен танысады. 

2)

 



поэманың басты мақсатын ашады. 

Поэманың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, бір-бірін толықтыру: 

-поэманың кейіпкерлерін атау; 

-неліктен Баян інісі Ноянды өлтірді? 

Талдау  жұмыстарын,  ең  алдымен,  студенттерге  поэмадағы  басты  оқиғаларды 

тапқызып,  әрқайсысына  тақырып  бойынша  сұрақ  қойғызу  арқылы  бастаған  тиімді. 

Студенттердің өз бетімен ізденуін, белсенді түрде жұмыс істеуін көздеп, 

-

 



Осы оқиғадағы кеіпкерлер қандай іс-әрекет жасады? – деген сұрақ беріледі. Бұл 

сұраққа жауапты студенттер өз бетінше жеткізуге талаптанады және жұмыстарының 

нәтижесін дәптерлеріне жазып отырады. 

Баян мен Ноянға мінездеме беру бойынша жүргізілетін жұмыс. 

1)

 

поэмадан кейіпкерлердің мінездерін айқын суреттейтін көрініс көрсетіледі; 



2)

 

сабақ барысында студенттер өз таңдаулары бойынша «Поэмадағы ең бақытсыз 



жан» деген тақырыпта эссе жазып, екі топқа бөлініп, әр топ мүшесі өзі таңдап алған 

кейіпкердің өзгешелігін айтады. 

Студенттер поэманың негізгі тақырыптарын айтады: 

Отанын,  елін,  жерін  сүюге,  адамгершілікке,  сабырлылыққа,  мейірімділікке,  басқа  да 

өнегелі істерге үйрету. 

Осы тақырыптарға сәйкес  мақал-мәтелдер айтылады. 

Ең соңында поэма мазмұны бойынша суреттер салынады. 

Сабақты қорытындылау. Сауалдарға жауап айтқызу: 

1)Баян мен Ноянның жағдайына тап болсаңдар, сендер не істер едіңдер? 

2) М. Жұмабаев поэмасынан өздеріңе қандай тәлім-тәрбие алдыңдар? 

Үйге  тапсырма:  Поэма  бойынша  шығарма  жазу  немесе  табиғатты  суреттейтін  өлең 

жолдарын тауып, поэмаға қандай қатысы бар екенін табу. 

Осындай  сабақ  барысында  студенттер  өздерінің,  бір-бірінің  пікірлеріне  сын  көзімен 

қарай  отырып,  жаңа  тың  идеялар  туғызады.  Мұндай  сабақтар  студенттің  танымдық 



457 

 

457 



 

белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуына, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал 

етеді.  Студенттер  осындай  сабақтарда  оқудың  қызықты  әрі  жеңіл  өтетіндігін,  ұжымды 

бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі әрі тинақтылығы артатындығын 

баяндайды. 

Қорыта айтқанда, оқыту процесінің нәтижелі болуы ұстаздың сабақ беру шеберлігіне, 

сабағын  қызықты  жүргізіп,  зейін  қойдыра  білуіне,  студенттердің  өздігінен  білім  алуға 

үйренуіне  байланысты.  Қандай  болмасын  жаңа  әдіс-тәсілдер  әрбір  студенттің  өз  бетімен 

оқып  үйренуіне  сенімін  ұялатып,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне,  қорытынды  жасай 

алуына,  сөйлеу  мәдениетінің  өсуіне  ықпал  етеді,  білім  сапасын  арттырады.  Жаңа  әдіс-

тәсілдерді  мән-мағыналарына,  ерекшеліктеріне  қарай  таңдап  қолдана  білсек,  болашақ 

ұрпаққа сапалы білім беруде ұтарымыз анық.  Қашан да білімді  ұрпақ  – болашағымыздың  

кепілі.  Егеменді  еліміздің  тағдыры  –  жас  ұрпақтың  қолында  болса,    ұрпақтың  тағдыры  – 

бүгінгі ұстаздардың қолында. 

Елбасы  Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Келер  ұрпақ  алдында  зор  жаупкершілік  жүгін  арқалап 

келеміз», - деген сөзі ұстаз қауымына үлкен жаупкершілік артып отыр. Еліміздің болашағы 

көркейіп, өркениетті елдердің қатарына қосылуы бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді.  

 

 

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ

 

ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ 

 

                                           

Мусенова А.Т. Зейнешева З.Б. 



 Ғ.Мұстафин атындағы № 83 ЖББОМ, Қарағанды қаласы 

 

Оқушы  бірінші  сыныптан  бастап  қазақ  тілін  үйрену  барысында  тілдегі  түрлі 



қолданылатын  атауларды  (  әріп,  дыбыс  ,  буын,  сөз,    сөз  тіркестері,  сөйлем,  сөз  бен  сөзді 

байланыстыратын жалғау, жұрнақ,  тыныс белгілері – нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, 

сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді  оқып үйренеді. 

      Бүгінгі таңда әрбір жаңашыл ұстаз үшін,  оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау 

әдісі    кез-  келген  стратегиялар  құнды,  әрі  бағалы.  Бұл  стратегиялар  оқушылардың 

қызғушылығын, өмірге деген көзқарасын арттыра отырып, ұстаздың тығырыққа  тірелетін 

сәттерінен  арылтады.  Сұрақ  қою,  ой  шақыру,  білім  көпірі,  бес  жолды  өлең,  еркін  жазу, 

білемін,  үйренгім  келеді,  білгім  келеді,  Венн  диаграммасы,  пікірталас,  болжау,  автор 

орындығы,  топтастыру,  стратегияларын  қолдану  оқушылардың  танымдық  мотивациясын 

оятып, ынталандыра түсері белгілі. Сонымен қатар бұл стратегиялар оқушының қөзқарасын, 

түсінігін дамыта  түседі, жалықтырмайды, әрі сапалы  білім алуына септігін тигізеді. Оқыту 

әдістері  -  оқытудың  мақсат-міндеттеріне  сай  оның  мазмұнын  оқушыларға  меңгертуде 

мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы екені 

баршаға  мәлім.  Мұғалім  оқыту  әдістерінің  көмегімен  оқушыларға  білім  беріп,  олардың 

тәжірибелік  әрекетін  ұйымдастыруда  өзінің  іс-әрекетін  оқушылардың  таным  әрекетіне 

басшылық  етумен  болатыны  сөзсіз.  Мұғалім  оқытудың  нәтижесін  арттыруда  оқыту 

әдістеріне  қатысты  амал-тәсілдерімен  қатар  оның  құралдарын  да  пайдаланады.  Қазақ  тілі 

сабағында  қолданылатын  әдістер:Сөздік  әдістер:  түсіндіру,  әңгіме,  әңгімелесу,  кітаппен 

жұмыс. Көрнекі әдістер: иллюстрация және демонстрация. Оқыту үрдісінде ең көп тараған 

дәстүрлі әдіс - сөздік немесе мұғалімнің ауызша баяндау әдісі. Бұл әдіс оқыту процесіңде 

басқа  әдістерге  қарағанда  жетекші  роль  атқарады.  Көрнекілік  әдістер  оқу  материалын 

оқушылардың  көзімен  көріп,  нақтылы  түсінулеріне    үлкен  мүмкіңдік  береді.  Бұған 

демонстрация,  иллюстрация    тәсілдері  жатады.Тәжірибелік  әдістердің  ішінде  ең  көп 

қолданылатыны  —  жаттығу  әдісі.  Оқу  барысында  теориялық  ережелер  мен  қағидаларды 

қайтадан  пысықтап  қайталап,  тиянақты  меңгеру  жаттығу  арқылы  орындалады.  Ауызша 

жаттығу оқушының оқу материалын ауызекі баяңдауға дағдылану мақсатын көздейді.  



458 

 

458 



 

Қабілеті әр түрлі оқушы тілдің мұндай белгілері мен атауларын бірден меңгеріп кетуі 

мүмкін емес, тек оның негізгі, қажеттілерін(анықтама, ережесін) есте сақтауы мүмкін. 

Қазіргі    сабаққа  қойылатын  талап  тұрғысынан  техникалық  құралдарды,    кестелер, 

сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер 

ете отырып, ескеріле келе олардың ойлану қабілетін дамытуға  көп көңіл бөлінеді. 

Қолданылатын  көрнекіліктер  оқушылардың  сабаққа  деген    ынтасын    арттыра  түседі, 

түсіндірілген    материалдарды  саналы    меңгертуге    ықпал  жасайды.  Оқушылардың  білім 

сапасының  көп  жағдайларда  төмен  болуы,  осындай  түрлі  ойлау  әрекеттеріне 

бейімделмеуден,  әдіс- тәсілдерді аз қолданудан, дағды бермеуден деп айтуға болады. Қазіргі 

кезде қазақ тілін қандай бағытта, қандай  мазмұнда оқыту керек? 

     Меніңше,  коммуникативті  функционалды  бағытта  болуы  керек.  Сондықтан  тілдің 

коммуникативті механизмін ашу керек . Яғни, оның сөйлеу процесіндегі,  сөйлем құрудағы,  

мәтін бойынша әңгіме құрастырудағы рөлі амал – құралдар арқылы меңгертіледі, сөздік қоры 

молая түседі. 

      Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу бүгінгі таңның басты мәселесі болып тұр. 

Сабақта  бұл  мәселені  шешу  жолдарының  бірі-  әр  түрлі  технологияларды,  әдіс-  тәсілдерді 

тиімді қолдана отырып,  жаңа технологияларды енгізу. Қазір  технологиялардың түрлері өте 

көп  екені  баршаға  белгілі.  Орыс  мектептерінде  қазақ  тілін  үйрену,  лексикалық  және 

грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін 

оқыту, ауызекі сөйлеуге үйрету қиын да,  өте қызық жұмыс.  

        Грамматикалық  материалдарды  және  лексикалық  тақырыптарды  оқытуда  тірек 

сызбалардың    қолданылуы  тілді  дамытуға,  сөздік  қорды  молайтуға,  бір-  бірімен,  қарым- 

қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе 

білуге үйретеді.  

        Білім  беру  үрдісінде    ақпараттандыру  –  жаңа  инновациялық  әдістер  мен  оқыту 

технологияларын қолдану арқылы, дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын 

жүзеге  асырумен  қатар,  оқу-  тәрбие  үрдісінің  барлық  деңгейлерінің  тиімділігін  көздейді. 

Бүгінгі күннің талабына сай білім саласында жаңа технологиялар қолданудың маңызы зор.  

Заман  талабына  сай  білім  беру  оқушылардың  адамгершілік,    логикалық  тұрғыдан 

интеллектуалдық  дамуының  жоғары  деңгейі  мен  білімін  қамтамасыз  етуге  бағытталған 

оқытудың үздіксіз үрдісі деп айтсақ, оның тиімділігі мен сапасын арттыру мұғалімнен оқу 

процесінің ғылыми теорияға негізделген және оқушының қабілеті мен бейіміне негізделген 

оқытудың таңдамалы әдістеріне көшуді талап етеді. Ондағы негізгі мақсат оқушыға сапалы 

білім беру , біліс сапасын арттыру.  Бүгінгі таңда жас ұрпаққа кез- келген пәнді ұғындырудың 

тиімді  жолы  –  жаңа  технология  негіздері  болып  табылады.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнін 

оқытуда жаңа технологияларды пайдалану мұғалім үшін қандай маңызды болса, оқушы үшін 

одан  да  маңызды  екенін  ұмытпайық.  Жаңа  технологиялар  оқушылардың  білім  сапасын 

арттыруға, өздігінен жұмыс істеу мүмкіндігін молайтуға көп көмегін тигізеді. 

Инновация–педагогикалық  процеске  оқыту  мен  тәрбиенің  жаңа  тұжырымдамаларын, 

оқу  жоспарларын  және  бағдарламарын,  түрлерін,  әдістерін,  құралдарын  енгізіп,мақсатқа 

жету.  Инновациялық  үрдіссіз  мектептің  дамуы  мүмкін  емес.  Инновациялық  мектептердің 

мақсаты  –  жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту.Инновациялық  үрдісті  зерттеу  барысында 

жүйенің бір жағдайдан екінші бір жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық 

жасау  мәселелерін  зерттеу  маңыздылығы  Н.В.  Горбунова  М.В.Кларин,  А.В.Лоренсов, 

М.М.Поташник,  Л.И.Романова,  В.И.Загвязинский,  А.Я.Найн,  Т.И.Шамова,  О.Г.Хомерики 

зерттеулерінде қарастырылған. 

«Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет»  - 

деп Шоқан Уәлиханов айтқандай  еліміздің  дамуына, өркениетті  ел болып, білімді  ұрпақ  

тәрбиелеуде   инновациялық жаңа  әдіс – тәсілдерді  сабақта  қолданудың  маңызы өте зор. 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаеватап  айтқандай,  Қазақстанның  болашағы  қазақ  тілінің  дамуына, 

тағдырына  тікелей  байланысты.  Сондықтан  да  мемлекеттік  тілдің  оқыту  жағдайына  көп 



459 

 

459 



 

көңіл бөлініп отыр. Осы тұрғыда жаңа технологияларды қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында 

кеңінен пайдаланамыз. 

Қазақ тілі сабағының әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің 

өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі-сабақ. Сондықтан 

сабақ  тартымды,  әсерлі,мақсатты,  айқын,  қызықты  және  толық  мәнді  болуы  тиіс.  Ол-

сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін 

кеңінен насихаттайтын пән. 

Ақпараттық технологияларды пайдаланып оқыту мынандай нәтижелерге қол жеткізуге 

мүмкіндік береді: 

-         оқу материалын терең түсіну; 

-         оқу мотивациясының артуы; 

-         алған білімнің неғұрлым ұзақ уақыт есте сақталуы

-         білім беруге жұмсалатын шығынның азаюы; 

Соңғы  жылдары  оқытудың  жаңа  технологиялары  білім  беру  саласында  кеңінен 

қолданылып  келеді.  Олардың  ішінде  отандық  әдіскер  ғалымдар  жасақтаған  «Модульдік 

оқыту технологиясы»(М.Жанпейісова), «Деңгейлік тапсырмалар» (Ж.Қараев), әсіресе қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  сабақтарына  арналған  «Сатылай  кешенді  талдау»  (Н.Оразақынова)  т.б. 

технологиялары 

мұғалімдердің 

қызығушылығын 

арттырып, 

оқу 

үдерістеріне 



кеңінененгізіліп жатыр. Мұндай әдіс – тәсілдер мен оқытудың жаңа технологиялары туралы 

арнайы еңбектер мен ғылыми  – әдістемелік тұрғыдан баяндайтын құралдар, түрлі курстар 

мен  білім  сатысы  оқулары  арқылы  мұғалімдердің  әдіскерлік  шеберліктерін  ұштауларына 

мүмкіндіктер  мол.  Сабақ  барысында  қандай  оқушы  болмасын  І  деңгей  тапсырмасын 

орындайды,  Әрбір  оқушы  І  деңгей  тапсырмасын  орындауға  міндетті  және  одан  жоғары 

деңгейдің  тапсырмаларын  орындауға  құқылы.  Деңгейлеп  –  саралап  оқытудың  тағы  басты 

қажеттілігі,  оқушыны  өз бетімен ізденуге үйрету, олардың шығармашылық бейімділіктері 

мен икемділіктерін дамыту. Жеке тұлғаның қалыптасып, ой – өрісінің дамуы, белсенділігінің  

жоғары деңгейде болуы, білім алу қажеттілігі, оны  шынайы өмірде іс – тәжірибеде қолдану, 

шығармашылық міндеттерді сабақ барысында ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі – 

оқушылардың өзіндік жұмысы болып саналады. 

Деңгейлеп  – саралап оқытудың және бір бағыты  – тәрбиелік маңызы бар.  «Адамға ең 

бірінші білім емес, тәрбие берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», деп 

Әбу  –  Насыр  Әл  –  Фараби  айтқан.  Қазіргі  педагогикада  пайдаланып  жүрген 

технологиялардың бірі және бірегейі – модульдік оқыту технологиясы. 

        Осы  орайда  қазіргі  қазақ  тілі,  тіл  біліміне  кіріспе  пәндері  бойынша  шығармашылық 

жұмыс  түрлерін  көбірек  ұсыну,  ойын  түрлерін  жүргізу,  оны  кейін  практикалық  тұрғыда 

қолдана  білуге  үйрету  жұмыстары  өз  нәтижесін  беріп  келеді.  Сыни  тұрғысынан  ойлау 

технологиясы  бойынша  сабақ  құрылымы  қызығушылықты  ояту,  мағынаны  ажырату,  ой 

толғаныс  кезеңдерінен  тұрып,  әр  кезеңдегі  тәрбиелік  және  оқу  мақсаттары  әр  түрлі 

стратегияларды  қолдана  отырып,  алға  мақсат  қою,  мәселені  зерттеу,  жауап  іздеу, 

оқушылардың өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелейді. 

Заман  талабына  сай  күнделікті  сабақ  барысында    бейне  және  аудио  құрылғыларды, 

теледидарды,  компьютерді,  электронды  оқулықты,  интерактивті  тақтаны  қолдану 

оқушылардың  тілді  үйренуге  деген  белсенділігін  арттырып,  ең  бастысы  олардың 

шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасайды. 

        Қандай  да  болмасын  жаңа  әдіс-тәсілдер  әрбір  оқушының  өз  бетімен  оқып  үйренуіне 

сенімін  ұялатып,  шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне,  қорытынды  жасай  алуына,  сөйлеу 

мәдениетінің  қалыптасуына ықпал етеді, білім сапасын арттырады.  

Әдіс  деген  сөз  гректің  "metodos"  деген  сөзінен  шыққан.  Метод  деген  ұғым  белгілі 



ақиқатқа,  шындыққа,  мақсатқа  жетудің  жолдары  деген  мағынаны  білдіреді.  Қысқаша 

психологиялық-педагогикалық сөздік "әдіс"  — мақсатқа қол жеткізетін жол, тәсіл, белгілі 

жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет"- деген анықтама береді. 


460 

 

460 



 

       Оқыту  технологияларын  сабақта  қолдану  оқушылардың  білім  сапасын  арттырып  қана 

қоймай,  сонымен қатар олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-

тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға  сапалы 

білім  беруде  ұтарымыз  анық.  Әр  сабақты    өмірмен    байланыстырсақ,  болашақта  үлкен 

жетістіктерге жетеріміз анық. 




1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал