«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет43/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   134

        

Қолданылған әдебиеттер:  

1.«Бала  мен балабақша» журналы, №3,2016ж 

2.Қазақстан  Республикасының  президентінің  «Қазақстан  -  2030»  жылдарға  арналған 

жолдауы 


3.«Мақал - мәтелдер» жинағы 

4.«Тәрбиеші ұсталығы» журналы, №4,2016ж 

 

 

ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУДІҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: ТӘЖІРИБЕСІ, 



МӘСЕЛЕРІ, ДАМУ ВЕКТОРЛАРЫ 

 

Аманбек Нуржан 

Коммуналдық Мемлекеттік Қазыналық Кәсіпорын  «Нәзік» балабақшасы 

 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Балабақша 



–  үйрететін  орта,  оның  жүрегі  -  тәрбиеші.  Ізденімпаз  тәрбиешінің  шығармашылығындағы 

ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Тәрбиеші атана 

білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр тәрбиешінің борышы. Ол өз кәсібін,  

барлық тәрбиеленушілерін , балабақшасын шексіз сүйетін адам.Өзгермелі қоғамдағы жаңа 

формация тәрбиешісі – педагогикалық құралдардың барлығын меңгерген, тұрақты өзін-өзі 

жетілдіруге  талпынған,  рухани  дамыған,  толысқан  шығармашыл  тұлға  құзыреті.  Жаңа 



311 

 

311 



 

формация тәрбиешісі табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы 

тәрбиешіге  қойылатын  талаптар  :  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары 

болуы, кәсіби шеберлігі, әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 

Осы  айтылғандарды  жинақтай  келіп,  жаңа  формация  тәрбиешісіі-  рефлекцияға 

қабілетті,  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  талпынған  әдіснамалық  ,  зерттеушілік,  дидактикалық  - 

әдістемелік,  әлеуметтік  тұлғалы,коммуникативтілік,  ақпараттық  және  тағы  басқа 

құдыреттіліктердің  жоғары  деңгейімен  сипатталатын  рухани-  адамгершілікті,  азаматтық 

жауапты, белсенді, сауатты, шығармашыл тұлға. 

Ұлы  ағылшын  ағартушысы  Уильям  Уарт  жай  мұғалім  хабарлайды,  жақсы  мұғалім 

түсіндіреді, керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады деген екен. Ал XXI ғ. 

нағыз тәрбиеші қандай болмақ, кәзіргі заманда Егеменді еліміз тәуелсіз жеріміздің болашағы 

жас  өсіп  келе  жатқан  ұрпақ  қолында.  Сол  ұрпақты  тәрбиелеуде  тәрбиеші  сан  түрлі  әдіс 

тәсілдер  қолдануда.  Кәзір  таңда  тәрбиеші  алдында  білім  жүйесін,  заман  талабына  сай 

үйлестіре, жаңа үлгіде жүргізу міндеті туындап білімге бүкіл оқу - әдістемелік жүйеге жаңа 

талаптар қойылуда. Бұл дегеніміз тәрбиешіге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру деген 

сөз.  

           Оқитын  пән  қаншалықты  жаңа,  бағалы  болса  да,  мтәрбиешінің  шеберлігі  қандай 



жоғары  болсын,  тәрбиеші  мен  балалардың  өз  белсенділігін  туғыза  алмаса,  берген  білім 

күткен  нәтиже  бермейді.  «Ұстаздың  биігі  ойлана  қарасаң  биіктей  береді,  үңіле  қарасаң, 

тереңдей  береді,  қол  созсаң  қарсы  алдыңда,  айналсаң  артыңда  тұрғандай»  –  деп  Сократ 

айтқандай  Егеменді  еліміздің  алдыңғы  қатарлы  отыз  мемлекеттің  қатарына  қосылуға 

табандылықпен  жылжу  саясаты  қоғамымыздың  барлық  саласында  түбегейлі  өзгерістер 

енгізіліп жатыр. Соның ішінде болашақ ұрпаққа әлемдік деңгейде білім беру мақсатына орай 

білім мазмұнына жаңаша қарау – басты міндеттердің бірі.  

         Әрбір  маман өз  –  ісінің маманы. Сондықтан оның өзінің жұмыс тәжірибесінде әдіс  – 

тәсілдерді  қолданады.  Әдіс  дегеніміз  –  тәрбиешінің  белгілі  бір  мақсатқа  жетудегі  іс  – 

әрекеті,тәсілі. 

        Технология дегеніміз - көптеген әдістердің жиынтығы. Мысалы, көз алдымызға үлкен 

бір  құрылысты  елестетіп  көрейік.  Сол  құрылысты  салу  үшін  көптеген  кірпіш  керек. 

Кірпіштерді дұрыс қаламаса, ол құлап қалуы мүмкін. Ол үшін білгір басқаруы керек. Міне, 

біздің  технологиямыз  да  осы  іспеттес.  Тәрбиеші  –  басқарушы  ретінде  әдістерді  тиімді 

пайдалана  білмесе,  оның  технологияны  түсінбегені.  Ондай  тәрбиеші  мақсатына  жетпейді. 

Сондықтан бүгінгі күні еліміздің білім жүйесінде оқыту үдерісін тың идеяларға негізделген 

жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 

        Француз  қайраткері  «Адамға  оқып  –  үйрену  өмірде  болу,  өмір  сүру  үшін  қажет» 

дегендей  оқыту  процесін  технологияландыру,  осыған  сәйкес  оқу  бағдармаларын  жасау, 

ғалымдар  мен  жаңашыл  педагогтардың  еңбектерімен  танысу  жұмыстары  мұғалімдердің 

үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті 

оқыту  түрінен  активті  оқытуға  көшу  оқу  танымын  ұйымдастырудағы  бастамашылдығына 

жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. 

        Қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог 

кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы 

және  кәсіби  біліктілігін  дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ  педагогтердің  еңбегін 

мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған 

байланысты  қазіргі  таңда  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы 

саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, 

келешегі  мен  болашағы  жайлы  толғануына,  жаңа  идеялармен  жаңа  жүйелермен  жұмыс 

жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру 

жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Дәстүрлі білім беру 

жүйесінде  білікті  мамандар  даярлаушы  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты 

мақсаты – мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып

басекеге  қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы 


312 

 

312 



 

нәтижеге бағдарланған білім беру жүйесін ұсыну – қазіргі таңда негізгі өзекті мәселелердің 

бірі. 

        Заманауи білім берудің даму тенденцияларында тәрбиешінің тәжірибесі жетіледі және 



біліктілігі арттылады. Тәрбиеші маман жұмыс тәжірибесінде шыңдалады. 

       Тәрбиеші  өз  кәсібінің  шекарасынан  шыға  алуы,  сол  арқылы  өз  тәжірибесін,  еңбегін 

өзгерте  алуы  жатқызылады.Шығармашыл  тәрбиеші  үшін  біреудің  тәжірибесін 

қайталағаннан гөрі өз жаңалықтарын, білгендері мен түйгендерін басқаларға ұсына алуының, 

шығармашылық  бағыттылықтың  болуының  мәні  зор.  Кәсібиліктің  бірден  келе 

салмайтындығы белгілі, оны әр тәрбиешіде  ерте ме, кеш пе меңгеруі тиіс. А.Маркова оның 

кезеңдерін  төмендегідей  етіп  бөледі:  мұғалімнің  өз  мамандығына  бейімделу  кезеңі: 

мамандықта  өзін-өзі  өзектендіру  кезеңі:мамандықты  еркін  меңгерген  кезең:  мамандықта 

шығармашылық  деңгейге  жеткен  кезең.  Осылайша  ғалым  кәсіби  құзыреттіліктің 

сипаттамасын шебер- тәрбиешінің , жаңашыл- тәрбиешінің, зерттеуші-тәрбиешінің, кәсіби 

дәрежесіне көтерілген тәрбиешілердің жиынтық бейнесі ретінде қарастырады. 

       Ең бірінші  кезекте тәрбиешінің  «  өзіндік жаңалығы» болуы қажет.  Ғылым жаңалығын 

түрлендіруде өз үлесін қосу арқылы жасаған нәтижелі жұмысы өзгелердің тәжірибесін толық 

көшірмей, жаңа ортаға икемдеп, өзіндік іс- әрекет жиынтығы арқылы айтарлықтай нәтижеге 

қол  жеткізу  керек.Қазіргі  кәсіптік-  педагогикалық  қызмет  қандай  тәрбиешіні  талап  етеді. 

Тәрбиеші  –  тәрбиеленушілердің  жеке  тұлғасын  дамытуға  басымдық  беретін,  күрделі 

әлеуметтік-мәдени  жағдайларда  еркін  бағдарлай  алатын,  шығармашылық  процестерді 

басқара  алатын,  адам  туралы  ғылымның  жетістіктерін,  оның  даму  заңдылықтарын, 

компьютерлік  оқыту  өнерін  терең  меңгерген  жан-  жақты  дамыған  шығармашыл  тұлғаны 

талап етеді. 

        Ал, білім беруде кәсіби құзырлы маман иесіне жеткен деп мамандығы бойынша өз ісін 

білетін,  балалар  шығармашылығы  мен  дарындылығының  дамуына  жағдай  жасай  алатын, 

тұлғалық- ізгілілік бағыттылығы жоғары, педагогикалық шеберлік пен өзінің іс- қимылын 

жүйелілікпен  атқаруға  қабілетті,  оқытудың  жаңа  технологияларын  толық  меңгерген  және 

білімдік мониторинг негізінде ақпараттарды тауып, оларды таңдап  

      Тәрбиеші  сабақта  әдіс  -  тісілдерді  пайдалана  отырып,  балалардың  ұсыныс  -  пікірлерін 

еркін айтқызып, ойларын ұштауға және өздеріне деген сенімін арттыруға мүмкіндік туғызып 

отыру  қажет.  Әдіс  –  тәсілдер  арқылы  өткізген  әрбір  сабақ  балалардың  ойлануына  және 

қиялына  негізделіп  келеді,  баланың  тереңде  жатқан  ойын  дамытып  оларды  сөйлетуге 

үйретеді. Түрлі әдістемелік тәсілдер пайдалану арқылы қабілеті әртүрлі балардың ортасынан 

қабілеті  жоғары  баланы  іздеп,  онымен  жұмыс  жасау,  оны  жан  -  жақты  тануды  ойлап, 

балалардың шығармашылық деңгейін бақылап отыру әрбір тәрбиешінің міндеті. 

       Жаңа  технологияны  меңгеруде  тәрббиешінің  жан  –  жақты,  білімі  қажет.  Жаңа 

педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан –жақты 

дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа  педагогикалық  идеялар  мен 

жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы бала тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі бала 

– өздігінен білім іздейтін жеке тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек. 

       Тәуелсіз  ел  тірегі  –  білімді  ұрпақ  десек,  жаңа  дәуірдің  күн  тәртібінде  тұрған  мәселе  – 

білім беру, ғылымды дамыту. Өркениет біткеннің өзегі,ғылым, тәрбие екендігіне ешкімнің 

таласы жоқ. Осы орайда білім ордасы – балабақша, ал балабақшаның жаны – тәрбиешілердің 

басты міндеті - өз ұлтының тарихын, мәдениетін, тілін қастерлей және оны жалпы азаматтық 

деңгейдегі рухани құндылықтарға ұштастыра білетін тұлға тәрбиелеу. 

        Бәрімізге белгілі, біздің қоғам аса күрделі жағдайларды бастан кешірді. Өтпелі кезеңге 

тән өмірдің ауыртпалықтарын ешкім жоққа шығара алмайды. Бірақ адам қандай жағдайда да 

өзінің биік адамгершілік сипаттарын, кісілік қасиеттерін сақтап қалуға тиіс. Тәрбиенің осы 

жақтарын қазақ жастарының санасына кішкентайынан терең енгізу қажет. Олай болса, қоғам 

болашағы-  жас  ұрпақтың  бойына  адамгершілік,  ізгілік,  мейірімділік,  ақыл-ой,  сана-сезім 

қалыптастыратын салауатты тәрбие беру мазмұнын жаңаша құру қажет. Осы орайда, «Сабақ 



313 

 

313 



 

беру  –  үйреншікті  жай  шеберлік  емес,  ол  –  үнемі  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»  деген, 

Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас. 

       Қорыта айтатын болсақ, әр  уақытта бала  білімін алға қоюшы ұстаз үлкен көрсеткішке 

қол жеткізу жолында талмай талаптанып, шаршамай еңбектенеді. Сол кезде ғана еліміз көкке 

шарықтап,  басқа  елге  елді  танытады.  Елді  өсіретін  де,  елді  төмен  түсіретін  де  –  білім. 

Сондықтан қолда бар амалдарды тиімді пайдалана білу сіз бен біздің үлесімізде, құрметті 

жас 


маман 

иелері! 


      Өз  ісіне  берілген,  жаңалықты  жатсынбай  қабылдайтын,  баланың  жанына  нұр  құйып, 

өмірде өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін маман болайық. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 



«Бала мен балабақша» №9, 2011.  

2.

 



«Қазақша сөйлейміз» «ИИЦ Азия-Арна» баспасы Алматы 2010ж. Күзекова З. 

3.

 



 «Қазақ тілі мен әдебиеті» №7, 2011.  

Мектептегі мерекелер №6. 2007 

4.

 

Бала тәрбиесі №8. 2007, №7. 2008. №9. 2007. №12. 2007, №3. 2014, №10. 2013, №3. 



2013. 

5.

 



Мектептегі мерекелер №5. 2009 

 

 



ЗАМАНАУИ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУДЫҢ БЕЛГІСІ 

 

Касымова Г.К. 

Қазақстан Республикасының ІІМ  Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы 

 

  

        Қазіргі  таңда кез-келген  маманның  кем дегенде  үштілді  меңгеруін  қоғам  талап 



етіп отыр. Ғылым мен техниканың барлық саласында қарқынды дамып жатқан ақпараттық-

технологиялық  үрдістер  бәсекеге  қабілетті  маман  даярлаудың  жаңа  үлгісін  ұсынды.  

Ғалымдардың  айтуына  қарағанда,  инновация  термині  ХІХ  ғасырда  жазылған  ғылыми 

зерттеулерде кездеседі. ХХ ғасырда шетелдік экономист ғалымдардың (Й.Шумпетера) еңбегі 

арқылы  кеңінен  таныла  бастаған.Алайда  оның  қазіргі  қазақ  тілінің  сөздік  құрамына  еніп, 

пәрменді қолданысқа ене бастаған кезі деп ХХІ ғасырды айтуға болады. Дәлірек айтсақ, 2010 

жылғы  Елбасы  Жолдауынан  кейін  «инновация»  термині  таза  экономикалық  категория 

болғанына  қарамастан,  қоғам  өмірінің  барлық  салаларына  қатысты  шығармашылық  ой, 

идеялар ұғымында қолданыла бастады. Және осыған байланысты технологиялық инновация 

және  әлеуметтік  инновация  деп  аталатын  түрлерге  жіктелді.  Ғаламтордағы  мәліметтерге 

сүйенсек,  технологиялық  инновация  азық-түлік  өнімдерінің,  тұрмыстық  техникалардың, 

басқа  да  құрал-жабдықтардың  түрін  көбейтіп,  сапасын  жетілдіруге  немесе  олардыңжаңа 

түрін ойлап табуға бағытталған технологиялық шешім.  

      Ал инновацияның әлеуметтік инновация деп аталатын түрі адам өмірін жақсартуға 

мүмкіндік  беретін  салаларды,  атап  айтқанда  білім  беру,  денсаулық  сақтау,  қайрымдылық, 

басқару  жүйесі,  т.б.  жетілдіру  жолдары.  Міне,  сондықтан  қазіргі  кезеңде  жоғары  оқу 

орындарында  инновация  және  инновациялық  қызмет  мәселесіне  ерекше  ден  қойылуда. 

Біздің  қоғамдаға  нарықтық  экономика  жағдайында  бәсекелестік  қабілетті  арттыру  тікелей 

осы  инновациялық  шешімдер  мен  қызметтерді  қажет  етеді.  Қазақстан  Республикасының 

Президенті  –  Елбасы  Н.Ә.Назарбаевтың  «Қазақстан-2050»  стратегиясы  қалыптасқан 

мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына кезекті Жолдауының баға жетпес 

құндылығы  айқын  бағыт-бағдар  үлгісі  ретінде  ұсынуы.  Демек,  «Қазақстан  –  2050» 

стратегиясы құбылмалы тарихи жағдайдағы жаңа Қазақстан үшін жаңа саяси бағыт өлшемі. 

«Қазақстан–  2050»  бағдарламасының  басты  мақсаты  еліміздің  XXI  ғасырдың  ортасында 

әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына енуі болып табылады. Жолдауда тіл саясатына елді 


314 

 

314 



 

біріктіруші  басты  фактор  ретінде  басымдық  бере  отырып,  Елбасы:  «Мен  2050  жылғы 

қазақстандықтар  –үш  тілде  сөйлейтін  білімді,  еркін  адамдардың  қоғамы  екеніне  толық 

сенімдімін.Үштілділік  мемлекеттік  деңгейде  ынталандырылуы  керек»  -деп  айқын  мақсат 

қойды. Осы үдеден шығу мақсатында білім беру жүйесіне де алуан түрлі заман талабына сай 

амал-тәсілдер  енгізілуде.  Бүгінде  кеңінен  қолданыс  тапқан  «инновация»  сөзіне  ғалымдар 

бірнеше  анықтама  берген:  «Инновация  –белгілі  бір  топқа  жаңа  болып  табылатын  идея» 

немесе  «Инновация  –арнайы  өзгеріс».  Ал  елімізде  «Инновация»  ұғымына  тұңғыш  рет  

зерттеуші  Н.  Нұрахметов  анықтама  берді.  Зерттеушінің  пікірінше:  «Инновация  дегеніміз 

білім  беру  мекемелерінің  жаңалықтарды  жасау,  меңгеру,  қолдану  және  оларды  таратуға 

қатысты  қызметі».  Инновация  білімнің  мазмұнында,  әдістемесінде,  технологиясында,  оқу 

үдерісін  ұйымдастыру  барысында  айқындалады.Қазіргі  таңда  оқу  үдерісіне  «жаппай» 

енгізіліп  жатқан  инновациялық  технологиялар  баршылық.  Әрине,  инновация  көкейкесті 

мәселелердің  тоғысында  пайда  болып,  оқу  үдерісіндегі  әдістемелерге  жаңашатұрғыдан 

қарап, оны үздіксіз жаңғыртуға бағытталады [1]. 

     Болашақ  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  мұғалімдердің 

инновациялық  іс  -  әрекетінің  ғылыми  –  педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  –маңызды 

мәселелердің  бірі.  Бүгінгі  мақсат  –  әрбір  оқушыларға  түбегейлі  білім  мен  мәдениеттің 

негіздерін  беру  және  олардың  жан-жақты  дамуына  қолайлы  жағдай  жасау.Инновациялық 

үрдістің негізі –жаңалықты қалыптастыру,қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез 

келген  жаңа  әдіс  жекелік,  сондай-ақ  уақытша  жоспарға  жатады.  Бұл,  бір  мұғалім  үшін 

табылған жаңа әдіс, жаңалық, басқа мұғалім үшін өтілген материал  тәрізді.Инновация білім 

деңгейінің  көтерілуіне  жағдай  туғызады.  Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің 

интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами 

келбетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 

ұйымдастыруына көмектеседі.Оқу-тәрбие үрдісінде қолданып жүрген жаңа педагогикалық 

технологиялар  мыналар:  дамыта  отырып  оқыту  әдістемесі  (Л.Занков,Д.Эльконин, 

В.Давыдов,  В.Репин,  В.Левин);  оза  отырып  оқыту(С.Лысенкова);  іс-әрекетті  бағалау 

(Ш.Амонашвили);  тірек  және  тірек  конспектілері  арқылы  оқыту  (В.Шаталов);  саралап 

оқыту;шоғырландырып қарқынды оқу жүйесі; деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту; 

жобалап оқуты технолдогиясы.  

       Жаңа  технологиялардың  педагогикалық  негізгі  қағидалары:  балаға  ізгілік 

тұрғысынан  қарау;  оқыту  мен  тәрбиенің  бірлігі;  баланың  танымдық  күшін  қалыптастыру; 

баланың өз бетімен әрекеттенуін қалыптастыру; баланың танымдық және шығармашылық 

икемділігін дамыту; әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту; оқу 

үрдісін оқушының сезінуі. Мемлекетіміздің әлемдегі дамыған елдермен тең болуы әрі басқа 

елдер арасында өркениетті ел ретінде танылуы үшін мектеп оқушысына саналы тәрбие мен 

сапалы білім берудің маңызы зор. Қазіргі кезең–технологияның әртүрінің қарқынды дамыған 

заманы.  Әрбір  ұстаз  өз  Отанын  шексіз  сүйетін,  білімді,  іскер,  рухани  адамгершілігі  мол, 

парасатты, мәдениетті, жан-жақты жетілген ұрпақ дайындау міндетті. Яғни, сабақта әр түрлі 

әдіс  -тәсілдерді  пайдалану,  оқушының  жеке  басын  құрметтей  отырып,  білім  беру  –қазіргі 

оқытудың негізгі талабы.Инновация–педагогикалық үрдісте оқыту мен тәрбиенің жаңа 

тұжырымдамаларының,  оқу  жоспарларының,  бағдарламаларының,  түрлерінің, 

әдістерінің,  құралдардың  мақсатына  жету  [2].  Инновация-жаңалық,  жаңашылдық,  өзгеріс. 

Инновациялық құрал және үрдіс әлде бір жаңалықты енгізу деген сөз.  

      Педагогикалық  үрдісте  инновация  оқыту  мен  тәрбиенің  тәсілдері,  түрлері, 

мақсатымен мазмұнын, мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық 

енгізуді  білдіреді.  Қазақ  тілін  оқытуда  сөйлесім  іскерлігін  кейбір  интербелсенді  әдістерді 

қолдану  арқылы  үйретеді.  Инновациялық  үрдіссіз  мектептің  дамуы  мүмкін  емес. 

Инновациялық  іс-әрекет-қоғамның  әлеуметтік-экономикалық  жағдайына  сай  мектеп 

жұмысын дамытатын, мектеп өміріне оң өзгерістер әкелетін іс-әрекет. Әрбір мұғалім өзінің 

оқу-жұмысын дамыту үшін түрлі құралдар арқылы өзінің іс-әрекетін саналы түрде өзгертеді. 

Инновациялық үрдістің кезеңдері: 


315 

 

315 



 

- инновацияның себептері; 

- жаңалықты жобалау; 

- жаңалықты жүзеге асыру. 

Инновациялық үрдісті күшейтетін бес фактор: 

1. Басшысының шығармашылығы, оқытудың жаңа 

технологияларын жасауға қабілеттілік, педагогикалық үрдіске 

қатысушылардың бір-бірімен өзара әрекеті және қарым-қатынасы. 

2. Инновациялық үрдістің жоспары, бағдарламасы. 

3. Бағдарлама, жоспар бойынша мектепке ғалымдардың кеңес 

беруі, керек жағдайда инновациялық үрдіске ететін жғдайларды 

көрсетіп, сәтсіздік болғанда оны жоятын шараларды да белгілеу. 

4. Әлеуметтік-экономикалық жағдай. 

5. Инновациялық үрдіске қатысушылар: бастама көтерушілер

қарсы  тұрушылар.  Инновациялық  оқыту  арқылы  біз  жаңа  технологияларды 

қолданамыз. Сабақты компьютерге жазып, оқушылар үйде көріп, тыңдуына мүмкіндік бар. 

Инновациялық оқыту тәсілдерін қолдану арқылы өткен сабақтың тиімділігі: 

1. Материалды түсіндіруге мұғалім көп қиналмайды. 

2. Оқушылар жаңа сабақты, материалды оңай қабылдап, тез меңгереді. 

3. Сыныпта басы артық шу, әңгіме болмайды. 

4. Интербелсенді тақта арқылы жаңа сөздің мағынасын түсіндіругеболады. 

5.Оқиғаға  құрылған  сурет  бойынша  оқушыға  заттың  атын,  түсін  ататқыза  отырып, 

қимылына, көрген-байқағандарына байланысты сөйлем құрғызып, әңгіме айтқызуға болады 

[3].  


Жаңашыл мұғалімдердің жаңа бағытта, инновациялық әдіспен жұмыс істеу жолдары: 

-аналар арасындағы ынтымақ;  

-ұжым мүшелерінің шығармашылық жұмысы;  

-дамытатын жұмыстар беру; 

-өзі және ұжымды талдауға үйрету; 

Инновациялық оқыту-заманауи оқытудың белгісі, білім берудегі оқыту мен тәрбиенің 

негізгі  мақсаты  оқушылардың  шығармашылық  қабілетін,  ақыл-ойын  дамыту.  

Шығармашылық – бүкіл тіршіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, 

бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкіл халықтық, 

жалпы  және  жеке  адамның  шығармашылығы  арқылы  келдік.  Әр  жаңа  ұрпақ  өзіне 

дейінгіұрпақтың  қол  жеткен  жетістіктерін  меңгеріп  қана  қоймай,  өз  іс  -әрекетінде  сол 

жетістіктерді  жаңа  жағдайға  бейімдей,  жетілдіре  отырып,барлық  салада  таңғажайып 

табыстарға  қол  жеткізеді.Қазіргі  кезде  мектептің  алдына  қойылып  отырған  басты 

талаптарының бірі – рухани дүниесі бай жан-жақты дамыған жеке тұлға тәрбиелеу.  

     Оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамытудың  жолдары,құралдарын  анықтау 

ертеден зерттеліп келеді. Шығармашылықтың негізгі сипаты жаңалық ашуға, жаңа тәсілдер 

табуға  ұмтылу.  Қай  пәнде  болсын  оқушылардың  танымдық,  шығармашылық  қабілетін 

дамыта оқыту, олардың сабаққа деген қызығушылығын ояту, ойын ынтасын дамыта түседі. 

Жалпы  білім  беру  мазмұнын  жаңартудың  ғылыми  негізіне  мектеп  оқушысын  белгілі  бір 

қажетті  біліктілер  мен  дағдыларының  иесі,  жас  ерекшелігіне  байланысты  өз  жасын 

қалыптастыруға күш жұмсап еңбектенетін оқушы деп қарастыратын, 

осыған  орай  көп  қырлы  құрылымды  білім  мен  тәрбие  мазмұнын  анықтап,  құруға 

көмектесетін қазіргі заманғы дамыта оқыту идеясы арқау болады. 

     Сонымен  қатар  қай  мемлекетті  айтар  болсақ,  негізгі  тірегі  –білімді,  білікті,  іскер, 

белсенді  адамдар  екені  айқын.Сондықтан  қоғам  талабына  сай  ол  қоғамды  көркейтетін, 

дамытатын жастар тәрбиелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қазір білім беру саласында 

жаңа  жүйе  жасалып,  әлемдік  білім  кеңістігіне  ену  бағытында  елеулі  істер  атқаруда. 

Инновация  білім  деңгейінің  көтерілуіне  жағдай  туғызады.«Білекке  сенер  заманда  ешкімге 

есе бермедік, Білімге сенер заманда, қапы қалып жүрмейік» – деп Абылай хан айтқандай әр 


316 

 

316 



 

мұғалім жаңа технологияның идеяларын іздене оқып, педагогика саласында өз жолын, өз тың 

еңбегін, өз сүрлеуін салуға үлес қосуға тиісті [4]. 

 



1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал