«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет31/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134

Қолданылған әдебиеттер тізімі 

1.

 

«Білім. Образование» журналы,  2007. 



2.

 

Бабаев С.Б. Оңалбек Ж. Психология танымы. Түркістан, 2006. 



3.

 

Қазақстандағы  дарындылық  мәселесі  бойынша  инновациялық  педагогикалық  қызмет 



жинағы. Дарын, 2005. 

4.

 



Тұрғанбаева Б. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту. –Алматы, 1999. 

 

 



ДАРЫНДЫ БАЛАНЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ОЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУДІ 

ҰЙЫМДАСТЫРУ 

 

Шоқпарова Марал Жексенбаевна 

Алтайбаев негізгі орта мектебі 

                             



                  «Қазақстан  ұлы держава болуы   үшін бізге    күш-қуаты,  

                  қажыр -  қайраты  мол, ақылды да ойлы  дарынды жастар керек » 

Н.Ә. Назарбаев 

 

         Еліміздің    дамуындағы  стратегиялық    міндеттерді  шешуде  білім  беру  саласына 



тың жаңалықтар, ұтымды шешімдер енгізу қажеттілігі –заман талабы болып тұр. Себебі ХХІ 

ғасыр ғылым мен техника ғасыры екендігі баршамызға мәлім. Осындай ауқымды мәселені 

шешудің  негізгі  тетіктерінің  бірі  –  балалардың  дарындылығын  дамыту.  Қазақстан  әлем 

аренасына  шығып,  халықаралық  деңгейде  экономикалық  және  мәдени  байланыстарды 

дамыту  үшін  дамыған  мемлекеттермен  терезесі  тең  болып  қарым-қатынас  жасауы  үшін 

интеллектуалды элитаны қалыптастыру ісін қолға алуда.  

 

Дарындылық-адам  қоғамында  және  бір  құндылық  ретінде  қаралатындықтан 



дарынды  балалармен  жұмыс  істеу  адам  ресурсын  барынша  жақсы  пайдалану  болып 

табылатыны  сөзсіз.  Бұл  бағытта  мемлекет    тарапынан  жас  талаптыларды    қолдау 

бағдарламасы  және  президенттің  «Дарынды  балаларға  арналған  мектептерді  қолдау  мен 

дамыту»  қаулысы.  «Дарын»  республикалық  ғылыми-  практикалық  орталығы  жасаған 

консепция  қызмет  етуде.  Осыншалық  маңызды  істе  жалпы  білім  беру  мекемелерінің  алар 

орны  орасан  зор,  себебі  онда  барша  бала  білім  алады  да  оның  ішінде  дарынды  балаларда 

отырады.  Оны  байқамау,  оның  патенциялын  дамытуға  мүмкіндік  бермеу  қылмыспен  тең 

әрекет. Ал соншама баланың ішінде табиғи дарынын қалай байқауға, дамытуға болады. 

 

Бұл сұраққа жауап беру үшін негізгі екі аспектіні назарда ұстау қажет: Дарынды 



баланы анықтау және онымен жұмыс істеуді ұйымдастыру. Дарынды балалардың бір-бірінен 

айырмашылығы  болғанымен,  кейбір  ортақ  ерекшеліктеріде  бар.  Дегенмен  ғылымда  бала 

дарындылығын анықтайтын кей бір әдістер бар. 

Олар: 


- Аналитикалық(Жаппай әдіс) 

- Түрлі тесттер 

- Анкеталар 


222 

 

222 



 

- Ата-ананың әңгімесі 

- Мұғалімнің мінездемесі 

- Диагностикалық әдіс.  

Дарынды балалармен жұмыс істеу мазмұны 

- Мектептегі айрықша қабілетті, дарынды оқушыларды анықтау , қолдау.  

- Дарынды балалармен тұрақты, жүйелі жұмыс жасап, олардың табиғи қабілетін ашу, 

дамыту. 


-  Дарынды  балалардың  күнделікті  сабақта  алған  білімі  мен  іскерлігін  үнемі  назарда 

ұстау. 


-  Дарынды  баланың  пәнге  қызығушылығы  қаншалықты  деңгейде  екендігін  анықтап, 

пән олимпиадаларына қатыстыру.  

- Оқушының білім-біліктілігін анықтай отырып, деңгейлік тапсырмалар беру. 

-      Шығармашылық  ізденісін  шыңдау  бағытында  қандай  қосымша  әдебиеттер 

пайдалану қажеттігіне кеңес беріп отыру. 

   Дарынды балаларды анықтау   жолдары 

1. Дискуссия туындайтын жағдай жасау 

2. Сабақ үстінде экстрималдық жағдайлар (ситуациялар) туғызу 

3. Ойындар ұйымдастыру (КВН, сайыс, дебат, т.б) 

4. Топтық жұмыс ұйымдастыру 

5. Творчествалық потенциалын зерттейтін тәсілдер жүргізу 

6. Әр оқушыға өсу деңгейін көрсететін мониторингтер жасау 

7. Деңгейлеп оқыту 

8. Жеке тапсырмалар беру 

Дарынды балалармен жұмыс істеуде нені ескеру керек? 

 



Балалардың пәнге қызығушылығын, білуге құштарлығын нақты  анықтау.  

 



Балаға тапсырманы деңгейлеп беріп, зейінін тұрақтандыру қажет. 

 



Баланың  мінезін  –  құлқын  ерекшелігін  білу.(Нені  ұнатады,  нені  ұнатпайды,қай 

кезде білімді жақсы меңгереді, қай кезде шаршайды? т.б) 

 

Баланың бір қалыпты, жүйелі жұмыс жасауына көңіл бөлу. 



 

Берілген тапсырманы бірлесе талдау. 



 

Бала қызығушылығына қолдау көрсету, орынды кеңес бере білудің маңызы зор. 



         Дарындылықты анықтау міндеттері: 

Баланың  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  дамыту  оны  қоғамда  өмір  сүруге 

психологиялық тұрғыдан дайындау. 

Балалардың  кәсіби  және  жеке  даралық  қабілетін  анықтай  алуына  психологиялық 

педагогикалық көмек көрсету. 

Негізгі принциптері:  

Баламен жеке сыйластық және сенімді қарым-қатынас орнату.  

Болжап  отырған  нәтиже:  Оқу  бағдарламасына  сай  білімді  терең  меңгерген,  жеке 

шығармашылық  қабілеті  дамыған,  ұлттық  сана  сезімі  жетілген  және  ішкі  жан  дүниесін 

тануға,  өзін  өзгелермен  салыстыра  алатын  іс  –  әрекетге  талдау  жасай  алатын  жоспарлау 

мүмкіндігін қалыптасқан тұлға.   

Дарындылық  анықтамасы: 

Іс-әрекеттің  сәтті  орындалуын  қамтамасыз  ететін  қабілеттік  істің    өзара  сәйкестік 

сапалығын айтады. 

Іс – әрекеттің жағдайдағы ерекшелігін, кеңінен қамтылған адам мүмкіндігі. 

Ақылдың потенциалы немесе интелек. Оқуға, білімге жалпы танымдық мүмкіндіктер 

және қабілеті. 

Баланың табиғаты арқылы дамыған қабілет туралы. 

Таланттылық және адамгершілігінің жоғары жетістіктерге жеткізетін іс -шаралар. 

Дарынды баланың сипаттамасы: 

 

Интелектуалдық сферасы. 



223 

 

223 



 

 



Білімділік өрісі 

 



Ойлау қабілеті ерекшесі тұрақты, қызығуы мол, кейде бір іспен айналысса тоқтай 

алмайды, өз ойын ерте жеткізеді. 

Дарындылық  үш параметрмен анықталады: 

 



Танымдылық жеке дамуы. 

 



Психологиялық дамуы. 

 



Физикалық дамуы. 

Дарынды оқушыларды таңдау барлығы назар аударатын ерекшеліктер.Дарынды бала 

өзгеше және шапшаң ойлайды.Дарынды оқушылардың ішкі сезімі жағынан өзгешелігі өте 

сезімтал, ықлас қойған нәрсесін, тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп ұсынады.Дарынды 

оқушылардың физикалық тұлғадан ерекшелігі дамудағы шапшаңдылық ақындарша сөйлеуі 

жиі-жиі  берілуі  қиял-күйінің  басым  түсуі.Әлеуметтік  тұрғыдан  ерекшелігі  адамгершілік 

сезімдерінің ерте дамып жоғары моральдық қасиеттерге ие болуы. 

Дарындылықты анықтағанда  төмендегі факторларды ескеру керек. 

 

Жас ерекшелігі. 



 

Тұлғалық ерекшелігі. 



 

Экспериментатордың тұлғалық ерекшелігін. 



    ХХІ ғасырдың  жасаушыларын білімді,қабілетті,дербес азаматқа тән асыл өнер мен 

имандылықты  бойына жинаған  жеке  тұлға  етіп  қалыптастыру-білім  беру  жүйесінің  басты 

мақсаты.Бұл ұстаздар қауымынан үлкен жауапкершілік пен ыждағаттылықты талап етеді. 

 

Әдебиеттер тізімі: 

1.Савенков А.И. Одаренный ребенок в массовой школе.2001г 

2.12 жылдық білім беру журналы.№2,7,11 -2007 ж 

3.Тұрғынбаева 

Б.Ш. 

Кіші 


жастағы 

оқушылардың 

шығармашылық 

қабілетін 

анықтау.Алматы,1999 ж  

 

 



ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІНІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

 

Бахтыгереева С.Х. 

М.Ақмолла атындағы  мемлекеттік 

педагогикалық университеті, қ. Үфү 

 

 

Халқымыздың  ежелден дәріптеп, қастерлеп келе жатқан, ұрпақтан -ұрпаққа мұра 

болып  отырған  қазақ  ескіліктерін  құрайтын  рухани  құндылықтардың  бірі  –  ата-баба 

шежіресі. 

 

  

 Қазіргі  уақытта, яғни ХХI ғасырда тіл білімінде тілді тек қарым-қатынас құралы 



ғана деп емес, сонымен қатар ұлтымыздың мәдени ақпараты жинақталған құрал ретінде 

қарастыратын  бағыт  қалыптасып,  тіл  білімі  ғылымының  дамуы  этнолингвистикалық  

бағытта жүргізілген зерттеулермен толығуда.   

  

Мұндай зерттеулерге дәйек болатын кез келген халықтың ерекшелігі, менталитеті 



тілінен  көрініс  тауып,  оның  барлық  деңгейлерінен  байқалатыны  мәлім.  Осы  тұрғыдан 

мазмұны ұлттық, тұлғасы сан алуан этнонимдердің  табиғатын толық біліп, жете түсіну,  

оның толып жатқан сан-салалы мәселесін әлі де жан-жақты зерттей түсудің мәні ерекше. 

  

Шежіре материалдарына сүйене отырып ру-тайпаға қатысты қалыптасқан  атаулар 



мен  этнонимдердің  тарихи-тілдік  табиғатын,  тарихи  тұлға  есімдерінен  қалыптасқан 

тұрақты  тіркестерді  таксондық  тұрғыдан  жіктеу,  лингвомәдени,  этнолингвистикалық 

сипатын анықтау мәселелерін толыққанды қарастырған жөн.   

  

Дәстүрлі  қазақ  шежіресінің  ғылыми  дерек  ретінде  қалыптасуы  ХІХ  ғасырдың 



екінші жартысы мен ХХ ғасыр басына жатады. Ауызша таратылған қазақ ұлтының жүздік, 

рулық-тайпалық  құрамын  зерттеп,  қазақтың  шежіресін  жазған    ғалымдарды  атап  кетер 



224 

 

224 



 

болсам.1990  жылы  Шәкәрім  Құдайбердіұлының  «Түрік,  қырғыз,  қазақ  һәм  ханлар 

шежіресі» 

(қазақ,орыс 

тілдерінде) 

Н.Наушабаевтың, 

Ғұсманғали 

Сыдықовта 

«Шапырашты  шежіресі»  берілсе,  Қ.Халидтің  еңбегінде  «Түркі  халықтарының 

шежіресі»жайында  жазып  кеткен.  ХХ  ғасыр  20жылдары  шежіреге  қатысты  алғашқы 

ғылыми  зерттеулер  дүниеге  келе  бастады.  Олар  М.Тынышбаев,    Ә.Бөкейханов,  

С.Асфендияров,  М.Дулатов.  Сонымен  қатар  өткен  заманның  шежіре  материалдарының 

негізінде шежірелердің жаңа нұсқалары да жасала бастады. Олардың қатарына Серғали 

Толыбековтің  «Қазақ  шежіресі»  (Алматы,1992),  Бейсенбай  Жарылғаповтың  «Қазақ 

шежіресі» (Алматы,1994ж), Хамит Мадановтың «Кіші жүздің шежіресі» (Алматы,1994ж) 

т.б жатады.   

  

Қазақ халқының ұлттық дүниетанымы, менталитеті, мәдениеті, табиғаты, болмысы 



туралы бұрынғы Кеңес дәуірі заманында қырқылып қалған мәліметтер мен  деректердің 

орнын  толтыру:  ұлттық  мәні  бар,  мазмұны  бар  деректерді  сүзгіден  алып  шығып,  ұлт 

болмысын танытатын ақпарат көзі ретінде зерделеу. «Ру», «жүз»,  «тайпа», «шежіре», т.б.  

ұғымдар мен атауларға, этноқұрылымдық жүйе мен төл мәдениетіне сәйкес ұлт тарихы, 

ұлт құндылығы деп баға берсек артық етпейді.   

  

Қазақ  этносының  тарих  сахнасына  шығуы  туралы  Ш.  Уәлиханов:  «Қазақтардың 



өзі,  мен  жоғарыда  атап  өткендей,  өз  руларының  атауларын  бағзы  замандарда  өткен  ру 

басыларының,  ата-бабаларының  есімдерімен  байланыстырады.  Ал  қыпшақ,  найман, 

қоңырат т.б. негізгі руларды ертеден - Шыңғыс заманынан келе жатқан ел ретінде таниды 

және ол тайпалар қай жүздің құрамында болмасын, өздерінің шығу тегін де сол жүзден 

тараған біртүтастық-қүрамдас бөлігіміз деп санайды.»-деп жазды [1.б,102]. 

Әулие 


Мәшһүр-Жүсіптің  Шәкәрім  жазған  шежіресі  жайында  (мағынасы  мынаған  саяды) 

«Шәкәрім шежіресінің бір міні – кімнен қай туғанның ғана есімінің тізбектеле беретіндігі. 

Ол  адамның  еткен  еңбегі  мен  жеткен  дәрежесі,  жақсылығы  мен  жамандығының 

толыққанды жазылмауы» 

[2.б,71]. 

 

  



Бұл  –  біздің  шежіреге  деген  түсінігімізді  түбегейлі  басқа  арнаға  бұратұғын 

көзқарас. Мәшһүрге сенсек, шежіре – «ТЕК туралы ғылым. Онда адамның аты ғана емес, 

еткен кәсібі мен нәсібі (ырыздығы) түгел көрсетілуі тиіс. Қағиданың басты шарты – осы 

арқылы кімнің жаман, кімнің текті атаның әулетінен екендігін оп-оңай-ақ ажыратып алуға 

болатын болған» 

[3.б, 78].   

  

Егер  тарқатып  айтар  болсақ,  мына  мәселеге  тоқталғым  келеді.  Біріншіден,  қазақ 



шежіресі  -  қазақ  мемлекеттілігінің  тарихынан  құнды  дерек  береді.  Себебі,  қазақ  ру-

тайпаларының тарихы қазақ хандығына негіз болған тайпалар тарихы болып табылады. 

Екіншіден,  қазақ  шежірелері  ауызекі  түрде  жетіп,  қазақ  тарихына  байланысты 

мәліметтерді  толықтыра  түседі.  Қазақ  шежірелері  қаншалықты  үстірт  жазылғанымен, 

қазақтың ру батыр-билері, шежіредегі тарихи оқиғалар арқылы Қазақстанның этникалық 

территориясы,  саяси  әлеуметтік  жағдайынан  деректер  аламыз.  Үшіншіден,  қазақ 

шежірелері  ру  тарихына,  тарихи  оқиғалар  мен  ірі  тұлғалардың  өміріне  қатысты 

деректерден мол мәлімет беретін құнды дерек көзі. 

 

  

Қазақстанның  этнонимдері  құрамындағы  ру,  тайпа  (этноним)  аттарының  шығу, 



пайда болу себептерін сөз еткенде, оларды тарих, этнография, тіл және т.б. ғылымдағы 

жаңа бағыттармен байланыстыра отырып кешенді түрде зерттеуді қажет етеді.  

 

Өйткені, қазақтың үш жүзі (¥лы жүз, Орта жүз, Кіші жүз) құрамындағы рулар мен 



тайпапардың  ежелден  бір-бірімен  қоныстас,  шекаралас  бола  жүріп  қарым-қатынас 

жасауы,  араласуы,  бірінің  еншісіне  сіңісуі  арқылы  оның  өн  бойынан  сан  ғасырлық 

тарихын,  рухани,  мәдени  және  туыстық,  территориялық  тұтастығын,  бір-бірімен 

сабақтастығын және тамыры тереңде жатқан тарихи құбылыс екендігін көреміз.   

  

Қазақ шежіресіне қатысты С. Аманжоловтың «Қазақ тілінің диалектологиясы мен 



тарихының мәселелері» (1959), В. Востров пен М. Мұқановтың «Қазақтардың ру құрамы 

мен  қоныстануы»  (1968)  және  М.  Мұқановтың  «Орта  жүз  қазақтарының  этникалық 

құрамы  мен  қоныстануы»  (1974)  атгы  зерттеу  еңбектері  сынға  да  ұшырады. 


225 

 

225 



 

 

Осыған  қарамастан,  Т.  Жанұзақовтың  «Қазақ  ономастикасының  негізгі 



проблемалары» (1974) атты докторлық диссертациясының бесінші тарауы тұтастай қазақ 

шежіресін зерттеуге арналды.  

 

  

Еліміз  Тәуелсіздік алғаннан кейін қазақтың шежіре мәселесіне жете көңіл бөліп, 



ғылыми  дәйектерге  негізделген  шежірелер  қатарына:  С.  Толыбеков  «Қазақ  шежіресі» 

(1992),  «Қазақ  шежіресі  хақында»  (2000),  X.  Маданов  «Кіші  жүздің  шежіресі»  (1994), 

сондай-ақ  кезінде  қазақ  шежіресін  жинауға  ұйытқы  болған  «Ана  тілі»  газеті 

қызметкерлерінің жұртшылыққа үш жылдай сұрау салуы арқылы жинақталған шежірелік 

мәліметтерді  ғылыми  айналыста  бар  деректермен  сараптау  негізінде  «Қазақ  шежіресі» 

(қүрастырған: Ж. Бейсенбайүлы.,1994), А. Сейдімбек «Қазақтың ауызша тарихы» (2008) 

т.б. жарық көрді. 

 

  



Ақселеу  Сейдімбектің  «Ақ  қыз»  кітабында  мынандай  бір  дерек  келтіріп  кеткен: 

тарақтының Тұяқ дейтін шешені айтыпты деген сөз бар. 

 

  

 «Бұрынғы уақытта кім батыр болса, кім бай болса, кім елді аузына қаратқан ділмәр 



ақын, айызынды қандырар өнерпаз болса, соны бүткіл руласы болып арқа тұтып, бетке 

ұстап жүретін әдеті еді ғой» [4.б,105]. 

 

  

Бірде Қараөткел жағында Аққошқар Сайдалының үш жүзге сауын айттырған асы 



болса керек. Сонда  «Ұлы жүзге ноқта ағасы деп жалайырға, Кіші жүзге ноқта ағасы деп 

табынға, Орта жүзге ноқта ағасы деп тарақтыға арнап, үш ақ боз үйді бөлек тігіпті». Бұған 

кейбір  жуанымсып,  келгендер  намыстанып,  бір  орайы  келгенде:  «Тарақты  баласының 

ішінде  Байғозы  батырдан  кейін  ақ  үйге  түсуге  жарайтын  ұл  тумады  деп  естуші  едік, 

Аққошқар Сайдалының асында бір жетісіп қалды-ау»,  - деп соқтыға сөйлесе керек. Сонда 

жұлып алғандай Тұяқ шешен былай дейді депті:  

«Қаз дауысты Қазыбек – о да менің жиенім,

 

Шапырашты Жәнібек -  о да менің жиенім, 



Дулат, Байзақ, Мәмбет – о да менің жиенім, 

Қуандық, Байбек, Құлыбек- о да менің жиенім, 

Ошақтыда Сапабек - о да менің жиенім, 

Қаракерей Қабанбай – о да менің жиенім, 

Ботпай-Шымыр Сыпатай – о да менің жиенім, 

Әлтекеде Жидебай – о да менің жиенім, 

Тобықтыда Құнанбай – о да менің жиенім, 

Шұбыртпалы Ағыбай – о да менің жиенім, 

Дуан басы Ырыбай – о да менің жиенім, 

Өтебай мен Қосы бай – о да менің жиенім, 

Кәрсондегі Көпбай – о да менің жиенім, 

Байдалы мен Байтоқа – о да менің жиенім. 

 

  

Осы тектес мысалдарды көптеп жалғастыруға болады. Қазақта мынадай мақал бар. 



«Әйел жаман болса, мейманың кетеді, Ұлын жаман болса, жиғаның кетеді, Қызың жаман 

болса, жеті ата түбіне жетеді» [5. б,576].   

 

  

Бүгінгі  ұрпақ  ата-бабаларымыздың  қазіргі  заманға  дейін  үзбей  жеткізіп  кеткен 



дәстүрдің тарихи маңызын келешек ұрпаққа жілігін сүзіп, ұлттық тәрбиені беретін сүбелі 

жақтарын  ашып  көрсетіп  ұлықтау  біздің  тарих  алдындағы  міндетіміз.  Ұрпағымыздың 

санасының  күңіренуіне  жол  бермей,  кезіндегі  керітартпа  пікірлерден  арылып,  ұлттық 

санасезімді  оятып,  ұлттық  рухты  биіктету  арқылы  ұлттық  бірлікке  қол  жеткізу  үшін, 

жалпы ұлтымызды ұлықтау үшін де тырыспақ керек!   

  

 



Әдебиеттер тізімі 

1.

 



Валиханов Ч.Ч. Собр. Соч. Т 2 Алма-Ата 1985 б.102. 

 

2.  Копеев М.Ж. Атасының аты білінбей өзі аты шыққан ерлер, б. 71. 



3. Копеев М.Ж. Атасының аты білінбей өзі аты шыққан ерлер, б. 78.   

 


226 

 

226 



 

4. Ақселеу Сейдімбек: ғылыми мұрасы және тәуелсіздік. Халықаралық ғылыми-теориялық 

конференция. – Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ баспасы, 2012, б.105. 

5. Сейдимбек А. Мир казахов. Этнокультурологическое переосмысление: Учебное пособие. 

– Алматы: Рауан. – 576 с.  

 

 



 

ДЕНСАУЛЫҚ  САҚТАУ  ТЕХНОЛОГИЯСЫ  

 

Искакова  Айжан  Сериковна 



Абдильдина  Мереке  Кенесбековна 

№ 68  МИББ кешені 

Тәрбиешілері 

  

     



Денсаулық  кепілі  дене  шынықтыру  жаттығуларының  жүйелі  сабақтарымен  ғана 

дамиды.  Мектепке  дейінгі  жаста  адамның  денсаулығының  өмір  бойы  қалыптасуы 

орындалады.  Бұл  жаста  дене  тәрбиесінің  ұйымдастырылуы  баланың  алдағы  уақыттағы 

дамуына  әсерін  тигізеді.  Осы  жас  аралығында  баланың  өзіндік  қасиеттері,  сабаққа 

қызығушылығы және баланың қабілеттері  ашыла бастайды.    

      Кіші  мектепке  дейінгі  жас  топтарында  әртүрлі  сауықтыру  іс-шаралары 

ұйымдастырылу  арқылы біз өзіміздің дене шынықтыру  - сауықтыру және профилактикалық 

жұмыстар  жүйелі  түрде  дамытып  келеміз.  Баланың  денсаулығын  нығайтуда  біздің 

балабақшада: дене шынықтыру залы, дене шынықтыруға қажетті жабдықтар бар. Топтарда 

өзіндік  массажға  әртүрлі  денсаулық    жолдары,  спорттық  жабдықтар,  ойынға  арналған 

көрнекіліктер, жаттығу картотекасы және ойын массажының картотекасы бар. Денсаулықты 

нығайтуда  жүйелі  технологиялар  баламен  жұмыста  дене  шынықтыру-сауықтыру  іс-

шараларымен болады. Ауруларды алдын-алу   жұмыстарында біз ұйқыдан соң сауықтыру 

жаттығуларын, тыныс алу жаттығуларын өткіземіз. Жас ерекшелігіне байланысты жаттығу 

түрлерінің  кешені  ойластырылды  және  олар  күрделі  түрде  топтастырылды.  Шынықтыру 

жаттығуларын өткізбес бұрын, олардың жас ерекшеліктері мен дене дамуы ескеріледі. 

      Сауықтыру  іс-шараларында  бір  қалыпта  сөйлеу  ырғағы,  мәнерлеп,  дауыс  ырғағын 

қойып  оқу  және  дауыс  аппаратын  қабылдауды  дамытуда  жұмыс  істелінеді.  Сондықтан 

денсаулықты  нығайту  технологиясы  жауапкершілікпен,  жаттығулар  мен  денсаулық 

жолдарының жаттығулары (өлең шумақтарын, үзінділері, бала әндеріне) қаралды. 

      Бұл  ойын  әдістер  арқылы  әр  түрлі  дыбыстарды  қолданып  жоғары  дауыспен  және 

төмен дауыспен баланың зейінін дамытуда қолданамыз. Баланың дыбыстық сөйлеу жағынын 

қалыптасуы, дауыс ырғағын дұрыс қоя білуіне, яғни лексика, грамматиканы игеруде үлкен 

маңызды рөл атқарады. 

   Мектепке дейінгі балалардың жасында дене шынықтырудың қалыптасуы оқу-тәрбие 

үрдісінде  қоршаған  ортаны  танып  білуде,  жолдастарына  және  өзіне  деген  оң  көзқарастық 

орнатады. 

      Дене  шынықтыруды  нығайтуды  оқыту  технологиясы  баланың  жинақтылығын, 

зейінін, ойлау белсенділігін және есте сақтау қабілетін қажет етеді. 

      Дене  шынықтыруды  нығайту  үрдісінде  балалардың  ойлау  қабілеттерін  ,  рухани 

эстетикалық талғамдарын, өз денсаулығын, алға қойған мақсаттарын, ұйымдастырушылық 

және  ақкөңілдік  қасиеттері  қалыптасады.  Балалардың  барлығы  тәрбие  үрдісінде 

денсаулықтарын нығайтуға және жеке жан-жақты дамуына үлесін қосады.  

Қазіргі  кездегі  елімізде  жүргізіліп  жатқан  білім  саясаты  әлемдік  білім  кеңістігімен 

ықпалдасуға  бағдарланған.  Әлемдік  білім  кеңістігінен  жалпы  білім  берудің  басымдылық 

мақсаты – өзгермелі өмір жағдайына тез бейімделетін, өз жолын дұрыс таңдай білетін, оң 

шешім қабылдай алатын тұлға даярлау. Қай кезеңде болмасын білім мен тәрбие егіз ұғым 

екендігін  ескерсек,  отбасынан  бастау  алған  бала  тәрбиесі  мектепке  дейінгі  тәрбие 



227 

 

227 



 

ұйымдарында жалғасын тауып, болашаққа қадам басары анық. Олай болса, мектепке дейінгі 

тәрбие  ұйымдарындағы  бүлдіршіндер  тәрбиесін  жан-жақты  жетілдірудің  жолдарын 

айқындап,  бала  денсаулығын  сақтаудың  жолдарын  қарастыру  заман  талабынан  туындап 

отырған жағдайлардың бірі. 

  Мектепке  дейінгі  білімде  баға  жетпес  гигиеналық  тәрбиенің  тәжіриебиесі  мол 

болғанымен,  қазіргі  заманға  сай  баланың  денсаулығының  нашарлап,  әлеуметтік  жағдай 

баланың  дұрыс  өмір  сүру  бейнесін  қалыптастыруда  жаңа  қарым-қатынасты  меңзейді. 

Ұлттық  денсаулық  сақтау  ұйымында  баланың  салауатты  өмір  салтына  тәрбиелеу  негізігі 

міндеттердің  бірі  болып  саналады.  Баланың  салауатты  өмір  салтын  құру  баланың  тек 

психологиялық  жеке-дара  ерекшеліктері  ғана  емес,  оны  қоршаған  ортасы  мен  жанұясы 

қолдап отыру қажет. 

Қазақстандағы  салауатты  өмір  салтын  дамытудың  бастамасы  мектепке  дейінгі 

ұйымдардағы балалардың денсаулығын сақтаудың аса қажет екендігін көрсетеді. Балабақша 

жұмысына  денсаулық  сақтау  технологияларын  енгізу  қажетті  заман  талабынан 

туындайды.[1] 

  Осыған  орай  жұмыстың  обьектісі  –  мектепке  дейінгі  жаста  баланың  денсаулығын 

қорғау болып саналады. 

Жұмыстың  мақсаты  -  мектепке  дейінгі  ұйымда  баланың  денсаулығын  сақтаудың, 

салауатты  өмір  салтын  ұйымдастыру  мен  бала  денсаулығын  шыңдаудың  мүмкіндіктерін 

қарастыру болып табылады. 

Міндеттер: 

-  мектепке  дейінгі  ұйымда  денсаулық  сақтау  технологиясын  қолдану  мүмкіндіктерін 

анықтау;  

-  денсаулық  сақтау  технологиясына  сипаттама  бере  отырып,  мектепке  дейінгі  ұйымда 

денсаулық 

сақтау 

технологиясын 



пайдалану 

әдістемесін 

ұсыну; 

-  білім  берудің  жаңа  технологияларын  қолдану  (денсаулық  сақтау,  ақпараттық)  ғылыми  -



әдістемелік  тұрғыдан  қамтамасыз  ету,  оларды  іске  асыру  механизмдерін  жетілдіру; 

-  балалардың  денсаулығын  сақтау  мақсатында  инновациялық  бағыттағы  материалдық-

техникалық база қалыптастыру. 

Баланың  денсаулығын  сақтау  және  нығайту,  дене  жаттығуларын  жасауға 

қызғушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсартуда мектепке дейінгі мекемеде 

денсаулықсақтау технологияларының түрлері: 

Балабақшада  оқу-тәрбие  жұмыстарын  заман  талабына  сай  жүргізу,  баланың 

денсаулығын  сақтау  мен  нығайту  мәселелерін  тиімді  шешу  медициналық  және 

педагогикалық  қызметкерлердің  бірлескен  нәтижелі  еңбектеріне  байланысты.  Осындай 

мәселені шешу барысында біздің анықтағанымыз, баланың  денсаулығын нығайтуда және 

аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар 

шынықтыру  шараларын  жүйелі  өткізу  керек.  Ол  үшін  педагог  дәстүрлі  жұмыстарға 

дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін тудыруы жөн. 

Мысалы,  жалаң  аяқ  жүру  табан  мен  буындарды  бекіту  әдісі  болып  табылғандықтан 

барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады. 

Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану: 

 

Тыныс алу жаттығулары 



 

Жалпақтабандылықтың алдын-алу жаттығулары 



 

Сымбатты түзету жаттығулары 



 

Созылу(стретчинг) жаттығалары 



 

Йога жаттығулары 



 

Көзге арналған жаттығулар 



Таңертеңгі  жаттығудан  кейін  тыныс  алу  немесе  тұзды  жолмен  жүру  өте  тиімді. 

Сонымен қатар дене тәрбие сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданған жөн. 



228 

 

228 



 

                        Баланың  дені  сау,  салмақты,  дене  дамуы  мықты,  тәбеті  жақсы,  ұйқысы 

толыққанды болып өсуі үшін күн тәртібін қатаң сақтау қажет. Бұл балаға балалық шақтан 

бастап ағзасын кез-келген ауруға қарсы тұруына маңызды. 

Себебі ағзада барлық өмірлік әрекеттер белгілі бір тәртіппен жүріп отырады.  Жүрек 

ырғақты  жұмыс  жасайды,    жиырылуы-босауы,  тыныс  алу,  дем  алумен  -дем  шығару 

кезектеседі, асқазандағы аста белгілі уақытта қортылып отырады.[2] 

Жалпы табиғатта барлық жағдайлар белгілі реттілікпен жүреді: жыл мезгілдерінің, күн 

мен түн ауысуы. 

Міне,  сондықтан  мектепке  дейінгі  мекемелерде  күн  тәртібі  сақталуға  қатаң  көңіл 

бөлінген.  Шынықтыру-сауықтырудыңда  тәртібі  болған  жағдайда  ғана  баланың  ағзасына 

тиімді болады. 

Мектепке дейінгі ұйымындағы денсаулық сақтау педагогикалық технологиялары 

Мектепке дейінгі кезең – бала ағзасының өте қарқынды дамитын кезеңі екенін білеміз. 

Яғни осы жас шамадағы баланың ағзасының барлық жүйке жүйелері мен дене мүшелерінің, 

жүйкелік-психикалық дамуы қалыптаса түскен кезі.  

    Сонда ғана жаңа өсіп келе жатқан өскелең ағза сыртқы факторлар әсеріне төтеп бере 

алатын болады.  

Денсаулық сақтау технологияларының кешенді жүргізудің басты мақсаты 

Мектепке  дейінгі  балалардың  қимыл-әрекеттерін  жетілдіріп,  оның  ағзасын  суыққа 

төзімді болуға жаттықтыру. 

Дені сау баланы өсіруде бірнеше бағыттар алынды. 

Балалар  ауруларын  төмендетуге  мүмкіндіктер  жасау    үшін  педагогтардың  кәсіби-

шеберліктерін өрлету және де ата-аналармен ынтымақтаса отырып, шынықтыруды кешенді 

ұйымдастыру 

Бұл  іс-шаралар  барлық  білім  салаларымен  байланыстырып,  әрекеттестіріп  жалпы 

«Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады. 

Шынықтырудың негізгі  міндеттері 

Баланың  тұлғалық  ерекшелігін  ескере  күш-қайраттарын  қалыптастыру  және 

денсаулығын шынықтыруды жүзеге асыру. Бұл міндеттерге, тек шынықтыру шараларынын 

кешенді түрде өткізгенде ғана нәтижеге қол жеткізді, яғни балабақшадағы баланың болған 

бір күні - оның ағзасына пайдалы дәрумендерді енгізіп асмәзірін  түрлендіріп, оны балаға 

жеткізу, қарапайым шынықтыру мен қатар арнайы жоспарланған шараларды,  қимыл-әрекеті 

үйлесімді ұйымдастырылады. 

Баламен  шынықтыру  шараларын ұйымдастыру алдында бірнеше ережелерді сақтау 

керек: 


Дені сау баламен шынықтыруды жүйелі жүргізу, оның теріс эмоциясын (үрей, жылау, 

мазасыздық) тудырмайтын және біртіндеп үдетіп, ұзартылып, медбике мен педагогтың қатаң 

қадағалауында болуы қажет. 

  Оқу  тәрбие  үрдісін  бала  денсаулығына  жүктеме  болмайтындай,  керісінше  оны 

нығайтуға  көмектесетіндей  етіп  ұйымдастыру  керек.  Балабақшаның  жұмыс  ерекшелігін 

ескере отырып, бала денсаулығын нығайту мәселелері, мектепалды балалардың физикалық 

дамуы – мектепке дейінгі мекеменің жұмысының негізгі бағыты болып табылады. 

 

 



Мектеп жасына дейінгі баланы тәрбиелеуді қамтамасыз етудегі  бағыттар. 

 



Баланың  физиологиялық  даму  және  балалардың  ауруларының  төмендету  үшін 

жағдайлар жасау 

 

Балабақшадағы педагогтардың шеберліктерін және іскерлік біліктіліктерін жоғарлату 



 

Медициналық  қызметкелермен  байланысты  шынықтыру-сауықтыру  міндеттерін 



кешенді шешу 

 



Балабақша және жанұя жағдайларында бірігіп дені сау баланы тәрбиелеу 

Балалардың  дене  тәрбиесінің  толыққанды  дамуына,  қимылдау  талаптарын  жүзеге 

асыру үшін балабақшада арнайы жағдайлар туғызу. 


229 

 

229 



 

          Топтарда  шынықтыруға  арналған  бұрыштар,  спорт  залда  дене  тәрбие  сабағына 

арналған құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету және балабақша алаңында спорт алаң болу. 

Осының  барлығы  баланың  дене  тәрбиесіне  деген  қызығушылықтарын  жоғарлатады, 

сабақтың    тиімділігін  арттырады,    балалардың  барлық  негізгі  қимыл  түрлерін  жасауға 

мүмкіндік береді. 

Құрметті    әріптестер,  тәрбиешілер  мен  педагогтар  Қазақстанның  болашақ 

ұрпақтарының денсаулығын нығайту мен сақтау сіздердің аяулы алақандарыңызда. 

 

 



1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал