«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет25/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   134

БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ - ЕГІЗ ҰҒЫМ 

 

Халабаева Қарлығаш Мәденовна 

Балқаш қ., В.В.Маяковский атындағы «№17 ЖББОМ» КММ 

 

Баланың  бойында  адамгершілік  қасиеттердің  негізі  отбасында  қалыптасады.  Ата-



ананың аялы алақаны, туған үйдің жылуы баланың көкірегінде өмір бойы сақталып, мәңгі 

есінде қалады. Отбасындағы адамдармен қарым-қатынаста бала мәдениетті болуды үйренеді, 

жеке адамға тән ар-ұяты, ақыл-ойы, адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Ал балабақшада 

бүлдіршін  отбасында  ата-анасынан  алған  тәлім-тәрбиені  одан  әрі  жалғастырып, 

жандандырады. Дер кезінде берілген мектепке дейінгі білімнің әр бүлдіршін үшін маңызы 

өте  зор.  Балабақшаның  ең  басты  мақсаты  -  мемлекеттік  білім  беру  бағдарламасына  сай 

мектеп жасына дейінгі бүлдіршіннің жан-жақты, эстетикалық дамуын қамтамасыз ету болып 

табылады.  Кішкентай  бүлдіршіндердің  алғашқы  даму  кезеңінде  білім  мен  тәрбие  беру 

жұмысы  жан-жақты  болуы  заман  талабы.  Тәрбие  жұмысын  әдетте  мектепке  дейінгі 

тәрбиеден, яғни балабақшадан бастаған дұрыс. Әдетте, адамның жеке басының қасиеттері 

бес жасқа дейін қалыптасады екен. Сондықтан баланың жан-жақты қалыптасуы үшін мектеп 

жасына дейінгі бүлдіршіндердің бойына жақсы, жағымды қасиеттерді сіңіре білу керек. Бала 

әр  нәрсеге  құмар,  қызыққыш,  ол  өзінің  бойында  болып  жатқан  өзгерісті,  тамаша 

құбылыстарды  сезінуге  тырысады.  Оның  жан-жақты  дамып,  жеке  тұлға  болып 

тәрбиеленуіне, тілінің дамуына ең алдымен ата-анасы міндетті. 


181 

 

181 



 

Ұлы  бабамыз  Әбу  Насыр  әл-Фараби:  «Адамға  біліммен  қатар,  тәрбие  берілуі  керек, 

тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың хас жауы», – деген екен. Ұрпақ тәрбиесінде ежелден 

қалыптасқан  халқымыздың  жақсы  дәстүрлерін  оқып  үйрену,  өнеге  тұту,  жас  ұрпақты 

ізгілікке баулу үлкен жауапкершілікті талап етеді. Ұлттық тәрбиенің құдыретін қанша айтсақ 

та, тауысу мүмкін емес. Осындай ұлы тәрбие ізгіліктері бала кезден, бұла кезіңнен бастау 

алмаса, кейін өте қиынға соғатыны – дәлелдеуді қажет етпейтін ақиқат.   

Қазақ халқының ұлттық тәрбиесі – әлемде теңдесі жоқ тәрбие. Жалпы «ұлттық» деген 

сөздің  астарында  елге,  жерге,  тілімізге,  дінімізге  деген  құрмет  жатыр.  Ал  осы  ұлттық 

тәрбиені бала бойына сіңіруде мектепте атқарылатын жұмыстың орны ерекше. Яғни, тәрбие 

алуды сәби ана құрсағынан бастаса, оны білім алу мекемесінде ұлттық құндылықтарымызбен 

жетілдіру өте маңызды. Балабақша, мектептерге ұлттық тәрбие енгізу арқылы біз ұлтжанды, 

парасатты  ұрпақ  өсіретініміз  айдан  анық.  Рухы  асқақ,  іргесі  берік  ел  боламыз  десек,  ең 

алдымен ұрпағымыздың тәрбиесі мен біліміне сергек қарауымыз керек. Бұл жөнінде Абай 

атамыз:  «Балаға  мінез  үш  алуан  адамнан  жұғады:  бірінші  –  ата-анасынан,  екіншісі  – 

ұстазынан,  үшіншісі  –  құрбысынан»,  –  деген  екен.  Ұлттық  тәрбие  атауын  алғаш  әдеби-

педагогикалық  оқулықтарға  енгiзген  М.Жұмабаев  болды.  Ол  педагогиканың  ұлттық 

тәрбиеден бастау алатыны жайлы айтқан. «Педагогика» атты еңбегінде былай дейді: «Ұлт 

тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан тақтақ жол болғандықтан, 

әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет ететін болғандықтан, әрбір 

тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті» [1]. 

Ұлттық тәрбие барысында ұлттық сананы қалыптастыру ең маңызды шарттардың бірі 

десек қателеспейміз. Қазіргі жаһандану кезіндегі  Батыс өркениетінен біздің алатынымыз да 

бар,  ысырып  тастайтын  тұстарымыз  да  жетерлік.  Алатын  тұстарымыз  қатарына  батыстың 

технологиялық  жетістіктерін,  экономикалық  өндірісті  ұйымдастыру  тәжірибелері  мен 

ғылыми-техникалық  мәдениетін  қабылдау  сияқтыларды  атауымызға  болады.  Батыстың 

білімі, ғылымы, техникасы, технологиясы, біздер үшін өте қажет десек те, Батыс өркениетіне 

шамадан  тыс  еліктеушілік  –  жақсылықтың  нышаны  емес.  «Батыстың  технологиялық 

жаңалығына  ұмтылу,  экономикалық  өндірісті  ұйымдастырудағы  жетістіктерін  игеру  – 

қажеттілік,  ал  одан  керісінше  бүгінгі  күнде  рухани  тапшылыққа  айналып  отырған  ізгілік, 

кісілік,  адамгершілік,  бауырмалдық,  әдептілік,  тәрбиелік  мазмұн  іздеу  –  бос  әурешілік. 

Өкінішке  орай,  Батыс  өркениеті  бұл  тұрғыда  ешқандай  жетістікке  жеткен  жоқ,  қайта 

тоқырауға  ұшырады.  Мысалы,  дәстүрлі  қазақ  қоғамы  мәдени  құндылықтарды  ешуақытта 

тауар  деп  қабылдамайды,  негізгі  ұстанымы  бойынша  қоғамның  шаңырағын  шайқалтпай 

ұстап тұруға тиіс тетік, өмірлік ұстаным ретінде қарастырады. Ал Батыс өркениетінде бұл 

тұрғыдағы ұстаным мүлдем басқа, олар мәдени құндылықтарды тауар ретінде қабылдайды, 

мақсат – сату (сатылу) және пайда табу. Уақыт қанша аз жұмсалса, сонша пайдасы көп» [2].  

Қазақ қоғамы қазір қарқынды түрде жүріп жатқан жаһандану үрдісінің ықпалынан өзі 

қаламаса да, оқшау бола алмайды. Жаһанданудың қауіпті тұсынан арылу  үшін, әрбір  ұлт, 

әрбір  этнос,  әрбір  мемлекет  өзінің  болмысына  бейімдеп  сіңіре  алу  керек.

 

Әрине, 


жаһанданудан ешкім де құтыла алмайды. Оған тек бейімделу керек, ал бейімделе алмағандар 

құриды. Бірақ бейімделу дегенді өзгенікін толық қабылдау деп ұқпау керек. «Бізге дәл қазіргі 

заманда  батыстың  желімен  домалай  жөнелетін  қаңбақ  ұрпақ  керек  емес,  пайдасын  алып, 

зиянын бойына дарытпай, дауылына міз бақпай қасқайып қарап тұратын тамыры ұлт рухына 

терең  бойлаған  мәуелі  бәйтерек  керек.  Сондықтан  біздің  міндетіміз  –  рухы  биік  ұрпақ 

тәрбиелеу» [3, 5-б.]. 



182 

 

182 



 

Білім  мен  тәрбие  қашанда  егіз  ұғым.  Оны  бір-бірінен  бөліп  қарауға  болмайды. 

Тәрбиенің өзі  күнделікті сабақтың әрбір  кезінде-ақ оқушы бойына сіңе бастайды.   Қазіргі 

кезде ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-

дәстүр,  ұлағатты  қағидалар,  шешендік  сөздер,  өнеге-өсиеті  бар  мақал-мәтелдер,  туған 

топырағымызда  дүниеге  келген  ойшыл  ғұламаларымыздың  еңбектеріндегі  тәрбие 

қағидалары элементтерін кеңінен қолданудың маңызы артып келеді. Қазақ халқының өмір 

кешкен  тарихында  ұлттық  ойындардың  көптеген  түрлері  бала  тәрбиесіне  пайдаланылады. 

Ойын  тек  көңіл  көтеру,  шаттандыру  ғана  емес,  ол  өзінше  ерекше  қазақ  халықының 

әлеуметтік өміріне байланысты тәрбиелік мағынасы зор жеке адамның дамуына, жетілуіне 

әсер  етуші  фактор.  Қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  ұлттық  ойындарды  жиі 

пайдаланамын. Олар: «Ақ серек - көк серек», «Айгөлек», «Жаяу жарыс», «Соқыр теке», «Ақ 

боран»,  «Төбетей»,  «Бәйге»,  «Орамал  тастау»,  «Арқан  тартыс»  және  т.б..  Сонымен  қатар 

қазақша  мақал-мәтелдер,  жаңылтпаштар,  тақпақтар  жаттау,  жұмбақтар  шешу,  өтірік 

өлеңдер, қазақ халқының ертегілерін оқып беру сияқты іс-әрекеттерді жиі ұйымдастырамын. 

Себебі,  санамақ,  тақпақ,  өлең,  мақал-мәтелдер  -  тәлім-тәрбие  құралы.  Жаңылтпаштар 

арқылы  тіл  ширатуды,  жұмбақтар  арқылы  ой  дамытуды,  мазақтамалар  арқылы  намыс 

оятуды,  мақал-мәтелдер  арқылы  адамгершілікке  баулуды,  батырлар  жырлары  арқылы 

ерлікке баулуды, терме-жырлар арқылы бірлікке, достыққа тәрбиелеуді, өтірік өлең арқылы 

бала қиялын дамытуды, ертегілер арқылы алуан түрлі тәрбие беруді, аңыз әңгімелер арқылы 

болашаққа сенуді, өткеннен үлгі — өнеге алуды үйретеді, тәрбиелік мақсатты орындайды. 

Қазақтың айтулы қоғам қайраткері Мұстафа Шоқай былай дейді: «Ұлттық мәдениеттен 

жұрдай рухта тәрбиеленген ұрпақтан халқымыздың қажеті мен мүддесін жоқтайтын пайдалы 

азамат шықпайды». Яғни, елдің туын көтеріп, тәуелсіздік талаптарын орындау ісіне батыл 

бетбұрыс  жасаған  бүгінгі  таңда  адамзаттық  игіліктерді,  халқымыздың  ғасырлар  бойы 

армандаған  мәдени-рухани  мұрағаттары  мен  ұлттық  тәлім-тәрбие  саласындағы,  білім 

жүйесіндегі ізденістерін көрсету – басты міндетіміз [5]. 

 

Пайдаланған әдебиеттер: 

1. Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Рауан, 1994. 

2. Пірәлиев С. Ұлттық тәрбие және жаһандану//«Егемен Қазақстан». 

3. Қапалбеков Б. Ұлттан тілді алса... – Алматы, 2006. – 138 б. 

4. Мырзахан А. Ел болудың жолы – ұлттық тәрбие // «Ана тілі», 20 қазан, 2011. 

5. Оқушы бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыруда мектеп пен ата-ананың рөлі // 

http://40.astana-mektep.kz/ 

 

 

  БІЛІМДІЛІК ПЕН ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ БАЛАБАҚШАДА 



 

Джангильдинова  Қ. Х., Тусупбаева С. Ж. 

«Қуаныш» балабақшасы КМҚК Қарағанды қаласы. 

 

Халқымыз ерте заманнан бастап, бала тәрбиесіне ерекше мән берген.  «Шешеге  қарап 



қыз өсер, әкеге қарап ұл өсер», « бала нені білсе жастан, ұядан өле – өлгенше соны таныр 

қиядан» сияқты мақал-мәтелдер оған дәлел. Сонымен бірге, ақын- жазушыларымыз да балаға 

үлгі-  өнеге  берерлік,  санасын  өсіріп,  адамгершілікке  баулитын,  әділдік  нұрын  себетін, 

қиялық өрлетіп, елім- жерім деп атамекенін сүйетін, оны қорғауға дайын ер азаматты өсіруге 



183 

 

183 



 

арналған бай балалар әдебиетін қалыптастырады. Бұл тағылым ақын – жазушыларымызға, 

халқымызға  өте  көне  замандардан  үлгі  ретінде  ертегі,  аңыз,  өтірік  өлең,  мақал-  мәтел, 

жұмбақ,  жаңылтпаш  ретінде  жеткен.  Бұлардың  бәрі  халқымыздың  өмір  салтында  бала 

тәрбиесінің  жоғары  бағаланғанын  дәлелдейді.  Ол  халқымыздың  өнегелі  дәстүрі  болып 

қалыптасып бекіген. Халықтың бүкіл өмірінде қалыптасқан тағылымы мол дәстүр мектепке 

дейінгі  ұйымдардың  тәрбиесінде  көркем  шығарма  ретінде  бағдарламаға  кірген.  Бұл  – 

халқымыздың тәрбие дәстүрінің жалғастығының көрінісі. 

    Осы  мәселенің  маңыздығына  орай  А.Меңжанова,  Ә.Әмірова,  Р.Нұрмұхаметова, 

Ғ.Таубаева т.б. сияқты ғалымдарымыз мектепке дейінгі ұйымдардағы  оқытылатын көркем 

шығарманың тәрбиелік мәнін зерттеген. 

    Негізінен  алғанда  көркем  шығарма  жасанды  тілдік  орта  қызметін  атқарып, 

байланыстырып сөйлеуге үйретуде үлгі болады. Бірақ ол көркем шығарманың бір қыры ғана, 

көркем шығарма соншалықты саналуан қырлы адамға әсері де, маңызы да өте күшті. 

    Барлық  ғылыми  еңбектерде  көркем  шығарманың  баланың  ақыл-  ойын  дамытудағы 

ролін  жоғары  бағалаған.  Баланың  ақыл  –  ойын  дамыту    ата-  ана  туған-  туысқан  қоғам, 

халқымыз  үшін  өте  маңызды  мәселе,  сондықтан  көркем  шығарманың  тәрбиелік  мәніне 

ғалымдар ерекше назар аударып отырған. Көркем шығарма балаға тәрбиелік әсер ету үшін 

балалар  көркем  шығарма  кейіпкерлерімен  бірге  қуану  -    қайғыруды  үйренеді,  көркем 

шығарма балаларға тән ерекше сезім дүниесін ашып, жеке адамға, кейіпкердің жан дүниесіне 

деген  қызығушылығын  тудырады.  Осыған  орай  балалар  өз  төңірегіндегілердің,    жақын 

адамдардың,  туыстардың  көңіл-  күйін  байқай  бастайды,  аяушылық  жақсы  көру,  қайғыру, 

ұнату  сезімдері  туады. 

[1.  191-б]. 

Осыдан  балада  адамгершілік  сезім-  қайырымдылық 

қасиет,  әділетсіздікке  қарсы  тұру  қабілеті  ояна  бастайды.  Бұл  адалдық  нағыз  азаматтық 

қасиеттердің  қалыптасуына  негіз  болады.  В.Белинский:  «Сезім  –  білімге  жол  ашады, 

шындықты сезбеген оны түсінбейді және оны тани да білмейді» деген болатын. Осы асыл 

қасиетті көркем шығарма тәрбиелейді. 

   Баланың  сезімі  тәрбиеші  таныстырған  шығарманың  тілін  түсініп  оны  ұғу  кезінде 

дамиды.  Көркем  шығарма  сөзі  балаға  ана  тілінің  әдемілігін  түсінуге,  оны  меңгеруге 

көмектеседі,  қоршаған ортаны  эстетика тұрғысынан  қабылдауға,  сонымен  бірге  этикалық, 

адамгершілік түсінігінің қалыптасуына көмектеседі. 

   Көркем шығарма тек тәрбие құралы ғана емес, ол – тілді үйренудің үлгісі. Бұл мәселеге 

көп көңіл бөліне бермейді. Шындығында, тілдің нағыз оқытушысы – көркем әдебиет. Көркем 

әдебиетті оқи отырып, қалай көркем сөйлеуге болатынын үйренуге болады. Өйткені көркем 

шығарма- дұрыс, шебер сөйлеудің нақты үлгісі. Оған еліктеуге, одан үйренуге болады.  

   Балабақшада, мектепте ауыз әдебиеті түрлерінен шағын әңгімелер, аңыздар, ертегілер, 

тақпақтар мақал  – мәтелдер, жұмбақтар қолданылды. Асқан адамгершілік, өте дәл рухани 

байлық  өткір  мысқыл,  тілінің  көркемдігі  түсініктілігі  –  шағын  көлемдегі  ауыз  әдебиеті 

шығармаларының ерекшеліктері.

[2. 25-б]. 

 Көркем шығармамен балаларды таныстыруды 

ауыз әдебиетінен бастаған дұрыс.   

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Байланыстырып сөйлеуге үйретуде ауыз 

әдебиетін пайдалану амалдары 

Ертегі арқылы 

Мақал- мәтел арқылы 

Әңгіме арқылы 

Жұмбақ арқылы 

Тақпақтар арқылы 

Жаңылтпаш арқылы 


184 

 

184 



 

 

 



 

Балаларды сөйлеу тіліне үйретудегі  ең үздік үлгісі  – ауыз әдебиеті.  Ауыз  әдебиетінің 

тіліндегі  басқа  әдеби  шығармаларда  кездеспейтін,  айтылуы  жағынан  бір  –  біріне  ұқсас 

сөздердің шығармада орналасуының өзі балалар ұғымына өте жеңіл. 

  Ертегілер  –  балаларға  күшті  әсер  ететін  құрал.

[3.  23-б]. 

    Ертегіні  балалар  қызыға 

тыңдайды,  ертегідегі  қиял  баланың  ойына  қозғау  салады,  өмірді  әр  қырынан  танытады, 

балаларда алуан түрлі сезімді оятып, сана – сезімі мен ақыл – ойын дамытады, олардың ерте 

қалыптасуына  күшті ықпал жасайды. Ертегілер – сан ғасырдың сынынан өткен асыл қазына, 

ол  қырлана,  сырлана  келіп  талай  екшеуден  өтіп,  тілге  жеңіл,  ойға жатық  қалыпқа  түскен. 

Сондықтан  ол  балаға  түсінуге  жеңіл,  қызықты,  бала  қиялына  қанат  бітіретіндей  дәрежеге 

жеткен, ол баланы қызықтырып, еліктіріп әкетеді. Балалар ертегілердің бәрін жақсы көреді. 

Алайда хайуанаттар жайындағы ертегілерге балалар көңілін көбірек аударатыны байқалады. 

Ертегіден балалар көп нәрсе үйренді. 

  Балабақшада,  балалар  тек  ертегілермен  ғана  емес,  балалар  әдебиетінің  әр  түрімен 

таныстырылады. 

[4. 132-б]. 

Ертегінің бай фантастикасы балалардың ойына қозғау салып, 

өмірдің неше алуан сырларын танытады, сана – сезімі мен ақыл – ой қызметінің дамуына, 

ерте қалыптасуына көмектеседі. Ертегіні балалар сүйсіне тыңдайды, себебі ғасырлар бойы 

ұрпақтан – ұрпаққа айтылып, әбден шешіліп, халықтың даналық тапқырлық ой – пікірлері 

жинақталып, көркем әрі жеңіл тілмен берілетіндігінде. 

   Ауыз  әдебиетін  тәрбиеде  қолданудың  мақсаты  –  баланы  жақсы  мінез  –  құлықтан, 

жақсы  қасиеттерден  үлгі  алуға  үйрету,  тәрбиелеу,  жаман  мінез  –  құлықтан,  жаман 

қасиеттерден  жиіркендіру, жиіркенуге баулу. 

Ауыз  әдебиеті  тілі  –  бүкіл  халыққа  өнеге,  соның  ішінде  балабақша  үшін  нақты  үлгі. 

Баланың тілін дамыту, оларды байланыстырп сөйлеуге ауыз әдебиеті тілінің үлгісі арқылы 

үйретіледі. 

Баланың мектепке дейінгі кезеңі – оның жеке қасиеттерінің қалыптасып, дамитын кезеңі, 

сондықтан  да  бала  өз  ана  тілінде  сөйлеуі  қажет.  Бұған  ата  –  аналар  да  ерте  бастан  көңіл 

бөлгені  жөн.  Сөздің  баланың  психикалық  дамуында  ерекше  мәні  зор.  Барлық  негізгі 

психикалық процесстер де адамның жеке тұлға болып қалыптасуы да тілдің дамуымен тығыз 

байланысты.  Сондықтанбалалардың  тілінің  дамуына  қатысты  бағыттарды  анықтау 

көкейкесті мәселелердің бірі болып табылады. 

Қазіргі таңда тілді дамыту мектепке балаларды дайындаудағы басты міндеттерінің бірі 

болуы  керек.  Балалардың  ана  тілін  үйренуі  мектепке  баланы  дайындаудың  басты 

міндеттерінің бірі. 

   Мектептегі оқыту процесі көбіне ауыз екі сөздің байланысы болып келеді. 

  Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда 4 негізгі мақсат қарастырылады. 

1.Ауызша сөйлеуге үйрету, сөздік қорын дамыту. 

а)  айналадағы  дүниені,  табиғатты  бақылату,  таныту  арқылы  сөздік  қорларынжаңа 

сөздермен  байыту,  баланың  ауызша  сөйлеген  сөздерін  тыңдап,  өзіне  қойылған  сұраққа 

диалог түрінде жауап беруге үйрету. 

ә) заттардың атын (ойыншық, гүл, жапырақ) т.б. сөздерді үйрету 

б) заттың санын, сапасын, түр – түсін, пішінін білдіретін сөздерді меңгерту

в) заттың іс – әрекетін білдіретін (жүрді, оқыды, екті т.б.) сөздерді әрі қарай меңгерту, 

г) үстеу сөздерді (қасында, үстінде, асты, жоғары т.б.) қосып айтуға үйрету. 

 2.  Сөз  дыбыстарын  дұрыс  айту.  Сөйлеуде  ауыз  қуысы  арқылы  дұрыс  дем  алып,  дем 

шығара білуге үйрете отырып дауыссыз, қатаң, ұяң дыбыстарды естілуіне қарай дұрыс, анық 

айтуға үйрету. 3-4 сөзден тұратын сөйлемдер құрату. 

3. Грамматикалық  категорияларды меңгерту. Зат есімге іс – әрекетті білдіретін сөздерді 

қосып  сөйлем  құрату.  Сөздерді  септеп,  жіктеп,  жекеше,  көпше  (менің  досым,  біздің 

ойыншықтарымыз) айтуға үйрету. 



185 

 

185 



 

4. Байланыстырып сөйлеуін дамыту. Күнделікті сабақта естіген, білгенін, ойын, серуен 

кезінде  көрген-түйгенін,  сурет  және  оқылған  ертегілер  мазмұнын,  ұнатқан  ойыншықтары 

жайында ауызша, сұрақ қоя отырып, әңгімлей отырып,  қысқа ертегілерді кейіптендіре білуге 

үйрету. 

Сөйлеу тілі дегеніміз – туа біткен қабілет және оны әрбір адам өз бетінше меңгереді. 

Қалыпты тілдік даму барысы белгілі бір заңдылықтарға сәйкес жүзеге асады, олар жасқа сай 

шарттар болуы мүмкін немесе өзіндік ерекшеліктерге байланысты болуы мүмкін. 

  Үш жастағы балалар үш – төрт сөзден тұратын қысқа сөйлемдермен сөйлейді. Біртіндеп 

сөйлемдер көлемі ұлғая түседі, бірақ кейбір қателіктер ұшырасып отырады 

  Үш жастан жеті жасқа дейінгі аралықта сөйлеу тілі дамуының мектепке дейінгі  кезеңі 

деп  аталады.  Сондықтан  балабақша  кезеңі  балалардың  дамитын,  қалыптасатын  кезеңі 

болғандықтан тілін дамытуға ерте бастан көңіл бөлген жөн. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

1.

 

Меңжанова  А.К.  Балаларды  көркем    шығарма  туындылары  арқылы  адамгершілікке 



тәрбиелеу.- 1991.-

[1. 191-б].

 

2.

 



Әмірова  Ә.С.  Ересектер  тобындағы  балаларды  қазақ  балалар  әдебиеті  арқылы 

адамгершілікке тәрбиелеу.  – Алматы,1994.-

[2. 25-б].

 

3.



 

Нұрмухаметова  Р.Ә.  Мектеп  жасына  дейінгі  балаларға  қазақ  фольклоры  арқылы 

эстетикалық тәрбие беру. –Алматы, 2004.-

[3. 23-б].

 

4.

 



Таубаева  Ғ.З  Мектепалды  дайындығында  оқу  –  тәрбие  үрдісінде  балалар  әдебиетін 

пайдалану. – Алматы, 2005. -

[4. 132-б].

 

 



 

ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ ПЕДАГОГА – ПСИХОЛОГА ДО И СЕМЬИ В РАБОТЕ С 

ДЕТЬМИ, ИМЕЮЩИМИ ОГРАНИЧЕННЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ 

 

Федорова Р.Б.,  Тусупбаева С. Ж. 



КГКП ясли-сад «Куаныш» г. Караганда. 

 

 

  «Научить человека быть счастливым нельзя,  

                                                         но    воспитать его так, чтобы он был  

                                                         счастливым, можно» - А.С.Макаренко. 

  Сложность и чрезвычайная уникальность внутреннего мира ребёнка с ограниченными 

возможностями, его незащищенность, открытость и огромная зависимость от нас, взрослых

обязывает нас: родителей и педагогов с трепетным вниманием, большой ответственностью 

подходить к нему. 

  Взрослые стремятся создавать условия, способствующие развитию ориентировочной 

основы  познавательной  и  эмоционально-личностной  сфер  детей,  обогащая  их  связи      с 

окружающим  миром.  Важнейшей  психолого-педагогической  задачей  взрослых  является 

формирование  способов  осуществления  различных  видов  деятельности  ребёнка:  бытовой, 

предметной, игровой и общения. В ДО психолого-педагогическое сопровождение «особых» 

детей имеет поэтапный процесс. 

  В  профессиональной  деятельности  педагога-психолога  с  детьми,  имеющими  

ограниченные возможности  в развитии большое значение имеет психолого-педагогическое 

изучение  индивидуальности  ребёнка  с  целью  определения    его  психического  развития,   

индивидуальных характеристик, содержания индивидуальной коррекционно - развивающей  

работы.  Активное воздействие психолога, воспитателей, педагогов-специалистов и семьи на 

развитие    индивидуальности  ребёнка  формирует  его  самосознание,  внутренний  комфорт 



186 

 

186 



 

(эмоциональную удовлетворённость), внешнюю адекватность поведения (способность легко 

и точно выполнять этические нормы в социуме и семье).  

  Углубленная  диагностика    отклонений  в  интеллектуальном  и  личностном  развитии 

детей  включает в психодиагностическую работу:  

- психологическое обследование – определение особенностей психического состояния 

и  потенциальных  возможностей  психического  развития  ребёнка  с  ограниченными 

возможностями;  

-    определение  индивидуальных  особенностей  и  склонностей  личности  ребёнка,  его 

потенциальных возможностей в процессе обучения, развития и воспитания

-  педагогическое  обследование  –  определение  особенностей  интеллектуального 

развития  детей  и  их  потенциальных  возможностей  к  игровой  деятельности,    обучению  и 

общению с учётом индивидуальных особенностей и возможностей; 

- составление индивидуального профиля ребёнка с дисгармоничным развитием. 

  Этапы психолого-педагогической работы по проблеме нарушения психологического 

здоровья ребёнка включают:  

-   наблюдение за ребёнком в социуме, в ОУД, в семье; 

-    обследование  ребёнка,  выявление  отклонений  и  нарушений  в  эмоционально-

личностной (поведенческой) и познавательной сферах; 

-   определение темповых характеристик деятельности ребёнка; 

-  определение  развитости  социально-бытовых  навыков,  самостоятельности  и 

ориентировки ребёнка в окружающих ситуациях. 

   Психолого-педагогическая коррекционно-развивающая работа включает развитие у 

ребёнка  мышления,  которое  направлено  на  его  ориентировочную  деятельность, 

формирование  у  него  познавательной  активности,  укрепление  взаимосвязи  между 

основными компонентами мыслительной деятельности: словом, образом и действием. 

  Педагог-психолог  определяет  продолжительность  занятия    сам  в  зависимости  от 

состояния  и  возможностей  ребёнка.  Содержание  коррекционно-развивающей  работы 

аморфно – по желанию педагога-психолога его можно изменить. Здесь неприемлемы строгие 

инструкции ни в отношении продолжительности, ни в отношении тематики и содержания 

занятий.  

   Принципы построения программы коррекционно-развивающих занятий для ребёнка 

с ограниченными возможностями необходимо соблюдать: 

-  принцип  позитивности  означает  создание  поддерживающей,  доброжелательной 

атмосферы помощи, сотрудничества

-  принцип  духовности  устанавливает  связь  между  высшими  ценностями:  здоровьем, 

добром,  красотой,  счастьем  и  конкретным  ребёнком,  его  внутренним  миром,  поведением, 

смыслом жизни; 

-  принцип  целостности  развития  усиливает  значение  всех  прошлых  этапов  жизни  в 

позитивном  ключе,  организует  целостность  самосознания  и  индивидуальности  ребёнка, 

помогает ему строить позитивное будущее; 

-  принцип  индивидуального  подхода  означает  максимальный  учёт  психического 

своеобразия и индивидуального опыта каждого ребёнка; 

-  принцип  развития  и  саморазвития  личности  ребёнка  означает  активизацию 

творческих возможностей, способности к самопознанию и самосовершенствованию. 

  Главное – вступить в контакт с ребёнком, помочь разговориться (с наличием речи), 

уметь выслушать и прокомментировать услышанное. Естественность и непринуждённость 

общения  взрослого  и  ребёнка  обязательно  должны  сопровождаться  чётким 

структурированием  целей  и  задач,    умением  организовать  активность  малыша.  Для  этого 

важно  учитывать  индивидуальные  особенности  и  индивидуальное  своеобразие  каждого 

ребёнка. 

  Эмоциональное  принятие  ребёнка  заключается  в  безусловно  положительном 

отношении к тому, что происходит при общении с ним, без оценки и «ярлыков». 


187 

 

187 



 

  Индивидуальные 

рекомендации 

для 


каждого 

конкретного 

ребёнка 

по 


предупреждению  эмоциональных  перегрузок      составляются  по  результатам 

диагностического обследования.  Эмоционально проведённое занятие, игра может доставить 

ребёнку  с    устоявшейся  нервной  системой  большую  радость  и  наоборот,  слабая  нервная 

система  может  проявиться  усталостью,  эмоциональным  перенапряжением,  плаксивостью, 

капризами, агрессивностью и другими поведенческими нарушениями.  

Совместная  –  ДО  и  семьи,  психолого-педагогическая  системная  и  целенаправленная 

коррекционно-развивающей работы с детьми даёт положительные результаты. 

  Семья  является  важнейшей  средой  формирования  личности  дошкольника.    Стиль 

взаимоотношений, который складывается в семье между ребёнком и родителями, является 

чрезвычайно  важным  фактором  развития  его  личности.  Это  объясняется    следующими 

причинами: 

-  основы  закладываются  в  раннем  детстве,  когда  главными  значимыми  для  ребёнка 

являются родители, взаимодействие с которыми обеспечивает обратную связь, необходимую 

для возникновения и развития представлений о себе и других

-  родители  имеют  уникальную  возможность  влиять  на  развитие  личности  ребёнка. 

Поскольку он зависит от них физически, эмоционально и социально. Опыт взаимодействия 

с родителями является основой формирования  психологических  характеристик  ребёнка. 

Навыки, умения, привычки и даже некоторые черты характера, сформировавшиеся в раннем 

возрасте,    обладают  особой  устойчивостью  и  с  трудом  поддаются  последующим 

преобразованиям. От результатов воспитания ребёнка в дошкольном возрасте зависит мера 

конфликтности, противоречивости развития ребёнка в будущем.  В случае положительного 

опыта,  приобретённого  в  семье,  дальнейший  процесс  социального  развития  ребёнка 

протекает,  как  правило,  нормально.    Неадекватный  стиль  взаимоотношений  в  семье: 

отверженность, непонимание ребёнка, культура, речь, несоблюдение элементарных правил 

поведения,  взаимоотношений  между  членами  семьи  приведёт  к  дезадаптации  ребёнка  и  в 

обществе. 

   Влияющие семейные факторы на индивидуальность ребёнка: 

- внутри- и вне- семейная деятельность: бытовой труд, отдых, досуги; 

-  собственно  семейное  воспитание  как  комплекс  педагогических  и  психологических 

воздействий на ребёнка; 

- социальная микросреда, в которой осуществляется приобщение детей к социальным 

ценностям и ролям, введение их особенностей во взаимоотношения в современном обществе. 

    Психотерапевтический  эффект  заключается  в  доверии  ребёнка  к  взрослому 

(психологу, воспитателю, родителю), стремлении к контакту с ними, открытости и интересе 

к  занятиям,  а  также  в  снижении  эмоциональной  напряженности,  в  психологическом 

комфорте и позитивных эмоциях, в снижении частоты конфликтов и ссор с детьми и разрядке 

негативных эмоциональных переживаний. 

   



1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал