«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет23/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134

 

Қолданылған әдебиеттер:  

1.

 



Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға  арналған 

мемлекеттік бағдарламасы // Астана . 2004. 



167 

 

167 



 

2.

 



Г.Қ. Нұрғалиева, С.Мусин. Салыстырмалы педагогика. -Алматы: Ғылым, 1999. 

3.

 



 Ж.Қоянбаев, Р.Қоянбаев. - Астана, 1998. 

4.

 



Е.Сағындықұлы. Педагогика. - Алматы, 1999. 

 

 



БІЛІМ БЕРУДІҢ ЖАҢАША ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 

 

Тойшыбекова.С.Р. 

«Бәйтерек» балабақшасы 

 

Қазіргі  жаңаша оқытудағы басты нәрсе бұл білім алу және өздігінен білім алу негізінде 

адам  қабілеттерін,  икемділіктерін  дамыту.  Жаңа  білім  алу  парадигмасында  тұлғаның 

қызығушылықтарын  қамтамасыз  етуде  тұтастық,  бағыттылықпен  бірге  мықты  негізділік 

(фундаменталдылық)  те  шешуші  рөлге  ие.  Қазіргі  заманғы  оқушының,  әсіресе  студенттің 

басты мақсаты көптеген пәндерден, олардағы ұшан теңіз ақпараттардың ішінен ең негізгісін, 

мәндісін таба білу. 

Қазіргі  заманғы  білім  беру  жүйесінің  басты  қайшылығы  тез  өсіп  бара  жатқан  жаңа 

білімдер қарқыны мен жеке тұлғаның оларды игерудегі шектеулі  мүмкіндіктері арасында. 

Бұл қарама қайшылық педагогикалық теорияны білім берудің абсолютті идеяларынан (жан 

жақты дамыған тұлға) бас тартып, жаңа идеалға адамның өзін өзі реттеуі мен өздігінен білім 

алу  қабілеттерін  барынша  дамытуға  көшуіне  мәжбүр  етті.  Сонымен,  жаңаша  оқытудағы 

басты  нәрсе  бұл  білім  алу  және  өздігінен  білім  алу  негізінде  адам  қабілеттерін, 

икемділіктерін  дамыту.  Жаңа  білім  алу  парадигмасында  тұлғаның  қызығушылықтарын 

қамтамасыз етуде тұтастық, бағыттылықпен бірге мықты негізділік (фундаменталдылық) те 

шешуші  рөлге ие. Қазіргі заманғы оқушының, әсіресе  студенттің басты мақсаты көптеген 

пәндерден,  олардағы  ұшан  теңіз  ақпараттардың  ішінен  ең  негізгісін,  мәндісін  таба  білу. 

Тәуелсіз ел тірегі білімді ұрпақ десек, жаңа дәуірдің күн тәртібінде тұрған мәселе білім беру, 

ғылымды  дамыту.  Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру 

жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика 

жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім 

алу  үшін  қажетті  жағдайлар:  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 

ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп білім беру 

жүйесін  одан  әрі  дамыту  міндеттерін  көздейді.  Сондықтан,  қазіргі  даму  кезеңі  білім  беру 

жүйесінің алдында оқыту үрдісі технологияландыру мәселесін қойып отыр. Бүгінгі күннің 

басты ерекшеліктерінің бірі, «Қазақстан Республикасының ақпараттық кеңістіктің бәсекеге 

қабілеттілігін 2006-2009 жылдарында даму тұжырымдамасында» келтірілгендей, ақпараттың 

ақылға  симайтын  шамадан  тыс,  оны  игеруде  адамның  биологиялық  мүмкіндіктерінің 

«артық»  мөлшерде  дамуы.  Сол  себепті  де  оқу  оқыту  қысқа  мерзімде  ақпараттың  көлемді 

бөлігін тиімді түрде ұсынатын, сол ақпаратты жоғарғы деңгейде игеретін және практикада 

бекіте  алатын  әдістерді  қолдануды  талап  етеді.  Бұл  талап  білім  беру  саласында 

инновациялық  өзгерістерге  әкеліп,  оқудың  оқытудың  негізі  ретінде  тұлғалық  дамуды 

қарастырады, өйткені  бұл  дәуірдің идеологиялық, әлеуметтік, саяси  сұраныстары  адамнан 

төмендегідей құзырлықтарды талап етеді: ақпараттың ішінен өзіне қажеттісін таңдап, оны 

пайдалану; проблемаларды шешу және шешім қабылдау; өзіндік пікір, идеялар, тұжырым, 

түсінік келтіру, оларды дәлелдей және қорғай білу; социумда ауызша және жазбаша түрде 

қарым-қатынас құра білу, бірлесе жұмыс жасай білу, жанжалдарды болдырмау; өмірге деген 

көзқарасын,  ұстанатын  сенімдерін,  қажеттіліктерін,  құндылықтарын  жалпы  адами 

құндылықтармен  байланыстыру;  өздігімен  үйрене  білу,  өз  білімін  әрқашанда  дамытып 

отыру.  Қазіргі  заманғы  үздіксіз  өзгеріп  жатқан  жағдайында  жоғары  мектеп  өз  әрекетінде 

білім алушылардың зияткерлік (интеллектуалы) қабілеттерінің дамуына бағытталуы қажет. 

Өз  кезегінде  бұл  қасиет  білім  алушыларға  «техникалық,  экономикалық  және  мәдени 

өзгерістер мен олардың сан алуандығын саналы түрде түсініп, бастамашылдық, кәсіпкерлік 


168 

 

168 



 

рух  пен  икемділік  секілді  қасиеттерді  қабылдап,  қазіргі  заманғы  өндірістік  ортада  өзіне 

сенімді  түрде  еңбек  ету  мүмкіншілігін  береді».  Қоғамның  қазіргі  даму  кезеңінде  болып 

жатқан  әлеуметтік  саяси  және  жаңа  технологиялық  өзгерістерден  ұрпақ  тәрбиесіндегі 

бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап 

отыр.  Заман  талабына  сай  білім  оқу  орындарында  білім  мазмұнын,  оның  құрылымдық 

жүйесін  жақсарту  білім  реформасының  жүзеге  асының  басты  шарты.  Осы  заманғы  білім 

берудің  стратегиялық  мақсатын  өз  жауапкершілігін  сезіне  алатын,  өздігінен  әрекет  етуге 

және  әрекетінің  шешімін  таба  білуге  қабілетті,  барлық  істе  сауатты  тұлғаны  оқыту  мен 

тәрбиелеуді  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Жоғарыдағы  мақсаттарға  жоғары  оқу 

орындарында білім берудің Отандық және әлемдік тәрбиелерінде қалыптасып, өз қызметін 

оң  атқарып  келе  жатқан  білім  мазмұнының  негізгі  құрылымын  жобасын  жүзеге  асыруды 

қолданылатын  жаңа  педагогикалық  технология  арқылы  жету  көзделеді.  Қазіргі  уақытта 

модульдік оқыту технологиясын көптеген оқытушылар пайдалануда. Модульдік оқыту 1960 

жылдардың  аяғына  қарай  шет  елдерде  (АҚШта)  дәстүрлі  оқудың  бір  нұсқасы,  бағыты 

ретінде пайда болды. «Модуль» латынның «өлшем», «шама», «мөлшер» деген сөзі. Сонымен 

қатар  модуль  дегеніміз  ірі  блок,  бөлінген,  яғни  оқу  материалдарын,  бөлшекке,  блоктарға 

бөліп беру. Қазіргі уақытта қазақстанда білім берудің өзіндік үлгісі қалыптасуда. Модульдік 

оқу  технологиясының  негізі  білім  алушының  танымдық  белсенділігін,  танымдық  іс 

әрекеттерінің әртүрлі іс әрекеттерін ойлау, зейін, қабылдау әрекеттерін, ойын арқылы және 

сөздік  130  байлықтарын  дамыту.  Айта  кетер  тағы  бір  тиімді  жағы  бірізділігі,  жүйелілігі, 

дарынды  оқушылармен  жұмыс  істеуге  қолайлы.  Модульдік  оқыту  технологиясымен 

оқытунұсқасында  білімді  толық  игеруді  негізге  ала  отырып,  қазіргі  дидактика  талабына 

сәйкес, білім алушыларды оқыту ғана емес, тұлғаның танымдық қызметін ұйымдастыруға, 

оқу  үрдісін  диалогтік  қарымқатынас  негізінде  құруға  болады.  Бұл  оқу  үрдісі  мен 

оқытушының  жұмысына  мынадай  өзгерістер  туғызады:  біріншіден,  оқушы  мен  оқытушы 

оқудың  ұйымдастырушысына  айналады;  екіншіден,  мұғалім  сабаққа  алдынала  зерттеу 

жасап,  уақыттың  көпшілігін  сабақты  даярлауға  жұмсайды  да,  сабақ  барысында  тек 

бақылаушы,  үйлестіруші  қызметін  атқарады.  Ал  дәстүрлі  оқытуда  білім  беру  процесі  көп 

жағдайда  білім  алушының  сабаққа  «таза  парақ»  күйінде  келіп,  оқытушының  оны  сабақта 

біліммен«толтырумен» айналысатын құбылыс деп түсінеді. Шәкірт сабақта ғана жаңа білім 

алып,  сабақтан  кейін  оны  бекітужұмысымен  ғана  айналысады.  Инновациялық  оқу  оқыту 

барысында  үйренушілер  әрқашанда  белсенді  болып,  өзіндік  пікір  қалыптастырып,  өз 

ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, басқаларды 

тыңдауға, өзге пікірді сыйлауға және онымен санасуға үйренеді. Қазіргі заманғы білім беру 

жүйесін  құру  оқытудың  инновациялық  нысандары  мен  әдістерін  енгізу  педагог 

қызметкерлердің тұлғасына және кәсіпттік құзыреттілігіне жоғарғы талаптар қоюда. Жаңа 

оқыту  технологиясын  меңгеруде  оқытушылардың,  педагог  қызметкерлердің  жан  жақты 

білімі  қажет.  Қазіргі  оқытушы  педагогикалық  процесте  жүйелі  жұмыс  жүргізе  алатын, 

педагогикалық өзгерістерге тез төселетін, жаңаша ойлау жүйесін тез меңгере алатын, білім 

алушылармен  ортақ  тіл  табыса  алатын,  білімді,  іскер,  шебер  болуы  керек.  Жаңа 

педагогикалық  технологияның  ерекшеліктері  өсіп  келе  жатқан  жас  тұлғаны  жан  жақты 

дамыту.  Инновациялық  білімді  дамыту,  өзгеріс  енгізу,  жаңа  педагогикалық  идеялар  мен 

жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы білім алушы тек тыңдаушы, орындаушы ғана болса, 

ал қазіргі білім алушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз 

керек.  Қазіргі  білім  алушы  дүниетаным  қабілеті  жоғары,  дарынды,  өнерпаз,  ізденімпаз, 

талапты,  өз  алдына  мақсат  қоя  білу  керек.  Жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалану 

педагогикалық іс әрекеттердің мазмұны мен формасын толықтыру негізінде оқыту үрдісін 

жетілдірудің  бірден  бір  жолы.  Компьютерлік  желілерді,  интернет  жүйесін,  электрондық 

оқулықтарды,  мультимедиялық  технологияларды,  қашықтан  оқыту  технологиясын 

пайдалану оқу орындарында ақпараттық коммуникациялық технологиялар кеңістігін құруға 

жағдай  жасайды.  Оқытудың  педагогикалық  жаңа  технологияларының  барлығы  дерлік 

оқушының  өз  бетінше  білім  алуын  ұйымдастыруға  бағытталған.  Қазіргі  уақытта  білім 


169 

 

169 



 

мазмұнын жаңарту мен сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық 

технологиялары  арқылы  оқыту  әдістерінің  50ге  жуық  үлгілері  ұсынылып,  мектеп 

тәжірибесіне енгізіле бастады.Педагогикалық технологиялар көптүрлі болуына қарамастан, 

олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі теориялық негізде орындалуы, екіншісі 

тәжірибемен  жүзеге  келуі.  Бүгінгі  таңда  қазақстандық  ғалымдарымыз  Ш.Қаланова, 

Ж.Қараев,  Ш.Таубаева,  М.Жанпейісова,  Ә.Жүнісбек  және  т.б.  ғалымдарымыздың 

зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан жақты қарастырылды. Оқыту үрдісінде 

жаңа педагогикалық технологияларды тиімді қолдану мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, 

рухани,  адамгершілік,  азаматтық  сияқты  көптеген  адами  қабілеттерінің  қалыптасуына  игі 

ықпалын  тигізеді.  Оқушының  өз  бетімен  білім  алуына,  өзіндік  ой  пікірін  қалыптастырып, 

қорытынды жасай білуін, өз білімін өзі бағалай білуі 

Білім  берудегі  қазіргі  заманғы  технологиялардың  көмегімен  жаңа  білім  беру 

парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму 

тенденциялары  тұлғаның  өзін-өзі  тануына  және  өзін-өзі  дамуына  мүмкіндік  беретін 

гуманитарлық  білім  берумен  тікелей  байланысты.  "Білім  беру  технологиялары", 

"педагогикалық  технология"  терминімен  қатар  ''оқыту  технологиялары”  термині 

қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында 

оқушының,  үйренушінің  тұлғалық  сапасын  дамыту  және  құрумен  байланысты  болатын 

тәрбиелік аспекті бар. 

“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде 

оқытудың  формасы,  әдістері  мен  құралдарын  ашып  көрсетіп,  оқу  бағдарламасында 

белгіленген  оқытудың  мазмұны  жүзеге  асырылады”,  –  деп  С.Әбенбаев  айта  келіп,  оның 

құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді [1]: 

       оқытудың мақсаты

-         білім берудің мазмұны; 

-                  педагогикалық  өзара  әрекеттестіктің  құралы  (оқыту  және  мотивация),  оқыту 

процесін ұйымдастыру; 

       оқушы, оқытушы; 

-         әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі). 

Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды 

“...  оқыту  технологиясын  жобалау  процесі  деп  атауға  болады”  деп  айта  келіп,  оның 

құрылымын төмендегідей анықтайды: 

-         оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау; 

-         оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау 

барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны 

анықтау; 

-         мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау; 

-         оқыту технологиясын талдап жасау. 

Педагогикалық  зерттеулердің  нәтижелеріне  сәйкес  білім  берудің  қазіргі  заманғы 

технологиясының  нұсқауы,  төмендегі  принциптердің  қатысуымен  жасалуы  тиістігі 

анықталуда: 

-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі; 

-қойылған  мақсатқа  жету  үшін  нақты  педагогикалық  ортада  технологияларды  қайта 

өндіру принципі; 

-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін 

факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі; 

-оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  және  оның  танымдық  қабілеттілігіне 

оқыту процесінің бейімделу принципі; 

-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының 

потенциалды көп болу (артық болу) принципі. 

Педагогикалық технологияның міндеттері: 



170 

 

170 



 

-                  әр  түрлі  қызмет  саласындағы  іскерлік  пен  дағдылардың  шыңдау,  білімнің 

тереңдігін, беріктігін арттыру

-                  мінез  –  құлықтағы  әлеуметтік  құнды  әдеттер  мен  формаларды  нығайту  және 

арттыру; 

-         технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету; 

-         технологиялық ойлау дағдыларын дамыту; 

-                  оқу  міндеттері  мен  қоғамдық  пайдалы  еңбек  ұйымдастыруда  технологиялық 

тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу. 

Педагогикалық  технология  әр  түрлі  жағдайлардағы  нақты  өзара  іс-қимылдарды,  

жүйеленген,  бағдарланған,  оқыту  және  тәрбиелеу  стандарттарына  сай  тәсілдер  негізінде 

компьютер мен техникалық құралдар қолдану арқылы да ұйымдастырылады. Бүгінгі таңда 

білім беру жүйесінің құрылымдарында оқытудың айқындалған көптеген технологияларын 

пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға тәжірибе беруде ақпаратпен жұмыс істеу 

әдістеріне,  жаңа  білімдерді  құру  әдістеріне,  ең  маңыздысы  -  әлемнің  дамуы  туралы 

білімдердің  қажетті  деңгейін  қалыптастыратын  әдістерге  үйрету.  Сондықтан  әрбір 

оқытушыға  және  оқушыға  "оқыту"  мен  "үйрену"  процестерін  игеру  үшін  3  тілді  меңгеруі 

қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін.     

 

 

БІЛІМ БЕРУДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 



 

Бижанова А.Ж. 

Қарағанды Экономикалық Университеті ҚазтұтынуОдағы 

Экономика,бизнес және құқық колледжі 

 

Білім  берудегі  қазіргі  заманғы  технологиялардың  көмегімен  жаңа  білім  беру 



парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму 

тенденциялары  тұлғаның  өзін-өзі  тануына  және  өзін-өзі  дамуына  мүмкіндік  беретін 

гуманитарлық  білім  берумен  тікелей  байланысты."Білім  беру  технологиялары", 

"педагогикалық  технология"  терминімен  қатар  ''оқыту  технологиялары”  термині 

қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында 

оқушының,  үйренушінің  тұлғалық  сапасын  дамыту  және  құрумен  байланысты  болатын 

тәрбиелік аспекті бар.Оқыту технологиясы  – белгіленген мақсатқа нәтижелі  қол жеткізуді 

қамтамасыз  етуде  оқытудың  формасы,  әдістері  мен  құралдарын  ашып  көрсетіп,  оқу 

бағдарламасында белгіленген оқытудың мазмұны жүзеге асырылады. Педагогикалық өзара 

әрекеттестіктің құралы (оқыту және мотивация), оқыту процесін         ұйымдастыру,әрекеттің 

нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі қарастырылған. 

Нақтылы  педагогикалық  процесті  талдап  жүзеге  асыруды,оқыту  технологиясын 

жобалау процесі деп атауға болады,оның құрылымын төмендегідей анықтайды: 

-         оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау; 

-         оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау 

барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны 

анықтау; 

-         мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау; 

-         оқыту технологиясын талдап жасау. 

Педагогикалық  зерттеулердің  нәтижелеріне  сәйкес  білім  берудің  қазіргі  заманғы 

технологиясының  нұсқауы,  төмендегі  принциптердің  қатысуымен  жасалуы  тиістігі 

анықталуда: 

-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі; 

-қойылған  мақсатқа  жету  үшін  нақты  педагогикалық  ортада  технологияларды  қайта 

өндіру принципі; 


171 

 

171 



 

-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін 

факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі; 

-оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  және  оның  танымдық  қабілеттілігіне 

оқыту процесінің бейімделу принципі; 

-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының 

потенциалды көп болу (артық болу) принципі. 

Педагогикалық технологияның міндеттері: 

-                  әр  түрлі  қызмет  саласындағы  іскерлік  пен  дағдылардың  шыңдау,  білімнің 

тереңдігін, беріктігін арттыру; 

-                  мінез  –  құлықтағы  әлеуметтік  құнды  әдеттер  мен  формаларды  нығайту  және 

арттыру; 

-         технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету; 

-         технологиялық ойлау дағдыларын дамыту; 

-                  оқу  міндеттері  мен  қоғамдық  пайдалы  еңбек  ұйымдастыруда  технологиялық 

тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.  

Педагогикалық 

технология 

әр 

түрлі 


жағдайлардағы 

нақты 


өзара 

іс-


қимылдарды,  жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер 

негізінде 

компьютер 

мен 


техникалық 

құралдар 

қолдану 

арқылы 


да 

ұйымдастырылады.  Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінің  құрылымдарында  оқытудың 

айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға 

тәжірибе  беруде  ақпаратпен  жұмыс  істеу  әдістеріне,  жаңа  білімдерді  құру  әдістеріне,  ең 

маңыздысы  -  әлемнің  дамуы  туралы  білімдердің  қажетті  деңгейін  қалыптастыратын 

әдістерге  үйрету.  Сондықтан  әрбір  оқытушыға  және  оқушыға  "оқыту"  мен  "үйрену" 

процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. 

Сонымен  технология  көмегімен  білімдерді,  іскерлікті,  дағдыларды  игеру  процесінде 

тұлғалық  қасиеттің  дамуында  нәтижелі  шешімге  жету  мүмкіндігі  қамтамасыз 

етіледі. 

"Педагогикалық 

технология" 

оның 

ішінде 


"оқыту 

технологиясы" 

ұғымын  анықтауда,  басым  көпшілік  мамандар  оларды  үш  маңызды  жағдайлармен 

біріктіреді: 

- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды 

жоспарлау; 

-  оқытуды  талап  ететін  әрекетті    қалыптастыруды  іріктеген    қатаң  тізбекті  әрекеті 

түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау".  

- алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру.  М.Чошанов оқыту 

технологиясы  негізінен  педагогикалық  процестегі  «Қалай  нәтижелі  етіп  оқыту  керек?» 

мәселесін  шешуге  бағытталатынын  айтады.  Оқыту  технологиясы  жөніндегі  ой-пікірлерді 

саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі 

нақты  қадамдарды  және  олардың  үйлесімділігін  зерделейтін  ғылым  саласы;  екіншіден, 

оқытудың  нақты  жағдайда  нәтижелі  жүзеге  асырылуын  белгілейтін  жобалау  немесе 

модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз. 

         Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, 

ол жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл 

ұғым  стандартты  емес  ғылыми  көріністерде  ереже  ретінде  қолданылып,  педагог 

жұмыстарының  өндірілген  әдіс-тәсілдерін,  құралдарын  білдіреді.  В.П.Беспалько 

технологияны  түсіну  үшін  ең  алдымен  педагогикалық  іс-әрекеттің  өндірушілік  белгісіне 

көңіл  аудару  қажеттігіне  зейін  аударады,  әлеуметтік  тұрғыдан  бұл  белгі,  технологияның 

басқа белгілерінен оның жалпылық сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім 

беру  технологияларын  Г.К.  Селевко  технологияның  классификациялық  параметрлері 

тұрғысынан: қолдану деңгейі, негізгі дамыту факторы, меңгеру тұжырымы, жеке тұлғаның 

құрылымына  бағдарлау,  мазмұн  сипаты,  басқару  типі,  ұйымдастыру  формалары,  балаға 

ықпал  ету  тәсілдері,  әдістердің  басымдылығы,  жетілдіру  бағыттары,  оқушылар 

категориялары бойынша нақтылап көрсетеді.  


172 

 

172 



 

Ш.Т.Таубаева  оқытудың  қазіргі  технологияларының  аттарын  атап көрсетіп,  олардың 

мақсаттарын,  тұжырымының  және  мазмұны  мен  әдістерінің  ерекшеліктерін  сипаттап 

көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған. 

Сонымен  педагогикалық  технологиялардан  төмендегілерін  бөле  жарып  көрсетуге 

болады: 


-             ойын арқылы оқыту технологиясы

-             проблемалық оқыту технологиясы; 

-             тірек сигналдары арқылы оқыту; 

-             деңгейлік саралап оқыту

-             міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы; 

-             бағдарламалап оқыту технологиясы; 

-             оқытудың компьютерлік технологиясы; 

-             дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы; 

-             дамыта оқыту технологиясы

-             модульдік оқыту. 

Сондай-ақ  Қазақстандық  ғалымдардың    оқыту  технологиялары  белсенді  түрде  білім 

беру  жүйесінде  қолданылуда.  Бұл  технологиялардың  өздеріне  тән  ерекшеліктері 

бар.  Мәселен,  В.Ф.Шаталовтың  тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясының 

ерекшелігі: 

-         үнемі қайталау; 

       ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; 

-         жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; 

       ізгілік

-         зорлықсыз, еркімен оқыту

-         әр оқушының табысының жариялылығын түзетуге, өсуге, табысқа жетуге жағдай 

жасау; 

-         оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру. 



Сондай-ақ  әрбір  педагогикалық  технологияның  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Олардың 

негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. 

Педагогикалық  жүйедегі  негізгі  өзекті  мәселе  -  оқушылардың,  студенттердің  ойлау 

қабілетін дамытып, өздігінен жұмыс істеуге баулу, өз ойын тұжырымдауға дағдыландыру 

болғандықтан сабақ барысында кеңінен деңгейлеп, дамыта оқытудың модульдік әдісін жиі 

пайдалану қолдау табуда.  

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей 

мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру 

құқықтық  формадағы,  типтегі  және  түрдегі  білім  беру  мекемелерінде  іске  асырушы 

тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.Бiлiм беру 

жүйесi қоғамның әлеуметтiк – экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай – ақ 

оны  әрi  қарай  айқындай  түседi.  Ал  бiлiмнiң  қалыптасып,  дамуының  жалпы  шарттары 

философияның  негiзгi  мәселесi  –  рухтың  материяға,  сананың  болмысқа  қатынасы 

тұрғысынан  зерттелетiн  iлiм  таным  теориясы  деп  аталады.  Таным  теориясының  басқа 

ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы – ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң 

жалпы  ұстанымдарын,  объективтiк  қатынастарды  қалыптастырады.  Орыс  педагогі 

К.Д.Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі 

бірсарынды  сабақтардан  гөрі,  жаңа  талапқа  сай  инновациялық  технологияларды  өз 

сабақтарында  күнделікті  пайдаланса,  сабақ  тартымды  да,  мәнді,  қонымды,  тиімді  болары 

сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру 

жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді 

ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»  деп  атап 

көрсеткен.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  жолдауында  айқандай:  «Болашақта  өркениетті 

дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 

50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі 


173 

 

173 



 

білім  беру  жүйесінің  алдында  оқыту  үрдісінің  технологияландыру  мәселесін  қойып  отыр. 

Оқытудың  әртүрлі  технологиялары  сарапталып,  жаңашыл  педагогтардың  іс  –  тәжірибесі 

зерттеліп, мектеп өміріне енуде. 

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты - бәсекеге қабілетті маман дайындау. Мектеп – 

үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше 

тұс  -  оның  сабақты  түрлендіріп,  тұлғаның  жүрегіне  жол  таба  білуі.  Ұстаз  атана  білу,  оны 

қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау - әр мұғалімнің борышы. Ол өз кәсібін, өз пәнін , 

барлық  шәкіртін  ,  мектебін  шексіз  сүйетін  адам.Өзгермелі  қоғамдағы  жаңа  формация 

мұғалімі  – педагогикалық  құралдардың  барлығын  меңгерген, тұрақты өзін-өзі  жетілдіруге 

талпынған, рухани дамыған, толысқан шығармашыл тұлға құзыреті.Жаңа формация мұғалімі 

табысы, біліктері арқылы қалыптасады, дамиды. Нарық жағдайындағы мұғалімге қойылатын 

талаптар  :  бәсекеге  қабілеттілігі,  білім  беру  сапасының  жоғары  болуы,  кәсіби  шеберлігі, 

әдістемелік жұмыстағы шеберлігі. 

Осы айтылғандарды жинақтай келіп, жаңа формация мұғалімі- рефлекцияға қабілетті, 

өзін-өзі жүзеге асыруға талпынған әдіснамалық, зерттеушілік, дидактикалық  - әдістемелік, 

әлеуметтік  тұлғалы,коммуникативтілік,  ақпараттық  және  тағы  басқа  құдыреттіліктердің 

жоғары  деңгейімен  сипатталатын  рухани-  адамгершілікті,  азаматтық  жауапты,  белсенді, 

сауатты, шығармашыл тұлға. 

Нәтижеге  бағытталған  білім  моделі  мен  басқарудың  жаңа  парадигмасы  аясында 

жекелеген ұғымдар мен нормаларды және тиімді педагогикалық технологияларды меңгеру 

үшін педагогтардың кәсіби мәдениетін дамытуға бағытталған оқу қажеттіліктері туындылап 

отыр. 

Біліктілік арттыру жүйесінде педагогтардың оқу қажеттіліктері нақты білімнің мәнін 



түсінуге,  соның  нәтижесінде  өзіндік  іс-  әрекетке  енуге  және  жеке  өміріндегі  тәжірибені 

жетілдіру  мақсаттарына  байланысты  қалыптасады.  Осы  заманғы  мұғалім  оқуға  үлкен 

потенциалдық мүмкіндіктермен келеді. 

Сондықтан олардың функционалдық сауаттылықтарын кәсіби шеберлікпен ұштастыру 

үшін  нәтижеге  бағытталған  білім  беру  үлгісінде  мақсатты  түрде  білім  беретін, 

қалыптастыратын, дамытатын андрогогикалық процесс қажет. Басқаша айтқанда ересектерге 

арналған,  жалпы  және  кәсіби  білімнің  қажеттілігін  дамыту,  ғылым,  білім  мен  мәдениет 

жетістіктері  арқылы  адамдардың  жалпы  мәдениеті  мен  әлеуметтік  белсенділікті  дамытуға 

бағытталған  танымдық  іс-әрекетке  ынталандыру  үшін  білім  беру.  Қазіргі  білім  беру 

парадигмасы  «білікті  адамға»  бағытталған  білімнен  «мәдениет  адамына»  бағытталған 

білімге  көшуді  көздейді.  Бұл  білім  беру  жаңаша  ұйымдастыру-  оның  философиялық  , 

психологиялық,  педагогикалық  негіздерін,  теориясы  мен  тәжірибесін  тереңірек  қайта 

қарауды қажет етеді. 

Сондықтан  бүгінгі  күні  еліміздің  білім  жүйесінде  оқыту  үдерісін  тың  идеяларға 

негізделген жаңа мазмұнын қамтамасыз ету міндеті тұр. 

Француз  қайраткері  «Адамға  оқып  –  үйрену  өмірде  болу,  өмір  сүру  үшін  қажет» 

дегендей  оқыту  процесін  технологияландыру,  осыған  сәйкес  оқу  бағдармаларын  жасау, 

ғалымдар  мен  жаңашыл  педагогтардың  еңбектерімен  танысу  жұмыстары  мұғалімдердің 

үздіксіз ізденісін айқындайды. Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті 

оқыту  түрінен  активті  оқытуға  көшу  оқу  танымын  ұйымдастырудағы  бастамашылдығына 

жағдай туғызу, субьективтік позицияны қалыптастыру. 

Білім  сапасын  арттыру  және  нәтижеге  бағытталған  үлгіге  беталуы  барысында 

мұғалімдер  мемлекеттік  стандарт  берілген  нәтижелерге  жетуде  кәсіби  шеберлікпен 

меңгерген зерттеу біліктері мен дағдылары нәтижесінде проблеманың шешімін таба алатын, 

ақпараттық  –  коммуникативті  мәдениеті  жоғары  тұлғалық  -  дамытушылық  функцияны 

атқарады. Қазіргі заман адамның осы құзыреттілікті меңгере отырып тек « кәсіби икемділігін 

оңтайландыруды қамтамасыз ету ғана емес, іске асырылу мүмкіндігін « үнемі оқып – үйрену 

және өзін-өзі жасау талабын қалыптастыра алады. 



174 

 

174 



 

Қазақстандағы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы  жобасында  Қазақстанда  оқитындарды  сапалы  біліммен  қамтамасыз  етіп, 

халықаралық  рейтингілердегі  білім  көрсеткішінің  жақсаруы  мен  қазақстандық  білім  беру 

жүйесінің  тартымдылығын  арттыру  үшін,  ең  алдымен,  педагог  кадрлардың  мәртебесін 

арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін 

дамытуды  қамтамасыз  ету,  сондай-  ақ  педагогтердің  еңбегін  мемлекеттік  қолдау  мен 

ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда 

еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  реформалар  мен  сыңдарлы  саясаттар,  өзгерістер  мен 

жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы 

жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. 

Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, 

зиялылар  қауымының  деңгейіне  байланысты.  Дәстүрлі  білім  беру  жүйесінде  білікті 

мамандар  даярлаушы  кәсіби  білім  беретін  оқу  орындарының  басты  мақсаты  – 

мамандықтарды игерту ғана болса, ал қазір әлемдік білім кеңестігіне ене отырып, басекеге 

қабілетті  тұлға  дайындау  үшін  адамның  құзырлылық  қабілетіне  сүйену  арқылы  нәтижеге 

бағдарланған  білім  беру  жүйесін  ұсыну  –  қазіргі  таңда  негізгі  өзекті  мәселелердің  бірі. 

Жалпы алғанда «құзырлылық» ұғымы жайлы ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылық ұғымы 

–  соңғы  жылдары  педагогика  саласында  тұлғаның  субъектілік  тәжірибесіне  ерекше  көңіл 

аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. 

Құзырлылықтың  латын  тілінен  аудармасы  «сомпетенс»белгілі  сала  бойынша  жан  – 

жақты хабардар білгір деген мағынаны  қамти отырып, қандай да бір сұрақтар төңірегінде 

беделді  түрде  шешім  шығара  алады  дегенді  білдіреді»  деп  көрсетеді.  Бұл  жайлы 

Б.Тұрғанбаева  «...  өзінің  практикалық  әрекеті  арқылы  алған  білімдерін  өз  өмірлік 

мәселелерін  шешуде  қолдана  алуын  –  құзырлылықтар  деп  атаймыз »  деп  анықтаса,  Ресей 

ғалымы Н.Кузьминаның көзқарасы бойынша, «Құзырлылық дегеніміз - педагогтің басқа бір 

адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығы ». 

Латын тіліндегі « компетенс»сөзін ғалым К.Құдайбергенова «Құзырлылықты білімін, 

біліктілігін,  дағдысын,  тұлға  мінез-  құлқын  ,  ең  бастысы  тұлға  мүмкіндігін  бағалаудың 

критерийі  мақсатында  қарастыру  құзырлылық  маңызын  толық  аша  алады.  Олай  болса, 

құзырлылық, нәтижеге бағдарланған жаңа білім беру жүйесінің сапалық критерийі ретінде 

әлеуметтік  және  өмірлік  көзқарастарды  есепке  алу  қажет»  деп  жазса,  Б.Тұрғанбаева 

«Құзырлылыққа бағытталған оқыту үрдісінде тәжірибелік жолмен мәселені шешу мүмкіндігі 

молаяды.  Осы  жағдай  біліктілікті  арттырудағы  екінші  үлгіге  көшірудің негізі  бола  алады. 

Өйткені,құзырлылыққа бағытталған үлгіде білім алушылардың өздерін ұйымдастыру - басты 

мақсаты » деп көрсетеді. 

  



1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал