«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет20/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   134

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 

2. Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру  

тұжырымдамасы, 2006. 

3. Абулханова К.А.О субъекте психической деятельности.-М. 1973. 

4. Абдурахманова Г. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық  

мүмкіндіктері. «Қазақстан мектебі», Алматы,2006 , №3 ,17-19 б. 

5. Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары.  

Алматы, «Рауан»,1999. 

6. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.-СПб.:Питер,2001 

7. Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение.-М.-Воронеж,1996. 

8. Гоноболин Ф.Н. Психология.-Алматы, «Мектеп»,1976, 37,63,71 б. 

9. Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа  

кабинеті,1993. 

10. Истратова О.Н., Эксакусто Т.В. Справочник психолога начальной школы. – 

Ростов н/Д: «Феникс», 2004, 141-143 б 

 

 



БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУ 

 

Кабдуов Бекзат Куантайулы 

№95 мектеп – гимназиясы, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі 

 

 

Мемлекетiмiз  тәуелсiздiк  алғаннан  берi,  елдiң  сана-сезiмiнде  түбегейлi  өзгерiстер 



жүрдi.  Бұл  өзгерiстер  Қазақстан  мемлекетiн  дүниежүзiлiк  экономикалық  қауымдастыққа 

толық  мүше етумен қатар, елiмiздiң iшкi  рыногын  да әлемдiк деңгейге көтердi.  Мұнымен 

қоса, бiлiм мен ғылым саласының алдында жаңа талаптар пайда болды. 

 

Жалпы  бiлiм  беру  жүйесiнде  үйреншiктi  дағдыдан  үйлесiмдi,  күрделi 



сабақтастықтарды  қамтуға  ұмтылатын  көп  деңгейлi  оқу  жүйесiн  орнықтыру,  жаңа  оқу 

бағдарламаларымен  қатар,  оқу  стандарттарын  дайындау,  жаңа  ақпараттық,  компьютерлiк 

жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу - қазiргi заман талаптарынан туындап отыр.  

 

Осы  тұрғыдан  келгенде,  үздiксiз  бiлiм  беру  жүйесiнiң  базалық  буыны  саналатын 



орта бiлiм мекемелерiнiң жастарға сапалы бiлiм, саналы тәрбие беріп, ұлтжанды азамат етіп 

қалыптастырар рөлі зор екені даусыз. [1, 42 б] 

 

Тіл үйрету – ол зорлықсыз, иландыру арқылы жүргізілетін жұмыс екендігі белгілі. 



Алайда,  қандай  да  бір  құбылыс  болмасын  оның  қажеттілігі  байқалмайынша  жүзеге 

аспайтыны  анық.  Олай  болса,  мемлекеттік  тіл  қазақстандық  басқа  ұлт  өкілдерінің 



146 

 

146 



 

қажеттіліктеріне  айналмайынша,  олардың  тілді  үйренуі  кешеуілдеу  беруі  ықтимал.  Сол 

себепті мемлекеттік тілді жедел әрі тиімді оқытудың жолдары мен түрлерін тілші мамандар 

мен ғалымдар әртүрлі әдістемелер арқылы оқытуды ұсынуда. 

Мемлекеттік тілдің іргетасын қалау бастауыш мектептен басталуы әбден заңды. Демек, 

мектептегі оқушыларға ұсынатын білім беру материалдары осы заман ғылымының дәрежесі 

мен талабына сай болу керек.  [2, 3 б] 

Бастауыш мектептерде тілді оқыту барысы мынандай мәселелерді қамтиды: 

1.

 

Оқуға үйрету; 



2.

 

Сөздік  қорын,  оқушылардың  логикалық  жүйелікті  қамтитын  байланысын  сақтап 



сөйлеуін дамыту. 

Оқыту ісі барысында қолданып жүрген негізгі әдістер төмендегідей: 

1.

 

Мұғалім сөзі; 



2.

 

Әңгіме әдісі ( сұрақ – жауап); 



3.

 

Көрнекілік  құралдарды  пайдалану  (сызбалар,  кестелер,  суреттер,  сөзжұмбақтар, 



компьютер, т.б.); 

4.

 



Тілдік  фактілерді талдау грамматикалық талдау

5.

 



Тапсырмаларды орындату; 

6.

 



Кітаппен жұмыс жасату; 

7.

 



Топтық жұмыс; 

8.

 



Тест өткізу;   

Бастауыш  сынып  оқушыларына  грамматикалық  ұғымдарды  меңгерту  үшін 

түсіндіргенді  қайталап  айтып  беруге  баулу  әдісі  ойдағыдай  нәтиже  бермейді.  Бұл  әдіске  

машықтанған  оқушылар  көбінесе  грамматикалық  ұғымдарды  жаттап,  еске  сақтауға  бейім 

болады. Ал жаттап алынған білім мен білік дағды көп уақыт өтпей – ақ ұмытылады. [3, 147 

б] 


Қазақ  тіліндегі  сөздерді  дұрыс  айтып,  сауатты  жазуды  бастауыш  сыныптан  бастап  

ыждағаттылықпен  қолға  алған жөн. Сондықтан да қазақ  тілін үйретуде оқушылардың пәнге 

деген қызығушылықтарын арттыру, қоршаған ортаны танып игеріп, сөйлесу, пікір алмасу, 

сұраққа  дұрыс  жауап  беру,  әңгімелесу  тілді  меңгерту  жолында    бастауыш  сыныптардан 

бастап  өтілген  таныс,  жеңіл  сөздерді,  сандарды  сурет  түрінде  сөздермен  байланыстыра, 

жұптастыра отырып, әртүрлі сөзжұмбақтар үлгісінде оқытуға болады. Мысалы, 4 – сынып 

оқушыларына  «Отбасы  мүшелерінің  сүйікті  ісі»  модуліне  байланысты  сөздіктегі  жаңа 

сөздерді меңгертуді төменде көрсетілген үлгі бойынша ұсынамын: 

-  «Қарындас»  сөзін  меңгертуде  қарындаштың  суретін  салып,  соңғы  «ш»  әрпін  алып 

тастауды  (‘)  белгі  арқылы  көрсетіп,  «с»  әрпін    жалғап,  қыз  баланың  суретін  көрсетеуге 

болады. 

-  «аға»  сөзін  оқушылар  өздері  айту  үшін  ағаштың  суретінен    соңғы  «ш»  әрпін  алып 

тастауды  (‘)  белгі  арқылы  көрсетемін.  Ребустағы  сөздерді    қазақ  тіліне  аудара  отырып, 

«Менің  елім  –  Қазақстан»  модуліне  байланысты  жаңа  сөздерді  таныстырып,  меңгертуге  

болады.  «Огонь,  хлеб,  вода»    сөздерінің  орыс  тіліндегі    баламасын    қазақшаға    аудару 

арқылы,  «огонь»  сөзінің  аудармасына  «хлеб»  сөзінің  аудармасының  соңғы  екі  әрпін  алып 

қоссақ, «Отан» сөзі шығады. «Т» әрпіне «вода» сөзінің аудармасының соңғы «У» әрпін алып 

қоссақ, «ту» сөзі шығады. «Менің елім – Қазақстан» модулі бойынша оқушылардың алған 

білімдеріне  қорытынды  жасау  мақсатында,  берілген  сөздердің  орыс  тіліндегі  баламасын 

қазақшаға  аударып,  сөзжұмбақты  шешу  барысында  тексеріп  көруге  болады.  Мысалы: 

Столица, флаг, герб тағы да басқа модульге байланысты сөздерді қолдануға болады.  

 

Сандар арқылы оқушыларды сергіту барысында мынандай сөзжұмбақтарды ұсынуға 



болады. 

Мысалы: «1» лік – бірлік; с «2» р – секір; к3 – күш; «5» ік – бесік; «6» н – алтын; «7» ім 

–  жетім;  «8»  -  егіз;  Т  «10»  -  тон;  Қ  «10»  -  қон,  тағы  басқа  сандар  арқылы  сөзжұмбақтар 

құрастырып ұсынуға болады. 



147 

 

147 



 

Берілген  сандар  мен  суреттердің  орнына  сөздерді  пайдалана  отырып,  шағын  өлең 

жолдарын  құрап  айтуға  мүмкіндік  жасауға  болады.  Сонымен  қатар,  оқушылар  есептеп 

үйренуге де жаттығады. 

Тапсырмалар: 

Тақтада көрсетілген сандар мен суреттерді сөзбен жазып, шағын өлең жолдарын құрап, 

және есептеп жазуға болады. 

«1» - «1» імен жарысқан, 

«2» (түйенің суреті), «1» (керіктің суреті), 

«3» (аюдың суреті), «2» (жолбарыстың суреті), 

Бәрі нешеу? Кім біледі? 

Жауабы: 


Бір – бірімен жарысқан, 

Екі түйе, бір керік. 

Үш аю, екі жолбарыс 

Бәрі қанша? Кім тапты? 

Шешуі: 2+1+3+2=8 

Оқушыға  тілді  меңгерте  отырып,  шағын  өлең  жолдарын  сурет  түрінде  беру  арқылы 

оқушыларды шығармашылыққа баулимын. 

1.

 



Оқушыларға берілетін нұсқа. 

Туған қалам – Қарағанды, 

Жарқырайсың сен (күннің суреті) – дей 

Алыс кетсем, сағынам 

(Жүректің суреті) – ім сенімен «1» - ге. 

2.

 



Тексеруге арналған нұсқа: 

Туған қалам – Қарағанды, 

Жарқырайсың сен күндей 

Алыс кетсем, сағынам 

Жүрегім сенімен бірге. 

 

Жоғарыда  атап  өткен  сөзжұмбақтар  сандар  мен  жануарлардың  суреттерімен 



құрастырылған    шағын  өлең  жолдары  арқылы  «Жануарлар  бұрышы»  модулін  қайталауға 

және  оқушылардың  еске  түсіру  қабілеттерін  немесе  өткен  модульді  қаншалықты 

меңгергендіктерін анықтап байқап көруге  болады. 

 

Қорыта келсек, бастауыш сыныпта қазақ тілін оқыту балалардың жүйкесіне салмақ 



салмай,  қызықтыра,  ұғындыра  оқыта  үйретуді  ұйымдастыруға  тиімді.  Сонымен  бірге  

жоғарыда  пайдаланған  әдіс  –  тәсілдерді  қолдану  арқылы  оқушылардың  тіл  жайында 

білімдерін тереңдету, сөздік қорларын, ой өрістерін, қазақ тілін қадірлей білуге, туған жерге, 

туған  еліне  деген  сүйіспеншіліктерін    арттырумен  қатар,  ұлтжанды,  отаншыл  рухани-

адамгершілігі мол  ұрпақ тәрбиелейміз. 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1.  Қазақстан  Республикасының  2015  жылға  дейінгі  білім  беруді  дамыту  тұжырымдамасы. 

2003    


2. Қайырбекова А.И., Барақова Қ.М.  Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. Жалпы білім беретін орыс 

мектебінің 4 – сынып мұғалімдеріне арналған. – Алматы: Атамұра, 2004. 

3. Тұрдалиева  Г.Ж. Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту әдістемесі: Оқу – әдістемелік 

құрал. - Астана: Фолиант, 2007. 

 

 

 



 

 


148 

 

148 



 

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ ҚОЛДАНУ 

АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАЛЫҚ БІЛІМДЕРІН ЖЕТІЛДІРУ 

 

Қарымсақ А. Қ. 

Астана қаласы, Гуманитарлық колледжі 

 

«Бастауыш  мектеп  жасындағы  оқушы»  деген  термин  тың  ұғым  болғандықтан  біз 

осының  орнына  «кіші  оқушы»  деген  сөз  қолданамыз.  Осыған  орай  біз-кіші  оқушының 

психикалық  тұрғыдан  өзіндік  сипатына  тоқталайық.  Бұрын  балалар  оқымаған  кезінде 

«Бастауыш мектеп жасы «Кіші жас» деген жас кезеңдер кездеспейтінін біз ескергенбіз. Бұл 

жастың \7-11 жастың\ өзінде жас кезеңіне бөлінуі оқудың \әсіресе орта оқу мектебінің\ көп 

елдерде  жаппай  оқу  үстем  алып  дамып  келуінен,  осы  жас  кезеңнің  өзінше  бөліп  алып 

қараудың себебі-бұларда өтетін оқу материалдары ұқсас келуінен. Осы жастағылардың оқу 

әрекетінің  ұқсастығы,  көпшілігіне  тең  ұқсас  психикалық  қасиеттер  тудырады.  Міне, 

бастауыш мектеп жасын бөлек кезеңге бөлудің себебі осыдан.  Үш түрлі қиыншылықтардың 

кездесетінін 1 кластың бас кезінен бастап еске алу қажет. Ал алдағы \2-3\ кластарға келсек, 

мұндағы  оқушылардың  жағдайы  бірінші  класта  қалай  оқығанына  байланысты.  Әдетте, 

баланың  бәлендей  объектіге  қызығуы  мен  оның  ықыласының  барлығын  ажырату  керек. 

Қызығу  деп  бәлендей  обьектінің  бір  жағы  сырттай  біреуге  ұнайтынын  айтады.  Қызығу 

көбінесе  аз  уақытта  кездеседі  де,  кейін  сөніп  кетуі  ықтимал.  Ал  ықылас  балада  іштей 

ұмытылып  іске  берілуінен  пайда  болады.  Әрине,  қызығу  кейде  ықыласты,  не  бәлендей 

нәрсеге  құмар  болуға  апарып  соғуы  мүмкін.  Бірақ  бұл  сирек  кездеседі.  Сондықтан,  осы 

мәселеге  1-кластан  мән  беру  қажет.  Жалпы  алғанда  2-3  кластағы  балалардың  көпшілігі 

ойдағыдай  оқып  кетеді.  Оның  себебі,  біріншіден,  кіші  оқушының  ниеті  таза,  ішіндегісі 

тілінің  ұшында  болып  тұрады.  Екіншіден  бұлар  үшін  мұғалім  үлкен  абырой  және  бедел. 

Сондықтан оның сөзін мүдіртпей орындайтын болады. 

Білім  берудегі  қазіргі  заманғы  технологиялардың  көмегімен  жаңа  білім  беру  

парадигмасы іске асатын құрал ретінде қарастырылады. Білім беру технологияларының даму 

тенденциялары  тұлғаның  өзін-өзі  тануына  және  өзін-өзі  дамуына  мүмкіндік  беретін 

гуманитарлық  білім  берумен  тікелей  байланысты.  "Білім  беру  технологиялары", 

"педагогикалық  технология"  терминімен  қатар  ''оқыту  технологиялары”  термині 

қолданылады. Оның біріншісі көлемді болып келеді. Өйткені, білім беру технологиясында 

оқушының,  үйренушінің  тұлғалық  сапасын  дамыту  және  құрумен  байланысты  болатын 

тәрбиелік аспекті бар. 

“Оқыту технологиясы – белгіленген мақсатқа нәтижелі қол жеткізуді қамтамасыз етуде 

оқытудың  формасы,  әдістері  мен  құралдарын  ашып  көрсетіп,  оқу  бағдарламасында 

белгіленген  оқытудың  мазмұны  жүзеге  асырылады”,  –  деп  С.  Әбенбаев  айта  келіп,  оның 

құрылымын төмендегідей етіп көрсетеді:  

       оқытудың мақсаты

-         білім берудің мазмұны; 

-                  педагогикалық  өзара  әрекеттестіктің  құралы  (оқыту  және  мотивация),  оқыту 

процесін ұйымдастыру; 

       оқушы, оқытушы; 

-         әрекеттің нәтижесі (сонымен бірге кәсіптік даярлықтың деңгейі).  

Сонымен қатар, С.Әбенбаев нақтылы педагогикалық процесті талдап жүзеге асыруды 

“...  оқыту  технологиясын  жобалау  процесі  деп  атауға  болады”  деп  айта  келіп,  оның 

құрылымын төмендегідей анықтайды: 

-         оқу жоспары және бағдарламасына сай оқытудың мазмұнын таңдау; 

-         оқытушы бағдарлай алатын оқытудың басымды мақсатын таңдау, яғни жобалау 

барысында білім алушыларда қандай кәсіптік және тұлғалық сапа қалыптасады, міне соны 

анықтау; 



149 

 

149 



 

-         мақсаттарға немесе басымды бір мақсатқа негізделіп оқыту технологиясын таңдау; 

-         оқыту технологиясын талдап жасау. 

Педагогикалық  зерттеулердің  нәтижелеріне  сәйкес  білім  берудің  қазіргі  заманғы 

технологиясының  нұсқауы,  төмендегі  принциптердің  қатысуымен  жасалуы  тиістігі 

анықталуда: 

-дидактикалық жүйені көрсететін технологияның бүтіндік принципі; 

-қойылған  мақсатқа  жету  үшін  нақты  педагогикалық  ортада  технологияларды  қайта 

өндіру принципі; 

-сәйкес келетін педагогикалық жүйелердің өзін-өзі дайындау механизміне әсер ететін 

факторлардың приоритеті және педагогикалық құрылымдарының сызықтық емес принципі; 

-оқушының  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  және  оның  танымдық  қабілеттілігіне 

оқыту процесінің бейімделу принципі; 

-біріктірілген білімдерді құру үшін оптимальді жағдай жасайтын оқу ақпараттарының 

потенциалды көп болу (артық болу) принципі. 

Педагогикалық технологияның міндеттері: 

-                  әр  түрлі  қызмет  саласындағы  іскерлік  пен  дағдылардың  шыңдау,  білімнің 

тереңдігін, беріктігін арттыру

-                  мінез  –  құлықтағы  әлеуметтік  құнды  әдеттер  мен  формаларды  нығайту  және 

арттыру; 

-         технологиялық құрал-саймандармен жұмыс істеуге үйрету; 

-         технологиялық ойлау дағдыларын дамыту; 

-                  оқу  міндеттері  мен  қоғамдық  пайдалы  еңбек  ұйымдастыруда  технологиялық 

тәртіпке сай нақты әдеттерді тәрбиелеу.  

Педагогикалық 

технология 

әр 

түрлі 


жағдайлардағы 

нақты 


өзара 

іс-


қимылдарды,  жүйеленген, бағдарланған, оқыту және тәрбиелеу стандарттарына сай тәсілдер 

негізінде 

компьютер 

мен 


техникалық 

құралдар 

қолдану 

арқылы 


да 

ұйымдастырылады.  Бүгінгі  таңда  білім  беру  жүйесінің  құрылымдарында  оқытудың 

айқындалған көптеген технологияларын пайдаланып жатқандығы белгілі. Болашақ маманға 

тәжірибе  беруде  ақпаратпен  жұмыс  істеу  әдістеріне,  жаңа  білімдерді  құру  әдістеріне,  ең 

маңыздысы  -  әлемнің  дамуы  туралы  білімдердің  қажетті  деңгейін  қалыптастыратын 

әдістерге  үйрету.  Сондықтан  әрбір  оқытушыға  және  оқушыға  "оқыту"  мен  "үйрену" 

процестерін игеру үшін 3 тілді меңгеруі қажет: ана тілін, ғылым тілін және технология тілін. 

Сонымен  технология  көмегімен  білімдерді,  іскерлікті,  дағдыларды  игеру  процесінде 

тұлғалық  қасиеттің  дамуында  нәтижелі  шешімге  жету  мүмкіндігі  қамтамасыз 

етіледі. 

"Педагогикалық 

технология" 

оның 

ішінде 


"оқыту 

технологиясы" 

ұғымын  анықтауда,  басым  көпшілік  мамандар  оларды  үш  маңызды  жағдайлармен 

біріктіреді: 

- іс-әрекетінің жиынтығы түріндегі қажет ететін үлгіні дәл анықтау негізінде оқытуды 

жоспарлау; 

-  оқытуды  талап  ететін  әрекетті    қалыптастыруды  іріктеген    қатаң  тізбекті  әрекеті 

түріндегі оқытудың барлық процесін "бағдарламалау".  

- алғашқы белгіленген эталонмен оқытудың нәтижесін салыстыру.  М.Чошанов оқыту 

технологиясы  негізінен  педагогикалық  процестегі  «Қалай  нәтижелі  етіп  оқыту  керек?» 

мәселесін  шешуге  бағытталатынын  айтады.  Оқыту  технологиясы  жөніндегі  ой-пікірлерді 

саралай келе, біздер оны: біріншіден, оқытудың мақсатқа сәйкес нәтижесіне қол жеткізудегі 

нақты  қадамдарды  және  олардың  үйлесімділігін  зерделейтін  ғылым  саласы;  екіншіден, 

оқытудың  нақты  жағдайда  нәтижелі  жүзеге  асырылуын  белгілейтін  жобалау  немесе 

модельдеу; нақты оқыту процесін нәтижелі етіп оқытудағы процес деп білеміз. 

Б.Қуанбаева өзінің зерттеуінде әдістемелік жүйені технологиялық негізде жетілдіруді 

төмендегідей дидактикалық талаптарының орындалу негізін белгілейді: 

а)  оқытудың  мақсаты  диагностикалық  операционалды  анықтаулы  тиіс,  яғни 

иерархиялық тізбек түрінде берілген мақсаттар таксономиясы құрылуы қажет; 


150 

 

150 



 

ә)  білім  мазмұны  мақсаттар  таксономиясына  сәйкес  анықталып,  оны  анықтау 

принциптері ізгілендіру тұрғысында қайта қаралуы қажет

б)  оқытудың  белсенді  әдістерін  басым  түрде  түрде  пайдаланып,  оқыту  әдістерінің 

басты аспектілерін ескерілген үш деңгейлі моделі құрылып, кеңінен пайдалануы қажет

в) оқытудың формасы оқушының жеке даму траекториясын, сондай-ақ педагогикалық 

жағдаяттарға сәйкес жеке, жұптық және топтық формалардың тиімді үйлесуін қамтамасыз 

ететіндей түрде жетілдіруі тиіс; 

г)  оқыту  құралдарын  жетілдіру  компьютерлік  техника  мен  ақпараттық 

технологияларды  олардың  дидактикалық  мүмкіндіктері  нақты  анықталып,  дәстүрлі 

құралдармен үйлесімді бірге пайдалануға бағытталуы қажет. 

 Жалпы "Педагогикалық технология" түсінігі қаншалықты қолданыста болғанымен, ол 

жөніндегі түсінік ұғыныңқы болмаған. Білім берудің қазіргі кездегі практикасында бұл ұғым 

стандартты емес ғылыми көріністерде ереже ретінде қолданылып, педагог жұмыстарының 

өндірілген әдіс-тәсілдерін, құралдарын білдіреді. В.П.Беспалько технологияны түсіну үшін 

ең алдымен педагогикалық іс-әрекеттің өндірушілік белгісіне көңіл аудару қажеттігіне зейін 

аударады, әлеуметтік тұрғыдан бұл белгі, технологияның басқа белгілерінен оның жалпылық 

сипатымен байланыстылығын сипаттайды. Қазіргі білім беру технологияларын Г.К. Селевко 

технологияның  классификациялық  параметрлері  тұрғысынан:  қолдану  деңгейі,  негізгі 

дамыту  факторы,  меңгеру  тұжырымы,  жеке  тұлғаның  құрылымына  бағдарлау,  мазмұн 

сипаты,  басқару  типі,  ұйымдастыру  формалары,  балаға  ықпал  ету  тәсілдері,  әдістердің 

басымдылығы,  жетілдіру  бағыттары,  оқушылар  категориялары  бойынша  нақтылап 

көрсетеді. 

Ш.Т.Таубаева  оқытудың  қазіргі  технологияларының  аттарын  атап көрсетіп,  олардың 

мақсаттарын,  тұжырымының  және  мазмұны  мен  әдістерінің  ерекшеліктерін  сипаттап 

көрсетеді. Жұмыста педагог-ғалымның зерттеулері басшылыққа алынған. 

Сонымен  педагогикалық  технологиялардан  төмендегілерін  бөле  жарып  көрсетуге 

болады: 


-   ойын арқылы оқыту технологиясы; 

-   проблемалық оқыту технологиясы; 

 тірек сигналдары арқылы оқыту

-   деңгейлік саралап оқыту; 

-   міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік оқыту технологиясы; 

-   бағдарламалап оқыту технологиясы; 

-   оқытудың компьютерлік технологиясы; 

-   дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы

-   дамыта оқыту технологиясы; 

-   модульдік оқыту. 

Сондай-ақ  Қазақстандық  ғалымдардың    оқыту  технологиялары  белсенді  түрде  білім 

беру  жүйесінде  қолданылуда.  Бұл  технологиялардың  өздеріне  тән  ерекшеліктері 

бар.  Мәселен,  В.Ф.Шаталовтың  тірек  сигналдары  арқылы  оқыту  технологиясының 

ерекшелігі: 

-  үнемі қайталау

-  ірі блокпен оқыту, тіректі қолдану; 

-  жеке бағдарлы қарым-қатынас, ықпал; 

-  ізгілік; 

-  зорлықсыз, еркімен оқыту; 

-    әр  оқушының  табысының  жариялылығын  түзетуге,  өсуге,  табысқа  жетуге  жағдай 

жасау; 

-  оқыту мен тәрбиелеуді біріктіру. 



Сондай-ақ  әрбір  педагогикалық  технологияның  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Олардың 

негізгі қарастыратыны оқытуды нәтижелі ету. 



151 

 

151 



 

Оқыту процесінің мәні мұғалім мен оқушының бірлескен қызметі, ол сабақ беру және 

білім алудың бірлігі. Қазіргі кезеңде оқытудың белгілерінің сиапттамалары: 

1)

 



екі жақтылық сипаты

2)

 



мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен қызметі; 

3)

 



мұғалім тарапынан басшылық; 

4)

 



жоспарлы ұйымдастыру және басқару

5)

 



тұтастық және бірлестік; 

6)

 



оқушылардың жас ерекшілік даму заңдылықтарына сәйкесиік; 

7)

 



олардың даму тәрбиесін басқару; 

Оқыту  процесіне  баланың  дамуы  жүзеге  асырылады,  оқытудың  негізгі  құрылымдық 

жүйесінің элементтері: 

1)

 



мақсаты; 

2)

 



мазмұны; 

3)

 



әдістері; 

4)

 



ұйымдастыру формалары; 

5)

 



нәтижелері; 

Оқу  процесі  диктантқа  қатысты  және  бөліктері-элементерінің  тізбегінен  тұрады, 

мақсатқа  жету,  үшін  бірлескен  қызметтерді  атқарады.  Бірлескен  оқу  қызметін  таным 

сатыларын игеру шәкірттердің белсенділігі мен өз бетінше оқу-іс-әрекеттерінен құралады. 

Олардың бірлескен еңбегінің негізгі кезеңдері: 

-

 



оқушылардың білім алу себептері-мотиавция, 

-

 



оқушылардың тірек білімері, икемділігі, іскерлігі және дағдыларының қажеттілігін 

айқындау; 

-

 

жаңа сабаққа зерделеуді ұйымдастыру



-

 

зерделегенді жетілдіру, 



-

 

оқытудың нәтижелігін анықтау; 



Әрбір кезеңде мұғалім мен оқушылардың өз міндеттері бар, олардың іс-әрекеті,мақсаты 

жалпы. Мұғалім қызметінің мәні-басқару, оқушылардың іс-әрекеттері-білім алу; 

Білімді  игеру,  іскерлік,икемділік,  дағдыны  жетілдіру  және  оларды  іс-тәжірибеде 

пайдалану.  Оқыту  процесінде  жаңа  сабақ  материалдарын  игеру,  іскерлік,  дағдыларын 

дамыту,іс-әрекетері  бойынша  мұғалім  мен  оқушылардың  бірлескен  еңбектернің  басты 

кезеңдері:қабылдау, ой елегінен өткізу, ұғу, бекіну,қолдану,қорытындылау, диагностикалау. 

Қорыта  айтқанда,  педагогикалық  жүйедегі  негізгі  өзекті  мәселе  -  оқушылардың, 

студенттердің  ойлау  қабілетін  дамытып,  өздігінен  жұмыс  істеуге  баулу,  өз  ойын 

тұжырымдауға  дағдыландыру  болғандықтан  сабақ  барысында  кеңінен  деңгейлеп,  дамыта 

оқытудың модульдік әдісін жиі пайдалану қолдау табуда.  

 



1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал