«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет18/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134

Мнемотехника  -  балалардың  қоршаған  орта,  табиғат  туралы  білімін  кеңейтуге, 

әнгіменің  барысын  тиімді  есте  сақтауға,  әнгімені  айтып  беруге  және  тіл  дамытудағы  іс-

әрекеттерінің 

жүйесі. 


Мнемотехника  -  оңай  жолдан  қиынына  қарай  құрылады.  Жұмысты  ең  оңай 

мнемоквадраттан бастап, жай ғана мнеможолдарға өтіп, сосын мнемокестеге өту қажет. 



Мнемокесте  –  ол  графикалық  немесе  жартылай  графикалық  ертегі  кейіпкерлерінің 

немесе  табиғат  құбылысының  суреті,  болмаса  өзіне  белгілі  заттың  бейнесі. 



130 

 

130 



 

Мнемокестенің мазмұны - ол графикалық немесе жартылай графикалық ертегі кейіпкерінің 

бейнесінің, табиғат құбылысының кейбір іс-әрекетінің, басты мазмұнды әнгіменің сюжеті . 

Ең бастысы – көрнекілік, тірек-сызба, бейнелеген суретіміз балаға түсінікті болуды жеткізу. 

Схема – мнемокесте балалардың тілін дамытудағы дидактикалық құрал болып табылады.  

 

Оны  біз қолданатын кезіміз: 



 

- Сөздік қорын байыту үшін  

 

- Әнгіме құруға үйретуге  



 

- Көркем әдебиетті мазмұндауда 

 

- Жұмбақ жасыру және шешуде  



 

- Өлең жаттауда  

Құрылған схема балаларға өз бетінше заттың ерекшеліктерің байқауға, олардың айтылу 

кезегін белгілеуге көмектеседі. Балалардың сөздік қорын байытады. 

Мнемотехниканы қолданғанда балалардың шығармашылығы дамиды, бала іс-әрекетін 

белгілі бір мақсатқа жүйелейді, жаңатақырыпты тез меңгереді. Мнемотехниканы 

қолданғанда балаларды тек қана көркем шығармамен таныстырып қана қоймай, 

соныменқатар, лексикалық тақырыптармен де таныстыруға болады. 

«Мнемотехника»,  «мнемоника»  -  бұл  әртүрлі  әдіс-тәсілдер  жүйесі.  Қосымша 

ассоциация түріндегі білім арқылы зейіннің  өсуі және есте сақтауын жеңілдету. Суретті  – 

графикалық жоспар көмегімен пиктограмм түрінде беріледі, заттық сурет  түрінде балалар 

мәтінді әңгімелеп береді. Әрбір белгіде бір мазмұн бар. Оқиғада кездесетін кейіпкерлердің іс 

-  әрекеттері  белгілі  бір  символдармен  бейнеленеді.  Мысалы:  мына  өлеңді  көркем  сөзбен 

оқып  қана  қоймай  сызба  түрінде  көрсетіп,  баланы  мнемокесте  әдісі  бойынша  әңгімелеуге 

мүмкіндік беру. 

 

 



 

 


131 

 

131 



 

 

 



 

Зерттеу  жұмыстары  көрсеткендей,жаңа  материалды  талдай  отырып,  оның  белгілерін 

анықтай отырып, бала шыдамдылығы дамиды, өз ісінің жоспарын көзбен көріп, қабылдайды. 

Оның жауапкершілігі артып, қызығушылығы пайда болады,өз ісіне деген қанағаттанушылық 

сезімі  оянады,  психикалық  түйсіктері,  яғни:  есте  сақтау,ойлау,кемшілігін  жою 

жұмыстарында  да  біршама  өзгерістер  болады.  Балалардың  тіл  байлығы  артады. 

Мнемотехниканы  сонымен  қатар,  бүкіл  топ  балаларымен  де  өткізуге  болады. 

Байланыстырып  сөйлеуін  қалыптастыруда  сөздік  жұмысы,  сөйлем  әңгіме  құрастыру 

жұмыстары жүзеге асады.  

Балалардың 

байланыстыра 

сөйлеуін 

қалыптастыруда 

тек 


мнемосызбамен 

шектеліп қоймау керек. 

Сурет қарастыруда дидактикалық ойын барысында болсын, әр баланың жеке дамуына 

жол ашылады.  

Ұсынылып  отырған  дидактикалық  ойындар  балалардың  ақыл-ойының  дамуына, 

зейінін,байланыстыра  сөйлеуін  қалыптастырады,  сөздік  қорын  молайтады,  сенсорлық 

қабілетін дамытады, көру, есту, еске сақтау қабілеттерін кеңейтіп, қоршаған ортаны танып 

білуге үйретеді. 



Тақырыбы: «Сөйлемді аяқта.» 

Мақсаты: Балалардың тілін дамыту,байланыстыра сөйлеуін қалыптастыру, мамандық 

атауларын атап, әңгімелеп беруге үйрету. 



Шарты: Тәрбиеші балаларға сұрақтар қояды,ал,балалар жалғастырады. 

Мұғалім балаларды оқытады, ал, дәрігер ше? 

Құрылысшы үй салады, ал, суретші ше?т.с.с. 


132 

 

132 



 

 

 



Әдебиеттер тізімі 

1.

 



Учимся по сказке. Т.В.Большева 

2.

 



Т.Б.Полянская “Использование метода мнемотехники в обучений 

3.

 



Рассказыванию детей дошкольного возраста” 

4.

 



Қ.РМемлекеттікжалпығаміндеттібілім беру стандарты 

5.

 



«Отбасыжәнебалабақшасы» журналдары №3,5,9-2008ж 

6.

 



Выготский Л.С. “Мышление и речь” (текст) Л.С.Высготский – М 

7.

 



Лабиринт, 1996 – 416с. 

8.

 



Дьяченко О.М. Возможности развития умственных способностей 

9.

 



Дошкольников 

10.


 

Венгер Л.А. Развитие способности к наглядному 

11.

 

простанственному моделированию Д.В. 1982 



12.

 

Дьяченко О.М. Чего на свете не бывает. 



 

 

БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ОҚЫТУ ҮДЕРІСІНДЕ ДЕҢГЕЙЛЕП САРАЛАП ОҚЫТУ 



ТЕХНОЛОГИЯСЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 

 

Ғылыми жетекші: Жексенова Бибинур Омарбаевна 

ІV-курс студенті: Алмуратова Ақтоты Абуталифовна 

Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжі 

Электронды мекенжай: 

aktoti-maiken@mail.ru

 

 

Бастауыш мектеп – бұл оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін  



ерекше құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан да бастауыш білім – үздіксіз білім 

берудің  алғашқы  басқышы.  Осыған  сәйкес  оқушыға  белгілі  бір  көлемдегі  білім,  білік, 

дағдыларды  меңгертумен  бірге  табиғат,  қоршаған  дүние  түсініктерін  кеңейте  отырып, 

оларды шығармашылық бағытта жан–жақты дамыту – бүгінгі күннің басты талабы. 

Оқушыларға  сапалы  білім  беру  жолында  оқыту  әдістерін  жетілдіру  -  әр  мұғалімнің 

басты міндеттерінің бірі. Бұрын ісімізге біржақты қарап, оқытуды тек сабақты жақсы беру 

деп санап едік. Соның салдарынан барлық ауыртпалық мұғалім мойнына түсті, ол өзі сабақ 

айтады,  сөйлейді,  сұрайды.  Қазіргі  таңда  мұғалім  көп  ізденіп,  сабақты  қосымша 

жұмыстармен толықтырса, алдына қойған мақсатына жете алады. Яғни, бастауыш сыныптан 

бастап  оқушылардың  ақыл-ойын  жетілдіруде,  іскерлік  білім,  білік  пен  дағдыларды 

қалыптастыруда жаңа технологияларды сабақ барысына кеңінен қолдану оң нәтижесін беріп 

келеді. 


«Қазақ тілі» - бастауыш мектептегі негізгі де маңызды пән. «Қазақ тілі» пәні  

133 

 

133 



 

арқылы  оқушылар  қоршаған  ортаны  таниды,  ұлттық  мәдениеті,  моральды, 

дүниетанымды  сезіне  бастайды,  сөйлеуге  дағдыландыруда  оқушының  өзіндік  ерекшелігі 

айқындала  түседі.  Бұған  қоса  тілді  оқып-үйрену  барысында  оқушылар  алғашқы  тілдік 

мағлұматтарды  меңгереді,  ақыл  –  ойы,  сөйлесу  оқушылар  алғашқы  тілдік  мағлұматтарды 

меңгереді, ақыл-ойы мен пікірін еркін жеткізе алатын дара тұлға тәрбиелеу. 

Қазақ тілі сабағында денгейлеп саралап оқыту технологиясын қолдану  

оқушылардың  сөздік  қорын  байытуға,  сөздерді  орнымен  дұрыс  пайдалана  білу 

дағдысын жетілдіруге, ойды дәл, айқын жеткізуге, сауатты жазуға, білім сапасын арттыруға 

және алған білімін жинақтауға, қорытындылауға мүмкіндік береді. 

Қазақ тілі сабағында оқушылардың ойлау негіздерін қалыптастырудың алғы  

шарттары мыналар: 

- ойлауын қалыптастыру үздіксіз түрде жүзеге асырылуы қажет;  

- жаңа буын оқулығы, хрестоматиялардың мазмұнын талдау, білімді ойлау арқылы  

мектептік стандарт деңгейінде игеруге қол жеткізу; 

- оқыту үдерісін айқын түрде демократияландыруды қадағалау, яғни мұғалім – 

бағыттаушы, ал оқушы - ізденуші, зерттеуші іс-әрекеттері орындалуын қажет етеді [1]. 

Осыған орай қазақ тілі сабағын келсі жоспар бойынша өткізуге болады.  

Оқушыларға үйге тапсырма келесі өтетін сабақтың тақырыбына байланысты беріледі, 

оқушылар үйде өз беттерімен дайындалады. Сабақ үш кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде тірек 

тапсырмалармен  жұмыс  өтілген  тақырыпты  қайталау,  естеріне  түсіру.  Бұл  кезең  ауызша 

өтеді.  Көбінесе  топтық  жұмыстар  жүргізіледі.  Сұрақ-жауап  арқылы  оқушылардың  алған 

білімдері ортаға салынады. Екінші кезеңде оқушылар мұғалімнің басшылығымен  

жаңа  материалды  меңгереді,  өздері  ой  қорытып  шығарады.  Жаттап  алуға  ыңғайлы 

ережелер айтылады. Оқушылармен жұптық, жекелей жұмыстар ауызша жүргізіледі.  

Соңғы екі тапсырма оқушылардың шығармашылығын шыңдауға беріледі. Әр оқушы, 

яғни сыныптағы барлық бала тапсырманы 1 деңгейден бастайды. Бұл деңгейде тапсырмалар 

саны екеу-үшеу және жеңіл беріледі. Орындап болған оқушы келесі деңгейдің тапсырмасын 

орындауға  кіріседі.  Осылайша  4-інші  деңгейге  жетеді.  Егер  үлгермесе  оқушылардың 

тапсырмаларды үйге аяқтауына болады. Бірақ, онда баға 1 ұпайға төмен қойылады. Сабақ 

соңында әр оқушы ұпайын санайды, бағалайды. Үйге тапсырма сыныпта өткен материалды 

пысықтауға,  қайталауға  және  келесі  сабақта  өтілетін  жаңа  тақырып  көлемінде  беріледі 

(көбінесе шығармашылық жұмыстар). Егер оқушы міндетті деңгейдегі  

жеңіл  тапсырмаларды  орындап,  қиыннан  күрделіге  талпынса,  мұғалім  оның  білімін, 

мүмкіндігін, сұранысын және қабілетін анықтай алады. Нәтижесінде дарынды, ізденімпаз, 

қабілеті бар оқушыларды анықтап, шығармашылық деңгейдегі тапсырмаларды орындауына 

қарай қойылады. Деңгейлік тапсырмаларды карточка ретінде, тест түрінде сабақта және үйге 

беруге болады. Сабақта оқушыларға өз ойларын талдауға, айтуға, қорытындылауға көп көңіл 

бөлу  қажет.  Деңгейлік  тапсырмаларға,  мысалы  қазақ  тілі  пәнінен,  төмендегідей  талаптар 

қойылады: 

Бірінші деңгейдегі тапсырмаларға: 

1) Жаттап алуға лайықталған болуы керек. 

2) Алдыңғы сабақта жаңадан менгерілген білімнің өңін өзгертпей қайталап,  

пысықтауына мүмкіндік беруі тиіс. 

3) Тапсырмалар жаңа тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы  

керек. 


   Қазақ  тілі  пәнінде  мұндай  талаптар  жаңа  тақырыпты  игеру  соңында  тапсырмалар 

құру арқылы орындалады. 

   Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы  

оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің  

белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана 

бағынатын тыңдаушы еді өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналады. 

   Бұл технологияның білім үдерісіне енуінің себебі – оқу ақпараттық материал  


134 

 

134 



 

көлемінің  кеңеюі,  оқушы  жіктемесі  көбейді,  барлық  оқушыны  тек  жоғары  деңгейде 

оқыту  

мүмкін еместігін түсіндік. 



   Деңгейлік тапсырмаларды енгізудің мақсаты  – сынып оқушыларын  «қабілетті және 

қабілетсіз» деп жасанды түрде әртүрлі жіктерге бөлуді болдырмау. 

   Деңгейлік тапсырмалардың ауқымы өте кең. Оқулықтағы жаттығулар - өтілген  

ережелер бойынша қайталау, пысықтау, бекіту жұмыстарына арналған тілдік,  

грамматикалық жұмыстар жүйесі. Деңгейлік тапсырмалар құрамында мәтіндер,  

кроссворд,  қызықты  грамматика,  тестік  сұрақтар,  іскерлік  ойындар  мен  тренингтер 

жүйесі қамтылады. Бұлар оқытудың деңгейіне сәйкес оқушыны саралап оқытуға ыңғайлы, 

әрі оқу бағдарламасы бойынша оқушының жас ерекшелігі мен білім деңгейіне сай құрылып, 

оқулыққа қосымша пайдалануға беріледі. 

   Оқушыны деңгейге бөліп оқыту үшін сабақ жаңаша жоспарланады. Балаларға 

деңгейлік тапсырмалар беру арқылы сан түрлі жұмыс жүргізіледі және алған білімін 

жүзеге асыра алатындығы тексеріледі. Өз бетімен жұмысты орындауға бейімділігі бақылауға 

алынады.  Қорытындысында  деңгейлік  тапсырмалар  арқылы  жұмыс  жасаудың  тиімділігі 

байқалады.  Оқушының  белсенділігі  мен  іскерлігі  артып,  шығармашылыққа  ұмтылады. 

Деңгейлік оқыту барысында біліктілікке жетеді. 

   Алдына қойған мақсаты мен шеберлігін ұштастыра түрлендіріп отыруы тиіс.  

Шәкірттердің қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне сай білім орталарға көмектесіп, қабілеті 

жоғарыларға ерекше назар аударуы қажет. Мұнда деңгейлік оқыту технологиясының маңызы 

ерекше. 

   Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту  

идеясы  бойынша  ұстанымдар  жүйесі  қалыптасқан.  Соның  ішінен  ана  тілі  сабағында 

басшылыққа ала отырып, қолдануға ыңғайлысы мыналар: 

-  оқыту  үдерісінде  танып-білуге  арналған  материалға  және  оны  игеруге  оқушының 

қызығушылығын тудыру; 

- оқытуда білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет 

ететін тапсырманы орындау арқасында өзі жетуі керек; 

- жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің  

мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.  

   Денгейлеп  саралап  оқыту  технологиясын  оқушыларды  әртүрлі  іс-әрекетке  тартуды 

құптайды,  сабақта  дидактикалық  ойындар,  пікірталастар,  ойлау,  қиялдау,  есте  сақтау,  тіл 

байлығын,  логикалық  ойлауын,  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға  арналған  оқыту 

әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақта оқушылардың жоғары білімдік пен 

адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шындықты іздеу, салыстыру, 

дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін салыстырып, өзіне-өзі баға беруге  

дағдыланады. 

   Бастауыш сыныпта денгейлеп саралап оқыту технологиясын пайдаланудың  

тиімділігі ретінде мынадай мәселелерді атап өтуге болады:  

а) Оқушылар өздеріне қажетті ақпаратты жедел түрде алады; 

ә) Білім сапасын арттыруға септігін тигізеді; 

б) Көзбен көріп, қолмен ұстап сезіну немесе құлақпен есту мүмкіндіктері  

болмайтын  түрлі  құбылыстар  мен  әртүрлі  тәжірибе  нәтижелерін  көріп,  сезінуге 

мүмкіндік береді;49 

в) Оқушылардың танымдық қызығушылығын арттырады, оқу іс-әрекетін  

белсендіреді; 

г) Оқушылардың ой-өрісін, дүниетанымын кеңейтуге ықпал жасайды. 

   Жаңа  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік, 

рухани, азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие 

үдерісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. 



135 

 

135 



 

   Егер  мұғалім  жаңаша  әдіс-тәсілдерді  жүйелі,  орынды  қолдана  білсе,  оқушылар  өз 

ойларын  еркін  айтып  қорытынды  жасай  алады,  шығармашылық  жұмыс  жасауға 

дағдыланады, жүйелі білім алады. 

   Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының қазақ тілі сабақтарында тиімді  

пайдаланудың  оқушылардың  оқуға  деген  қызығушылығын  арттыруда  алатын  орны 

ерекше. Оқушының ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетеді, танымдық белсенділігі, 

сабаққа қызығушылығы артады, өз бетінше білім алуға талпынады. 

   Жас бала не нәрсені болса да білуге құмар, қызыққыш, қолымен ұстап, көзбен  

көргенді  жақсы  көреді.  Оқушылардың  қызығушылығын  арттыру  жақсы 

ұйымдастырылған  сабаққа  байланысты.  Сондықтан,  әрбір  сабақта  бұрыннан  белгілі 

мәліметтерді қайталай бермей, оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін іздестіру қажет. 

   Оқушыларға сапалы  білім беру жолында оқыту  әдістерін жетілдіру  -  әр мұғалімнің 

басты міндеттерінің бірі. Бұрын ісімізге біржақты қарап, оқытуды тек сабақты жақсы беру 

деп санап едік. Соның салдарынан барлық ауыртпалық мұғалім мойнына түсті, ол өзі сабақ 

айтады,  сөйлейді,  сұрайды.  Қазіргі  таңда  мұғалім  көп  ізденіп,  сабақты  қосымша 

жұмыстармен толықтырса, алдына қойған мақсатына жете алады. Яғни, бастауыш сыныптан 

бастап  оқушылардың  ақыл-ойын  жетілдіруде,  іскерлік  білім,  білік  пен  дағдыларды 

қалыптастыруда денгейлеп сарала оқыту технологиясын сабақ барысына кеңінен қолдану оң 

нәтижесін беріп келеді [3] . 

   Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда тиімді әдістерді пайдалану арқылы  

оқушының білімге деген қызығушылығын арттыруға, терең ойлау қабілетінің  

белсенділігін қалыптастыруға болады. Бұған дейін оқушы мұғалім мен оқулыққа ғана 

бағынатын тыңдаушы еді өз ойын дәлелдей алатын тұлғаға айналады. 

   Қазақстан  Республикасы  бастауыш  білімнің  мемлекеттік  стандартында:  «Бастауыш 

білім  мазмұны  оқушылардың  білім,  білік,  дағдыларына  қойылатын  талаптар  түрінде  екі 

деңгейімен беріледі: 

1. Оқу материалының мектеп ұсынатын базалық (инварианттық) деңгейі (немесе  

мүмкіндік деңгейі) 

2. Оқушылар дайындығының ең аз (минималды) қажетті деңгейі (міндетті  

деңгейі). 

   «Әдебиеттік оқу» пәнін оқыту мақсаты – балалар әдебиетінің озық үлгідегі  

шығармаларын  жүйелі  оқыту,  оқырмандық  мәдениетке  баулу,  оқушының  әдеби 

сауатын ашу, рухани дүниесін байыту, көркемдік – эстетикалық талғамын арттыру, ізгілікті-

елжанды дара тұлға тәрбиелеу. 

   Мәтінмен  жүргізілетін  жұмыстардың  әрқайсысы  да  оқушы  ойын  дамытуға  өзіндік 

үлес қосады. Дегенмен, бұлардың ішіндегі мәтіннің жоспарын жасау, мазмұнын айту, мәтін 

бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар оқушының ойын дамытуда ерекше қызмет 

атқарады. 

   Оқушы  мәтінге  жоспар  жасау  үшін,  мәтінді  жақсы  түсінуі  керек,  ал  оның  ішіндегі 

мағыналық бөлімдерін табу арқылы ғана оқушы жоспар жасай алады. Мәтіннің мағыналық 

бөлімдеріне ат қою, олардың бір-бірімен байланысын табу ойлануды қажет етеді, яғни ойын 

дамытады. Сонда оқушының ойының дамуы мәтіннің мзмұны арқылы,  

соның негізінде жүзеге асады. 

   Ал мәтіннің мазмұнын айтудың да ойды дамытуды қызметі күшті, бірақ ол  

қызметті жақсы атқару үшін, мәтіннің мазмұының түсініп, ойланып саналы түрде өз 

сөзімен  айтуға  жаттықтыру  керек.  Сонда  ғана  мәтіннің  мазмұнын  айтудың  ойды,  сананы 

50дамытуға ықпалы болады. Оқушы мәтін мазмұнын кітаптағы бетінде, оның әйтеуір есте 

қалғанын айтатын болса, оның дамытуға әсері шамалы болады. 

      Мәтін бойынша шығармашылық жұмыстың түрлері де бірсыпыра, оны тәжірибелі 

мұғалімдер алуан-түрлі жүргізіп жүр. Солардың ең негізгілерін атап кетейік. 

   Әдетте  тәжірибелі  мұғалімдер  оқушыға  таныс  мазмұнды  мәтіндерді  әңгімелегенде, 

оқушының сол мәтінді өз білгені мен толықтыруға әдеттендіруі жиі кездеседі. 


136 

 

136 



 

   Айталық,  мәтін  еңбек  ерлері  туралы  болғанда,  мұғалімдер  оқушыны  өзі  өмір  сүріп 

отырған  ортасындағы  еңбек  озаттары  туралы  оқушының  мәтінді  жалғастырылуын  талап 

етеді, ол нәтижелі болып жүргенін тәжірибе көрсетіп жүр. Мұндай тәсіл жылдың 4 мезгілі 

тақырыбындағы  т.б.  мәтіндеріне  байланысты  жиі  кездеседі.  Оқушылардың  мәтіндерді 

жалғастырып, толықтырулары олардың ойын дамытып, білімін өмір тәжірибесімен  

байланыстырады.  Олардың  арасындағы  ұқсастық,  айырмашылық  белгілерді  іздеуге, 

салыстыруға, ойлауға мәжбүр етеді. Мұның бәрі оқушы ойын дамыту үдерісіне жалғасады. 

   Мәтіннің мазмұнын білгізіп қана қоймай, мұғалім ондағы негізгі ойды тануға, зат пен 

құбылыстарыдың  белгілерін  ажыратуға,  мәтіндегі  уақиғалардың  себебін  түсінуге 

бағыттайды.  Сондықтан  мәтінді  талдағанда,  оқушның  ойын  дамыту  үшін,  қай  кейіпкер 

ұнады?, ол неге ұнайды?, кім дұрыс айтып тұр?, неге оны дұрыс деп санайсың?. Осы сияқты 

толып  жатқан  сұрақтарға  оқушыны  жауап  беруге  жетелей,  оған  дағдыландыру  арқылы 

оқушы  ойын  дамытуға  әсер  ету  тәжірибелі  мұғалімнің  күнделік  жұмысының  бір  түріне 

айналған. 

   Шығармашылық тапсырмалар оқушыны өнімді әрекет жасауға мысалы: 

1. Өлең құрастыру. 

   Бұл жұмысты ұйымдастырудағы мұғалімнің негізгі қызметі: өлең туралы  

қарапайым  мағлұматты  ұғындыру.  Бұл  жұмысты  екі  тәсіл  арқылы  ұйымдастыруға 

болады: 


   а) Дайын өлең жолдарын ұсынып, оқушыларға соны аяқтауды тапсыруға болады.  

Мысалы, Ө. Тұрманжановтың «Туған өлке» деген өлеңінде қайталанып тұрған жолдар 

бар.  Оқушыларға  осы  дайын  өлең  жолдары  ұсынылвп,  оны  әрі  қарай  жалғастыру 

тапсырылады.  Тапсырма  дұрыс  орындалу  үшін  ең  алдымен  оқушылар  құрастыруға  тиісті 

өлеңнің сызбасы түсіріледі:  

   Бұл  сызба  бойынша  өлеңнің  бірінші,  екінші,  төртінші  жолдары  ұйқасуға  тиісті. 

Берілген  сызба-жоспар  оқушыға  өлеңнің  белгілі  бір  ұйқасқа  құрылатынын  байқатады. 

Сызбаны басшылыққа ала отырып, оқушының құрастырған өлеңі: 

Неткен сұлу, неткен көркем 

Осы менің туған өлкем. 

-

 

 бұл оқушыға ұсынылған өлең жолы. 



Сарыарқадай ұлан байтақ 

Өз өлкемді сүйіп өтем. 

-

 

Оқушының өлеңді жалғастыруы. 



   Өлең құрастырудың екінші: 

   Ә) Дайын ұйқастар ұсынып, оқушыға осы ұйқастарға сәйкес мазмұнды өлең  

мәтінін құрастырылуға тапсырылады. 

   Мысалы,  «Күз»  тақырыбына  арнайы  төмендегідей  ұйқас  бойынша  өлең  құрастыру 

тапсырылды: 1) ... байлық, 2) ... алдық, 3) ... құстарға, 4) ... қалдық 

2. Мәтін құрастыру 

Шығармашылық  жұмыстың  бұл  түрі  алғашқыда  сурет  бойынша  әңгіме  құрастыру 

арқылы  ұйымдастырылады.  Мұндай  жұмыстарда  көзделетін  негізгі  мақсат  –  оқушыларды 

көркем тілмен сөйлеуге үйрету.  

   Әдістемелік  тұрғыда  дұрыс  ұйымдастырылған  мұндай  жұмыстар  оқу  іс-әрекеттері 

арқылы  педагогикалық  үдерістің  қарама-қайшылақтарын  шешуге,  яғни  әрбір  оқушының 

шығармашылық  мүмкіндігінің  дамуында,  жеке  тұлға  ретіндегі  дербестігінің  сапалық 

қасиеттерінің қалыптауына негіз болады деп есептейміз.  

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 



1. Нұржанқызы Ж. «Сабақ барысында оқушыларға даралап-саралап қатынас жасау»  

//Ұлағат 2002ж. №1.  

2.Өмірбаева Қ. «Деңгейлік тапсырмалар», Ақтөбе, 2001 ж. 

3. Оңайбаева Ж. Деңгейлік оқыту технологиясы //Сынып жетекшісі-2007 №5,. 



137 

 

137 



 

 

 



БАСТАУЫШ 

СЫНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ ФУНКИОНАЛДЫҚ 

САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУДА  ҚОЛДАНЫЛАТЫН ТИІМДІ ӘДІСТЕР 

 

Сыздықова З.С. 

Қарағанды облысы, Шет ауданы,  

Ақадыр кенті «Ю.А.Гагарин атындағы мектеп-лицей» 

Бастауыш сынып мұғалімі 

 

Елбасы  Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2050» Стратегиясында:  «Балаларымыздың жалпы 



барлық  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да  зор  көңіл  бөлу  қажет. 

Балаларымыз  қазіргі  заманға  бейімделген  болу  үшін  бұл  аса  маңызды»  деп  атап  көрсетті. 

Қазіргі заманның осындай  ерекше талабын орындау да өзінің өткір ой – өрісімен, шабытты 

шығармашылығы мен ордалы білім мекемесінің мақтауға да, мақтануға да лайық ұстаздар 

қауымы талмай еңбек ете бермек.  

TIMSS,  PIRLS  халықаралық  зерттеулер  аясында  бастауыш  сынып  оқушыларының 

функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.  

Функционалдық сауаттылықты дамудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында 

білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анық 

көрсетілген.  Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан 

Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын 

қалыптастыру,  оның  физикалық  құбылмалы  әлемде  әлеуметтік  бейімделуін  қамтамасыз 

ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады.  

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің 

жаңа  саяси  бағыты  Жолдауында  «Бесекеге  қабілетті  дамыған  мемлекет  болу  үшін  біз 

сауаттылығы жоғары елге айналуымыз керек.Қазіргі әлемде жай ғана жаппай сауаттылығы 

жеткіліксіз болып қалғаны қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және 

ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс. Сондай-ақ 

балаларымыздың,  жалпы  барлық  жеткіншек  ұрпақтың  функционалдық  сауаттылығына  да 

зор  көңіл  бөлу  қажет.  Балаларымыз  қазіргі  заманға  бейімделген  болуы  үшін  бұл  аса 

маңызды» деп атап көрсеткен болатын.  

«Функционалдық  сауаттылық»  ұғымы  өткен  ғасырдың  60-жылдары  ЮНЕСКО 

құжаттарында  пайда  болды  және  кейіннен  қолданысқа  енді.  Функционалдық  сауаттылық-

білім берудің жеке тұлғаны қалыптастырудағы әлеуметтік бағдарлануы. Қазіргі тез өзгермелі 

әлемге  функционалдық  сауаттылық  –  оқушының  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және 

экономикалық қызметтерге белсенді  қатысуына, сондай-ақ өмір  бойы білім алуына ықпал 

ететін базалық фактор.  

Ресми  дерек  бойынша,  мектеп  жасындағы  балалардың  40  пайызы  әдеби  мәтінді 

түсінуге  қиналатындығы  дәлелденген.  Бұлар  мектептен  білім  алса  да,  қызмет  жасауға 

келгенде  қарапайым  жазу  үлгісін  білмейтіндігін  көрсеткен.  Тіпті  олар  әр  түрлі  жағдайда 

кездескен  бланкіні  толтыра  алмай,  ондағы  ақпараттың  мәнісін  түсіне  алмапты.  Бір 

қызығы,олар теледидарда не айтылып жатқанын, жалпы айтқанда, күнделікті өмірдің есебін 

білмейтін  болып  шыққан.  Соның  салдарынан  жұмыссыздық,  өндірістегі  апат,  жазатайым 

оқиғалар, жарақат алулар көбейіп кеткен. Жалпы, барлық зерттеушлердің болжамы бойынша 

адамдардың  сауатсыздық  деңгейінің  төмендеуі,  оларға  дұрыс  білім  беріп,  тиянақты 

оқытпаудан,  оқырман  болуға  үйретпеуден  болған  көрінеді.  Сақтанбау,  ұқыпсыздық, 

байқаусыздық,  апаттар  :  мұның  бәрі  ережені  дұрыс  оқымағандықтан,  түсінбегендіктен, 

санаға сіңірмегендіктен орын алып отыр.  

Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап 

жұғады екен. Әсіресе бүлдіршінді жазу мен оқуға баули бастаған 1-ден 3-сыныпқа дейінгі 



138 

 

138 



 

аралықта  пайда  болады.  Яғни,  үшінші  сынып  оқушысы  ешқашан  кітапханаға  бармаса, 

оқулықтан  басқа  ешқандай  кітап  оқымаса  тағы  бір  ертеңгі  сауатсыздың  дүниеге  келгені. 

Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-

оқуға  деген  ынтасы  жоғалады  екен.  Тіпті  түлектердің  үштен  бірінің  оқуға  мүлдем  құлқы 

болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, 

оны керiсiнше, әлеуметтiк адаптация процесіне бейiмдеу қажет». 

Қазақ  тілінің  түсіндерме  сөздігінде:  «фукционалды  ұғымы  бір  нәрсенің  құрылысы, 

құрамынан емес, қызметінен болатын, соның әрекетіне байланысты болады» – деп сипаттама 

беріледі. Бұдан «функция» категориясы белгілі бір заттың атқаратын қызметіне немесе іс-

әрекетіне  қатысты  айтылатыны  танылады.  Мысалы:  ақпарат  құралдарының  функциясы  – 

халыққа ақпарат тарату. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне 

байланысты  қарастырылады.  Жоғарыда  сауаттылық  адамның  білімділігіне  қатысты  ұғым 

екені нақтыланды. Яғни, «функционалдық сауаттылық» белгілі бір кезеңге сай субьектінің 

алған білімі мен білігі негізінде сауатты іс-әрекет ете алуы деген мағынаны білдіреді. 

Сонымен, функционалдық сауаттылық дегеніміз не? 

Функционалдық  сауаттылығы  дегеніміз-адамдардың  әлеуметтік,  мәдени,  саяси  және 

экономикалық  қызметтерге  белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі  жаһандану  дәуіріндегі  заман 

ағымына,    жасына  қарамай  ілесіп  отыруы,  адамның  мамандығына,  жасына  қарамай  үнемі 

білімін жетілдіріп отыруы. Ондағы басты мақсат жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан 

Республикасының  зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын 

қалыптастыру, оның әлемде әлеуметтік бейімделуі болып табылады. 

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 

-белсенділік  

-шығармашылық тұрғыда ойлау 

-шешім қабылдай алу 

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу 

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады. 

Бұл  функционалдық  дағдылар  мектеп  қабырғасында  қалыптасады.  Функционалдық 

сауаттылықты 

дамытудың 

жалпы 


бағдары 

2011-2020 

жылының 

мемлекеттік 

бағдарламасында айқын көрсетілген. Және де Елбасы 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан 

халқына  Жолдауында  мектеп  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту 

мақсатында  бес  жылдық  ұлттық  жоспар  қабылданғаны  баршамызға  белгілі.  Ұлттық 

жоспардың  мақсаты  -  Қазақстанда  білім  сапасын  жетілдірудегі,  оқушылардың 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  атқарылатын  іс-шаралардың  жүйелілігі 

мен тұтастығын қамтамассыз ету болып табылады. 

Педагогикалық 

технологиялар 

білім 

 

беру  



жүйесіндегі    идеялар      мен    көзқарастарды    біліктілікті    арттыру    курстарында  орынды 

қолдану    оқу    үдерісін    нәтижелі    етеді  және  педагогтардың  кәсіби  дайындық  сапасын 

көтеруге мүмкіндік береді.Бүгінгі таңда кәсіби құзыретті мұғалімдерге қойылатын талаптар 

қазіргі  қоғам  қажеттілігінен  туындайды.Функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыру  – 

жеке  шығармашылық  қабілетті  дамытуды,  педагогикалық  инновацияларды  дұрыс 

қабылдауды, күнделікті өзгеріп жататын педагогикалық ортаға тез бейімделуді қажет етеді. 

Мұғалімнің 

функционалдық 

сауаттылығын 

қалыптастыруда 

педагогикалық 

практиканың  маңызы  зор.  Осы  педагогикалық  практика  нәтижесінде  олардың 

шығармашылық  және  педагогикалық  құбылыстарын  зерттеуге  деген  қабілеті  дамиды, 

педагогикалық шеберліктерінің негіздері қаланады.

 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың: «Бүгінгі заман – білектің емес, білімнің заманы дегенін 



ескерсек, заман талабына сай дайындалған мұғалімнің шеберлігі мен жетістігі – сапалы білім 

мен саналы тәрбие алған шәкіртінде болмақ. 

 



1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал