«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет16/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   134

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

1.

 



Базарбек Төтенаев «Қазақтың ұлттық ойындары» Алматы «Қайнар» 1994. 

2.

 



Е.Сағындықов «Қазақтың  ұлттық спорт ойындары». 

116 

 

116 



 

3.

 



Ж.Төленова автореферат «Балабақшадағы аралас топ балаларының ұлттық ойындар 

арқылы адамгершілікке тәрбиелеу» Атырау. 2002. 

4.

 

А.Дүкенбаева «Мектеп жасына дейінгі балаларды ойын арқылыадамгершілікке 



тәрбиелеу» 

5.

 



М.Бүркітбаев «Спорттық ұлттық түрлері және оның тәрбиелік мәні» Алматы «Қайнар» 

1985жыл. 

6.

 

С.Узакбаева., А.Айтпаева «Казахские народные детские игры» Алматы 2000жыл. 



7.

 

«Балбөбек» бағдарламасы Алматы: «Шартарап», 2000жыл. 



8.

 

А.Ибраев «Ақ сандық көк сандық» Алматы Ғылым 2005жыл 



 

 

БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДА СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ 



ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ 

 

Кикымова Айгүл Ахметжанқызы 

Рымқұл Айдана Өміртайқызы 

Қарағанды қаласы 

№68 МИББ кешені – тәрбиеші 

 

Болашақ ұрпақтың танымдылық белсенділігін дамыту ақыл-ой тәрбиесінің бip   міндеті 

ретінде күш бүгінге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ақыл-ой тәрбиесінің бұл acпектісі 

баланың ойлау операциясының, танымдық процестерінің және қабілетінің дамуына тікелей 

байланысты.  Баланы  оқу-тәрбие  процесінде  дамыту  мәселесінде  басты  ролді  ең  алдымен 

баланың  өздігімен  әрекеті  және  танымдық  белсенділігі  атқарады.  Ғалымдар  С.Л. 

Рубинштейн, Д.П. Годовикова, Т.А. Куликова, А.И. Сорокинаның еңбектерінде. 

 Балалардың танымдық белсенділігін дамыту балабақшадағы тәрбиешілер үлесіне тиіп, 

үйымдастыру шеберлігімен тікелей байланысты. Сондықтан бүгінгі күні тәрбиеші-педогог 

мамандарына  түпкілікті  білім  берумен  қатар,  кәсіби  іс-әрекетінің  ғылыми  негіздерін 

практикада  қолдануға,  практикалық  біліктілік  пен  дағдыны  қалыптастыруга  ерекше  көңіл 

бөлуде. 

Балалардың психологиялық ерекшелігі қоршаған ортадағы дүниені танып білсем деген 

қызығушылығы басым болып келеді. Баланың өзіндік iшкі позициясы қалыптасып және екі 

қажеттілігі; eкіншісі белгілі бip әлеуметік қатынасқа байланысты қажеттілігі.  

Айналадағы әлемді ойын, еңбек, серуен, сабақта педогог-тәрбиешімен, ересектермен, 

құрдастарымен  қарым-қатынас  кезінде  танып  біледі.  Осындай  жетістіктерге  жету  үшін 

тәрбиеші-педагог алдында тұрған ертеңгі балалар деп қарап, баланың мінез кұлқын, сана-

сезімінің  жетілу  дәрежесін  таным  үрдістерінің  (түйсігі,  қабылдауы,  ес,  ойлау,сөйлеу, 

зейінінің)  дұрыс  бағытта  қалыптасып,  дамуын  қадағалап  әpi  дамытып  отыру  керек. 

Сондықтан осындай ерекшелігін ескере отырып, оку-тәрбие процесін жүргізу қажет. 

Тәрбиеші  -  педагог  -  мектепалды  жастағы  балалардың  танымдық,  белсенділігін 

қалыптастыруда,  оның  көзін  ашуда  басты  тұлға.  Қaзipri  таңда  мектеп  балаларының 

танымдық  белсенділігін  арттыру  мәселесі  жоғары  деңгейде  шешіліп,  оқытудың  жаңа 

технологиялары енгізіліп, сапалы нәтижелері байқалып отыр. 

Ойын  дегенміз-жас  ерекшелікке  қарамайтын,  адамның  көңіл-күйін  көтеретін,   

ойландыратын  үрдіс.  Ойын-төзімділікті,  алғырттықты,  тапқырлықты,  ұқыптылықты, 

ізденпаздықты, іскерлікті, дүниетаным өрісінің көлемділігінің, көп білуді, сондай-ақ, басқа 

да  толып  жатқан  сапалылық  қасиеттердің  қалыптастыруға  үлкен  мүмкіндігі  бар 

педагогикалық, тиімді әдістерінің бipi. Сондықтан ойынды сабақтан тыс уақытты пайдалану 

- үлкен нәтиже бepepi анық. Ойынға зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, содан үлкен мәнді 

де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз.Себебі, бар өнердің бастауы деп білеміз. 

Ойын-тек  жас  адамның  дене  күш  қуатын  молайтып,  оны  шапшандыққа,  дәлдіке  т.б  ғана 


117 

 

117 



 

тәрбиелеп  қоймайды,  оныц  ақыл-ойының  толысуына,  жан  дүниенің қалыптасуына,  eceйіп 

ecyiнe де пайдасын тигізеді. 

   Заман талабына сай әр тәрбиеші өз сабағын жаңаша ұйымдастырып,  шығармашылық 

ізденіспен    өткізеді.  Білім  беру  субъектісі  ретінде  баланы  қалай  дамытамын?  Не  арқылы 

дамытамын? деген сұрақ туындады. Әрі білім беру құрлымында жаңа технологиялар өмірге 

келді.  Сол  технологиялардың  бірі  -  ойын  технологияларын  сабақтарда  тиімді  пайдалана 

бастадым.  

Оқу үрдістерінде ойын түрлерін балалардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне 

сәйкес  түрлендіріп,  жаңа  тақырыпты  өткенде,  өтілген  материалды  қайталағанда,  білімді 

тиянақтау  және  тексеру  кезінде,  яғни  сабақтың  кез  келген  сәтінде  оқыту  әдісінің  құралы 

ретінде пайдаланамын. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын арқылы білім алып, жан-

жақты тұлға дамиды.  

В.А.Сухомолинскийдің сөзімен айтар болсақ, «Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы 

да  жоқ.»  және  болуы  да  мүмкін  емес.  Ойын  дүниеге  қарай  ашылған  үлкен  жарық  терезе 

icпетті, ол арқылы баланың рухани ceзімі жасампаз өмірмен ұштасып, өзін қоршаған дүние 

туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз-ұшқын, білімге құмарлық пен іліктеудің маздап жанар 

оты. 

  Ұлы  педагог  А.С.  Макаренко  ойынға  үлкен  мән  бере  отырып,  өзі  басқарған 

мекемелерінде  ойынды  тәрбиеленушілер  өміріне  міндетті  түрде  енгізіп  отырады.  Ойын 

баланың  өмipiн  қызыққа,  қуанышқа  бөлеуін  камтамасыз  eту  үшін  ол  балалардың  ойынға 

деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығын тәрбиелейді- деп қарастырады. Ойын да халық 

педагогикасының  құрамды  бip  бөлігі.  Адам  баласы  жасаған  жеті  кереметтің  қатарына 

ceгізінші eтiп, осы ойынның аталып жүруі де жайдан-жай емес. Ұлттық ойындар халықтың 

элеуметтік-  экономикалық  жағдайларына  байланысты  туып,  дамығанына  қазақ, халқының 

ұлттык, ойындарымен таныса отырып, көзімізден әбден жетеді. 

Қазақтың  ұлттық  ойындары  тақырыпқа  өте  бай  әр  алуан  болып  келеді.  Ойын 

технологиясы арқылы  

  

 

 

Ойын-балалардың оқуға деген  ынтасын арттыратын құрал. Сондықтан да мектепалды 

дайындық сыныптарда балалар сабақ үстінде ойынды көп қажет етеді. 

Оларды  жалықтырмай  әр  түрлі  ойын  түрлері  мен  сабақты  қызықты  өткізуге 

тырысамын.  Ойын  әрекетінің  қызықты  болуын  қамтамасыз  ететін,  баланың  танымдық 

қызығушылығы сапаларын дамытатын басты нәрсе:  

Баланың бойында 

Ұйымдастыруш

ылық 

қасиеттері 



дамиды.  

Тапқырлық, 

шыдамдылық  

Белсенділік 

қабілеттері  

дамиды. 


Есте сақтау 

қабілеті, 

зейіні, тілі 

дамиды.  



118 

 

118 



 

Білім, әрекет,  қарым-қатынас. Міне осы жағдайларды ескере отырып, ойын түрлерін 

төмендегідей жүйеленеді: 

1.

 

Мазмұнды  бейнелі  ойын:  отбасы,  балабақша,  мектеп,  аурухана,  ұшқыштар,  мал 

фермасы, құрылысшылар, мұнайшылар, темір жол, теңізшілер; 

2.

 

Қимыл  қозғалыс  ойындары:  «ақ  серек,  көк  серек»,  «ұшты-ұшты»,  «аңшылар», 

«сиқырлы таяқ», «мысық пен торғайлар», «бақташы мен қозылар», «соқыр теке», мысық пен 

тышқан, . 



3.

 

Дидактикалық  ойындар:  заттардың  түсін  анықта,  қуыршақты  серуенге  дайында, 

орныңды тап, ойлан тап, түсті лото, тез ретке келтір, көршілер, аралар, дүкен, сен жалғастыр, 

дәл тауып айт, т.б. 



4.

 

Құрылыс ойындары: лото, және басқа констукторларды пайдалану.  



5.

 

Рөлді-сюжетті  ойындар:  ертегі,  әңгімелерді  ролдерге  бөле  отырып  орындау, 

сахналық көрініс көрсету.   

Халық  өзінің  қоршаған  дүниенің  қыры  мен  сырын  егежей-тегежейлі  білуді  баланың 

санасына  ойын  арқылы  жастайынан  сіңіре  білуді  көздеген.  Ойын  бала  табиғатымен 

егіз.Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес бала отбасы тәрбие және 

өзін коршаған ортамен тығыз араласа отырып, ана тілін үйренеді. Мектеп табалдырығынан 

алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуі тиіс.Сауат 

ашу сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Ойын арқылы оқу 

процесін  жандандырып,  сабақтың  сапасын  арттыруға  толық  мүмкіншілік  бар.  Баланың 

сөздік  қорын  молайтып,  сөзді  еркін,  өз  маганасында  қолдануға,  тез,  жылдам  сөйлеуге 

жаттықтыруға ойын- бірден-бip таптырмайтын құрал. 

Балалардың  жалпы  оқу  деңгейін  көтеру  және  олардың  кажетті  практикалық  білімін, 

біліктілігін,

 

әдетін,  тәртібін,  әлеуметтік  тәжірибесін  қалыптастыру  мақсатында  әртүрлі 



пәндер  енгізіліп,  олардың  әрқайсысының  өз  бағдарламасы  бар  екені  бәріне  мәлім. 

Жасөспірімдердің  жан-жақты  дамуына  жағдай  жасау-  жалпыдан  жекеге  қарай,  яғни  жеке 

тұлғаны  дамытудың,  баланың  тіл  мүкістігін  танып  түзетудің,  баланың  жеке  қасиеттерін 

ашып,  білімі 

 

мен  біліктілігін  кеңейте  отырып,  өзара  қарым-қатынаста  қолданатын  сөз 



байлығын молайту болып табылады. 

Ал,  қазақ  халық  педагогикасында  саусақ  ойыны  ұрпақтан-ұрпаққа  қалаған  мәдени 

шығармашылық  болып  табылады.  Қазақ  халқы  саусақ  ойыны  арқылы  баланың  сөйлеуге 

деген  талпынысын,  қабілетін  дамытып,  ынтасын  арттырарын      білген.      Саусақ      ойының   

ойнай   отырып,   балалар   қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, 

құстарды,  ағаштарды  бейнелей  алады.  Өзімнің  іс-тәжірибемнен  сабақ  үрдісінде 

пайдаланатын ойындардың бірнеше түрлерін атап көрсетуіме болады. Жоба бала, ата-ана, 

тәрбиешіге арналған. Ойын  -  адамның өміртанымының алғашқы қадамы. 

Ойын  -  бip  қарағанда  қарапайым  құбылыс  немесе  әрекет  icпeттi.  Ол  міндетті  түрде 

ұжымдық, әрекет. Ойынның ережелері ойнаушылардың қисынды ой қабілетінің дамуы, бip-

бipнe  деген  сыйластық  қажеттіліктерімен  санасуы  әр  ойыншының  жеке  әрекеттерінен 

туындайды.  Ойынның  басты  шарты  жеңіске  жету  болса,  әр  ойыншы  өз  қарсыласының 

мүмкіндігімен санасып, бip-бipiнe деген сенімін арттырады. 

   Қорытындылай  келе,  сабақта  ойын  түрлерін  пайдалану  сабақ  түрлерімен  әдістерін 

жетілдіру жолындағы ізденістердің маңызды бір буыны. Ойынмен ұйымдастырылған сабақ 

балаларға  көңілді  жеңіл  келеді.  Баланың  ойын  жетілдіріп,  сабаққа  қызығушылығы  арта 

түседі. Демек, ойын деген аты ғана, ал шынында да ол-сабақтың, еңбектің жиынтығы.  

Балалар үшін 

1. Ақыл-ойы дамиды, оқуға қызығушылығы белсенділігі, шығармашылығы,    

    артады, тұлғалық қасиеттері қалыптасады.  

2. Тәрбиеші үшін: 

    Ойын түрінде оқыту жалықтырмайды, оқушы білімінің сапасын        

     арттыруда, сабақты  қызықты өткізуге, тәрбиеші үшін тиімді. 

3. Ата-ана үшін 



119 

 

119 



 

   Бала бойындағы жағымсыз қылықтарды, ойын арқылы тәрбиелеуде ата-  

    ананың ролі. 

  Ұлы  Абайдың  «Ойын  ойнап  ән  салмай,  өсер  бала  бола  ма?  деген  пікірінен        бала 

өміріндегі  ойынның маңыздылығын көреміз. 

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі: 

1. Қазақстан Республикасы «12 жылдық жалпы білім беру» концепциясы 

2. Б.Р. Аймағанбетова, А.А.Бейсенбаева. Жеке адамның дамуы. Алматы 1991ж. 

3. «Қазақстан – 2030» жолдауында, «Білім туралы заң», «Болашақтардың Форумында» 2008 

ж. Н.Ә.Назарбаев. 

4.  Жас ерекшеліктер педагогикасы.Қ.Р.Б.және ғылым министрлігі С.А. Мусаева , Т.Б. 

Бегалиев  «Фолиант» баспасы Астана – 2006 . 

5. Қ.М. Нағымжанова Н.М. Нұрғазиева 

6. Бастауыш білім берудегі жаңа технологиялар. Оқу құралы Өскемен ЖШС «ШҚПК  

Арго» 2007, 28-38 б. 

7. Бастауыш мектеп  2008 № 5, 21-24 б. 

8. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал «Бастауыш сыныпта   оқыту». 

9. А.П. Усова «Балабақшадағы оқыту». 

10. «Оқу және тіл дамыту» методикасы 

 

 

 



БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ, МАҢЫЗЫ 

 

 



Касымова Гульмира Багинтаевна 

№ 68 МИББ кешені 

 

Мектепке    дейінгі    жасөспірім    баланы    тәрбиелеу    мен    дамыту    ісіне    байланысты  



мақсаттарды  шешуде  театр  ерекше  рөл  атқарады. Театр  әр  балаға  қуаныш  ұмтылмас  

әсер сыйлайды, оның  көркемдік  талғамын, еліктеуі  мен  қиялын  дамытады. 

 Әдетте    адамның    жеке    басының    қасиеттері    бес    жасқа    дейін    қалыптасады.  

Сондықтанда    да  баланың    жан-жақты    қалыптасуы    үшін    мектеп    жасына    дейінгі  

бүлдіршіндердің бойына  жақсы,  жағымды  қасиеттерді  сіңіре  білу  керек.  Бала әр нәрсеге  

құмар, қызыққыш,  ол  өзінің айналасында  болып  жатқан  өзгерісті,  тамаша  құбылыстарды  

сезінуге  тырысады. Оның  жан-жақты  дамып,  жеке  тұлға  болып  тәрбиеленуіне,  тілінің  

дамуын  театрландырылған  ойындар  арқылы  жетілдіруге  болады.  Ал,  театрландырылған  

ойындарды    балалар    қызықтап    ойнайды.    Театрландырылған    ойындар    желелі    рөлдік  

ойындардан    тек    желісі    ғана    емес,    сондай-ақ  ойнау    іс-әрекетінің      сипатымен  

ерекшеленетіні айқындалған.      Театрландырылған  ойындар  ойын – қойылымдары  болып  

саналады,    бұл    жерде    балаларға    арналған    көркемдік    шығармаларды    сахналық  

қойылымдарға  айналдырып, оларды  кейіпкер  ретінде  қатыстырудың  маңызы зор. Баланы 

сахнада  кейіпкер  ретінде ойната  отырып, оның жеке тұлғасын жан-жақты дамыту. Оның 

бойында  әдебиетке,  мәдениетке,  өнерге  деген  құштарлықты    ояту.  Бүлдіршіндер  сахнада 

шағын  рөлдерде  ойнау  арқылы  байланыстыра  сөйлеуге,  әдемі  киініп,  жинақы  жүруге, 

үлкендермен және өзге де балалармен тіл табыса білуге үйренеді. Жетілген диалог балалард 

Ойын барысында ойын ситуациясына бейімделу, алғашқы да жекелеген элементерді, 

кейінен  рөлді  толығымен  ойнау  арқылы  баланың  ой-өрісі,қиялы  дамиды.  Рөлді  ойнау 

арқылы  өз  кейіпкерін  алдына  елестетіп  қана  қоймай,  бала  оның  әрекеттерін,  сезімдерін 



120 

 

120 



 

сезінеді.  Осындай  эмоциялық  күйлер  баланы  бұрын  байқамаған  өмір  көріністеріне  таң 

қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. 

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  дүниетанымын,  ой  –  өрісін  кеңейтіп,  сөздік  қорын 

байыту,  эстетикалық  талғамын  арттырып,  адамгершілікке  баулу  ісінде  көркем  әдебиеттің 

алатын  орны  ерекше. Әрине,  мектеп  жасына  дейінгі  сәбилердің  әдеби  шығармаларды  оқи 

алмайтыны мәлім. Олар әдеби шығармаларды тәрбиешінің мәнерлеп, оқып беруі бойынша 

ғана  сөз  сырын  санасына  ұялатады.  Ертегі,  шағын  әңгіме,  өлең,  мақал  –  мәтел,  жұмбақ 

сияқты балаларға лайықты көркем сөз жанрларының ежелден – ақ тәрбие ісінде зор көмекші 

екені белгілі. Балабақшада тәрбиеленбеген, әлі мектеп жасына жетпеген ауылдық жерлердің 

сәбилері  кішкентай  күнінен  өз  әже  -  аталары  мен  әке-  шешелерінен  естіген  халық  ауыз 

әдебиеті  нұсқаларынан  нәр  алып  өсетіні  белгілі.  Мұндай  шығармаларды  сәбилер  қызыға 

тыңдайды,  жылдам  жаттап  алады.Мысалы:  «Торғай»,  «Бақа  –  бақа  балпақ,  «Қарғалар», 

«Санамақ»,  тағы  басқалар  сияқты  халық  өлеңдері  ойнақы  тілімен,  қайталама  сөзімен, 

музыкалық  үнімен  бөбектерді  баурап,  сөз  өрнегіне  баулиды.Сол  себепті  де  «Балабақшада 

оқыту  және  тәрбиелеу  бағдарламасында»    2  жастан  3  жасқа  дейінгі  балаларға  әдеби 

шығармаларды оқу, тіл дамыту жұмысы арнайы бөлім, 2 - ден 3 жасқа, 3- тен 4 жасқа дейінгі 

балаларға  халық  ауыз  әдебиеті  үлгілерінен  «Бесік  жыры»  сияқты  ойнақы  өлеңдер, 

санамақтар  берілді.  Көркем  шығармаларды  тыңдауға  бала  сәби  кезінен  –  ақ  құмартып, 

қызығады.  Қысқа  ертегі,  өлең  оқып  берсе,  тез  жаттап  алады.  Жаттау  арқылы  оның  тілі 

жетіледі.  Әдеби  кейіпкерлердің  жақсы  ісіне  сүйсінеді,  жаманнан  жиренеді  –  бойын 

қорқыныш билейді. Сәбилерде жақсы және жаман  іс- әрекет жөнінде түсінік пайда болады. 

Сөйлеу тілі жетіле түседі. Ана тілінің дамуы – баланың бойында қабылдай – ести білу сияқты 

психологиялық  процестердің  бірте  –  бірте  қалыптасуына  негіз  болады.  Мекиеп  жасына 

дейінгі балаларға оқып беретін шығармалар, негізінен, үш салаға бөлінеді: 

1) ауыз әдебиеті нұсқалары; 

2) классик жазушылардың шығармалары; 

3) қазақ жазушыларының шығармалары. 

 

Осы  саладағы  шығармалар  тәрбиешіне  арналған  бағдарламалық  материалда 



нақты  жүйеге  бөліп  береліген.  Әдеби  шығармаларды  оқу  мен  сабақты  жоспарлауда  мына 

жағдайларды өте мұқият ескеру керек: 

1. Әрбір шығарманы оқып берерде баланың жас ерекшелігі, осыған байланысты тәрбие 

жұмысының  мақсаты  мұқият  ескерілуі  шарт.  Шығарманың  лайықтысын  ғана  алу  керек. 

Мысалы,  сәбилер  (3  –  4  жасар  балалар)  алғаш  рет  балабақшаға  келді  делік.  Олардың 

көпшілігі әлі дұрыс сөйлей алмайды, балабақшада болатын жайттармен, ойыншықтармен әлі 

таныс емес. Сондықтан алғашқы үш- төрт айда тәрбие жұмысының бәрі, оның ішінде әдеби 

шығарманы оқып, тыңдату, көбінесе ойын түрінде өтіледі. Ол үшін ойынға негіз боларлық, 

суретті  (суреті  өте  күрделі  болмасын)  шығармалар  керек.  Көлемді  шығарманың  лайықты 

бөлімінен кейбір үзінді ғана алынады. 

2. Ана тіліне арналған жоспар 14 -15 күнге лайықталады. Жоспарда қандай шығарма 

оқылуы  керек,  оған  байланысты  бақылау  жұмысы,  суреттер,  ойындар  нақты  көрсетіледі. 

Әрбір ойынның мақсаты белгіленеді  (білімін бекіту немесе сөздің дыбыстық жағын дұрыс 

айтуға жаттықтыру сияқты). 

3.  Оқылатын  шығарма  тәрбие  жұмысының  әр  саласын  қамтитын  болсын.  Мысалы: 

жануарлар,  жыл  мезгілдері,  еңбек,  мерекелер  туралы  және  тазалыққа,  ұқыптылыққа, 

әдептілікке баулитын шығармалар.  

4. Сәби тобында (3 -4 жас) тәрбиеші шығарманы мәнерлеп жатқа айтып беруі керек. 

Бұл тұста тәрбиеші балаларды түгел бақылап отыратын болады. Тәрбиешіның шығарманы 

жатқа  айтып  беруі  балаларға  қызықты  болады,  оларды  жалықтырмайды.  Өйткені    бала 

тәрбиешіні тыңдай отырып, әр сөзді дұрыс айтуға тырысады. Сәбилерге тақпақты арнайы 

жаттату қиын. Сондықтан тәрбиеші өзі жатқа айта отырып, шығарманың қажетті шумағын 

ойын ретінде қайталау кезінде біртіндеп өзіне ілесіп айтуға үйретеді. 


121 

 

121 



 

5.  Көркем  шығарманы  оқығанда  шығарманың  мазмұнына  лайықты  суреттерді 

пайдаланған жөн. Өйткені бұл жастағы балалар өз беттерімен оқи алмайды. Ал шығарманың 

мазмұнын сурет арқылы жылдам түсінеді. Бала кейде кітаптың бетін ашып отырып, суреттің 

астына жазылған өлең жолдарын дәл тауып, өз бетімен оқып отырғандай әңгімелеп береді. 

Сондықтан  тәрбиеші  қажетті  шығарманы  оқудан  бұрын,  суретті  көресту  арқылы  (сәбилер 

үшін)  әңгімелеседі.Соңынан  шығарманы  оқып  береді.  Ересек  балаларға  шығармаға 

байланысты қажетті суретті шығарма оқылған соң берген дұрыс. Өйткені шығарманы оқудан 

бұрын сурет көрсетілсе, балалардың бар ынтасы сол суретке ауады да, тәрбиеші оқығанда 

зейін  қоймайтын  болады.  Оқылған  шығарманы  әңгімелеп  айтуға  үйрету  сабағының  үлгі 

жоспарын төмендегіше құруға болады.  

1. Тәрбиешінің кіріспе әңгімесі. 

2. Тәрбиешінің әңгімені оқып беруі. 

3. Оқылған әңгіме, ертегі мазмұнын көмекші сұрақтар қоя отырып айтқызу. 

4. Шығарманы қайталап оқу, шығарма мазмұнын балаларға айтқызу. 

 

Мұндайда  қысқа  әңгіме,  ертегі  мазмұнын  бір  балаға,  көлемді  шығармалардың 



мазмұнын бірнеше балаға айтқызуға болады.  егер әр алуан жастағы балалар аралас болса, 

алдымен  ересек,  естияр  балалар  әңгімелеп  айтады,  сәбилер  тыңдап  отырады.  Әдеби 

шығармаларды оқып, тыңдату (ересек топта),  әңгімелеп беру, әңгімелету, жаттату сияқты 

сабақ  түрлері  экскурсия,  бақылау,  санау,  музыка,  бейнелеу  өнері  сабақтарымен 

байланыстыра  жүргізілгені жөн. Бұл сабақтар бірінің мазмұнын бірі толықтырып отырса, 

тіпті жақсы. Ендеше баланы мектепке даярлау мәселесінде әдеби шығармалармен таныстыру 

ерекше  орынға  ие  екенін  ескеру  қажет.  Бағдарламаға  сай  мұндай  жұмыс  баланың  жас 

ерекшелігене  қарай,  сабақ  мақсатына  сәйкес  берілетін  білім  –  дағдылар  (пән  аралық 

байланысты ескере) бір – бірімен байланыстыра өтіледі. Осылай оқыта отырып тәрбиелеу, 

тәрбиелей отырып оқыту принципі сәбилер тобынан бастап (2-4 жас аралығы) баланы өзіне 

қойылған сұрақты түсінікті, оған дұрыс, толық жауап беруге, өзі басқаға сұрақ қойып, жауап 

алуға, үйрету міндеті іске асады. Осы білім – дағдыларды меңгерте отырып, тәрбиеші баланы 

айналасындағы  амандасу,  әдепті  сөйлесу,  алғыс  айту,  жылы  шырайлылық  білдіру  сияқты 

мінез  – құлық  әдептеріне  үйретеді.  Мысалы, сәбилер  тобында  Ә.  Дүйсенбиевтің    «Не  деу 

керек?» деген өлеңінен үзінді оқығанда тәрбиеші мына мақсаттарды көздейді: өлең түріндегі 

шығарманы  тыңдай  білуге,  жатқа  айтуға  үйрету;    «рахмет»,  «кешіріңіз»,  т.б  ізеттіліктерді 

аңғартатын сөздерді айтуға дағдыландыру, осы сөздерді күнделікті қолдана білуге баулу, т.б. 

Ал Қадыр Мырзалиевтің «Ойыншықтар» өлеңін ересек балалар тобында оқығанда тыңдай 

білуге  үйрету,  өлеңде  аталған  ойыншық  жануарлар  туралы  сұрақтар  қойып,  олар  туралы 

білімдерін жетілдіру қажет. Балабақшаға бармас бұрын да бала әр алуан білім – дағдыларды 

меңгереді.  Бірақ  көрген  –  білгені  жайлы  айтып  беріп,  салыстыра  алмайды.  Ал  білімін 

жетілдіру,  оқуға  әзірлену  –  балабақша  тәрбиешісінің  жұмысы.Тәрбиеші  қай  тақырыпта 

қандай шығарма оқыса да, бақылау, экскурсия, әңгімелесу, әңгімелетіп айтқызу сабақтарын 

өткізсе де, әр заттың, іс – қимылдың сөздік атауларын бала түсініп, дәл тани білуге тиісті. 

Әдеби  шығармаларды  оқу,  тіл  дамыту  жұмыстарындағы  басты  әдістердің  бірі  –  сөздік 

жұмысын  жүргізу.  Мектеп  жасына  дейінгі  мекемелерде  балалар  өздігінен  оқи  алмайтыны  

анық  .  Сондықтан  тексті  оқуға,  әңгімелеп  айтуға  үйрету,  көркем  сөздермен  таныстыру 

жұмысы бағдарлама талабына сәйкес тақырыптық принциптерге негізделеді. Ол принциптер 

– айналадағы дүниемен, қоғам өмірімен, табиғатпен таныстыру, дүние - танымын, ой – өрісін 

жетілдіру, зейінін, қабылдауын бағдарлай білу, қабілеттерін дамыту болып табылады. Осы 

мақсаттарға  орай  әдеби  шығармаларды  оқу,  алған  білімдерін  тиянақтау,  жалпы  сөздік 

қорларын молайта отырып, мағынасын ұқсас. Мағынасы қарама- қарсы сөздерді меңгерту, 

көрген  –  білгендері  жөнінде  (салыстыра,  теңей  атуға  үйрету)  алғашқы  ұғымдарын 

қалыптастыру міндеті қойылады. Шығарма оқу, тіл дамыту жұмысында сәбилер (2-3 жасар) 

тобында  тыңдау  қабілетін  дамыту,  шағын  өлеңді  жатқа  айтуға,  ауызша  әңгімелеп  берген 

ертегі, әңгімелеп беруге үйрету  көзделеді. Ал естиярлар мен ересектер (4-6 жас аралығы) 

шығарманы  тыңдай  отырып,  оның  (әңгіме,  ертегі)  мазмұнын  жүйелі  әңгімелей  білуге, 


122 

 

122 



 

кейіпкерлердің  іс  –  әрекетін  түсініп,  өзінше  талдап,  ойын  қорытындылай  білуге,  кейбір 

үзінділерді жатқа айтуға, мазмұнға сай әңгіме құрауға, бейнелі сөздерді дәл тауып айтуға, 

өздігінен  салыстыра  сипаттай  білуге,  үйренуге  тиісті.  Сабақты  мынадай  жоспар  бойынша 

өткізуге болады: 

1.  тексті  оқудан  бұрын  текстке  байланысты  баланың  не  білетінін  анықтау  ниетімен 

әңгімелесу; 

2. шығарманы оқу (сәбилерге ауызша айтылады) ; 

3. әңгімелесу; 

4. әңгімелету (суретпен, суретсіз, ойыншық көрсету арқылы) ; 

5. экскурсия, бақылау. 

 

Бала тілін жетілдіруде мынадай міндеттер көзделеді: 



1) сөз үйрету жұмысын әр топта өтілетін барлық сабақ процесінде ұдайы жүргізу; 

2) өмірмен байланысты сөздерді үйрету; 

3) шығарманы оқыған кезде жаңа сөз үйрету; 

4) оқылған шығарма мазмұнын қайталап түсіндіру. 

Сонымен  қатар  балаларды    сахналық  өнерге  баулыса    балалар  жаттаған  сөзінің 

мағынасына  сәйкес,  күйінікті-сүйінікті  сезімдеріне  сәйкес  тебірене  мәнерлеп  айта  білуге 

үйренеді. Соның нәтижесінде олардың шығармашылық қабілеттері оянды. Бейнелеу, көркем 

әдебиет,  тіл  дамыту  сабақтарын  байланыстырып  өткізгенде,  әр  сабақтың  соңы  әрқашанда 

дерлік  ертегі  сюжетімен  байланысты  қойылымдармен  аяқталып  отырды.    Сонымен  қатар, 

балалардың  сөздік  қоры  толықтырылды,  сөйтіп  олардың  белсенділігі  артты,  сабақтар  мен 

сауық  кештері  еркін  де  қызықты  түрде  өтетін  болды.  Балалар  өздерін  еркін  де  бос  ұстап, 

сабаққа ынталана, құштарланып қатысып отырды. Осы жұмыстарды өткізген кезеңде әрбір 

ұлттың халық ертегілерінен көріністер қойылды. 

  Балалар өз беттерімен ойнаған дербес іс-әрекетінде де театр ойындарының түрлерін 

жиірек қолданатын болды. Драмалық жанрға бейімделген ойындар өздігінен туындап тәрбие 

жұмыстарының  барысында  ертегілер,  сюжетті  көріністер  де  жиі  қолданылып,  тіпті  кейде 

ертегінің кейбір бөліктері өзгертіліп отырылды. Топ ішінде емін- еркін жүріп, өздеріне сабақ 

уақытында керекті ойын құралдарын өздері таңдап алып отырды. 

  Балалардың шығармашылығы тек ролдерді орындаған кезде ғана емес, сонымен қатар 

қуыршақтар,  декорациялар  дайындағанда  да  көрінді.  Қуыршақтардың  түр-түрін, 

шымылдықтар, декорация жасау кезеңдегі ұжымдық жұмыстар балалардың ұйымшылдығы 

мен белсенділігін арттырды. Балалардың  шығармашылық  қабілеттерін,  сөйлеу  мәдениеті  

мен  ой-өрісін,  дүниетанымын  жетілдіруде  театр  ойындар  түрі  тиімді  нәтиже  береді. 

     Ойын  барысында  ойын  ситуациясына  бейімделу,  алғашқы  да  жекелеген 

элементерді, кейінен рөлді толығымен ойнау арқылы баланың ой-өрісі,қиялы дамиды. Рөлді 

ойнау арқылы өз кейіпкерін алдына елестетіп қана қоймай, бала оның әрекеттерін, сезімдерін 

сезінеді.  Осындай  эмоциялық  күйлер  баланы  бұрын  байқамаған  өмір  көріністеріне  таң 

қалдырып,өз сезімін мимика, ым-ишара, тағы басқа көріністер арқылы біреуге үйретеді. 

     Театрландырылған  ойындар  балалардың  ой-өрісін  кеңейтеді,  балаларды  әңгімеге 

араласуға, спектакль туралы  ата-аналарына, жолдастарына әңгімелеп беруге итермелейді. 

Бұның бәрі сөйлеу қабілетінің дамуына, диалог түрінде сөйлеуге өзі алған әсерін монолог 

түрінде  сөйлеп  жеткізуге  септігін  тигізеді.          Балабақшадағы  театрландырылған  іскерлік 

бағдарламасы:  5 бөлімнен  тұрады. 

Театрландырылған  ойын.  Кез  келген  өмірлік  мән  жайда  өз  құрбыластарымен  және 

үлкендермен қарым-қатынас жасай білуге, кез-келген жұмысқа шығармашылық қабілетпен 

қарауға, эстетикалық сезіммен ойнау арқылы мінез құлқын дамыту 

 



1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал