«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет11/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   134

Пайдаланылған ақпараттар тізімі: 

1.

 

“Қазақстан”:  Ұлттық  энцклопедия/Бас  редактор  Ә.  Нысанбаев  –  Алматы  “Қазақ 



энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9 

2.

 



.Сухомлинский В.А. «Жас мектеп директорымен әңгіме», 1969ж. 

3.

 



Ұстздық шеберлік және ұлттық  тәрбие.  1997ж. 105б. 

4.

 



Бержанов Қ., Мусин. Педагогика тарихы. Қысқаша курс. –Алматы: Мектеп, 1984.- 256 б. 

5.

 



Жарықбаев Ж.Б., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі –Алматы: “Санат”, 1995. 

 

 



ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ҰЙЫМНЫҢ БІЛІМ БЕРУ 

КЕҢІСТІГІНІҢДАМУ  ТЕНДЕНЦИИЯЛАРЫ 

 

Аманжол А. 

 «Бәйтерек»балабақшасының  тәрбиешісі 

Қарағанды қаласы. 



 

Тәуелсіздік  алған  жылдар  ішінде  егемен  еліміздің,    қоғамымыздың  әлеуметтік-

саяси және басқа да салаларында түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Соның бірі 

мектепке дейінгі ұйымдарда білім беру . Қай кезеңде болмасын жас ұрпаққа білім мен 

тәрбие  беру  қоғам  алдындағы  ең  маңызды,  жауапты,  іс  болып  қала  береді.      Сондықтан 

мемлекетіміздің  даму,  жаңару  жолындағы  жаңалықтары  мен  түрлі  өзгерістері  еліміздің  

мектепке дейінгі  білім беру мекемелерінде өз әсерін тигізуде. 

Атап айтсақ  қазіргі заманауи жағдайындағы  мектепке дейінгі мекемелерде болашағы 

ұрпаққа білім берудің қоғамның даму үдерісімен интеграцияға  ұмтылуы. 

Жас ұрпақа тәрбие беруде  интеграция  бүгінгі таңда жоғары білім берудің сапасы мен  

деңгейін жан-жақты көтеріп, жаңаша ойлайтын,  оқыту мен тәрбиенің жаңа технологиясын.  

Күнделікті жұмысында қолдана білетін педагогтардың ғана жұмысы жемісті болмақ.  Қазіргі 



86 

 

86 



 

кезеңде  білім  ғылым    саласында  интеграциясы  педагогикалық  технологиялар 

қаншалықты  маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де 

педагогикалық  технологиялар  ұғымы  кеңінен  қолданылатын  ұғымдардың  біріне 

айналды.    Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  дамыту  мәселесі  мемлекеттік  саясаттың 

ажырамас  бөлігі  болып  отыр.  Сондықтан  мектепке  дейінгі  балаларды  оқыту  мен 

тәрбиелеудің негізгі мақсаты – баланың жеке басының қалыптасуы мен дамуы болып отыр. 

Жаңа заман баласы ертеңгі еліміздің болашағы. Жаңа заман баласын қалыптастырып, 

дамыту  үшін,  тұлғаның  ішкі  дүниесі  мен  оның  қыр  сырын  анықтап,  мүмкіншіліктері  мен 

қабілетінің  дамуына  жағдай  туғызу  қажет.  Әрине,  ол  үшін  мектепке  дейінгі  білім  беру 

мекемелерінде  балалардың  жеке  басының  қалыптасуы  мен  дамуында  педагогтардың 

педагогикалық технологияларды қолдана білу сауаттылығына да байланысты. 

Яғни,  интеграциясы    технологияны  қолдану  негізінде  келешек  ұрпақтың  еркін 

дамуына,  жан-жақты  білім  алуына,  белсенді,  шығармашыл  болуына  жағдай  жасау 

қазіргі    таңдағы  әрбір  педагогтың  міндеті.      Осыған  орай  мектепке  дейінгі  мекемелердің 

тәжірибесіне  оқыту  мен  тәрбиелеудің  әр  түрлі  технологиялары  жасалып  енгізілуде.  Білім 

беру  жүйесінде  интеграциялық    технологияны  қолдану  келешек  ұрпақтың  еркін  дамуына, 

жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай жасау  әрбір  педагогтың 

міндеті болып табылады.  

Білім  берудің  алғашқы  деңгейлері  балабақшадан  басталмақ.  Мақсаты  -  мектепке 

дейінгі білім балалардың білім алуына бірдей бастапқы мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. Кез 

келген оқыту технологиясы тәрбиешіден терең теориялық, психологиялық, педагогикалық 

әдістемелік білімді, педагогикалық шеберлікті, балалардың жан дүниесіне терең үңіліп оны 

ұғына  білуді  талап  етеді        Интеграциялық  білім  баланың  ақпараттық,  когнитивті  және 

коммуникативті  құзыреттілігін  қалыптастырады.  Ресей  ғалымдары  білімнің  танымдық 

мақсаттарын ашу, білім көлемі, сапасы мен көптүрлілігін қамтамасыз ету, баланың өсіп келе 

жатқан жас ерекшелігіне және оқытудың басты мақсаттарына сай жаңа  технологияларды 

пайдалануды кешенді жоспарлауды білім берудің эволюциялық жолы ретінде қарастырады. 

Осы бағыттағы мақсаттардың орындалуына соңғы жылдар ішінде пайда болған: оқытудың 

интегралды  технологиясы;  жаһандану  дәуіріндегі  ақпараттық  білім  беру  технологиясы; 

когнитивті 

технлогия; 

оқытудың 

проблемалық-бағдарлы 

технологиясы  арқылы 

өнертапқыштық  міндеттерді  ашу  технологиясы;  интеллект  карт  әдісі  негізіндегі  оқыту 

технологиясы үлес қосады. 

Бұл    технологияларды  оқыту  үрдісінде  кешенді  қолдану  арқылы  баланың  танымдық 

даму дәрежесі артады: ақпаратты алу, қабылдау, сараптау, сақтау және қолдану өрісі кеңиді, 

баланың  бейнелі  ойлау,  сөйлеу  қабілеті,  біртума  құндылық  жасай  алатын  креативті, 

шығармашыл,  дарындылық  қасиеті  дамиды;  бүгінгі  өркениет  нәтижесінде  пайда  болған 

күрделі мәтіндер әлемін түсіне алатын, логикалық ойлау жүйесі өзгеше қабілетке ие болады; 

ұжымдық  еңбек  үрдісі  арқылы  қатысымдық  дағдысы  артады.  Оқытудың    интегралды 

технологиясы  міндет  қоя  отырып,  балалардың  осы  міндетті  шешудегі  мақсаттарын 

айқындайды, мақсаттар көпдеңгейлі диагностикалық жүйеде болып келеді. Міндеттер қою 

арқылы мақсаттарды айқындау бейінді оқытудың нақты жүзеге асырады.  Мектепке дейінгі  

мекемелерде интеграциялық    оқыту  мәселесінің педагогикалық рөлі, мәні мен мазмұны, 

әсіресе  мектепке  дейінгі  ұйымдарда    білім  жүйесіндегі  педагог  жұмысыда  арта  түседі. 

Өйткені,  педагог  –  шын  мәніндегі  қоғамдық-әлеуметтік  даму  үрдісінің  адам  санасындағы 

күрделі жаңғыру барысына тікелей қатысы бар болашақтың жасампаз маманы. Сондай-ақ, 

оқу  бағдарламасында:  «Мектепке  дейінгі  кезең    –  баланың  зердесі  дамуының  іргетасы»  

делінген. 

Мысалыға  айтсақ  біз  өз  тәжірбиемде    денешынықтырумен  өзін-өзітануды 

интеграцияландырып  ұйымдастырылған  оқу  қыметің  өткізу  жас  ұрпақтын  бойына 



87 

 

87 



 

адамгершілік  құндылықтарды  сіңіре  отырып    денсаулықтарын  нығайтуға  шынықтыруға 

деген қызығушылықтары   арта түседі. 

Қазіргі  таңда  қалыптасқан  еңбек  нарығы  жоғары  білімді,  шығармашылық  деңгейі 

жоғары,  әрекеттің  сан  алуан  саласында  өз  білімі  мен  біліктерін  қолдана  алуға  қабілетті, 

қоғамда  болып  жатқан  нарықтық  –  экономикалық,  саяси  –  идеологиялық  және  рухани  - 

әлеуметтік өзгерістерге белсене араласып, оның талаптарын өз бетінше шеше алатын, ортаға 

бейімделгіш,  шығармашылық  көзқарасы  бар,  жан  –  жақты  үйлесімді  дамыған  тұлғаны 

қалыптастыруды  талап  етеді.  Атап  айтқанда,  бүгінгі  күні  негізгі  психологиялық 

мәселелердің біріне айналып отырған тұлға үшін өмірдің мағынасыздығы мен құнсыздығы, 

сондай – ақ, мектепке дейінгі тәрбиеленушілірде кездесетін әр түрлі қиындықтардың алдын- 

алу және өсіп келе жатқан ұрпақты өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету қарқынды зерттеуді талап 

етеді. Әсіресе, еліміздің өркениетті – техникалық дамуында қоғамның өндіргіш күші болып 

табылатын адам мүмкіндіктерін жан – жақты жетілдіру мен оның электронды жүйелермен 

өзара әрекеттестігін психологиялық зерттеудегі қоғамдық қажеттіліктердің барынша дамуы, 

шығармашылық  пен  ұжымдық  еңбектегі  тұлғалардың  өзара  қатынастарын  жақсарту, 

сонымен қатар оқу процесінде оқытудың белсенді әдістері мен оның жаңа технолнгияларын 

енгізу, білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын іздеу секілді көптеген күрделі мәселелерді 

шешуде, тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуді тереңірек оқып үйренуді қажет етеді. 

 Сонымен  қатар    баланың  дүниетанымын  қалыптастыру  –  барлық  ұйымдастырылған 

оқу қызметінің  міндеті.  Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен дамуы өзін-өзі тани 

білген  жағдайда  ғана  жүзеге  аспақшы.  Осы  орайда  көптеген  жылдар  бойы  аналық  жүрек 

жылуын  бала  өміріне  еңбек  ету  жолына  арнап  келе  жатқан  Сара  Алпысқызының 

авторлығымен енгізілген «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының 

маңызы  өте  зор,  сырлы  әлемге  толы  дүние.  «Өзін-өзі  тану  »  пәні  балабақша 

тәрбиеленушілері, оқушылар мен студенттердің өздерін қоғамның бір бөлігі ретінде сезіне 

білуіне  және  өз  ұлтының  рухани-адамгершілік  құндылықтары  негізінде  өзінің  орнын  білу 

дағдыларын қалыптастыру мақсатында жүргізіліп отырған тәрбие сабағы. 

Дана халқымыз «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен 

ағаш  болғанда  оны  түзете  алмайсың»  деп  бекер  айтпаған.  Сондықтан  баланың  бойына 

жастайынан  ізгілік,  мейірімділік,  қайырымдылық,  яғни  адамгершілік  құнды  қасиеттерді 

сіңіріп,  өз-өзіне  сенімділікті  тәрбиелеуде  педагогтар  шешуші  рөл  атқарады. 

Ұрпақ  тағдыры  –  ұлт  тағдыры  демекші,  ұлттың  болашағы-  оның  білімді,  талантты, 

адамгершілік асыл қасиеттерді бойына сіңірген тәрбиелі ұрпақтың қолында. Рухы күшті ұлт 

озады. Бұл тұрғыдан алғанда жас ұрпақтың рухани мәдениетін арттырып, көркемдік әлемін 

байытуда, дүниетанымын қалыптастыруда «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру 

бағдарламасының  орны  ерекше.Осы  жобаның  авторы  Сара  Алпысқызы  «Өмір  әдебі»  деп 

аталатын еңбегінде «Ғасырлар бойы әр елдің халықтары осы біз кімбіз,не үшін өмір сүріп, 

қайда  кетеміз,  өміріміздің  мағынасы  неде,  басты  адами  бағдарымыз  қандай  болуы  тиіс?» 

деген сауалдар төңірегінде іздене отырып , «тіршіліктің осынау мәңгілік сұрақтарына жауап 

беру үшін жалпыадамзаттық құндылықтарды қайта жандандырып, өзіміздің бастапқы қайнар 

көзімізге оралу керектігіне бір сәт те күмәнданбайтындығын» айтады 

Ұйымдастырылған оқу қыметің байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бірізді, 

үйлесімді  дамытады.  Білімді  жалпылау,  жалпыны  бірлікте  көру,  жалпы  тұрғыдан 

ерекшелікті таныту – әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден-бір жол. Негізгі нысаны 

–  адамды  жан-жақты  дамыту  болып  табылатын  өзін-өзі  тану  мен  денешынықтыру    өзара 

байланыса  отырып  табиғи  ортаның,  қоғамның,  әлеуметтік    ортаның  даму  заңдылықтарын 

тереңдете  танытатын  неғұрлым  ірі  интеграциялық  байланысқа  –қоғамдық  ғылымдармен 

байланысқа ұласады. 

 Мектепке дейінгі ұйымдарда  білім берудің негізгі бағыттары мен бағдарлы құндылық 

бағыттарының  ерекшеліктері:  білім  беруді  ізгілендіру,  білім  берудің  мазмұны  мен 

технологиясын жеке тұлғаға бағдарлай отырып ортақ қоғамдық құндылықтарды дамытатын 

тұлға  қалыптастыру  болып  табылады.  Алдымызда  шығармашылық  жағынан  белсенді, 


88 

 

88 



 

интегративті  тұлға  қалыптастыру  мақсатында  білім  мазмұнының  тұтас,  жан-жақты, 

проблемалық,  пәнаралық  байланыстарын  ашатын  технологиялар  таңдау  міндеті  тұр.  Абай 

атамыздың , «Атаның баласы болма,  адамның баласы бол!» деген үндеуін орнықтыру үшін 

шәкіртке  өзін  ғаламның  бір  бөлшегі  екенін  сезіндіріп,  оны  жалпы  адамзаттық  мәдени 

құндылықтарымен таныстырып, құрметтеуге үйретуіміз керек. 

Біздің 

 

қосарымыз, 



бүгінгі 

қоғамда 


білімнің 

ғаламдану 

салдарынан 

пәнаралық  байланыстың  түрі қалыптасты. Ол әлемдік ашық білім кеңістігіне байланысты 

білім мазмұнының «тасмалдануына» және интеграциялануына байланысты туып отыр. Яғни, 

елімізде ғаламдық интеграциялық  үрдістің пайда болуы нәтижесінде халықаралық дәрежеде 

білім берудің негізі қаланып жатыр. 

Бұл  үрдістің  көрністері  –  орта    білім    беру  жүйесінде  пайда  болған 

халықаралық 

 

деңгейде 



интернационализациялау 

арқылы 


туып 

отырған  интеграциялық  үрдіс    білім  беру  мен  тәрбие  шараларының    кешені  арқылы 

жасалады.  Яғни,  жастардың,  бүкіл  адамзаттың  мекені  –  Жер  планетасында  өтіп  жатқан 

барлық  құбылыстар  мен  оқиғаларға  бейжай  қарамай,  сезімталдықпен  қарап,  әртүрлі 

этникалық, нәсілдік, мәдени топ өкілдерін бөліп-жармай, оларға керек кезінде көмек қолын 

созуы, көптүрлі мәдени плюрализмді қабылдауы, ғаламдық қоғамдық қауымдастықта өмір 

сүре  алатын  білім,  білік  дағды  жинауы  басты  назарда  тұр.  Біздің    ойымызша, 

интеграциялық оқытуды жүзеге асыру балалардың танымдық қызығуы  мен білім  сапасын 

арттырумен қатар, бір сабаққа бірнеше пәндері мақсатының бірігуіне мүмкіндік береді. 

Қорытындылай  келетін  болсақ  аталған  педагогикалық  технологиялар  мен 

интеграциялық  балабақшада  балалардың жас ерекшеліктерін ескеріп, әр сатыға балалардың 

қабылдау мүмкіндіктеріне сай пайдалануға болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау 

қабілеті әлсіз, қабылдау  процестері тұрақсыз келеді. Сондықтан олар затты қолмен ұстап, 

көзімен көргенді ұнатады. Осыған сәйкес, мектепке дейінгі балалардың оқу іс-әрекеттеріне 

көрнекілік, 

ойын 


технологиясын 

кеңінен 


қолданған 

жөн.  


Тәрбиеші  –  бала  бойына  білім  нәрін  себетін  басты  тұлға.  Жаңашыл  тәрбиеші  даярлауға 

қойылатын  талаптар  мектапке  дейінгі  мекемелерде  жас  ұрпақты    жаңа  түрлерімен  оқыта 

отырып, қазіргі уақыттағы жан-жақты болу дағдыларын игеруге бағытталған оқытудың жаңа 

жолдарын енгізуді көздейді.  

Сондықтан  жаңашыл  тәрбиеленуші  даярлауға  қойылатын  балалар-ертеңгі болашақ  

тәрбиешілерді  оқытудың    жаңа  түрлерімен    ұйымдастырылған  оқу  қызметтерің  өткізу  

барлығы мемлекетіміздің тәуелсіздігін сақтауға, республика халқының бірлігін нығайтуға, 

денсаулығын,  сапасы мен-деңгейін арттыруға бағытталғанын жан-жақты ашып көрсетеді. 

Осының барлығына біздің қолымызда.  Ата Заңымызда көзделген тарихи ережелерге сүйене 

отырып, Президентіміз белгілеп берген басымдықтарды жүзеге асыру, атап айтқанда: ғылым 

мен  білімнің  интеграция  жүйесін  дамыту,  денсаулық  сақтау  саласының  қазіргі 

заманғы стандарттарына өтуін, ұлттың мәдени және рухани әлеуетін өркендеуін қамтамасыз 

ету арқылы жетіп отыр 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 

1.

 

«Бала мен балабақша» журнал. Алматы - №,2015ж   



2.

 

Заманауи әлеміндегі ғылым мен білім. 2014ж 



3.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен 



оқыту стандарты. – Астана, 2011. 

 

 



 

 

 



 

 


89 

 

89 



 

БАЛАБАҚШАДА  ОЙЫНДАР АРҚЫЛЫ БАЛАНЫҢ  СӨЗДІК   

ҚОРЫН ДАМЫТУ 

«Алтын сақа» балабақшасы КМҚК балабақшасы, Қарағанды қаласы 

Тәрбиешілер: Ниязалина А.Н. Мусаханова А.У. 

 

 

«Ойын – балалар өмірінде өте зор маңызы бар нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, 

қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала 

қандай болса, өскен кезде жұмыста да көбінесе сондай болады. Сондықтан болашақ 

қайраткер ең алдымен ойын арқылы тәрбие алады. 

А. С. Макаренко 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  сөздік  қорларын  дамыту  ісіне  тәрбиешінің 

балалардың сөздік қорларын дамыту, жаңа сөздерді меңгерту, үйренген сөздерін тиянақтап 

анықтап  әрі  байытып  отыру  басты  міндет  саналады.  Ойын  ұйымдастыруда  тәрбиеші    өзі 

жетекші  бола  отырап  балаларды  ойнай  білуге,  ойын  ережесін  сақтауға  әрі  оларды  ойната 

отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, 

ойынға  қызықтыра  отырып  зейінін,  қиялын  дамытады.

 

  Егеменді  еліміздің  талабына  сай 



мемлекеттік тілді меңгеру, оқыту, қазіргі заманға сай білімді де, тәрбиелі ұрпақ тәрбиелеу 

педагогтар  еншісінде.Мектепке  дейінгі  балаларға  тәрбие  мен  білім  беру  жұмыстарын 

ұйымдастыруда  олардың  сөйлеу,  тілін  дамыту,байланыстырып  сөйлеу  мәдениетін 

жетілдіруге,  құрастыра  сөйлеуге,  сөздік  қорының  молаюына  баса  көңіл  бөлген  жөн. 

Сәбилердің  дүниетанымын  кеңейтіп,  ойын  өрістетіп,  тіл  байлығын  жетілдіруде  көркем 

әдебиеттің  алатын  орны  ерекше.  Балабақшада  балаларды  дұрыс  сөйлей  білу  мәдениетіне 

айнала қоршаған ортамен, сондай-ақ көркем әдебиетпен теңестіру арқылы жүзеге асыруға 

болады.  Әрбір  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  дидактикалық  ойындарды  қолдану 

арқылы балалардың қиялын шарықтатып, ойлау қабілетін ұштауға болады.  

Балабақшадағы  тәрбиелеу-оқыту  жұмысында  балалардың  тілін  дамыту,  сөздік 

қорларын  дамыту,  ауызша  сөйлеуге  үйрете  отырып,  үйренген  сөздерін  күнделікті  өмірде 

еркін қолдану, әрі оны күнделікті іс-әрекет кезіндегі тілдік қарым-қатынаста қолдана білуге 

жаттықтыру ісіне ерекше мән берілген. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік 

жұмысын  жүргізу  ісі-  тіл  дамытудың  негізгі  бір  міндеттері  болып  есептелінеді.  Біз 

балалармен  сөздік  жұмысын  жүргізе  отырып,  оларды  айналасындағы  заттармен 

таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсі және пішінін ажырата білуге, 

өмірдегі,  қоршаған  ортадағы  түрлі  құбылыстар  жайындағы  ұғым,  түсініктерін  дамыта 

отырып, белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз. 

Ойын арқылы бала айналасындағы нәрседен өзіне қызықтысына ықыласы ауып, таңдап 

алады. Баланың бір ерекше қасиеті сөйлеуден еш жалықпайды. Ойын бала тілінің дамуына 

ықпалын тигізіп, таным белсенділігінің дамуына жол ашады. Қай бала болмасын ойынмен 

өседі, өйткені бала табиғатының өзі тек ойынмен байланысты. Ойын үстінде бала еш нәрсеге 

тәуелсіз.Ол  өзін  еркін  ұстайды.  Ал  еркіндік  дегеніміз  барлық  дамудың  баспалдағы,  бәрін 

білуге деген талпынысы мен құлшынысы. Баланың білуге деген құштарлығы, сөйлеуі ойын 

үстінде қалыптасады. 

Ойын  –  мектепке  дейінгі  жастағы    балалардың  негізгі  іс  -  әрекетінің  бір  түрі.  Ойын 

барысында  баланың  жеке  басының  қасиеттері  қалыптасады.  Ойын  барысында 

балалар    дүниені  тани  бастайды,  өзінің  күш-жігерін  жұмсап,  сезініп  білдіруге  мүмкіндік 

алады,  адамдармен  араласуға  үйренеді.  Бүгінгі  күн  талабы  –  баланың  ақыл  -  ойын 

парасаттылығын    дамыту,  ойлау  қабілетін  жетілдіру,  өзіндік  іскерлік  қасиеттерін 

қалыптастыру,  заман  талабына  сай  ойы  жүйрік  етіп  тәрбиелеу.  Сондықтан  да  баланың 

танымын  алғашқы  күннен  бастап  дамытудың,  бойында  оқыту  мен  тәрбиелеудің  негізін 



90 

 

90 



 

қалыптастырудың құралы – ойын әрекеті, яғни, ойын – баланың жетекші әрекеті. Бірақ, ойын 

тек қана балаларды қызықтырып, уақыт өткізудің құралы болмай, балаға берілетін білім мен 

тәрбиенің  құнды  негізі  болуы  керек.  Яғни,  оқыту-тәрбиелеу  жұмысын  бағдарлама 

талаптарына сәйкес ойын түрінде ұйымдастыра отырып, баланың логикалық ойлау қабілетін 

арттыруға жағдай жасау   мектепке дейінгі мекеме педагогтарының негізгі міндеті. Бүгінгі 

күні мектепке дейінгі жастағы балалардың толық интеллектуалды  даму мәселесі әлі де өзекті 

болып отыр. Интеллектуалды  толық  дамыған мектеп жасына дейінгі бала сабақты жақсы 

оқиды, берілген материалды тез қабылдайды, өзінің күшіне сенімді, айналасындағылармен 

тез тіл табысады. Сол себепті мектепке дейінгі білім беру мекемесінде ұйымдастырылған оқу 

– тәрбие үрдісінде   зейін, есте сақтау, ойлау қабілеті, елестету, сөздік қорын дамытатын және 

жаттықтыратын  жұмыстарға    көп  көңіл  бөлінеді.    Дидактикалық  ойындар  арқылы 

балалардың  ойлау  қабілеттері  дамиды,  сабаққа  деген  қызығушылықтары  артады.    Ойын 

барысында  балалар  педагогпен  бірлесіп  ереже  бойынша  қызықты  тапсырмалар 

орындап,жағымды  қарым  –  қатынас  жасауы  балалардың  эмоционалды  көңіл  –  күйлерін 

көтереді,  сондықтан  да  дидактикалық  ойынға  қажетті  құрал  –  жабдықтар,  атрибуттар 

айшықты, мазмұнды безендірілуі де өте маңызды. Балалардың интеллектуалдық  дамуына 

әсер ететін жаңа ойын технологиялары да біздің балаларға танымал.  Мысалы: Логикалық 

тізбек  ойындары.  Логикалық ойлау арқылы бала саралау, салыстыру, жинақтау сияқты өз 

бетімен  іс  –  қимылдар  жасауды  үйренеді.  Баланың  логикалық  ойлауы  өздігінен 

қалыптаспайды, оның дамуына  мақсатты түрде  білім беру мамандарының, ата - аналардың, 

балалардың  бірлескен  жүйелі  жұмысы  қажет.      Балалар  ойыны  заттық  –  қол  қимылының 

(пирамида  жинау,текшелерден  үй  құрау)  даму  жолынан  бастап  интеллектуалды  даму 

ойынына    дейін  жетеді.  Логикалық  ойлауды  дамытудың  негізгі  рөлі  математикалық 

ойындарға  жатады.  Бұл  ойындар  арқылы  баланың  интеллектуалды    дамуы  тек  белгілі  бір 

білім  көлемін  ғана  емес,  жалпы  тәлім-тәрбиелік  іс-әрекеттерді  игерумен  бірге,  ойлау, 

қиялдау, есте сақтау, елестету және т.б. қабілеттерінің; танымдық, іскерлік, шығармашылық 

қасиеттерінің дамуын қамтиды. Сөздік қорды дамыту ісін ұйымдастыру жұмысында ойын 

сабағы  негізгі  орын  алады.Тәрбиеші  бақылау,  заттарды  қарау,  сурет  қарау,  жұмбақ  шешу 

және  құрастыру,  саяхат,  ойын-сабақтарын  ұйымдастыру  барысында  балалардың  сөздік 

қорларын дамытады. 

Арнайы ойын-сабақ және сабақ мазмұнына қарай танымдық, дамытушы ойындарды, 

тапсырмаларды  қолдану,  балаларды  заттарды  бір-бірімен  салыстыруға,  оларды  қасиетіне 

қарай  ажыратуға  және  оны  танып  білуге  үйретеді.  Сөйтіп  бала  топтағы  жасына  сәйкес 

бағдарламалық  міндетті  меңгереді.  Ойын  ұйымдастыруда  тәрбиеші  өзі  жетекші  бола 

отырып,  балаларды  ойнай  білуге,  ойын  ережесін  сақтауға,  әрі  оларды  ойната  отырып, 

ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе қасиетін есінде сақтап қалуға жол ашады, ойынға 

қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.  

Үстел  үсті  ойынын  ұйымдастыруда  домино,  лото,  суреттер  қолданылады.  Мысалы: 

«Суретті құрастыр», «Қандай затқа ұқсайды?», «Қай сурет тығылды?», «Бір сөзбен ата», «Кім 

байқағыш», «Қиылған суреттер», «Ұқсасын тап», «4-ші не артық?», «Есіңде сақта». 

         Ал  сөздік  ойын  арқылы  сөзді  орынды  қолдана  білуге,  дұрыс  жауап  айтуға,  сөз 

мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Сөз құра», «Жұмбақ 

ойла»,  «Жақсы-жаман»,  «Жалғастыр»,  «Үш  сөз  ата».    Сонымен  қатар  балалардың  сөздік 

қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолданумен қатар, «Пішіндер көрмесі», «Өрнекті 

есіңде сақта», «Қиын жолдар», «Суретті жалғастыр», «Биші адамдар», «Көңілді таяқшалар» 

тәрізді  жаттығу  тапсырмаларды  да  пайдаланып  отыру  өз  нәтижесін  берді.  Бұл  аталған 

жаттығу,  тапсырмалар  балалардың  сөздік  қорын  дамыта  отырып,  таным  белсенділіктерін 

және  саусақ  бұлшық  етін  дамытады.  Ойынға  қажетті  құрал,  заттарды  даярлау  ойынды 

өткізуге әзірлік болып табылады.  

Балаларды ойынның мазмұнымен таныстыру ойынды өткізу болып табылады. Ойынды 

талдау, бұл ойынның өз мақсатына жетуі, балалардың белсенділігі және олардың іс-әрекет 

болып табылады.  


91 

 

91 



 

Балалар саусағын ойната отырып тілін дамыту. 

Саусақ ойыны – бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан әрі үлкен мәні бар 

мәдени  шығармашылық.  Саусақ  ойыны  саусақтардың  көмегімен  қандай  да  болмасын 

ертегіні  немесе  өлең-  тақпақ  шумағын  сахналау  болып  табылады.  Саусақ  ойыны  арқылы 

баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық 

әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын  ойнай отырып балалар қоршаған ортадағы  заттар мен 

құбылыстарды, жан – жануарларды, құстар және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтардың 

қозғалыс – қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі 

үйренген сөз шумақтарын  қайталап айта отырып есінде ақтайтын болады. 

 Баланың өмірге қадам басардағы алғашқы қимыл-әрекеті-ОЙЫН,сондықтан да оның 

мәні ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев:   «Ойын ойнап,ән салмай,өсер 

бала  бола  ма?      деп  айтқандай,баланың  өмірінде  ойын  ерекше  орын  алады.Жас  баланың 

өмірді  тануы,еңбекке  қатынасы,психологиялық  ерекшеліктері  осы  ойындар  үстінде 

қалыптасады.Сонымен  балалардың  сөздік  қорларын  дамытуда  ойындарды,  тапсырма-

жаттығуларды қолдану үлкен нәтиже береді.  

 

Әдебиеттер:                        



1.“Отбасы және балабақша”  журналы ,2001.№11 

2) Журнал «Балабақша», №2-4, 2008 жыл 

3) 

2.Бүлдіршіндерге арналған тілашар. Әдістемелік нұсқау.



 

 

 




1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал