«Қазіргі заманғы білім беруді дамыту тенденциялары: даму бағыттары, тәжірибе, мәселелер»



жүктеу 15.04 Mb.

бет100/134
Дата22.04.2017
өлшемі15.04 Mb.
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   134

ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН АҒЫЛШЫН ОҚУ ҚЫЗМЕТІНДЕ ҚОЛДАНУ 

 

Тяжина Ж.Б 

КМҚК «Бәйтерек» балабақшасының  тәрбиешісі 

 Қарағанды қ. 

 

          Казіргі таңда еліміздің басшысы Н. Ә. Назарбаев алдымызға үш тұғырлы тіл; қазақ 



тілі - мемлекеттік тіл, орыс тілі - қарым - қатынас тіл, ағылшын тілі - халықаралық тілді 

меңгеру  жөнінде  мақсат  қойып  отыр.  Осыған  байланысты  қай  тілді  меңгерсек  те  оны 

әдемі, таза, шебер сөйлей білуміз керек.

 

Көптілді  оқыту-жас  ұрпақтың  білім  кеңістігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын, 



баланы жан-жақты дамытатын, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін бүгінгі күннің 

ең басты талабы.Сондықтан баланы ерте жастан ағылшын тіліне бейімдеу қажет. 

Бұл тілді үйренуде мектеп жасына дейінгі балалардан бастаған қолайлы. Неғұрлым 

көп естіп білуге ынталанған балалардың еске сақтау қабілеті соғұрлым жоғары дәрежеде 

дамиды.  Ал  ерте  жастан  балаға  көңіл  аудармай  оның  жан-жақты  дамуына  көмек 

жасамасақ оның ақыл-ой, қабылдау, есте сақтау қабілеті баяу дамиды. Себебі, баланың 

дамуы ерте  жаста бастап қалыптасқандықтан, тілді үйрету мәселесін де ерте бастаған 

тиімді екені айтылуда. 

 Мектепке дейінгі жас – шет тілін үйренуді бастау үшін ең тиімді жас: осы жастағы 

балалар  тіл  құбылыстарына  ерекше  зеректерімен  ерекшеленеді,  өздерінің  сөйлеу 

тәжірибелерінің мағынасына, тілдің «құпияларына» қызығушылық пайда болады. Олар 

өткен мәліметтерді жеңіл және тез есте сақтайды. 

           Ойын  -  адамның  өміртанымының  алғашқы  қадамы.  Сондықтан  ойын  арқылы          

балалар  өмірден  көптеген  мәліметтер  алып,  дамиды.  Ойынның  басты  шарты  жеңіске 

жету  болса,  әр  ойыншы  өз  қарсыласының  мүмкіндігімен  санасып,  бір-біріне  деген 

сенімділігін арттырады.   

           Ойын  –  ұйымдастыру  тәртібі  мен  оқу  қызметін  өткізудің  әдістемесі  болып 

саналады. Сол арқылы балалар белгілі бір ағылшын лексикасының қорын жинақтайды, 

көптеген тақпақтар, әндер мен санауларды жаттайды. 

  

Оқытудың  ойын  әдісі  өте  пайдалы  болып  келеді,  өйткені  балаларды  ой  еңбегіне 



бірте-бірте үйренуге мүмкіндік береді. Ойын әдісінің кеңінен қолданылуы ойынның бала 

қуанышының көзі ретінде  ғана айқындалмайды, сонымен қатар ол оқыту міндеттерін 

шешудің  ең  негізгі  жолы  болып  табылады.Ойындарды  мектепке  дейінгі  балаларының 

оқу-іс-әрекеттеріде белгілі бір жүйемен пайдалану қажет.   Ойынның міндеті баланың 

қызығушылығын  туғызып,  белсенділігін  арттыратындай  іріктеліп  алынған  нақты 

мазмұнымен 

анықталады.Ойындар 

жаңа 


тақырыптарды 

өткенде, 

сөздерді, 

грамматикалық  материалды,  тұрақты  сөз  тіркестерін  пысықтыруға  арналған 

жаттығулардың  бір  түрі  ретінде  пайдаланылады.  Тәрбиеші  ойындарды  сабақ  кезінде 

қолдануға ыңғайлы, ықшам, өткізілуі жағынан қарапайым түрлерін таңдап алғаны жөн. 

Таңдап  алынған  ойындар  балалардың  сөз  байлығына,  тілдік  қорына  сай  болуы  керек. 

Қандай да болмасын ойынды өткізу үшін тәрбиеші алдын ала жоспар құрып алуы қажет. 

Ол жоспар, әдістемелік тұрғыдан алып қарағанда мынадай шарттарға жауап беруі қажет: 

 



Ойынның өтілетін сабақтың тақырыбы мен мазмұны сәйкес келуі; 

 



Ойынға бөлінетін уақыттың нақты белгіленуі; 

  Ойынның  ойналу  түрінің  топ  болып  ойнау,  кішірек  топ  болып  ойнау  т.  б. 

нақтылануы қажет; 

         Ойынға қажетті материалдардың түгел дайындалып қойылуы



733 

 

733 



 

  Қолданылатын  сөздер,  сөз  тіркестері,  мақал-  мәтелдері,  тақпақтар  өлеңдердің 

таңдалынып алынуы;  [2] 

Ағылшын  тілінде  жұмбақтар,  сөзжұмбақтар,  лото,  дидактикалық  ойындар, 

бөлмедегі жиһаздарды орнына қою, дүкендерді аралау, телефонмен сөйлесу, т.б. түрінде 

де 


ойналады.

 

 



               Сонымен  қатар  мен  өз  тобымның  балаларымен  ағылшын  тіліне  деген 

қызығушылықтарын арттыру үшін ойын түрлерін, сергіту сәттерін, амандасу, қоштасу, 

санамақтарды  балалармен  бірлесе  отырып  жаттап  және  күнделікті  іс-  әрекетімде 

қолданамын.

 

Қызықты  ойындардан  кейін  балалар  тез  серігіп,  тапсырманы  зор  ықыласпен 



орындап, тәрбиешімен бірге қайталайды. Мысалы: 

The Family (саусақтармен ойын) 

This is our mother, 

This is our feather, 

This is our brother tall, 

This is our sister, 

This is our body, 

Oh, how we love then all!   [3] 

 

The Finger Family (саусақтармен ойын) 

Daddy finger2 

Where are you? 

Ойынды 

сабаққа енгізуге 



ойлап 

таңдағанда, 

келесі 

ережелерді 



сақтау керек:

ойынның 


мақсаты 

қандай, бала 

неге үйренуі 

тиіс?


Қандай 

сөйлеу 


әрекетін ол 

орындау 


керек? 

Бала осы 

жағдайды тез 

қабылдау үшін, 

оған осы 

жағдайды қалай 

суреттеуін 

табыңыз.


Баламен өзіңіз 

сүйсіне 


ойнаңыз!

734 

 

734 



 

Here I am, here I am. 

How do you do? 

Mommy finger2 

Where are you? 

Here I am, here I am. 

How do you do? 

Sister, brother, baby finger2 

Where are you? 

Here I am, here I am. 

How do you do?        [3] 

 

 



Eat – don’t eat 

Мақсаты:  Заттарды  топтастыра  білуге  үйрету.  Заттардың  атауларын  ағылшын 

тілінде атауды бекіту. Белсенді сөздікті дамыту. 

Ойын барысы: Тәрбиеші балаларға заттардың атын атайды. Балалар сол заттарды 

«жеуге болады-жеуге болмайды» деп топқа бөліп ажыратады. Ойынды бір-біріне допты 

лақтырып ойнауға болады. 

алма – an apple 

нан – a break 

қияр – a cucember 

мәшине – a car 

кітап - a book.[3] 

 

“Let's fly” ойыны 

“Parts  of  the  body”  тақырыбын  өткенде 

балаларға  жаңа  сөздерді  меңгерту  үшін  “Let’s  fly” 

ойынын  ойнатуға  болады.  Бұл  ойында  оқушылар 

орындарынан тұрып, қолдарын екі жаққа көтеріп құс 

тәрізді  ұшады,  бірге  let's  fly,  fly,  fly  деп  айтады. 

Мұғалім “nose” деген сөзді естігенде мұрындарын ұстау керек. Қателескен немесе сөзді 

білмеген  бала  ойыннан  шығады.  Сол  сияқты  “face,  head,  hand…”.  Ойын  нәтижесінде 

балалар жаңа сөздерді тез меңгереді.[3] 

Бұл ойындарды ойнау барысындағы алдыма қойған мақсатым, балалардың ақыл- 

ой  белсенділігін  қалыптастыруда  алған  білімдерін  тереңдете  түсу.  Бұл  ойындар 

балалардың  оқу  іс-  әрекетінде,  олардың  ағылшын  тіліне  деген  қызығушылықтарын 

оятып,  ынта  ықылас  қоюына  баулиды  және  балалардың  зейінін,  ойлау  қабілеттерін 

дамытады. 

Ойын ұғымына түсінік беретін болсам, бұл баланың мінез- құлқына, өзі басқарумен 

қатар топпен жұмыс жүргізе білу әрекеті, ол баланың бір- біріне көмектесу, тез ойлау 

қабілетін,  алға  ұмтылу  ісін  дамытады.  Сондықтан  да,    осы  ойындарды  күнделікті 

балалармен бірге қайталап, ойнап отыруға тырысамын. 

Балабақшада  берілген  барлық  білімнің  бастамасы  әрі  жан-  жақты  дамыту  түпкі 

негізінен  қалайтын  орын.  Сондықтан  да,  балалардын  ой  өрісін  үздіксіз    дамыту  үшін 

сабақты ойын арқылы өткізудің маңызы зор.  

Біз  «Бәйтерек»  балабақшасында  оқу  қызметтерінің  барлығында  ойын  әрекетін 

кеңінен  қолданамыз.  Себебі  баланың  басты  әрекеті  ойын.  Ойын  арқылы  бала  өседі, 

дамиды. Балаларымыз ойындарды қызыға, белсенді ойнайды. Ойын барысында тілдері 

дамиды, жаңа сөздер үйренеді т.б. 

 


735 

 

735 



 

 

 



 

          Мектепке  дейінгі  балаларды  ағылшын  тіліне,  дыбыстарды  дұрыс  дыбыстауға 

үйрету. Ағылшын тілі сабағында балалардын коммуникативтік, танымдық және басқада 

белсенділіктерін  арттыру,  баланың  еркіндігімен,  өзін-өзі  шығармашылық  тұрғысына 

көрсетуге деген қабілеттілігін дамыту жолдарында баса назар аударуымыз қажет. 

                  

             Мемлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаев  жастарға  үндеу  салды,  барлығы, 

әсіресе  жас  ұрпақ  өкілдерін  ағылшын  тілін  үйренуге  шақырды.  Сол  себепті,  біз 

педагогтар ағылшын тілін бала бойына сіңіруге көп көңіл бөлуіміз керек.  

           Армансыз адам, қанатсыз құспен тең,- демекші, менің педагог ретінде де, еліміздің 

әрбір бүлдіршіні терең білімді, заманауи техникаларды еркін меңгере алатын, еліміздің 

дамуына өз үлесін қоса алатын азамат пен азаматша болып өсуіне сенімдімін.  

 

Қолданылған әдебиеттер: 



1.

 

Құлжанова.Н. Ойын  мақсатын талдау  және  ойын  мәні// - 2001. 



2.

 

Кадыргалиева  С.И.  Есбергенова  Г.  Мектепке  дейінгі  балаларды  ағылшын 



тіліне оқыту. Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті. 2011 ж. 

3.

 



Үш тілдегі дидактикалық ойындар жинағы. Әдістемелік құрал. Астана. 2013ж. 

 

 



ОҚУ-ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕРДІ ПАЙДАЛАНУ 

 

Китанова Т. К., Сарсекеева С. К.  



№2 «Батыр» санаторлық балабақшасы 

 

Ерте кезде мақалсыз, мағынасыз сөйлеген қарияларымыздың сөзінің  қадірі болмаған. 



Мақалдап, мәтелдеп маңызды сөйлеуді – борышым деп санаған. 

Мақал-мәтелді әуел баста жеке адамдар шығарған, біреуден-біреу жаттау, ауызекі айта 

жүріп,  өзгеріп  жалпы  халықтық  мұраға  айналған,  яғни  өмірден  көрген-білгендерінен 

жасаған ақыл-ой қорытындысы екені мәлім. Оны айтылған сөзді көркейту үшін ғана емес, 

көркем  шығармаларда  да  көп  қолданады.  Ақын-жазушылар  ғана  өз  шығармаларында 

қолданып  коймайды,  әрбір  мәдениетті,  сауатты  адам  өмір  қайығында  заманына  қарай  оны 

өңдейді, өз жанынан шығарады. 

Мысалы: «Оқу – өмір шырағы, кітап – білім бұлағы» десе, оны 

«Жыланның күші – тілінде, ғалымның күші  білімде» деген теңеулермен салыстыра 

қолданады. 



Мақал мен  мәтелдер  — халық  ауыз  әдебиетінде  ерте  заманнан  бері келе  жатқан  көркем 

жиынтық.  Акылыңа  ақыл,  болашағыңа  дұрыс  бағыт  сілтейтін,  өмірдің  жағымды-жағымсыз 

кезеңдерін танытатын өнегелі өсиет айтылған халықтың ұшан-теңіз даналығы сақталған сөз 

бен  ой,  тәжірибе  елегі.  Ал  көркем әдебиетті өр сөздің бояуын шешетін,  ойдың мағынасын 

толықтыратын,  ұтымды  да  ықшамды  қолданылатын  әдемі  тұлға.  Сондықтан  халқымыз 

«Сөздің көркі – мақал» деп бағалаған. 

Мақал аяқталған бір тиянақты ойды білдіріп мағына берсе, керісінше, мәтел-жеке ойды 

бере алмайды, тек бір ойды, пікірді айқындау қызметін атқарады. Осындай әрқайсысының 

өз алдында ерекшеліктерін түсінуде этнограф, жазушы В. И. Даль: «Мақал – халық сөзімен 

айтқанда  –  дән,  ал  мәтел – гүл» деген. Осылайша мақал мен мәтел халықтың тұрмысын, 

кәсібін,  салтын,  дүниеге  көзқарасын  білдіріп  бейнелейтін  жанр,  яғни  ауыз  әдебиетінің  бір 

саласы.  Ауыз  әдебиетінде  мақал  мен  мәтелдің  тақырыпқа  байланысты  араласпайтын  жері 

жоқ.  Мақал  мен  мәтелге  жақын  жанрлар  –шешендік  және  нақыл  сөздер.  Шешендік  пен 



736 

 

736 



 

нақыл сөздердің мазмұны мен мағынасы  жағынан өзара ұқсастықтары көп, кейде мақалды 

мәтелден ажырату қиын.[1]  

Мақал-мәтелдер дегеніміз сөз арқылы ықшамды, өтімді түрде айтылатын белгілі бір 

күрделі ойлардың қорытындысы қоғамдық өмірдегі тұрмыс-салттағы болып өткен елеулі 

оқиғалар, мақал-мәтелдердің шығуына негіз қалаған. Өйткені көпшілік назарын аударатын 

кейбір іс-әрекеттер белгілі бір тиянақты ұғым, тұжырымды ой тудырып, мақал-мәтелге 

айналып отырған. Мақал-мәтелдер ықшам, бірақ толық бір ой-пікірді білдіріп, барынша 

жинақталған, бейнелі тіл байлығы болып есептеледі. Мақал-мәтелдер әркімнің құрғақ 

қиялының туындысы болмастан, қайта тұрмыстағы алуан түрлі құбылыстардан нәр алған 

өмір тәжірибесінің қорытындысы. Онда халықтың данышпандығы, асыл тәжірибелері және 

өткір де шынайы талғамдары бейнеленген. Көшпелі ата-бабаларымыз сонау ерте дәуірден-

ақ мақал-мәтелге ерекше мән беріп, оларды ақылмен байыптай алатын адамды қастерлеген.  

Көшпелі тұрмыс салтында мақал-мәтелдер мектеп пен мұғалімнің, кітап пен баспасөздің 

қызметін атқарды. Ол айнала дүние туралы білімнің сығынды жиынтығы, өзінше шағын 

ауызекі энциклопедия ғана болып қоймай, ұстаздық, тәлімгерлік міндетті де атқарды. Адам 

бойындағы барлық жақсылықты паш етіп, жамандық атаулыны жерлеп, күлкіге, әзіл-оспақ, 

келекеге айналдырды. Ал мұндай ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа, әрі иланымды болды. [2] 

Мақалдар сөз салмағын ойлана айтуға үйретеді. «Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле», 

«Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын» сияқты мақалдар 

ақыл-ой мен зерделіліктің сөйлеу мәдениетімен тығыз ұштасып отыратынын мегзейді.  

Мақал-мәтелдер тілдің адам өміріндегі рөлі туралы аз айтпаған. Жалпы, бейнелі сөз

шешендік өнерге құрмет – о бастан-ақ қазақ психологиясына ерекше тән сипат. «Қазақ 

шешендікке құмар, ол сөз өнерін, әсіресе әзіл-оспақты қатты сүйеді» деп тегін айтпаған 

Ш.Уәлиханов.  

Сөз – күшті, қуатты, құдіретті қару. Халқымыз ойға олақ, сөзге шорқақ жанды әжуалап, 

аз сөйлеп, көп ойлап, логикаға жүгініп отыру қажеттігін «Тіл тас жарады, тас жармаса, бас 

жарады», «Сөз – сүйектен, таяқ еттен өтеді», «Жылы-жылы сөйлесең, жылан іннен 

шығады», «Жүйелі сөз жүйесін табар» сияқты мақалдармен ерекше ескерткен. Сөйтіп, 

шебер де шешен сөйлей білу мәдениетті адамның асыл қасиеті болып табылған. 

 

Мақал-мәтелдер өте терең мағыналы, бейнелі сөздер арқылы адамдарға ғибрат, 



сабақ, көптеген тәрбие береді. Адамдарды ар-намысты болуға, адамгершілікті қастерлеуге, 

еңбекшіл, ақыл-парасатты, төзімді, ынсапты, пәк, көркем де иманды болуға, шыншыл, 

өнерлі, білімді болуға тәрбиелейді. Мақал-мәтелдердің өсиеттік маңызы, иландыру қуаты 

өте күшті болады. Себебі мақал-мәтелдер халықтың ұзақ жылдық тұрмыс-тәжірибелерінің 

қорытындысы негізінде жинақталған ой-пікірлерінің гауһары болып саналады. Сондықтан 

мақал-мәтелдердің оқушының сөйлеу қабілетін жетілдіруде рөлі өте зор. Мақал-

мәтелдердің көбі өлең формасында ұйқасып келетіндіктен оны есте сақтау оңай болады. 

Бастауыш мектеп ана тілі оқулығында мақал-мәтел өте көп. Бұлардың барлығы мәтіндердің 

ішінде кездеседі және көптеген мәтіндердің соңына, мәтін мазмұнына сәйкестендіріліп, 

арнаулы орналастырылған. Оқыту барысында бұлардан аттап өтіп кетуге мүлде болмайды. 

Мақал-мәтелдерді оқытуда мыналарға көңіл бөлу керек: 

1) Мәтіндердің соңына қосылып берілген мақал-мәтелдерді сол мәтіннің мазмұнымен 

бірлестіріп, түсіндіру керек. Түсіндіруде мазмұн көлемінен шығып кетуге болмайды.  

2) Мақал-мәтелдер – тіл жетілдірудің ықшам бейнелі бейнелеудің тамаша құралы, ол 

оқушылар тілін дамыуға анық та бай мазмұн қосады. Мазмұндама жазғанда немесе 

сөйлегенде мақал-мәтелдерді лайықты пайдаланса, мазмұндама немесе сөздің тілі 

жанданып, логикалық қуаты күшейіп, жалпыға бірдей түсінікті болып шығады. Сондықтан 

мақал-мәтелдерді оқыту арқылы оқушылардың сөздік қорын көбейтуге болады. 

3)

 

Оқулықтағы мақал-мәтелдерді жаттап алу керек.  



Мақал-мәтелдер өмірдің сан алуан құбылыстарын кеңінен қамтып, қоғамдық

әлеуметтік маңызы бар мәселелерді, яғни адамгершілік, еркіндік, әділеттілік, денсаулық



737 

 

737 



 

өнер, білім, тіл, т.б. турасында ықшамды, мағыналы, көркем тілмен айтылған өмір 

тәжірибелері, ой қорытындылары мен тұжырымдарының тереңдігін айқындайды. Мысалы:  

Жақсы ай мен күндей, 

Әлемге бірдей. 

Үлкенге құрмет-кішіге міндет. 

Еңбек етсең емерсің. 

Туған жердей жер болмас, 

Туған елдей ел болмас.  

Ел үмітін ер ақтар, 

Ер атағын ел сақтар. 

Батыр туса – ел ырысы, - дейтін мақал-мәтелдердің балалар үшін танымдық, тәрбиелік 

мәні зор болмақ. [3] 



   

Балалардың тілі шебер, ойы орамды болуы үшін ана тілі, қазақ тілі 

оқулықтарындағы мақалдармен шебер жұмыс жасау қажет. Балаларға алдын-ала берген 

тапсырмаларды тексеріп, мақалдың мағынасын ашқызу үшін пікірлерін тыңдау қажет.  

Оқулықта кездесетін мақалдарға сай келетін оқиға ойластыру арқылы оқушылардың 

шығармашылық қабілетін оятуға болады. Үйренген мақалдарды орынды қолдану керектігі 

түсіндіріліп, «Сөз тапқанға – қолқа жоқ» сайысын, «мақалдата» айтысу жұмысын және 

«Мың бір мақал» сияқты ойындар жүргізу оқушы тілін, ойын дамытудың ең шебер құралы.  



«Мың бір мақал» ойыны: 

Ойынның шарты – 3 топқа бөлініп, мақал сайысын өткізу.  



І. Мақал айтып, тоқтағанша жарысу.  

ІІ. Мақалдың соңын жалғастыру және мәнін, мағынасын ашу.  

1.Батыр туса – ел ырысы (Жаңбыр жауса – жер ырысы). 

2.Ат айналып қазығын табар (Ер айналып елін табар).  

3.Тіліңмен жүгірме (Біліммен жүгір). 



ІІІ. Белгілі бір тақырыпқа байланысты мақал айту. 

Төрт түлік мал туралы: 

1.Мал өсірсең қой өсір  

Өнімі оның көл-көсір. 

2.Ат ерінді келеді. 

Ер мұрынды келеді. 

Оқу-білім туралы: 

1.Ақыл азбайды 

Білім тозбайды. 

2.Қына тасқа бітеді,  

Білім басқа бітеді. 

Төменде оқушылардың шығармашылық жұмыстарынан үлгілер ұсынамыз. 



Оқушылар құрастырған мақалдар: 

1. Көп сөйлеген адамның досы аз. 

2. Еңбекқор оқушы сабаққа қарайды,  

     

Жалқау оқушы сағатқа қарайды. 

3. Жақыныңа жәрдемдес, 

Дұшпаныңмен мейірімдес. 

4. Жақсы сөз – мақтаныштан артық. 

5. Бірлікті құртатын өтірік. 

6. Тұзсыз аста дәм болмас,  

     

Доссыз тойда ән болмас. 

Мақал-мәтелдердегі оқу мен еңбек, ойын мен өнер, адамның әр түрлі жақсы қасиеттері

елін сүю, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау, т.б. осы іспетті өнегелі сөздер бала 

санасына біртіндеп құйыла береді.[4]  



738 

 

738 



 

Мақал-мәтел – ата-бабамыздан қалған өшпес мұра. Көлемі жағынан шағын болғанымен, 

мазмұны терең, уақыт өткен сайын мағынасы терең, құны артып, қымбат қазынаға айналып 

келеді. Мақал-мәтелдердің ұрпақ тәрбиесіндегі орны айрықша, тәрбиелік мәні зор рухани 

байлық. 

Қорыта  айта  келгенде  –  мақал-мәтелдерде  адамның  жан-жақты  тәрбие  алуына  мән 

берілген.  Халқымыз  өзінің  тәлім-тәрбиесін  нақыл  сөздер  арнасына  шеберлікпен  сыйғыза 

білген, яғни осы тұрғыдан алғанда дидактикалық жанрларының бай екені даусыз. Бұл асыл 

қазынаның оқу - тәрбие үрдісіндегі мәні зор. Осылай ғасырлар бойы жалғасып, көнеден келе 

жатқан көптеген макал-мәтелдердің өз алдына, аңызға айналған, тарихи мазмұны баршылық. 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1.



 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 

//Егемен Қазақстан, 2003, 26 желтоқсан. 

2.

 



Байтұрсынов А. Ақ жол. - Алматы: Жалын, 1991. 

3.

 



Жұмабаев М. Педагогика. –Алматы: Ана тілі, 1992, -160 б. 

4.

 



Алтынсарин Ы. Таңдамалы шығармалар. –Алматы: ҚазССР Ғылым академиясы, 1955, -

415 б.


 

 

 



ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН СЫН ТҰРҒЫСЫНАН 

ОЙЛАУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ АРҚЫЛЫ ДАМЫТУ 

 

Мурат Жупар Мураткызы 



Қарағанды қ., «№64 негізгі орта мектебі» КММ

 

 



Қарқынды дамып келе жатқан қазіргі заманда ең озық әдістерді дер кезінде игеру, іздену 

арқылы бала бойына дарыту, одан өнімді нәтиже шығара білу – әрбір ұстаздың басты міндеті. 

Бәрімізді қазіргі уақытта алаңдататын басты мәселе – болашақ ұрпақтың сапалы білім алуы. 

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Білімді, сауатты адамдар - бұл ХХІ ғасырда адамзат дамуының 

негізгі  қозғаушы  күші»  деуінің  өзі  –  жас  ұрпаққа  үлкен  үміт  артқанының  белгісі.  Бүгінгі 

таңдағы  оқыту  үрдісі  жаңа  әдіс-тәсілдерді,  жаңаша  идеяларды  қолдануды  талап  етеді. 

Сондықтан қазіргі  заман көшіне ілесу үшін әр мұғалім өз білімін жетілдіріп отыруы қажет.  

«Мен шәкірттерімді ешқашанда үйретпеймін, мен тек олардың үйренуіне тиімді жағдай 

жасауға тырысамын»,  - деген А.Эйнштейннің асыл сөзі менің сындарлы оқыту  теориясын 

оқып-үйреніп келгеннен кейінгі ұстаздық жолымда негізгі ұстанымыма айналды. Сындарлы 

оқытудың мені қатты қызықтырған тұсы – оқушының өзі ізденуі, өз ісін дәлелдей білуі. Ол 

бұрын тек тыңдаушы болса, енді ізденуші, ойланушы, өз ойын дәлелдеуші, ал мұғалім іс-

әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы. «Балаға күштеп білім беруден гөрі, баланың білімге 

деген құштарлығын ояту ең маңызды мақсат», - деп К.Д.Ушинский айтқандай, баланың білім 

алуға  деген  құштарлығын  ояту  үшін  қазіргі  заманда  мұғалім  көп  ізденіп,  сабақтың  тиімді 

өтуіне  жұмыс  жасауы  қажет.  Білім  сапасы  оқушының  білімге  деген  құштарлығы  мен 

қызығушылығына тікелей байланысты.  

Орыс  тілінде  оқытатын  мектептерде  қазақ  тілін  үйретудің  ең  ұтымды  жолы  – 

оқушылардың тілді оқып-үйренуін нәтижелі ұйымдастыра білу. Оқушыларды алдымен тілді 

үйренуге  қызықтыра  білу  керек.  Әр  сабақ  сайын  тілдегі  сөздік  қорларын  көбейтіп  келе 

жатқандығын  оқушы  өздігінен  сезіп  отырғанда  ғана  ол  сөздерден  сөйлем  құрылымдарын 

құрастырып, бір-бірімен сөйлесуге, тілдік қатынасқа түсуге ынталануы  мүмкін. Қазақ тілі 

сабақтарын өткізу үшін мұғалім алдымен әр баланың есте сақтау, ойлау, зейін қоя тыңдау 


739 

 

739 



 

қабілеттерін жақсы біліп, тілді оқып-үйрену кезіңдегі белсенділігіне назар аударып отыруы 

керек. Осы тұрғыдан алғанда сын тұрғысынан ойлаудың алатын орны ерекше.  

 

Сын  тұрғысынан  ойлау  әдісі  оқушының  еркін  сөйлеуіне,  өз  пікірін  айтуға, 



достарының  ойын  тыңдауға,  жағдаяттарды  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты 

шешуге  бағытталған  өте  тиімді  технология.  Сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  -  ой  қозғай 

отырып,  оқушының  өз  ойымен  өзгелердің  ойына  сыни  қарап,  естіген-білгенін  талдап, 

салыстырып,  білмегенін  өзі  зерттеп,  дәлелдеп,  өз  бетімен  және  бірлесіп  шығармашылық 

жұмыс жасау. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты 

айырмашылығы – оқушыға білімнің дайын күйінде берілмеуі.  «Не істеу керектігін» нақты 

жағдайда  көрсетпей,  мұғалімнің  шеберлігі  арқылы  оқушының  өзінің  шығармашылық 

ойлауын,  білімге  қызығушылығын  ояту,  шешім  қабылдауға  үйрету,  жауапкершілігін 

арттыру.  Себебі,  сабақтағы  басты  тұлға,  басты  кейіпкер  -  оқушы.  Сондықтан  оқушының 

бойына  өз  бетімен  білім  алу,  ол  үшін  іздену,  терең  ойлау,  зерттеу  дағдыларын 

қалыптастыруға ықпал ету қажет.  

Жалпы  сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  мақсаты  үш  кезеңнен  тұрады.  Олар: 

қызығушылықты  ояту,  мағынаны  тану,  ой  толғаныс  кезеңдері.  Оқушыларды  ойлауға 

үйретуде,  тілдерін  дамытуда  «Бес  жолды  өлең»,  INSERT,  «Семантикалық  карта», 

«Хронологиялық  кесте»,  «Болжам»,  «Венн  диаграммасы»,  «РАФТ»,  «Ойланудың  алты 

қалпағы», «Ыстық орындық» және т.б. стратегиялардың тиімді де ұтымды жақтары өте көп.  

Әрбір сабаққа жоспар құрар алдында алдымен: «Менің оқушыларым не істей алады?» - 

деп ойланып аламын. Сабақ жоспарын оқушылардың өз беттерімен меңгеруіне ыңғайлы етіп 

және  олардың  жас  ерекшеліктерін  ескере  отырып  құрамын.  Сондықтан  да  сабақта 

қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан 

басталады.  Осы  кезеңге  қызмет  ететін  “Миға  шабуыл”,  “Түртіп  алу”,  “Ойлану”,  “Жұпта 

талқылау”,  “Болжау”,  “Әлемді  шарлау”  және  т.б.  стратегияларды  қолданамын. 

Қызығушылықты оятудың мақсаты – оқушының белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену  – 

енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске 

түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Осылайша шыңдалған 

ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат 

жинап, оны алдыңғы алған білімімен ұштастырады. Сабақтың екінші кезеңі мағынаны тани 

білу  сатысы.  Бұл  кезеңде  оқушы  жаңа  ақпаратпен  танысады,  тақырып  бойынша  жұмыс 

істейді,  тапсырмалар  орындайды.  Оның  өз  бетімен  жұмыс  жасап,  белсенділік  көрсетуіне 

жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту 

стратегиялары  бар.  Солардың  бірі  өзім  көп  қолданып  жүрген  INSERT  стратегиясы.  Ол 

бойынша  оқушыға  оқу,  тақырыппен  танысу  барысында  V  -  “білемін”,  -  -  “мен  үшін 

түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырды” белгілерін қойып отырып 

оқу  тапсырылады.  INSERT  –  оқығанын  түсінуге,  өз  ойына  басшылық  ете  отырып,  ойын 

білдіруге үйрететін ұтымды әдіс. 

Сабақтың  үшінші  кезеңі  ой  толғаныс  сатысы.  Бұл  кезеңде  жаңа  алған  білімді 

айқындайтын және ұштайтын деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу 

керек:  


 

оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу; 



 

өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу;  



 

болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу; 



 

жаңадан  пайда  болған  жағдайларды  тез  түсінуде  осы  білімді  қолдану  [1].  Мысалы, 



орыс  мектебіндегі  6  сыныпта  Ә.Тәжібаевтың  «Толағай»  әдеби  ертегісін  өткен  кезде 

оқушыларды төрт топқа бөліп, әр топқа мынадай тапсырмалар берілді.

 

І топқа «Ерекше өскен 



740 

 

740 



 

Толағай», яғни Толағайдың басқа балалардан ерекшелігін сипаттау берілсе, ІІ топқа «Әкесін 

өлімнен құтқаруы», яғни жолбарыспен айқасын суреттеу тапсырылды, ал ІІІ топ «Елі үшін 

құрбан болған Толағай», яғни Толағайдың елі үшін жасаған ерлігін суреттеуді еншілесе, ІV 

топ «Егер мен автор болсам...», яғни егер сендер автор болсаңдар әдеби ертегіні қалай аяқтар 

едіңдер деген тапсырма берілді. Оқушыларым топта бір-бірімен диалогтік қарым-қатынасқа 

түсе отырып, тапсырманы сәтті орындап шықты және өздерінің жасаған жұмыстарын қорғай 

білді. Төмендегі суреттер осы тапсырманың нәтижесі.   

 

 

 



 

 

  



 

 

Сын тұрғысынан ойлау  - бұл  кез-келген мазмұнды сынау емес, оны зерттеу, бақылау, 



талдау,  әртүрлі  стратегиялар  арқылы  өзінің  ойлау  негіздерін  сыни  тұрғыда  дамыту.  Жаңа 

технологияның арқасында оқушының белсенділігі артып, жан-жақты талдауға, ойын ашық 

айтуға,  оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауға  үйренеді.  Осындай  жұмыстардың 

нәтижесінде  бүгінгі  күн  талабына  сай  сауатты,  білімді  оқушылар  тәрбиелеуге  болады.  Ол 

үшін мұғалім көп ізденіп, көп оқып, ізденіс үстінде болу керек. Нағыз өз ісінің шебері ғана 

жоғары  жетістіктерге  ие  бола  алады.  Ал  білікті  маман  болу  үшін  көп  ізденіс  керек.  Әр 

оқушының  жүрегіне  жол  тауып,  оларды  білімге  қызықтыру  -  біздің  міндетіміз.  Әр 

технологияны қолдану арқылы белгілі бір жетістіктерге жетеміз. Мұндай технологияларды 

қолдану кезінде біріншіден, оқытушы ұтады,  яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыра  алады, 

оқушының  пәнге  деген  қызығушылығын  оятады,  екіншіден,  оқушы  ұтады,  себебі  оның 

тақырып  бойынша  танымы  кеңейді.  Осылайша  білім  берудің  қалыптасқан  әдістемесіне 

оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы арта түспек деп 

ойлаймын. 

 

Пайдаланылған әдебиет:  



1. Мирсеитова С. Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде: оқушылардың сын 

тұрғысынан ойлауын дамыту нысандары мен әдістері – Қарағанды: 2011. – 201 б.  

 

 



1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   134


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал