Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары Жоспар



жүктеу 83.63 Kb.
бет9/12
Дата22.09.2022
өлшемі83.63 Kb.
#21403
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Тема №1.1. Қазіргі білім және оның ...ЛК, ПЗ,СРСП. . Берикханова А.Е. от 24.08.22.
Үздіксіз білім беру үрдісі. Білім шексіз, білім алу бір қысқа мерзімді үрдіс емес, керісінше, адам өмір бойы білімін жетілдіріп, танымын тереңдете беруі керек. Қазіргі ақпараттық заманда білім тез-ақ ескіріп қалатыны айқын байқалуда. Осыған байланысты әр адам жинақтаған білімін үнемі жан-жақты толықтырып, жаңартып отыруы қажет. Сондықтан қазіргі кезде «қосымша білім беру», «үздіксіз білім беру», «маманның кәсіби біліктілігін жетілдіру», «өз бетінше білім алу», «дистанциялық білім беру» ұғымдары психологиялық-педагогикалық, әлеуметтік әдебиеттер мен мерзімді педагогикалық басылымдарда өте жиі талқылануда.

  • Білім беруді гуманизациялау үрдісі. Білім беруді гуманизациялаудың басты идеясы – адам тұлғасының құндылығын жоғарлату, адам – барлық іс-әрекеттер өлшемі, адами фактордың сапасын жақсарту мәселесі өзектенуде. Педагогикалық сөздікте гуманизм - адам тұлғасын ең жоғарғы құндылық ретінде қабылдауға негізделген көзқарастар жиынтығы; тұлғаның құқығы мен бостандығын қорғауға бағытталған және тұлғаның жан-жақты дамуын қарастыратын ілім ретінде түсіндіріледі. Гуманизм – адамның өмірлік ұстанымы, оның қағидалары адамның адами қасиеттерін сақтап, оны тек жағымды, жақсы ізгі істерге бағыттайды. Қазіргі жаһандану заманында білім беру саласының да жетекші идеясы, жоғарғы гуманистік мәні - әр бала тұлғасын ең жоғары құндылық ретінде қарастыруында. Сондықтан оқыту-тәрбиелеу процесін ізгілендіру мәселесіне басты назар аударылуы қажет

  • Білім берудегі дарындылықты дамыту идеялары. Әлемдік білім беру тәжірибесінде оқушылардың арасынан аса дарынды, талантты балалармен жұмыс істеу, олардың дамуына қолдау көрсету мәселелері ерекше назарға ие. Осындай оқушыларды оқытудың өзіндік тұжырымдамасы негізінде арнайы мекемелер жұмыс істейді. Қазақстанда дарынды балаларға арналған мектептер тәжірибесінде барлық балалар бірдей емес, бірақ әр баланың ерекше байқалатын дарыны болуы мүмкін. Сондықтан әр баланың шығармашылығын, дарындылығын одан әрі дамыту жолдары жан-жақты зерттелуде.


  • жүктеу 83.63 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
  • 1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




    ©emirb.org 2022
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет