Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары Жоспар


Интеллектуалды әлеуетті дамыту маңызы



жүктеу 83.63 Kb.
бет8/12
Дата22.09.2022
өлшемі83.63 Kb.
#21403
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Тема №1.1. Қазіргі білім және оның ...ЛК, ПЗ,СРСП. . Берикханова А.Е. от 24.08.22.
Интеллектуалды әлеуетті дамыту маңызы. Адамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту заманымыздың ең қажетті талаптарының біріне айналуда. Барлық дамыған мемлекеттердің ұтымды басымдықтарының бірі ретінде қоғамның интеллектуалды әлеуетін дамыту мәселесімен байланыстырады. Интеллектуалды әлеуетті дамытудың іргетасы – білім беру саласы. Сапалы білім беру арқылы мамандар мемлекеттің экономикасын, ғылымы мен мәдениетін дамытатын негізгі қозғаушы күшке айналады.

Осындай ауқымды факторлардың ықпалынан дүниежүзлік білім беру жүйесінің негізгі даму тенденциялары айқындала түсті:

  1. Білім беру – ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдылық. Дүниежүзілік деңгейде білім беру мемлекет дамуының негізгі басымдықтарына ауысуда. Әр мемлекет өз азаматтары үшін білім беруді жан-жақты қамтуға тырысады, себебі онсыз қоғам дамуында көп қиындықтар туындауы мүмкін. Барлық азаматтар білім алуға құқылы және білімдерін жетілдіру арқылы ғылымның, экономиканың, өндірістік саланың, техниканың дамуына өз үлестерін қоса алады.

  2. Білім беру үрдісінің жалпы әлемдік стандарттарға сәйкестендірілуі. Қазақстан Республикасы орталық Азиядағы Болон үрдісiне бірінші мүше болған мемлекет болып табылады. 2010 жылы Қазақстан Республикасы тұңғыш рет әлемнің 47 елдерімен қатар жоғары бiлiмнің Болондық үрдісіне қатысушы елдердің министрлері комитетінің шешімімен Болон декларациясына қол қойылған күн және жоғары бiлiмнiң Еуропалық кеңiстiгiнiң толық құқықты қатысушысы болып табылды. Болон процесiне қатысудағы мақсат - еуропалық бiлiмге бару жолын кеңейту, оның сапасының одан әрi жоғарылату, білім берудің несиелік жүйесін қолдану, студенттер мен оқытушылық құрамның мобильділігін жоғарылату және де Қазақстандық ЖОО-ның бітіруші түлектерiне еуропа аралық білім стандартына сай диплом беру болып табылады.

  3. Жаһандану әсерінен отандық білім беру жүйелерінің әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірілуі. Әлемдік білім беру кеңістігін не құрайды? Оның құрамына мақсаттары, міндеттері, мәдени салт-дәстүрлері, философиялық негіздері бойынша ерекшеленетін ұлттық білім беру жүйелері кіреді. Осындай әр түрлі білім беру жүйелерінің өзара байланыстары, әрекеттестіктері әр адамның дүниетанымының кеңеюіне, рухани тұрғыдан баюына, мәдениетінің қалыптасуына септігін тигізіп, өздерін әлемдік білім беру кеңістігінің бір бөлігі ретінде сезіне алуларына мүмкіндік тудырады.


  4. жүктеу 83.63 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет