Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары Жоспар


Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар және білім берудің даму тенденциялары



жүктеу 83.63 Kb.
бет7/12
Дата22.09.2022
өлшемі83.63 Kb.
#21403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тема №1.1. Қазіргі білім және оның ...ЛК, ПЗ,СРСП. . Берикханова А.Е. от 24.08.22.
Білім беру саласындағы өзгерістерге әсер ететін факторлар және білім берудің даму тенденциялары. Білім беру феномені ХХІ ғасырдағы стратегиялық басымдықтардың біріне айналу себебі оның әлеуметтік мәнінің өзектенуімен айқындалып, білім беру жүйесінде үздіксіз реформалар енгізілу үстінде. Енді осы өзгерістерді туындататын негізгі факторларды қарастырып өтейік.

1) Жаһандану. Бүкіл дүниежүзілік деңгейде мемлекеттердің өзара ықпалдасуына әсерін тигізіп тұрған жаһандану үрдісі адамдардың планета көлемінде көрініс тауып отырған экологияның бүлінуі, су ресурстары үшін күрес, ғаламдық жылыну қаупі, мемлекеттер мен құрлықтардың экономикалық даму деңгейлеріндегі үлкен айырмашылықтар, ядролық қару зардаптары, саяси тұрақсыздық және терроризм секілді ауқымды мәселелерді шешу әлемдік қауымдастықтың бірлесе әрекеттесуін қажет етеді.
Үшінші мыңжылдық басында жаһандану салдарынан мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдасу үдерістері күшейе тусті. Жаһандану үрдісі халықаралық экономикалық серіктестіктің жаңа қалыптары, ақпарат ағымының күшеюі, өзге мәдениет тәжірибесін игеру, жаңашылдық пен жаңару қажеттілігі есебінен кең қанат жаюда. Жаһанданудың ағымына қарай, әр мемлекет өзінің экономикалық даму жолын, әлеуметтік инвестицияларын, ғылым мен мәдениетін, білім беру жүйесін және т.б. үнемі бәсекеге қабілетті, заман талабына сай жауап бере алу талабына қарай белгілейді.
Ағылшын тілінен аударғанда «жаһандану» сөзі «әлемдік», «жалпы», «бәрін қамтушы» мәнін білдіреді. Жаһандануды әрі дүниежүзілік кеңістікке ену, әрі әлемдік қарым-қатынасқа көпұлтты қауымдастықтардың кіруі ретінде түсіндіруге болады. Сонымен, жаһандану – қарқынды өсіп жатқан дүниежүзілік дәрежедегі факторлардың жеке мемлекеттердегі шынайы әлеуметтік жағдайларға ықпал ету үрдісі. Қосымша жаһандануды «әлемдік кеңістікте ақпарат, тауарлар, қызметтер, капитал еркін қозғалатын, тұтас кеңістікке айналуы» ретінде де қарастыруға болады.
Жаһандануды жаңа дәуірдің жаңа белгісі ретінде әртүрлі үлттық, діни, саяси мүдделердің кірігуі мен бірлесуі, мәдениет пен өркениеттердің ықпалдасуы деп қарастырған жөн. Жаһандану үрдісінің өрістенуіндегі маңызды орын қазіргі кезде жалпы адамзаттық құндылық сипатын иеленген Батыс пен Шығыс диалогына тиесілі. Қазақстан болса Еуропа мен Азия арасындағы байланыстырушы көпір, еуропалық және шығыс мәдениеттерінің тоғысуында әлемдік дамыған елдер қатарына енуді басты мақсат ретінде көздеп отыр.

  1. Қазіргі заманда ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы негізінде адамдардың тұрғылықты жерінің аумағынан аспай-ақ алыстағы қажетті ақпараттарға қол жеткізу мүмкіндіктері көбейді. Дәлірек айтсақ, бұрынғы кезде басқа елдің адамдарымен тек хат, телеграмма және т.б. арқылы қатынаса алса, қазір адамдардың қарым-қатынасы уақытпен де, кеңістікпен де еш шектелмеген. Электронды техника мен телекоммуникация желілерінің on-line форматтарының дамуы арқасында қазіргі адамға жер шарының кез келген нүктесіндегі адамдармен байланысу мүмкіндіктері кеңінен ашылған. Ақпараттандыру үрдісі әр адамды әлемдік қауымдастықтың бөлшегі екенін сезіндіріп, объективті шындық шегінің кеңейгенін ұғындырды.

Жастардың санасына ықпалы жағынан маңызды орын Интернет кеңістігінде болып жатқан құбылыстарға тиесілі. Шығармашылық әлеуеті бар бағдарлама, тележоба, мерзімді басылымдармен қатар Интернет желісінде жастар мен жасөспірімдер санасына кері әсерін тигізетін, зорлық-зомбылық, залымдық пен азғындықты дәріптейтін ақпараттар да аз емес. Осыған байланысты жастарға жағымсыз әсер ететін ақпараттарға тосқауыл бола алатын жүйелер орнату қажеттілігімен қатар әр адам үшін бұл жамандықтан шектеу қызметін рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтары атқара алатынын атап өту маңызды. Әр адамды жаман қылықтардан сақтайтын оның санасы мен рухани әлемінің діңгектері болып саналатын ар-намысы, жауапкершілігі.
Қоғамның ақпараттану үрдісі компютерлік және телекоммуникациялық жетістіктер арқасында, жылдам дамып, жер беті халқының басым бөлігін қамтуда. Сол себепті БАҚ қазіргі заман жастарының дүниетанымын қалыптастырып, ұлттық және адамзатқа ортақ құндылықтарды дарытатын қуатты факторлардың бірі.
ХХІ ғасырды ақпараттық ғасыры дейді, өйткені теле- және радиотехника жаңарып, бағдарламалардың сапасы өзгеріп, телеарналардың саны артуда. Отандық телехабар тарату арналарында, ұлттық және этникалық мәдениттердің ерекшеліктеріне көрермендердің назарын аудартатын, халық арасында көпмәдениеттіліктің дамуына ықпал ететін мемлекеттік тіл, ұлтаралық қатынас және шет тілдеріндегі бағдарламалар көбейді.
Теледидар, радио, баспа, интернет, жарнама адамның санасы, тұлғасы, дүниетанымы мен сенімін қалыптастыру көзіне айналған. Желілік ортаның жастарға рухани ілім, адамгерішілік және патриоттық тәрбие беру мүмкіндіктері өте шектеулі түрде қолданысқа еніп жатқанын мойындауымыз керек. Ғылыми техникалық ілгерілеудің өзге де жетістіктері секілді, интернет-орта құлдырау үрдісінің тіршілік мекеніне айналды, кейде шынайы өмірде көрініс табады. Интернеттің қазіргі жастар санасына ықпалын ерекше атап кеткен жөн, себебі жастар ғаламдық желіні пайдаланатын негізгі аудитория. Дәл осы жастар категориясында Интернет-тәуелділік мәселесі өзекті орында, және көптеген психолог дәрігерлер мұны психологиялық тәуелділік, қажетті нормадан ауытқу ретінде атап көрсетеді. Жастарды әлеуметтендіру мен жастарға ұлттық тәрбие беруде мегафакторлардың орны мен рөлін, білім берудің мақсаты, міндеті мен мазмұнын анықтаған кезде есепке алу қажет.

  1. Әлемдік өркениеттің дамуында гуманистік қағидалардың өзектенуі. Дүниежүзі бойынша байқалып отырған экономикалық дағдарыстар мен қатар адамдар арасындағы рухани-адамгершілік дағдарысының белең алуы қоғамды ізгілендіру мәселесін күшейте түсті. Бұл мәселе адамдардың білімділігімен, олардың кәсіби құзіреттілігімен, адами құндылықтарымен тығыз байланыста қарастырылуда. Қоғамның бәсекеге қабілеттілігі оның адами капиталының сапасына тікелей байланысты.


  2. жүктеу 83.63 Kb.

    Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет