Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары Жоспар


Білім беру - үрдіс және іс-әрекет ретінде



жүктеу 83.63 Kb.
бет4/12
Дата22.09.2022
өлшемі83.63 Kb.
#21403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тема №1.1. Қазіргі білім және оның ...ЛК, ПЗ,СРСП. . Берикханова А.Е. от 24.08.22.
Білім беру - үрдіс және іс-әрекет ретінде. Білім берудің мәні – мақсаттан нәтижеге қарай жылжу үрдісі. Үрдіс деген сөздің өзі латын тілінен аударғанда (processus – қозғалу, жылжу) – бір нәрсенің дамуындағы құбылыстардың, жағдайлардың біртіндеп өзгеруі; қандай болмасын нәтижеге қол жеткізудегі іс-қимылдар жиынтығы деген мағынаны білдіреді.
Білім беру – педагог пен оқушы, студент арасындағы қарым-қатынас үрдісі. Бұл үрдіс барысында оқушы немесе студент оқу, тәрбие, даму үрдістеріне жан-жақты белсенді қатысып педагогикалық қарым-қатынастың субъектісіне айналады. Білім беру барысында педагог пен оқушы арасында ғана емес, оқушылардың, студенттердің өзара біріккен әрекеттері де нығая түседі. Аталып отырған педагогикалық үрдіс көптеген білім беру құралдары (оқу, әдістемелік мәтіндер, көрнекілік құралдар, компьютерлер, аудио-видеоқұралдар, қашықтықтан оқыту аппараттары т.б.) арқылы арнайы ұйымдастырылған (жеке, топтық, ұжымдық) түрде жүргізіледі.
Білім беру үрдісі үнемі мақсатқа және күтілетін нәтижелерге бағытталған. Осы тұрғыдан білім беру үрдісін технологияландырылған үрдіс деп те сипаттауға болады, себебі педагогикалық технологияларда өзара сабақтасқан шағын және жалпы мақсаттарға жетудің нақты қадамдары, кезеңдері, сатылары анықталады.
Білім беру үрдісі – мұғалімнен, оқытушыдан балаға, студентке оқу ақпараттарын жеткізу арнасы. Сондықтан қазіргі кезде білім беру саласында ақпараттық технологиялар да өте кең таралуда.
Білім беру үрдісіндегі көптеген мәселелердің шешімдердің табыстылығы педагогтың іс-әрекетіне тікелей тәуелді. Тіпті әрбір сабақтың өтілуі де мұғалімнің кәсіби-шығармашылық деңгейіне, талпынысына, әдістемелік шеберлігіне байланысты түрлі нәтиже көрсетеді. Мұғалімнің іс-әрекеті үздіксіз шығармашылық үрдіс. Ол балалармен үнемі ынтымақтастықта жұмыс істеуге әрекет жасайды. Осы бірлескен белсенді танымдық іс-әрекет барысында білім алушыларды табысқа жетуге бейімдей алу педагогикалық маңызы зор мәселе, себебі көп жағдайларда сабаққа қатысып отырған қаншама оқушылар арасында кейбіреулері ғана жетістіктерге қол жеткізулері мүмкін.
Білім беруді үрдіс және іс-әрекет ретінде жекеше қарастырудың себебі оның көздеген мақсаты мен күтілетін нәтижелерінің арасындағы қадамдардың қаншалықты белсенді, қаншалықты қозғаушы күш екендігімен байланысты анықталмақ.
Мысалы, білім беруде мұғалім алдына мақсат қояды, бірақ сол мақсатқа жетуде оқытудың түрлерін, құралдарын, әдістерін, тәсілдерін дұрыс таңдай білмесе, күтілетін нәтижеге қол жеткізе алмауы ықтимал. Бұл жерде білім беру үрдісіне қатысатын субъектілердің (мұғалім, оқушы) іс-әрекеттерінің дұрыс ұйымдастырылуы маңызды. Демек білім беру барысында оқушы да, мұғалім де белсенді іс-әрекеттік позицияда болулары керек.

жүктеу 83.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет