Қазіргі замандағы білім беру және оның даму тенденциялары Жоспар



жүктеу 83.63 Kb.
бет2/12
Дата22.09.2022
өлшемі83.63 Kb.
#21403
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Тема №1.1. Қазіргі білім және оның ...ЛК, ПЗ,СРСП. . Берикханова А.Е. от 24.08.22.
Білім беру философиясы. Білім беру ұғымының ауқымы кеңейген сайын, оның мазмұны да жан-жақты зерттеле бастады. Білім берудің әлеуметтік мәнін ашуда «білім беру философиясы» деген ұғым кеңінен талқылануда.

Білім беру философиясы көптеген сұрақтарға жауаптар іздестіреді. Қазіргі қоғамдағы жеке тұлғаның алатын орны қандай? Адамзаттың маңызды мәселелерін шешудегі білім берудің әлеуметтік мәні неде? Қазіргі кездегі білім беру саласы, оның даму бағыттары қандай? Білім беру құрылымы болашақта қандай болуы керек? Білім берудің қазіргі жағдайы қанағаттанарлық па? Осындай сұрақтардың барлығы білім беру нәтижелерінің қаншалықты өмір талабы мен әлеуметтік сұранысқа сәйкес келетінін айқындауға бағыттала отырып, білім беру философиясының зерттеу аясын анықтайды.
Философия ғылымының заңдары көптеген құбылыстарды зерттеуде, оларды танып білуде, түсіндіруде кеңінен қолданылады. Осыған байланысты білім беру саласындағы көптеген мәселелерді философиялық тұрғыдан түсіндіру көзқарастары ерекше жүйе ретінде қалыптасқан.
Білім беру философиясын жан-жақты зерттеген ғалымдар В.В.Краевский, Б.Л.Вульфсон, В.В.Кумарин, Б.С. Гершунский т.б. болған. Білім беру философиясы үш тұрғыдан қарастырылады:

  1. Білім беру философиясы – қолданбалы философия ретінде қарастырылады. Бұл тұрғыдан білім беру саласының даму заңдылықтарын негіздеу үшін жалпы философиялық қағидаларды қолдану жеткілікті деп есептелінеді.

  2. Білім беру философиясының мазмұны педагогика ғылымының теориялық-әдіснамалық мәселелерімен сәйкестендіріледі.

  3. Білім беру философиясы дербес ғылыми білімдер саласы, оның негізін тек білім беруге қатысты жалпы философиялық ілімдер ғана емес, білім берудің барлық аспектілерінің қызметтерін қамтитын жеке шынайы даму заңдылықтары құрайды.

Білім беру философиясының біртұтас нысанасы (объектісі) - барлық құндылықтық, жүйелілік, іс-әрекеттік, нәтижелік сипаттағы білім беру үрдісі. Білім беру философиясының зерттеу пәні – білім беруге қатысты пәнаралық теориялар, заңдар, заңдылықтар, категориялар, ұғымдар, терминдер, принциптер, постулаттар, ережелер, әдістер, болжамдар, идеялар, фактілер.
Б.С. Гершунскийдің пайымдауынша «білім беру философиясының мәні – білім беруге бетбұрыс алған философия», немесе «білім беру іс-әрекетінің барлық аспектілерінің өзіндік ғылыми парадигмасы».
Қазіргі қоғам дамуындағы саяси, әлеуметтік, мәдени өзгерістер білім беру саласына тікелей әсерін тигізіп, оның маңыздылығын арттыра түсті. Білім беру ұғымының күрделілігі, көпжақтылығы оны жан-жақты қарастыруды қажет етеді. Білім беру философиясының белгілі теоретигі Б.С. Гершунский білім беру ұғымын 4 аспектіде қарастыруға болатынын атап көрсетеді:

  • білім беру құндылық ретінде;

  • білім беру жүйе ретінде;

  • білім беру үрдіс және іс-әрекет ретінде;

  • білім беру нәтиже ретінде.



Сурет 1. – Білім беру ұғымының 4 негізгі аспектілері

Білім беру неліктен құндылық ретінде қарастырылуы қажет? Әуелі құндылық дегеніміз не? Құндылық – кез келген индивид, топ, ұжым, этнос, т.б. үшін өмірлік маңызы жоғары материалдық немесе рухани нысаналар. Құндылықтар әр ұлт үшін немесе жалпы адамзат үшін маңыздылығына байланысты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар деп ажыратылып қарастырылады. Әр ұлт үшін не құнды? Әрине, ол ұлттық тіл, мәдениет, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар, ұлт тарихы, т.б. Ұлттық құндылықтарды меңгеру негізінде адам санасында жалпыадамзаттық құндылықтарға деген көзқарастар қалыптасады. Олардың қатарына барлық адамдарға ортақ, ұлттық және нәсілдік айырмашылықтарына қарамастан маңызды болып есептелетін құнды нысаналар жатады. Мысалы: адамның өмірі, денсаулығы, бас бостандығы, адамгершілігі, қадір-қасиеттері, білімі, т.б. Адам санасында аталған құндылықтарға деген көзқарас білім беру жүйесі арқылы қалыптасатыны анық. Білім беру мекемелерінде алған білімдері мен тәрбиесі арқылы әр адам әлеуметтік қатынастарға бейімделіп, қоғамда өз орнын табуға мүмкіндік алады. Сондықтан да білім беру немесе әр жеке тұлға үшін білім алу үлкен құндылық болып есептеледі.


Білім берудің құндылықтық сипаты үш тұрғыдан қарастырылады.

  1. Білім беру мемлекетік құндылық;

  2. Білім беру қоғамдық құндылық;

  3. Білім беру жеке тұлғалық құндылық.





Сурет 2. – Білім берудің құндылықтық сипаты.


Неліктен білім беру мемлекеттік құндылық болып саналады? Себебі кез келген мемлекеттің экономикасы, ғылыми-техникалық прогресі, саясаты, экономикалық, мәдени, интеллектуалдық, адамгершілік әлеуеті білім беру саласының нақты жағдайына және оның ілгері даму мүмкіндігіне байланысты бағаланады. Осы тұрғыдан әрбір өркениетті дамып келе жатқан мемлекет үшін білім беруді қарқынды дамыту – оның басты стратегиялық міндеттерінің біріне айналған.
Білім беру үнемі болашаққа бағытталғандықтан, оның мемлекеттік маңыздылығын күшейтуге арналған нақты материалдық және моральдық міндеттер мемлекет тарапынан қарастырылады. Білім беру саласы мемлекет тарапынан басқарылады, және толығымен мемлекет бақылауы мен қадағалауында болады. Сондықтан Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңы (2007) және басқа да білім беру саласын жетілдіруге арналған мемлекеттік бағдарламалар, тұжырымдамалар, нормативті құжаттарда білім беру саласындағы шоғырланған мәселелерді шешу жолдары мен жетілдіру реформалары қарастырылған.
Неліктен білім беру қоғамдық құндылық болып саналады? Мемлекет пен қоғам тең мағыналы ұғымдар емес, олардың өзара қатынасы өте күрделі болып келеді. Білім беруді дамытуда олардың мақсат, мүдделері сәйкес келе бермейді. Дамыған қоғам мемлекет тарапынан қабылданған қаулылардың орындалуын талап етеді, білім беру заңын талқылап өзгертулер енгізе алады. Қоғам мүшелері өзекті білім беру мәселелерін шешу үшін қоғамдық ұйымдар құрады және қозғалыстар ұйымдастырады. Қоғам мүшелерінің әлеуметтік белсенділігі, олардың өз мүдделерін қорғай алулары, қоғамдық сананың дұрыс қалыптасуы білім беруді дамытудың негізгі жолдарының бірі және оның қоғамдық маңыздылығының көрсеткіші.
Неліктен білім беру жеке тұлғалық құндылық болып саналады? Жоғарыда қарастырылып отырған білім берудің мемлекеттік және қоғамдық құндылықтары жалпы әлеуметтік мәселелерді қарастырады, бірақ жеке тұлғаның білім алуға деген өзіндік қатынасын, оның деңгейі мен сапасын толық ашып көрсетпейді. Б.С. Гершунскийдің пікірі бойынша білім беруді дамыту саясаты әр жеке адамның дербес ерекшеліктерін, оның қажеттіліктерін, қызығушылықтарын және қабілеттіліктерін ескере отырып тұлғалық бағытта жүргізілуі керек.
Әрине, білім беру үнемі ұжымдық сипатта болатыны анық. Бірақ сол ұжым ішінде әрбір адам өзінің дербестігін, даралығын, жеке «Мен»-жүйесін жоғалтып алмауы өзекті педагогикалық мәселе.
Қорыта келіп тұжырымдайтын болсақ, білім берудің құндылығы осы аталып көрсетілген мемлекеттік, қоғамдық, жеке тұлғалық құндылықтардың өзара үйлесімді және тығыз қатынаста болуын көздейді. Тек осындай құндылықтық негізде жүргізілетін білім беру барысында ғана әр тұлғаның жан-жақты дамуына, теориялық білімдерді меңгеруімен қатар өз бойында қажетті құзыреттіліктерді қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасалуы мүмкін.

жүктеу 83.63 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет