Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы



жүктеу 0.64 Mb.

бет6/6
Дата28.04.2017
өлшемі0.64 Mb.
1   2   3   4   5   6

V. Оқулықпен жұмыс. 

- Олай болса келесі отауларымызды аралайық. 

Төртінші отау - «Санамақтар» отауы. 

Оқушылар (хормен): Он саусақты  санап- ақ

 

 

 

Үйренеміз санамақ. 

Ата-бабамыздың  қалдырып  кеткен  мұраларының 

бірі-санамақ.  Кәне,  барлығымыз,  хормен  өзіміз  білетін 

«Оны тапшы, ай-күнім?» санамағын айтып жіберейік: 

Бірім - бір, 

Екім-екі, 

Үшім - үш, 

Төртім - төрт, 

Бесім -бес, 

Алтым- алты, 



 

72 


 

 

 



 

 

 



 

 

Жетім - жеті, 



Сегізім -сегіз, 

Тоғызым - тоғыз, 

Оным - он, 

Он бірім-  

Оны тапшы, ай-күнім? 

1 дегенің - білеу, 

2 дегенің - егеу

3 дегенің - үскі, 

4 дегенің - төсек, 

5 дегенің - бесік

6 дегенің - асық, 

7 дегенің - желке

8 дегенің - серке, 

9 дегенің - торқа

10 дегенің - оймақ, 

11 - қара жұмбақ 

-

 

Өте дұрыс. Сендер 1-ден 10-ға дейінгі санамақты өте 



жақсы  біледі  екенсіңдер,  яғни  10-ға  дейін  санауды 

жақсы 


меңгеріпсіңдер. 

Бүгін 


біз 

сендермен 

ондықтарды  да  жаңылмай  санауды  үйренеміз:  №4 

жаттығу. 

- Енді бесінші отау- «Ертегілер отауына» аяқ басайық. 

 Оқушылар (хормен):Аңыздар мен ертегі



 

 

 

Атам кешке шертеді. 

-

 



Балалар,  сендер  ертегі  білесіңдер  ғой.  Кәне,  қандай 

ертегілерді білесіңдер? 

-

 

Біз  өткен  сабағымызда  «Алтын  сақа»  ертегісімен 



танысқан болатынбыз. Бүгін осы «Алтын сақа» және 

«Шалқан» ертегілерінің кейіпкерлері - бізде қонақта. 

Қазақ халқы қонақжай, ешқашан қонағын ренжітпей, 

қонақ  келсе  -  құт  келеді  деп,  риза  қылып  жіберген. 



 

73 


 

 

 



 

 

 



 

 

Бұл қонақтарымыз жай келмепті, бізге тапсырма ала 



келіпті. Қонақтарды ренжітпеу үшін тапсырмаларын 

орындайық:  №5  жаттығу  (жаттығуды  орындау 



барысында  тәрбиелік  сәт  жүзеге  асырылып, 

оқушыларға еңбек тәрбиесі беріледі). 

-  Міне,  балалар,  «Көңілді  ойын»  отауына  да  келіп 

қалыппыз.. 

Оқушылар (хормен): Кел, балалар, келіңдер, 

 

 

 

Тамашаны көріңдер. 

 

 

 

Бізде қызық ойын бар, 

 

 

 

Барлығын ден қойыңдар. 

 

 

 

Ойнаңдар да, ойлаңдар, 

 

 

 

Думандатып тойлаңдар! 

-  Қазір  біз  ұлттық  ойын  «Хан  талапай»  ойынын  ойнаймыз. 

Ойынның шарты мынадай: 

-  Мен  қазір  мына  асықтарды  алдарыңа  шашамын. 

Бұл асықтардың әр қайсысының нөмірлері бар. Әр қатардан 

бір  оқушы  шығып,  асық  алады,  асықтың  нөмірі  менің 

қолымдағы  карточканың  нөмірімен  сәйкес  келеді.  Сол 

карточкадағы  сұраққа  ойланып,  жауап  бересіңдер.  Кәне 

бастайық! 

 

Талапай-ау, талапай, 



 

Табылды ойын алақай

 

Алшысынан асайық, 



 

Талапайға басайық,- деп асықтарды шашып жібереді. 

Әр қатардың оқушылары нөмір бойынша сұрақтарға жауап 

береді  (оқулықтағы шығармашылық тапсырма). 

 Сендер  тапсырманы  дұрыс  орындадыңдар.  Олай 

болса, басқа қандай асыл мұраларымыз бар екенін білу үшін 

келесі отауларды аралайық. 

 

 


 

74 


 

 

 



 

 

 



 

 

VІ. Жаңа материалды бекіту 

Жетінші отау: «Ата-баба дәстүрі» отауы. 

Оқушылар (хормен):     Ата-баба дәстүрін сүйеміз, 

 

 

 

    Көңілге оны түйеміз. 

-

 



Балалар, егер сендер қазір менің сұрақтарыма жауап 

берсеңдер,  мына  алдарында  тұрған  сиқырлы 

«Білгенге  -  маржан»  кітапшасы  ашылады.  Оның 

ішінде  сендерге  пайдалы,  құнды  дүниелер  бар. 

Ендеше кітапшаны ашамыз ба? 

-

 



Бүгін біз сабақта не үйрендік? 

-

 



Ондықтармен санауды үйрендік. 

-

 



3 ондық қандай сан? 7 ондық ше? 

-

 



Балалар, менің қолымда 4 бума, оған 1 бума қоссам, 

қанша  болады?  Кім  маған  осыны  математикалық 

тілде жазып көрсетеді? 

-

 



Ал  5  ондықтан  1  ондықты  азайтсақ,  неше  ондық 

шығады? Ол қандай сан? 

-

 

Сендер  сұрақтарға  өте  дұрыс  жауап  бердіңдер, 



ендеше кітапшаны ашып, оқиық: 

Жеті қат көк 

Ай 


Меркурий 

Шолпан 


Күн 

Марс 


Юпитер 

Сатурн. 


 

Жеті ғалам 

1.

 



Күншығыс 

2.

 



Күнбатыс 

3.

 



Түстік 

4.

 



Терістік 

5.

 



Аспан  -  жоғары 

ғалам 


6.

 

Жер - орта ғалам 



7.

 

Жер  асты  -  төменгі 



ғалам 

 

 



 

 

75 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Жеті қазына 

Ер жігіт 

Сұлу әйел 

Ақыл-білім 

Жүйрік ат 

Қыран бүркіт 

Берен Мылтық 

Жүйрік тазы 

 

Жеті ата 

Ата 

Әке 


Бала 

Немере 


Шөбере 

Шөпшек 


Немене. 

 

VІІ. Қорытынды.  

-

 

Сонымен  балалар,  біздің  бүгінгі  сабағымыз  қандай 



сабақ болды? (даналық сабағы). 

-

 



Біз  ата-бабаларымыздан  жеткен  қандай  асыл 

мұралармен таныстық? (мақал-мәтелдер, жұмбақтар, 

т.б.).  

-

 



Сендер  сабаққа  өте  белсене  қатыстыңдар.  Мұның 

өзін 


сендердің 

ата 


мұраларымызға 

деген 


құрметтерін,  сыйлы  қатынастарын  деп  білуге 

болады. 


VІІІ.  Үй тапсырмасын  беру.  Математикалық  ұғымдармен 

байланысты  мақал-мәтелдер,  жұмбақтар,  жаңылтпаштар 

және санамақтар жаттап келу. 

(Математика:  Жалпы  білім  беретін  мектептің  1-

сыныбына  арналған  оқулық  //  Т.Қ.Оспанов,  т.б.-

Алматы:Атамұра, 1997.- Б.120-121.) 



 

 


 

76 


 

 

 



 

 

 



 

 

МАТЕМАТИКАДАН ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАРДА 



ҚОЛДАНЫЛУҒА ҰСЫНЫЛАТЫН ҚОСЫМША 

МАТЕРИАЛДАР 

 

І. Дидактикалық ойындар 

 

1. «Ұшқыш» 

Дидактикалық  мақсаты:    Көп  таңбалы  сандарды  көбейту 

және бөлу тәсілдеріне жаттықтыру. 



Құрал – жабдықтар : Магнитті тақта, ұшақ суреті  

Мазмұны: Тақтада  үш топқа бөлініп жазылған өрнектер: 

 

1020;  1 025; 1030 



7 140:7 

3050; 3 060; 3 070   

9 210:3                       

8 025; 8 026; 8027; 

56 182:7 

 

        Әрбір өрнек астына ұшақ суреттерін жапсырып қояды, 



ал  үстіне  бірнеше  жауаптар  жазылған.  «Ұшқыш»  осы 

жауаптардың  біріне  қонады.  Берілген  нәтижесі  өрнекке 

жауап  дұрыс  келсе,  ұшқыш  бағыты  дұрыс  деп  есептеледі. 

Осылайша  дұрыс  жауапты  көп  тапқан  оқушы  «таңдаулы 

ұшқыш» болып шығады . 

 

2.



 

«Ғажайыптар алаңы» 

 

Дидактикалық  мақсаты:  оқушылардың    өрнектер  және 

оның мәнін табу туралы түсініктерін дамыта түсу 

Құрал  –  жабдықтар:  көп  таңбалы  сандармен  берілген 

өрнектер  жазылған  және  тура  ортасына  жылжымайтын        

тілше бекітілген айналмалы дөңгелек. 

 Мазмұны: 

Жүргізуші  дөңгелекті  айналдырады  да, 

тоқтағанда  тілшеге  сәйкес  келген  санды  өрнекті  оқуды, 

жазуды  және  оның  мәнін  табуды  ұсынады.  Мұны  тақтада 



 

77 


 

 

 



 

 

 



 

 

дұрыс  орындаған  оқушы  келесі  ойынға  дөңгелекті 



айналдырады.  Егер  ол  қате  жіберсе,  оның  қатесін  түзеген 

оқушы  айналдырады.  Ойын  осы  ретпен  әрі  қарай 

жалғастырыла береді. 

 

3.



 

«Аукцион» 

 

Дидактикалық  мақсаты:  сандық  теңдік,  сандық  теңсіздік,         

сандық  өрнек,  әріптік  өрнек  және  теңдеу  туралы 

түсініктерін дамыта түсу 

Құрал –жабдықтар:  тақта, бор. 

Мазмұны:  Аукцион  жүргізуші  «сандық  өрнек»  деп 

дауыстайды.  Әр  команда  мүшелері  сандық  өрнектердің 

мысалдарын  айта  бастайды.  Алдын-ала  тағайыңдалып 

қойған  сарапшылар  әр  командадан  түскен  мысалдарды 

тақтаға  жазып  тұрады.  Бір  минуттан  кейін  аукцион 

жүргізуші    «бір,  екі,  үш»-деп  дауыстайды.  Егер  ол  «үш» 

дегенше    ештеңе  айтылмаса,  онда:  «теңдеу»,  -дейді.  Енді 

команда мүшелері теңдеулердің мысалдарын айта бастайды, 

т.с.с. 

Ойын  5-6  минутқа  созылу  мүмкін.  Соңыңда 



сарапшылар  ойынның  қорытындысын  шығарады.  Мұнда 

мысалдардың  жалпы  саны,  оның  ішінде  дұрыстарының 

саны, қате мысалдардың саны ескеріліп, әр командаға ұпай 

беріліп, осы бойынша жеңімпаз  команда анықталды.  

 

4. «Геометриялық  эстафета»   

Дидактикалық  мақсаты:  оқушылардың  көпбұрыштарды 

еркін  сызу  және  оның  элементтерін  анықтау  дағдыларын 

қалыптастыру 

Құрал-жабдықтар: тақта, түрлі-түсті борлар,  сызғыш 


 

78 


 

 

 



 

 

 



 

 

Мазмұны:  Сынып  қатарлары  бойынша  үш  топқа  бөлініп, 

оларға:«Тақтада  кез-келген  бесбұрыш  сызып,  оның 

элементтерін  ажыратып  көрсетіңдер»  деген  тапсырма 

беріледі.  Осыған  сәйкес  алғашқы  үш  оқушы  тақтада  еркін   

өлшеммен бесбұрыштың  бір қабырғасын, келесі үш оқушы 

екінші қабырғасын, т.с.с. сызулары керек. Алтыншы оқушы  

оның  төбелерін  көкпен,  жетінші  оқушы  қабырғаларын 

қызылмен,  сегізінші  оқушы  бұрыштарын  жасылмен 

ажыратып көрсету керек. 



 

ІІ. Қазақ халқының ұлттық ойындары 

 

1. «Теңге алу» 

 

Дидактикалық мақсаты: бір таңбалы сандарды аттап 



ондықтан қосу тәсілдерін меңгерту. 

Құрал-жабдықтары: теңгенің модельдері. 

Мазмұны: мұғалім 1,3,5, теңге модельдерін оқушыларға 

таратып,  кез  келген  бір  оқушыны  теңгесімен  тақтаға 

шығарады  да,  ойын  ережесін  түсіндіреді.  Тақтаға  1-ші 

санды  толықтыратын  теңгелері  бар  оқушылар  шығып,  20 

теңгеге  жеткенше  толықтыру  керек.  Ал  қалған  оқушылар 

бақылаушылар  ролін  атқарады,  олар  мұғалімнің  қолын 

бұлғауы  бойынша,  егер  тапсырма  дұрыс  орындалса,  қол 

шапалақтайды, қате болса, қызыл дөңгелекті көтереді. 

Мысалы, мұғалім 3 теңгесі бар оқушыны шығарады да 

былай  дейді:  “3  теңгені  8  теңгеге  дейін  толықтырыңдар”. 

Тақтаға бес теңгесі бар оқушы шығады. Бақылаушылар қол 

соғады,  сосын  мұғалім  айтады:  “Кәне,  енді  10  теңгені 

алайық”.  Тақтаға  екі  1  теңгесі  бар  оқушылар  шығады. 

Бақылаушылар  қол  соғады.  Осылайша  20  теңгеге  дейін 



 

79 


 

 

 



 

 

 



 

 

толықтырады,  басқа  да  сандар  бойынша  ойынды 



жалғастыруға болады. 

 

 



2.

 

«Қасқыр мен қой» 

 

Дидактикалық мақсаты: 100 көлеміндегі сандарды қосу 

және азайту тәсілдерін меңгерту. 

Құрал-жабдықтары: Қой мен қасқырдың суреттері. 

Мазмұны:  тақтаға  есептеу  тәсілдерінің  жазбасы  орын 

тасталып жазылады: 46+20=/…+…/+20=/40+…/+…= 

Фланеграфқа қасқыр мен қойдың суреті жапсырылады. 

Олардың  әрқайсысы  цифрлар  ұстап  тұрады.  Балалар 

мысалда  қалдырып  кеткен  цифрларды  іздейді.  Егер  олар 

дұрыс  қойса,  онда  қой  жайлауға  жіберіледі,  ал  егер  дұрыс 

қойылмаса, онда қойды қасқыр жеп қояды. 

 

3. «Сақина тастау»  

 

Дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі қосу мен 



азайтудың кестелік жағдайын бекіту. 

Құрал-жабдық: сақина. 

Мазмұны:  бір  оқушы  сақинаны  алып,  сыныптағы  кез 

келген  оқушының  қолына  салады.  Сақинаны  алған  оқушы 

карточка  бойынша  20  көлеміндегі  сандарды  қосу  мен 

азайтуға  берілген  мысалды  тақтаға  шығарып,  сақинаны  өзі 

қалаған  оқушыға  салады.  Ойын  осылайша  жылдам  түрде 

жалғасады. 

 

 

 

 


 

80 


 

 

 



 

 

 



 

 

4.



 

«Қыз қуу» 

  

Дидактикалық мақсаты: есептеу дағдыларын қалып-

тастыру. 

Құрал-жабдықтар:  аттардың  модельдері  бекітілген 

жайлаудың суреті. 

Мазмұны:  Аттардың  арттарына  есептеу  дағдыларын 

қалыптастыруға берілген мысалдар жазылады. Қыз балалар 

мен  ер  балаларға  тең  үлестіріліп,  аттардың  модельдері 

таратылады.  Кім  мысалды  тез,  әрі  дұрыс  шығарса,  сол 

оқушы /қыз немесе ер бала/ бұл сайыста жеңіске жетеді. 

 

5. «Ақ серек, көк серек»  

 

Дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі ондықтан аттап 



қосу және азайту тәсілдерін меңгерту. 

Мазмұны:  бұл  ойынға  екі  қатардың  оқушылары 

қатысады. 1- қатардың оқушылары хормен: 

Ақ серек, көк серек

Бізден сізге кім керек,- деп сұрайды. 

Ал оған қарсы жақ : Ай керек-ау, ай керек

Айдың жүзі дөңгелек, 

Ақ серек пен көк серек

Тауып алдым бәйтерек, 

Сонау  отырған  Алмат  керек,-  деп  сол  оқушыға  бір 

таңбалы сандарды қосуға мысал  береді. Ол оның жауабын 

айту керек. Егер ол мысалды дұрыс шешсе, онда екінші жақ 

1  -  қатарға  тапсырма  береді,  ал  дұрыс  шешпесе,  1-қатар 

ойынды әрі қарай жалғастырады. 



 

 

 

 

81 


 

 

 



 

 

 



 

 

6.



 

«Балықшы» 

 

Дидактикалық мақсаты: екі таңбалы және бір таңбалы 

сандарды ондықтардан аттамай қосу және азайту тәсілдерін 

бекіту. 


Құрал-жабдықтары:  нөмірлер,  мысалдар  жазылған 

балықтар. 

Мазмұны:  мұғалім  оқушылар  арасынан  балықшылар 

тағайындап,  олардың  арасында  жарыс  өтетінін  айтады. 

Жарысқа  қатынасушыларға  нөмір  белгілері  таратылады, 

олар  оны  кеуделеріне  тағып  алады.  Өзен  бейнесі  салынған 

плакатқа 

мысалдар 

жазылған 

балық 


суреттері 

жапсырылады. Ойында кеудедегі нөмір балықты белгілейді, 

яғни  мысалдың  жауабы  балықшының  кеудесіндегі  нөмір 

белгісіне сәйкес келеді. Сондықтан  қай балықшы мысалды 

тез,  әрі  дұрыс  шешіп,  балықты  ұстаса,  сол  жеңіске  жетеді. 

Балықтардағы  мысалдар:  41+4,  32+7,  22+6,  52+4,  92+2. 

Кеудедегі нөмірлер: 45, 28, 56, 39, 94. 

 

7.



 

«Бәйге»  

 

Дидактикалық  мақсаты:  екі  таңбалы  сандарды 

разрядтан аттап қосу және азайту тәсілдерін меңгерту. 

Мазмұны:  мұғалім  оқушыларға  бәйге  болатынын 

хабарлайды.  Кім  төмендегі  мысалдары  1-ші  орындаса,  сол 

бәйгеде жеңіске жетеді. 

17+18 

29+62 


64+35 

90+74 


81+65 

100-75 


74-65 

63-29 


47-35

 

82 


 

 

 



 

 

 



 

 

8. «Жаяу көкпар»  

 

Дидактикалық мақсаты: 20 көлеміндегі қосу мен азайту 



тәсілдерін меңгерту. 

Мазмұны:  тақтаға  жауабы  жоқ  мысалдар  жазылады: 

7+4 

8+8 т.б. 



Осыны  қай  қатардың  оқушылары  бұрын  бітірсе,  сол 

қатардың оқушылары көкпарды алады. 

 

 

9. «Орамал тастамақ»  



 

Дидактикалық мақсаты: есептеу дағдыларын қалып-

тастыру. 

Мазмұны: бұл ойынға үш қатардың оқушылары үш топ 

болып  қатысады.  Мұғалім  қолындағы  орамалды  1  топтың 

бір  оқушысына  береді.  Ол  екінші  топтағы  бір  оқушыға 

беріп:  “1  қосылғыш  14”  деп  дауыстайды.  Ол  орамалды 

алады  да  :  “2  қосылғыш  3”  деп,  3-  топтың  бір  оқушысына 

береді. Ол оқушы орамалды алады да, “қосынды 17” дейді. 

Осылайша  қосу  мен  азайтуға  мысалдар  беріліп,  ойын 

жалғасады. 

 

10. «Хан талапай»  

 

Дидактикалық  мақсаты:  екінші  ондық  сандардың 



құрамы туралы білімді бекіту. 

Құрал-жабдығы: асықтар. 

Мазмұны: Талапай-ау, талапай, 

Табылды ойын алақай, 

Алшысынан асайық, 


 

83 


 

 

 



 

 

 



 

 

Талапайға  басайық,  -    деп  асықты  шашып 



жібереді.  Әр  асықта  нөмір  қойылған.  Осы  нөмір 

карточкалардағы  нөмірмен  сәйкес  келеді.  Сәйкес 

карточкаларды 

алып, 


балалар 

тапсырмаларды 

орындайды. 

№1 


12-бұл 7 және 

№2 


17-бұл 8 және 

№3 


15-бұл 6 және 

№4 


16-бұл 9 және 

№5 


19-бұл 11 және 

№6 


13-бұл 4 және 

№7 


14-бұл 7 және 

 

ІІІ. Қызықты  жаттығулар 

1.

 



5  және  0  цифрларын  пайдаланып,  үш  таңбалы 

әртүрлі неше сан жазуға болады? 

2.

 

4  және  3  цифрларын  пайдаланып,  үш  таңбалы   



әртүрлі неше сан жазуға болады? 

3.

 



7,  9  және  5  цифрларын  пайдаланып,  үш  таңбалы 

әртүрлі  неше  сан  жазуға  болады?  (санның 

жазылуында цифр қайталанбайтын болсын) 

4.

 



Әрбір келесі цифр өзінің алдындағыдан екі есе артық  

болатындай үш таңбалы сан жаз. Осындай  неше  сан  

жазуға болады? 

5.

 



Әрбір келесі цифры өзінің соңындағыдан үш есе кем  

болатын үш таңбалы сан жаз. 

6.

 

287+782=485+584.  Осы  сияқты  бірнеше  теңдіктерді 



тауып  жаз. 

7.

 



Нәтижені  қалай  тез  табуға  болады?  

                  а) 2 53+198;   ә) 295+193;   б) 793+197 

8. Нәтижені  қалай  тез  есептеп  табуға  болады? 

а) 682-598;   ә) 945-504;  б) 725-96;   в) 467-270 



 

84 


 

 

 



 

 

 



 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.

 

Әлімбай  Т.Р.  Математикадан  сыныптан  тыс  жұмыстар  және  халық 



есептері.-Алматы:Рауан, 1997.- 80 б. 

2.

 



Бантова  М.А.,  Бельтюкова  Г.В.,  Полевщикова  А.М.  Бастауыш  кластарда 

математиканы оқыту методикасы. - Алматы: Мектеп, 1978. - 344 б. 

3.

 

Елубаев Е. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаштар. -Алматы: Мектеп, 1989. - 32 б. 



4.

 

Елубаева  С.  Бастауыш  кластарда  математикадан  жүргізілетін  кластан  тыс 



жұмыстар. - Алматы: Мектеп, 1985. – 39 б. 

5.

 



Жолтаева  Г.Н.  Негізгі  мектепте  математиканы  оқыту  процесінде 

этнопедагогика элементтерін пайдалану  әдістемесі: Пед. ғыл. канд....дис.  - 

Алматы, 1999. - 167 с. 

6.

 



Истомина  Н.Б.  Методика  обучения  математике  в  начальных  классах.-

М.:Изд.центр «Академия», 2000.-288 с. 

7.

 

Кожабаев  К.Г.  О  воспитательной  направленности  обучения  математике  в 



школе.-М.: Просвещение, 1988.-80 с. 

8.

 



Қазақ  мақал-мәтелдері.  /Құраст.  М.Аққозин.  -  Алматы:  Қазақстан,  1990.  - 

288 б. 


9.

 

Қазақстан Республикасы бастауыш білім берудің мемлекеттік стандарты. - 



Алматы:  Ы.Алтынсарин  атындағы  Қазақтың  білім  академиясының 

Республикалық баспа кабинеті, 1998.-245 б. 

10.

 

Құрманалина  Ш.Х.  және  т.б. Математикадан  дидактикалық  ойындар  және 



қызықты тапсырмалар.-Алматы: Атамұра, 1997. - 46 б. 

11.


 

Манвелов  С.Г.Конструирование  современного  урока  математики.-М.: 

Просвещение, 2002.-175 с. 

12.


 

Методика начального обучения математике. / Под ред. Л.Н. Скаткина.-М.: 

Просвещение, 1972. - 320 с. 

13.


 

Основы  методики  начального  обучения  математике.  /  Под  ред.  А.С.  

Пчелко. - М.: Просвещение, 1965. - 375 с. 

14.


 

Оспанов  Т.К.  Бастауыш  кластар  математикасын  оқыту  методикасы.  - 

Алматы: Мектеп, 1987. - 144 б. 

15.


 

Оспанов Т.К. 1-4 кластар математикасын оқытудағы сабақтастық мазмұны 

мен методикасы. - Алматы: Мектеп, 1980. - 71 б. 

16.


 

Оспанов  Т.К.  Математиканың  бастауыш  курсын  оқыту  әдістемесі  (оқу 

құралы). - Алматы: РБК, 1996. - 177 б. 

17.


 

Сағындықов Е. Қазақтың ұлттық ойындары. -Алматы: Рауан, 1991. - 176 б. 

18.

 

Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды  оқу-тәрбие ісінде пайдалану. -Алматы: 



Рауан, 1993. - 54 б. 

19.


 

Сансызбайқызы  М.  Балдырғандарға  арналған  қызықты  математикалық 

тапсырмалар.-Алматы: Рауан,1993.-54 б. 

20.


 

Сарбасова  Қ.А.  Бастауыш  сыныптарда  математикадан  сыныптан  тыс 

жұмыстарды  ұйымдастыру:  Оқу-әдістемелік  құрал.  Қарағанды:  ҚарМУ 

баспасы, 2002.-82 б.  



 

85 


 

 

 



 

 

 



 

 

21.



 

Сарбасова  Қ.  Математика  мұғалімдерін  даярлау.-Астана:Нұржол,  2003.-88 

б.  

22.


 

Сарбасова  Қ.А.  Дәстүрлі  емес  сабақтарды  өткізуге  мұғалімдерді  даярлау 

«Қазақстан  Республикасында  жоғары  білім  беру  сапасын  жетілдіру  және 

дамыту перспективаларының өзекті мәселелері»// Жоғары оқу орын аралық 

ғылыми-әдістемелік  конференция  материалдары.  -  Қарағанды,  ҚарМУ 

баспасы  2004.,  168-170 б. 

23.

 

Сарбасова  Қ.А.



 

Жаңа  педагогикалық  технологияларды  пайдалану  // 

Бастауыш мектеп.-2004.-№10.-Б.17-19. 

24.


 

Сарбасова  Қ.А.,  Сарбасова  Қ.А. 



   

Сабақтың  тиімділігін  арттыру  // 

Бастауыш мектеп.-2004.-№11.-Б.45-47. 

25.


 

Сарбасова  Қ.А.,  Абишева  Т.М.  Бастауыш  мектепте  ақпараттық 

технологияларды  қолдану  мүмкіндіктері  //  Аймақтық  ғылыми-тәжірибелік 

конференцияның  материалдары:  Қарағанды:  Санат  баспасы,  2004.-Б.302-

306. 

26.


 

Ысқақов Б. Бес тас.  - Алматы: Балауса, 1993.-64 б. 

27.

 

Ұзақбаева  С.,  Сарбасова  Қ.  Бастауыш  сыныптардағы  математика 



сабақтарында қазақ этнопедагогикасы материалдарын пайдалану. - Алматы: 

ИПК Алатау, 1998. – 31 б. 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

86 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

МАЗМҰНЫ 

 

Кіріспе

 



Математиканы оқытуды ұйымдастырудың негізгі 

формасы-сабақ

 



Математикадан дәстүрлі емес сабақтар 

12 

Математикадан дәстүрлі емес сабақтарда 

оқытудың жаңа технологияларын пайдалану  

16 

Сабақ 1. Ертегіге құрылған сабақ 

22 

Сабақ 2. Ертегі саба

ғы 

 

29 

Сабақ 3. Ойын сабағы  

38 

Сабақ 4. Интеграциялық сабақ 

43 

Сабақ 5. Саяхат сабағы 

48 

Сабақ 6. Аукцион сабағы 

55 

Сабақ 7. Экскурсия сабағы 

59 

Сабақ  8.  «Асыл  мұра-математиктер  әлемінде» 

даналық сабағы 

65 

Математикадан 

дәстүрлі 

емес 

сабақтарда 

қолданылуға ұсынылатын қосымша материалдар 

74 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 

84 

 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал