Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы



жүктеу 0.64 Mb.

бет1/6
Дата28.04.2017
өлшемі0.64 Mb.
  1   2   3   4   5   6

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

КІРІСПЕ 

 

Қазіргі таңда еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы 

білім  беру  жүйесінің  әлемдік  кеңістікке    енуіне  мүмкіндік 

туғызып  отыр.  Мұның  өзі  әрбір  қоғам  иесіне  жоғары 

талаптар  қояды.  Бұл  талаптардың  ұстаз  қауымына  да 

қатысы  бар.  Ұрпақ  тәрбиесін  қолына  алған  ұстаз  оның 

болашағына  үлкен жауапкершілікпен  қарауы  тиіс. Ол  үшін 

үнемі  өзінің  білімін,  іс-тәжірибесін  кеңейте  отырып, 

оқытуды  ұйымдастыру  формаларын  жетілдіруге  аса  мән 

беру қажет. Бұл, әсіресе, ойын іс-әрекетінен оқу іс-әрекетіне 

енді ғана бет бұрған бастауыш сынып оқушылары үшін аса 

маңызды. 

Өйткені 

бастауыш 

мектепте 

сабақтарды 

бірсарындылықпен  өткізу  оқушыларды  жалықтырып, 

олардың  белсенділігін  төмендетеді  және  білім  деңгейінің 

құлдырауына  әкеліп  соқтырады.  Сондықтан  үнемі  сабақты 

түрлендіру жолдарын қарастырып отырған жөн. Әрине, бұл 

оқытудың  дәстүрлі  формасы  -  сабақты  алмастыру  дегенді 

көздемейді,  керісінше,  сабақтың  тиімділігін  арттыру 

жолдарын іздестіру міндетін қояды.  

Сабақтың  мәні  мен  мазмұнын  анықтау,  оның 

тиімділігін  арттыру  мәселесі  чехтың  ұлы  педагогы 

Я.А.Коменский  еңбектерінен  бастау  алып,  бүгінгі  күнге 

дейін  көкейкесті  проблема  ретінде  күн  тәртібінен  түспей 

отыр.  Бұл  проблемамен  С.В.Иванов,  И.Н.Казанцев, 

В.А.Онищук, М.И.Махмутов, т.б. терең айналысқаны мәлім. 

Кейінгі  кезде  әдістеме  ғылымының  теориясы  мен 

практикасында  «дәстүрлі  емес»  деп  аталатын  сабақтардың 

түрлері  пайда  болып,  ерекше  мәнге  ие  болуда.  Мұндай 

сабақтардың  дүниеге  келуінің  себебі  ХХ  ғасырдың  70-ші 

жылдарында  оқушылардың  сабаққа  деген  ынтасының,  

қызығушылығының  төмендеу  үрдісінің  қауіпті  етек  алуы 


 

 



 

 

 



 

 

 



 

болды.  Сондықтан  дәстүрлі  емес  сабақтар  оқушылардың 

оқу еңбегіне қызығушылығын ояту, танымдық белсенділігін 

арттыру  мақсатын  көздейді.  Олардың  басты  ерекшелігі 

сабақтың  дидактикалық  мақсатын  жүзеге  асыру  үшін 

ерекше, дәстүрлі емес формада жүргізілуі болып табылады. 

Мұндай  сабақтар  оқушыларға  ұнайды,  ал  сабақтарда 

қолданылған  материалдар  ойлау  процестерін  белсендіруге 

көмектеседі,  оқушылардың  байқағыштығын,  зейінін,  есте 

сақтау қабілетін дамытады. 

Ұсынылып  отырған  әдістемелік  құралда математиканы 

оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формасы  сабақтың  мәні 

ашып 

көрсетіледі, 



дәстүрлі 

емес 


сабақтардың 

ерекшеліктеріне  мазмұндық  сипаттама  жасалады  және 

олардың    бірнешеуінің  жоспар-конспектілерінің  үлгілері 

ұсынылады,  сонымен  бірге  дәстүрлі  емес  сабақтарда 

қолдануға  болатын  қосымша  дидактикалық  материалдар 

беріледі. 

Құралда  берілген  дәстүрлі  емес  сабақтардың  үлгілері 

бастауыш  сыныптарға  арналған  жаңа  буын  математика 

оқулықтары (Т.Қ.Оспанов және т.б.)  бойынша жасалынған, 

дегенмен ұсынылып отырған сабақтардың үлгілерін қандай 

оқулық  пен  оқу  бағдарламасы  екендігіне  қарамастан,  кез 

келген математика сабақтарын құруда пайдалануға болады. 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫ  

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ ФОРМАСЫ-САБАҚ 

 

Оқыту – білім берудің негізгі жолы, әрі оқытушы мен 

оқушылардың  біріккен  іс-әрекеттері,  сондықтан  ол  екі 

жақты  біртекті  процесс,  біріншіден,  оқытушы  оқушыларға 

білім беріп, білік, дағды қалыптастырады, екіншіден, оқушы 

таным  міндеттерін  жете  түсініп,  жаңа  білімді,  білікті, 

дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады. 



Оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  формасы  –

мұғалім  мен  оқушылардың  белгілі  бір  тәртіппен  және 

ретпен жүзеге асыратын іс-әрекетінің сыртқы көрінісі. 

Сабақ  –  оқушылардың  топқа  ұйымдасқан  сынып  деп 

аталатын  тұрақты  құрамымен,  мұғалім  басшылығымен 

жүргізілетін  оқу  жұмысы.  Сабақта  оқыту  мен  тәрбие 

мақсаттары,  міндеттері  жүзеге  асырылады,  оқушылардың 

ой-өрісі  кеңиді,  қабілеті  дамиды,  көзқарасы,  адамгершілік 

қасиеттері 

қалыптасады. 

Сабақты 

мұғалім 


мен 

оқушылардың күрделі өзара әрекетінде оқытудың мазмұны, 

құралдары мен әдістері көрінетін, мұғалімнің жеке тұлғасы 

мен 


шеберлігі, 

оқушылардың 

жас 

және 


дербес 

ерекшеліктері 

байқалатын, 

оқыту, 


тәрбиелеу 

мен 


дамытудың  мақсаты  мен  міндеттері  жүзеге  асырылатын 

оқу-тәрбие  процесінде  логикалық  түрде  аяқталған  тұтас 

элемент  ретінде  де  анықтауға  болады.  Ол  жалпы  білім 

беретін  орта  мектептерде,  кәсіби-техникалық  және  арнайы 

орта  оқу  орындарындағы  оқытудың  сыныптық-сабақтық 

жүйесінде оқу сабақтарын ұйымдастырудың негізгі нысаны 

болып  табылады.  Оқу  жұмысының  нақты  белгіленген 

көлемімен  және  оның  белгілі  бір  уақыт  ішінде  орындалу 

ретімен сипатталады. Сабақ сабақ кестесі бойынша арнаулы 


 

 



 

 

 



 

 

 



 

сынып 


бөлмелерінде, 

оқу 


кабинеттері 

мен 


лабораторияларында, оқу-тәжірибе учаскелерінде өтеді.   

 

Оқытуды  ұйымдастырудың  формасы  сыныптық-

сабақ жүйесінің ерекшеліктері: 

-

 



оқушылардың жас ерекшеліктерінің бірдей болуы; 

-

 



әр сыныптың жылдық оқу жоспары бойынша жұмыс 

істеуі; 


-

 

оқу  процесінің  өзара  бірлікте  бір-бірімен  жалғасқан 



сабақ жүйесінен құралуы; 

-

 



әр сабақтың бір пәнге ғана арналуы (монизм); 

-

 



сабақ кестесінің болуы; 

-

 



мұғалімнің жетекшілік ролі;  

-

 



оқушылардың 

оқу-танымдық 

іс-әрекеттерін 

қалыптастыруда  оқытудың  әр  түрлі  формаларын 

қолдану.  

  

Математика  сабағының  өзіне  тән  ерекшеліктері  бар: 



1) математика сабағының мазмұны бұрын  оқып-үйренілген 

материалға  сүйеніп,  жаңа  білімді  меңгеруге  негіз  қалайды, 

мұның  өзі  математика  курсының  қатаң  логикалық 

құрылымына  байланысты;  2)  математикалық  білім  жүйесін 

меңгеру  процесінде  басқа  оқу  пәндерімен  салыстырғанда, 

оқушылардың  логикалық  ойлауын,  талдау  және  дәлелдеу 

біліктерін  дамытуға  көп  көңіл  бөлінеді;  3)  математиканы 

оқыту  барысында  әрбір  оқушының  оқып-үйренілетін 

материалдағы  ең  басты  мәселені  игеруіне  жағдай  жасалуы 

керек, себебі бүгінгі күнде математикалық білімнің жетекші 

рольге  ие  болып  отырғандығы  белгілі;  4)  математика 

сабағында  математикалық  ұғымдарды  қалыптастыруға 

байланысты  әртүрлі  білік,  дағдыларды  меңгерту  көзделеді, 

атап  айтқанда  -  есептеу,  өлшеу,  сызбалық  жұмыстар  және 

есептерді  шығару  жүзеге  асырылады;  5)  математика 

сабағында 

кейбір 

объектілер 



мен 

құбылыстарды 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

қарастырған  кезде,  олардың    барлық    қасиеттері  мен 

сапалары  қарастырылмайды,  тек  сандық    қатынастары  мен 

кеңістік формалары қарастырылады, т.б. 



Математика  сабағына  қойылатын  талаптарды 

былайша бөліп көрсетуге болады: 

-

 



сабақтың дидактикалық мақсатын айқындау

-

 



сабақта  оқу  материалының  ерекшелігіне  сай 

проблемалық жағдайларды туғызу; 

-

 

танымдық  процестің  логикасын  сақтап,  оқу 



процесінің  дамытушылық  сипатын  қажет 

ететін пікір мен ой қорытындыларын жасауға 

оқушыларды үйрету; 

-

 



балалардың  жас  және  дербес  ерекшеліктерін 

есепке алу

-

 

оқытудың  әдістері  мен  оқу  материалдарының 



күрделі және жеңіл деңгейін дұрыс айқындау; 

-

 



сабақтың  құрылымын  айқындау,  оны  мақсат, 

міндет,  әдіс-тәсіл,  мазмұнға  сәйкестендіру, 

тиімді пайдалану, уақытты үнемдеу; 

-

 



сөз  бен  көрнекілікті  үйлестіру,  техникалық 

құралдарды қолдану; 

-

 

оқушылардың 



білімді 

терең 


ұғынуын 

бақылап, есепке алу; 

-

 

білімнің  қоғамдағы  дәрежесін  көтеру  үшін 



дарынды 

балаларды 

аңықтау, 

олардың 


бейімділігін,  қабілетін  дамытуға  жағдай 

жасау, т.б. 

Әрбір сабақтың өзіндік құрамы және өзіндік құрылымы 

болады. 


Сабақтың 

құрамына 

оның 

құрылымдық 



элементтері  жатады.  Сабақтың  негізгі  құрылымдық 

элементтерін  таңдап  алуда  әртүрлі  пікірлер  бар  екендігі 

белгілі  (В.А.  Онищук,  М.И.Махмутов,  т.б.).  Құрамына 


 

10 


 

 

 



 

 

 



 

 

байланысты  сабақтың  құрылымында  әртүрлі  дәрежеде 



ортақтық болады.  

Сонымен  сабақтың  ортақ  дидактикалық  құрылымы 

мынадай компоненттермен сипатталады: 

-

 



бұрын  алған  білім  мен  әрекет  тәсілдерін 

көкейкестендіру; 

-

 



жаңа 

білім 

мен 

әрекет 

тәсілдерін 

қалыптастыру; 

-

 



оларды қолдану, яғни білік қалыптастыру. 

Көкейкестендіру  оқып-үйренгендерді  жаңғыртумен 

қатар  бұрын  алған  білім  мен  жаңа  білімнің  сабақтасты 

байланысын  орнатуды,  бұрын  алған  білімді  жаңа 

жағдайларда қолдануды, оларды тереңдетуді, т.с.с. көздейді.  

Сабақтың  ортақ  дидактикалық  құрылымының  екінші 

компоненті  жаңа  ұғымдардың  мәнін  ашып  көрсетумен, 

жаңа  білім  мен  оқушылардың  ақыл-ой  және  оқу  іс-

әрекетінің 

тәсілдерін 

игерумен, 

олардың 


сенімін 

қалыптастырумен байланысты.  



Білікті  қалыптастыруға  жаңа  білім  мен  әрекет 

тәсілдерін  қалыптастыру,  оларды  жинақтау  және  жүйелеу, 

іс жүзінде пайдалану арқылы қол жеткізуге болады.   

 Сабақтың 

неғұрлым  нақты  кезеңдері  жоғарыда 

айтылған  оның  ортақ  дидактикалық  құрылымының 

жіктелуінің  нәтижесі  бола  отырып,  сабақтың  түрлеріне 

байланысты анықталады. 

Математика 

сабағы 


сабаққа 

қойылатын 

негізгі 

дидактикалық мақсатқа байланысты бірнеше түрге бөлінеді:  



Аралас  сабақ  -  бұл  сабақта  бірнеше  дидактикалық 

мақсат жүзеге асырылады. Соған сәйкес ол мынадай нақты 

кезеңдерден тұрады: 

1.

 



Өткен материалды бекіту. 

2.

 



Үй тапсырмасын тексеру. 

 

11 


 

 

 



 

 

 



 

 

3.



 

Жаңа материалды түсіндіру. 

4.

 

Жаңа материалды бекіту. 



5.

 

Үйге тапсырма беру. 



1.

 

Қорытынды. 



Жаңа  материалды  түсіндіруге  арналған  сабақтың 

негізгі дидактикалық мақсаты жаңа материалды түсіндіруге 

бағытталады.  Жаңа  материалды  түсіндіруге  көп  уақыт 

жұмсалады.  Жаңа  материалды  түсіндіру  алдында  сол 

тақырыпқа 

байланысты 

бұрын 

өткен 


материалдар 

қайталанады.  Бұл  сабақта  жаңа  материалды  бірден  бекіту 

жұмысы жүргізіледі. 

 Сабақтың нақты кезеңдері төмендегідей:  

1.

 

Жаңа  материалды  түсіндіруге  қажетті  бұрын  өткен  



материалдарды қайталау. 

2.

 



Жаңа материалды түсіндіру. 

3.

 



Жаңа материалды бірден бекіту. 

4.

 



Үйге тапсырма беру.  

5.

 

Қорытынды. 



Белгілі  бір  тақырып  бойынша  білім,  білік,  дағдыны 

бекіту  сабағында  негізінен  бірнеше  жаттығулар  мен 

шығармашылық  жұмыстар  орындалады.  Сабақтың  көп 

уақыты оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуіне арналады. 

Сабақ мынадай нақты кезеңдерден тұрады: 

1.

 

Белгілі  бір  жаттығу  жұмыстарын  орындауға 



қажетті білім, білік, дағдыны бекіту. 

2.

 



Оқушылардың  өз  бетімен  орындайтын  жұмыс 

түрлері. 

3.

 

Өз  бетімен  орындалған  жұмысты  тексеру  және 



қорытындылау. 

4.

 



Үйге тапсырма. 

5.

 



Қорытынды. 

 

12 


 

 

 



 

 

 



 

 

Бақылау  және  есепке  алу  сабағын  жазбаша  және 

ауызша өткізуге болады. Бұл сабақтың құрылымы мынадай 

нақты кезеңдерден тұрады: 

1.

 

Ұйымдастыру  кезеңі.  2.  Оқушылардың  тапсырманы 



орындауы. 3. Қорытынды. 

Бүгінгі таңда оқушылардың танымдық қызығушылығын 

арттыру мақсатында дәстүрлі емес сабақтар өткізіледі. 

Әдістемелік  әдебиеттерге  жасаған  талдау  бастауыш 

сыныптарда  математикадан  дәстүрлі  емес  сабақтардың 

мынадай түрлерін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: 

1.

 

Ойын  және  сайыс  түріндегі  сабақтар:  конкурс, 



турнир, эстафета, көңілді тапқырлар клубы, іскерлік 

ойын, рольдік ойын, т.с.с. 

2.

 

Оқу  материалын  дәстүрден  тыс  ұйымдастыруға 



негізделген сабақтар: даналық сабағы, жаңалық ашу 

сабағы, т.с.с. 

3.

 

Қарым-қатынастың  бұқаралық  формалары  тәріздес 



сабақтар: 

баспасөз 

конференциясы, 

аукцион, 

панорама, телекөпір, ауызша журнал, т.с.с. 

4.

 



Қиялға  құрылған  сабақтар:  ертегі  сабақ,  қиял-

ғажайып әлемі сабағы, т.с.с. 

5.

 

Интеграциялық сабақтар. 



6.

 

Шығармашылық 



сабақтар: 

көрме 


сабағы, 

шығармашылық есеп сабағы, т.с.с. 

7.

 

Театрландырылған  сабақтар:  спектакль  сабағы, 



естелік сабағы, саяхат сабағы, т.с.с. 

8.

 



Ойын  сабақтары:  іскерлік  ойын  сабағы,  сайыс 

сабағы,  рольдік  ойын  сабағы,  дидактикалық 

ойындарға құрылған сабақ, т.с.с. 

Дәстүрлі  сабақтан  гөрі  мұндай  сабақтар  оқушылардың 

есінде  ұзақ  сақталады  және  олар  мұнда  математикалық 

білім  мазмұнынан  тыс,  яғни  оқу  материалынан  бөлек 



 

13 


 

 

 



 

 

 



 

 

мағлұматтар  алады,  тілі  ұстарып,  байланыстырып  сөйлеуге 



үйренеді,  сөйлеу  мәдениетін  игереді.  Сабаққа  белсенділігі, 

пәнге қызығушылығы артады. 

Бастауыш  сыныптарда  математикадан  дәстүрлі  емес 

сабақтарды өткізу оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім 

деңгейіне  байланысты  болуы  тиіс  және  оқу  материалының 

мазмұнына  сай  іріктеп  алынуы  қажет  (мысалы,  сайыс 

сабағын,  көбінесе  оқу  материалын  пысықтауда  өткізу 

тиімді).  

Әрбір 

сабақтың 



ерекшелігін 

және 


бір-бірінен 

айырмашылығын  білу  мұғалімдердің  білімін  шыңдай 

түседі. Мәселен, театрландырылған сабақтардың ерекшелігі 

бағдарламалық  материалды  оқып-үйренуде,  бекітуде  және 

жинақтауда  театр  құралдарының  немесе  элементтерінің 

қолданылуы  болып  табылады;  сайыс  сабақтарының  негізін 

тапсырмаларды  орындау  барысында  топтардың  өзара 

жарысы  құрайды;  рольдік  ойындар  сабақтарында  өмірдегі 

жағдайлар  бойынша  оқушылардың  белгілі  бір  рольдерді 

ойнау арқылы білімді меңгеруі жүзеге асырылады, т.с.с.      

Бұл  сабақтардың  әрқайсысының  мәнін  аша  отырып, 

оларды  өткізуде  сабақтың  негізгі  базалық  құрылымының 

қатаң сақталатынын ескеру қажет. 

 

 



 

 

 



 

 

 



МАТЕМАТИКАДАН ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС САБАҚТАР 

 


 

14 


 

 

 



 

 

 



 

 

1. 



Интеграциялық 

сабақтар. 

Оқытуға 


интеграциялық  тұрғыдан  қатынастың  әдістемелік  негізі 

қоршаған  орта  және  оның  заңдылықтары  туралы  білімді 

қалыптастыру, сонымен бірге ғылым негіздерін меңгертуде 

пәнішілік  және  пәнаралық  байланыстарды  орнату  болып 

табылады.  Осыған  байланысты  интеграциялық  сабақ  деп 

оны  өткізуде  басқа  ғылымдардың,  басқа  оқу  пәндерінің 

әдістері  арқылы  білім,  білікті  және  оқу  материалының 

нәтижелерін  талдауды  қолдану  жүзеге  асырылатын  кез 

келген  сабақты  атайды.  Сондықтан  кейде  интегерациялық 

сабақтарды  пәнаралық  деп  те  атайды,  ал  оларды  өткізу 

формалары  әртүрлі  -  семинар,  конференция,  саяхат,  т.с.с. 

болуы мүмкін. 

2.  Театрландырылған  сабақтар.  Бұл  сабақтарда 

бағдарламалық  материалды  оқып-үйренуде,  бекітуде  және 

жинақтауда 

театр 


құралдары 

немесе 


элементтері 

қолданылады.  Театрландырылған  сабақтар  оқушылардың 

күнделікті  өмірін  мерекеге  айналдырумен  ерекшеленіп, 

оқушылардың  көңіл-күйін  көтеруге,  белсенділіктерін 

арттыруға,  өзара  көмек  көрсету  сезімдерін  оятуға,  қарым-

қатынас жасау біліктерін жетілдіруге септігін тигізеді. 

Бұл  сабақтарды  ұйымдастыру  формасына  қарай 

мынадай түрлерге бөледі: 

-

 

спектакль; 



-

 

салон; 



-

 

ертегі; 



-

 

студия, т.б. 



3.  Сайыс  сабақтары.  Бұл  сабақтардың  негізін 

тапсырмаларды  орындау  барысында  топтардың  өзара 

жарысы  құрайды.  Сайыс  сабақтарын  өткізу  формалары 

әртүрлі  болып  келеді.  Олар  эстафета,    сюжетті  ойынға 



 

15 


 

 

 



 

 

 



 

 

құрылған  жарыс,  көңілді  тапқырлар  клубы,  «Брейн-ринг», 



«Бақытты сәт», «Біздің сыныптың көшбасшысы», т.б. 

Сайыс  сабақтарын  ұйымдастырудың  және  өткізудің 

үш негізгі кезеңін бөліп көрсетуге болады: дайындық, ойын, 

нәтижелерді шығару. Әрбір нақты сабақ үшін бұл құрылым 

сабақта оқып-үйренілетін материалдың мазмұны мен сайыс 

желісінің ерекшеліктеріне байланысты сарапталады.  



4.  Дидактикалық  ойындарға  құрылған  сабақтар.  

Бұл  сабақтардың  негізгі  ерекшелігі  оның  құрылымына 

дидактикалық  ойындарды  сабақтың  негізгі  элементтерінің 

бірі ретінде енгізу болып табылады. 

Дидактикалық ойындардың мақсаты– баланы оқыту, 

олардың  ойлау  қабілеттерін  жаттықтыру  және  дамыту,  игі 

қасиеттерді тәрбиелеу. 

Дидактикалық  ойындардың  мазмұны  қандай  да 

болмасын  ақыл-ой  міндеттерін  жүзеге  асыруға  негізделеді. 

Ережені орындау ойды, қиялды, есті дамытуға ықпал етеді. 

Дидактикалық ойын арқылы дүниені тану басқаша түрге ие 

болады,  ол  күнделікті  оқытуға  ұқсамайды,  мұнда  қиял-

ғажайып  та,  жауапты  өз  бетінше  іздеу  де,  белгілі  болмыс 

пен құбылысқа жаңаша көзқарас та, білімді толықтыру мен 

кеңейту  де,  жекеленген  құбылыстар  арасында  өзара 

байланысты, ұқсастықты және айырмашылықты тағайындау 

да бар. Ал ең бастысы, оқушыларға ешқандай күш түсірмей, 

олардың  өздерінің  қалауы  бойынша  дидактикалық  ойын 

арқылы  оқу  материалын  әртүрлі  тұрғыдан  бірнеше  рет 

қайталауға  мүмкіндік  туады.  Сонымен  бірге  дидактикалық 

ойын  өзара  жарыстыру  мүмкіндігін  туғызып,  оқушыларға 

білімдерін әртүрлі жағдайда қолдануға негіз береді. 

Дидактикалық  ойын  өзінің  қызметі  мен  атына  сай 

орындалу үшін оның арнайы құрылымы болуы шарт. 

         Оның құрылымы төмендегідей: 


 

16 


 

 

 



 

 

 



 

 

1.



 

Міндеті. 

2.

 

Әрекет. 



3.

 

Ереже. 



4.

 

Нәтиже, ойынның аяқталуы. 



Әрбір  дидактикалық  ойынның  белгілі  міндеті 

болады,  ол  дидактикалық  мақсаттан  келіп  туындайды. 

Ойының  міндеті  оның  оқу  мазмұнын  құрайды.  Ойын 

мазмұны  балалардың  қызығушылығын  оятады,  олардың 

танымдық  іс-әрекетін  белсендіреді  және  жаңа  білім,  білік, 

дағдымен байытады. 



Әрекет – ойынның негізгі бөлігі. Әрекетсіз ойынның 

мақсатын  жүзеге  асыру  мүмкін  емес.  Әрбір  дидактикалық 

ойынның  міндеті  әрбір  оқушының  мінез-құлқын  анықтап, 

ұйымдастырып, біртұтас ұжымға біріктіретін әрекет арқылы 

іске  асады.  Ол  балалардың  қызығушылығын  тудырып, 

олардың  ойынға  деген  эмоциялық  қатынасын  анықтайды. 

Дидактикалық ойында әрекет нақты анықталған және анық 

түрде белгіленген. Ол  әртүрлі болуы мүмкін, бұл жағдайда 

төмендегі негізгі шарттарға сәйкес келуі тиіс: 

а)  ойын  міндетіне  бағыну  керек,  сол  арқылы  ойын 

мақсаты жүзеге асырылуы шарт; 

б) ойын аяғына дейін тартымды, әрі қызықты болуы 

шарт. 

Ереже дидактикалық ойынның қажетті бөлігі болып 

табылады  және  ерекше  орын  алады,  сондықтан  кейде 

дидактикалық ойындарды ережеге құрылған ойындар деп те 

атайды.  Ереже  ойын  міндетіне  бағынады.  Олар  іс-әрекетті 

ойынның 

міндетін 

жүзеге 

асыруға 


бағыттай 

ұйымдастыруды көздейді. Сондықтан дидактикалық ойында 

іс-әрекет  ережемен  тығыз  байланысты.  Ережелер  баланың 

ойын  үстінде  не  істеу  және  қалай  істеу  керек  екендігін 

анықтайды.  Ережесіз  іс-әрекет 

жайбарақат  дамып, 



 

17 


 

 

 



 

 

 



 

 

дидактикалық міндеттің жүзеге асуына ықпал ете алмайды, 



сөйтіп  өзінің  негізгі  сипатынан  айрылады.  Дидактикалық 

ойынның 


ережесі 

іс-әрекетті 

ұйымдастырып 

қана 


қоймайды, сонымен бірге оның тартымдылығын арттырады. 

Ойын  нәтижесі  –  бұл  міндетті  шешу  мен  ережені 

орындау.  Нәтиже  мен  ойынның  аяқталуын  екі  тұрғыдан 

бағалау  қажет:  баланың  көзқарасы  тұрғысынан  және 

мұғалімнің немесе тәрбиешінің көзқарасы тұрғысынан. 

Егер ойын нәтижесін баланың көзқарасы тұрғысынан 

бағаласа,  онда  мұғалім  ойынның  балаға  моральдық  және 

рухани  ләззат  беру  жағын  есепке  алады.  Дидактикалық 

ойынның міндеттерін шешу баладан белгілі бір күш–жігерді 

талап  етіп,  олардың  ойлау  іс-әрекетіне  талаптар  қояды. 

Балалар ойын барысында ұшқырлық, алғырлық, тапқырлық 

танытады. Мұның барлығы балаларды моральдық тұрғыдан 

қанағаттандырып, олардың өз күштеріне сенімін арттырады, 

қуаныш сезімге бөлейді. 

Мұғалім 


сабақты 

талдау 


кезінде 

міндеттің 

орындалғанын, 

әрекеттің 

жүзеге 

асырылғандығын, 



ойынның белгілі бір нәтижеге әкелгендігін қадағалау қажет. 



  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал