Қазіргі педагогикалық негіздерінің әдіснамалық жағдайы 1 БӨлім педагогикалық теория негіздері


Педагогика пәні, оның негізгі категориялары және олардың өзара байланысы



жүктеу 26.14 Kb.
бет2/5
Дата01.11.2022
өлшемі26.14 Kb.
#23147
1   2   3   4   5
2
№6 семинар,срсп
1.2 Педагогика пәні, оның негізгі категориялары және олардың өзара байланысы
Кез келген ғылымның объектісі мен пәні қарастырылады. Объект – ғылым зерттейтін шындық облысы. Пәні – объектіні нақты ғылым қай жағынан қарастыратыны, зерттейтін жағы, қыры.
Педагогика нысаны мен пәнін анықтауда қазіргі кезде ортақ пікір жоқ. Педагогикада көптен қалыптасқан және кең тараған пікірдің бірі бойынша - педагогика – тәрбие туралы ғылым. Бұл жағдайда оның зерттеу объектісі мен пәні жекебөлініп қарастырылмайды және «тәрбие» ұғымы бірнеше мағынада қолданылады. Ең кең мағынада тәрбие - бүкіл жиналған әлеуметтік тәжірибені аға ұрпақтың жас ұрпаққа беруі деп қарастырылса, тар мағынада нақты тәрбиелікміндеттерді шешуге бағытталған тәрбие жұмысы процесі және нәтижесі деп анықталады.
Қазіргі кезде педагогиканың объектісіне деген басқаша да көзқарас қалыптасып келеді. Ол көзқарас бойыншапедагогиканың объектісі тұлғаға әлеуметтік тәжірибені меңгертуге және оны дамытуға бағытталған қоғамның мақсатты іс-әрекеті. Оны білім беру деп атайды. Білім беруді тек педагогика ғана емес, сонымен қатар философия, экономика, әлеуметтану, психология ғылымдары да зерттейді. Осы ғылымдардың білім беруді зерттейтін өз салалары бар. Мысалы, білім беру философиясы, педагогикалық психология, білім беру экономикасы, білім беру әлеуметтану және т.б.. Бірақ әрғылым білім беруді өз тұрғысынан, өз позициясынан қарастырады. 
Ал, педагогика білім берудің қай жағын, қандай қырын зерттейтінін анықтасақ оның пәнін көрсеткен боламыз. Сонымен, педагогика пәні - арнайы әлеуметтік институттарда (оқу-тәрбие мекемелері, отбасы) мақсатты ұйымдастырылатын нақты тұтас педагогикалық процесс.
Педагогиканың негізгі категориялары: білім беру, тәрбие және оқыту.
Білім беру – қоғам санасында сақталған әлеуметтік эталондарға, белгілі бір идеалды образдарға саналы бағытталған тұлға әлеуметтенуінің, дене және рухани қалыптасуының біртұтас процесі. Ал, білімі – оқыту нәтижесі, оқушының меңгерген білімдер, іскерліктер, дағдылар және ойлау әдістері жүйесі.
Оқыту - білімдерді, іскерліктерді, дағдыларды меңгертуге, дүниетанымын қалыптастыруға, ақыл-ойын және потенциалдық мүмкіндіктерін дамытуға бағытталған мұғалім мен оқушылардың арнайы ұйымдастырылған, мақсатты және басқарылатын өзара әрекет ету процесі.
Тәрбие – педагогикалық процесс жағдайында жеке адамның қоғамдық тәжірибені игеру үшін бағытталған белсендііс-әрекетін қолдау және ұйымдастыру.

жүктеу 26.14 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет