Қазіргі оқУ Үрдісінде химия сабағында мультимедиялық технологияларды қолдану



жүктеу 53.42 Kb.

Дата16.05.2017
өлшемі53.42 Kb.

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

ҚАЗІРГІ ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ХИМИЯ САБАҒЫНДА 



МУЛЬТИМЕДИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ  ҚОЛДАНУ 

 

Асанова Л.С 

№24 орта мектеп мұғалімі Астана қаласы 

 

Қазіргі  кездегі  шапшаң  жүріп  жатқан  жаһандану  үрдісі  әлемдік 

бәсекелестікті  күшейте  түсуде.  Елбасы  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстанның 

әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына  кіру  стратегиясы  атты 

жолдауында:  «Білім  беру  реформасы  -  Қазақстанның  бәсекеге  нақтылы 

қабілеттілігін  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік  беретін  аса  маңызды 

құралдарының  бірі»  деп  атап  кӛрсетті.  ХХІ  ғасыр  -  бұл  ақпараттық  қоғам 

дәуірі,  технологиялық  мәдениет  дәуірі,  айналадағы  дүниеге,  адамның 

денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. 

Бүгінгі  білімді  жаңаша  беру  мүмкіндіктерін  жасау  (педагогикалық  іс 

әрекеттерді  ӛзгерту,  білімді  қабылдау,  білім  сапасын  бағалау,  оқу-тәрбие 

үрдесінде  оқушының  жеке  тұлғасын  жан  жақты  қалыптастыру  үшін 

ақпараттық  технологияның  қосымшасы  деп  түсіну  керек).  Бүгінгі  білім 

мазмұны  мен  оқушының  арасындағы  байланыс  субъективті  деңгейде 

кӛтерудегі бастамалардың барлығы мұғалімдер арқылы жүзеге асырады. 

Білімді  ақпараттандырудың  негізгі  мақсаты  -  оқушыларды  ақпараттық 

қоғам жағдайында тұрмыстық, қоғамдық және кәсіби салалардың іс әрекетіне 

толық, тиімді араластыру болып табылады. 

ХХІ  ғасыр-адамзат  дамуының  жаңа  сатыларының  бірі  компьютерлік 

қоғамға ӛтуімен сипатталады. Қазіргі уақытта адам іс әрекетіне байланысты 

барлық салаларды компьютерлік технология тиімді, әрі маңыздылығы барған 

сайын арта түсуде. 

Мультимедиа  жүйелерінің  пайда  болуы  адам  қызметінің  кӛптеген 

облыстарында:  компьютерлік  тренингте,  бизнесте  және  кәсіби  қызметтің 

басқа  салаларында  революциялар  тудырды.  Мультимедиа  технологияларын 

кеңінен пайдаланатын салалардың бірі білім беру саласы болып табылады. 

Жаңашыл  қоғамды  ақпараттандыру  үрдістері  және  олармен  тығыз 

байланыстағы  білім  беру  жүйесінің  барлық  формаларын  ақпараттандыру 

үрдістері  жаңа  ақпараттық  және  коммуникациялық  технологияларын  (АКТ) 

меңгеру  және  жапай  тарату  үрдістерімен  сипатталады.  Мұндай 

технологиялар қашықтан оқыту және ашық білім берудің жаңа жүйелерінде 

оқытушы  мен  оқып  үйренушінің  арасында  қарым-қатынас  орнату  және 

мағлұмат  алмасу  үшін  белсенді  қолданылады.  Жаңашыл  оқытушы  АКТ 

тӛңірегіндегі білімдерді игеріп қана қоймай, сондай-ақ оларды ӛзінің кәсіби 

іс-әрекетінде пайдалана алатын маман болуы тиіс.  

Технология  түсінігі  практикалық  есептерді  шешу  үшін  ғылыми  және 

инженерлік  білімдерді  пайдалану  мағынасын  білдіреді.  Олай  болса 

ақпараттық технология ретінде білімнің ақпараттық ресурсқа айналу үрдісін 

алуға болады. Ақпараттық технологияның мақсаты кейіннен оны талдау үшін 


«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

және  соның  негізінде  қандай  да  бір  әрекеттерді  орындау  туралы  шешім 



қабылдау үшін ақпарат ӛңдіру болып табылады.  

Ақпараттық  және  коммуникациялық  технологиялар  (АКТ)  –  ақпаратты 

ӛңдеудің  әр  түрлі  алгоритмдерін,  әдістерін,  механизмдерін  және  түрлі 

құрылғыларын  сипаттайтын  ортақ  түсінік.  Маңызды  жаңа  АКТ  құралдары 

ретінде  сәйкес  программалық  қамтамасыз  етілген  компьютер  және  ақпарат 

орналасқан телекоммуникация құралдары болып табылады.  

Мүмкіндіктері  онда  орнатылған  программалық  қамтамасыз  етумен 

анықталатын  дербес  компьютерлер  кез  келген  білім  беру  жүйесінің 

ақпараттық  ортасы  үшін  негізгі  АКТ  құралдары  болып  табылады. 

Программалық  құралдардың  негізгі  категориялары-  жүйелік  программалар, 

қолданбалы  программалар  және  программалық  қамтамасыз  етуді  жүзеге 

асыратын  құрал-саймандар.  Жүйелік  программаларға,  біріншіден,  дербес 

компьютер  қолданушысының  программалармен  және  барлық  басқа 

програмалардың 

құрылғымен 

қарым-қатынасын 

қамтамасыз 

ететін 


операциялық  жүйелер  жатады.  Сонымен  қатар  бұл  категорияға  қызметтік 

және  сервистік  программаларды  да  жатқызуға  болады.  Ал  қолданбалы 

программаларға  ақпараттық  технологияның  инструментариі,  яғни  мәтінмен, 

графиктермен,  кестелік  мәліметтермен  және  т.б.  жұмыс  істейтін 

технологиялар болып табылатын программалық қамтамасыз ету жатады.  

Білім  берудің  жаңашыл  жүйелерінде  әмбебап  кеңселік  қолданбалы 

программалар  және  АКТ  құралдары:  мәтіндік  процессорлар,  электронды 

кестелер,  презентация  дайындау  программалары,  МҚБЖ,  органайзерлер, 

графикалық пакеттер және т.с.с. кең тараған.  

Компьютерлік  желілердің  және  басқа  оның  АКТ  құралдарының 

арасындағы  баламалары  пайда  болуынан  білім  беру  жаңа  сапаға  ие  болды. 

Ол бірінші кезекте жер шарының кез келген жерінен ақпараттарды жылдам 

алу  мүмкіндігімен  байланысты  болды.  Интернет  ауқымды  желісі  арқылы 

әлемдік  ақпарат  ресурстарына  (электрондық  библиотекалар,  мәліметтер 

қоры,  файлдар  қоймалары  және  т.б.)  жылдам  қол  жеткізуге  мүмкіндік  бар. 

Интернеттің  әйгілі  ресурсы  –  WWW  бүкіл  әлемдік  ӛрмегінде  екі 

миллиардтай мультимедиялық құжаттар жарияланған.  

Желіде  АКТ-ның  басқа  да  құралдарын  пайдалануға  мүмкіндіктер  бар. 

Олардың  қатарына  электрондық  пошталарды,  сілтемелер  тізімдерін, 

жаңалықтар  топтамаларын,  чаттарды  жатқызуға  болады.  Нақты  уақыт 

режимінде  сұхбаттасу  үшін  байланыс  орнатылғаннан  кейін  дыбысты, 

суреттерді, пернетақтадан еңгізілген мәтінді және кез келген файлды жіберу 

мүмкіндігін  беретін  арнай  программалар  жасалынған.  Бұл  программалар 

жойылған  қолданушылар  бірігіп  жергілікті  компьютерде  қосылған 

программалармен жұмыстарын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.  

Компьютерлік  желілер  арқылы  жіберілетін  мәліметтерді  сығудың  жаңа 

алгоритмдерінің  пайда  болуынан  дыбыс  сапасы  едәуір  артты  және  кәдімгі 

телефон  желілеріндегі  дыбыс  сапасына  жуықтады.  Осының  нәтижесінде 

жаңа АКТ құралы – Интернет – телефония салыстырмалы түрде екпінді дами 


«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

түсті. Арнайы программалық қамтамасыз ету мен құрылғылардың кӛмегімен 



Интернет арқылы аудио және бейнеконференциялар ӛткізіледі. 

Телекоммуникациялық  желілерде  ақпараттарды  іздеу  тиімділігін 

қамтамасыз  ету  үшін  жасалынған  автоматтандырылған  іздестіру  құралдары 

бар.  Олардың  мақсаты  –  компьютерлік  желілердің  ақпарат  ресурстары 

туралы мәліметтерді жинап, қолданушыларға жылдам іздеу қызметін ұсыну. 

Іздестіру  жүйелері  арқылы  бүкіл  әлемдік  ӛрмектің  құжаттарын, 

мультимедиялық файлдарды және программалық қамтамасыз етуді, адамдар 

және мекемелер туралы мекен-жайлық ақпаратарды іздеуге болады.  

АКТ  желілік  құралдарының  кӛмегімен  оқу-әдістемелік  және  ғылыми 

ақпараттар  алуға,  консультациялы  кӛмек  беруді  жылдам  ұйымдастыруға, 

ғылыми  зерттеу  жұмыстарын  модельдеуге,  нақты  уақыт  аралығында 

виртуальды  сабақтар  (семинарлар,  дәрістер)  жүргізуге  үлкен  мүмкіндіктер 

бар.  

Ақпараттық  технологиялардың  қоғамдық  мәніне  талдау  жасай  келе 



келесідей тұжырымдар жасалды:  

1.

 



Жаңа  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологиялар 

қоғам  дамуының  ең  маңызды  стратегиялық  факторы  болып  табылатын 

ақпараттық ресурстарды белсеңді және тиімді пайдалану мүмкіндігін береді;  

2.

 



Ӛркениеттің  дамуы,  жұмыс  істейтін  тұрғындардың  кӛпшілігінің 

еңбек объектілері мен нәтижелері материалдық құндылық емес, ақпарат пен 

ғылыми  білім  болып  табылатын  ақпараттық  қоғам  бағытында  іске  асуда. 

Сонымен қоса ақпараттық технологиялар қоғамда болып жатқан ақпараттық 

үрдістерді  тиімді  ету  және  кӛп  жағдайларда  автоматтандыру  мүмкіндігін 

береді;  

3.

 

Ақпараттық  үрдістер,  басқа,  одан  да  күрделі  ӛңдірістік  немесе 



қоғамдық  үрдістердің  маңызды  элементі  болып  табылады.  Осыған 

байланысты  ақпараттық  технологиялар  қоғамдық  немесе  ӛңдірістік 

технологиялардың сәйкес құрамдас бӛлігі ретінде қарастырылады;  

4.

 



Телекоммуникациялық 

технологиялар, 

ақпараттық 

технологиялардың  бір  бӛлігі  бола  тұра,  адамдар  мен  мекемелер  арасында 

ақпарат  алмасуды қамтамасыз  етуде  , сондай-ақ  жаппай  ақпарат  тарату  мен 

дайындау жүйесінде маңызды роль атқарады;  

5.

 

Ақпараттық  технологиялар  қоғамды  тұлғаландыру,  оның  білім 



беру жүйесін және мәдениетін дамыту үрдісінде негізгі орын алады. Сондай-

ақ , оқытатын ақпараттық құралдарды пайдалану, кадрларды қайта дайындау 

және  олардың  квалификациясын  ӛсіру  жүйесі  үшін  де,  ӛзіндік  білім  алу 

жүйесі үшін де тиімді әдіс болып табылады.  

Қашықтан оқыту және ашық білім беру жүйелерінің кӛзқарасы бойынша 

маңызды  болып  келетін  АКТ-ның  бірнеше  негізгі  кластары  бар. 

Бейнежазбалар  мен  телевидениялар  осы  технологиялардың  бірі  болып 

табылады.  Бейнетаспалар  және  сәйкес  АКТ  құралдары  кӛп  кӛлемді 

студенттерге  мықты оқытушылардың дәрістерін  тындауға  мүмкіндік береді. 

Дәрістер  жазылған  бейнетаспаларды  арнайы  бейнекластарда  да,  үй 



«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

жағдайларында  да  қолдануға  болады.  Мысалға,  американдық  және 



европалық білім беру курстарындағы негізгі материал баспа беттерінде және 

бейнетаспаларда ұсынылады. 

Сонымен  қатар,  оқыту  технологиясына  интерактивті  әдістерді  қолдана 

оқушы 


ролін 

кӛтеру 


арқылы, 

оның 


белсенділігін, 

жан-жақты 

ойлауын,шығармашылық  ізденіс  жасауын  қамтамасыз  етеді.  Олай  болса, 

бағдарлы оқыту сатысының мұғалімі қандай болу керек: 

1.

 

Оқыту  мен  тәрбиелеу  процесін  жаңаша  ұйымдастыра  алатын, 



педагогикалық технологияны, оқытудың интенсивті және интерактивті әдіс-

тәсілдерін, даралық,деңгейлік тәсілдерін меңгере алатын

2.

 

Оқушының ӛмірлік дағдыларын қалыптастыратын; 



3.

 

Білім сапасын бағалаудың жаңа формаларын мониторинг, аралық 



бағалау  тәсілдерін,  ақпараттық  –  коммуникативтік  технологияны  игере 

алатын; 


4.

 

Білім  мен  тәрбиені  үндестіру,  тәрбие  мазмұнында  әлемдік  және 



ұлттық рухани құндылықтарды бере алатын болу керек. 

Осы мақсатты жүзеге асыру үшін қажетті болатын жағдайларды 

ұсыныс ретінде айтқым келеді: 

1.

 



Жеке тұлғаның сұраныстары мен мүмкіндіктеріне және нәтижеге 

бағдарланған  білім  беру  жүйесін  қалыптастыру.  Білім  мен  тәрбие  беру 

стандарттарының,  бағдарламаларының,  оқулықтары  мен  оқу-әдістемелік 

кешендерінің  кӛпнұсқалы,  жаңа  сапалы  мазмұнын  жасау  және  қолданысқа 

ендіру; 

2.

 



Оқу-әдістемелік 

кешендер, 

оқушы 

ізденісіне 



қажетті 

хрестоматиялар,  сӛздіктер,  зертханалар,  интернет  т.б.  оқушының  ӛзіндік 

жұмысы мен ізденістерінің жетекші құралына айналуына жағдай жасау

3.

 



Жоғары  оқу  орындарымен  тығыз  байланыс  орната  отырып, 

ғылымдармен  бірлесе  Ғылыми  кеңес  құрылып,  бағдарлы  оқытудағы 

оқушылардың  болашақтағы  мамандық  таңдауына  бірлесе  үндестік 

қалыптастыру. 

 

Ғылымға  білімге ,оқуға әсіресе кітапқа  жақсы кӛзқараспен қарау 



адамда табанды, ынталы оқуға жетектейтін шешуші ұйытқы  болып 

табылады. Г.И. Серебрякова. 

 

Қорыта  айтқанда  мультимедиа  ақпарат  берудің  кӛптеген  арналарында 



ғана қамтамасыз етіп қоймайды, сонымен  қатар  әр түрлі орталары бірін-бірі 

толықтыратын  жағдай туғызады. Оқушылардың  алдында ӛз тілі бар ортаны 

шығармашылықпен  қолдана  алатын  жаңа  мүмкіндіктер  ашылады. 

Мультимедианы 

қолдану 

оқушыларды 

іздемпаздық 

дағдыларына 

шығармашылық  жобаларын  іске  асыру  барысында  ауыстыруға  үйретеді. 

Сондықтан  да  мультимедиа-оқу  үрдісін  құру  құрылғысы  ретінде,  ал 

комьпютер  кітап  пен  қалам  сияқты  оқушының  жұмыс  құралы  ретінде 

қолдануы  тиіс. 



«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» секциясы 

Секция «ХИМИЯ И МЕТОДИКА ПРЕПОДАВАНИЯ ХИМИИ» 

 

 



Қолданылған   әдебиеттер. 

 

1.Тұрғанбаев   Б.А.«Дамыта оқыту  технологиясы»  Алматы 2000ж 



2.Нұғыманұлы И.«Химияны  оқыту   әдістемесі».-Алматы: Рауан 1993ж 

3.Мырзабаев .А Химиядан кластан тыс жұмыстар. 

4.Иванова Р.Г  Химияны  оқыту –Алматы  :Рауан 

5.Информатика негіздері №2,2009ж 



 

 




©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал